• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ТҰТҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЛАГЕРІНДЕГІ ЖАҒДАЙЫ

In document PDF Известия N E W S (бет 78-83)

78 N E W S

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES

ISSN 2224-5294

Volume 5, Number 309 (2016), 78 – 82 UDK 94 (574) 9.93

T.E. Kartaeva

al-Farabi Kazakh National University, Almaty.

[email protected]

THE SITUATION WITH THE WORLD WAR I PRISONERS

жылдың 28 қаңтарында Ақмола облысының 155 қыстағына орналастырылған тұтқындар саны 22 000 адамға жеткен [3, 73-74 пп.]. 1915 жылғы 28 ақпанда алынған мəлімет бойынша Зайсан, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларында – 7490, Ақмола облысының қалаларында – 8612 тұтқын болған [3, 115 п.]. Түркістан əскери округі қыстақтарында орналасқан соғыс тұтқындарының саны туралы деректер де өзіне назар аудартады. Түркістан əскери округы бастығының 1915 жылғы 2 сəуірде берген мəліметінде 139 374 солдат, 1882 офицер тұтқын ретінде 37 қонысқа орналастырылғандығы айтылған. 1917 жылдың наурызына қарай олардан 39 521 солдат, 1764 офицер қалған [9, с.41-42]. Лагерь саны 1917 жылы Омск əскери огругінде – 28, Петропавлда – 15, Түркістанда – 30-ға жетті. Түркістан лагерінде 82425 – австриялық, 3812 – германдық тұтқын болған [11, s. 48].

Соғыстың бастапқы кезеңінде 1915 жылдың көктеміне дейін, соғыс тұтқындарын қабылдау үшін арнайы құрылған лагерьлер болмаған, адамдарды сарайларға орналастырды, бір жерден екінші жерге айдап апарып отырды. Ал Қазалыда қазақтың киіз үйін қоршау ішіне тігіп, онда арнайы күзетпен тұтқандарды ұстаған. Тұтқандар арасында өлім өте көп болды. Қазақстанда асығыс құрылған лагерьлердің жағдайы төмен болды, Челябі мен Қостанай арасында құрылған

«Тройцкий» тұтқындар лагері «өлім лагері» аталды.

Мəселенің əдістемесі

Мақаланың тақырыбы, бүгінгі күні 1-ші дүние жүзілік соғыстың ауыртпалығын өз тарихынан өткізген елдер 1-ші д.ние жүзілік соғыстың 100 жылдығына орай соғыстың ащы шындықтарын тарих елегінен қайта өткізуде. Мақалада көтеріліп отырған мəселеге архив құжаттары мен зерттеулерге, сол уақытта жарияланған бұқаралық-ақпараттық құрал деректеріне ғылыми сараптау, тарихи-аналитикалық талдау жасау, автордың өз көзқарастарын беру əдістері қолданылды. Мəсе- леге өзек болған деректі фотоқұжатпен айғақтау, мəселенің мəн-жайы мен шынайылығын аша түседі.

Тұтқындар лагеріндегі саяси-əлеуметтік жағдай

І дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ елінен еңбекке жарамды халықтың бір бөлігін майданға, тыл жұмыстарына алып кетуіне байланысты мыңдаған отбасылар асыраушысыз қалды, елді қымбатшылық жайлады. Омбыда тұтқындарды орналастыру үшін 1914 жылдың тамызында 1716 адамды сыйғыза алатын 27 үй дайындалды [3, 6 п.].

Соғыс тұтқындарына деген жергілікті əскери-отаршылдық аппарат пен еңбекші халықтың көзқарасы бірдей болған жоқ. Патша əкімшілігі тұтқындардан жергілікті тұрғындарға жəне саяси элитаға соғысқа қатысты саяси ақпараттар береді деп қауіптеніп, 1914 жылғы 20 қыркүйекте Омбы əскери округінің штаб бастығы Өскемен, Барнауыл, Семей жəне Павлодар гарнизондарының бастықтарына соғыс тұтқындарының жергілікті тұтқындармен қарым-қатынасын болғызбауға нұсқау берген [2, 377 п.]. Қала коменданттарына тұтқандарды қатаң тəртіпте ұстау, тұтқын офицерлер казармалардан шыққан жағдайда, мылтықты солдаттардың күзетімен бірге шығу міндеттелген. Қатаң нұсқауларға қарамастан соғыс тұтқындарының кей жағдайда қаланың мəдени ойын-сауықтарына қатысуға мүмкіндік тауып жүргенімен, Дала өлкесінің генерал-губернаторы

«соғыс тұтқындары пайдаланып жүрген еркіндік мүлдем шектелсін» деген нұсқау берген. Алайда Қазақстан жеріне келіп қоныстанған жергілікті тұрғындар болып кеткен славян элита өкілдері, славян тектес тұтқандармен жақын тіл табысуға құмар болды, олар ұрыс алаңынан келген əскерилермен өз ойларын бөлісуге құштар болды. Патша үкіметі тарапынан осы жағдайды ескеріп, славян текті соғыс тұтқындары, серб, поляк, т.б. жеңілдіктер берілді, Ресейдің өкімет орындарына адал болып, кепілге алынған жағдайда олардың орыс əйелдерімен некеге тұруына рұқсат етілді [6, с.117].

Архив деректері бойынша, соғыс тұтқындарының 98,7 % жұмысшы, шаруа, қолөнершілер ортасынан шыққан еді [4, 436 п.], олардың əлеуметтік тегінің, жергілікті қала жұмысшыларымен бір болуы, жергілікті тұрғындар мен соғыс тұтқындарының өзара тіл табысуын жақындата түсті.

Соғыс тұтқындарының лагерьлердегі жағдайларының тым ауыр болуы, өздеріне деген жергілікті əскерилердің дөрекі қарым-қатынасы олардың көтерілістер ұйымдастыруына себеп болды. 1915 жылы Риддер қаласында, «Қазалы» лагерінде соғыс тұтқындарының көтерілістері болды. Риддер кенішінде 1915 жылдың мамырында 60 адам қатысқан тұңғыш тұтқындар көтерілісі болды, ал Қазалы қаласында 1915 жылдың қазақ айында Австрия-Венгрия армиясының 3000 жуық соғыс тұтқыны қатысқан көтеріліс болды. Көтерілістер күзеттің оқ атып, тұтқындарды атып өлтіріп, іскер күшімен басып тасталып отырды [1, с.40; 10, с.18].

80

Қазақстан лагерьлеріне орналастырылған тұтқындардың саны мен өлім-жітімі туралы дерек əлі де нақты емес. Соғыс жағдайындағы саяси тұрақсыздық, лагерьдегі əлеуметтік, антисанитарлық, дөрекі қарым-қатынас салдарынан өлім-жітімнің көп орын алуы, нақты есепке алынып отырмады. Соғыс тұтқындары ауыр жұмыстарға, атап айтқанда, көпір салу, темір жол салу, тас жол салу жұмыстарына тартылды. Тұтқындар қара жұмысқа қаруланған айдаушымен апарылып, қатаң бақылауда болды, олардың жұмысына күніне мардымсыз 15 тиын еңбек ақы төленді, салыстырмалы түрде айтсақ, күніне аға айдаушыға 30 тиын, бас айдаушыға 20 тиын ақы төленген [4, 437 п.]. Əскери тұтқындарды арзан жұмысшы күші ретінде пайдалану шаруашылықтың ахуалын біршама қалпына келтіруге себін тигізді. Əскери тұтқындар сонымен қатар мемлекеттік қорғаныс өндіріс орындарында, жеке отбасыларының шаруашылығында, қолөнерлік шеберханаларда, етікшілік, ұсталық, музыканттық жəне басқа да мамандықтар бойынша жұмысқа тартылды. Алайда жалпы алғанда əскери тұтқындардың Қазақстандағы жағдайы жеңіл болмады.

1916 жылдың өзінде-ақ Түркістанда жұқпалы аурулар мен аштықтан 20000 соғыс

тұтқындарының жартысынан астамы қаза тапты жəне жергілікті жерлерде соғыс тұтқындарының жаппай қырылуы жалғаса берді. 1918 жылға қарай жобамен Орта Азияда (соның ішінде Қазақстанда) 33-38 мыңнан аспайтын адам қалған екен [7, с.308].

Қазақ жеріне соғыс тұтқындарының келуі туралы саяси ақпараттың бірқатарын сол уақытта жарияланып тұрған «Туркестанские ведомости» газеті (1870 – 1917) береді. Аталмым басылымда

«Европейская война» (1914-1916), «Война» (1917) атты бөлімдер, «Западный фронт», «Кавказский фронт», «Франко-англо-бельгийский фронт», «Морская война», «Колониальная война» деген рубрикамен жарық көріп тұрды. Соғыс барысын шетелдік «Leipriger Volksreitung», «Berliner Tagebloft», «De la Tribune de Geneve», «Tempe», «Pevue Hebdomadaire», «New York Tribune», «North German general newspaper», «New York Evening Sun» деген басылымдардың редакциясы арқылы беріліп тұрды. 1917 жылы 3 тамызда «Туркестанские ведомости» газетінде соғыстың 3 жылғы қорытындысы жарияланды, онда Австро-Венгрия, Англия, Бельгия, Болгария, Германия, Греция, Италия, Португалия, Ресей, Румыния, Сан Марино, АҚШ, Сербия, Франция, Черногория, Жапония жəне Түркия мемлекеттерінің соғыста жеңістері мен жеңілістері жария етілді [12]. Басылым бетіндегі əскери жаңалықтар, мəліметтер əскери тұтқындардың 1-ші дүниежүзілік соғыс аясындағы орыс əскери күшінің қатысуы нəтижесінде түскендігін нақтылайды.

Соғыс тұтқындарына қазақстандағы ішкі саяси жағдайдың əсері.

1917 жылғы Ақпан революциясы жеңгеннен кейін Үштік одақтың бұрынғы əскерилерінің қызметшілері өмірінде елеулі өзгерістер болды. Омбыда, Семейде, Ақмолада орналасқан тұтқындар емін еркін жүріп тұруына, жалданып жұмыс жасауға, оларға төленетін еңбек ақының өсуіне қол жеткізген. Жергілікті Болшевиктер тұтқындар арасынан саяси белсенділерді өз ықпалдарына тартты, революциялық қозғалыстарға тартуға, оларды өз ықпалдарында ұстауға тырысты. Тұтқын болгар, сербтердің социал-демократиялық ұйымдары құрылды. Орынбор мен Омбы қалаларында большевиктердің қолдауымен соғыс тұтқындары қатысқан социал- демократтық ұйымдар құрылды. 1917 жылдың сəуір айында Омбы қаласында құрамына бір бөлігін соғыс тұтқындары құраған, 180-дей адамды біріктірген Поляк жəне Литва Корольдығы социал- демократтарының большевиктік тактиканы ұстанған тобы құрылды [8, с.119-120].

Неміс, венгр соғыс тұтқындары арасында Карл Томан, Йежев Шотлай, Иштван Паллечек, Йожев Шамоди, Карой Лигети, Феттер саяси белсенділер ретінде танылды. Венгр тұтқындары Омбы қаласында «Революция» газетін шығарды [7, с.294]. Қазақстанның басқа қалаларында да большевиктер соғыс тұтқындарын өз ықпалдарына тартты. 1917 жылдың мамыр, маусым айларында Омбы жұмысшы жəне солдат депутаттарының Кеңесі, Томск солдат депуттарының Кеңесі «Уақытша үкіметтің» соғыс тұтқындарының еңбегін пайдалану, іске асыру жөнінде жəне оларға оларға Кеңестер тарапынан бақылау жасау жөнінде шешімдер қабылдады [5]. Бұдан əрі Үштік одақтың бұрынғы солдаттары мен офицерлерінің тағдарлары түрліше қалыптасты. Карой Лигети, Йожев Шотлай, Иштван Паллачек, Йожеф Шамоди сияқты бірқатар соғыс тұтқындары большевиктер қатарына қосылып, өз отандарының да таяудағы болашағы большевиктердің

«Барлық елдің пролетариаттары бірігіңдер!» деген ұранында деп білді.

Большевиктердің, солшыл-социалистердің, басқа партиялардың үгіті, Австрия-Венгрия жəне Германия тұтқындарының өз араларында партиялардың құпия бөлімшелері ашылуы, елдегі революциялық ахуалды тездетті. Австрия-Венгрия жəне Германия əскери тұтқындарының бірқатары қазақ өлкесінде жергілікті тұрғындармен тіл табысып, кейін Кеңес үкіметін орнатқан

1917 жылғы Қазан революциясына, одан əрі ұласқан азамат соғысына қатысты. Осылайша соғыс аяқталған соң саяси белсенді тұтқындардың бірқатары большевиктер сапында болды, бірқатары қазақ жерін тұрақтап қалды, бірқатары өз отанына қайтты. Қазақ жері 1-шідүниежүзілік соғыс зардаптарынан еріксіз келгендердің бірқатары үшін екінші отан болды. Өз отандарына жалпы саны - 33 пайыздай тұтқын қайтпай қалған. Олардың негізгі дені Азамат соғысына қатысып, қызыл əскер құрамында ақтар əскеріне қарсы шайқасты. Қызылдардың тұтқындардан құрған интернационалды отряды жаттыққан, дайын əскерилер болатын. Солардың бірі – Мате Залкидің ұлты мадияр, бұрынғы австро-венгрия іскерінің офицері. Ол басмаштар арасына қызылдардың тыңшысы болып енген. Мате Залки коммунизм идеясына сенген, əскери саясаткер болған. Алматыдан Мате Залки есіміне көше беріліп, қазіргі таңда Өтеген батыр атына ауыстырылғаны белгілі.

Foto 1 – 2 – Дарданел операциясы (1915 жыл, 25 апрель, Осман империясы мен Британ империясы арасындағы шайқас) кезінде қолға түскен түрік əскерінің тұтқындары

Соғыс тұтқындарының бір бөлігі соғыс аяқталған соң өз отандарына кері оралды, одан əрі өз елдерінде «дүниежізілік революция» орнығуына қарсы күресті.

Қорытынды

1-ші дүние жүзілік соғыс кезіндегі тұтқындардың жағдайы осы соғысқа қатысқан барлық мемлекеттер үшін маңызды мəселе қатарына жатады. Ресей патша үкіметінің соғыс тұтқындарын Қазақстан аумағына əкеліп орналастырып, Қазақстанннан тұтқындар лагерін жасауының себебі, тұтқындарды соғыс майданынан алыс аймақта ұстап, соғыс ақиқаттарынан алшақтатып, соғыс шындықтарын жасыруымен түсіндіріледі.

Тұтқындар ортасынан кейіннен 1918-1920 жылдар арасында Қазақстанда болған азамат соғысына белсене қатысқан адамдар шықты. Тұтқындар арасына түскен тəжірибелі əскерилер кейіннен Кеңес үкіметінің Қызыл Армиясына қатарына кіріп, «қызылдар» мен патша үкіметін қолдаған «ақтарға» қарсы күресті. Соғыс тұтқындарының бір бөлігі сол кездегі кеңестік ықпалмен Ұлттық қарулы құрамалар қатарына кіріп, азамат соғына қызу араласып қана қойған жоқ, жергілікті солдаттарды əскери өнерге үйретіп, нұсқаушылар ретінде танылды.

82

Қазақстан халқы біз қарастырып отырған кездің өзінде ұлттық құрамы өзгерген, көп ұлттылығымен ерекшеленген мемлекет қатарында еді, халық құрамының ала-құлалығына, басқа ұлт өкілдері қатарының көбеюінің тарихи салдарының бірі осы «тұтқындар» саясаты болды.

ƏДЕБИЕТ

[1] Интернационалисты. Трудящиеся зарубежных стран - участники борьбы за власть Советов на юге и востоке Республики. 1 том. Москва. 1967. 614 с.

[2] ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, 64 қор, 1 тізбе, 1282 бума.

[3] ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, 369 қор, 1 тізбе, 4842 бума.

[4] ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, 19 қор, 1 тізбе, 534 бума.

[5] Қасымбаев Ж. Австро-венгерские и германские военнопленные в Казахстане (1915 – 1917). Феникс. 1996.

Сентябрь, №15.

[6] Лисецкий Л.О. О положении военнопленных после победы Февральской революции. В книге: Участие трудящихся зарубежных стран в Октябрской революции. Москва, 1967.

[7] Матвеев А. Буржуазные авторы об иностранных интернационалистах в Средней Азии. В книге: Участие трудящихся зарубежных стран в Октябрской революции. Москва, 1967.

[8] Манусевич А.Я. Польские интернационалисты в борьбе за победу Советской власти и Росии. Москва, Наука. 1965. 411 с.

[9] Россия в первой мировой войне 1914 – 1918 года (в цифрах). Москва: Издание ЦСУ, 1925. 105 с.

[10] Сиргебаев Б. Глубокие корни братства. Алматы: Қазақстан, 1977. 159 с.

[11] Scharping K. In russischen Gefangenschaft. Die kulturellen und wirtschaftlichen Leistungen der deutschen Kriegsgefangenen in Russland. Berlin: De Gruyter,1939. 119 p.

[12] Туркестанские ведомости. 1917. №170.

REFERENCES

[1] Internacionalisty. Trydiyashihsiya zarybezhnih stran – uzhastniki borbi za vlast sovetov na iyge I voctoke Respubliki. 1 tom. Moskva, 1967. 614 p. (in russ).

[2] Kazakistan memlekettik myragati, 64 kor, 1tizbe, 1282 buma. (in russ).

[3]Kazakistan memlekettik myragati, 369 kor, 1 tizbe, 4842 buma. (in russ).

[4]Kazakistan memlekettik myragati, 19 kor, 1 tizbe, 534 buma. (in russ).

[5] Kasymbaev Zh. Avstro-vengerskie i germanskie voennoplennye v Kazahstane (1915-1917). Feniks, 1996, №15. (in russ).

[6] Liseskii L.O. O polocenii voennoplennih posle pobedi Fevralskoi revolusii. /V knige Uchastie trudiyashihsiya zarubezhnyh stran v Oktjabr'skoi revoljucii. Moskva. 1967. (in russ).

[7] Matveev A. Burzhyazniya avtori ob inostrannih internasionalistah v Srednei Asii. /V knige Uchastie trudiyashihsiya zarubezhnyh stran v Oktjabr'skoi revoljucii. Moskva. 1967. (in russ).

[8] Manusevish A. Polskiye internasionalisti v borbe za pobedu Sovietskoi vlasti v Rossiyi. Moskva: Nauka, 1965. 411 c.

[9] Russiya v pervoi mirovoi voine 1914 – 1918 goda (v sifrah). Moskva. 1925. 105 p. (in russ).

[10] Sirgebaev B. Glubokie korni bratstva. Almaty: Kazakhstan1977. 159 p. (in russ).

[11] Scharping K. In russischen Gefangenschaft. Die kulturellen und wirtschaftlichen Leistungen der deutschen Kriegsgefangenen in Russland. Berlin: De Gruyter, 1939. 119 p. (in deutsch).

[12] Turkestanskie Vedomosti, 1917. №170. (in russ).

УДК 94 (574) 9.93

Т. Е. Картаева

КазНУ им. аль-Фараби. Казахстан, г.Алматы

Положения военнопленных Первой мировой войны в Казахстанских лагерях

Абстракт. Во время I мировой войны общественно-политическая жизнь Казахстана существенно изменилась в связи с пребыванием Австро-венгрских, германских военнопленных. Первая партия военнопленных прибыло в августе 1914 года, их расселили в Омской (в то время Омск был городом казахской страны), Акмолинской, Павлодарской, Семипалатинских уездах, в южные районы Казахстана, в Жетысуский, Туркестанский военные округа. Среди них было много галициицов, румынцов, итальянцев, немцев, мадьяры и турки которые попавшие в плены на русских в Кавказском фронте. Состояние лагерей, созданных в спешке, были худшими. Созданные между Костанаем и Челябинском, лагерь

«Троицкая» для пленных, назвали «лагерь смерти». Политических активистов среди пленных, большевики агитировали на свою сторону. Из среды пленных болгары и сербы создали социал-демократическую организацию. Венгерские пленные выпустили газету под названием «Революция». Среди немецких, венгерских пленных было много политических активистов. После оканчание, ряд политических активистов среди пленных остались жить на казахской земле, а некоторые вернулись на свою Родину.

Ключевые слова: I мировая война, военнопленные, военный округ, лагерь заключенных.

Авторлар туралы мəлімет:

Картаева Тəттігүл Ерсайынқызы – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Археология, этнология жəне музеология кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының кандидаты.

N E W S

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES

ISSN 2224-5294

Volume 5, Number 309 (2016), 83 – 89

M. O. Nassimov

University «Bolashak», Kyzylorda, Kazakhstan E-mail: [email protected]

In document PDF Известия N E W S (бет 78-83)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР