N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 59 – 62
D.A. Tursynkulova
Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan [email protected]
60
көтеру", "хан талапай" рəсім-дəстүрлері мемлекеттік биліктің басты тұғыры халық екендігін көрсететін ұғымның көрінісі [1, 90 б.].
Қазақ əдет-ғұрып құқығы жүйесінде билердің мазмұны мен мəртебесне қатысты, халықтың құқықтық санасына мықтап енген жəне дəстүрлі менталитетін мазмұнын құраған бірқатар қағидалар мен нормалар бар. Олар қысқа да нұсқа нақыл сөздерден көрініс тапқан: "Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Туғанына бұрғаны- биді құдай ұрғаны", "Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ". Əділдік пен ақиқат, оларға жетуге тырысу Қазақ құқығы нормаларына негізделген сот ісін жүргізуге жəне билердің соттық шешімдерінің іргелі негізі болған, яғни
"Атаның құлы айтса да, əділдікке басыңды и", "Тіл жүйрік емес, шын жүйрік".
"Көне нысандағы" қазақ сотын қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында өткерген көшпелі өркениет шеңберінде пайда болып дамыған құбылыс ретінде түсіне жəне зерделей алады. Қазақтың көрнекті тарихшысы Манаш Қозыбаев дəл айтқандай, "қазақ шын мəнінде дала перзенті еді...". Қазақтар өздерін жəне өз мемлекеттілігін "Киіз туырлықты қазақ хандығы" деп атаған. "Көне нысандағы"
бұл сот əрі халық соты, əрі сот төрелігі бола білген. Ол əмбебап сипаттағы дəстүрлер мен əдет- ғұрыптар институттарының нормативтік құрылымдарына, сондай-ақ таптық, топтық, касталық, жергілікті бөлінушілерден дербес биліктік нормативтік ережелеріне негізделген үнемі даму үстіндегі құқықтық кеңістікте іске асырылды. Жалпы этникалық мүдделер əдет-ғұрып құқығы нормаларынан жоғары қойылды. Бұл "əдет- əдет емес, жөн- əдет" деген ережеден көрініс тапты.
Сот рудың, аумақтың немесе аймақтың атынан емес, тəуелсіз бидің, əділдіктің атынан шығарылды, қазақ құқығында қысқа да нұсқа ережелерден көрініс тапқан билердің билігінің моральдық жəне императивтік күші болды. Қазақтардағы билер сотының тағы бір маңызды ерекшелігі- біріншіден, қарастырылатын даулы істің материалдық-пəндік мазмұнына қарағанда рухани мақмұнына көбірек көңіл бөлінді, екіншіден- "əділеттілік" пен моральдық қағидалары басшылыққа алу. Халықтың санасында үнемі "Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің білімі мен ары бар", "Бай мал сақтайды, би ар сақтайды" деген сөздер жаңғырып тұрды.
Осындай моральдық-нормативтік қағидалар əділ соттың "Алтын ғасыры" кезеңінде бидің санасында сайрап тұрды. Бұл орайда атақты Əйтеке би (1682-1766) ұрпақтарына келесідей сөздерін қалдырған еді: "Менің өмірім- өзгенікі, өлім ғана өзімдікі болды".
Қазақ соты дауласушы тараптарды келісімге келтіруге тырысып істі шешетін, сондай-ақ дауды шешу барысында жеке жəне қоғамдық сипаттағы теріс əрекеттерді жоюға тырысты. Осындай қиын мақсаттарды шешу үшін билер далалық даналар мектебінде (кітаптар бойынша емес, өмір мектебінен) оқып, данагөй ақсақалдардың алдында сыннан өтіп, өткір ойлы, шешен тілді болуы сондай-ақ қазақ құқығының білгірлері болуы міндетті еді. Тек осылай болғанда ғана билер соты өз айналасында Ұлы Даладағы əділдік пен құқықтық тəртіптің "Алтын ғасырын" орната білді.
Қазақ хандығының тағдырындағы тағы бір маңызды жағдайлардың бірі жергілікті рулар арасында да, жалпы саяси істерде де сот ретіндегі билер рөлінің күшейгені болды. Олар əкімшілік басқару жүйесінен соттық функцияны атқарушылар ретінде бөлініп шыққандықтан, əділдікке сүйенгендіктен олар көшпелі ұжымдар ішінде үлкен беделге ие болды.
