• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Бюджеттен тыс қорлар

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 178-182)

ЖӘНЕ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

12.6. Бюджеттен тыс қорлар

Қазіргі кезеңдегі экономикада қорлардың дамыған жүйесін құру қажет. Мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлар, бюджет және бюджеттен тыс, ұлттық және халықаралық, аумақтық және жергілікті, салалық, салааралық, арнайы, қайырымдылық, үлестік, инвестициялық – бұл

179

қорлардың ең толық тізбесі емес. Бюджет қорларымен қатар кӛптеген бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеп, дамып келеді. Осы қорлардың кӛп болуына қарамастан, оларға қаржы қатынастарының ерекше нысаны ретінде ортақ белгілер тән.

Біріншіден, бұл қаржы ресурстарын қайта бӛлу нысаны. Қорларды пайдалану мен қалыптастыру қаржы ресурстарын екінші қайтара және үшінші рет бӛлумен байланысты.

Қорлардың қаржысы салық түсімі бӛлігінің тікелей түсімінен бастап жеке табыстың, айыппұлдың және т.б. бӛлігін қайырымдылық ретінде беруден құралуы мүмкін.

Екіншіден, қор шығармашылық мақсатта құрылады. Қордың қаржы қатынастарының белгісін қалыптастыру ӛлшемі, әдетте, қорлар қызметінің экономикалық жағы болса да (қордың ресурстары мен игіліктерін ұтымды пайдалану), дегенмен қорлардың мақсаты мен міндеті экономикамен байланысты болмайды. Қоғамға пайдалы міндеттердің кӛп болуына орай (жол салудан бастап нақты экологиялық және әлеуметтік проблемаларды да қамтитын) қорлардың да түрлері мен нұсқалары кӛп болады.

Үшіншіден, қорлар қызметінің коммерциялық емес мәртебесі – қорлар қызметінің мақсаты қоғамға пайдалы және қажетті міндеттерді орындаумен байланысты. Коммерциялық емес мәртебе қордың пайда алу мүмкіндігін жоққа шығармайды, алайда бұл қордың түпкілікті мақсатымен байланысты емес.

Тӛртіншіден, ақшалай қаражат қозғалысының ерекшелігі – ақшалай қаражат бастапқыда жиналып, оның кӛздері шоғырландырылады, осыдан кейін осы қаражатты мақсатты жұмсау үшін ол екінші қайтара бӛлінеді. Қорлардың әрбір тобында қаржы ресурстарын қалыптастыратын меншікті кӛздердің жиынтығы болады, сондай-ақ қорлардың қаражатын бӛлудің (жұмсаудың) әр түрлі ережелері қолданылады.

Бесіншіден, қорларды Қамқоршылық кеңесі басқарады және ол қор қаражатының пайдаланылуы жӛнінде кӛпшілікке есеп береді.

Қордың ақшалай қаражаты қозғалысының айрықша экономикалық нысаны ретіндегі артықшылығы, ең алдымен, олардың тұрақтылығымен, салыстырмалы тәуелсіздігімен байланысты. Ол үшін қордың мүшелерінен белгіленген кезеңде жарна жиналып, неше түрлі қаржыландыру кӛздері пайдаланылып, бірқатар мүдделі тараптардың аралас қаржысы да қатысады.

Қоғам үшін ерекше маңызды бірқатар шығыс бюджеттен бӛлінеді және белгіленген табыс кӛзінің есебінен қалыптастырылатын қаржы қорларының жекелеген сметалары бойынша қаржыландырылады. Ұйымдастырудың осы қағидасы ақшалай қаражатты шоғырландыру мен бӛлудің ашықтығын, сондай-ақ осы қаражатты тиімді пайдаланудың тиімділігін бақылаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Бюджеттен тыс қорлар – бұл республикалық бюджеттен тыс құралатын және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды мемлекет, ӛңірлер мен экономика салалары деңгейіндегі орталықтандырылған міндеттерді шешуге арналған ақша ресурстарының мақсатты қорлары.

Қазақстанда ақша ресурстарының қомақты мӛлшері қайта бӛлінетін арнайы бюджеттен тыс қорларға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Инвестициялық қор (2008 жылдың соңына дейін жұмыс істеген), Инновациялық қор, Ұлттық қор кіреді. Мәселен, соңғы жылдары еліміздің жалпы ішкі ӛнімінің 10%-ға жуығы қайта бӛлінді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЗЖҚ) салымшылардың зейнетақы жарнасын және алушылардың зейнетақы тӛлемін, сондай-ақ зейнетақы активтерін мемлекеттік бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы институттарының бағалы қағаздарына инвестициялап тарту жӛніндегі қызметті жүзеге асырады. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын жұмыс берушілер еңбекақының барлық түрін сыйақыны, қосымша ақыны, үстемеақыны қоса алғанда еңбекақының 10%-ын міндетті зейнетақы жарнасы нысанында аудару арқылы қалыптастырылады. Мұның ӛзінде ай сайынғы табыс еңбекақының 75 еселік ең тӛменгі мӛлшерінен (2011 жылы 15000 теңге) аспауы тиіс. Осы жарналардың есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары салым-шыларының зейнетақы жинақтары қалыптасады. Зейнетақы тӛлемдері Мемлекеттік зейнетақы тӛлеу орталығынан зейнет жасына, яғни жасы 63-ке жеткен ерлерге, 58 жасқа жеткен әйелдерге және тиісінше 25 және 20 жыл еңбек ӛтілі бар азаматтарға тӛленеді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен қоса қазақстандық практикада ашық және корпоративтік түрге бӛлінетін мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) жұмыс істейді.

180

Қазіргі уақытта республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді. ЖЗҚ-ның ең басты міндеті салымшылардың ақшасын инфляциядан қорғау және оларды молайту болып табылады. ЖЗҚ осы мақсатта жинақтарды әр түрлі инвестициялық құралдарға – акцияларға, облигацияларға, депозиттерге, алтынға, Ұлттық банктегі салымдарға, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына және реттеуші рұқсат ететін басқа да құралдарға салады. ЖЗҚ арасында ипотекалық, инфрақұрылымдық, қор биржасының ресми тізіміне кіретін Қазақстанның даму банкінің облигациялары сияқты құралдар кең тараған. Мемлекет рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін қатаң белгілейді, мұның ӛзі салымшылардың жинақтарын қорғау механизмінің бір түрі болып табылады. 2009 жылдың басында міндетті зейнетақы жарнасы бойынша салымшылардың саны 9610859 адамды, ал зейнетақы жинақтарының сомасы 1 трлн 420,5 млрд теңгені құрады. 2004-2009 жылдар аралығында ЖЗҚ-ның орташа ӛлшенген табыстылығы 30,82%-ды құрады. Инвестициялардың мӛлшері зейнетақы қорының жеке инвестициялық декларациясында белгіленеді. Осы декларацияда қор акциялардың болуы мен оның мӛлшеріне байланысты инвестициялаудың немесе инвестициялық портфельдің басқыншылық, қалыпты немесе консервативтік стратегиясын белгілейді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мемлекет құратын акционерлік қоғам түріндегі коммерциялық емес ұйым болып табылады. Ол жинақталған міндетті әлеуметтік аударымдар мен комиссиялық сыйақының есебінен әлеуметтік тӛлемдердің уақытылы тӛленуін қамтамасыз етуге арналған. Қордың активтерін әлеуметтік тӛлем тӛлеу, оларды қаржы құралдарына орналастыру, сондай-ақ әлеуметтік аударымның артық тӛленген сомасын қайтару сияқты мақсаттарға пайдалануға болады. Инвестициялық қызмет қордың активтерін жасалған шарттың негізінде Ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырылады. Әлеуметтік аударым есептелетін объектіге байланысты әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударым 2005 жылдан бастап – 1,5%-ды, 2006 жылдан бастап – 2%-ды; 2007 жылдан бастап – 3%-ды құрайды. Әлеуметтік тӛлемнің: 1) асыраушысынан айырылған жағдайда; 2) еңбекке жарамдылықтан айырылған жағдайда; 3) жұмыстан айырылған жағдайда тӛленетін түрлері болады.

Инвестициялық қор жалғыз акционері ұлттық басқару компания болатын ұлттық даму институты болып табылады. Осы қор бәсекеге қабілетті ӛнім шығаратын жаңадан салынатын және қазіргі кезде жұмыс істейтін келешекті ұйымдардың жобаларына инвестиция тарту, сондай-ақ экономиканың шикізат емес секторына жеке меншік инвестицияларды салуға ынталандыру арқылы Республиканың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының міндеттерін іске асыру мақсатында құрылған. Қордың қызметі ӛзін-ӛзі ақтайтын және тиімді жобаларды жүзеге асыратын келешекті ұйымдарды инвестициялау мен инвестиция тартуға бағытталған. Инвестиция бӛлу үшін біріншіден, жобаның елімізде жүргізіліп жатқан индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес болуы, екіншіден, жобаның экономикалық және қаржы параметрлері бойынша тартымды болуы, үшіншіден, кәсіпорындардың технологиялық әлеуетін ӛрістету және ӛнім мен қызметтердің ӛндірісін ӛсіру, сондай-ақ жоғары технологиялық ӛнім шығару сияқты міндетті талаптар қойылады.

Ұлттық инновациялық қор – коммерциялық ұйым, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компания болып табылады. Қор елімізде жоғары технологиялық және ғылымды кӛп қажет ететін ӛндірістерді, инновациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы инновациялық белсенділікті арттыру мақсатында құрылған. Осы қор алкогольдік, темекі ӛнімі ӛндірісіне, сондай-ақ ойын бизнесіне инвестиция салмайды. Қордың міндетіне инновациялық инфрақұрылымды дамыту, отандық инновацияларды сыртқы нарықтарға жылжыту, қаржы лизингі арқылы инновацияларды құрып, енгізуді қаржыландыру сияқты міндеттер жатады. Ұлттық инновациялық қордың қызметі инвестициялық қызметті, қаржыландырылатын жобалардың мониторингі мен іске асыру, инвестицияланатын компаниялардың қаржы жағдайы және т.б. жӛніндегі негізгі ережелер бар Қордың инвестициялық сая-саты туралы меморандумда белгіленеді.

Ұлттық қор ақша жинау мен тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Ақша жинау функциясы қаржы активтерін қалыпты тәуекел жағдайында ұзақ мерзім бойы жинақтау мен осы қаражаттан табыс алуды қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы қор активтері ӛтімділігінің жеткілікті деңгейін қолдауға арналған.

Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану әлемдік және ішкі тауар мен қаржы нарықтарының жағдаяты, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық ахуал, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріліп, макроэкономикалық және қазынашылық тұрақтылықты сақтау ойластырылып, сондай-ақ осы

181

қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталып анықталады. Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес қолданыстағы практикада мұнай табысының барлық түсімі осы қорға бағытталатын, ал республикалық бюджеттің табыс бӛлігі тек мұнайдан тыс сектордың есебінен қалыптастырылатын әдіс пайдаланылады.

Ұлттық қор түсімдерден қалыптастырылады, ал осы түсімдерге мыналар кіреді:

1. а) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салық (корпоративтік табыс салығы, үстемеге салынатын салық; роялти, бонус, бӛлінген ӛнімнің үлесі; экспортталатын ӛңделмеген мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық);

ә) республикалық меншіктегі және тау-кен және ӛңдеу саласына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсім;

б) ауыл шаруашылығының жер телімдерін сатудан түскен түсім.

2. ҚР Ұлттық қорын басқарудан түскен және шетелдік қаржы құралдарына орналастырудан құралатын инвестициялық табыс, сондай-ақ республиканың заңнамасында тыйым салынбаған ӛзге де түсімдер мен табыстар.

Ұлттық қор тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайын аудит ӛткізумен байланысты шығыстарды жабуға республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттер түрінде пайдаланылады.

ҚР Ұлттық қоры жеке және заңды тұлғаларды кредиттеуге, міндеттемелер- дің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланыла алмайды. 2010 жылы Ұлттық қор қаражатының сомасы млрд теңгені (доллардан астам) немесе еліміздің алтын-валюта запасының жартысына жуығын, ал жинақ ақша мен тұрақтандыру портфельдерінің арақатынасы 90/10%-ды құрады.

Әлемдік экономикалық дағдарыс ең ӛзекті экономикалық проблемаға айналып, кӛп елдің экономикасына әр түрлі дәрежеде нұқсан келтіріп, ең алдымен мемлекеттердің қаржы жүйесіне ауыртпалық түсірді. Осыған байланысты республиканың экономикасын қолдауға 1,2 трлн теңге немесе 10 млрд доллар бӛлінді. Келешекте экономиканың нақты секторының ірі жобаларын инвестициялау бойынша қордың функцияларын кеңейту кӛзделіп отыр, аталмыш шара экономикалық дамуды қамтамасыз ететін міндеттерді іске асыруға ықпал ететін болады.

Бүгінгі күні әлемдегі кез келген басқа ел сияқты қазақстандық экономика әлемдік экономикалық дағдарыстың ӛте келеңсіз әсеріне шалдығып отыр.

Қаржы дағдарысының әлемді әбігерге салған әсерін еңсеру үшін дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірленіп, оның негізгі басымдықтары ретінде қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроӛнеркәсіп кешенін кӛтермелеу, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру сияқты басымдықтар қарастырылды.

Осы жағдайда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қызметінің негізгі қағидалары туралы меморандум дайындалды. Осы меморандумға сәйкес, қор ӛзінің негізгі бағыттарының ауқымында ұлттық экономиканы әртараптандырып, жаңғырту, қолдау кӛрсету, сондай-ақ еліміздің экономикасын тұрақтандыруға жәрдем кӛрсету функцияларын атқарады. Осы орайда қор қызметінің негізгі мақсаты ұзақ мерзімді құндылықтарды барынша молайтып, әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ӛзіне меншік құқығында тиесілі ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акциялар пакетін басқару болып табылады.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» (ҰӘҚ) АҚ іс-шараларды іске асыруға бӛлінген ақшалай қаражаттың негізгі операторы болып табылады және банктерді қосымша капиталдандыру рәсімдерін жүргізу, Стрестік активтер қорының қызметін жедел ұйымдастыру, сондай-ақ басымды инвестициялық жобаларды қаржыландыруға арналған жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражатынан қарызға алынған активтерді басқару үшін жауап береді. Қазақстан Үкіметі банк секторын қаржылай қолдау, атап айтқанда, еліміздің «Альянс-Банк», «ТұранӘлем банкі»,

«Қазкоммерцбанк» және «Халық банкі» сияқты ең ірі банктерінің акциялар пакетінің 25%-ын сатып алу үшін Ұлттық қордан жаңа қаржы институтына қомақты қаржы бӛлді.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамына ірі ұлттық компаниялар мен жұмыс істейтін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кіреді.

Ұлттық әл-ауқат қоры ипотекалық кредиттеу мен тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасын іске асырады, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бӛлінген ақшалай қаражатты жедел басқарады. Шағын және орта бизнесті қолдау

182

саласында жаңадан құрылған қор ағымдағы және жаңа жобаларды іске асыру үшін бӛлінген ақша-лай қаражаттың түпкілікті тұтынушыға жетуі, сондай-ақ селолық жерлерде микрокредиттеу бағдарламасының орындалуы үшін жауап береді.

Дағдарыс жағдайында қаржы ресурстарының осы қордың қолына шоғырлануын ӛнеркәсіптік активтермен қаржының елеулі бӛлігін бақылауға, экономика секторларының нақты жай-күйін бағалауға және осы секторлардың дамуының басымды бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 178-182)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР