мұрАлАрды туриЗмде тиімді пАйдАлАну жолдА- ры
Ақтөбе облысының экономикасында ішкі туризм тұрақты табысы аз сала. Табиғи және тарихи ресурстар секторы бойынша, маршруттардың, демалыс орталықтарының, бақылау орындарының жағдайын жақсарту қажет. Ақпараттық қамтамасыз ету шетел тіліндегі ақпараттар, маршруттың
кестесін, маршрутты ұйымдастырушылардың байланыс телефондарын және қалалық мәліметтер қызметінің телефондары болу керек. Бұл сектор- да нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туристер ағынының деңгейін бақылау және анықтау. Сонымен қатар, көліктік, инфрақұрылымдық және кадрлық жағдайды жақсарту. Барлық секторлар Европа мен Азияны байла- ныстыратын жоспарланған көлік магистралінің Ақтөбе облысы аумағынан өтетінін ескеруі қажет.
Туризмді дамытудың негізгі шарттары – Орталық Азия аумағында туристік қызметтер нарығында бәсекеге қабілетті өнім құру. Ақтөбе облысының тартымдылығы – қазіргі қаланың европалық архитектурасы, тарихи және табиғи-ландшафты нысандары болып табылады.
Ақтөбе облысы туризмінің дамуы мен қалыптасуының әлсіз және күшті жақтарын талдау. Статистикалық мәліметтер, туристік фирмалар, облыстық өлкетану мұражайы, аудандық әкімшіліктер және басқада ұйымдардың ұсынған ақпараттары негізінде жүргізілген маркетингтік зерттеулер нәтижелері бойынша облыстың туристік кластерінің дамуының әлсіз және күшті жақтары, мүмкіншіліктері мен қауіп-қатерлеріне талдау (SWOT талдау) 5-кестеде келтірілген.
5 кесте
Туристік кластердің дамуына SWOT талдау
Күшті жақтары мүмкіндіктері
тарихи, археологиялық, құлшылық етушілік және танымдық туризм объ- ектілері.
тарихи, экологиялық, рекреациялық мақсаттардағы әртүрлі туристік мар- шруттар ұйымдастыру.
облыс аумағында өмір сүретін халықтардың мәдениетіндегі, салтындағы, дәстүрлеріндегі, соны- мен қоса ұлттық асханадағы ерек- шеліктер.
туризм дамуын мемлекеттік деңгейде қолдау.
Көшпенділер өмірінің ұлттық стилі –
көшпенділер мәдениеті. мультипликативті әсердің қалыптасуы.
туризмді және демалысты біріктіру. туристік қызмет нарығының қатысушылары арасында серіктестік және коммерциялық қатынастардың кеңеюі.
Күшті жақтары мүмкіндіктері
әлсіз жақтары қауіп-қатері
туристік қызметтер нарығындағы облыстың белгісіздік және танымал жарнаманың болмауы.
туристік саланы дамытудағы республиканың басқа облыстары жағынан бәсекелестік және қызмет көрсету нарығын жоғалту.
қызмет көрсетудің әр деңгейіндегі қызметкерлердің нашар маманда- нуы.
облыстағы туристік индустрия ішін- дегі үйлестіктің болмауы.
туристік қызметтерді іске асыруды және технологиялық жағдайларды дұрыс білмеуі. туризмнің, демалудың және көңіл-көтерудің әртүрлі түрлерінің дұрыс дамымауы.
мемлекет жағынан саланы дамытуға көрсететін қаржылық қолдауды жоғалту.
Ақтөбе облысында танымдық туризмді дамытуда үлкен орын алатын тарихи-мәдени ескерткіштер тобына жататындар облыс аудандарында шашыраңқы орналасқан (6-кесте). Сондықтан облыста танымдық туризмді дамыту қиындықтар туғызып келеді.
6-кесте
Ақтөбе облысының жол инфрақұрылымын талдау
№ туризм объектілерінің атауы
туризм объектілеріне
апаратын жолдар жолдың маңыздылығы және жағдайы
1 дәуімшар, мавзо- лейі, сағана там, құлыптастар
байғанин ауданы, жарқамыс кентінен 37 шақырым
«Ақтөбе-Астрахань»
бағытындағы
республикалық маңызы бар Ақтөбе қаласынан 251 шақырым
2 қарасақал некро-
полі хVII ғ. – хх ғ. байғанин ауданы, жарқамыс кентінен 60 шақырым
«Ақтөбе-Астрахань»
бағытындағы
республикалық маңызы бар Ақтөбе қаласынан 251 шақырым
№ туризм объектілерінің атауы
туризм объектілеріне
апаратын жолдар жолдың маңыздылығы және жағдайы
3 Асан-қожа
некрополі байғанин ауданы, ой- мауыт кентінен 50 шақырым
«Ақтөбе-Астрахань»
бағытындағы
республикалық маңызы бар Ақтөбе қаласынан 251 шақырым
4 сүндет мавзолейі
хіх ғ. байғанин ауданы,
жарқамыс кентінен 38 шақырым
«Ақтөбе-Астрахань»
бағытындағы
республикалық маңызы бар Ақтөбе қаласынан 251 шақырым
5 Абат–байтақ некрополі, мавзолей, құлыптастар
қобда ауданы, талдысай
кентінен 12 шақырым «самара – шым- кент» бағытындағы республикалық маңызы бар Ақтөбе қаласынан 110 шақырым
6 қобыланды батыр
мавзолейі қобда ауданы, қобда
кентінен 105 шақырым «самара – шым- кент» бағытындағы республикалық маңызы бар Ақтөбе қаласынан 110 шақырым
7 есет батыр мавзо-
лейі Алға ауданы, бестамақ кентінен шығысқа 5 шақырым
«самара – шым- кент» бағытындағы республикалық маңызы бар Ақтөбе қаласынан 40 шақырым
8 Алмат тамы мав-
золейі ырғыз ауданы, ырғыз
кентінен 22 шақырым «самара – шым- кент» бағытындағы республикалық маңызы бар Ақтөбе қаласынан 401 шақырым
9 қызылтам мавзо-
лейі қирандылары Ақтөбе қаласынан 56
шақырым ауыл арасы жолдары
10 есет дәрібай мав-
золейі шалқар ауданы,
Аққайтым кентінен 40 шақырым
ұсақ тас жолдары, жер- гілікті маңызы бар жол- дар
№ туризм объектілерінің атауы
туризм объектілеріне
апаратын жолдар жолдың маңыздылығы және жағдайы
11 балғасын кешені шалқар ауданы, талдықұм кентіне 15 шақырым
ауыл арасы жолдары
12 тоқпан мавзолейі шалқар ауданы, жаңақоныс кентінен 35 шақырым
ауыл арасы жолдары
Облыс аумағындағы ескерткіштерге неолит дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Қосқұдық қонысынан табылған жыландар бейнесі, бір-біріне ар- налар арқылы қосылып жатқан дөңгелек терең ойық үңгімелер, сондай- ақ, Жем өзенінінің жоғарғы ағысында Төлеубұлақ үңгірінен табылған символикалық белгілерді жатқызуға болады.
ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан жүргізіліп келген экспедициялардың нәтижесінде және ғалымдардың пайымдауынша, облыстағы тарихи- мәдени сәулет өнерінің өрісі үлкен төрт топқа бөлінеді. Олар:
• Қобда-Елек бойы ескеркіштері;
• Солтүстік Арал аймағына жататын кесене-ғибадатханалар;
• Жем-Сағыз алабы аңғарларындағы қауымдар мен зираттар;
• Доңызтаудағы кесенелер тобы.
Осылармен қатар облыс жері республикалық, халықаралық маңызы бар табиғат ескерткіштерінен де кенде емес. Олардың зерттелмей, зер- деленбей, қорғауға алынбай жатқаны әлі жетерлік. Европа мен Азияның түйіскен жеріндегі қолайлы географиялық аймақта орналасқан Ақтөбе облысы жердің асты мен үстінде кездесетін ескерткіштерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл жерде эстетикалық экологиялық және ғылыми жағынан құнды, республикалық, халықаралық маңызы бар табиғаттың көркем орындары көп кездеседі. Облыстағы әрбір ауданның табиғи және тарихи-археологиялық туристік ресурстарын ескере отырып, туризмнің дамуын әрбір аудан үшін жекеше қарастыру керек. Осының негізінде, әр ауданға географиялық, экономикалық, туристік ресурстар жағдайын ескере отырып, туризмді дамыту жобаларын қарастыру ке- рек. Қобда – Елек ескерткіштерінің тобы – ХVІІІ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың аралығында салынған бейіттер кешенін құрайды. Оның ішінде Томпақ мешіті мен Бекқұл әулиенің қауымдарын атак керек. Бұл топ орта ғасырдағы сәулет өнеріне жатады, мұнда Абат – Байтақ, Қызылтам тәрізді
қауымдар бар. Абат – Байтақ қауымындағы құлыптастардағы жазуларға қарағанда, мұнда Кіші Жүздің негізінен табын (тарақты), кете, алшын, байбақты руларының адамдары жерленген.
