• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Бюджеттік қатынастарды және бюджет процесін жетілдіру

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 189-192)

ЖӘНЕ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

12.9. Бюджеттік қатынастарды және бюджет процесін жетілдіру

189

Алматы қ. 45358 56508 72310 52400 55811

Астана қ. 3301 6306 10611 9634 8576

Субвенциялар 133027 153150 192791 449066 526927

Ақмола 13865 15959 19617 31498 35399

Алматы 15419 17708 22186 48921 60034

Ақтӛбе 15722 17544

Шығыс Қазақстан 15469 17610 22189 46936 54083

Жамбыл 15059 17396 21326 44197 52049

Батыс Қазақстан 7665 8490 11173 20212 21712

Қарағанды 5026 5909 7678 35715 40621

Қызылорда 11009 12330 14812 3616 42159

Қостанай 9478 10935 13415 33661 37721

Солтүстік

Қазақстан 11461 13367 16546 31031 34097

Павлодар 1259 1618 3811 14677 16370

Оңтүстік

Қазақстан 27317 31828 40039 90331 115133

* ҚР Қаржы министрлігінің деректері бойынша

Субвенциялық облыстардың қатары жылдан жылға, ӛкінішке орай, кемімей, керісінше, кӛбейіп келеді, сонымен бірге талданатын кезеңде бӛлінген қаржы ресурстарының мӛлшері де 35,5 млн теңгеден 1333 млн теңгеге, яғни 3,5 есеге жуық ӛскен. Бұрынғыдай Алматы қаласы, Маңғыстау және Атырау мұнай ӛндіретін облыстар ірі республикалық «донор» болып қалып отыр.

Кестеден жалпы трансферттердің айтарлықтай ӛскені байқалады, яғни 2002 жылы олардың үлесі табыс базасының жалпы мӛлшерінің 20,3%-ын, 2003 жылы – 25,7%-ын, 2005 жылы – 37%-ын, 2008 жылы – 48%-ын құрады, яғни жергілікті бюджеттің жоғарғы бюджеттің қолдауына тәуелділігі артып келетіні байқалады.

Ӛңірлерге кӛмек кӛрсетудің қолданылатын механизмдері кейбір ӛңірлерді басқа ӛңірдің асырауында болуына үйретеді, ал екінші ӛңірді дамуға деген ынтадан айырады, ӛңірлердің арасындағы айырмашылықты тегістеуге емес, керісінше осы айырмашылықтарды күшейте түсіп, қаржы ресурстарын одан да кӛп бӛлуді талап етеді.

Бюджетаралық қатынастардың біршама динамикасы дамып, соңғы жылдары жетілдірілгеніне қарамастан, кӛптеген проблемалар әлі де шешімін таппай келеді. Әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің дербестігін, экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету мен бюджеттік жауапкершілікті осы проблемалардың қатарына жатқызуға болады. Соңғы жылдардың практикасына сүйенетін болсақ, бюджет жүйесінің нығаймағанын, оның орнына реципиент- ӛңірлер санының кӛбейгені, сондай-ақ бюджеттердің дербестікке ие болмай, оның есесіне салық ресурстарының республикалық бюджетке тартылуы байқалады.

Тегістеуші трансферттер жүйесі барлық бюджетаралық қатынастарды реформалауда шешуші рӛл атқаруы тиіс. Сонымен бірге тегістеуші трансферттер – бюджетаралық жүйенің бӛлігі ғана, сондықтан олар бүкіл жүйенің функцияларын орындамайды. Тегістеуші трансферттер ӛңірлердің арасындағы бюджеттік түсімдер теңсіздіктерінің мӛлшерін азайтып, барлық ӛңір халқының кемінде жергілікті деңгейде кӛрсетілетін ең аз қызметтердің түрін алуын қамтамасыз етуі тиіс.

Кез келген бюджетаралық қатынастар жүйесі осы екі міндетті орындайды.

190

Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржылық қағадағалауды реттеу агенттігінің бірлескен тұрақтандыру іс-қимылының жоспары (2008 жылғы қараша) ғаламдық дағдарыстың келеңсіз салдарын Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға тигізетін ықпалының салдарын жұмсартып, ұлттық экономиканың келешекте сапалы экономикалық ӛсуі үшін қажетті жағдай жасау мақсатында жасалды. Тұрақтандыру жоспарын іске асыру ауқымында мемлекет экономикаға 2,2 трлн теңге немесе ЖІӚ-нің 20%-ға жуығын инвестициялайды. 480 миллиардқа жуық теңге қаржы секторын тұрақтандыруға бағытталады, мұның ӛзі қаржы институттарының ӛтімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, негізгі бӛлігі Қазақстанның энергетикалық және кӛлік проблемаларын шешуге бағытталатын 19 ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 2,6 млрд доллар бӛлінеді. Бұл халықты жұмыспен, кәсіпорындарды – тапсырыспен, ал бюджетті – тиісті салықтармен қамтамасыз етеді.

Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыстың салдарынан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, әлеуметтік ортаны дамыту мен халықтың аз қорғалған топтарын қолдауға ерекше назар аударылатын болады.

Қазіргі уақытта бюджет саясатының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

бюджет жүйесінің ұзақ мерзімді кезеңдегі теңгерімділігін қамтамасыз ету. Бұл ретте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға ерекше кӛңіл бӛлінеді;

бюджет шығысының нәтижелілігін арттырып, оларды соңғы нәтижеге бейімдеу;

орта мерзімді бюджеттік жоспарлаудың рӛлін арттыру;

бюджет қаражатын негізгі бӛлушілердің жауапкершілігін арттыру және дербестігін кеңейту;

республикалық және жергілікті мұқтаждық үшін мемлекеттік тапсырыс беру жүйесін жетілдіру.

Бюджет жүйесінің осы және басқа да міндеттерін бюджет процесін ұйымдастырудың республиканың үш жылғы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджет параметрлерінің болжамдарын пайдалану қарастырылған жаңа қағидаларын қалыптастырумен, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен үйлестіру керек.

Соңғы оқиғаларға сәйкес қоғамдық қаржыны басқару тәсілдемелері реформалануда. Бюджет процесінің негізін «бюджет ресурстарын (шығынды) басқарудан» орта мерзімді бағдарлар

ауқымында бюджет процесіне қатысушылардың

және бюджет қаражаты әкімшілерінің жауапкершілігі мен дербестігін арттыру арқылы «нәтижені басқаруға» кӛшу идеясы іске асырылуда («нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру» – НББ тұжырымдамасы).

«Ресурстарды басқару» тұжырымдамасының ауқымында бюджет негізінен бюджеттік жіктеу баптарына бӛлінген қазіргі бар шығындарды индекстеу арқылы қалыптастырылады. Бюджеттік шектеулерді қатаң сақтаған жағдайда бюджеттің және бюджеттік жобалардың теңгерімділігі қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге бюджет шығыстарының күтілетін нәтижелері негізделмейді, ал бюджетті басқару тек нақты және жоспарлық кӛрсеткіштердің сәйкестігін бақылаумен шектеледі.

«Нәтижелерді басқару» тұжырымдамасының ауқымында бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен жоспарланған нәтижелеріне орай қалыптастырылады.

Бюджет қаражаты функциялармен (қызметтермен, қызмет түрлерімен) тығыз байланысты.

Оларды жоспарлағанда бюджеттік бағдарламалар ауқымындағы олардың соңғы нәтижесіне ерекше назар аударылады, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігі мен жауапкершілігі кеңейеді. Ұзақ мерзімді қаражаттың ауыспалы лимиті белгіленіп, олар орта мерзімді қаржы жоспарының ауқымында жыл сайын нақтыланады, белгіленген функциялар мен бағдарламаларға арналған қаражаттың жалпы сомасы қалыптастырылады, осының негізінде бюджет қаражатының әкімшісі ресурстар пайдаланылатын бағыттарды пысықтайды. Ресурстарды (қызметкерлерді, жабдықтарды, үй-жайларды және т.б.) пайдалануды оңтайландыру үшін жағдай жасалады.

Басымдық ішкі бақылауға беріледі, шешім қабылдау жауапкершілігі тӛменгі деңгейлерге жүктеледі. Қаржы мен қызмет нәтижесіне мониторинг пен кейінгі сыртқы аудит жүргізіледі, мұның ӛзінде бюджет қаражаты әкімшілерінің қызметі қол жеткізілген нәтиже бойынша бағаланады.

Әлемде кеңінен қолданылатын орта мерзімді қаржылық жоспарлау ауқымындағы «нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру» тұжырымдамасы (үлгісі) бюджет процесінің жаңа ұйымының негізіне айналады. Ол бюджет ресурстарын бюджет қаражаты әкімшілерінің және (немесе) ӛзі іске

191

асыратын бюджеттік бағдарламалардың арасында әлеуметтік-экономикалық саясаттың орта мерзімді басымдықтары мен бюджет ресурстарына (шығыс «шегі» шектерінде) сәйкес нақты нәтижелерге (кӛрсетілетін қызметтерге) қол жеткізуді ескеріп немесе оған тікелей байланысты бӛледі.

Бюджетті жоспарлаудың кӛрсетілген әдістерінің дамуымен және бюджет шығысы нәтижелілігінің мониторинг жүйесін құрумен қатар осы үлгіде бюджет қаражатының әкімшілері басқаратын қаражаттың мӛлшері мен құрылымын ӛзгертудің, оның кӛлемінің болжамын арттырудың нақты ережелері белгіленіп кӛп жылғы бюджеттік жоспарлау қарастырылады. Осыған байланысты шығыс міндеттемелерді олардың тағайындалу дәрежесі мен олардың орындалуын жоспарлау ережесіне сәйкес топтастыру қажет. Бюджетті жасау мен оны бекіту рәсімі нақты шығыс басымдықтарын әзірлеп, олардың іске асырылуын бағалауға бағдарланады және жоспарланған жайғасымды ірілендіреді және бюджет құжаттарының тізімі мен форматын ӛзгертіп, атқарушы органдардың бюджетті атқарудағы ӛкілеттігін айтарлықтай кеңейтеді.

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

Бюджет

Нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру Бюджет жүйесі

Бюджеттік тегістеу Бюджеттік кодекс Бюджеттік пропорциялар Бюджет әлеуеті

Бюджет процесі

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар Бюджет табысы мен шығысы

Қазынашылық бюджет жүйесі Шоғырландырма бюджет Бюджетаралық қатынастар Әлемдік қаржы дағдарысы Тұрақтандыру қоры Қаржы жүйесі Қаржы

192

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 189-192)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР