• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

МРНТИ 16.21.47 МРНТИ 16.21.47

1. БЕКІТУ (ФИКСАЦИЯ)

Сөйлеу әрекетінің жүйелік негіздері Сызба, 1

Қарым-қатынастың орнауы, оның прагматикалық аспектісі тыңдаушының қабылдап, түсінуімен байланысты. Тілдің ықпал ету күшін анықтайтын – тыңдаушының әрекеті.

Бұл – сөйлеушілер арасында қабылданған, қарым-қатынас жасаудың қалыптасқан сөйлеу нормалары болуымен байланысты. Сөйлеу әрекеті, адамдар арасындағы қарым- қатынас белгілі бір жағдайларда – мекен, уақыт кесіндісі – сөйлеу жағдаятында орын алады… сөйлеу жағдаяты сөйлеуші мақсаты арқылы тілдесім мазмұнында қамтылады.

Оның – объективті шындықтың – сөйлем пропозициясында берілуі сөйлеуші мен тыңдаушының ортақ білім қорына, өзара қарым-қатынасына, сөйлеу мақсатының

түріне тәуелді.

Сөйлеу етістіктері. Басқа семантикалық топтардағы етістіктер сияқты сөйлеуге қатысты етістіктер де мағына сабақтастығы бар етістіктің мағыналық жүйесінен үлкен орын алады. Семантика тұрғысынан: айту, сөйлеу, деу, әңгімелесу, кеңесу, тілдесу, шақыру, мұңдалау, дауыстау т.б. етістіктер сөйлеуге қатысты етістіктер тобына жатады.

Сөйлеу етістігінің құрамына енген етістіктердің барлығы да белгілі бір ақпараты екінші біреуге жеткізу мағынасымен байланысты айтылады, яғни сөйлеумен байланысты қимылды білдіретін сөздер өзара мәндес болып қолданылады. Бұл барлық түркі және қазақ тілдерінде кеңінен қолданылатын, өзіндік мағынасымен ерекшеленетін топ.

Сөйлеуге қатысты етістіктер өзінің семантикасымен жалпы етістіктерден бөлектеніп, ерекшеленіп, бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді:

Сөйлеуге етістіктері туралы айтылған пікірлер, ғылыми еңбектер, семантикасына қарай топтау өзге топтарға қарағанда көбірек зерттелінген. Мәселен, Н.К. Дмитриев, Н.З.

Гаджиева, А.А. Коклянова. Г. Кулиев, Ә. Әбілқаевтар зерттеу объектісі етіп, арнай қарастырып, зерттеген. Бұл авторлар сөйлеу етістігіне жататын сөздері этимологиясымен және түркі тілдерінің қайсысында сөйлеу етістігінің қайсысы кездесетіндігін олардың қолданылуын, оның өзіндік ерекшелігін, семантикасын ашып бергені белгілі.

Белгілі түркітанушылар Н.К.Дмитриев [12, 132-201], Н.А.Баскаков етістіктің лексика-семанткалық топтарын анықтап, олардың сөзжасам үдерісіндегі қызметін сипаттады [13, 352-387].

акустикалық номинати

вті

императи вті

коммуник ативті информат

ивті манифест

ативті

127

Сөйлеу етістіктерінің орыс тіл білімінде, түркітануда, сонымен қатар ғалымдардың назарында болды. Түркітануда етістіктердің мағыналық жіктелуі жайлы бастапқы сипаттама мағлұмат берген Н.К. Дмитриев башқұрт тіліндегі етістіктерді төрт мағыналық топқа бөледі: қозғалу, іс-әрекет, сөйлеу және ойлау етістіктері [12].

Н.З. Гаджиева мен А.А. Коклянова [14] өз еңбектерінде сөйлеуге қатысты синонимдес етістіктерін екі кішілеу топқа бөлген. Авторлар бірінші топқа таза сөйлеуге жататын түбір етістіктерді жатқызған. Ондай етістіктер көп емес, санаулы ғана, олар: айт, де, сөйле.

М.Д.Чертыкова: «Рассмотрение семантических особенностей и системных отношений в лексике целесообразнее вести на примере глагола, что обусловлено его сложностью, значимостью, центральной ролью в предложении и тексте. Лексика представляется сложной структурно- организованной системой, многосторонним и в то же время целостным объектом, проявляющимся в форме таких лексических объединений, как поле, лексико-семантическая группа» - дей келе, «Человеческая речь представляет собой психолингвистический процесс, форму существования человеческого языка.

Речевыми средствами субъект передает свои мысли, эмоции, восприятие окружающей действительности. ...Они обозначают важную сторону человеческой деятельности – речевой акт, характеризуя его разные аспекты» деп тұжырымдайды [15, 249]. Екінші топқа сөйлеу әрекетінде дифференцияланған етістіктерді жатқызған. Бұл топқа жататын етістіктер көбірек және көпшілігі актив қолданылады. Мұның тағы бір ерекшелігі таза сөйлеу актісін білдіруінде, сол сияқты біреуі – актив, екінші –пассив қолданылады.

Мысалы: айту, сөйлеу, деу етістіктеріне қарағанда жиі актив қолданылады. Мұндай ерешелік бұлардың басқа сөздермен тіркесіімділіктен (валентность) байқалады. Осыған орай, айту, сөйлеу ой-пікір білдірумен қатар, өзіне қатысты зат есім сөздердің басым көпшілігімен тіркесіп жұмсалынады. Яғни сәлем айтты, өтірік айтты, рахмет айтты, ақыл айтты, көңіл айтты, әңгіме айтты, айтып беру, сөз айтты т.б. құранды етістік (составной глагол) тудырғанда белгілі бір ойды білдіре сөйлейді. Сөйлеу етістігінің өзге сөздермен тіркесімділік қабілеті аз, яғни сөйлеу етістігі бұларлың кез сөзбен тіркесе бермейді. Әңгіме сөйле, ақыл сөйле деп қолданыста кездеспейді. Ал, сөз дегенмен тіркесіп сөз сөйлейді сияқты күрделі құрылымда тудырып, баяндаудың қалпын білдіреді. Бұдан айту – сөйлеу – деу етістіктері семантикасы жағынан жақын өзара мәндес, бірақ бірінің орнына бірі дәлме-дәл келмейтін, бірінің қызметін екіншісі үнемі атқара алмайтындығы мәлім. Оны осы сөздердің басқа сөздермен тіркесу қабілетінен актив, я пассив қолданылуынан аңғарылады.

Айт= етістігі тыңдаушы адамның нақты болу, болмауына байланысты болмай-ақ қолданылатын болса, сөйле етістігі әрі айтушының, әрі тыңдаушының нақты болуын талап етеді. Мысалы, Сабырға айт дегенде сөйлеу кезінде Сабырдың сол жерде болуы шарт емес, ал Сабырға сөйледі дегенде Сабыр сол жеде болуы шарт.

Сөйле= етістігі жеке адамға да, көпшілік қауымға айт- етістігі көпшілікке хабарлау информациясын белгілі бір стильдік талапқа байланысты береді. Айт= бірде сөйле=

етістігінің беретін мағынасындай, ұзақ сөйлеу процесін де көрсетеді. Мәселен, айтып бер, айтып отыр, айтып тұр т.б. Сонымен қатар, хабар беру, мәлімдеу, ескерту, жариялау мағыналарын да білдіретіні аян. Мағынасы мен қолданылуы жағынан өте жақын мәндес етістіктің тағы біреуі «сөйлеу» етістігі. Бұл түркі тілдерінің бәрінде қолданылады.

Мәселен, «сөйлеп кетті» деген күрделі құрылым, қанша сөйлегені белгісіз, бірақ ондағы ұзақ процесті, тез қимыл әрекеттің бар екендігін көрсетеді. Ал, «әңгімелесу, тілдесу, айтысу, тіл қатысу», сөйлесу мағынасында екі кісінің не одан да көп адамның сөйлесуін білдіретін, негізгі түбірлерден өрбіген етістіктер.

Кесте -1

Семантикалық өріс Мағыналар

сөйле= Ойды ауызша түрде сөзбен баяндау, айту.

128

сөйлестір этн. Қыз жеңгелерінің күйеу жігітті қалыңдықпен кездестіріп, сөйлестіріп алатын сыйы.

бажылда 1. Баж-баж ету, бажалақ қағу. Бажылдаған ащы дауыс.

2. Бажылдап, быжылдап қайнау. Бажылдап сар самаурын келдi.

баж-баж:

баж-баж еттi

а) Бажылдап, шырылдасып ұрысты;

ә) шабаланып үрдi.

бажалақта Баж-баж ету, бажылдау. Кемпiр бажалақтап, бiрдеңелердi айтты.

бажалаң қақты Бажалаңдады, бажылдады.

былдырақта Түсiнiктi айтпай былдырлау, шүлдiрлеу. Шала бiлген орысшаммен былдырақтадым (С.Мұқанов).

шyлдірле былдырлау, былдыр-былдыр сөйлеу. Не деп шүлдiрлеп кеттiң (Д.Әбiлев).

шәлдірле Бытпырақтау, былдырлау. Ол саңылаусыз сақаулардың әдетiмен шәлдiрлеп сөйлей бередi (Қ.Жұмадiлов).

ызыңда Ызыңдаған дыбыс шығару, ызылдау. Ара ызыңдап терезенiң шынысына маңдайын қайта-қайта сарт-сұрт соғады (Бабақов).

жекі Бiреуге қатты зеку, ұрысу. Әлдекiмге жекіп ұрысты.

жекір Бiреуге дауыс көтере қаттырақ ұрысу, зеку. Әкесi баласына жекіре ұрысты.

айғайла Дауыстап қатты үн шығару, айқай салу.

айғайлап-ұйғайлап Улап-шулап, дабырлап.

сыбырла Басқаға естiртпей ақырын айту.

қаңқ-қаңқ: қаңқ-қаңқ еттi

қаңқылдаған дыбыс шығарды, қаңқылдады.

аңқылда 1. Ит пен құстың қаңқ-қаңқ еткен дыбыс шығаруы. Ит қаңқылдап қалды.

2. Ауыс. Қазымыр адамның көп сөйлеп, мазаны алуы. Қаңқылдамай тыныш отыршы.

зарла- 1. Сарнау, қақсау, зар илеу. Күнi, түнi зарлады. Кең сарайға бармады (Ер Сайын).

2. Мұң-шерiн айтып жылау; зар еңiреу. Қара бұлт жауып айымды, Жылаймын, күйем, зарлаймын (Мағжан).

мыжыңда, міңгірле Бiр нәрсенi естiлер-естiлмес етiп күбiрлеу, анық айтпау, мiңгiр- мiңгiр ету. Әлдененi айтып міңгірледі.

лепір 1. Күпсiну, бөсу, есу. Ол ерлiгiн айтып, лепірiп отыр.

2. ауыс. Алып-ұщқан, асқан-тасқан. Оның лепірген көңiлi су сепкендей басыла қалды.

Бейнелі сөздер жалпы семантикасы жағынан еліктеуіш сөздер мен эмоционалды- экпрессивті лексикаға ұқсас. Бейнелі етістіктер өз мағынасында әртүрлі өзгерістер болатыны сияқты, бұлар семантикалық жақтан да өзгертіп, түрленіп тұрады. Сол өзгеріп, түрленуден сөздің мағынасы да өзгереді. Етістіктер іс-әрекетті, қимылды әдеттегіше бейтарап түрде білдірумен қатар, сол қимылдың әсерлігін қоса-қабат білдіретін де лексемалар бар. Яғни сөздің бастапқы мағынасымен қатар болымсыздық болса да,

129

қосымша мағынаға ие болады. Сөзді бейнелі ететін осы қосымша мағына. Сөз бейнелілігі оның тек экспрессивтілігін ғана емес, сонымен қатар суреттілік, әдемілікжәне көріктілік қасиеті бар. Мысалы: өкіру - боздау, көку - мылжыңдау, түксию, күңкүлдеу - мыңқылдау - міңгірлеу, бақыру - бажылдау - ойбайлау - аттаңдау - айқайлау - шыңғырлау, сылқылдау - жарқылдау - жымыңдау - ыржақтау, қылмыңдау, қайқақтау, шайқақтау, аңқию, қыңқылдау, тарсылдау, гүрсілдеу т.б. Белгілі бір ойды бейнелі түрде айтып беруде сөздерді ауыспалы, келтірінді мағынада қолдана білудің мәні зор. Бейнелік – тілдегі мәнерлеу, көркемдеу тәсілдерінің көмегімен жасалған белгілі бір заттың, құбылыстың санадағы әсерлі, бейнелі көрінісі. Семантикасы жағынан жақын, бірақ эмоционалдық бояу дәрежесімен ерекшеленетін сөйлеуге қатысты синонимдес етістіктері де бар. Мысалы: «Күмілжу- міңгірлеу- мыңқылдау-, мылжу-танту-көку-оттау- былшылдау» т.б. сөздер сөйлеу етістігіне жататын семантикалық өрістер. «Күмілжу- міңгірлеу-мыңқылдау» - деген етістіктердің жалпы мағынасы естілер – естілмес түрде, ақырын дыбысты бәсеңдетіп, сөйлеуді білдірсе, ал, бұлар жеке-жеке күмілжі-күбірлеу дауысты бәсендетіп сөйлеуді, міңгірлеулді, міңгірлеу- мұрыннан сөйлеп күмілжіді, мыңқылдауды, мыңқылдау- анық я ашық айтпай, мұрыннан сөйлеп міңгірлеуді білдіреді.

Мұндағы «күлімжу- бейтарап сөз болса, ал «міңгірлеу, мыңқылдау» етістіктері эмоционалдық жағымсыз мәні бар образды сөздер. «Айту, сөйлеу» қарапайым сөздің әдеби баламасы да, олардың семантикалық өрісі «мылжыңдау, танту, көку, оттау» т.б.

сөйлеу етістіктер. Бұл етістіктерді экспрессивті-эмоционалды реңк беретін «күлімжу, міңгерлеу, күңкілдеу», «айту», «сөйлеу» семантикасы арқылы ойды дәл жеткізіп, мазмұнды дамыта түседі. Бұдан сөйлеу етістіктері көпшілік түркі тілдерінде, ертеден кең түрінде қолданылып келген мағыналық, семантикалық мәні бар, когнитивтік тұрғыдан шешуді қажет ететін етістіктер тобыдеп аутуға болады.

Қорытынды. Ұлттық болмыстың басты ерекшелігі етістікті лексиканының тілдік жүйедегі орны оның жасалуына негізгі тірек ретінде қолданылатын түбірлердің қызметімен айқындалды. Ұлттық дүниетаным құндылықтарын жинақтаушы тірек ұғымдар: сөйле- етістігінен көрінеді. Олар:

1. Сөйлеу етістіктері өзінің мағыналық құрылымының күрделігмен, лексика- семантикалық көпқырлығымен, функционалдық қызмет байлығымен басқа етістерден ерекшеленеді.

2. Түркі тілдеріне ортақ етістікті түбір сөздік қордың негізі саналады.

3. Етістіктердің бейнелілігі: оқиғаны не әрекетті сөзбен әсерлі, бейнелі беру.

Бейнелі етістіктер ассоциациялық байланыстар орнату арқылы көзге елестету, адамның сезім дүниесіне әсер ете отырып, жеткізу қазақ ұлтына тән ойлау моделінің негізгі ереушелігі болып табылады [16].

4. Етістіктің семантикасын саралауда ғылыми тұжырымдар сөйлеу етістігінің семантикалық құрылымын ашуға, одан тараған сөзжасамдық түбірлес сөздердің өрісін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл етістік семантикасына байланысты халықтың таным-

түсінігі арқылы ұлттың дүниетаным ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.

5. Етістік мазмұнында ұлттық менталитетке тән ерекше ойлау модельдерін жеткізетін тілдік бірліктер қолданатын аясына қарай семантикалық топқа байланысты.

Сөйлеу етістігінің когнитивті моделі – адам танымында шынайы өмірде орын алған әрекет белгі-таңба ретіде сақталады. Ол – орын алған, нақты үдеріс. Адам танымы орын алған үдерісті таниды. Оны өзінде бар ақпараттармен идентификациялайды (сәйкестендіру). Келесіде адам танымы оны өзінде бар ақпараттармен салыстырады, әрекетті ұлттық құндылықтар тұрғысынан бағалайды (жақсы, жаман). Сөйлеу етістігінің семантикалық өрісі мен коммуникациядағы қызметін адам танымындағы когнитивті процестермен байланысты түсіндіру, оның ішкі жүйесіндегі сөзжасамдық үдерістерді реконструкциялауға мүмкіндік береді.

130

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1. Баласағұн Ж. Құтты білік. Рухнама – Павлодар: ЭКО, 2003. – 208 б.

2. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: учеб.пособие. 3-изд. – Минск: ТетраСистемс, 2008. – 272 с.

3. Карасик В.И. Языковая матрица культуры. – М.: Гнозис, 2013. – 320 с.

4. Беляевская Е.Г. К проблеме моделирования полисемии (межъязыковые соответствия как основание изучения принципов формирования семантической структуры слова) //

Вестник Московского государственного лингвистического университета. 2008. № 544. – 14-22 с.

5. Вайсгербер Йохан Лео. Родной язык и формирование духа / Пер. с нем., вступ. ст. и коммент. O.A. Радченко. Изд. 2-е, испр. и доп. – М.: Едиториал УРСС, 2004. – 232 с.

(История лингвофилософской мысли).

6. Золотова Т.А. Коммуникативные аспекты русского синтаксиса. – М.: Наука, 1982. – 368 с.

7. Қасым Б., Мамадиярова Н. Қазақ тіліндегі менталды етістіктердің семантикалық сипаты. // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршы.

Филология ғылымдары сериясы, №2 (68) 2019. Ғылыми журнал. – Алматы, 2019. – 111- 117 б.

8. Черемисина Н.В. Языковые картины мира и их семантическое взаимодействие в художественном тексте // Материалы Международной научно-практ. конф. – М.:

МГПУ, 2002. – 12-23 с.

9. Гиздатов Г. Когнитивные модели в речевой деятельности. – Алматы: Ғылым, 1997. – 176 с.

10.Кажибеков Е. Глагольно-именная корреляция галгольных корней в тюркских языках. – Алма-Ата: Наука, 1986. – 272 с.

11. Антонова С.М. Глаголы говорения – динамическая модель языковой картины мира:

опыт когнитивной интерпретации. Моногрфия. – Гродно: ГрГУ, 2003. – 519 с.

12.Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка / Н. К. Дмитриев. – М., Л., Баку: Изд- во АН Азербайджанской Республики, 1998. – 364 с.

13. Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. М.: Изд-во АН СССР, 1952. – ч. II. – 544 с.

14. Гаджиева Н.З., Коклянова А.А. Глаголы речи в тюркских языках. // Историческое развитие лексики тюркских языков. – М., 1961. – 322-460 с.

15. Чертыкова М.Д. Глаголы со значением психической деятельности в хакасском языке (системно-семантический аспект): Рукопись дисс. ... док. филол. наук. – Абакан, 2016. – 500 с

16. Қасым Б.Қ. Күрделі аталым жасалымы: когнитивті-дискурстық ұстаным (Зерттеулер). – Алматы: ЖК Волкова А.В., 2010. – 383 б.

МРНТИ 16.21.47

Б.Қасым1, Н.Б.Мамадиярова 1

1Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МЕНТАЛДІ ЛЕКСИКАНЫҢ ФРЕЙМДІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Аңдатпа

131

Мақалада психикалық мағынаны білдіретін семантикалық сипат қарастырылады, психикалық лексемалар аз және тармақталған семантикалық жақтау құрылымымен және екіұштылықпен сипатталады. Тілдің лексикалық жүйесіндегі семантикалық эволюция процестері дүниетанымнан, халықтың рухани және мәдени тәжірибесінен туындайды және ұлттың танымдық және дискурсивті іс-әрекеттерінен туындайды. Етістік әлем объектілерінің белгілері мен қатынастарын сипаттайтын сөйлеудің ең кең және күрделі бөлігі ретінде қарастырылады. Тілдің, ойлаудың және нақтылықтың жан-жақты өзара әрекеттесуі адамның танымдық және коммуникативті қызметіне байланысты барлық білімді жүйелендіруге мүмкіндік беретін және етістік бірліктердің семантикасына енуге мүмкіндік беретін етістік жүйесін сипаттауға функционалды-семантикалық тәсілмен қамтамасыз етіледі. Түркі тілдеріндегі және қазақ тіліндегі психикалық етістіктер концептуалды және бейнелік компоненттерден тұратын күрделі семантикалық құрылымға ие, олардың жүзеге асырылуы адамның психикалық және эмоционалдық қызметінің бөліктерін сипаттауға арналған модельдерді бейнелейді.

Түйін сөздер: Етістік, мағына, сөздің семантикалық құрылымы, лексикалық- семантикалық топ.

Б.Касым1, Н.Б.Мамадиярова 1

1Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан ФРЕЙМОВАЯ СТУКТУРА МЕНТАЛЬНОЙ ЛЕКСИКИ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА

Аннотация

В статье рассматриваются о семантической природе, выражающие ментальные значения, ментальные лексемы малочисленны и характеризуются разветвлённой семантической фреймой структурой и многозначностью. Процессы семантической эволюции в лексической системе языка исходят от мировоззренческого, духовнокультурного опыта народа и обусловлены когнитивной и дискурсивной деятельностью нации. Глагол, как на самую обширную и сложную часть речи, которая характеризует признаки и отношения объектов мира. Многогранное взаимодействие языка, мышления и действительности обеспечивается функционально-семантическим подходом к описанию глагольной системы, которая дает возможность систематизации всех типов знаний, связанных с познавательной и коммуникативной деятельностью человека и заложенных в семантике глагольных единиц. Ментальные глаголы (номинации) в тюркских языках и в казахском языке имеют сложную семантическую структуру, содержащую понятийные и образные компоненты, реализация которых отражает модели описания фрагментов мыслительной и эмоциональной деятельности человека.

Ключевые слова. Глагол, значение, внутренняя слова, смысловое строение слова, лексико-семантическая группа, ментальные глаголы.

B. Kasym1, N.B.Mamadiyarova1

1 Abay Kazakh national pedagogical university, Almaty, Kazakhstan

FRAME STRUCTURE OF MENTAL VOCABULARY OF THE KAZAKH LANGUAGE

Abstract

The article discusses the semantic nature, expressing mental values, mental lexemes are few in number and are characterized by an extensive semantic structure and ambiguity. The

132

processes of semantic evolution in the lexical system of language come from the ideological, spiritual and cultural experience of the people and are due to the cognitive and discursive activities of the nation. Verb, as the most extensive and complex part of speech, which characterizes the signs and attitudes of the objects of the world. The multifaceted interaction of language, thinking and reality is provided by the functional-semantic approach to the description of the verbal system, which enables the systematization of all types of knowledge related to the cognitive and communicative human activity and embedded in the semantics of the verbal units.

Mental verbs (nominations) in the Turkic languages and in the Kazakh language have a complex semantic structure containing conceptual and figurative components, the implementation of which reflects models describing fragments of human mental and emotional activity.

Keywords. verb, meaning, inner words, semantic structure of a word, lexico-semantic group, mental verbs.

Кіріспе. Фрейм терминін енгізген М.Минский: «Фрейм – стереотипті ситуацияларды елестетуге арналған құрылым. Әр фрейм арқылы әртүрлі ақпарат асоциацияланады»- деп көрсетеді [11, 7]. Тілші фреймнің екі түрін қарастырады, қазір ол тілдік қолданыста статикалық (фреймдер) және динамикалық (сценарийлер) аталады.

Фреймнің кез келген түрі – кіші нысанның қажетті құрылымдық ақпараттарын айқындайды. Алайда негізінен интелектуалдық жүйеде көптеген қасиеттік ерекшелік сандық өлшемдері ғана емес, символдық ақпараттар қызмет атқарады (көру бейнесі). Бұл жерде тәжірибелік немесе адамзаттың феноменалды тиімді ойлау жүйесімен түсіндіруге болады. Негізі құрылымдық бірліктердің іргетасындағы үдерістері үшін қабылдау, ақпаратты сақтау, ойлау және тілдесімдегі нақты тілдік құрылымды болжайды.

Адамдардың ойлау әрекеттері арқылы когнитивтік модель қалыптасады. Адамның санасында бір сөз немесе құбылыс атауы мазмұнынынң қалыптасу дәрежесі осы когнитивтік модельде көрінеді. Демек тіл мазмұнынының қалыптасуы деу түсіну керек.

Когнитивтік модельді тіл мазмұнынында кодталған ақпараттарды құрайтын таңбалар мен бірліктер жасайды. Когнитивтік модельді санада ұйымдастыратын бірліктер мен таңбаларға жататындар: ассоциация, стеоретип, сивол, бейне. Ассоциация адамдардың бұрыннан келе жатқан тәжірибелері мен жаңа қабылдаған ұғымдарының арасындағы байланыс негізінде қалыптасады. Фреймдер ақпараттар жинақталған ұяшықтардан құрылады. Олар белгілі тәртіппен сатылы орналасады. Жоғарғы сатыдағы ұяшық ақпараттары адамның сенсорлы мүшелері арқылы оңай қабылданады. Бұл нысандардың сыртқы пішіні, түрі, көлемі, дәмі т.б. ақпараттар болуы мүмкін. Ортаңғы ұяшықтарда қажеттілікке қарай таңдалатын ақпараттар сақталады. Ал төменгі сатыда қабылдауда бірден көріне қоймайтын нысандар туралы энциклопедиялық біліммен байланысты ақпараттар жинақталады. Әр фрейм көлемді де, күрделі құрылым болып табылады.

Лингвистикада фрейм тілдегі әртүрлі стереотипті жағдай туралы білімнің берілуін түсіндіруде қолданылады. Сонымен қатар, әр тілдік таңбаның белгілі бір нысан туралы білім қорын беруіне байланысты оларды фрейм ретінде қарастыруға негіз болады.

Туынды сөздердің қалыптасуы мен мен семантиканың дамуына, семантикалық өріс құруында фреймдік құрылымның қызметі зор және ойлау, ассоциация процестерімен тікелей байланысты. Тілде әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқының нысаналары сақталады. Сөз лексикалық қорда сақталып, сөйлеу үдерісінде тек ұғымдық таңба ретінде қолданылп қоймай, сонымен қатар өзінде тұрақты сақталған ассоциациялық ойлау жүгін де ала жүреді. Сондықтан да сөздің түрлі мағыналық өзгеріске түсуі басқа ұғыммен сәйкестенуі, көпмағыналықтың, ауыспалы мағыналардың пайда болуы осы заңдылықтармен тікелей байланысты. Сол сияқты метафоралану процесін суреттеуде лингвистикалық, экстралингвистикалық мәліметтерді бөле жара қарастырмауымен тиімді. Когнитивтік тұрғыда метафора екі фрейм арасында жүргізілетін

133

шартты әрекет ретінде танылады. Бірінші негіз-фрейм, метафораның сигнификативті дискрипторына сәйкес келеді, екінші мақсат-фрейм денотативті дискриптор деп алынады [15, 31]. Негіз-фрейм метафоралық үлгіге қажет таңбаны ұсынады. Таңба ұқсастық нәтижесінде мақсат-фреймге ауысады.

Теория. Фреймдер – бұл біздің әлем туралы түсініктердің ұйымдастырылған қоры.

Кез келген санадағы ақпарат белгілі бір жүйе арқылы жадыда сақталады, яғни бұл ақпараттың жоғары белгілері, немесе төменгі белгілері болады. Сценарийлер өте мол ақпарат қалташаларын өз бойына жинақтайды. Бірақ адам бір мезетте сол ақпаратты түгелімен қажет етпейді, әр мәлімет өз қажетіне қарай мәліметтер базасынан алынып жоғарыға шығарылады. Яғни ұғымдар, өзге ұғымдарға негізделіп белгілі бір мақсатпен жасалынады. Бұл мақсат номинативтік, экспрессивтік, прагматикалық сипатта болуы мүмкін.

Ч.Филлмор фрейм туралы: «Тілдік жүйедегі категориялар мен атауларды, олардың лексика-грамматикалық көрсеткіштерін айқындау үшін фрейм терминін қолдана аламыз»

деп көрсетеді [15, с. 36]. Аталымның жасалуын когнитивтік тұрғыда қарастыруда аталым жасауға негіз болып тұрған сөздерді негіз-фрейм деп алынады, метафоралардың нәтижесін мақсат-фрейм ретінде қабылданады. Туынды сөздерде кем дегенде екі фрейм арасында байланыс туындайды. Олардың үлгі (модель) құрай алуы да фреймдердің білім қорындағы ақпараттарына байланысты деуге болады. «Слова из языкового фрейма активизируют в сознании говорящего весь фрейм и ассоцируемую с ним схему; схемы могут быть использованы в качестве инстумента построения блоков для конструирования модели текста, то есть модели мира, совместимой с текстом» [15, 34]. Бұл пікірдегі ойды аталым (номинация) жасауда да қолданылған таңбалар (знак) - тілдік бірліктер білім қорын жинақтаған белгілі бір жүйе, құрылым ретінде адам санасында қажетті ақпараттарымен өзге аталымдардың жасалуына ұйытқы болады. Сондықтан, лексикалық бірліктерінде қолданылған сөздер фреймдер деп танылады.

Қазақ тіліндегі етістіктер семантикалық жағынан алуан түрлі ұғымды білдіріп, тілде қимылды, іс-әрекетті, процесті, әр-түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады. Ы.Маманов «Етістік - қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы: мағынасы жағынан басты ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөледі» [10, 35-36] деген анықтама береді де 8 топқа бөледі. Шын мәнінде,

«етістік қимылдың атын емес, нақ өзін білдіреді, қимылдың атын етістіктің кейбір тұлғалары ғана (қимыл атауы немесе тұйық етістік) білдіреді. Етістіктің семантикалық өрісі кең. «Оның себебі,- дейді А.Ысқақов, - ол семантика тек субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстракты ойы мен санасы арқасында туатын неше алуан амал, әрекет, іс-қимыл, қозғалыс, жай, күй, сияқты процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай семантикасы, оның түр-түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас болады» [18, с. 233].

Етістіктерді іштей мағыналық, функциялық сипатына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады. Мысалы: А.Ысқақов оларды: амал-әрекет етістіктері, қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, жылжы), қалып-сапа етістіктері (жат, тұр), ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, жатты), өсу-өну етістіктері (балала, гүлде), бағыт-бағдар етістіктері (бар, кет, әкет), көру-есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері деген сияқты топтарға бөлсе [18, с. 235]

академиялық грамматикада:

1. Объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер: (же, іш, майла, жүр, көр, оқы) т.б. сабақты етістіктер.

2. Субъект қозғалысын, беталыс, бағытын болатын етістіктер: (кел, кет, түс, шық, жина, тара, тарқа).

3. Субъектінің қалпы, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер: (ұйықта, оян, азай, көбей).

134

4. Бейнелеу етістіктері: (едірей, жыми, ырсылда, қызараңда, сайра) 5. Ішкі объектілі салт етістіктер: (құлында, гүлде), [6, 127-128].

Нәтиже және талқылау. Тілдік бірліктердің екі жағы болады. Бірі – тұлғалық (дыбыстық жамылғышы) жағы, екіншісі – ішкі мазмұны, мағыналық жағы. Сөз бен оның мағынасы бір нәрсенің екі жағы. Бұл екеуі бірінсіз бірі болмайтын, бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл жерде жетекші, негізгі қызметті атқарады. Себебі мағынасыз – сөз, сөзсіз – мағына болмайды. Тіл білімінде сөздің мағыналық жағын – семасиология саласы зерттейді. Сөздің мағынасын, оның түрлерін, құрылымын, қалыптасу, даму заңдылықтарын, себептерін, сөз мағынасына анықтама беру тәсілдерін зерттейді.

Зерттеу әдісі. Етістік мағынасының құрылымы. Тіл білімінде «эмоционалдылық – (лат. emovere – еліктіру, толқыту) фр. emation – қоршаған болмасқа деген адамның әртүрлі көңіл-күйі, сезімі, әсері [8, с. 432]. Эмоциялық өң берілген лексика ұнату мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы уайым, зарығу т.б. көптеген мағыналардың қолданылуы деп түсіндірсе, экспрессивтілік – тіл бірліктерінің семантикалық стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адресатқа (адамға) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданылады. Оның фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік құралдары бар. Осы құралдар арқылы сөз сөйлеушінің психикалық, эмоционалдылық күйін көрсете алатын қабілетке ие болады. Эмоция айтылған сөзді эмоционалдық (сезімдік) айшықты (аффекті) сөз ретінде жеткізеді. Эмоция құралдарын фонетика, грамматика, лексикология, стилистика және семантика зерттейді [8, 432] деп көрсетілген.

Саха (якут) тілінің маманы Л.Н. Харитонов лексика-семантикалық табиғатына, грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктеріне орай, етістіктерді үш топқа саралаған: 1) қалып-күй етістіктері, 2) еліктеуіш етістіктер және 3) бейнелі етістіктер [16, с. 15]. Г.К.

Кулиев өз еңбегінде азербайжан етістіктерді 12 топқа жіктесе [5]., С.А. Рзаев

«Семантические разряды глагола в современном азербайджанском литературном языке» - деген диссертациясында етістіктерді 8 топқа бөлген[12].

Барлық етістікті мағыналық ерекшелігіне, қолданысына, өзіндік белгілеріне сүйене отырып, семантикалық жағынан топтастыруға болатыны сияқты, іштей мәндес етістіктерді семантикалық өрісіне, мағынасына қарай топтауға болады. Өйткені сөздің мағынасы бір-бірімен байланысты болуларымен бірге алуан түрлі сөздердің әрқайсысы контексте ауыспалы мағынаға ие болатыны аян. Сөз – қоғам мен табиғат құбылыстарын, адамның рухани өмірін білдіретін маңызды тілдік бірлік. Сөз қандай күрделі құбылыс болса, сөз мағынасы, семантикасы да сондай күрделі категория. Мағынасы мәндес жақын сөздердің мағынасын ашып, оларды айырып топтастыру әрі күрделі, әрі қиын. Осымен байланысты мәндес сөздер туралы түсінік, анықтаманы ғалымдардың тұжырымдамасынан анықтап алған жөн. С. Кеңесбаев «Цельность языка, его национальная самобытность выступают в органической связи смысловой стороны слова, с одной стороны, и самого слова (т.е. звучания) – с другой. И поэтому ясно, что лексическое богатство конкретного языка измеряется как кодичеством сов, так и их семантическими функциями» деп сөзддің көпшілігі семантикалық бір-біріне мағына жағынан сай келе бермейтінін, олардың арасында аздап болса да семантикалық айырма болатындығын атайды [4, 275-277] .

Сөздерді лексика-семантикалық топтарға бөлуде бұрынан лингвистикада қалыптасқан, негізге алынатын бірнеше ұстанымдар бар. Мысалы, бір лексика- семантикалық топқа енетін сөздер: а) өзара белгілі бір мағыналық бірліктері (семалары) арқылы байланысуы. ә) белгілі бір парадигмалық қатар жасай алатын біртекті, бір сөз табынан болуы; ЛСГ-нің (лексика семантикалық группа) бірлігі болып саналатын сөздер өздерінің дербестігін сақтай отырып, басқа сөздермен байланысуы; бірін-бірі мағына жағынан толықтырып, ұштасып жатулары т.б. Осы тұрғыдан, мәндес, яғни синоним