BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ISSN 1991-3494
Volume 2, Number 366 (2017), 177 – 183
R. A. Bayjolova, R. S. Zhusupov
L. N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan.
E-mail: [email protected], [email protected]
ASSESSMENT OF COMPETITIVENESS OF AGRICULTURE
қол жеткізілді, дəнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.
Қазіргі уақытта əлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда.
Қазақстан Кеден одағына, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Алайда, саладағы еңбек өндіргіш- тігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек жəне басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Осы факторлар отандық аграрлық сектордың бəсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл ДСҰ мен КО жағдайларында шет елдік өнім импортының басым болуына, жер- гілікті өндірушілерді өткізу нарықтарынан ығыстыруға əкелді.
Елімізде ауыл шаруашылығы бəсекеге қабілетті болу үшін аграрлық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет. Ауылшаруашылығының тұрақты дамуы саланың өзіне тікелей экономи- калық əсер етеді; агроөнеркəсіп кешеніне – жанама, ал онымен байланысты салаларға мультипли- кативті əсер береді. Президент Н.Ə. Назарбаев қазақстан халқына Жолдауныда аталмыш мəселеге ерекше көңіл бөле отырып, бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды босатудың жəне экономикалық бəсекелестікті ұлғайтудың маңызын атап кеткен [1].
Аймақтың бəсекеге қабілеттілігін зерттеу тақырыбында көптеген ғалымдардың жазбалары жарық көрді. Халықаралық зерттеу орталығы базасының (EBSCO Research, Scopus, Web of Science) мəліметтері бойынша ауыл шаруашылығының бəсекеге қабілеттілігі тақырыбында 10 мыңнан астам еңбектер жарық көрсе, Google Scholar ашық базасында осы тақырып төңірегінде 700 мыңнан астам мақала тіркелген. Ал осы мақалалардың тек 25 % аймақтың ауыл шаруашылығы бəсекеге қабілеттілігін бағалау тақырыбына арналған. Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның ауыл шаруа- шылығы саласында бəсекеге қабіліттілікті бағалау бойынша жеткіліксіз зерттелуімен байланысты.
Бəсекеге қабілеттілік теория негізінде М.Портер [2, 3] мен К.Айгингердің [4], З.Джованның [5]
əдістемесінде ХХ ғасырдың 90-жж. кең қолданылды. М. Портер ұсынған бəсекелік артықшы- лықтар теориясының мəні бəсекелік артықшылық ресурстарды қолданудың өнімділігінде көрініс табады. Бұл қағида фирма деңгейінде де, тұтас ұлттық экономика деңгейінде де бірдей болады.
Шетелдік ғалымдармен бірге, бəсекеге қабілеттілік тақырыбында ТМД елдерінің ғалымдары Р.А. Фатхутдинов [6,7], Г.Л. Азоев [8], А.З. Селезнев [9] жəне өзге де кеңестік дəуір ғалымдары зерттеулер жүргізген. Осы мəселе төңірегінде О.С. Сабден [10, 11], C.А. Қаленова [12], Ғ.А. Қалиев [13] жəне басқа да отандық ғалымдар елеулі үлес қосты.
2015 жылға Қазақстан экономикасының экспорттық мүмкіндіктері мен бəсекеге қабілет- тілігінің жаңа сапалы деңгейге шығару көзделіп отыр жəне бұл күрделі процесс болып табылады.
Бұл процесті өлшеу көрсеткіштерін білмей жəне бағалаусыз басқару оны мүмкін емес. Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай ұлттық экономиканың дамуын бағалайтын бірнеше əдіс бар.
Қазақстан үшін сол əдістердің тек біреуіне сүйенуге болмайды, яғни экономиканың бəсекеге қабілеттілігін бағалаудың ұлттық əдістерін құру үшін бар əдістердің интеграциясын жүзеге асыру керек.
Ұлттық экономикалардың əлемдік деңгейде бəсекеге қабілеттілігін зерттеумен Менеджментті Дамыту институты, Бүкілəлемдік Экономикалық Форум, Дүниежүзілік Банк, Халықаралық валюта қоры, т.б. ұйымдар айналысады.
Алайда, бірқатар халықаралық жəне отандық ұйымдардың, елдің бəсекеге қабілеттілігін зерт- теу тəжірибесі аймақтық бəсекеге қабілеттілік факторларының анықтаушы екенін көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Үкіметі соңғы жылдар бойы аймақтық даму мəселесімен мақсатты түрде айналысып келеді. Жекелеген мəселелі территорияларды (шағын қала, ауылдық аймақ) дамытудың мемлекеттік бағдарламалары дайындалып, іске асырылды. 2006 жылы республиканың аймақтық стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын анықтайтын маңызды құжат – «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму стратегиясы» əзірленді.
Əзірленген Стратегия шегінде аймақтық даму əдістемесі қайта қаралды.
Аймақтың бəсекеге қабілеттілігін көтерудік халықаралық тəжірибесін қолдану жəне оны бағалау экономикалық факторларды, сонымен қатар əлеуметтік даму – адами потенциалды еске- ретін факторлар жүйесіне негізделетін бəсекеге қабілеттілікті бағалауды қажет етеді.
Осы арада бəсекеге қабілеттілікті кешенді бағалауға негізделетін отандық зерттеулер ерекше қызығушылық туғызады. Қазақстан аймақтарын жүйелі жинақтаушы рейтингтік бағалаумен маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы (МТЗО) айналысады, бұл зерттеу орталығы ҚР дамытудың мемлекеттік институттар тобына кіреді. МТЗО ҚР аймақтарының бəсекеге қабілет- тілігін дамытудың негізгі көрсеткіштеріне келесілерді жатқызады: тұрғын халықтың өмір сапасы индексі; өнімділік индексі; инновациялық индекс; инфрақұрылымдық даму индексі; аймақтық экономиканың бəсекеге қабілеттілігі [14].
Ал аймақтың ауыл шаруашылық бəсекеге қабілетілігін бағалау үшін 1-суретте келтірілен факторлар ескере отырып бағалауды жүзеге асырамыз.
1-cурет – Аймақтың ауыл шаруашылық бəсекеге қабілетілігін бағалау сызбасы.
Ескерту. Əдебиет негізінде автормен құрастырылған.
Аймақтың ауыл шаруашылық бəсекеге қабілетілігін бағалаудың нақты əдістері мен құрал- дарын ескере отырып, бағалауды төмендеідей кезеңдерге бөлеміз:
1. көрсеткіштерді анықтау кезеңі;
2. стандарттау (нормалау) жəне алдын ала статистикалық талдау кезеңі;
3. көрсеткіштерді топтарға бөлу кезеің;
4. жалпылама көрсеткіштерді есептеу жəне нəтижелерін талдау [15, 16].
Аймақтың ауыл шаруашылығы бəсекеге қабілеттілігін бағалау үшін Ақмола обылысын негізге ала отырып Қазақстанның солтүстік аймақтарына (Ақмола облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы жəне Солтүстік Қазақстан облысы) нақты көрсеткіштер негізінде талдау жасаймыз.
Қазақстанның солтүстік аймақтарында ауа-райы континенталды жəне ауыл шаруашылығы сала- сының дамуына қолайлы. Барлық аймақтарда егіншілік, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, сүт өнімдерін өндіру, бақша өнімдерін өндірумен айналысады. Сондықтан аймақтардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде табиғи-климаттық мүмкіндіктері біршама деңгейде. Осыған байланысты аймақтардың ресурстық əлеуетіне, өсімдік жəне мал шаруашылықтарының көрсет- кіштері негізінде талдау жасадық. Бұл аймақтардың ауыл шаруашылығы бəсекеге қабілеттілігін бағалауға зор мүмкіндік береді (1-кесте).
Аймақтың ауыл шаруашылық бəсекеге қабілетілігін бағалау факторлары
Аймақтың ресурстық əлеуеті
- Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алқабы, гектар;
- Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар сомасы;
- Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, адам.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы
Мал шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы
- Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы сомасы;
- Дəнді жəне майлы дақылдар мен көкеніс өнімдерінің жалпы өндірілен көлемі, тонна;
- Дəнді жəне майлы дақылдар мен көкөніс өнімдерінің өнімділігі, бір гектардан центнер.
- Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы сомасы;
- Мал мен құстың саны, бас;
- Мал мен құстың тірідей жəне сойыс салмағы, тонна;
- Сүттің өнімдерінің барлық түрі, тонна;
- Жұмыртқаның барлық түрі, дана;
- Жүннің барлық түрі, тонна.
1-кесте – Қазақстанның солтүстік аймақтарының ресурстық əлеуеті мен ауыл шаруашылығының көрсеткіштері
Көрсеткіштер
2015 ж.
Ақмола облысы
Қазақстанның солтүстік аймақтарының минималды мəні
Қазақстанның солтүстік аймақтарының максималды мəні АЙМАҚТЫҢ РЕСУРСТЫҚ ƏЛЕУЕТІ (АРƏ)
Ауыл шаруашылығы дақылдарының анықталған жалпы егістік
алқабы, мың гектар 4 687,5 1 145,0 5 088,0
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған
инвестициялар, млн.теңге. 24,4 19,4 49,9
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, адам 444752 337115 520296
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ (ӨШК) Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы,
млн. теңге 186 160,4 61 011,0 225 749,2
Дəнді (күрішті қосқанда) жəне бұршақ дақылдар, мың тонна 4 434,7 575,5 5 047,1
Картоп, мың тонна 248,3 181,5 533,2
Майлы дақылдар, мың тонна 122,8 76,5 400,8
Көкөніс, мың тонна 62,4 72,8 197,6
Дəнді (күрішті қосқанда) жəне бұршақ дақылдарын жинау,
бір гектардан центнер 10,8 8,7 15,8
Картоп жинау, бір гектардан центнер 134,4 190,8 241,4
Майлы дақылдарын жинау, бір гектардан центнер 5,2 5,4 8,8
Көкөніс жинау, бір гектардан центнер 143,4 313,0 380,4
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ (МШК)
Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы, млн. тенге 76 225,1 67 298,8 85 006,3
Ірі қара мал саны, мың бас 383,6 327,3 420,7
Қой мен ешкі саны, мың бас 117,4 63,1 168,3
Шошқа саны, мың бас 111,9 62,3 165,0
Жылқы саны, мың бас 148,2 99,1 148,2
Түйе саны, мың бас 0,119 0,052 0,167
Құс саны, мың бас 4 929,8 1 115,5 4 929,8
Шаруашылықта сойылған жəне союға өткізілген мал мен құс,
тірідей салмақта, мың тонна 90,8 90,6 90,8
Шаруашылықта сойылған жəне союға өткізілген мал мен құс,
сойыс салмағында, мың тонна 51,7 46,6 54,3
Сүттің барлық түрі, мың тонна 360,6 361,7 504,1
Жұмыртқаның барлық түрі, мың дана 783 512,0 140 221,2 783 512,0
Жүннің барлық түрі, тонна 935,4 490,7 993,6
Ескерту – Қазақстан Республикасының статистика агенттігінінің көрсеткіштері негізінде автормен құрастырыл- ған [17].
Ақмола облысын солтүстік өңірдің басқа да аймақтарымен салыстыру барсында аймақтың ресурстық əлеуетінің көрсеткіші, өсімдік жəне мал шаруашылығының көрсеткіштері сызықтық шкала негізінде мөлшерлеу əдісімен есептелді.
Аймақтық рейтингті есептеу (1) формулалар бойынша жүзеге асырылады:
н м (1) мұндағы Rн – талданған аймақ көрсеткішінің мөлшерлік мəні; – ағымдағы аймақтың мəн- дік көрсеткіші; – барлық аймақтардың ішіндегі көрсеткіштің минималды мəні; – барлық аймақтардың ішіндегі көрсеткіштің максималды мəні.
(2) формула бойынша түрлендіру үлкен мəндер жақсы нəтижеге сəйкес келсе ғана жүзеге
асырылады.
∑ н
(2)
aggregate мəндері [0;1] шамасында жатқанда аймақ барлық көрсеткіштер бойынша жақсы мəнге
ие болған жағдайда aggregate = 1 болуы мүмкін. Бұл есептеулер аймақтарды жалпы жəне дербес (жеке) көрсеткішті бəсекеге қабілеттілік деңгейі бойынша топтастыруға мүмкіндік береді:
1-топтама – бəсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейі: 0,66<R<1,0;
2-топтама – орташа деңгей: 0,33< R <0,65;
3-топтама – бəсекеге қабілетсіз аймақтар: 0,00< R <0,32 [64].
Қазақстанның солтүстік аймақтарының ресурстық əлеуеті, өсімдік шаруашылығының көрсеткіші жəне мал шаруашылығының көрсеткіштерін айқындайтын мəндер орта көреткіш мəнінде есептелді. Мысалы, аймақтарының ресурстық əлеуетін (АРƏ) орташа көрсеткіші келесідей есептелді:
АРƏ ЕА И БХ (3) Мұндағы IАРƏ – Қазақстанның солтүстік аймақтарының ресурстық əлеуетін (АРƏ) айқындайтын орташа индексі; IЕА – индексі, ауыл шаруашылығы дақылдарының анықталған жалпы егістік алқабының мөлшерін көрсетеді; IИ – индексі, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі; IБХ – индексі, бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны.
1-кесте бойынша көрсетілген мəндер негізінде Қазақстанның солтүстік аймақтарының тек ресурстық əлеуеті (АРƏ) бойынша 2015 жылға бағалау жасасақ көш басында Қостанай облысы - 0,751 (1 орын), Ақмола облысы - 0,613 (2 орын), ал Солтүстік Қазақстан облысы – 0,576 (3 орын), Павлода облысы – 0,203 (4 орын).
Қазақстанның солтүстік өңірінде өсімдік шаруашылығының көрсеткіштері (ӨШК) бойынша алдынғы орынды 0,960 көрсеткішімен Солтүстік Қазақстан облысы иеленсе, екінші жəне үшінші орындарға Қостанай (0,538) жəне Ақмола (0,377) обылыстары иеленді. Ал Павлодар облысы 0,276 көрсеткішімен 4 орынға тұрақтады.
Мал шаруашылығының көрсеткіштері (МШК) бойынша Қазақстанның солтүстік аймақ- тарында ауыл шаруашылығының бəскеге қабілеттілігін бағалаудың нəтижесі бойынша Ақмола обылысы 0,515 мəнімен 3 орынға тұрақтаса, бірінші жəне екінші орынға Солтүстік Қазақстан жəне Қостанай облыстары тұрақтады. Павлодар облысының мал шаруашылығы бойынша көрсеткішінің мəні 0,291 құрады.
Аймақтың ресурстық əлеуеті (АРƏ), өсімдік шаруашылығының көрсеткіштері (ӨШК), мал шаруашылығының көрсеткіштері (МШК) жиынтығын көрсететін интегралды (жиынтық) көрсет- кішті, біз орташа геометриалық формула арқылы анықтадық:
к АРƏ∗ ӨШК∗ МШК (4) Мұндағы Iк – интегралдық көрсеткіш, Қазақстанның солтүстік аймақтарының АРƏ, ӨШК жəне
МШК көрсетеді; IАРƏ – индексі, Қазақстанның солтүстік аймақтарының АРƏ көрсетеді;
IӨШК – индексі, Қазақстанның солтүстік аймақтарында өсімдің шаруашылығының көрсеткіштерін (ӨШК) мінездейді; IМШК – индексі, Қазақстанның солтүстік аймақтарында МШК көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген есептеулер негізінде Қазақстанның солтүстік аймақтарының АРƏ, ӨШК жəне МШК көрсеткіштері бойынша 2015 жылға рейтинг жасалды (2-кесте).
2-кесте – Қазақстанның солтүстік аймақтарының АРƏ, ӨШК жəне МШК көрсеткіштерінің дамуы бойынша рейтингісі, 2015 ж.
Қазақстанның солтүстік өңірі Интегралдық көрсеткіштің мəні Рейтинг
Солтүстік Қазақстан облысы 0,759 1
Қостанай облысы 0,620 2
Ақмола облысы 0,502 3
Павлодар облысы 0,257 4
Алынған нəтижелерді талдай отырып, келесі топтамаларды жасауға болады:
1-топтама – бəсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейі: 0,66< Солтүстік Қазақстан облысы (0,759) <1,0;
2-топтама – бəсекеге қабілеттіліктің орташа деңгей: 0,33< Қостанай облысы (0,620), Ақмола облысы (0,502) <0,65;
3-топтама – бəсекеге қабілетсіз аймақ: 0,00< Павлодар облысы (0,257) <0,32
Қарастырылып отырған 4 аймақтың екеуі бəсекеге қабілеттіліктің орташа деңгейіне ие жəне жоғары бəсекеге қабілетті 1 аймақ, ал бəсекеге қабілетсіз 1 аймақ деп қарастыруға болады.
Қорытынды. Зерттеудің нəтижесі бойынша солтүстік аймақтардың бəсекеге қабілеттілігі республика бойынша орташа деңгейде екені анықталды.
Мұнда индекстердің 1-ге жақын болуы ең жоғары, ал 0-ге жақыны төмен екенін атап өту керек. 0,33-0,66 шкаласының аралығы орта деңгейді көрсетеді.
Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақстанның солтүстік өңіріндегі 4 аймақтың ішінде үшеуінің бəсекеге қабілеттілік көрсеткіші салыстырмалы түрде 0,50 шкаласынан асты, бұл орта деңгейді білдіреді.
Ауыл шаруашылығының бəсекеге қабілеттілік индекісі ең жоғарғы көрсеткіші Солтүстік Қазақстан обылысына тиесілі. Талдау нəтижесінің қорытындысы бойынша бұл аймақты жоғары бəсекелік қабілетті аймақ деп қарастыруға болады.
Сонымен қатар, Қазақстанның бəсекеге қабілеттілігі оның əр аймағының бəсекеге қабілетті- лігінен тəуелді болады. Əр аймақ ұлттық деңгейде бəсекеге қабілеттілікке əсер ететінін ескеру қажет.
ƏДЕБИЕТ
[1] Назарбаев Н. «Қазахстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» [Электрондық ресурс]. – 2015. – URL: http://www.akorda.kz/kz/addresses/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2015-zhylgy- (жолдау күні: 30 қараша 2015).
[2] Портер М. Конкурентное преимущество: как достичь высокого результата и обеспечить его устойчивость / Пер.
с англ. Е. Калининой. – М.: Альпина Паблишер, 2008. – 2-е изд. – 720 с.
[3] Портер М. Международная конкуренция: Конкурентные преимущества стран. – М.: Международные отноше- ния, 1993. – 896 с.
[4] Aiginger K., Bärenthaler-Sieber S., Vogel J. Competitiveness under New Perspective // WWWforEurope Working Papers series. – 2014. – N 44. – 90 р.
[5] Jovan Z., Bradić-Martinović A. Competitiveness of Nations in Selected SEE Countries // Procedia Economics and Finance – Original Research Article. – 2014. – Vol. 8. – P. 755-762.