Елек бойындағы ескерткіштердің құрылысына келетін болсақ, ондағы бейіттің басына құлыптас қойылады, ал қабірді жиектей тастан, не саз кір- піштен айнала қорған соғылады. Қойтас, сандықтас секілді сәулет үлгілері бұл өңірде кездеспейді. ХІХ ғасыр аяғында – ХХ ғасыр басында бұл беткей- де мешіттердің құрылысы кеңінен қанат жайды.
Абат-Байтақ кесенесі – XIV ғ. соңы - XV ғ. бас кезінде салынған сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Талдысай кен- тінен оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде Қобда өзенінің аңғарындағы Абат-Байтақ қорымында орналасқан. Абат-Байтақ кесенесі қалыпты қоскүмбезді шатырлы құрылыстардың тобына жатады және кейбір әдебиеттерде көрсетілгендей центрик емес порталды-күмбезді кесене. 8 және 16 қырлы өрімдердің біртіндеп күмбез ішіне қарай көтерілуі көрер көзге жеңілдік әкеледі. Бөлменің батыс және шығыс қабырғаларында арқалық ойықтар бар. Күмбез тұғырының сырты мен ойықтарын оймыш- тап әсемдеген. Абат-Байтақ кесенесі сәулет нақышы жағынан хорезмдік кесенелер мен ХІІ ғ. аяғы - ХVІ ғ. бас кезіндегі Арслан, Текеш, Көк-Кесене, Кесене ескерткіштеріне ұқсайды. Абат-Байтақ кесенесі орналасқан қорым мемлекет қорғауына алынған. Біздің дәуіріміздің XIV-XV ғасырларына салынған Абат-Байтақ кесенесі туралы алғаш рет ХІХ ғасырда француз са- яхатшысы Жозеф Кастанье құрған экспедициялық топ қорымда болып, мәлімет берген. Одан кейін ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында тарихшы- ғалым М. Меңдіқұлов зерттеу жұмыстарын жалғастырып, 1979-1980 жж.
С. Әжіғалиев басқарған экспедиция зерттеген. 1983 ж. жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кесененің қазіргі сақталып тұрған биіктігі 14,5 м [2, 10-15 б.].
Солтүстік Арал аймағына жататын кесене – ғибадатханалар – Борсық құмы, Мұғалжар, Ырғыз алабы, Ырғыз - Өлкейік су айрығындағы көнеден қалған әр түрлі кесене – ғибадатхана құрылыстары көрнекілігімен көз тартады.
Осында ХV ғ. аяғында ХVІ ғ. басында салынған «Балғасын мұнарасы» ма- зары болған. Мүсірәлі, Нұрсейіт, Қарақұл, Қали, Назар, Омар, Жаныс, Ке- пер, Алмат Тобабергенұлының мазарлары күйдірілген және шикі кірпіштен салынған. Бұл ескерткіштерде орта ғасырлық дала сәулеті өнерінің дәстүрі сақталған. Облыстың шартарабында ХVІІІ – ХХ ғасырларда салынған, шашыраңқы орналасқан басқа да мазарлар көп. Олардың ірілері, әрі сәулеттілігі жағынан көз тоқтатарлығы Ерболат әулие, Есет – Дәрібай, Мамай батыр, Мәні әулие, Қарабас әулие, Хан моласы тәрізді қауымдар.
Хан моласында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр жерленген делінеді. Аталған қауым Өлкейік өзені бойында.
XVIII ғ. аяғы XX ғ. басы 200-ден астам ескерткіштерді қамтиды. Бұл зи- рат Адайдың қырықмылтық бөлімінің батыры Дәуімшар (Есеней) есімімен аталады. Аңыз әңгімелерге қарағанда мұнда қалмақтармен соғыста қаза болғандар жерленген. Дәуімшар қорымы дулыға тәрізді күмбездері бар тастан тілініп алған блоктар арқылы салынған. Әсіресе үш мазар ерекше көз тартады. Мұндағы «Мырза Мұрын» мазарының (1881-1882 жылдары) шеберлігі мүлде бөлек. Сондай-ақ шикі кірпіштен салынған үй там, сағана там мазарлары, қабір үстіндегі қойтастар да ерекше назар аудартады.
Доңызтаудағы кесенелер тобы – Үстірттің солтүстігі шет шыңы маңында орналасқан кесене – ғибадатханалар. Ол негізінен табындардың көктемгі және күзгі көш жолында жатыр. Доңызтау кесенелер тобы ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында қалыптасқан. Мұнда ғибадатхана, тұрғын үй кешендері мешітпен қоса бой көтерген, тұрғылықты мекен, бейіттер де бар. Кесене терең де кең сайдың жарқабағында орналасқан.
