Аңдатпа. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллектуалдық күштерінің ұлттық бас- пасөз төңірегіне тоғысуы қоғамдық қажеттіліктен туған еді. Олардың жұмылып жұ- дырық болуына, қосылып күш біріктіріп іс-әрекет жасауына итермелеген қазақ елін жайлаған әділетсіздік пен адам төзгісіз саяси-әлеуметтік ауыр хал болатын. Осындай алмағайып заманда ұлтық ой-сананың өркендеуі мен дамуына өлшеусіз еңбек сіңіріп, соны серпіліс туғызған дара да, дана тұлғаның бірегейі – Ахмет Байтұрсынұлы.
Ел арасында азаматтық үні қалыптасып, қайраткерлік қыры ашыла бастаған Ахаң- ның алдында Алаш үшін адал қызмет етуге міндеттейтін үлкен даңғыл жол жатты.
Ресейлік ақ патшаның тағы шайқалып, дәурені аяқталар алмағайып заманда Ахаң мұғалімдік жұмысын уақытша тоқтатып, журналистиканы таңдауына тура келді.
Осылайша қазақ баспасөзі арқылы елдің рухын оятып, отарлық езгіден біржолата араша- лап қалудың қамына кірісті. Бастапқыда таңдау жасау оңайға түскенімен саяси көзқа- расы үшін жендеттер мен жандайшаптардың қырына тез ілікті. Бірақ Ахмет Бай- тұрсынұлы ұлт жолында аянып қалмады. Кері шегінсе өзін-өзі кешірмесі анық еді. Алаш қайраткері қазақтың сауатын ашып, білімін толықтырумен бірге баспасөз арқылы ақпараттық-танымдық материалдар ұсынып, ел ішіндегі күйіп тұрған мәселелерді бү- ге-шігесіне дейін талдауды алдына міндет етіп қойды.
Ахаң XX ғасыр басында жарық көрген қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарда жари- яланған көркем-публицистикалық мақалаларында патшалық отарлық жүйенің озбыр- лығы мен жүгенсіздік әрекеттерін, жер, адамдық құқық мәселелеріндегі, елдік тұрғыдағы ұлы державалық шовинистік саясатын әшкерелеп, халықты қараңғылық шырмауынан босап, оқу-білімге ұмтылуға, отаршылдық езгізге қарсы жұмылып, елдікке шақырды.
Түйін сөздер: ұлт, ұстаз, Байтұрсынов, алаш, Алаш қайраткерлері, газет, көсемсөз.
DOI: https://doi org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-63-70
Кіріспе
А.Байтұрсынұлының публицистік қызметі қазақ публицистикасы мен басылымдарының қалыптасып даму тарихымен тығыз байланы- сты. Оларды бөле-жара қарауға болмайды.
Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасы Қарқаралы петициясынан кейін араға бірне- ше жыл салып көріне бастады. 1905 жылдың (Санкт-Петербургтегі «Қанды жексенбі» мен
қазақ даласындағы алғашқы петиция) дүм- пуі басылып, дүрбелең сәл саябырсыған тұста мерзімді басылымдарда Ахаңның мақалала- ры пайда болды. Петициядан кейін қудала- уға түскен Ахмет Семей түрмесіне жабылып, абақтының азабын тартты. Тіпті, түрмеден шыққан соң жер аударылып, Орынборға қо- ныс аударды [1].
Патша билігі Алаш қайраткерін осылай тұсауда ұстағысы келгенімен соңы нәтижесіз
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ журналистикасы...
аяқталды. Ахаң Орынборда жаңа ортаға кірді.
