Ж 8215121220
АСҚАР АЛТАЙДЫҢ «БҮКІР» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ЖАЗУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІК Ашимова М.Г.1, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы,
Болгар К.А.1 , филология ғылымдарының магистрі, оқытушы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті1, Талдықоран қ.,
E-mail:[email protected]
Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ жазушыларының ішіндегі шоқтығы биік А. Алтайдың әңгіме жанрында қалыптастырған дәстүрін «Бүкір» шығармасын анализдеу арқылы көз жеткізіп, мазмұндық, түрлік, құрылымдық жаңашылдықтарына талдау жасалды.
Кілт сөздер: экспозиция, сюжет байланысы, диалог, жағымсыз кейіпкер, авторлық позиция.
В статье анализируется традиция казахского писателя эпохи независимости А.Алтая. Исследуя традиции рассказа «Бүкір» мы находим новизну в содержании, виде и структуре.
Ключевые слова: экспозиция, сюжетная связь, диалог, отрицательный характер, позиция автора.
The article analyzes the traditions of the Kazakh writers of the years of Independence, analyzing the traditions of Bugatai, written by A. Altai in the genre genre, analyzing the content, diversity and structural novelty.
Key words: exposition, plot link, dialogue, negative character, author's position.
Кіріспе. Асқар Алтай Оралхан Бөкейдің жерлесі, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан өңірінің тумасы екен, жерлесі болғандықтан да шығар Оралхан мектебін бойына сіңіргені. Ең үлкен жетістіктерінің бірі – «Т. Айбергенов атындағы» сыйлықтың иесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Асқар Алтайдың кезекті «Бүкір» әңгімесі оның жазушылық шеберлігінің мықтылығын тағы бір мәрте айғақтайтын туынды.
Негізгі тартысқа дейінгі кейіпкерлердің қалыптасу деңгейі және олардың мінез – құлық, әрекеттерінің кейбір басты тұстарын суреттеу – экспозиция [2] болса аталмыш әңгіменің экспозициясы кейіпкердің сипатын автордың үшінші жақтан баяндауынан бастайды. Басты кейіпкер Аманболдың жүре келе жауырын ортасы бармақтай болып томпайып өседі. Бозбала шағында қос жауырын арасына біткен шеміршек нардың өркешіндей болғандықтан айналасындағылар оны Бүкір деп атап кетеді. Бұнысына қымсынбаған Бүкір мектепте бүкір кит туралы оқығаннан кейін өзін тіпті сол бір су мақұлығы сияқты сезініп, тәкаппарланып, бір өліара сезім мұны намыстану күйігінен, қор сезіну сұмдығынан сақтандырды. Әлемнің барлық мұхиттарынан кездестіруге болатын киттердің бір түрі болып табылатын салмақтары 36 тоннаға дейін жететін бүкір киттердің [3] де адам баласына бір стимул мен қуаныш сыйлайтынын көріп кез-келген нәрсенің екі-жағы болатынына көз жеткіземіз.
Шығарма барысында айқын болатындай кейіпкердің де жан айқайы бүкір кит шығаратын айқайдай тіршілік иелері арасындағы ең қаттысы, яғни бүкірлікпен қоса ішкі дүниесінде де ұқсастықтар кездеседі екен. Аманбол кемістігін жасырып, басын кекжитіп, кеудесін шалқақ ұстап, кейін тәкаппар жүріске ұластырды. Осылайша азан шақырып қойған Аманбол есімі Бүкір атына айналса, кейін ол талантты суретшіге айналады. «Бүкірдей дарын жоқ» деген дақпырт дүрілдеп, той-томалақта төрден орын бұйырады. Бірақ «Сыртың бүкір болса – болсын, ішің бүкір болмасын» [1] деп физиологиялық ерекшелігінен кейіпкерін ақтап алғызу үшін бұны автор оның өз аузына әдейі салғызып отыр.
Сюжеттің байланысын (завязка) студенттер арқылы кейіпкердің сана түкпіріндегі ойын қозғауымен береді. Дәріс оқитын Бүкір олардың өнер мен өмір жайлы таласымен дауласқысы келмей, аузын тыйып, жиегін жиып ұстауға тырысатын. Өзінің сөзі мен істеген әрекетінің сәйкес келмейтіндігінен сескенетін, түбін қаза берсе, кейіпкердің түпкі ойына бойлап, арты ашылуы мүмкін екенін сезетін. Кейіпкердің санасындағы мазасыздықты автор диалог арқылы ашып береді. Шығармада еске алу әдісі де ұтымды қолданылған.
«Байсары:
– Қазір дайын аналық ұрықтар сатылады, – деген. – Алыс ауылдан келген студент қыздармен сөйлес. Олар екі-үш жүз долларға аналық ұрығын сатады. Маңдайынан шертіп жүріп таңдап ал. Қазір талайлар сондай оңай жолмен ұрпақты болып жатыр. Былтыр жалғыз ұлы немере сүйдіріп үлгермей, қайтыс болып кеткен бір профессор шал тура сондай жолмен ұрпақты болды. Қазір құрсақ ана мен аналық ұрық деген су тегін... Еркекке ұрпақ керек.
– Қазаққа ше? – деп қалды бұл да.
– Қазаққа да ұрпақ керек. Біздей аз халыққа бұл бір таптырмас амал болып тұр.
Құдайдың бергені.
– Құдайдың бергені ме, әлде құдайдың ұрғаны ма? Оны да уақыт көрсетеді.
– Уақытқа сілтеп керегі жоқ. Қазір прогматиктер заманы. Дүние жаңалықтарынан қалыспай, алға тарта беру керек. Сонда ғана өркениет көшінен қалмаймыз, – деп ділмарсыды Байсары.
– Иә, – деген Бүкір, – көштен қалсақ – қазақ құриды. Дүниеде дамыған технологияның бәрін игеріп, пайдалануымыз керек. Ал құрсақ ана жолын, тем, более... Әлі құрсақ анасыз күн жоқ дейтін уақыт келеді. Еркек атаулының ұрықтарын алып, қазақты мидай араластыру қажет... Қазақ көбейсе, мемлекет те күшті болмай ма?! Жалпы, неке - меке, неке-теке деген далбасаның түкке қажеті жоқ. Адамдардың өз таңдауына жол беру керек. Кез келген сұлу қыздың, ақылды ананың, жігерлі еркектің, күшті жігіттің ұрығын колбада сақтай отырып, құрсақ анада қайта түлету керек... Құрсақ аналарды мемлекет қамқорлыққа алып, олардың жатырына мемлекеттік страхования жасап, тіпті еңбекақы төлеген абзал. Міне, сонда демография мәселесі де оңай шешіледі. Ұрықты әкелерді де ұмытпау керек. Ұрығын олар да қымбатқа сату керек. Дүниедегі ең бағалы, ең қымбат – дені сау ұрық... Нағыз демократиялық қоғам деген осы» [1].
Негізгі бөлім.Үзіндіде айқын айтылған сияқты құрсақ ана (суррогатты ана) қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл әдіс бойынша ерлi-зайыптылардан алынған аталық ұрық пен аналық клетканы арнайы түтiкшелерде сырттай ұрықтандырып, құрсақ ана (суррогат) қызметi арқылы бөтен әйелдiң жатырына салады. Жалпы дінімізде бұндай жолмен бала табуға рұқсат берілмейді екен. Себебі ер кісі мен құрсақ ананың арасында неке жоқ, баланың ата-анасы болып табылатын ер мен әйелдің арасында шариғи тұрғыдан неке шарттары толық орындалуы тиіс. Оның үстіне әйел жатыры тағам түрлері, сусындар, киім, көлік, баспана т.б. секілді сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамды затқа жатпайды ғой. Тексіздікке алып баратын мұндай ерсі істі дініміз еш уақытта құптамайды. Бала анасының жатырында жанданғанымен, кейін сәби мен ана бір-біріне жат, бөтен болып шығатыны анық. Бұл тіпті ана мен бала арасындағы табиғи қатынасты бұзады. Алайда бүгінгі таңда дініміз рұқсат етпеген нәрселерге бет бұруға тура келетін жағдайларға көптеп тап боламыз, демографияны қолға аламыз деп құрсақ ана қызметін атқаруға немесе пайдалануға барып жатқанымыз жалған емес. Жалпы Асқар Алтай әңгімелерінде ана құрсағына ерекше мән беріледі. Бұл шығармадағы оқиғаның дамуы.