Билердің жəне билер сотының қоғамдағы жəне көшпелі қауымдағы рөлін арттыру Қасым хан саясатының негізгі бір бөлігі болды жəне мемлекет пен құқықтық тəртіпті нығайту шаралары болып табылады. Дəл осы Қасым ханның кезінде "Қара қылды қақ жару", "Əділ қазы- алтын таразы" деген қағидалар да қалыптасқан. Аңыз бойынша Қасым ханның өзі "Ел билігін екі ауыз сөзбен шешкен" екен. Бұл үлгі боп бекіген. Билерде "Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен".
Билерге, билер сотына деген халықтың оң болмысы "Би болсын, би түсетін үй болсын" деген қағида да сақталған.
Шыңғыс хан кезінде жəне оның ұрпақтары кезінде көне "юрт"- қазақша "жұрт" ұғымы орын алған. "Жұрт" деп көшпелі халық орналасқан көші-қонды атаған. Ол жерлердің көлемі туралы Шыңғыс ханның тірі кезінде ұлдарына бөліп беген ірі жер иеліктері туралы мəліметтер бар:
Жошыға- 9000 жұрт, Шағатайға- 8000 жұрт, Үгедейге- 5000 жұрт берілген. Қасым ханның кезінде
"жұрттық" бөлініс бұрынғы мағынасын өзгертті. "Жұрт" ұғымы "халық" ұғымының синониміне айналды.
Қасым хан өзге Шыңғыс хан ұрпақтарына жəне өз ағайындарына қарағанда халықтық парасатымен, далалық тұлғасымен өзгешеленді. Қасым ханның жорықтардан тыс уақытта көбінесе қазақ көшпелілері арасында болуы, олармен бірдей өмір салтын кешкендігінен көрінеді. Қасым хан
өзі жəне өзінің қоластындағылар туралы: "біз даланың адамдарымыз. Мұнда қымбат заттар мен ерекше тағамдар болмайды. Біздің ең қымбат қазынамыз- жылқы, ал ең дəмді тағамымыз- оның еті;
біз үшін ең тəтті сусын- оның сүті жəне одан дайындалатын тағамдар. Біздің жерде бау-бақша мен ғимараттар жоқ. Біз демалатын жер жылқылардың жайылымдары болып табылады"- деген. Қасым ханның көшпелі қоғамдарды олардың ішкі жүйелерін "қазақиландыру" саясатын жүргізді.
Қазақтың билері өздерінің атқаратын функциялары мен заңдық қадір-қасиеті бойынша Орталық Азия хандықтарындағы билерден, бері елеулі түрде өзгешеленген. Қазақ билерінің жалпы əлеуметтік топтан, сондай-ақ үстем таптан кең байтақ түркі тілді кеңістікте болып шығуына қазақ- қыпшақ көшпелі өркениеті жағдайы əсер етті. Орталық Азияның тарихи қалыптасуының ортақтығына қарамастан, қазақ билері өз ортасынан бөліне білді. Қазақ-қыпшақтардың Ұлы Даласында билердің дамуы Орталық Азиялық аймақтың басқа бөліктеріне қарағанда басқа жолмен өрбіді. Қазақ билері негізінен соттық функциялар атқарса, көрші түркі халықтарындағы билер əкімшілік жəне басқарушының қасында кеңесшілік қызметтер атқарды. Қазақ билері көшпелі жəне жартылай көшпелі қоғамдағы соттық-құқықтық басқару саласындағы аталар даналығы мен білімін меңгерген топ ретінде қалыптасты.
"Көне нысандағы" қазақ билерінің рөлі мен орны қысқа да нұсқа ережелерден көрініс тапты:
"Бұл жақсының елі жақсы", "Батыр елін жауға бермейді, би елін дауға бермейді".
Қазақтардың халық ауыз шығармашылығын зерттеушілердің барлығы қазақтардың Ұлы Даласында "би" жəне "шешен" ұғымдары бір мағыналы, синонимдер емес. Көп жағдайда шешенді би деп таныған, ал егер шешен ақылды болса, ол биге айналған. Қазақтардағы соттық "шешендік өнер" тек сөздік байлық қана емес, дəлелдемелік жəне мазмұндық күшке де ие болды, ол мынандай нақыл сөзден көрініс тапты: "Сөз тапқанға қолқа жоқ".
ХVІІІ ғасырдағы атақты билердің бірі Қазыбек би туралы "Ағын судай əйгілі шешен" деген қанатты сөз бекітілген. Қазақ құқығында шешендік, сөз қисынын таба білу дəлелдеу жəне сендірудің құралы болды.
Орта ғасырлардағы қазақтарда сөз қадірі тіпті жаңа заманға дейін аса жоғары бағаланды. Бұл Ұлы Даладағы келесідей қағидалардан көрініс тапты: "Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірер би",
"Өнер алды- қызыл тіл", "Тіл жүйрік емес, билікте шын жүйрік".
Арнайы əдебиетте "би" сөзі көне түркі сөзі, ол шығыс билеушілері- хан, сұлтандар кезінде ол маңызды лауазымдық атақты билер еді. Ол əр түрлі түркі халықтарында əр түрлі тарихи кезеңдерде əр түрлі аталды- "бек", "бегі", "би". Бірақ барлық жерде бұл ұғым "билік", "билеу" деген мағынаны білдіреді жəне бұл атақты жоғарғы билеушілердің қасындағы есепшілер, ерекше құзырлы адамдар, идеологтар иеленді.
Қазақтың "би" сөзі түріктің "билік" элементі бар жалпы атауынан шыққан. Ол терминологиялық белгі мағынасын сақтап қалған. Ал арнайы ұғым ретінде ол басқа синонимдерден өзгешеленді. Қазақ ордаларында, хандықтарында, жүздерінде жəне руларында, сондай-ақ Орталық Азияның қазақ-қыпшақ жерлері деп аталатын Ұлы Даласында "би" ұғымы өзгеше болды, яғни ол көбінесе соттық қызметтерді атқаратын адамға қатысты айтылды.
Билер қызметі əділ сотпен тығыз байланысты адамдардың ерекше тобына жатты. Тарихи далалық жағдайда соттық биліктің екі мағынасы болды- дауларды қарастыру жəне құқық түзеушілік. Қазақ билері жерлер мен рулардың əкімшіліктерін бөлек, тек қана əділ билер мен заңгерлер қызметін ғана атқарды. Билік құқықтық қызметі жеңіл болған жоқ. Би тарихи-құқықтық бөліммен қатар Ұлы Далада қолданылатын құқық жүйесін де жетік меңгеруі тиіс еді. Ал бұл оңай емес еді [2, 45 б.].
Билердің қазақ халқының құқықтық тарихында алатын орны олардың əділдікті орнату тəсілдерімен де күрт өзгешеленді. Мұндағы мəселе əділеттілікті орнатушы билердің шешендік өнерді пайдалануы.
Ертедегі қазақ билерінің дені елді аузына қаратқан, асқан шешен адамдар болған. Олар сөзді құралға да, қаруға да айналдыра білген. Оның үстіне билер мен шешендер таңдайларының шыңы шыққан сөзшең-ділмарлар, əр сөздің салмағын безбенге салғандай дəл анықтап, жылт еткен ойдың астарына терең бойлай алатын ойшыл да кемеңгер жандар болғаны дау туғызбайды. [3, 125 б.].
Қазақстандағы билердің соттық биліктері қалалық жəне жер өңдеушілік мəдениетке негізделген құқық нормалары мен ислам құқығының нормалары қолданылатын жекелеген орталықазиялық жерлер мен елдерге қарағанда зайырлы, əрі менталды болды жəне мемлекеттік
62
билікке көп əсер етті. Қазақ халқының тарихи тағдыры мен мемлекеттілігінде тұтастай бір дəуірді құраған заңдылық пен əділ соттың "Алтын ғасыры" соттық-құқықтық қатынастар өз дамуында жалпы ұлттық құндылық деңгейіне көтерілген қоғамның қалыпты жағдайын сипаттайды.
Қазақ құқығының маңызы этномəдени шекараларындағы өзін-өзі реттеушілік нормативтік рөлі шеңберінен шығып кетті. Ол бір уақытта бірнеше қызмет атқарды: реттеушілік, басқарушылық, біріктірушілік, қорғаушылық жəне адамгершілік. Ол кең мағынада алғанда заң да, билік те, қоғамдық болмыспен өнегеліліктің қайнар көзі де, өнер де, рухани құндылық та болды.
Қазіргі жаһандану деңгейі аса биік белестерге көтерілген, жаңа технологиялар өрбіген, ғылым неше дүркін революцияны басынан өткерген заманда да халықтың талап-тілектеріне толық жауап беретін, оны қанағаттандыра алатын, тікелей халықтың өзі əділдікті орнатушы тұлғаларды биліктің ықпалынсыз сайлап қоятын, сондай тұлғалардың шешіміне ешбір мəжбүрлеуші мекеменің араласуынсыз ерікті түрде мойынсұнып, оны орындайтын, жариялылық пен демократияның үлгісі бола алатын құқықтық жүйе жоқ шығар, сірə. Бұл орайда Өтепберген Ақыпбекұлының "Қара қылды қақ жарған" атты кітабынан мына бір сөздерді келтіре кеткен жөн сияқты: "Ханның ығына ықпай, дегеніне жығылмай қылыштың жүзінде тұрса да əділдіктен аттамау, шыбын жаны үшін бағыттан таймау, екіжүзділікке жол беріп, бос желікпеу- би-шешендердің антына, ұстанған салтына айнылған. Бұл "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деген ертеден қалыптасқан қағидаға беріктігі. Осы бір мақалға, тіпті өзгермес, заңға айналған сөздің түп-төркіні қазақ халқының дала заңы бойынша о, бастан-ақ сөз бостандығына ерік берілгенін, айтар сөзін "Ауызға келген түкірік, қайта жұтса мүкірік"- деп ірікпей ақтарып салатындығын көрсетеді. Халықтың қанына сіңген қасиетіндей "өзімді өлтірсең де, сөзімді өлтірме!"- деуі де осының айғағы. Тіпті ханның үкімімен
"қылша мойны талша қиылғалы" тұрған адам да: "Дат!"- деп соңғы сөзін айтуға еркіндік, мұрсат берілуінің өзі- сонау есте жоқ ескі замандардың кезінде-ақ сөз бостандығының қатаң сақталғандығының айғағы болса керек..." [4, 88 б.].
Тарихымыз мол еліміз, қазақ бойына терең сіңген дала заңын дамытушы, тасымалшысы жəне сақшысы ретінде қалыптасқан би-қазылар қазіргі соттарға үлгі тұтар тұлға болып қала береді.
ƏДЕБИЕТ
[1] 1 С. Зиманов, Н. Өсеров. Қазақ əдет-ғұрып заңдарына шариаттың əсері. - Алматы, 1998. - 128 б.
[2] 2 Зиманов С.З. Древний мир права казахов и его истоки // Древний мир права казахов.- Алматы: Жеті Жарғы, 2001. – Т.2. - 504 с.
[3] 3 Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дəстүрлі құқықтық мəдениет. Алматы: Жеті Жарғы, 1997. 192 б.
[4] 4 Ақыпбекұлы Ө. Қара қылды қақ жарған. – Астана, 2006. - 234 б.
REFERENCES
[1] 1 S. Zimanov, N. Өserov. Қazaқ ədet-ғұryp zaңdaryna shariattyң əserі. - Almaty, 1998. - 128 p.
[2] 2 Zimanov S.Z. Drevnij mir prava kazahov i ego istoki // Drevnij mir prava kazahov.- Almaty: Zhetі Zharғy, 2001. – T.2. - 504 p.
[3] 3 Kenzhaliev Z.Zh. Kөshpelі қazaқ қoғamyndaғy dəstүrlі құқyқtyқ mədeniet. - Almaty: Zhetі Zharғy, 1997. - 192 p.
[4] 4 Aқypbekұly Ө. Қara қyldy қaқ zharғan. – Astana, 2006. - 234 p.
Д.А. Турсынкулова
Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г.Алматы РОЛЬ БИЯ В ПРАВОВОМ ПРОСВЕЩЕНИИ
Аннотация: В работе рассматриваются содержательные стороны деятельности и власти биев. Также в работе всесторонне исследуются особенности становления и развития института биев.
В работе также особое внимание уделяется на деятельность биев по правовому образованию. Основные выводы и положения автора могут быть использованы по возобновлению культурного наследия, в повышении правосознания и правового воспитания казахстанского общества.
Ключевые слова: обычаи, бии, суд, закон, правовое воспитание, государство, ханский совет, деятельность государства.
Сведения об авторе:
Турсынкулова Д.А. – кандидат юридических наук, доцент кафедры теории и истории государства и права, конституционного и административного права юридического факультета КазНУ имени аль-Фараби, [email protected]
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 63 – 65 UDC 342.743
A.B. Smanova, M.V. Bukeyeva
Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan [email protected]