[6] Фатхутдинов Р.А. Конкурентоспособность: Россия и мир. 1992–2015. – М.: Экономика, 2005. – 608 с.
[7] Фатхутдинов Р.А. Стратегическая конкурентоспособность: Учебник. –М.: Экономика, 2005. – 504 с.
[8] Азоев Г.Л. Конкуренция: анализ, стратегия, практика. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1996. – 208 с.
[9] Селезнев А.З. Конкурентные позиции и инфраструктура рынка России. – М.: Юристъ, 1999. – 384 с.
[10] Сабден О.С. Конкурентоспособность национальной экономики: критерии оценки и пути повышения. – Эконо- мика: Избранные труды. – Алматы, 2011. – 392 с.
[11] Сабден О.С. Повышение конкурентоспособности национальной экономики в условиях глобализации: проб- лемы, приоритеты, пути решения // Сборник материалов межд. науч.-практ. конф. – Алматы, 2008.
[12] Каленова C.А. О конкурентоспособности отдельных секторов экономики // Материалы международной научно- практической конференции «Наука и технологии: шаг в будущее». – Прага, 2010. – С. 6-10.
[13] Калиев Г.А. О проблемах конкурентоспособности продукции аграрного сектора Казахстана в условиях его присоединения к ВТО // Экспертная сеть по вопросам государственного управления ГосБук. – Астана, 2013. – 12 с. //
http://www.gosbook.ru/node/80694
[14] Нурмуханова Г.Ж. Региональная конкурентоспособность: проблемы рейтингования // Вестник НАН РК. – 2007.
– № 5. – С. 77-85.
[15] Дубина И.Н. Математико-статистические методы в эмпирических социально-экономических исследованиях. – М.: Финансы и статистика, 2010. – 416 с.
[16] Дубина И.Н. Математические основы эмпирических социально-экономических исследований. – Барнаул: Изд-во Алт. ун-та, 2006. – 263 с.
[17] Официальный сайт Агентства Республики Казахстан по статистике [Электрон. ресурс]. – URL:www.stat.gov.kz.
(дата обращения: 17.01.2017).
REFERENCES
[1] Nazarbaev N. «Kazahstan zhana zhaһandyқ naқty ahualda: өsіm, reforma, damu» [Jelektrondyқ resurs]. 2015. URL:
http://www.akorda.kz/kz/addresses/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2015-zhylgy- (zholdau kүnі:
30 қarasha 2015).
[2] Porter M. Konkurentnoe preimushhestvo: kak dostich' vysokogo rezul'tata i obespechit' ego ustojchivost' / Per. s angl.
E. Kalininoj. M.: Al'pina Pablisher, 2008. 2-e izd. 720 p.
[3] Porter M. Mezhdunarodnaja konkurencija: Konkurentnye preimushhestva stran. M.: Mezhdunarodnye otnoshenija, 1993. 896 p.
[4] Aiginger K., Bärenthaler-Sieber S., Vogel J. Competitiveness under New Perspective // wwwforeurope working papers series. 2014. N 44. 90 p.
[5] Jovan Z., Bradić-Martinović A. Competitiveness of Nations in Selected SEE countries // Procedia Economics and Finance – Original Research Article. 2014. Vol. 8. P. 755-762.
[6] Fathutdinov R.A. Konkurentosposobnost': Rossija i mir. 1992–2015. M.: Jekonomika, 2005. 608 p.
[7] Fathutdinov R.A. Strategicheskaja konkurentosposobnost': Uchebnik. M.: Jekonomika, 2005. 504 p.
[8] Azoev G.L. Konkurencija: analiz, strategija, praktika. M.: Centr jekonomiki i marketinga, 1996. 208 p.
[9] Seleznev A.Z. Konkurentnye pozicii i infrastruktura rynka Rossii. M.: Jurist#, 1999. 384 p.
[10] Sabden O.S. Konkurentosposobnost' nacional'noj jekonomiki: kriterii ocenki i puti povyshenija. Jekonomika: Izbrannye trudy. Almaty, 2011. 392 p.
[11] Sabden O.S. Povyshenie konkurentosposobnosti nacional'noj jekonomiki v uslovijah globalizacii: problemy, prioritety, puti reshenija: Sbornik materialov mezhd. nauch.-prakt. konf. Almaty, 2008.
[12] Kalenova C.A. O konkurentosposobnosti otdel'nyh sektorov jekonomiki // Materialy mezhdunarodnoj nauchno-prakti- cheskoj konferencii «Nauka i tehnologii: shag v budushhee». Praga, 2010. P. 6-10.
[13] Kaliev G.A. O Problemah konkurentosposobnosti produkcii agrarnogo sektora Kazahstana v uslovijah ego prisoedinenija k vto // jekspertnaja set' po voprosam gosudarstvennogo upravlenija gosbuk. Astana, 2013. 12 p. // http://www.gosbook.ru/node/80694
[14] Nurmuhanova G.Zh. Regional'naja konkurentosposobnost': problemy rejtingovanija // Vestnik Nan Rk. 2007. N 5. P. 77-85.
[15] Dubina I.N. Matematiko-statisticheskie metody v jempiricheskih social'no-jekonomicheskih issledovanijah. M.: Finansy i statistika, 2010. 416 p.
[16] Dubina I.N. Matematicheskie osnovy jempiricheskih social'no-jekonomicheskih issledovanij. Barnaul: izd-vo Alt. un-ta, 2006. 263 p.
[17] Oficial'nyj sajt Agentstva Respubliki Kazahstan po statistike [Jelektron. Resurs]. Url:www.stat.gov.kz. (data obrashhenija: 17.01.2017).
Р. А. Байжолова, Р. С. Жусупов
Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева, Астана, Казахстан ОЦЕНКА КОНКУРЕНТОСПОСОБНОСТИ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
В СЕВЕРНЫХ ОБЛАСТЯХ КАЗАХСТАНА
Аннотация. Целью работы является исследование проблем оценки и повышения конкурентоспособ- ности сельского хозяйства Республики Казахстан и разработка теоретических и практических рекомендаций по ее повышению.
В статье, имеющей проблемно-постановочный, методологический и методико-инструментальный ха- рактер, обозначены цели и задачи комплексной оценки сельского хозяйства северных регионов Казахстана, представлен общий подход к разработке и реализации методики такой оценки, рассмотрены конкретные математико-инструментальные процедуры, которые могут быть при этом использованы. Также в статье используются экономические показатели в северных регионах Казахстана, статистические данные между- народных и национальных научных публикаций. Оригинальность/значение – в статье проведены работы для оценки конкурентоспособности северных регионов Казахстана (Акмолинской, Костанайской, Павлодарской, Северо-Казахстанской), также определены конкурентоспособность регионов в сельском хозяйстве. Резуль- таты – оценка конкурентоспособности сельского хозяйства дает возможность выявить проблемы, которые мешают на развитие сельскохозяйственной отрасли. Актуальность темы статьи связана с недостаточной изу- ченностью оценки сельского хозяйства регионов Казахстана, отсутствием разработанных систем монито- ринга его состояния.
Ключевые слова: конкуренция, конкурентоспособность, оценка конкурентоспособности, ресурсный потенциал, сельское хозяйство, инфраструктура.
Information about authors:
Bayjolova R. A. – Doctor of Economy Science, Professor of L. N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan, [email protected],
Zhusupov R. S. – PhD student of L. N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan, [email protected]
BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ISSN 1991-3494
Volume 2, Number 366 (2017), 184 – 191
S. Zhanbyrbayeva, A. Zurbayeva Narxoz university, Almaty, Kazakhstan.
E-mail: [email protected], [email protected]