Олардың ішінде Үлкен Жыбысқы, Ақсай (1, 2), Сүлікті, Ащыайрық, Бес- пай, Сұлтан ақын, Қайнар, Қошқар – Ата, Арыс әулие және т.б. ірі кешен- дер мен қауымдарды атап айтуға болады. Доңызтау дәстүрінде тасты тіліп салған ескерткіштер баршылық, олар әк тас, құм тастан, күйдірілген кір- піштерден өрілген. Кесене ескерткіштері (құлыптас, «қойтас», сандықтас, мазар, сағана там) композициялық құрылыс – безендірілуі жағынан қарапайым. Доңызтау тобы кесенелерінен сырттай терең генезис, архаизм айқын сезіледі.
Асан қожа қорымындағы сағана там XIX ғ. ескерткіші. Байғанин ауда- ны, Оймауыт ауылының оңтүстік-батыс тұсында 50 км жерде орналасқан.
Қорым Жем өзені бойындағы 4,5 га жерді алып жатыр. Қорымда кірпіштен қаланған кесенелер, құймақ сағана тамдар, тас қоршаулар, сандықтастар, құлыптастар, қойтастар бар. Қорым құрылыстарына жоғары сапалы ойып, тесіп, қашап салынған бедерлер тән.
Қарақұл қорымы – 1860 жылдан мәлім. Байғанин ауданы, Дияр аулының солтүстік-батысында 45 км жерде. Таңба белгілеріне қарағанда Қарақұл қорымында Адай руының ұрпақтары жерленген. Ескерткіштерді осы әулеттің тас қашаушы шеберлері жасаған. Қорымның оңтүстік-шығыс тұсында түрлі бейіт құрылыстары: мавзолейлер мен сағанатамдар, қойтас, құлпытастар бар. «Қошқар мүйіз өрнек» бейнесі бұл аймақта сирек кезде-
сетін ескерткіш.
Қазіргі кезде Ақтөбе облысы туризмінің дамуында көптеген мәселелер туындап отыр. Олар:
• туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы;
• туризм ауқымы, сапа түрлері және туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлердің талаптарға сай келмеуі;
• туристерге ұсынылатын қызметтердің төмен сапасы;
• көптеген мәдени және тарихи ескерткіштердің қанағаттанғысыз жағдайы, т.б.
қорытынды
Қазақстан Республикасында 1978 жылы «Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы» құрылды. Бұл қоғамның құрылуына 1962 жылы Италияның Венеция қаласында қабылданған барлық ел- дер адамзаттың ортақ мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін сақтап, қорғауға міндетті деген «Венеция хартиясы» атты құжат себеп болған.
Осы құжат негізінде 1976 жылы Кеңес Одағының заңы, 1978 жылы Қазақ ССР-нің Заңы қабылданды. Осы заңға сәйкес елімізде «Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау» қоғамдық ұйымы құрылды. Бұл қоғамдық ұйымның мыңдаған мүшелері болды. Зауыт-фабрикалардың жұмысшыларының барлығынан айына 15 тиыннан мүшелік жарна алын- ды. Сөйтіп, бұл қоғам 15 жылдай жұмыс істеп, Қазақстанда 25 мыңға жуық ескерткіш тіркелді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы «Та- рихи мәдени мұраларды қорғау және пайдалану» Заңы қабылданды.
Бұрын «тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау» дейтін болса, енді
«тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану» мәселесіне баса мән берілді. Мұрамыз ретінде тек ескерткіштерді ғана емес бұрын ай- тылмай келген аңыздар, жыр-дастандар, күйлерді де қорғауға күш сала бастадық. Қазір республикада 30-35 мыңдай тарихи-мәдени мұра бар, оның 1600-і — Ақтөбе облысында тіркелген ескерткіштер.
Табиғи және мәдени ескерткіштерді қорғау мен қолданудың қазіргі бағытта бағдарлары табиғи-мәдени мұраны толықтай зерттеуге назар аударуды қажет екендігін көрсетеді, ол дәстүрлі мәдениет пен тарихи ландшафттың басқа да элементтерімен байланысты.
Ерекше назарды қорғалатын тарихи-мәдени аумақтарды құру алып отыр, олардың қатарына: тарихи қалалар, көшендер, тарихи шайқастар алаңы, тарихи жолдар, тарихи өнеркәсіптік аумақтар және т.б. Осындай аумақтар не қорық-мұражай формасында, немесе өзіне арнайы әкімшілік- аумақтық бірліктерді қосатын басқа да аумақтық құрылыстар форма- сында құрылуы керек. Кейде олардың қызметі аумақтың әлеуметтік- экономикалық дамуы секілді мамандандырылуын анықтай алады.Мұра ескерткіштер экономикалық өмірдің белсенді жаңа құбылысы ретінде аумақтың арнайы ресурсы болып ұйғарыла бастады.
Соңғы жылдары тарихи мұраны бағалау жаңаша өтіп жатыр, бұрын ұмытылған есімдер мен тарихи оқиғалар қайтарылып жатыр, діни ескерткіштер қасиетті орындар қайта құрылып жатыр.
Кеңес үкіметінен кейінгі кезеңдегі басты бағыт-бағдарлардың ішін- де жекелеген ескерткіштерді қорғаудан мұраның объектілерін, ол объ- ект орналасқан орта мен мұраны сақтаушы ретінде адамды да сақтауды қамтитын жалпы табиғи-мәдени мұраны сақтауды ерекше айтып көрсетуге болады. Ол мұраның тек қана айрықша табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерді емес сонымен қатар басқа да маңызды элементтер: халық мәдениетін, дәстүрлерін, қызметтерін, тарихи қалалық ортаны, ауыл құрастырымдары мен орналастыру жүйесін, этномәдени ортаны, табиғи ортаны және т.б. қамтитын жиынды қосады.
Мұндай бағыттар табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерді іздеуде белсенді дами бастады. Әртүрлі аумақтарда ескерткіштерді инвентариза- циялау жұмыстары бар тізімді көптеген жаңа объектілермен толықтырды.
Олардың қатарына архитектурада, монументалды өнердің айрықша ескерткіштері ғана емес, сонымен қатар көптеген ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басы архитектура құрылыстары өнеді. Айрықша назар архитектуралық немесе тарихи ансабльдің бірлігіне аударылып отыр. Қазіргі мәдени дамудың тағы да бір маңызды бағыты – тарихи-мәдени аумақтардың жүйесін құру.
Халықаралық бірлестік мәдени мұрасы жағдайына және нағыз табиғи ортаның айрықша аумақтарын сақтауға ерекше назарды бұрыннан бөліп отыр. Айрықша бағалы және қорғалатын объектілердің халықтық тізімі- нен бөлек ХХ ғ ІІ жартысында мемлекет аралық бағдарлама аумағында мәдени ескерткіштері мен табиғи аумақтарды сақтау мен көмек көрсетуге тапсырма қойылды. Жалпы адамдық мағынадағы мұраның өзіндік ре- естрі ретінде 1972 жылы басталған бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғауға бағытталған ЮНЕСКО халықаралық конвециясы құратын Бүкіләлемдік мұра нысандарының тізімі.
1990 жж. соңында табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерің алғашқы жеке меншіктендіруі болды, қазіргі кезде, тарихи ескерткіштер мен жер- лерді жалға алу мен сатып алу бағытында активті нарық құрылуда.
Мұндай стратегия тарихи қала мұрасын оның көпжақтылығында сақтауды, ландшафты сақтау, өнеркәсіптерді қазіргі әлеуметтік және экономикалық процестерге енгізуді ұсынады. Табиғи және мәдени мұраны сақтау мен қолданудың мамандандануында көрсетіледі. Одан бөлек, табиғи және мәдени мұра ескерткіштерін сақтау аумақтың туристік брен- дін алға тартуда ерекше рөл атқарады.Өйткені, әдетте, аумақтың мұра ескерткіштері немесе көзге көрінер орындары туристердің ағылуына әкеліп соқтырады.
Осылайша, мұра бөлек қалалар мен аумақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуының басты факторы. Ол осы арнайы ресурсты қолдану арқылы аумақтың дамуы мүмкін. Кейбір аумақтар үшін аумақтың тарихи- мәдени және табиғи байлығы олардың экономикалық және әлеуметтік дамуының нақты мүмкіндігіне айналады.
пАйдАлАнылғАн әдебиеттер тіЗімі
1. Бейсенова Ә.С. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық геогра- фия идеяларының дамуы (Ежелгі дәуірлерден бастап ХХ ғасырдың ба- сына дейін). – Алматы: 1990.
2. Назарчук М.К., Сергеева А.М., Абдулина А.Г. Ақтөбе облысының гео- графиясы. – Ақтөбе: «Принт – А», 2012. – 318 б.
3. Путеводитель геологических экскурсий // Научный ред. Баймагамбе- тов Б.К. – Актобе: «Нобель», 2012. – 358 б.
4. Абдуллин А.А. Геология Казахстана. – Алматы, «Наука», 1981. – 303 с.
5. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – Алматы, ҚазҰТУ, 2002.
– 177 б.
6. Кушимова А.Г., Сергеева А.М., Конаров А.Ж. Современные рельефоо- бразующие процессы в приэмбинском нефтеносном районе // Нефть и газ Казахстана. - 2004. - № 3. - С.23-27.
7. Султангалиева Г.С., Ерофеева И.В. и др. История Актюбинской области.
– Актобе: 2006. – 698 с.
8. Сегедин Р.А. Рассказ о геологии Актюбинской области и богатствах ее недр. – Актобе: 2002. – 106 с.
9. Ақтөбе энциклопедиясы. – Ақтөбе: «Отандастар-Полиграфия», 2001. – 312 б.
10. Назарчук М.К. Перспективы развития экологического туризма в Казах- стане. – Алматы: ТОО «Экопроект», 2001. - 80 б.
11. Агроклиматический справочник по Актюбинской обл. – Л.: гидромете- оиздат, 1994. – 27 с.
12. Баймухаметова Ж.У. К изучению флоры и растительности низовьев рек Тургая и Иргиза // ботанич. материалы. Т.15. – Алма-Ата: «Наука», 1987. – с.12-19.
13. Новикова А.Г., Стороженко Д.М. Краткая характеристика почв и зе- мельных ресуров Актюбинской обл. – Алма-Ата: «Наука», 1964. – 148 с.
14. Абдулин А.А. Геология Казахстана. – Алматы: «Наука», 1981. – 303 с.
15. Абдулин А.А. Геология и минеральные ресурсы Казахстана. – Алматы:
«Ғылым», 1994. – 400 с.
16. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – Алматы: Қаз ҰТУ, 2002.
- 177 б.
17. Сейтов Н. Тектоника плит и офиолитовые зоны Казахстана. – Алматы:
«Наука», 1988. – 112 с.
18. Геологическое строение Казахстана /под ред. Г.Г. Бекжанова. – Алматы:
Академия минеральных ресурсов Республики Казахстан, 2000. – 396 с.
19. Геологическое строение СССР и закономерности размещения полез-
ных ископаемых. – Ленинград: «Недра», 1989. – 511 с.
20. Бакенов М. Қазақстанның минералды ресурстары. – Алматы:
«Қазақстан», 1967. – 102 с.
21. Проблемы геологии и минералогии Западного Казахстана. – Алматы:
«Наука», 1980. – 216 с.
22. Беспалов В.Ф. Геологическое строение Казахской СССР. – Алма-Ата «На- ука», 1971. – 351 с.
23. Абдулин А.А. Геология Мугалджара. – Алма-Ата: «Наука», 1973. – 305 с.
24. Вопросы геологии и меденосности Мугалджар. – Алма-Ата: 1963 – 320 25. Геологии СССР том ХХІ Западный Казахстан. Часть 1. Геологическое с.
описание книга 1. – Москва: «Недра», 1970. – 312 с.
26. Геологии СССР том ХХІ Западный Казахстан. Часть 1 Геологическое опи- сание книга 2. – Москва: «Недра», 1970. – 352 с.
27. Геологии СССР том ХХІ Западный Казахстан. Часть 2. Геологическое описание книга 2. – Москва: «Недра», 1970. – 231 с.
28. Сергеева А.М., Салықов Ғ.С. Ақтөбе облысы жер бедерінің қалыптасуы мен дамуының геологиялық, тектоникалық ерекшеліктері //Ақтөбе облысының географиялық даму мәселелері. Ғылыми-тақырыптық жинақ. – Ақтөбе: 2006. – 36-43 бб.
29. Вилесов Е.Н., Науменко А.А., Веселова Л.К., Аубекеров Б.Ж. Физиче- ская география Казахстана. – Алматы: «Қазақ университеті», 2009.
30. Кубесова Г.Т. Природные предпосылки развития отдыха и туризма Ак- тюбинской области // Актуальные вопросы теории и практики туриз- ма: Сб. матер. респуб. научно-практ. конф. – Алматы: «Қазақ универси- теті», 1999. – 115-120 с.
31. Кубесова Г.Т. Природные достопримечательности Актюбинской обла- сти как объекты перспективного развития отдыха и туризма // Поиск – Ізденіс. – 2003. - №4(2). С. – 91-94.
32. Кошим А.Ғ. Экологические аспекты современного геоморфогенеза в нефтедобывающих районах Западного Казахстана. – Алматы: 2010.
33. Айдарова А.З. Ақтөбе облысының геоморфологиялық ерекшелік- тері //Ақтөбе облысының географиялық даму мәселелері. Ғылыми- тақырыптық жинақ. – Ақтөбе: 2006. – 29-35 бб.
34. Агелеуов Е.А. и.др. Легкие нашей Земли. – Актюбинск: 1992. – 110 с.
35. Хром Казахстана. – М.: «Металлургия», 2001. – 412 с.
36. Казахстан возможности инвестиций в минерально-сырьевой сектор. – Алматы: 1994. – 218 с.
37. Атлас Казахской ССР. Том 1. Природные условия и ресурсы. – М.: 1982.
38. Афанасьев А.В. Қазақстанның зоогеографиясы (сүт қоректілердің тара-
луы негізінде). – Алматы: ҚазКСР ҒА баспасы, 1960.- 259 бб.
39. Бекенов А.Б., т.б. Қазақстандағы киік: таралу жағдайы және қорғау проблемалары. Қазақстандағы зоологиялық зерттеулер. – Алматы:
2002.
40. Веселов В.В. Қазақстанның жер асты суларының ресурстарын гидрогеологиялық аудандарға бөлу және өңірлік бағалау: (1961-2002 жж. ішіндегі зерттеулер нәтижелерін талдау). – Алматы: 2002. - 438 бб.
41. Гаврилов Э.И. Қазақстанның фаунасы және құстардың таралуы. – Ал- маты: - 1999.
42. Естественно-научное обоснование создания особо охраняемой при- родной территории местного значения «Кобдинский» /Пояснительная записка. – ТОО «Экопроект». – Алматы: 2008. – 89 с.
43. Естественно-научное обоснование создания особо охраняемой при- родной территории местного значения «Кокжиде-Кумжарган» /Пояс- нительная записка. – ТОО «Экопроект». – Алматы: 2007. – 107 с.
44. Естественно-научное обоснование создания особо охраняемой при- родной территории местного значения «Оркаш» /Пояснительная за- писка. – ТОО «Экопроект». – Алматы: 2008. – 90 с.
45. Естественно-научное обоснование создания особо охраняемой при- родной территории местного значения «Мартук» /Пояснительная за- писка. – ТОО «Экопроект». – Алматы: 2008. – 100 с.
46. Естественно-научное обоснование создания особо охраняемой при- родной территории местного значения «Эбита» /Пояснительная запи- ска. – ТОО «Экопроект». – Алматы: 2007. – 85 с.
47. Естественнонаучное и технико-экономическое обоснования создания Иргиз-Тургайского государственного природного резервата. /Поясни- тельная записка. – ТОО «Экопроект». – Алматы: 2005.
48. Закон Республики Казахстан «Об особо охраняемых природных терри- ториях» от 7 июля 2006 года № 175-III ЗРК.
49. Ключевые орнитологические территории Казахстана /Ред. С.Л. Скля- ренко, Д.Р. Уэлш, М.Бромбахер. – Алматы: Ассоциация сохранения би- оразнообразия Казахстана, 2008. – 318 с.
50. Ковшарь А.Ф., Давыгора А.В. Результаты российско-казахстанской экс- педиции в Мугоджары и верхнюю часть бассейна Эмбы /Казахстан- ский орнитологический бюллетень. – Алматы: 2003. – С.32-34.
51. Ковшарь А.Ф., Давыгора А.В., Карпов Ф.Ф. Орнитологические наблю- дения в Урало-Эмбинском междуречье (Темир, Сагиз, Уил, Б.Хобда) в июне 2006 г./Selevinia-2006. – Алматы: 2006. - С.63-81.
52. Красная книга КазССР. Ч. 2. – Алма-Ата: «Наука», КазССР, 1981. - 266 с.
53. Красная книга Казахстана. Т.1, Животные, Ч.1. – Алматы: «Қонжық»,
1996.- 327 с.
54. Об использовании законодательства Республики Казахстан, регулиру- ющего отношения в области охраны природы /К парламентским слу- шаниям. – Актюбинское областное территориальное управление охра- ны окружающей среды. – Актобе: 2006.
55. Отчет по анализу многолетних результатов режимных наблюдений на сети ГМПВ на территории Актюбинской области по состоянию на 31.12.2002 г. /Программа 047 «Мониторинг недр и недропользова- ния». Книга 1. – Актобе: ОАО «Актобегидрогеология», 2003.
56. Отчет по экологическому районированию территории Актюбинской области и входящих в нее эколого-географических районов. – Актобе:
ОАО «АктюбНИГРИ», 2004.
57. Петелина А.М. Актюбинская область //Общие природные и почвенные условия сельскохозяйственного производства областей Казахстана.
Труды института почвоведения АН КазССР. Том 10. – Алма-Ата: – 1960.
– С.15-30.
58. Предложения к программе развития особо охраняемых природных территорий Республики Казахстан на 2005-2010 гг. /Мирхашимов И.Х., Крайнюк В.Н., Устемиров К.Ж. и др. – Алматы: 2005. – 53 с.
59. Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. – М.: «Наука», 1975. – С.190-209.
60. Схема размещения и развития особо охраняемых природных терри- торий Актюбинской области (1 этап). /Пояснительная записка. – ТОО
«Экопроект». – Алматы: 2006. – 173 с.
61. Схема размещения и развития особо охраняемых природных терри- торий Актюбинской области (2 этап). /Пояснительная записка. – ТОО
«Экопроект». – Алматы: 2007. – 80 с.
62. Технико-экономическое обоснование создания государственного при- родного заказника местного значения «Эбита» /Пояснительная запи- ска. - ТОО «Экопроект». – Алматы: 2008. – 57 с.
63. Байғанин ауданы энциклопедиясы. – Ақтөбе: «NOBEL», 2008. - 459 б.
64. Қобда энциклопедиясы. – Ақтөбе: 2009. - 268 б.
65. Қарғалы ауданы: ғылыми-тарихи анықтама. – Ақтөбе, 2005. - 356 б.
66. Құрманбеков Б. Қобда ауданының тарихы. – Ақтөбе, 2015. – 256 б.
67. Ырғыз энциклопедиясы. – Алматы: «Дала» ЖШС, 2010 – 440 б.
68. Сағындықов Е.Н., Тәжібаев М.Қ., Нұрғалымова К.С. Ақтөбе қаласының тарихы (1869-1991). – Ақтөбе: 1998. – 162 б.
69. Тленшина Г.М., Султангалиева Г.С., Абдоллаев Н.А., Абенова Б.С. Из истории Актюбинской области. – Актобе: 2006. – 278 с.
70. Самашев З. Некоторые замечания о проблемах петроглифоведения
Казахстана // Арало-Каспийский регион в истории и культуре Евразии.
– Актобе: 2006. – С. 31-37.
71. Әжіғали С.Е., Тұрғанбаева Л.Р. Абат-Байтақ – Қазақ даласының ін- жу-маржаны/ Абат-Байтак – жемчужина Казахской степи. – Алматы:
2004.- 32 с.
72. Ажигали С.Е. У берегов прикаспийской истории. – Алматы: Джулдас и компания, 2000. - 328 с.
73. Қобыланды батыр: аңыздар мен шындықтар тоғысында // Жауапты шығарушы Мырзабай Б.Б. – Ақтөбе: 2007. – 303 б.
74. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии: памятники Арало-Каспийского региона. – Алматы: Ғылым, 2002. - 652 с.
75. Әжіғали С.Е. «Кратер елінің» асыл мұрасы: көшпенді Арал-Каспий өңірінің тарихы мен мәдениеті туралы. – Алматы, 2006. – 64 б.
76. Батыс Қазақстан тарихы // Жалпы ред. басқарған Бисембаев А.А. Екі томдық. І том. – Ақтөбе: «Принт А», 2006. – 436 б.
77. Батыс Қазақстан тарихы. // Жалпы ред. басқарған Бисембаев А.А. Екі томдық. ІІ том. – Ақтөбе: «Принт А», 2006. – 524 б.
78. Құрманбеков Б. Ақтөбе тарихы. – Алматы: «А-Полиграфия», 2014. – 152 79. Оразымбетов С. Ырғыз. – Алматы: «Өлке», 1995. – 128 б.б.
80. Улицы города Актобе: история и современность // под ред. Г.С. Султан- галиевой. – Актобе: 2007. – 167 с.
81. Из истории Актюбинской области // под ред. А.П. Прусса. – Актюбинск:
1991. – 108 с.
82. Өлке тарихының өзекті мәселелері: Ізденістер, зерттеулер, тұжырымдар // Жауапты ред. Т. Төлепбергени. – Атырау: 2001. – 131 б.
83. Сагиндиков Е. Экономическое развитие города через призму воспри- имчивости реформ населением //Экономика Казахстана. – 1997. –
№11-12. – С. 17-27.
84. Бекназаров Р.А. Мечети Северного Приаралья (конец XIX – начало XX вв.): историко-этнографическое исследование // Отан тарихы. 2007. № 2. С. 135–148
85. Бекназаров Р.А. Место захоронения Абулхаир хана: мифы и реальность в его определении // Казахстан-Спектр. 2008. № 2. С. 104–108
86. Бекназаров Р.А. Некоторые итоги систематизации материалов казах- ского шежире: на основе данных этнографических экспедиции // Отан тарихы. 2010. № 1. С. 195–200
87. Бекназаров Р.А. Т.Г. Шевченко и форт Карабутак: исследование на ма- териалах Актюбинской этнографической экспедиции 2007 г. // Украи-