Көсемсөз тудырушы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы сөз қозғағанда «Қазақ» газетін айнал- май өту әсте мүмкін емес. Өйткені, Ахаңның бар саналы ғұмырының елеулі кезені осы мерзімді баспасөзбен тонның ішкі бауындай сабақтас. Ахаң аз уақытта игі жақсылармен
«Қазақ» газетін ашуды ұйымдастырып, 1913 жылы басылымның алғашқы санын шыға- рып үлгерді. Мерзімді баспасөз құралының барша қадыр-қасиетін қалың бұқараға, дүйім жұртқа салыстырмалы түрде адамнын өз бой- ының дене мүшелерімен шендестіріп түсін- діру тәжірибесі ғылымда Ахаңа дейін кезде- спеген жаңалық. «Қазақ» газеті – ХХ ғасыр басындағы сахара елінің күллі қоғамдық-сая- си, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани тыныс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, тіл байлығын қаз-қалпында айнаға түскендей бейнелеп берген энциклопедиялық басылым.
Әрине, газеттің мұндай діттеген деңгейге жетіп, биіктен көрінуі – оның бас сарашысы мен идеялық-саяси дем берушісіне, рухани жебеушісі мен қаржылай демеушісіне өзара байлаулы екені аян. Бұл ретте қадау-қадау нақ осындай іргелі де күрделі әрі жауапкершілігі зор міндетті тағдыр-талайлары қоғамдық-са- яси өмірдің қиыр-шиыр соқтықпалы-соқпақ- сыз жолында тоғысқан Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан сын- ды күрескер үш алып кемеңгер ынтымағы жа- расып бірге атқарды.
Ұлт қайраткері дүркін-дүркін көсемсөз жазып, өзінің әу бастағы мақсатын орында- уға кірісті. Балалардың сауатын ашып, әріп үйрету, жекелеген санаулы пәндерді оқыту ісі енді жаппай халықты ағарту жұмысына ұла- сты. Қазақ даласындағы сот, жер, білім беру, медицина мәселелері, саясат, сайлау жұмы- сы, Еуропадағы, бүкіл әлемдегі жаңалықтар жайында қалам тербеді. Бұған қосымша қазақ ұлтының бейқамдығын, қараңғылығын сынап, ел рухын жанитын мақалалар жазды. Жалқа- улық, кертартпалық, арызқойлық, мансапқұ- марлық, дүние қуу, білімге ұмтылмау, арзан атақ пен көрсеқызарлық секілді керітартпа кемшіліктер де Ахмет назарынан тыс қалма- ды.
Зерттеу әдістері. Ахмет Байтұрсынұлы алдымен сот мәселесіне көбірек үңілді. Өйт- кені, қазақтың арасындағы дау-дамайдың не- гізі осы сот ісінен тұтанып жататын. Мәселен, 1911 жылы жазылған «Тағы да народный сот хақында» атты мақалада қазақтың саяси сауа- тының төмендігі сөз болады.
«Народный сот жоғалса я оның қуаты кемісе, талас кемір еді деген сөзді оқып, мен өз ойымды айтып өткім келеді. Менің байқауым- ша, сайлаудың қазаққа бәле болып жүрген се- бебі народный сотқа берген қуаттың молдығы емес, халықтың сайлауды сайлау деп ұқпаған- дығы», – деп басталады мақаланың кіріспесі.
Ахаң алдымен халық сотын құрудың кемшілі- гіне немесе артықшылығына тоқталмас бұрын қазақтардың таным-түсінігіне, сотты қалай қабылдайтындығына көңіл бөледі. Сонымен бірге сайлаудың мән-маңызы мен адамның таңдау құқығы барын, сол арқылы бейбіт жолмен басқару жүйесінде жаңа кадрлар өз ретімен ауысып, жұмыс ары қарай белгілі бір уақытқа дейін жалғаса беретіні соқырға таяқ ұстатқандай түсіндіріледі [2].
Автор ауылнай сайлауындағы халықтың сауатсыздығына да күйінеді. Зорлықшыл болыстарды, одақшыл адамдарды сынай- ды. «Народный соттан құтқар» деп билікке шағымданғандарға басу айтып, бұл қазақтың дәстүріне сай дала ғұрпымен айтылатын үкім екендігін сөз етеді. Халықты әр нәрсеге шағымданбас бұрын мәселенің мән-жайын тексеріп, білім жинауға, сол арқылы залал мен пайданы ажырата білуге үндейді.
Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың өкпесі» деген мақаласында надандық, қам-қа- рекетсіздік мәселесі сөз болса, «Қазақ һәм төртінші дума», «Қазақ жерін алу тура- сындағы низам», «Жер жалдау жайынан»,
«Көшпелі һәм отырықшы норма», «Земство»
тақырыптарымен шыққан материалдарда жер, шаруашылық, тұрмыс-салт, заң саласын- дағы кемшін тұстар айтылады.
Ахаң жаратылыстану бағытында да көп оқып, білімін толықтырып отырды. Орыс тіліндегі мол ақпармен бөлісіп, қазақ халқы- на ыңғайлы әдіс-тәсілдерді, жаңашылдықтар- ды жаппай жариялады. Халықтың көзін ашу,
білім көкжиегін кеңейту жолында барынша түсінікті әрі қарапайым тілмен жеткізуге ты- рысты.
Қазақтардың арасында терістіктіктен мұжықтар көшіп келіп, жер игеріп, егін егумен, үй салып, отырықшылықпен айна- лысқаны белгілі. Әрине, келімсектердің күрт көбейгені ел арасында түсініспеушілік ту- дырды. «Шұрайлы жерімізден айырылдық, ата-баба қонысы тарылды», – деп қарсылық білдірушілер көбейді. Ахмет Байтұрсынұлы осы тұста да қазақтардың салғырттығын сынға алып, бар кінә надандықта екенін жайып са- лады.
«Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесепаты әр жерде-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң біз де қиып, айырылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде үле- стен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесепаты. Сон- да да соны ғылым, өнерден артық көреміз. Ал- лаңнан ойбайым тыныш дейтін қазақ ғылы- мыңнан надандығын тыныш көреді. Не шара бар?» – деп ашынады Алаш қайраткері 1911 жылы жазған мақаласында.
Ахаңның пікірінше, жер қазынаныкы, яғни, мемлекет меншігінде болғаны өте дұрыс. Әй- тпесе, қазақ бір тойғанына мастанып, менші- гіндегі жерін де, астындағы атын да сыйлап жіберуден тайынбайды. Мұжықтардың келіп қоныстануына да бірінші қазақтың өзі себепші.
Шай, қант, түрлі тәттілер, қызылды-жасылды маталар, көйлектер сол мұжықтардың қолын- да. Ал ондай заттар қазақта қат. Сондықтан, қазақтың жуандары терістіктен ауған келім- сектерді төбесіне көтеріп, саудасын қызды- рып, төрінен орын берген. Қазақ қандай дүни- еде де кеш қалып, көштің соңында жүрсе, оған алдымен өзі кінәлі. Қарекет жасап, еңбек етуге ерінетін де, қатерлі жерде қаперсіз отыратын да қазақ. Ахмет өз ұлтының кемшіліктерін жіпке тізе келіп, хакім Абайша ой қорытады.
«Дүниеде ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді ел- діге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қалай қолы жетсін? Қатерлі жерде қаперсіз
отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпе- лер бет жоқ», – дейді А.Байтұрсынұлы [3].
Ахаңның 1911-1913 жылдар аралығында жазған мақалаларының дені «Айқап» журна- лында жарық көрген. Ал 1913-1918 жылдары жазылған материалдар өзі жетекшілік еткен әйгілі «Қазақ» газетінде басылды.
Алаш перзенті надандық, оқу-білім, ғылым мен өнерге деген ықыластың жоқтығын зерт- тей келе, мұның бәрі жалқаулық, бейқамдық, салғырттық деген ой түйеді.
Көшпелі һәм отырықшы норма жайын- да жазған мақаласында Ахаң: «Қазақтың бас адамдары! Әуелі, сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынты- мақпен іс етіңдер! Екінші, қазақтың байлары, күштілері! Жарлы-жақыбай, нашарларың- ды жермен теңгеріңдер! Бір асауға да болса құлдық дейтіндер көбінесе солардан бола- ды. Үшінші, Алашқа аты шыққан адамдар!
Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер! Сен- дер адассаңдар, арттарыңнан Алаш адасады.
Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіз- дер қаласыздар!» – деп қорытындылап, оты- рықшылықтың, жерді тиімді игерудің пайда- сын салыстырмалы түрде талдап шығады.
Талқылау. Ахмет Байтұрсынұлының ба- сылым беттерінде жиі көтерген келесі тақы- рыбы – қаржы жүйесі. Әрине, бұл мәселені түсіну де халыққа оңай тиген жоқ. Ғасырлар бойы мал шаруашылығымен шұғылданып келген қазақ халқы қаражат ұстаудың және оны үнемдей білудің тетіктерін меңгермеген еді. Ахаң жазбаларынан байқағанымыздай, сол заманда қазақ даласында қарызға несие беру әдісі болған. Оны Алаш көсемі «уақ қа- рыз» деп атаған. Уақ қарыз беретін серікте- стіктер туралы сөз қозғаған Ахаң оның құру жайынан да мәлімет ұсынады. Уақ қарыз мекемесін жасақтау үшін кемінде 20-30 адам қажет, жасы 21 жастан төмен болмауы керек.
Сонымен бірге, уақ қарыз жұмысында істей- тін адам екібастан ақшаға, дүниеге қызықпа- уы тиіс. Уақ қарызды кімдер сұрай алатыны да мақалада анық көрсетілген. Сөйтіп, қазақ даласына жаңадан енген микрокредит жүй- есі, оған қойылатын басты талаптар жайлы алғашқы зерттеу мақала да Ахаңа тиесілі.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ журналистикасы...
Ахмет Байтұрсынұлы ауылшаруашылығы, оның ішінде, егін егудің тиімділігін ғылыми тұрғыда алғаш талдау жасаған ғалымдардың бірі десек, қателеспейміз. Оған 1913 жылы жазылған «Егін егу», «Шаруа жайынан» деген зерттеулері дәлел. Мақала авторы егін егудің құпияларын түсіндіріп қоймай, орыстар мен қазақтардың шаруаға ептілігін де сараптап өтеді.
Егетін тұқым сапасы, құнарлы топырақ, жер жырту, арам шөптерден тазалау, тырма- лау жұмыстарынан мол ақпар берген Ахаң материал соңын: «Қазақтармен қатар еккен орыс егіндері көбінесе қазақ егіндерінен жақ- сы шығады. Ол, әуелі, орыстардың қазақтар- дан гөрі егін жақсы шығатын шарттарын артық білгендігінен, екінші, ол шарттарын қазақтардан гөрі көбірек орнына келтіріп ек- кендігінен», – деп қорытындылайды. Бұдан кейінгі жазбаларда да мал өсіру мен егін егу жайынан керек кеңестер ұсынылады.
Ахметтің айтуынша, қазақ атам заманнан мал шаруашылығымен айналысса да, оның қыр-сырын толық меңгермеген. Егер мал жая- тын жері тар, егін егетін алқабы аз болса, қазақ тығырыққа тірелер еді. Сондықтан, қазақтар өз атакәсібі жайлы да толық мәлімет біледі деу бекершілік. Осындай ой өрбіткен автор егін егу, мал бағу жайын ғылыми тұрғыдан ба- яндап, төрт түлікті асылдандыру, топырақтың құнарын сақтау турасында тың мәліметтер- мен бөліседі.
Алаш қайраткері жазған көсемсөздердің ішінде медицина мәселесінің жөні бөлек.
Баршаға мәлім, қазақ даласында әр жылда- ры миллиондаған адам түрлі аурудан өліп кетіп отырған. Оған санитарлық талаптың жоқтығы, адам көп жиналатын жерге бару, жаппай ауру таралған аймақты оқшауламау себеп болған. Ахмет Байтұрсынұлы «Ауру жайынан» деген шағын мақаласында бүгінде де өзектілігін жоймаған кеңестерін алға тар- тады. Жақсы дәрігерді қайдан тапқан жөн?
