кездегі дәрігерге дейінгі шаралар
Күйген адамдарды тасымалдау. Өрт жағдайында алғашқы жәрдем көрсету кезінде адамдарды өрт ошағынан, түтіннен тез арада алып шығу және адам үстіндегі жанып жатқан киімді сөндіру – ең алғашқы әрекет екенін есте сақтау керек.
Күйік дегеніміз – электр тогынан, сәулеленудің, химиялық заттардың және жоғары температураның әсерінен туындаған ұлпаның зақымдануы.
Ең көп тарағаны термиялық күйіктер, олар барлық күйіктердің 90-95%
құрайды. Олар адамның отпен және қызған заттармен тікелей қатынасынан туындайды.
Өрт кезінде отпен зақымданған күйіктер жиі болады. Бұл кезде бет пен қолдардың күйігі жиі кездеседі. Тез арада сөндіруге немесе шешуге қиын жанып жатқан киімнен болатын күйік ең қауіпті болып саналады. Киімнің 1 – 2 минут жануы өлімге алып келетін аса ауыр күйіктерге әкеліп соқтырады.
Күйіктер ағзаның жалпы реакциясын тудырады. Кішігірім күйікте ол сыздау сияқты табиғи реакция арқылы білінеді. Едәуір күйіктер күйік ауруы тәрізді адам ағзасында көрінетін патологиялық өзгерістерге ұшыратады.
Күйік ауруының ауыртпалығы екі факторлар арқылы анықталады-күйік көлемділігі, яғни зақымдану ауданы, және ұлпаның зақымдану тереңдігі – күйік дәрежесімен. Күйікті дәрежесіне қарай төрт түрін бөледі.
І дәрежелі күйік кезінде терінің ең жоғарғы қабаты-эпидермис зақымданады. Бұл терінің қызаруымен, ісуімен және сыздауымен сипатталатын ең жеңіл күйік дәрежесі. Адам ешбір емсіз 3-6 күн ішінде
ІІ дәрежелі күйік мөлдір сарғыш сұйықтыққа толы (қан плазмасы) көпіршіктердің туындауымен сипатталады. Көпіршіктер эпидермистің жоғары қабаттарының қыртыстану салдарынан туындайды. Олар күйіктен кейін немесе бірнеше уақыт өткеннен соң пайда бола алады. ІІ дәрежелі күйік кезінде терінің терең қабаттарының зақымдалуы болмайды, сондықтан егер де инфекция түспесе, күйген жер 2-3 аптадан соң қатты тыртықсыз өзі жазылады.
ІІІ дәрежелі күйіктер А және Б топтарына бөлінеді, ІІІ А дәрежелі күйік кезінде өскін аумағын сақтаумен терінің барлық қабаттарының – эпидер- мистің және дерманың өлімі байқалады (терең күйіктер).
ІV дәрежелі күйік ұлпаға өте жоғары температура әсер еткенде туындайды. Бұл күйіктің ең ауыр түрі, бұл кезде тері, бұлшықет, сіңір, сүйек және т.б. зақымданады.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі күйіктер үстіртін деп аталады, ол тері қабатының толық қалпына келуімен қоса, өздігінен жазылып кете алады.
ІІІ-ІV дәрежелі терең күйіктер тыртықталу арқылы жазалады, өздігінен жазылып кетуі, тері қабатының 1% дейінгі көлемде, тек күйік жарақатының кішігірім аумағында болады, ол жарақаттанған адам алақанының аумағына сәйкес келеді. Кең көлемдегі терең күйіктер өздері жазылып кете алмайды және емделудің хирургиялық әдістерін, яғни теріні ауыстырып қондыруды талап етеді.
Күйік ауруы ересек адамдарда дене көлемінің 15% және балаларда 10%
алатын терең күйіктерде дамиды.