«Тарихи туындылар тудыру үшін грек мифотарихынан бастап, әлем тарихына шолу жасап, орыс пен қазақ, қытай мен қалмақ тарихына дейін ақтаруға тырысқан. Соның арқасында қоғамға деген көзқарасы өзгеріп, әлемдік дүниетанымы кеңіді. Қазақ қоғамына деген қораш сезім пайда болып, оған көңілі толмастық ой басында белең алды». "Көркем әдебиет-қоғам өмірінің айнасы" [1] дегендей бұл үзіндіден өнер атаулының басқа
салаларымен тығыз қарым-қатынасын байқаймыз. Тарихи туынды тудыру үшін суретші тарихты егжей-тегжейлі меңгереді. Екінші ғылымды оқу барысында қоғамға, әлемге деген көзқарас пен дүниетанымы кеңіп, көңілі толмастық пайда болады. Бүгінгі қоғамның алған бағытын, осы кейіпкердің таным-түсінігі арқылы береді. Себебі қазіргі таңда адамдар өте ізденімпаз, жаңашылдыққа жаны құмар, өзінің жеке пікірі қалыптасқан, ешкімге бағынбайтын дербес тұлға болып жетілуде.
Негізі көркем әдебиетте әңгімешінің, яғни автордың оқиғаны өз атынан баяндауы 3- жақтан жүзеге асады. Көркем әдебиеттегі баяндау жазушының шеберлігіне, тілінің табиғилығы мен ойнақылығына байланысты ұтымды көркемдік әдіс болып қалыптасқан. Мысалы, «Қазір қазақ тарихы мен қазақ қоғамына көңілі қоңылтақсу сезімінен бе, үлкен тарихи полотноларды қалай сызсам, қалай халыққа жеткізсем деген ұшқыр ойлары маза бермейді. Оны ешкімнің ойына келместей етіп суреттесем деп, іштей ширыққан ізденіс үстінде іркіліп қалған» деген үзіндіден 3-жақтан баяндау кейіпкер ойымен астасып кететіндігін байқаймыз. Бұл бірігу шығарма бойында өте жиі кездеседі.
Төменде келтірілген диалогта қазіргі заманғы үлкен проблема көтеріледі:
«Жат деген жаман... Бұл күнде бәрі де бір-біріне жат... Бүкіл әлем мұхиттағы балықтай араласып жатқанда, қазақтың жаттығы не, тәйірі! Жат болса да жан иесі... Есесіне өзге ұлттарды, жат мемлекет пен халықтарды жатсынбайтын болады. Бізге керегі де сол емес пе?!
Қазақ өзді-өзі жатбауыр болсын, бірақ жатқа құрақ ұшсын... деген ұран ұрып тұрған кезең.
Ендеше, Сарыарқаның даласына жан-жақтан құйылып жатқан жаттарды жатырқамайтын жатжанды ұрпақ керек. Оны тек құрсақ ана жатыры ғана шеше алады» [1], яғни, автор жаттықтан сақтануды ана жатырынан бастауымыз қажет дегенге саяды. Құрсақ анадан туылған бала анасына жат... Қазақтар бір-біріне жат... Елімізде 100-ден аса өзге ұлт өкілдерін жатсынбай отырғанмызда қазақтың қазаққа жатбауырлығы жайлы сөз етіледі. Яғни, жаттықтан сақтанайық деген ұран тастайды автор. Аталмыш әңгімесінде де Асқар Алтай абзац пен абзац, бір оқиға мен келесі оқиғаны байланыстыратын қысқа сөйлемдерді ұтымды қолданады.
Бұл кейіпкерлер бүгінгінің кейіпкерлері. Десе де жағымсыз кейіпкерлер болып санамызда қалады: себебі өте жаман істерді жасап, кісілік қасиеттерді ескермей, адамгершілік талаптарынан тыс іс-әрекетке берілген жандар. Бұлардың қатарына Бүкірді, Байсарыны, Оксананы, студент қызды жатқызамыз өйткені олар зұлымдық, арамдық, күнәһарлық, нәпсіқұмарлық, имансыздыздық, азғындыққа бойларын алғызды. Осылар секілді бүгінгінің адамдары болашақта халқына қасірет алып келетін, намысын аяққа басатын, адамгершілік қасиеттен адасқан тұлға болып қалатынын автор айтқысы келеді.
Шығармада сонымен қатар әрдайым түзу жүріп, дұрыс сөйлеу мәдениеті сөз болады.
Қитығып, қисық шыққан сөз айналып өзіңді табатынын естен шығармауың керек екенін ескертеді.
Әңгімеге Әмір Темірдің картинасы өзек болған. Бүкір салған суретті Байсары екеуінің талқылауын жазушы диалог арқылы береді. Диалогта Алтын Орданы билеген Тоқтамыс хан, Моғолстанды Әмір Темір, Еуропаның тең жартысын басқарған Баязит сұлтанның өмірдегі алған орындарын таныта отырып, Әмір Темірдің биік тұлға болмағандығын айтады, осылайша қысқа диалогта тарихи оқиғаны беруге тырысады.
«Хандық... мемлекет дейсің. Қайдағы мемлекет? Хандық құрып қаншалықты қарқ болдық.
Біздің хандар хан емес – қанқұмарлар... Өзара қырқысты. Қырылды. Халықты үш жүзге бөлді... Ел де қырылып жойылды. Тоз-тоз болдық. Топырақ жаладық. Орысты паналадық. Соның арқасында аман қалдық. Бізде мемлекет болған жоқ...
– Оттапсың! Орыс отарлады. Іріткі салды. Қытай қидалады. Жоңғардан арылған жерді жаулап алды. Сенің жаңағы айтқаныңның бәрі – Шойынбаев пен Масановтың сандырағы ғой... Санаңды сандалтып тастаған екен.
– Шойыныңды да, Масаңды да оқыған жоқпын. Орыс пен әлем тарихын аудара-төңкере қарап шыққаннан кейін түйгенім... Ал олар маған дейін сондай ой түйген қазақ азаматтары болса, молодец!
Олар да Қазақстан азаматтары... Өзгеше ойлауға имеет право. Тем, более, қазақтар!» деген сияқты өткенге, тарихқа жаңа көзқарастар келтіріледі. Дей тұрғанмен бүгінгінің кез-келген зиялы
интеллигенті секілді кейіпкерлер де өз ұлтын, мәдениетін, өнері мен әдебиет, тарихын жақсы біліп, оның кемшілігі мен артта қалғанына сын көзбен қарауы қажет.
«Бүкір» әңгімесінде қазіргі заманғы дін мәселелесі де сөз болады. «Қазір қаншама қазақ «Иса мәсіх нұры» деп шоқынып кеткен... Қаншамасы салафит, уахабит, тағы толып жатқан ит-бит дегенге еріп жүр ғой» дейді. Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани идеалдарды таратушы мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Алайда дәстүрлі діндердің әлеуетін жастар дұрыс түсінбей әлек. Сондықтан дінаралық татулық пен мемлекеттілікті сақтап нығайту үшін жастар рухани құндылықтар жайлы білуі қажет. Діни сауаттылығы артса адамның қоршаған ортаға көзқарасы дұрыс қалыптасып, кемелдену болады. Бірақ ақша десе, анасын, туған баласын сататын адамдарға дінін сату түк емес қой. Оқырманға қоғамның қисайған тұсын тікелей емес, жанама әрі көркем түрде жеткізе білу жазушының үлкен шеберлігі. Сол шеберлікті ішкі идеологиямен, авторлық позициямен ұштастыра білген Асқар Алтайдың бірден бір әңгімесі ол – «Бүкір». Асқар Алтайдың шығармашылығы жаңаша көркем құбылыстарға толы келеді. Осылайша екі достың тарих, қоғам, саясат, өмір жайлы пікірлерін өзара талас-талқысына сала отырып автор шығарманың шарықтау шегін (кульминация) береді.
– Арманың қандай кәззап... (бұзық, жауыз) – Байсары булығып қалды. – Ай, Бүкір, Бүкір!