Жылдар бойы мазалайтын дерттен қалай арыла аламыз? Ауру адамға қайдан жабы- сады? ХХ ғасырдың бас кезінде Ахаң қызмет атқарған «Қазақ» газетінің редакциясына осы төңіректе сауал көп жолданған. Газет қызмет-
кері бірінші байлық денсаулық екенін айта келіп, адам ағзасындағы микроп бүліншілігі туралы сөз қозғайды [4].
«Ауру жабысқанына көп жыл болып ес-кір- се, оны емдеуге де көп уақыт керек, – деп жаз- ды А.Байтұрсынұлы. – Көп емдетуге қазақтың көбі төзбейді. Тәуір бола бастаса, жазылған- дай көріп, емдетуден қашады. Емдеу тоқтаған соң, жеңіліп, әлсіреп келе жатқан ауру қай- тадан күшейеді. Қазақтың көбі неше жылдан бері орнығып, бойға сіңген ауруға бірер сауыт дәрі алып, тұтынып, сонымен ауру жазы- ла қоймады дейді. Олай дейтіндері аурудың мәнісін білмегендіктен».
Бұл жерде тек ауырған адамдардың кінәсі ғана емес, сауатсыз дәрігерлер мәселесі де айтылады. Қазақ даласында дәрігерлердің жоқтығы, есесіне, емшілердің көптігі де әңгіме өзегіне айналады. Ахмет Байтұрсынұлы меди- цина саласы дамығанша, жақсы емшілерге қа- ралып, уақытылы күтінген жөн деп есептейді.
Газет арқылы ел ішіндегі өзекті тақырыптарға ден қойған автор медицина мамандарын сөй- летіп, солардың ұсыныс-кеңестерін де жари- ялап отырған. Халық арасында денсаулықты күту, аурудан сақтану, дертті дер кезінде ем- деу шараларын түсіндіретін қағаз кітапшалар тарату керектігін алға тартады.
Нәтижелер. Ахаң 1914 жылы басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс туралы жиі жазған. «Соғысушы патшалар» деген мақала- да Ресей патшалығы қатысып жатқан қақтығы- стың себеп-салдары, оттың қайдан тұтанғаны, қарсы тараптың кімдер екені түсіндіріледі.
«Бұл күндегі халық қанша ғылымды, өнерлі, білімді, мейірімді десек те, аталарынан ұзап кете алған жоқ», – деп жазған Ахаң ары қарай соғысып жатқан патшалықтарға тоқталады.
Келесі мақаласында соғыстағы әскер, қару-жа- рақ, кемелер, қолбасшылық туралы әңгіме қозғайды. Ахаң қазіргі әскери ұшақтарды ас- пан кемелері деп атаған. Тіпті, соғыста қол- данылған әрбір қаруға жекелей сипаттама беріп, қанша оқ шығаратыны, зеңбіректің күш-қуаты, оқтың екпіні қандай екендігіне дейін деректер келтіреді [5].
Шет аймақтағы бұратана саналған ха- лықтың аграрлық мәселесі төңірегінде нараз-
ылық туғызған отаршылдық саясаттың әділет- сіздіктерін де Ахаң «Қазақ» газетінде үнемі әшкерлеп, қылмысын бетіне басып отырды.
Бұл ретте түз еліне қатысты шығып жатқан заң жобаларын газет бетінде халықтың талқыға салып, оның оң-терісін, пайда залалын қалың бұқараға жеткізе түсіндірді.
Газет патша әкімшілігінің қатаң бақыла- уына ілігіп, әскерей цензура сүзгісінен өтіп отырды. Алайда соған қарамастан ебін та- уып империялық саясаттың түпкі көздеген мақсаты қазақтың жерін талап, елін тонап, сана-зердесін бұғауда ұстап, бірте-бірте ұлт- тық ерекшелігін жою пиғыл-әрекетін айып- таған жарияланымдардың газет бетіне шығып кетуіне байланысты редактор Ахмет Бай- тұрсынұлы талай мәрте абақтыға қамалып, басқарма ұжымына ауыр тиетін мөлшерде айыппұл төлеуіне тура келді.