Жоғары температура әсерінен жанып кеткен теріде адамның өміріне қажетті мүшелерінің функциясының қатты зақымдануын туғызатын биологиялық активті заттар қалыптасады. Күйік ауруының бірінші кезеңі күйген адамның есеңгіреуі болып табылады, оның негізінде қан айналымының орталық түйіндерінде, сондай-ақ ең кіші қылтамырлар деңгейінде қатты зақымдануы жатыр. Қатты күйіктен кейін алғашқы екі сағат ішінде жарақаттанған адам қозу жағдайында болады. Содан кейін уақытша қозу тежелумен алмасады. Есі сақталады, алайда, ауру адамдар өздерінің ауыр жағдайларын жиі бағалай алмайды.
Қатты шөлдеу сақталады. Сұйықтықты ішу құсықпен сабақтасады, ықылық туындайды, іші кебеді. Күйік есеңгіреуінің маңызды белгісі бүйрек функциясының зақымдануы болып табылады. Шығатын сідік көлемі тәулігіне 50-100 мл-ге дейін кемиді, оның түсі күрең сары және күрең қызғылт болады.
Өрт кезінде тыныс алу жолдарының күйігін алу жағдайлары жасалады, ол ауру адамның жағдайын нашарлатады және күйіктен есеңгіреудің екі есе даму мүмкіндігін көбейтеді. Тыныс алу жолдары күйігінің алғашқы диагностикасы нақты қиыншылықтармен байланысты және жанама белгілерге негізделеді: күйік жабдық бөлмеде болады; бет, мойын күйіктері бар; мұрындағы мүктердің жанып кетуі, тіл мен таңдайда күйе жабыны, арқаның артқы жағының ісігі және т.б.
Күйік ауруының екінші кезеңі 2-3 тәуліктен 14-15 тәулікке дейін созылады және нақты интоксикациямен сипатталады: дене қызуы 38-400С жетеді, тахикардия, жиі тыныс алу, ақуыз айналымының, бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы болады.
Күйік ауыруының үшінші кезеңі күйіктен кейін 10-15 тәуліктен бастап есептеледі. Ол инфекцияның дамуымен сипатталады. Инфекция қоздырғыштары ағзаның табиғи қарсыласуының, ретінің бактерицидті функциясы мен тосқауылының төмендеуі салдарынан жарақаттан кейін алғашқы сағаттарда күйген адамның ағзасына түседі.
Күйік ауруының төртінші, соңғы периодына адам ағзасының жүйесі және мүшелер функциясы қайта қалпына келе бастайды. Кейбір жағдайларда жүрек, бауыр, бүйрек функцияларының зақымдануы жарақаттан кейін 2 – 3 жыл өткеннен соң байқалуы мүмкін. Сондықтан күйік ауруынан өткен адамдар ұзақ уақыт бойы диспансерлі бақылауда болу керек.
Алғашқы жәрдем және күйген адамдарды тасымалдау. Алғашқы жәрдем-бұл, біріншіден, жарақаттанған адамнан жоғары температура әсерін жою. Киімі жанып жатқан адам жүгірмеу керек, себебі жүгіріс кезінде ауа Өртті сөндірмей, оны керісінше көбейтеді.
Дененің тік тұруы күйіктің бетке тарылуына, шаштың жануына және тыныс алу мүшелерінің зақымдануына себепші болады. Сондықтан адамды арқасына жатқызу керек және Өртті кез келген әдіспен сөндіру керек: сумен шашу, топырақ төгу, балшықпен жабу және т.б. Өртті сөндірудің тиімді әдісі жарақаттанған адамның үстіне тығыз матаны-брезентті жамылғыны, пальтоны жабу жолымен жанып жатқан жерге ауаның баруын болдырмау болып саналады. Бұл кезде жарақаттанған адамды басымен берге жабуға болмайды, себебі ол жанудың токсикалық өнімдерімен улануға әкеліп соқтырады.
Дененің күйген бөлігін 10-15 минутқа салқын су ағынына қою керек, салқын суға малынған сүлгімен орау керек, қар немесе мұз басу керек.
Алайда күйіктің кең көлемінде салқындату қаупі, себебі ол жүрек қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Содан кейін күйік орнын микроб түспес үшін және сыртқы әсерден қорғайтын асептикалық байламмен жабу керек.
Кішігірім жарақат немесе күйік кезінде жеке таңу пакетімен пайдалану ыңғайлы, ол ені 7 (9) см стерильденген жара таңғышқа тіркелген 9х6 см (немесе 15х15 см) көлемді екі стерильденген мақта – дәкелік жастықтардан тұрады. Бір жастық жара таңғыштың басына бекітілген, ал екіншісі жара таңғыш бойымен керек мөлшерге дейін жылжи алады. Олардың ішкі беті бір–біріне жанасып жатыр.
Таңу материалы жарғақ қағазына буылған, оның қыртысына қауіпсіз түйреуіш салынған. Барлығы да жақтары кішігірім тілінген резеңкеленген қабыққа оралған.
– 1 тілік бойынша резеңкеленген қабықты жырту және шешіп алу;
– 2 қағаз қабығының қыртысынан түйреуішті шығарып алу, ал қабықты
– 3 сол қолмен жара таңғыш соңын алу, оны бір айналым ашу;
– 4 оң қолмен жара таңғыш басын алу, және жара таңғышты тартып, байламды ашу;
– 5 қолмен тек түсті жіппен тігілген жастықтарды ұстау;
– 6 жастықтарды байлау, ал жара таңғыштың соңын түйреуішпен бекіту.
Көлемі бойынша біршама күйікті жабу үшін адам денесінің сол немесе басқа бөлігіне сәйкес келетін арнайы қалып бойынша дайындалған сұлбалы таңғышты пайдаланады. Арнайы таңғыш болмаған жағдайда күйік үстін құрғақ (мүмкін болса стерильденген) сулықтармен жабу керек. Түрлі таза матаны да пайдалануға болады. Таңғышты 700 спиртпен немесе әтірмен мүмкіндігінше сулау керек. Бұл заттардың дененің ауырғанын басатын және залалсыздандыратын қасиеттері бар.
Содан кейін ауру адамның үстін жылы жауып, оған ыстық шәй, одан да дұрысы 1 л суға 1 шәй қасық ас тұздан және ½ шәй қасық ас содадан тұратын тұзды – негізді қоспаны беру керек.
Кең көлемдегі күйігі бар жарақаттанған адамды ақжаймаға орау және жылы затпен жабу керек. Ауруды азайту үшін кішкене арақ немесе араластырылған спирт беруге болады, ал мүмкіндік болса ауруға сездірмейтін шараларды-морфий, пантопол, аналгин енгізу керек.
Ауруды сездірмеу үшін ішінде сездірмейтін ерітіндісі бар шприц тюбикті пайдалану ыңғайлы. Апат болған орында күйік жарасына қандай да бір іс-әрекеттер қолдануға болмайды. Терідегі көбіршіктерді ашуға болмайды, күйген жерге май, вазелин, ұнтақталған картоп немесе басқа да үй заттарын жағуға болмайды. Сондай–ақ күйген теріге марганецті қышқылды калийді, жасыл бриллиант ерітіндісін және басқа да анилин бояғыштарын жағуға болмайды, себебі олар терінің бояуын өзгертіп, зақымданудың тереңдігін анықтауды қиындатады.
Егер күйік кең көлемді болса, онда теріде көп көбіршіктер немесе көмірлену болады, сондай-ақ егер ауру адам қатты ауруға шағым жасаса, емдеу стационарының күйік бөлеміне немесе хирургиялық бөлімге жатқызу керек. Тасымалдау алдында, кең көлемді күйік болған жағдайда тасымалдау кезінде ауруды сездірмейтін препараттар пайдаланылады. Оларды тамыр ішіне енгізу керек, себебі есеңгіреу кезінде бұл заттардың тері асты жасушаға және бұлшықеттерге сіңуі бәсең. Күйген адамды жатқан түрде тасымалдайды, салқындатуды болдыртпау бойынша шаралар қабылдайды.
