Аңдатпа. Күн сайын жіберілетін триллиондаған хабарламалар адамдардың бір-бірімен тез, әрі үйден шықпай-ақ қарым-қатынас жасауына үлкен мүмкіндік берді. Коммуни- кацияның осындай тиімді әдісі бар кезде ақпаратты жасырып қалу, халыққа көрсетпеу мүмкін емес. Интернет енді ғана дами бастаған кезде отандық бұқаралық ақпарат құралдары біршама өзгерістерге тап болды. Ғаламтор қоғамға бұрын соңды болмаған коммуникация әдістері мен технологияларын көрсетті. Ол жаңа табыс орнына айнал- ды. Жаңа байланыс арналарының пайда болуымен ақпарат көздерінің саны да күрт өсті.
Ғаламтор пайда болып, күн сайын дамығаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратқа деген монополиясын жоғалтып алды деп те айта аламыз. Өйткені, қазіргі за- манғы заманауи адамға қол жетімді ақпараттың үлкен жиынтығы жаңа нарықтардың тез әрі тиімді дамуымен бірге маркетинг пен оны жылжыту тәсілдері туралы көбірек ойлануға мәжбүр етеді. Ғаламтор тек қана медиа тұтынуды өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ бәсекелестікті де арттырды. Халықтың көңілін өзіне аударып, пайдаланушы- лардың назарына ілігу ақпарат құралдарының басты міндетіне айналды.
Түйін сөздер: қоғам, адам, ғаламтор, бұқаралық ақпарат құралдары, бедел, коммуни- кациялық технологиялар, коммуникация.
DOI: https://doi org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-71-78
Кіріспе
Бүгінгі ақпараттық қоғамда контент беретін технологиялардың базасы да жаңартылып, күн санап дамып келеді. Ол медиа өнімдердің құзыретін арттырды. БАҚ-тың аудиториямен өзара әрекеттесуін зерттемес бұрын, жалпы, байланыс ұғымын және әртүрлі БАҚ түр- лерінің ерекшеліктерін ескеру қажет.
Саясаткерлер мен БАҚ бойынша маман- дардың сыни пікірге, яғни бұқаралық-меди-
аны зерттеу, әзірге толықтай ғылымға айнал- мады деген пікірге шындап көңіл аударып жүргендігі белгілі. Танымал қазақстандық ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы Нұртазина Р.А. қазіргі қоғамдағы БАҚ-ты зерт- теудің екі бағытын белгіледі: сыни (интеллек- туалды элита) және кәсіби (технарлар-прак- тиктер). Соңғы уақытта журналистік саланың тәжірибелік құрауышы батыстық технология- ның ықпалымен пайда болуда, сондықтан екін- ші бағыт басым болып келеді [1].
БАҚ-тың мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесу...
Жалпы, коммуникацияның өзі екі жақты ақпарат болып табылады. Сондықтан да, ауди- ториямен кері байланыс орнату аса маңызды екені анық. Журналистикадағы коммуника- ция құралдары күн сайын дамуда, сондықтан да, мақсатты аудиториямен қарым-қатына- стың бірыңғай стандарты әлі де жасалмаған.
Ғалым, зерттеуші Т.Орлова БАҚ пен тұты- нушы арасындағы ынтымақтастықтың үш әдісін анықтаған:
1. Сараптамалық (Көрермен бұл туралы не ойлайды?)
2. Диалог (Ұсынылған тақырып дұрыс па?
Оған ой?)
3. Бірлескен жұмыс (Тұтынушымен бірге мәтін жасау) [2].
Мұндай әдістер қарым-қатынас процесін толықтырады. Оны екі жақты етіп қана қой- май, сондай-ақ БАҚ жұмысын да реттей ала- ды. Сараптамалық бағалау да жиналады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын аудиторияның көзімен көру үшін хаттар, те- лефон қоңыраулары, сауалнамалар сияқты құралдар қолданылады. Осы тәсілдер арқылы көрерменнің пікірін біліп алуға болады. Бү- гінде баспа ісінде хаттар көбірек қолданыл- са, радио мен теледидарда қоңыраулар әдісі көп қолданылады. Көптеген бағдарламаларда сенім телефондары да бар. Мұндай кері бай- ланыс құралдары әсіресе танымал, мәселені шешуге билік өкілдері сайланған кезде дел- дал қызметін атқарады. Мемлекет бұқара- лық ақпарат құралдары арқылы халықтың пікірін тыңдай алады. Ал, сараптама, диалог сияқты әдістер «дөңгелек үстел» форматында өтеді мұнда түрлі өзекті проблемалар бойын- ша пікір алмасуға болады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта бірлескен авторлық әдіс те белсенді қолданылады. Бұрындары тұтынушылар өз- дерінің мақалаларын, өлеңдерін газет, жур- налдарға жібере алу әдісін көп пайдаланатын.
Қазіргі уақытта бұл тәсіл көп қолданыла бер- мейді. Себебі, журналистер тұтынушылармен ашық қарым-қатынасқа көп түсе бермейді.
Оған тән екі негізгі факторлар бар – идеоло- гиялық және экономикалық. Бірінші фактор билеуші өкілеттіліктің қажеттіліктерін қамти- ды. Яғни, идеологиялық насихаттау жұмы- старын жүргізеді. Ал экономикалық фактор
БАҚ пен аудитория үшін оң имиджді сақтау үшін олардың жұмысы туралы жағымсыз пікірлерді жасыру қажеттілігін тудырады.
БАҚ-ты бақылаудың негізгі құралы болып та- былатын кері байланыстың қымбат болуы да үлкен жағымсыз факторлардың бірі. Себебі, хаттар мен қоңырауларды қабылдау үшін белгілі бір бөлімдер құрылуы қажет. Яғни, халықпен пікір алмасып, оның ойын әрдай- ым ескеріп отыру үшін үлкен қаражат керек.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының мұндай шығындарды қалтасы көтермеуі мүм- кін. Сондықтан да, мұндай әдістермен көбіне- се үлкен арналар мен радио орталықтар ғана жұмыс істейді. Оның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері болып табыла- тын демократиялық режимдерге тән тағы бір кемшілік-кері байланыстың қымбаттығы. Хат- тар мен қоңырауларды қабылдау үшін бар- лық бөлімдер құрылуы керек, ал оқырмандар конференцияларын өткізу үлкен шығын- дарды талап етеді, бұл бұқаралық ақпарат құралдары үшін әрдайым қол жетімді емес.
Көбінесе мұндай қаржыны мемлекет төлей- ді. Алайда, ондай арналар биліктің үгіт-наси- хатынан іргесін аулақ тастай алмайды. Сон- дай-ақ, халықтың көбінесе диалогқа ашық келмейтіні де бар. Бұл мұндай тәсілдердің жұмысын қиындатады. Әрине, БАҚ қызмет- керлері көрермендерді диалогқа шақырады.
Алайда, олар да кері байланыстың толық әрі тиімді өтуіне толықтай жауап бере алмайды.
Келесі мәселе-қонақтарды таңдау. Бұл жерде сұрақты дұрыс қоя алатын, қымсынбайтын, қорықпайтын адамды іздеу қажет. Алайда, студияға келген жандар көбінесе өз істерін не- месе өздерін жарнамалағысы келеді. БАҚ пен мақсатты аудитория арасында кері байланыс құру оңай емес. Алайда, цифрлық технологи- ялар дамып, ғаламтор күнделікті құралға ай- налған уақытта бұл салада да біраз өзгерістер орын алды [3].
Негізгі бөлім
Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің ерекшеліктеріне байланысты бір- неше әдістермен жұмыс істейді. Олардың әрқайсысын толығырақ қарастырсақ. Баспа
ісі БАҚ жүйесінде ерте заманнан бері ерек- ше орын алады. Оған журналдар, газеттер кіреді. Баспасөздегі ақпарат қағазға жазыла- ды. Содан кейін ақпарат басылған мәтіндерге жаңалықтың маңызын арттыратын фотосу- реттер мен графикалық нысандар қойылады.
Бұл факторлар халықтың ақпаратты тұтыну факторлеріне біраз әсер етеді. Фотосуреттер, суреттер, диаграммалар, инфографика түрін- дегі ақпараттарды графикалық түрде маңыз- дылығын арттырып беру мүмкіндігі де басып шығарудың артықшылығы болып табылады.
Баспасөздің тағы бір маңызды артықшылығы- ның бірі – шығу жиілігі. Кез-келген газеттің немесе журналдың белгілі бір шығу жиілі- гі бар. Олар күнделікті немесе апта сай- ын шығады. Оның да өз артықшылықтары бар. Күнделікті шығаратын газеттерді оқу арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтар- ды қысқа әрі нұсқа біліп тұруға болады. Ал апта сайынғы баспаны таңдасаңыз, оқиға ту- ралы көбірек ақпарат жиналған, куәгерлер мен сарапшылардың пікірлерімен толықты- рылған мазмұнды, сапалы материалды оқуға болады. Алайда, мұндай артықшылықтардан басқа, баспа ісінің бұқаралық ақпарат құрал- дарының өзге де түрлеріне қарағанда айтар- лықтай кемшіліктері де бар. Ең алдымен, ар- тықшылықтарда айтылған дискреттілікті атап өту керек. Бұл жаңалықтарды жедел жеткізу кезінде кедергі келтіріп жатады. Өйткені, қан- дай маңызды ақпарат болса да, баспа ісі тек қана өзінің шығу жиілігіне ғана бағынуы тиіс.
Екінші кемшілік – басып шығаруды тарату жүйесі. Бұл әсіресе уақыт белдеулерінде үл- кен алшақтығы бар үлкен елдердің мысалын- да көрінеді. Өйткені, басылымда шығарылған нөмір бірінші баспаханаға беріледі. Ол бүкіл ел бойынша таратылады, әрі қарай жергілікті жерлерде басып шығарылады. Осы кезеңдер- ден кейін ғана нөмір тұтынушыларға жетеді.
Уақыт алшақтылығының мұндай ерекшелігі газеттердің жұмысын қиындатады.
Баспасөзден кейін пайда болған бұқаралық ақпарат құралының тағы бір белесі – радио.
Мұндай хабарлар жаңалықты оқырмандарға дыбыстық толқындар арқылы жеткізеді. Ра- дио ақпаратты халыққа барынша тез жеткізу- де таптырмас құрал. Бұл оның басты ерек-
шелігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұл түрі тыңдаушылардың қалауына, мүд- делеріне және мотивтеріне аса көңіл бөледі.
Оның басты ерекшелігі деп тыңдаушыларға ақпаратты естіп отырып, басқа да істермен айналысуға мүмкіндік беруі. Мысалы, бүгінде адамдар радионы көлікте отырғанда немесе жұмыс істеген кезде тыңдай алады [4].
Ақпарат берудің технологиялары күн сай- ын дамып келе жатқан уақытта радиостанци- ялардың көркемдік жанры да едәуір дамып келеді. Бүгінде концерттер, радиоспектакль- дер аса танымалдылыққа ие. Дыбыс жазудың дамуы, оны монтаждау, радио хабарларды қайталау, басқа да радио туындылардың эле- менттерін пайдалану мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті, сонымен қатар радиохабардың көр- кемдік құрамын байыта түсті. Радионың ды- быстық табиғаты, оның нақтылығы дыбыс ерекшеліктерін барынша пайдалануға мүм- кіндік береді. Осы ерекшеліктерге тоқталсақ.
Біріншіден, бейне тізбегі болмаған кезде адам- ның бойында дыбыс тереңірек қабылданады, бұл болып жатқан оқиғалардың визуалды компонентіне алаңдамай, нақты жаңалыққа назар аударуға мүмкіндік береді. Ал, екін- шіден, тек дыбыстық қабылдау кезінде тұты- нушылардың қиялы барынша белсенді бола- ды. Бұл тыңдаушының фантазиясын қосып, жетіспейтін суреттерді мүмкіндігінше тарта- ды. Алайда, радио арқылы хабар таратудың кемшіліктері бар, оларды ескеру қажет. Оның баспасөзден айырмашылығы хабар тарату тұтыну процесіне мәжбүрлі сипат беретін радиоқабылдағыштың көмегімен ғана жүзеге асырылады. Мысалы, радиобағдарламаны тек эфир болған кезде ғана тыңдауға болады. Ал баспа ісіндегі газет, журналдарды кез-келген уақытта оқуға болады. Бағдарламаны эфирде болған кезде белгілі бір уақытта ғана тыңда- уға болады Алайда, радио мобильді емес, оны кейінге қалдырып тыңдауға болмайды.
Себебі радиодағы ақпаратты диктор белгі- леген тәртіппен беріп отырады. Радиохабар- дың технологиялық мүмкіндігі басқа радио- арналарды қараусыз қалдырып, тек қана бір арна бойынша бір ғана бағдарламаны тұтыну мүмкіндігін береді. Осының кесірінен ради- обағдарламаны кейінге қалдырып тыңдау
БАҚ-тың мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесу...
да мүмкін емес фактор болып табылады.
Алайда, радиохабрларды фондық қабылдау- дың көптеген теріс жақтары да бар. Өйткені, мұндай жағдайда тыңдаушының ақпараттар- дың бір бөлігін жоғалтып алу қаупі тұр. Бұл проблема маңызды ақпаратты қайталаудың және музыкалық, ойын-сауық мазмұнын кө- бейтудің арқасында тез әрі оңай шешіледі.
Заманауи дәуірдің соңғы, негізгі бұқаралық ақпарат құралына теледидар кіреді. Ол ХХ ға- сырдың 30-40-шы жылдарында кеңінен таны- малдылыққа ие бола бастады. Теледидардың ерекшелігі тек хабар тарату мен кинематогра- фия ғана емес, сонымен қатар коммуникаци- яның баспа формаларының ерекшеліктерінің бір жиынтығы болғаны. Өйткені, көрермен теледидар арқылы дыбыстық тұрғыдан да, бейнелік тұрғыдан да ақпаратты бір уақытта қабылдай алады. Сонымен қатар, онда фото- кадрлар мен схемалар да кеңінен қолданыла- ды. Экранда мәтін де көрсетіліп жатады .
Теледидарда хабар таратудың басты ар- тықшылығы – жылдамдық. Яғни, олар тіпті оқиға орнынан да ақпарат бере алады. Сон- дықтан да, бұқаралық ақпарат құралының бұл түрі басқаларға қарағанда көрерменге көбірек әсер қалдыра алады. Сурет пен ды- быс синтезі біріге отырып, ақпараттың тез әрі тиімді жетуіне ықпал етеді. Онда дыбысқа не- месе суретке баса назар аудара отырып, олар- ды әртүрлі пропорцияда беру мүмкіндігі де бар. Алайда, хабар таратқан кезде аудитория- ның берілген ақпаратты қабылдау ерекшелік- терін де ескеру қажет. Ол да радио сияқты көрерменге алдын-ала дайындалған формат пен көру қарқынын ғана ұсына алады. Сон- дықтан да, осы фактордың арқасында радио мен теледидарда көрсетілетін бағдарламалар- ды құру жұмыстары өте мұқият жүргізіледі.
Бүгінде баспа, радио және теледидар бұқа- ралық ақпарат құралдарының ең негізгілері.
Олардың әрқайсысы өзіндік байланыс әді- стерін қолданады. Баспасөз көбінесе мәтінмен жұмыс жасаса, радио сөйлеу және музыка әді- стерін қолданады. Ал, теледидар коммуника- цияның барлық әдістерін қамтиды. Бірақ, ең негізгілеріне сурет, сөйлеу және қимыл кіреді.
Бұл байланыс әдістерінің барлығы маңызды.
Осылар арқылы БАҚ-тың түрлері де ерекше-
ленеді. Газет, журналдар ақпаратты асықпай, байыппен оқуға мүмкіндік берсе, радио ды- бысты тереңірек қабылдауға ықпал етеді. Оны фондық тыңдау мүмкіндігі де бар. Ал теледи- дарда «қатысу эффектісі» бар [5]. Сол арқылы бірнеше әдістердің барлығы бірігіп, синтез- деледі. Мұның барлығы техникалық құрал- дардың дамуымен байланысты екені анық.
Алайда, бұл тек аудиториямен өзара әрекет- тесудің бір бөлігі. Яғни, халық цифрлық дәуір дамығанға дейін қалай өмір сүрді? Ақпаратты қайдан алды? Онда «кері байланыс» реакция- сы жұмыс істеген. Яғни, тұтынушының беріл- ген қандай да бір ақпаратқа реакциясы.
Бүгінгі таңдағы интернеттің мақсаты мен міндетіне келсек, ғаламтордың арқасында кез-келген ақпарат нақты әрі өте тез тарай- ды. Мұнда қалаған адам, қалаған оқиғасымен бөлісе алады. Алайда, бұл жағдай бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына кедер- гі келтіріп жатады. Біріншіден, интернеттегі жаңалықтардың барлығы шыңдыққа жана- са бермейді. Өйткені, оқиғамен қарапайым адамдар бөліседі. Олар жағдайдың мән-жай- ын түсінбей тұрып, халыққа фейк ақпарат жі- беруі мүмкін. Сондай-ақ, ақпараттың ақылы жүйесімен жұмыс істейтін медиа өнімдер де опық жейді. Халық ғаламторда онсыз да толып тұрған жаңалықты басқа жерде оқуы үшін уақытын да қаражатын да жұмсағысы келмейтіні анық. Бірақ, ғаламтордағы ақпа- раттың жақсы жерлері де бар. Мысалы, бір платформада байланыс әдістерінің бірнеше түрі бірігеді. Яғни, олардың арасындағы ше- кара жойылады немесе жақындайды. Зерт- теушілер бұқаралық ақпарат құралдарының конвергенциясын бірнеше түрге бөлген.
1. Желілік конвергенция – аналогтық сигналды сандық сигналға айналдыру. Бұл кез-келген ақпаратты қалаған уақытта, қа- лаған жерге жіберуге мүмкіндік береді.
2. Терминал конвергенциясы – ақпарат- ты қабылдап, оны тұтынуға арналған бірнеше өнімді бір мультимедиялық құрылғыға бірік- тіру. Яғни, оған ұялы телефон, компьютер, планшет, ноутбук кіреді.
3. Қызметтердің конвергенциясы – бірыңғай электрондық тәсіл. Мысалы, теле- грамм боттары, қаржы операцияларын жүр-
гізушілер және тағы басқа. Олар ешкімнің қатысуынсыз күнделікті қажетті ақпаратты бере алады.
4. Нарықтың конвергенциясы – ауқымды коммуникациялық және өндірістік компани- ялардың қызмет аясын арттыру. Яғни, меди- ахолдингтердің фестиваль, марапаттау рәсім- дерін көптеп өткізуі.
5. Жанрлар конвергенциясы – бір мате- риалда баспасөз, теледидар және радионың қиылысуы. Барлығының жанрлық элемент- терін бір медиа өнімге біріктіруі.
6. Реттеу конвергенциясы – әртүрлі на- рықты ортақ реттеуді міндеттейді [6].
Бүгінде ғаламтор негізгі байланыс плат- формасына айналып отыр. Мұндай жағдайда өзіміздің дәстүрлі БАҚ не болмақ? Бұл мәсе- лені зерттеген Лукина М.М. интернет плат- формадағы бұқаралық ақпарат құралдары- ның негізгі қасиеттерін анықтаған.
1. Гипермәтіндік 2. Интерактивтілік 3. Мультимедиа
Осыларды толығырақ қарастырайық.
Гипермәтіндік ұғымын ең алғашқы болып Тед Нельсон қолданған. Ол гипермәтіннің ең басты ерекшелігіне оның жеке құжаттар арасында қойған сілтемелер арқылы толық байланыс жүргізуі деген. Мұндай мәтін пай- даланушының сұранысы бойынша белгілі бір әрекеттерді орындайды.
Гипермәтіндік сілтемелердің өзі екіге бөлі- неді:
1. Ішкі – оқырманды сол ресурстың ішін- дегі басқа материалға аударады
2. Сыртқы – оқырманды мүлдем басқа ресурсқа аударады.
Оқырман бұл жерде басқа мәтіндік мате- риалға немесе графикалық және бейнемате- риалдарға көшу мүмкіндігін алады. Ішкі және сыртқы сілтемелер медиа маркетинг құрал- дарындағы аса маңызды элементтер. Ал элек- тронды БАҚ-тың екінші ерекшелігі атанған интерактивтілік әдісі мақсатты аудиториямен бұқаралық ақпарат құралдарының әрекет- тесуін басқаша жаңа деңгейге көтере алды.
Мұнда өзара іс-қимыл процесі тек интернет желісі арқылы ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, онда ешқандай қосымша делдалдар болмай-
ды. Интерактивті әдістің мүмкіндіктерін де бірнеше тәсілге бөлуге болады.
1. Байланыс бағыты 2. Байланыс форматы
3. Синхрондылық немесе асинхрон- дылық
Интернет БАҚ-тағы ақпарат бір мезгіл- де өзінің бойына бірнеше әдістерді біріктіре алады. Мысалы, интернет баспасөзде мәтін болса, теледидарда сурет, радиода дыбыс бар. Оның барлығы біріктіріліп көрерменге толыққанды ақпарат болып жетеді. Медиа саласына айтарлықтай үлес қосқан зерттеуші Мануэль Кастельс бұл қасиетті «бейне, аудио және мәтіндік форматтардағы интерактивті байланыстың шексіз мүмкіндіктерін ашатын сиқырлы қорап» деп сипаттаған. Яғни, жаңа- лықтың еш мәні өзгерген жоқ. Ол тек интер- нет желісі бар құрылғыдан ғана көрсетіледі.
Сондай-ақ, бұл әдістің оперативті жұмыс істе- уі де өте керемет. Сонымен қатар, ғаламтор- да ақпарат мазмұнына және аудиториясына қарай бөлінеді. Жаңалық көбінесе кең ауди- торияны емес, өзінің мақсатты аудиториясын табады. Мысалы, балық аулауды ұнататын- дарға осы тақырыптағы бағдарламалар қызық болса, жас ана баланың денсаулығы жайлы журналдар оқығанды ұнатады деген сияқты.
Ғаламтордың әлемді жаулауына дейін бұл әдісті толығымен жүзеге асыру қиынға соққан болатын.
Нәтиже
Бүгінде контент беретін технологиялардың базасы да жаңартылып, барлығы күн санап дамып келеді. Ол медиа өнімдердің құзырет- тін арттырды. Алайда, мазмұнды кеңейтуден басқа, материал авторының алыс жоспарға көшуін де атап өту қажет. Бұл өзгерістер ХХ ғасырдың соңында ғана зерттеле басталды.
Бұл кездері автордың беделі мен мәтінді қа- былдау процесі «кері байланыс» жүйесіне кедергі келтіре бастады. Өйткені, байланыс қазірдің өзінде «ағынды процесс» болып та- былады. Ол адамдардың қарым-қатынасқа деген қажеттілігін қанағаттандыру керек.
Сондықтан да, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары интернет порталдармен әлеумет-
БАҚ-тың мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесу...
тік желілерге түбегейлі көшті десек те бола- ды. Кез-келген газеттің, телеарнаның, жур- налдың интернетте де, сайтта да парақшасы бар екені анық. Тіпті, кейбір редакцияларда SMM немесе kommunity-менеджмент сияқты бағыттар да пайда болған. Мұның барлығы тұтынушымен кері байланысты арттыру мақ- сатында жасалып жатыр. Бұрындары барлық жерде дискреттілік жүйе қалыптасқан бола- тын. Яғни, газет күнделікті шықса, журнал аптасына немесе айына бір рет басылатын. Ал теледидар мен радиодағы жаңалықтар күнде бір рет қана көрсетілетін. Бұған халық та үй- ренген болатын. Ал бүгінде дискреттілік әдіс әлі болса да, ақпараттық кеңістіктің кеңеюінен оның ара қышықтығы тіпті байқалмай кетті.
Осы өзгерістердің барлығын зерттей келе, ме- диасарапшы Василий Гатов трансформация- ны негізгі үш бағытқа бөледі:
1. Журналистің базалық құзыреттілігі 2. Технологяилар мен жабдықтар 3. Тарату және бренд.
Бүгінде классикалық өндіріс модель- дері мен құрылымдық ұйымдастырылу ба-
сылымдары еш өзгеріске ұшырамаған. Ал қазіргі жағдай коммуникацияның тек өзара рефлексиялық процесі. Алайда, мұндай ор- тада ақпарат тұтыну әдісі өзгерді. Табиғи дис- керттілік алынып тасталды. Өйткені, жаңалық көп әрі қолжетімді. Сондай-ақ, ақпаратты өндіру мен тарату да өзгерді, арзандатылды.
Жаңалықтар қызықты болмаса, оны ауысты- ру мүмкіндігі де пайда болды. Яғни, бүгінде дәстүрлі БАҚ-тың барлығы электронды медиа өнімдерге тәуелді екені анық. Себебі, ақпарат- тың шектен тыс көп болуы мақсатты аудито- рияның теледидар мен газетке емес, жәй ғана қолдағы құрылғыға үңілуіне әкеліп соқтырды.
Бүгінде электронды БАҚ-тың мақсатты ауди- ториямен әрекеттесетін, кері байланыс жа- сайтын тәсілдері көп. Бұрынғыдай студияға хабарласып, пікір жинап, халықпен сөйлесу қажеттілігі де болмай қалды. Қазір кез-кел- ген адамда әр материалға пікір жазу мүмкін- дігі бар. Бұл бұқаралық ақпарат құралдары- ның өмірін жеңілдетті деп айтсақ та болады.
Себебі, олар мақсатты аудиторияға не керек екенін артық шығынсыз да біле алады.
Әдебиеттер
1. Нуртазина Р.А. Республика Казахстан: СМИ и политика. Учебное пособие. - Алматы: Азия Принт баспаханасы - 2011. - 400 c.
2. Орлова Е.И. История журналистики и литературы как университетских наук. // Вестник Санкт- Петербургского университета. Серия 9. Филология. Востоковедение. Журналистика. - 2016. - № 4. – С.
162-169.
3. Лумaн Н. Невероятные коммуникaции // Проблемы теоретической социологии. Вып. 3. – СПб., 2000.
4. Омашев Н.О. Радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі. Оқулық. – Астана, 2009.
5. Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 1998.
6. Уразова С.Л. Конвергентная журналистика в цифровой медиа-среде: методическое пособие. - М.: ИПК, 2010.
7. Лукина М.М. Трансформации журналистского текста в условиях интернет-среды. Вестник Мо- сковского университета. Серия Журналистика. – 2009. - № 3. - С. 54-73.
References
1. Nurtazina R.A. Respublika Kazahstan: SMI i politika [Republic of Kazakhstan: media and politics].
Textbook (Asia Print Publishing House, Almaty, 2011, 400 p.).
2. Orlova Ye.I. Istoriya zhurnalistiki i literatury kak universitetskih nauk. The history of journalism and literature as university sciences, Vestnik Sankt-Peterburgskogo universiteta. Seriya 9. Filologiya. Vostokovedeniye.
Zhurnalistika [Bulletin of St. Petersburg University. Series 9. Philology. Oriental studies. Journalism], 4, 162-169 (2016).
3. Luman N. Neveroyatnyye kommunikatsii [Incredible communications], Problemy teoreticheskoy sotsiologii [Problems of theoretical sociology]. Is. 3 (SPb., 2000).
4. Omashev N.O. Radiozhurnalistikanyn teorijasy men tazhіribesі [Radio journalism theories of men tazhіribes]. Textbook (Astana, 2009).
5. Tursunov K. Kogіldіr jekran қupijasy [The Secret Of The Blue Screen]: (Kazakh University, Almaty, 1998).
6. Urazova S.L. Konvergentnaya zhurnalistika v tsifrovoy media-srede: metodicheskoye posobiye [Convergent journalism in the digital media environment: a methodological guide] (IPK, Moscow, 2010).
7. Lukina M.M. Transformatsii zhurnalist•skogo teksta v usloviyakh internet-sredy [Transformations of journalistic text in the conditions of the Internet environment], Vestnik Moskovskogo universiteta. Seriya Zhurnalistika, 3, 54-73 (2009).
Г.Т. Маркабаева
Костанайский региональный университет им. А.Байтурсынова, Костанай, Казахстан Формы и методы взаимодействия СМИ с целевой аудиторией
Аннотация. Триллионы сообщений, рассылаемые ежедневно, дали людям возможность общаться друг с другом оперативно, не выходя из дома. При таком эффективном способе коммуникации сегодня невозможно скрыть от людей какую-либо информацию. Когда Интернет только начал развиваться, оте- чественные СМИ претерпели некоторые изменения. Всемирная паутина показала обществу абсолютно новые методы и технологии коммуникации. Интернет стал местом заработка. С появлением новых кана- лов связи резко увеличилось и количество источников информации. Тем самым с развитием интернета СМИ теряют монополию в информационном пространстве. Огромные потоки информации, доступные современному человеку, в сочетании с быстрым и эффективным развитием новых инструментов застав- ляют все больше задумываться о маркетинге и способах их продвижения. Интернет не только изменил медиапотребление, но и повысил конкуренцию. Главной задачей средств массовой информации стало привлечение внимания общественности и пользователей.
Ключевые слова: общество, человек, интернет, средства массовой информации, репутация, комму- никационные технологии, коммуникации.
G.T. Markabaeva
Akhmet Baitursynov Kostanay Regional University, Kostanay, Kazakhstan Forms and methods of media interaction with the target audience
Annotation. Trillions of messages sent out daily have given people the opportunity to communicate with each other quickly, without leaving their homes. Given such an effective mean of communication, today it is impossible to hide any information from people. When the Internet only began to develop, local media underwent certain changes. The World Wide Web has demonstrated to society completely new methods and technologies of communication. The Internet became a place for earning money. With the rise of new communication channels, the number of information sources has also increased dramatically. Therefore, with the Internet
development, the mass media is losing its monopoly in the information space. A vast variety of information that is available to a nowadays person, combined with the rapid and effective development of new tools, forces us to think more about marketing and means of promoting those media sources. The Internet has not only changed media consumption but also increased competition. The main goal of the mass media became to attract the attention of the public and users.
Keywords: society, person, Internet, mass media, reputation, communication technologies, communications.