Ахаңның көсемсөздеріне көз жүгірткен адам оның журналистикадағы айқын қол- таңбасын айнытпай таниды, шеберлігіне, газет талабына сай талдау еңбектеріне сүйсі- неді. Ахаңның білім, оқыту, мектеп жайында жазған мақалаларын бір-бір ғылыми еңбек деп атасақ та жарасады. Аз сөзбен ауқымды тақырыптарды ашып талдайтын Ахмет Бай- тұрсынұлының шығармашылық шеберлігі га- зет арқылы тұрақты оқырман аудиториясын қалыптастырды. Ахаңды іздеп жүріп оқитын, Ахаңмен пікірлескісі келетін адамдар қатары көбейді. Оның публицистикасы барлық сала- ны қамтыды. Бір өзі ғылымның бірнеше бағы- тын меңгеріп, уақытында білім көкжиегін кеңейтер қызықты деректер жариялай білді.
Сонымен қатар көсемсөздің стильдік бел- гілерінің, ерекшеліктерінің айқындалып, жанр тұрғысынан саралануы да А.Байтұр- сынұлының мақалалары мен хаттарында жүзеге асты. Соның нәтижесінде жеке стиль- дік-функционалдық сипатқа ие лексикалық қабат пен грамматикалық құрылымдар қа- лыптасты.
А.Байтұрсынұлы газет мақсатына сай оның тіліне де үлкен талап қойған, яғни жасанды, араб, парсы сөздері көп келетін тілден бас тар- туды көздейді.
Ахаңның мақалаларында әсер етуші, ықпал тудырушы тілдік құралдар ретінде ауызекі
сөйлеу тілі бірліктері, фразео¬логизмдер, ме- тафоралар, теңеу, эпитеттермен қатар, салы- стыру, қарсы кою, ойды үдетпелі түрде беру әдістері қолданылады. Оның мақалаларында сол кезеңдегі халықтың түсінігіне сәйкес сөз- дер мен сөз тіркестері көп [6].
Публицистикалық шығармадағы тіл- дік бірліктің қолданысын, мәтін құрылымы мен мазмұнын қалыптастыратын – сыртқы факторлар. Хабар жеткізуші тіл бірліктерін тыңдаушыға әсер ететіндей етіп таңдайды. Тіл бірліктері ішінде газет тіліне тән фразеоло- гизмдердің алатын орны ерекше.
А.Байтұрсынұлы ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін фразеологиялық тіркестің кейбіре- уінің мағынасын суреттеп отырған оқиға мен өмір құбылысы жағдайына лайықтап, жаңғы- ртып жұмсап, мағынасын өзгерту арқылы тіл бірліктерінің ықпал ету күшін арттыруға ты- рысады.
Публицист жадағай, жаттанды қолданы- стардан қашып, белгілі бір уәждемелер не- гізінде сөздердің жаңа тіркестерін қолданған.
Публицистикадағы фразеологизм¬дердің жиі қолданысы газетті халыққа жақындататынын көсемсөз шебері жақсы түсінген.
Газеттік-публицистикалық стильде «об- раздылық» газет тілі¬нің шынайы бағытынан туындайды. Ол – оқырманды сендіру, илан- дыру және оған әсер ету мақсатында жаңа- дан экспрессиялық құралдарды іздестіру. А.
Байтұрсынұлы образдылық туғызуда теңеуді орынды пайдаланады.
Қорытынды. А.Байтұрсынұлының көсем- сөздерінде ауызекі сөйлеу тілінің элемент- тері диалогтік немесе риторикалық сұрақтар деңгейінде де көрініп отырады. Публицист өз ойын оқушыға жеткізуші ғана емес, сонымен қатар ой тастаушы, әсер етуші. Оқырманның айтылатын пікірге көзқарасын алдын-ала бол- жап, оқырман атынан кейде өзі жауап береді.
Публицистің қаламына сөйлеу тілінде не бол- маса жазба тілде баламасы бола тұрса да, орыс тілінің сөздерін сол қалпында қолдану тән.
А.Байтұрсынұлы публицистикасы жанр жағынан әр алуан. Бұлар сыни мақалалар, қоғамдық мәселелер көтерген проблемалық мақалалар, бас мақалалар, хаттар, ақпарат- тық хабарламалар.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ журналистикасы...
Публицистің авторлық ұстанымы (прин- ципі) халықтың өмір тіршілігіне, ұлттық танымына таныс ұғымдар мен түсініктерді дәлел ретіңде салыстырып қарсы қою, сипат- тау түрінде көрініп отырады.
А.Байтұрсынұлы оқушының назарын ар- тықшылықтарға, қажетті нәрселерге аудару үшін салыстырма мәнді құрылымдар қолда- нып отырған. Экспрессия туғызудың бір тәсілі ретінде үдетпелі қолданыс А.Байтұрсынұлы публицистикасында қалыптасқан. Ойды үдетпелі түрде беріп, ойдың сабақтастығын бір бағытта жылжыта отырып, индукция тәсілімен ой толғайды [7].
Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлы газет тілінің халық тіліне жақын болуын талап етті. Халық үшін жазылған нәрсе халыққа жақын болуы керек деп түсінген. Сондықтан оның тілінде ауызекі сөйлеу тілінің элементтері жиі кезде- седі. Ол әр мақаласында тұрақты түрде қол- даныс тапқан сөз тіркестерін, мақал-мәтелдер мен афоризмдерді көптеп қолданған.
Публицистика жанрының хас шебері атанған А.Байтұрсынұлы өзінің шығар-
машылық, саясаткерлік қызметінде көсем- сөзді өмір шындығының арқауы, негізгі құра- лы деп білген. Ұлт көсемінің газет арқылы тарап жатқан үні оны қайраткерліктің биік дәрежесіне көтерді. Ұлан-ғайыр атырапта көшіп-қонған қазақ түгел дерлік Ахаңды ерек- ше құрмет тұтты.
А.Байтұрсынұлы – қазақ халқының өмірі мен болашағына шын ниетімен жаны ашып, оның ұлт ретінде сақталуында, бағыты мен жолын айқындауда терең әрі кеңінен ой пішіп, байымдаған ұлы тұлға. Оның шығар- машылық өмірі мен қайраткерлік ісі ХХ ға- сыр басында ұлтымыздың саяси-рухани са- на-сезімінің қалыптасуына зор ықпал етті. Ұлт көсемі қазақ мемлекетін дамудың жаңа саты- сына – дәстүр мен демократия тоғысқан өрке- ниетті елге айналдыруды көздеді. Мұндай зор міндетті арқалау өте ауыр болатын әрі жан- жақтылықты талап етті. Ахаң бастаған Алаш перзенттері бұл жүкті көтеруде сүрінген жоқ, тіпті, жазықсыз атылып кете барғанда да өз биігінде қалды.
Әдебиеттер тізімі
1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Бірінші том. – Алматы: Мектеп, 2008. – 480 б.;
2. Ахмет Байтұрсынұлы һәм «Қазақ» газеті. – URL: https://mtdi.kz/e/oku_adisteme/id/550/q/1, 06.06.2017 (қаралған күні: 20.01. 2022).
3. Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу. - Алматы: Жалын, 1991. – 18 б.
4. Сақ Қ. Алаш көсемсөзі: тіл мәселесі. Көптомдық, 2 том., Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014;
5. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті – Алматы: Қазақстан, 1993. – 168 б.;
6. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектер). – Алматы: Ана тілі, 1992, - 448 б.;
7. Тілешов Е. Алаш зиялылары және ұлт тілі. Тіл әлемі. 09.08.2016.
References
1. Koigeldiev M. Alash қozғalysy. Bіrіnshі tom [Alash movement. The first volume] (Mektep, Almaty, 2008, 480 p.).
2. Ahmet Bajtursynuly һәm «Қazaқ» gazetі [Akhmet Baitursynov and the Kazakh newspaper]. Available at: https://mtdi.kz/e/oku_adisteme/id/550/q/1, 06.06.2017. (қаралған күні: 20.01. 2022).
3. Baitursynov А. Aк zhol. Olender men tarzhіmeler, publicistikalyk makalalar zhane adebi zertteu [Aк zhol Poems and poems, journalistic articles and literary research] (Zhalyn, Almaty, 1991, 18 р.).
4. Sak K. Alash kosemsozі: tіl maselesі [Wisdom of Alash: the problem of language]. Multi-volume. Vol. 2 (Kazakh Encyclopedia, Almaty, 2014).
5. Abdimanov O. «Қazaқ» gazetі [Newspaper «Kazakh»] (Kazakstan, Almaty, 1993, 168 б.).
6. Baіtursynuly А. Tіl tagylymy (kazak tіlі men oқu-agartuga katysty enbekter) [Language lessons (works related to the Kazakh language and education)] (Ana tili, Almaty, 1992, 448 р.).
7. Tіleshov E. Alash zijalylary zhane ult tіlі [Alash intellectuals and the language of the nation]. Tіl alemі [Language World]. 09.08.2016.
К.О. Сак, Г.К. Ертасова
Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан
Значение вклада Ахмет Байтурсынулы в развитие казахской журналистики и публицистики
Аннотация. В начале ХХ века сближение казахских интеллектуальных сил вокруг национальной пе- чати было рождено общественной необходимостью. Именно несправедливость и невыносимая полити- ческая и социальная ситуация на казахской земле подтолкнула их к тому, чтобы взяться за руки и объ- единить усилия. Ахмет Байтурсынулы – уникальный и мудрый человек, внесший неизмеримый вклад в процветание и развитие национальной мысли, создавший в ней прорыв в такое непростое время.
В этот период Ахмету Байтурсынову, который начал осознавать собственную гражданскую позицию, предстоял тернистый путь беззаветного служения движению Алаш.
В период, когда реально зашатался трон белого царя, и эпоха царского правительства подходила к своему логическому завершению, Ахмету пришлось на время прекратить педагогическую деятельность и выбрать журналистику. Таким образом, через казахскую прессу он стремился пробудить дух страны и заботился о том, чтобы раз и навсегда избавиться от колониального гнета. Поначалу сделать выбор было легко, но из-за своих политических взглядов он быстро попал под влияние жестоких людей и приспеш- ников новой власти.
Однако Ахмет Байтурсынулы не щадил себя во имя народа. Было ясно, что он не простил бы себе, если бы отступил. Деятель движения Алаш ставил перед собой задачу развития казахской грамоты, по- полнения знаний, он стремился представить через прессу познавательно-просветительские материалы, кардинально разобраться в наболевших вопросах, касающихся страны.
В своих художественно-публицистических статьях, опубликованных в казахоязычных газетах и жур- налах начала ХХ века, Ахмет разоблачал произвол и несправедливость царской колониальной системы, шовинистическую политику великой державы в земельных и правозащитных вопросах, призывал осво- бодить народ из тисков тьмы, преследующей образование и создающей колониальный гнет.
Ключевые слова: нация, учитель, Байтурсынов, Алаш, Деятели Алаш, газета, публицистика.
К.О. Sak, G.K. Yertassova
L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan
Significance of Akhmet Baitursynuly’s contribution to the development of Kazakh journalism and publicism .
Abstract. In the early twentieth century, the convergence of Kazakh intellectual forces around the national press was born of social necessity. It was the injustice and unbearable political and social situation that led them to unite and act together. Akhmet Baitursynuly is a unique and wise person who has made an invaluable contribution to the prosperity and development of national thought in such a difficult time.
During this period, Akhmet Baitursynuly, who began to realize his own civic position, was faced with a thorny path of selfless service to the Alash movement.
At a time when the throne of the White Tsar really shook, and the era of tsarist government was coming to its logical end, Akhmet had to stop teaching for a time and chose journalism. Thus, through the Kazakh Press, he