Сендей сұмнан сақтасын!
– Біздің қоғам – қисық айнада сәулеленген сынық қоғам...
– Қоғамды қисық-қыңыр қылып жүрген сен секілді бүкірлер.
– Мейлі, – деді Бүкір, – бүкір қоғам-ақ болсын. Оны түзеу үшін айнаны сындыру керек.
Қоғамның ақиқат сиқын көресің. Сонда жаныңнан шошырсың. Қазақ қоғамы мен қазақ өмірінің жасырылған қан-жоса жамалы жалған дүниеден түңілтер... Сонда көрер едім, Байсары, сенің сорлы кейіп-кеспіріңді! Нағыз бүкірлікті таныр едің [1].
«Бүкірдің» сюжетінде кейіпкердің болмысы, алуан түрлі оқиғалар арқылы, қарама – қайшылық пен қоғамдық тартыс арқылы ашылады. Асқар Алтайдың әңгімесінің композициясын үлкен құрылысқа теңесек, оның іргетасы, қабырғасы, есік-терезесі, шатыры болатыны сияқты шығармасындағы сюжет өз міндетіне толық жетті деп айта аламыз. Іштей тиянақталған, суреттелген тартыстардың даму сипаттары, себеп-салдарлары толық ашылып көрсетілген. Сонымен қатар оқырманды өзіне баурап алып, суреттелген оқиға дамуындағы әрбір детальдың мәніне ойлана үңілдіреді.
Қорытынды. Жазушы оқырманды бірден баурап әкететін аса өткір жағдайларды таңдаған да шығар, десе де оқырман назарын біріншіден кейіпкердің тосын әрекеттеріне аударатындықтан, кейіпкер әрекеттерінің негізгі себептерінің мәні туралы ойландырады.
Аманболдың бойындағыдай дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не бүкір болса да оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатынас жасауы қиындайды. Дегенмен, Бүкірдің ішкі жан-дүниесінің мықты екенін, рухының биік екенін көре аламыз, себебі ол дене кемістігін ауру санамай, өзін әлеуметтік өмірде ауытқытпай бекем ұстады. Дей тұрғанмен ішкі жан дүниесінде өгейлік... бүкірлік... тоқалдан туғандай шетқақпай көргендігін де автор анық келтіреді. Ал келтірілген үзіндіден біз дене кемістігінің қоғамда белең алатын қисық-қыңырлықтан, жалған дүниелерден әлдеқайда мәнсіз, қоғамның саулығы одан да маңызды екенін байқаймыз. Қоғамды тәрбиелеуді бала жастан бастау қажеттігін, қазақ қалыбын сақтап қалу керектігін, ұлы халықтардың ұлы идеяларын сіңіріп, кішкентай ғана қазақтың емес, көп халықтың – ұлы халықтың ұлы етіп тәрбиелеу керек деген идеяны ортаға тастайды. «Сыртың бүкір болса – болсын, ішің бүкір болмасын» деген шешім адамның рухани әрекет етуге қабілетті, жаны жоғары құндылықтарға толы тұлға болып қалыптасуына үндеу деп қабылдаймыз.
Аты мен тегі болмысына сай асқар биік шыңды өз жолымен бағындырған Асқардың, Алтай тауларында жүріп қазақ әдебиеті үшін сіңірген еңбектерін оқу және оны дәріптеу бүгінгі әдебиетшілердің парызы.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. https://abai.kz/post/41464
2.https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=109&t=19873 3.https://zhazar.kz/4481-2/
ӘОЖ 17.03.31
С.ҚОНДЫБАЙ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ МИФОЛОГИЯ Әшімханов Т.Қ.
ҚХР Орталық ұлттар университеті қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің PhD докторанты Бейжің, ҚХР
e-mail:[email protected]
Мақалада Мәкс Мюллердің салыстырмалы мифология теориясын мысал ете отырып, С.Қондыбаевтің қазақ мифологиясын зерттеуде осы қағиданы қолданғандығы айтылады.
Сондай-ақ, қазіргі тарихи антропология ғылымдарының маманы Америкалық ғалым Айыс Хариктің «Ай мифологиясы» атты еңбегінде сөз этимологиясын қарастырудағы тәсілдері мен С.Қондыбаевтің мифтык танымдарды, сөздерді тұсіндірудегі ұқсас жақтары салыстырылады.
Кілт сөздер: Мәкс Мюллердің салыстырмалы мифология теориясы, С.Қондыбаев және салыстырмалы мифология.
In this paper, Author mentions that Serkbol Hondybayev takes F.M Moller`s comparative mythology theory for example in studying Kazakh mythology .The author compares serkbol`s method with American theorist Haric`s work called «Moon Myth» and analyzes both of their same idea that they had taken.
Key words: The Principles of Comparative Mythology of Minks Muller, S. Kondybaiev and comparative mythology.
В этой статье автор упоминает, что Серкбол Хондыбаев рассматривает теорию сравнительной мифологии Ф. М. Моллера, например, в изучении казахской мифологии. Автор сравнивает метод серкбола с работой американского теоретика Харика «Миф Луны» и анализирует обе их идеи что они взяли.
Ключевые слова: Принципы сравнительной мифологии Минска Мюллера, С. Кондыбаева и сравнительная мифология.
Қазақ әдебиетінде осыған дейін фольклордың бір тармағы ретінде қаралып келген қазақ мифологиясын Еуропалық ғылымның бағыттары бойынша зерттеудің жаңа арналарына бұрған ғалым С. Қондыбай болды. Ол қазақтың ілкі таным дүниесіндегі мұлде өшуге айналған мифтік ұғымдарды көне түркі, үнді, грек, орыс, қытай деректерімен салыстыра отырып, қайта жаңғыртты, жетілдірді. Ғасырлар шайып кеткен ескі іздерді қайта суыртпақтай отырып, адам ойына оралмайтын таңғажайып мифтік дүниелерді ұсынды. Халықтың ескі дәстүрі мен тілінде сақталған танымдық дұниелерді дәп басып танып, аршып, зерлеп, бағалы дұниеге айналдыруда әр халықтың мифтік ұғымдарын салыстыра талдады, қазақ танымына жақын келер тұстарын көрсетті, тың пікірлер айтты. Сөйтіп, салыстырмалы мифология заңдылықтарын қазақ мифологиясында қолданудың ұлгісін жасады.
Даниялық лингвист ғалым Рәсік (Rask, 1787-1832) Солтұстік Еуропадағы көптеген тілдерді салыстыра зерттеп, тарихи-салыстырмалы тіл білімінің негізін қалады. Бұл теорияны кейін ағылшын ғалымы Макс Мюллер (Friedrich Max Muller, 1823-1900) мифологияға қолданып, «Салыстырмалы мифология» (1856) атты еңбегін жазды. Макс Мюллер бұл еңбегінде салыстырмалы мифологияға қатысты бірқатар қызықты мазмұндарды ортаға қойды. Мәселен, Кұн мифологиясы теориясында: «Барлық киелілер мен тәңірлер Кұннен тарайды» [1], – дей келіп, «әлемнің тегі нұрдан келген» деген идеяны ұсынды.
С. Қондыбай «Мифологияға кіріспе» және «Арғы қазақ мифологиясы» атты іргелі еңбектерінде Кұн мифологиясына қатысты ұғымдарды тереңірек талдайды. Қазақтың арғы тегі саналатын «Алаш» этнонимін аңыз деректері бойынша баяндай келіп: «Алаш – тарихи адам есімі емес, өте ежелгі мифтік образ» [2], – деп оны кұнтекті образдар жұйесіне жатқызады.
С.Қондыбай «Алаш», «Алаша» ұғымын талдаумен қатар қазақтың дәстұрінде, тілінде, арғы
танымында сақталған образдық жұйелерді қайта тірілтті. С.Қондыбай қаламымен шыт жаңа бейне, түр тауып, жарқын, жарасымды леппен гұлзат құлпырыс тапты.
С. Қондыбай қай атауды, ұғымды сөз етсе де, оны халықтық таным жұйесі бойынша кешенді талдай отырып, бір ұғымнан келесі ұғымның астарын тауып, аңдатып, айқындап отырады.
«Алаштың алалығы» деген сөзге тоқталғанда: «Алалық – Кұн белгісі. Қазақ танымында мұндай кұнтекті белгі ретінде мына сөздер қолданылады: қалша, қал, пес, алапес, шұбар, кұрең, т. б.» [2], – деп тілдік төркіндердің астарынан мифтік танымды тауып, ұластырып әкетеді.
«Алаш», «үйсін» аңыздарында аяқ-қолы шабылып, суға (немесе лай батпаққа) тасталған бала мифтік деңгей бойынша, алғашқы ғаламдық сумен байланыстырылады. Әлем – алғашында суда қалқып жұрген алтын жұмыртқадан шыққаны көп халықтың аңыздарында айтылады.
С.Қондыбай мұны қазақтың танымы бойынша тұсіндіреді: «Қазақта туғанына әлі қырық кұн бола қоймаған нәрестені «тумақ» дейді, яғни «бала әлі туған жоқ, әлі о дүниелік» деп түсінілген. Міне, Кұн де аталған аңыздардың суға тасталу сюжетінде әлі тумаған кұн болып табылады» [2], – деп, ескі аңыздың астарын арши отырып, қазақтың дәстұрлі ұғымдарын, сөздердің жасалу, тұрлену сипаттарын мифтік салыстырулар арқылы көрсетеді.
С.Қондыбай адам өміріне, кұллі тындыларға (жан иелеріне) тән құбылыстарды дерлік Кұн мифологиясымен, яғни ғарышпен (космоспен) байланыстырады. Адамның ана жатырында ұрықтан (эмбрионнан) жарық әлемге, одан келесі бақи әлемге көшуіне дейінгі тұтас жолын ұлттың ілкітаным жұйесі бойынша мифтік салыстыру арқылы ашады. Ғарыш немесе аспан шырақтары (Кұн, Ай, жұлдыз) мифологиясы жайында дұние ғалымдары көптеген еңбектер жазды. Тұрлі көзқарас, ұстанымдар болды. Мысалы, қазіргі тарихи антропология ғылымының маманы Айыс Харик «Ай мифологиясы» [3] атты кітабында салыстырмалы мифология мен психологияның қағидаларын ұштастыра отырып, адам өміріне байланысты тұрлі шаруашылық пен салт-саналық, танымдық құбылыстарды символдық салыстырулар арқылы баяндайды.
Мысалы, өмірдің барлық құбылысын символдық бейнемен Ай бетіне көшіреді. Ай бетіндегі Перизат, қасиетті ағаш, кеме, арба, т. б. Бәрі-бәрі – тіршілік, таным әрекеттерінің символдық бейнеде көрініс табуы. Айыс Харик күллі тіршілікті аспан шырақтарымен, ғарышпен байланыстырады. Ал С.Қондыбай «бүкіл дұние нүктеден тарайды» деген мифтік танымды ұсынады. С.Қондыбай: «Нүкте – Құдыреттің белгісі, шеңбер – ғаламның символы», – дей келіп, өзіндік мифтік таным ұсынады. Мифтік таным бойынша, ғаламды судан, нұрдан, нүктеден, тағы басқа құбылыстардан таратып, символдай беруге болады. Өйткені С.Қондыбайдың сөзімен айтқанда: «Шексіз ғаламның кескінін де, мөлшерін де, оның қандай материалдан және қандай жолмен пайда болғанын да көріп, тани алмаймыз. Сондықтан осылардың барлығын да пенделерге тұсіндірудің ең қарапайым жолы – символ арқылы кескіндеу. «Мифология»
дегеніміз де – символдар жүйесі» [4].
Бұл арада біздің айтпақшымыз: Айыс Хариктің «Ай мифологиясын» символдық, психологиялық құбылыстармен байланыстырып тұсіндіруі мен С. Қондыбайдың ғаламды символдық құбылыс арқылы бейнелеген тәсілдері өзара ұндес. С.Қондыбай бұл ғалымдардың еңбектерімен, салыстырмалы мифология теориясымен таныс болмауы да мұмкін. Алайда құбылысты танып, тұсіндірудегі методологиялық (әдіснамалық) әдістері тең өреде екенін аңғарамыз. Оның салыстырмалы мифология теориясын қолдануы, әсіресе мифологияны лингвистикалық жақтармен байланыстыра талдауынан тіпті де анық көрінеді. Мысалы, Макс Мюллер бір сөздің көп халықтың тілінде тұбірлері ұқсас екенін негізге ала отырып, өзара салыстырады, этимологиясын анықтап, мифтік таным жұйелерін ашуға тырысады. Мәселен,
«Ar» сөзін былайша сипаттайды:
латын грек көне неміс литван көне орыс
Ar arare apovv aran arti orati
Макс Мюллер сөздердің жасалу тұлғасын салыстыра отырып, тілдік құбылыстардың өте арыдан келетін біртектілік жағын қарастыруға ұмтылыс жасайды.
С.Қондыбай «ар» сөзін Макс Мюллер сияқты сөздің тұпкі жасалу мәніне сұйене отырып, одан туындайтын ұқсас мәндерді іздейді. «Ар» сөзінің арғы мәнін індете қуып, оны прототұркілік сөз ретінде сипаттайды. Зерттеушінің өз сөзімен айтқанда: «Ар – жалпы дүние- ғаламның, тіршіліктің жоғарғы, жалпы мәні. Ар – арғы дүние, ар дүние, о дүние. О дүние «Ар›
болса, О дүниенің адамы «Арық» болған» [2,175].
С.Қондыбай «ар» сөзінің тұпкі мәнін арғы әлеммен, өлілер дұниесімен немесе ғарышпен байланыстырады. «Ар» сөзінің мұнан басқа көп мағынасы бар. Мәселен, «Ар» – тірі пенденің қымбатты қасиеті. Ал «Ар» сөзінен туындаған «арық» сөзін С.Қондыбай: «Еті арылған қу сұйек болған пенде. Ет – бұл дұниенікі болса, сұйек – о дұниенікі. «Арық» сөзінің ежелгі мифтік мағынасы да осы «о дұниедегі тіршілікке» байланысты туындаған» [2,175], – дейді. Мұнда С.Қондыбай «арық» сөзінің мәнін символдық тәсіл бойынша мифтендіріп отыр. Нағында,
«арық» сөзінің мағынасы бұдан өзгерек болуы керек. Қазақта «Арық Мерген» деген ертегі бар.
Ол «әділ, көпшіл» деген мағына береді. Бұл жерде айтарымыз: С.Қондыбайдың сөз мағынасын дәп басуы не жаңылыс тұсіндіруі емес, әрбір деталь, құбылысты зерттеудегі ерекшелігі, мәселені халық танымымен байланыстыра отырып талдағаны, салыстырмалы мифология әдістерін еркін меңгеріп қолданғаны.
Салыстырмалы мифологиядағы заңдылықтар арқылы С.Қондыбай көзқарастары әлемдік ғалымдардың ойларымен бір биікте көрініс тапқанын байқаймыз. Зерттеушінің рухани мұрасы арқылы қай ғасырда туса да, қай елде болса да, тілі мен нәсіліне қарамастан, ұлы ой иелерінің көзқарасы әрдайым өзара ұндесім тауып, ұласып жататынын көреміз.
Қорытып айтқанда, С. Қондыбай – қазақ мифологиясына салыстырмалы мифология әдістерін енгізіп, кешенді зерттеу жұргізген ғалым. Ол қазақ мифтануының жаңа бағыттарын көрсетіп, ғылымның келешектегі дамуына да өлшеусіз ұлес қосты. Жоғалғаныңды тауып, өшкеніңді тірілткен, ұлы ерлік жасап, ұлағатты жол салған мұбәрак тұлға С.Қондыбай әлемі қазақ мифологиясына ғана емес, тұтас қазақ өнеріне алда әлі жарық сәулесін төге беретіні даусыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.麦克斯·繆勒.金泽译,比较神话学,上海文艺出版社,1989年.153页.
2.Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. – Алматы: Арыс, 2008. - 86-175-б.
3.艾瑟·哈婷.蒙子,龙天译,月亮神话,上海文艺出版社,1992年. 266页.
4. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. - 1-кітап. – Алматы: Арыс, 2008. - 34-43-б.