Көздің термиялық күйіктері.
Бұл күйіктер үстіртін және терең болуы мүмкін, алайда көздің зақымдану тереңдігін бірден анықтау маманға да қиын. Алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі жәрдем тез арада көзді салқын су ағынымен салқындатуға негізделген. Аурудың есеңгіреуінің дамуы қаупіне байланысты шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру керек, есеңгіреуге қарсы шаралар жүргізу және ауру адамды аурухананың көз бөліміне жатқызу керек.
Жанған ауаны (өрт кезінде) немесе түтінді жұтқаннан тыныс алу жолдарының күйюі кезінде тыныс алу қиындайды, дауыс қарлығады, жөтел басталады.
Егер қызған газдардың температурасы адам денесінің температурасынан жоғары болып және әрекет ету ұзақтығы жоғары болса (10-30 минут) жылулық соққы пайда болады. Адам денесінің температурасы 42-460С-ден жоғары болса, күйдіру пайда болады, ал температура 60-700С болса, адам өміріне қауіп төнеді, әсіресе жоғары ылғалдылық кезінде.
Жылулық соққы – қоршаған ортаның жоғары температурасының ұзақ уақыт әсері кезінде ағзаның жалпы қызуының нәтижесінде туындайтын ауыртпалы жағдай. Қызу және қатты терлеу (жылу баланысының бұзылуы) кезінде ағза көп көлемде сұйықтықты жоғалтады, қан қоюланады, ағзада тұз тепе-теңдігі бұзылады, ол ұлпалардың, әсіресе мидың оттегі жетіспеушілігіне алып келеді. Ауаның жоғары ылғалдылығы терморегуляцияны қиындатады, соның салдарынан терінің шығу қабілеті бұзылады. Жылу соққысының алғашқы белгілері - әлсіздік, қатты шаршап әлсірегендік, жүрек айнуы, бас айналуы. Әрі қызу кезінде дене температурасы 38 – 400 – қа дейін көтеріледі, құсық пайда болады, есінен тану, сіңірінің тартылуы болуы мүмкін. Дәрігер келгенге дейін жарақаттанған адамды көлеңкеге немесе жақсы желденетін бөлмеге жатқызу керек, жаға мен белбеуді босату керек, басқа және ірі тамырлар аумағына (мойынның жақ беті, қолтық асты, шап аумағына) мұз немесе салқын су басу керек. Жарақаттанған адамды сулы ақжаймамен жабуға болады.
Химиялық күйіктер көбінесе теріге қышқылдардың (күкірт, азот, тұз), улы негіздердің (улы калий немесе натрий, қатты мүсәтір спирті), хлорлы әк тиюінің әсерінен туындайды. Алғашқы жәрдем зақымданған теріні соданың әлсіз ерітіндісімен (қышқылдармен күйге болса), сірке қышқылымен (негіздермен күйген болса) немесе көп көлемде қарапайым ағынды сумен жуу және серильденген таңғышты салу болып табылады.
Үсу алғашқыда терінің қатты ағаруынан және жарақаттанған жердің жансыздануынан байқалады, содан кейін ісік және көбіршіктер пайда болады.
Егер ісік және көбіршіктер болмаса, дененің үсіген жерін қолмен, таза қолғаппен, мәуіт қиындысымен немесе дәкемен сезімталдық қалпына келгенше, ауру пайда болғанша, тері қызарғанша ысады. Жылы суда белсенді қозғалыс және массажбен жылыну жақсы көмектеседі. Ісік, көбіршіктер пайда болған жағдайда орама таңады, ол үшін жансыз жерге стерильденген жара таңғышты немесе жеке таңу пакетін пайдаланады.
Суық кездерде өрттерді сөндіру кезінде адамдар қатты тоңулары мүмкін. Қатты тоңудың белгілері: қатты селкілдеу, ұйқылық, енжарлық, бұлшық еттерінің қатуынан қимылдаудың қиындығы, ықылықтау, есінен тану. Қатты тоңған адамға алғашқы көмек: теріні уқалау, жылы шәй, кофе немесе 150 грамм арақ, жылы ванна.
Жану өнімдерімен зақымдану. Статистика көрсеткендей өрт кезінде
қызуынан немесе жануынан бөлінетін улы газдар мен уландыратын заттардан қаза табады. Кейде жану өнімдерінен есті жоғалту мен улануға ішке бірнеше дем алу да жеткілікті, күюді көбінесе мәйіт алады. Улану симптомдары болатындар: бастың ауруы, бастың айналуы, құлақтардағы шу, жүректің соғысы, кеуденің қысылуы, жүрек айну мен құсу.
Алғашқы көмектің тиімді нәтижесі зардап шегушіні таза ауаға тез алып шығу, жоғарғы киімін ағытып кеудесіне және басына суық компресс қою керек. Мұндай улану кезінде ең жақсы емдік құрал-оттегімен ұзақ уақыт дем алу. Егерде зардап шегуші есін жоғалтпаса шәй немесе кофе беру керек.
Есінен танған адамға нашатр спиртін искету керек. Дем алысының жоқтығы немесе оның күрт нашарлауы кезінде дереу жасанды дем алдыру жасау керек.
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп зардап шегушіні тез арада емдеу орнына алып бару керек.
Электр тогымен зақымдану. Электр тогының адам организміне әсер етуі кешендік сипат алады. Тірі ұлпалар арқылы өткендегі электр тогының әсер етулері:
– термиялық (күйулердің пайда болуы, ток өту жолдарындағы олардың функцияларын бейберекетсіздікке алып келетін ішкі ағзалардың қызуы);
– электролиттік (органикалық сұйықтықтың және қанның бұзылуы, олардың физикалы-химиялық құрамының бұзылуы);
– механикалық (ұлпалардың қатпарлануы және жыртылуы);
– биологиялық (организмдегі биологиялық үрдістердің бұзылуы).
Электр жарақатын жалпы және жергілікті деп бөледі.
Жалпы орталық жүйке жүйесінің, дем алу және қан айналысы ағзаларының іс-әрекеттерінің бұзылуы, бүкіл организмнің зақымдануы.
Мұндай зақымданулардың салдарлары дененің тартылуы, демнің және жүректің тоқтауы, ақырында жүрек бұлшық еттерінің жеке талшықтарының бейберекетсіз тартылуы (фибрилляция).
Жергілікті электр жарақаттары электрлік күйюлердің әртүрлі дәрежедегі ауырлығының, терінің темірленуінің, механикалық зақымданулардың, электроофтальмияның, «электрлік белгілердің»
ауруларының сезілуімен білінеді.
Металдану-электр доғасында металдың кішкене бөлшектерінің теріге тереңдеп енулері.
Электроофтальмия-электр доғасының ультракүлгін сәулеленуінен көздің сыртқы клегейлі қабығының қабынуы. Осымен бірге электроофтальмия, жүрек фибрилляциясы, демнің салдануы, ішкі күйіктер орталық жүйке жүйесінің іс-әрекетінің, қан айналымының бұзылуы-бұл ішкі зақымдар. Ал терінің электрлік металдануы, электрлік белгі, терінің сыртқы бетінің күюі, дененің сыртқы бетінің механикалық зақымдануы-бұл сыртқы зақымданулар.
Электр күйіктер үшін «электрлік белгілер» тән-электр сымымен терінің жанасу жеріндегі тығыздалу.
Егерде электр жарақаты кезінде киім тұтанатын болса кәдімгі күйік болуы мүмкін.
Электр жарақаты кезінде зақымдану ауырлығы кернеуге, токтың әсер ету ұзақтығына және оның физикалық қасиеттеріне (тұрақты, ауыспалы) тәуелді.
Өте қауіпті ауыспалы ток деп саналады. Токтың қауіптілігі кернеудің өсуімен күшейе түседі. Токтың әсер етуі ұзақ болған сайын электр жарақаты да ауыр болады.
Электр тогының әсер етуіне организмнің кедергісіне адамның физикалық жағдайы (ауру, шаршау, аштық) әсер етеді.
Атап көрсетткендей-ауыспалы ток, тұрақты токтан қауіпті, бірақ та жоғарғы кернеу кезінде (5000 В) тұрақты тоқ қауіпті.
Токтың жиілігі. Өте жоғарғы қауіпті жиілігі 50 Гц-тен 1000 Гц- дейінгі тоқ тудырады.
Жиілік жоғары болған сайын электр тогымен соғу қаупі кеми түседі.
Қолайсыз микроклимат (жоғарғы температура, ылғалдылық), сонымен бірге қоршаған ортаның жағдайы (тоқ өткізетін шаң және едендер, булар мен газдар) адамды электр тогымен соғу қаупін күшейте түседі. Дене арқылы өтетін мүмкін болатын жолдардың ішінен (бас-қол, бас-аяқ, қол-қол, аяқ-қол, аяқ-аяқ және т.б.) өте қауіптісі, бас миының зақымдануы (бас-қол, бас-аяқ), жүрек және өкпе (қол-аяқ).
Төменде адам организміне токтың әсер ету классификациясы берілген.
50 Гц жиілікті және 220 В кернеулі тоқтардың адамға әсер ету сипаты мен шекті рұқсатты деңгейлері бойынша классификациясы:
1) Сезілмейтін ток – бұл адамның қандайда болмасын тітіркенуісіз шекті рұқсатты мән (бастапқы)-0,3 мА.
2) Сезілетін ток – адам токты сезе бастайды (сезу жеңіл, теріні жыбырлату) – 0,6-1,5 мА.
3) Жіберетін тоқ-(токтың сезілуі қолдың білегіне сезіледі, аздап қолды шалқақтатады) – 2-4 мА.
4) Жібермейтін ток – (ауырсынудың сезілуі түгелдей қолға сезіледі, қолдың салдануы қоса жүреді, қатты ауырсыну және салдану иықты қоса алғанда түгелдей қолда сезіледі, электрден қолды алу өте қиын) 6-10 мА, ал 10-15 мА кезінде қолды алу тіптен мүмкін емес.
5) Демнің салдануы-50-80 мА.
6) Жүректің фибрилляциясы 2-3 секундтан кейін 90-100 мА кезінде.
7) Токтың үлкен мәндерінде 200-300 мА кезінде жүректің фибрилляциясы 2-3 сек. кем және жүректің салдануы, терең ішкі және сыртқы күйіктер.
Электр тогымен соққан кезде адамды дереу токтың әсерінен босатып тез оған дәрігерлік көмек көрсету керек. Ол үшін жақын арадағы ажыратқышты ажыратып немесе сымды үзіп зардап шегушіні ток жүретін бөліктен алып кетеді.
1000 В дейінгі кернеулі ток жүретін бөліктерден зардап шегушіні босатқан кезде құрғақ заттарды: жүн, мақта, киім немесе басқа да диэлектрлерді пайдаланады, онымен қоса көмек көрсетуші қорғаныс құралдарын қолдануы (кілемше, боттарды, диэлектрлік қолғаптарды) және бір қолымен зардап шегушінің құрғақ киімінен ұстауы керек. 1000 В жоғары кернеу кезінде құтқарушы диэлектрлік боттарды және қолғаптарды киюі және штанғаны немесе оқшаулағыш қысқыштарды қолдануы керек.
Адамды биіктікте соққан кезде (ол сымда немесе бағанда ілініп қалғанда) токты ажыратпас бұрын құлаудан және мүмкін болатын жарақаттанудан қорғау үшін қауіпсіздіктің ең тиімді шараларын қолданады.
Мысалы, биіктік үлкен болғанда брезент немесе басқа қандайда болмасын мата тарту керек.
Электр тогынан ажыратқаннан кейін зардап шегушіні дәрігер келгеннен кейін толық тыныштықта ұстап, таза ауаның келуін қамтамасыз ету керек, нашатыр спирт искетіп жылыту керек. Егерде зардап шегуші есінен танып қалса, бірақта дем алысы сақталса, онда дәрігер келгенше жасанды дем алдыру жасау керек. Оның алдында зардап шегушіні қысып тұрған киімнен босатып, жағасын ағытып, мойын орағышын шешіп, белдігін алып, кеудесін ашып, аузын бөтен бұйымдардан тазалайды. Жасанды дем алдыруды жүргізген кезде зардап шегуші дымқыл жерде, бетон немесе тас еденде жатпауы керек. Оның астына қандайда болмасын жылы құрғақ нәрсе төсеп үстін жабу керек.
Жасанды дем алдыру және жүрекке жанама массаж жасау. Улы түтінмен улану, бас сүйектің, кеуде және іш жағының ағзаларының механикалық зақымдануы, электр тогының әсер етуі дем алу ағзаларының және қан айналымының дұрыс жұмыс істеуін бұзып, тоқтатып, салдануға тіпті толық тоқтауына алып келеді. Мұндай жағдайлардың көбінде адам есінен танады да оның тірі немесе өлі екенін анықтау қиынға түседі.
Өмір нышанының бар екенін білу үшін ең бірінші тамыр соғысының және дем алысының бар екенін тексереді. Ондай кезде зардап шеккеннің тіршілік нышанының жоқ болу белгілері: тамыр соғысының, дем алысының, жүрек соғысының жоқтығы.
Адамдағы жүректің тоқтау белгілері-бұл ірі артериялардағы тамыр соғысының жоқтығы. Клиникалық өлімнің басталуының негізгі көрсеткіштері – бұл дем алысының және жүректің тоқтауы. Білек тұсындағы сәулелік артериядан тамыр соғысын анықтау қате нәтиже беруі мүмкін, себебі әлсіз жүрек соғысы кезінде тамыр соғысының толқыны дене бөліктеріне жетпейді. Мұндай жағдайда жүрекке жақын мойын тұсында орналасқан ұйқы артериясында тексереді. Тамыр соғысын келесідей анықтайды: мойынның алдыңғы жағында шығыңқы қалқан тәріздес жерден бел омыртқаға қарай ақырын жылжиды. Саусақтың ұштарына білінетін жүректің тартылуының болуы кезінде ұйқы артериясының соғысының пайда болағаны сезіледі. Тамырдың әлсіз және жиі соғуы жүрек әрекетінің әлсірегені туралы белгі береді.
Дем алуды кеңейіп және көтерілетін және дем шығарған кезде төмен түсетін кеуденің ритімді қозғалысы бойынша анықтайды. Демнің тоқтауы дем алу жолдарына ауаның өтуі үшін кедергі жасайтын сыртқы себептерге де байланысты. Оларға ес-түссіз жатқанда тілдің көмейге кетуі және ауызды, жұтқыншақты немесе өңешті бітеп қалған бөгде заттар (көбінесе құсық, былғаныш әртүрлі қатты заттар немесе тамақ) жатады. Жоғарғы дем алу жолдары жартылай бітеліп қалған кезде дем алу кезінде дем қырылдап дірілдеген шумен қоса жүреді.
Демнің әлсіреуінің байқалуы, бет терісінің және еріннің көгеруі, тамыр соғысының минутына 110 дейін және одан да жоғары соғуы өкпеге демді жүргізудің-жасанды дем алдырудың көрсеткіші болып табылады. Жасанды дем алдыру алдында дем алу жолдарының тазалығына көз жеткізеді. Егерде ауыз қуысында немесе жұтқыншақта бөгде заттар болса, онда оларды сұқ саусаққа оралған бет орамалмен, салфеткамен тез алып тастайды.
Өте тиімді жасанды әдіс ауаны ауыз немесе мұрын арқылы өкпеге үрлеу болып табылады. Ол үшін зардар шегушіні шалқасынан жатқызып кеудесін қысып тұрған киімін шешеді. Зардап шегушінің басын шалқайтып, желкесіне оралған киім, басқада нәрсе қойып, төменгі жағын алға тартады, ол үшін үлкен саусақтар жоғарғы жаққа тіреліп, қалған төрт саусақпен төменгі жақтың бұрыштарына баса отырып жақты алға тартады. Осы кезде тілдің арты көтеріліп кеңірдек арқылы демге жол ашылады. Осыдан кейін көмек көрсетуші сол қолының екі саусағымен зардап шегушінің мұрнын қысып ауыз арқылы терең ауа үрлейді.
Үрлейтін ауадағы оттегінің құрамы 18% асады, ол зардап шегушінің қан айналымы мен өмірін ұстауға жеткілікті. Ауаны үрлеуді тез және шұғыл минутына 16-20 рет жүргізеді. Кеуде ұлпаларының бұлшық еттерінің босаңсынуынан қабырғалар төмен түсуіп, демнің шығуы ақырын жүреді.
Жасанды дем алдырған кезде ауызды бет орамалмен немесе салфеткамен оқшаулау керек. Жасанды дем алдырудың дұрыстығын кеуденің жоғары көтерілуінен анықтайды.
Жасанды дем алдыруды өздігінен дем алғанша жасайды.
Тоқтап қалған жүректің іс-әрекетін қалпына келтіру үшін жанама массаж жасайды. Жүректің сыртқы массажы ірі артерияда тамыр соғысының жоқтығы кезінде жүргізілуі керек. Жүректің жанама массажы техникалық тұрғыдан өте қарапайым және әр адамға түсінікті. Оны кез келген жағдайда еш құрал-саймансыз жүргізуге болады. Жүрек кеуде мен ормыртқа арасында орналасқан. Егерде кеуде сүйектеріне басса қабырғалар мен шеміршектердің майысқақтығы арқасында кеуде омыртқа бағытына қарай 4-6 см қысылып жүректі қысады да жасанды систола: жүрек камерасын толтыратын қан үлкен және кіші қан айналымның шеңберіне сығылады.
Жанама массаж жасау үшін ауруды қатты бетке жатқызады. Кеудені киімнен босатады. Көмек көрсетуші зардап шегушінің жанына орналасады да бірінің үстіне бірі қойылған қолдарының алақандарымен кеуденің төменгі
реттен кем жасалмайды. Бұл кезде қолдың күшін ғана емес дене салмағында қолданады.
Екі реаниматормен бір уақытта жасанды дем алдыру мен жүрекке жанама массаж жасаған кезде әрбір жасанды дем беруді кеудеге 5-6 басумен алмастыру керек. Іс-әрекет қатаң келісілуі керек. Кеудеге басуды аурудың өкпесіне ауаны екі үрлеу арасында жүргізу керек.
Іс-әрекеттің келіспеушілігі кеуде ұлпасының жарақатына – ең бірінші кезекте өкпенің зақымдануына алып келуі мүмкін. Жанама массаж бен жасанды дем алдырудың тиімділік көрсеткіші болып табылатындар:
– ұйқы немесе жамбас артерияларында айқын тамыр соғысының пайда болуы;
– ерін мен тері жамылғысының қызаруы;
– көз қарашығының кішірейуі;
– біртіндеп өздігінен дем алудың қалпына келуі.
Барлық жағдайда да есте сақтау керек, жүрек соғысының тоқтауы мен дем алысының жоқтығы кезінде өлім дереу басталмайды, бірақ 5-7 минуттан кейін оттегінің жетіспеушілігінен бас миының ұлпалары өле бастайды және клиникалық өлім басталады, биологиялық өлімнің қайтымсыз жағдайына өтеді. Сол себепті тірілту жетістігі тек білгірліктен ғана емес, сонымен бірге тез іс-әрекетке де байланысты.
15 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ұйымдастыру негіздері
15.1 Қазақстан Республикасындағы және темір жолдағы өрт