• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

БИЗНЕС – ЖОСПАРДЫ ҚҦРАСТЫРУ МЕН ЖАСАП ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ

In document кәсіпкерлік (бет 65-70)

Бизнес – жоспар келесідей ҧсыныстарды ескере отырып дайындалуы керек:

1) Ықшамдылығы – бизнес – жоспардың әрбір тарауы бойынша ең маңыздысының сипатталуы.

2) Баяндауда және тҥсінуде қол жетімділік – бизнес – жоспар адамдарға кӛпшілікке тҥсінікті болуы керек.

3) Техникалық тҥсініктемелердің тым кӛп болмауы.

4) Сенімділік, ықшамдылық, серіктестерде қызығушылықты тудыру.

5) Белгілі бір стандарттарға сәйкестігі – бизнес – жоспар, оны оқитындар мен жҥзеге асырушылар қабылдауы қажет және оны қҧру әдістемесі бойынша ыңғайлы болуы керек.

Бизнес – жоспар кҥрделі қҧжат ретінде, әсіресе оның қҧрамы ҥлкен мәнге ие.

Бизнес – жоспардың тараулары кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтуы керек. Сыртқы пішіні бойынша бизнес – жоспарлар бір-бірінен ерекшелетіндігімен, олардың тарауларының қҧрамы, негізі тіпті ӛзгеріссіз қалады, ал нысаны бойынша ол қойылған міндеттің типіне байланысты ӛзгеріп отыруы мҥмкін.

ЮНИДО халықаралық әдістемесіне сәйкес бизнес – жоспар ҥшін келесідей кӛрсеткіштер мен оған енетін ақпарат тҥрлері қажет:

1. инвестициялық шығындар;

2. ӛнім ӛндіру және ӛткізу бағдарламасы;

3. қызметкерлердің орташа тізімдік саны;

4. ӛндірілген ӛнімнің жалпы кӛлеміне кеткен ағымдық шығындар:

 материалды шығындар,

 еңбекақыға жҧмсалатын шығындар мен әлеуметтік мҧқтаждықтарға аударымдар,

 қҧрал – жабдық пен кӛлік қҧралдарына қызмет кӛрсету мен жӛндеу,

 әкімшілік ҥстеме шығындар,

 ӛнімді ӛткізу шығындары;

5. ӛнім тҥрлері бойынша жалпы шығындар қҧрылымы;

6. айналым капиталына қажеттіліктер;

7. қаржыландыру кӛздері – акционерлік капитал; несиелер және т.б.

Мҧндай кӛрсеткіштер мен ақпарат тҥрлері инвестициялық жобаларды модельдеудің қабылданған жҥйесінің кез – келгенін аясында қолдануға жарамды болып табылады.

Бизнес – жоспар қҧрылымы

Әдетте, бизнес – жоспар келесідей тараулардан тҧрады:

1) Тҧжырымдама, шолу, резюме.

2) Қазіргі уақыттағы жағдай және кәсіпорын туралы қысқаша ақпарат.

3) Бизнес объектісінің сипаттамасы.

4) Нарықты зерттеу мен талдау.

5) Ҧйымдастырушылық жоспар.

6) Ӛндіріс жоспары.

7) Маркетинг жоспары.

8) Потенциалды тәуекелдер.

9) Қаржылық жоспар.

10) Қосымшалар.

Бизнес – жоспарды рәсімдеу титулды бетті дайындаудан басталады, онда аталған қҧжат қашан және қай жерде, кіммен қҧрастырылғандығы туралы ақпарат кӛрсетіледі. Мҧнда бизнес – жоспардағы идеяны қысқа және нақты тҥрде кӛрсететін жобаның аталуы кӛрсетілу керек. Титулды беттен кейін бизнес – жоспардың қҧрылымын сипаттайтын мазмҧны кӛрсетілуі керек. Тӛменде тараулар мен параграфтардың номенклатурасы келтірілген (5 - кесте).

Бизнес – жоспарды жасап шығару ӛз кәсіпорнын нақты бағалауға, оның кҥшті және әлсіз жақтарын анықтауға, кәсіпорын қызметін жҥзеге асыру ҥшін қандай талап қоюға болатындығын, мҥмкін болатын қиындықтарды кӛре білуге, кҥрделі мәселелерін ҧлғайып кетпеуіне жол бермеу, олардың пайда болу себептерін анықтап жою шараларын қарастыруға мҥмкіндік береді деп айтуға болады.

5 - кесте – Бизнес – жоспардың негізгі тараулары мен әр тараудың мазмҧны

Бизнес – жоспар тараулары

Бизнес – жоспар тарауының мазмҧны Тҧжырымдама,

шолу, резюме

Бҧл ӛз ісін бастай отырып немесе жалғастыра отырып кәсіпорынның ӛз алдына қойылған мақсаттары мен бизнесі туралы қамтылған қысқа, тез оқылатын ақпаратқа шолу

Негізі, бизнес тҧжырымдамасы жоспардың қысқартылған нҧсқасы болып табылады.

Резюмеде келесідей негізгі мәліметтер кӛрсетілуі керек;

-бизнес ҥшін мҥмкіндіктер, бизнестің тартымдылығы, кәсіпорын мен аймақ ҥшін маңыздылығы;

-қажетті қаржы ресурстары (немесе қарыз);

-жобаның ӛтелу мерзімі;

-қарыз қаражаттарын қайтарудың мҥмкін болатын мерзімі;

-инвестициялау шарттары;

-кҥтілетін пайда мен оны ҥлестіру.

Тҧжырымдаманы сипаттау тәртібі еркін болып табылады, бірақ оны

ҧсынылып отырған бизнестің басты мақсатынан (әдетте, бҧл табыс табу) және жасап шығарылатын бизнес – жоспардың бағытталуынан бастау қажет. Бизнес концепциясы (резюме) бизнес – жоспарды жасап болғаннан кейін

қҧрастырылады, бірақ басында орналасады.

Қазіргі таңдағы жағдай және кәсіпорын туралы қысқаша ақпарат

Қазіргі жағдайды және кәсіпорын туралы қысқаша ақпаратты сипаттайтын тарауда келесідей негізгі мәліметтер кӛрсетіледі:

-бизнес – жоспар бойынша идеяның пайда болуына әсер еткен негізгі жағдайлар;

-менеджерлер алдында тҧрған негізгі жағдайлар мен міндеттер;

нарықтағы жағдай және қол жеткізілетін жағдай. Ары қарай қысқаша тҥрде кәсіпорын туралы негізгі ақпарат кӛрсетіледі – қҧрылу мерзімі,

ҧйымдастырушылық – қҧқықтық нысаны, қҧрылтайшылары, заңды мекен-жайы және т.б.

Бизнес объектісінің сипаттамасы

Бҧл тарауда бизнес – жоспардың бағытталуын кӛрсету қажет (ӛнім, жҧмыстар, қызметтер, жаңа кәсіпорынды қҧру, жҧмыс істеп тҧрғанын дамыту, қаржылық сауықтыру). Сонымен қатар мҧнда тҧтынушылар ҥшін тауардың

маңыздылығын, оның бірегейлігін атап ӛткен дҧрыс. Сонымен бірге ӛнімнің функционалды мҥмкіндіктері мен ерекшеліктерн кӛрсету керек. Бҧл тарауды ҧсынылатын бизнестің табыстылығын сипаттайтын басты факторлардың сипаттамасы және т.б. аяқтайды.

Нарықты зерттеу мен талдау

Бҧл тарауда сатып алушы назар аударатын басымдылықтарды кӛрсету керек:

сапа, баға, тасымалдау уақыты мен нақтылығы, сервистік қызмет кӛрсету және т.б.

Нарық сегментациясын жасау, кәсіпорын ӛнімі бойынша нарықтардың мӛлшері мен сыйымдылығын анықтау қажет. Ӛнім, қызметтер нарықта қалай тез орын алатындығын талдап, оны ары қарай кеңейту мҥміндіктерін негіздеу қажет, сонымен қатар осыған әсер ететін факторларды қарастыру қажет.

Бәсекелестерді бақылау мен бағалау да маңызды рӛл атқарады. Олардың кҥшті және әлсіз жақтарын талдау қажет. Натуралды және ақшалай сипаттағы сату кӛлемдерін анықтау қажет.

Ҧйымдастыру- шылық жоспар

Ҧйымдастырушылық – қҧқықтық нысанның, басқарудың ҧйымдастырушылық қҧрылымның сипаттамасы, басқарушы қҧрамының сипаттамасы, персоналмен жҧмыс, басқарудың материалды – техникалық қамсыздандырылуы. Онда

жетекші менеджерлердің лауазымдық нҧсқауларын, олардың басқарушылық ҥрдістегі рӛлін, сонымен қатар қызметтер мен бӛлімшелердің ӛзара әрекеттесуі қалай жҥргізілетіндігін анықтап алу қажет.

Ӛндіріс жоспары

Оны жазу барысында мыналарды ескеру керек: қамсыздандыру, технологиялық цикл, қҧрал – жабдыққа қызмет кӛрсету, технологияны жетілдіру мҥмкіндіктері.

Ӛндіріс жоспары ӛндірістік ҥрдісті сипаттайды. Егер де жеке операциялар мердігерге жҥктелсе, ол кӛрсетілуі керек. Еңбек сыйымдылығы бойынша қҧрылымы кӛрсетілген ӛндірістік ҥрдісті кӛрсету қажет. Ӛндірістік орындарға деген қажеттілікті және олардың алаңын, сонымен қатар кәсіпорынның ӛндірістік алаңын, қосымша қҧрал – жабдықтар мен материалдық ресурстарға деген қажеттілікті және т.б кӛрсету қажет.

Маркетинг жоспары

Жобаны жҥзеге асыру барысында жҥргізілетін кешенді нарықтық зерттеулер бағдарламасы: жобаны жҥзеге асыру кезеңдері бойынша бӛліп кӛрсетілген ӛткізілетін ӛнім ассортименті мен жалпы кӛлемін анықтау, ӛнімнің ӛмірлік цикл сатыларын ескере отырып ӛнімді жетілдіру бағыттары, қораптауға, сыртқы пішініне қойылатын талаптар, баға саясатын негіздеу, ӛткізуді жоспарлау, оны ынталандыру, жарнамалақ кампанияны жоспарлау, қызмет кӛрсету,

маркетингтік бақылау жҥйесі және т.б.

Потенциалды тәуекелдер

Аталған тарау ӛте маңызды, ӛйткені тәуекел факторы кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметіне ҥлкен әсерін тигізеді. Мҧнда жобаны жҥзеге асыруды қиындататын барлық мҥмкін болатын проблемалар, ескерту шараларының кешені, қолайсыз жағдайлар болған кезде одан шығу жолдары және т.б.

кӛрсетілуі керек.

Қаржылық жоспар

Қаржылық жоспарлаудың мақсаты ҧсынылатын бизнестің тиімділігін анықтау:

табыстар мен шығыстардың жиынтық балансы, дәстҥрлі тҥрдегі жыл

соңындағы баланстық жоспар, қаражаттардың кӛздері мен оларды пайдалану жоспары және т.б.

Қосымшалар Дайындау барысында қолданылған қҧжаттар

Қаржылық мәселелерді білікті тҥрде шешу – кәсіпкер ҥшін ең жауапты мәселелердің бірі. Кәсіпкер қызметінің пайдалылығы, істің табыстылығы біршама дәрежеде соған байланысты болады.

Нарықтық экономикада кәсіпорын егерде ӛз қызметін нақты және айқын тҥрде жоспарлап отырмаса, нарықтық мақсаттарды, ондағы бәсекелестердің жағдайын ескермесе ӛзінің мҥмкіндіктері мен болашағы туралы ақпаратты тҧрақты жинап отырмаса, онда ол тҧрақты табысқа жете алмайды.

Осылайша, бизнес – жоспар тек кәсіпорынның ішкі қҧжаты болып табылмайды, сонымен қатар ол инвесторларды тарту ҥшін қолданылуы мҥмкін Қандай да бір капиталмен тәуекелге бармай тҧрып, инвесторлар жобаның мҧқият зерттелгендігіне және талқыланғандығына кӛз жеткізіп оның тиімдлігі туралы ақпараттандырылуы керек.

Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау ҥрдісінің мәні неде?

2. Бизнес – жоспар қалай сипатталады?

3. Бизнес – жоспардың функциялары, қҧрамы мен қҧрылымы қандай?

4. Бизнес – жоспардың мақсаты қандай?

5. Бизнес-жоспарды жасап шығару сатылары қандай?

6. Бизнес-жоспардың мазмҧнын ашып кӛрсетіңіз және оның негізгі тарауларына сипаттама беріңіз.

7. Қазіргі таңда бизнес-жоспарды жасап шығару барысында кәсіпкерге қандай ерекшеліктерді ескеру қажет?

?

5 - тақырып:

5.1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ

In document кәсіпкерлік (бет 65-70)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР