• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Деректі фильм түсірудегі техникалық және шығармашылық мүмкіндіктері

In document buljourn.enu.kz (бет 79-85)

Аңдатпа. Мақала келесі міндеттерге бағынады: деректі фильм түсірудің ұтымды тұстарын анықтау, ұжым өкілдерінің атқарар қызметіне шолу жасау, техникалық жаңалықтардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау, ұжым мен техниканың арасындағы байланысты ашып көрсету, жаңа технологиялардың шығармашылық жұ- мыс барысындағы маңыздылығын айқындау, аталмыш технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін талдау, артықшылықтары мен кемшіліктерін саралау.

Деректі фильмді түсірудің ұтымды тәсілдерін ойластыру. Фильмді түсіруде фото- графиялық жабдықтарды жаңашыл бағытта қолдану. Кадрлар жиынтығы мен әуен үндестігін сақтау фильм түсіруде маңызды рөл ойнайды. Деректі фильм үшін ре- жиссер мен команда ұсынылған мазмұнның көркемдік құндылығына мән беруі шарт.

Оған қоса фильмнің әлеуметке тигізер әсері мен мүмкін болатын нұсқаларды ескер- ген жөн. Тақырыптың негізгі идеясын ұмытпауда режиссер жұмысы. Сондықтан жоба шығармашылғында адам күші мен техника күшін бірдей қарастыру керек. Ең бастысы шығармашылық ізденіс әрқашан керек болатынын ұмытпау қажет.

Түйін сөздер: деректі фильм, техника, технология, оператор, фотография.

DOI: https://doi org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-79-84

Кіріспе

Деректі фильмнің сәтті шығуы екі сыртқы фактордың әсеріне ұшырайды, оның бір шығармашылық ұжымның қабілеттілігі, ал бірі түсірілім техникасы.

Деректі фильм жасап түсіру ол жеке шығармашылық емес қайта, ұжымдық шығармашылықты негіз ететіні айқын. Ал деректі фильмнің сәтті шығуына әсер ететін негізгі фактордың бірі ұжымның бірлігі,

түсірілім шеберлгі мен ұжымның ұстанымы және кәсіби қабілеті. Көбінде деректі фильм зерттеушілер арасында қызу талқы жүре қал- са, әуелде осы ұжымда қанша адам болғаны дұрыс? Немесе қандай ұжым толық қанды ма- манданған ұжым бола алады? - деген сұрақтар кездесері анық. Ол жерде адамның саны емес, сапа маңыздырақ сол себепті қандай маман- дар қажет екенін анықтау маңыздырақ. Енде- ше тарқатып көрейік, ұжым құрамы журна- лист, оператор, режиссер, дыбыс режиссері,

Деректі фильм түсірудегі техникалық және шығармашылық мүмкіндіктері

монтажор, редактор қатарлы мамандардан тұрады.

Біз телевизиялық деректі фильм түсіру то- бының негізін ұстайтын ол журналист деген көз қарасты ортаға қойғымыз келеді. Себебі әуелде тақырыпты таңдап алғашқы зерттеу жұмысын алып баратын ол журналист. Ал екінші басқышта жұмысқа кірісетін режиссер, оператор, дыбыс режиссері, бұл үш маман- дық иесі деректі фильмнің шынайы жанды шығуының, журналистың зерттеу нәтижесін экран көзінен көрсетуге өзінің еңбегін, шебер- лігін көрсететін негізгі қосын. Ал монтажор ол барлық жиналған материалды тақырып аясына сәйкестіріп техникалық шеберлігімен ұштастырып фильмді құрастырып көрермен- ге ұсынады.

Осы барысын қарасақ, оңай сезілгенімен егер бір басқыштан қателік кетсе бүкіл деректі фильмнің сапалы шығуына әсер етеді. Қытай- лық деректі фильм зерттеушісі Джя Чжанке бір мақаласында былай деп жазады: «Кәсі- би командалар, олар бірегей көзге ие және әлемді ашуға қабілетті. Деректі фильм шығар- машылығы туралы айтқан кезде, туындыда толығымен дайындалуы керек, көр соқыр- лықпен не болса соны түсіру емес, қайта жүй- елі жүлгелі түсіру керек, бол кәсіби коман- дирлер үшін аса қиындық тудыра қоймайды.

Ал әуесқой команда болса, мәлім бір жерінен қателік кетуі әбден мүмкін» [1]. Мысал кел- тіре кетсек әлемдік деректі фильм түсірудің көшін бастап тұрған «ВВС» деректі фильм түсіру ұжымы болсын, жапониялық «NHK»

ұжымы «Discovery» деректі фильм серікте- стгі, «National geographic» деректі фильм ар- насы болсын барлығы кәсіби мамандардан құрам тапқан. Бәсекеге қабілетті ұжыммен, толық қаржылық мүмкіндікке ие. Түсірген фильмдерін әлемнің әр бұрышы таласа са- тып алып, тарқатып отыр. Тіптен, кей меме- лекеттер арнайы шықырып фильм түсіртеді.

Деректі фильм жасау аса күрделі барыс, бұл барыста жапаға шыдау, әріптестермен ортақ мақсатта жұмыс істеу, ол жүйелі практика- дан өткеннен кейін қалыптасатынын ескерген жөн. Ұжымдағы әр маманның деректі филь-

мге қызығушылығы бар, өзіндік кәсіби деңгейі жоғары, командалық жүйені білетін, кәсіптік моральды толық ұстанған ұжым сәтті деректі фильмдерді түсірері даусыз.

Зерттеу әдістері.

Техникалық жаңалықтардың деректі фильм шығармашылғына әсері.

Ғылым техниканың үздіксіз алға ілгелеуі деректі фильм жасау техникасынада өзіндік өзгерістер алып келді. Осыдан бір ғасыр іл- гері тек дыбыссыз кескін жазатын болса, ал 30 жыл ілгері тек камераның кескін жазу уақы- ты 30 секунд еді. Бұрын тек реңсіз кескіндер жазатын, одан біртіндеп реңді жазуға ауысты.

Тіпті, түсіретін камералардің түрлері де кө- бейіп, бұрын екі адам көтермесе алып жүру қиын камералар еді, ал қазір камераның түрі де сыртқы формасыда өзгерген. Бүгінде техни- каның ілгерлеуі соншалық 8к камера, ұшпалы камера, Gopro сынды жаңа техникалармен жалғасым тауып келеді. Бұл техникалық жаңа- лықтар деректі фильм түсірушілерге көпте- ген қолайлықтар тудырып жұмыс өнімділгін арттырып отыр. Жалпы техниканың өзгерісі деректі фильм саласына әкелген өзгерістерін сараптап көрейік. (Бүгінгі техникалық жаңа- лықтар туралы талқылаймыз).

Талқылау

Біріншіден техникадағы жаңашыл- дық- перспективаны кеңейтті. Ғылым мен техниканың өрлеуімен деректі фильм жа- сау жаңа кезеңге енді. «Қазақстан», «Ғажай- ып Қазақстан», «Үшінші полюс» және басқа да деректі фильмдер көрермендерді жаңа көкжиектердің ашылуына әкелді. Ойласты- рылған әңгіме құрылымы, ұшпалы каме- ра түсірілімі (аэроа түсірілім), қозғалысты (спорттық) түсіру техникасы, ендоскоптар сияқты арнайы фотографиялық және басқа да нысандары пайдалану, деректі фильм шығармашылығындағы «жаңа техникалық ға- сыр» деп айтуға болады. Түсіру жабыдықтары деректі фильм жасау үшін жаңа идеяларды

ұсына отырып, үнемі жаңартылып отырады.

Деректі фильм көрермендердің сенсорлық тәжірибесімен көрермен арасында кері байла- ныс орнатуға назар аударды. Ежелгі заманнан бері адамзат аспанның шексіз кең алқабын көруді армандап келеді, ағайынды Райынттар ұшақты ойлап тапққанға дейін адамдарың арманы ұшу болды. Бірақ олда бүгін таңға- ларлық нәрсе емес секілденді, аэро түсіру ка- мерасының пайда болуы, адамдар экранның алдында отырып ақ әлемді көре алуына мүм- кіндік тудырды. Мысал ретінде «Қазақстан»

деректі фильмін қарастырсақ, бұл деректі фильм аэрофотосемкадан тұрады. Кадрлар бейне тілінің Инновациясына жетеді. «Қа- зақстан» деректі фильмі түсінікті баяндау тәсілін қолданып, кадр мен түсінктеме сөзде өз ара байланстырып, елдегі негізгі провин- циялар мен қалаларға, география тақырыбы- на, кілт ретінде кеңістікке қаланың дамуы мен өзгеруі туралы мәліметтер беріп аудитория- ны өзіне тартады. Аэрофототүсірілм көрер- мендердің туристік турлар сияқты, өзендер мен аспанмен таласқан таулардың ғажайып көріністерді түсіру көрерменге эстетикалық ләззәт бағыштайды. Көру кеңстігін кеңейту- мен қатар, аудиторияның түсірілмге қаты- суына мүмкіндік береді. Бұл инновацияларда болған фотография технологиясының қозға- ушы күші, қазіргі уақытта бұл түсірілімде кеңінен қолданылатын – Gopro.

Нәтижелер

Gopro – бұл спорттық камера, түсірілім ба- рысында қоршаған ортаның негізгі қозғалы- сын жазу үшін пайдаланылады. Шағын және жеңіл корпусы, көптеген түсіру пландары бар, су өткізбеушілік бірегей артықшылығымен ерекше. BBC деректі фильм орталығы жасаған

«Пингвиннің құпия агенті» атты фильмді GoPro арқылы түсіріп материл жинақтады.

«Пингвиннің құпия агенті», copro түсрілімін- де - адамның араласуы жоқ, кішкентай жа- нуарлар днесіне орнатылып кескін жазылды және объект қозғалысы барысында барынша шынайлыққа негізделі. Бұған қоса, GoPro-ның

суға қолдану мүмкіндігі бар. «Теңіз астына сая- хат» атты деректі фильмде түсірушілер GoPro арқылы теңіз астының таңғажайып көрінісін түсіріп, көрермен назарына ұсынды. Ал тех- никаның артықшылғы түсірлім тобы үшін адам күшін де, уақытты да үнемдеп фильмнің сәтті шығуын қамтамасыз етеді. Фототехни- каны инновациялық пайдалану көрерменнің көзқарасын кеңейтіп қана қоймай, кескіннің көркемдік дәрежесін, табиғилығын арттырды.

Мысалы «Бүркітші қыз Айшолпан» фильмін- де бүркіттің аңға түскенін, және кеңістікте ұшу барысын алуда қанатына камера GoPro тағып ұшырады. Сол арқылы кеңістік қозғалысын, бүркіттің түлкіге түсу барысын көрерменге шынайы етіп ұсынады да, кескінің көркемдік дәрежесін қалптастырады. Бұл тек арнайы фотографиялық түсірілім жабдықтардың кейбір мысалдары, портативты электрондық гироскоп фотографиялық құралдар тобына жатады. Олар нақты әлемді ұсыну үшін бай перспективаны пайдалану үшін арналған, ол көрерменге бейтаныс әлемді түсндіруде көп- теп қолданылады. Жалпы алғанда техника- ның ілгерілеуі, телевизия саласының кеңістік шектеуін әлсіретті. Технологияның қарыштап дамуы деректі фильмнің баяндалуын, шығар- машылық барсындағы қиындықтарды жеңіл- детуге бағытталу тиіс.

Екіншіден, фотографиялық жабдықтар технологиясының жаңашылдығының сипа- ты, шынайылыққа ұмтылу.

Француз кинокритигі Андрей Базин «Ке- скінің эстэтикалық сипаттамасы ол шын- дықты ашады», - дейді [2]. Бұл шындық, оның ішінде кескін перспективаның шынайылығы- на шексіз жақындайды. Сондай-ақ нақты мазмұн мен рухани коннотацияны қамтуы тиіс. «Фотография технологиясының үздіксіз прогрессымен, таңдаулы көрініс, бірегей пер- спективасы, аудиторияның қатысу және өзара іс-қимыл сезімін арттыра отырып, жаңа уақыт пен кеңістік ақылы аудиторияға шынайылық көзқарас сылайды. Дегенмен, шындық филь- мнің көрсетілімін және қойылым мазмұнын көрсетеді, ал арнайы кескіндер нысандарды тақырыпты көрсету керек. Деректі фильм

Деректі фильм түсірудегі техникалық және шығармашылық мүмкіндіктері

үшін режиссер мен камера арасындағы үй- лестіру, ұсынылған мазмұнның көркемдік құндылығына және әлеуметтік функцияның құндылығына қол жеткізу.

Мысалы келтіре кетсек, «Қазақ даласынң құпиялары» деректі фильмін алайық. Фильм түсіру барысында қазақ халқына мекен болған байырғы жұрттар, археологиялық қазбалар алаңы сынды жерлерді арлап түсірген фильм қазақ даласынң ежелгі мәдениетін, дәстүрлі өркениеттің мәнін ашып көрсетеді. Бұл ба- рыста түсірілім техникасы тарихтан қалған орындарды түсіруде сөзсіз шынай жағдайлар- ды көрсету тиіс. Техника шынайылыққа қыз- мет ете білу шарт.

Үшіншіден, түсірілім техникасының жаңашылдық рефлекциясы-мазмұн мен фор- маның балансы.

Ейзенштейн былай дейді: «Кескін бізді эмоцияларға, эмоциялардан ойға әкеледі»

[3] фотография жабдықтары технология- сының жаңашылдығы әсерімен, көрініс үл- гісінің сұлулығын деректілігін дәйектілендіру, адамдарға романтикалық визуалды тәжірибе әкеледі. Бірақ деректі фильмнің мәні көре- рмендерге кейбір шынайылыққа жанасуға мүмкіндік беру, операторлардың аудитори- яға эстэтикалық көркемдік, шынайылық сый- лау үшін өз көрінісін түсіре отырып, тарих сахнасын қадағалаудың нақты қажеттілігі. Бұл үдерісте, біз деректі фильмның мазмұнын ұсыну және рухани мазмұн ұсыну талапта- рын елемеуге және шамадан тыс түсірілмге ұрынуымызға болмайды. Сондай-ақ деректі фильмді кеңістік өнеріне айналдырудан ау- лақ болуға тиіспіз.

Оперотор презентацияның мазмұнына және көрсету қажеттілігінің рухына негізде- луі тиіс. Таңдау ең жаңа технологиямен емес, тақырыпты білдірудің ең қолайлы деректі ны- саны болуы тиіс. Режиссер-документалист, аэ- рофотосурет бойынша сарапшы, профессор Гәө Хунмин өзінің «Кино-және телевизиялық аэрофотосъемка монографиясында: «аэрофо- тосъемканы дәуірдің кескін ретінде қабылдай- тындар дәуірі өтті. Әуе жүйесінен түсірілген кескін қазір тек ұқсамған оздықтар арқылы объекттің әр қырынан көрсету арқылы өзін-

дік ерекшелігін айқындап осылайша, ерек- шеліктердің толық жиынтығын аяқтау үшін, жағымды, әдемі әуе тілі қолданылады» дейді [4]. Нақтырақ айтқанда, деректі фильм-визу- алды өнердің нысаны. Бірақ бүгінгі күні тіпті аэрофотосуреттердің өзінде көптеген жұқа жіктелімдер бар, технология баяндау мазмұ- нына қалай сәйкес келеді, оперотор өз техни- калық пайдалану жүйесін тақырыптық негізді ашудың негізіне байланысты дайындау қажет.

Қорытынды

Кинорежиссер Кемерон былай дейді: «Мен адамдар барлық жасау техникасын ұмы- тып, бейне кино залда кино көргенде алдын- да тұрған экранды ұмытып, бейне түсірілім алаңында жүргендей күй кешуін қалаймын.

Барлық техниканың мақсаты көрілім наза- рын техинкалық жұмыстан алыстату. «Де- ректі фильмнің шынайылығы ол ұсынылған мазмұн мен формадан тұрады. Сурет әртүр- лі презентация болуы мүмкін, фотографи- ялық жабдық инновациялық технологиясы, бірақ аудитория бұны психологиялық қатысу және нақты мағынасы жасай алатын нысаны мен мазмұны арасындағы қарым-қатынасты теңдестіру ретінде қабылдайды, бұл, бәлкім, жаңа технологияның жылдам дамуының әсері болар» [5].

Техниканың дамуы деректі фильм шығар- машылығының дамуына жаңа серпін әкел- ді, технологиялық жетістіктер жаңа идеялар әкелді, бірақ жаңа құрал-жабдықтан шок ту- дырған жаңа перспективаларға соқыр ұмтылу емес. Ол қайта деректі фильмдегі көтерген тақырыптың шынайылғына қол жеткізетін құрал. Егер тақырып идея толық зерттелме- ген болса қанша керемет техника болса да, өзекті ойды аша алмайды. Сондықтанда де- ректі фильм шығармашылғында адам күші мен техника күшін тепе-тең ұстап, зеттеу- ді жүйелі ғылыми зерттеп, қай техника үй- лесімді деген сұраққа толықтай жауап іздей отырып, шығармашылық ізденіс жасау керек.

Сыңаржақтылы көз қарастардың туындауы- ның алдына алып кәсіптік қағиданы толықтай ұстанған абзал.

Әдебиеттер тізімі

1. Рабигер М. Деректі фильм шығармашылығы. – Пекин: Қытай ақпарат университеті баспасы, 2005. – 556 б.

2. Curran Bernard Sh. Documentary Storytelling: Making Stronger and More Dramatic Nonfiction Films.

Beijing, World Book Publishing Company, 2011. – 167 р.

3. Zhu Уing. Деректі фильм өндірісі. – Пекин: Кытай халық баспасы, 2015. – 264 б.

4. Николс Б. Деректі фильмге кіріспе. – Пекин: Қытай кинофильм баспасы, 2007. –234 б.

5. Rosenthal А. Documentary filming and production, Beijing, Fudan University Press, 2006. – 289 р.

References

6. Rabiger M. Derektі fil’m shygarmashylygy [Making documentaries]– (Publishing House of the Chinese University of Information, Beijing, 2005, 556 р.).

7. Curran Bernard Sh. Documentary Storytelling: Making Stronger and More Dramatic Nonfiction Films (World Book Publishing Company, Beijing, 2011, 167 р.).

8. Zhu Уing. Derektі fil’m өndіrіsі [Production of documentaries] (Chinese People ‘s Publishing House, Beijing, 2015, 264 р.).

9. Nichols B. Derektі fil’mge kіrіspe [Introduction to the documentary] (Chinese Film Publishing House, Beijing, 2007, 234 б.).

10. Rosenthal А. Documentary filming and production (Fudan University Press, Beijing, 2006, 289 р.).

А.Мутарбек

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

Технические и творческие способности коллектива при создании документального фильма

Аннотация. Статья подчинена следующим задачам: определить плюсы и минусы создания доку- ментального фильма, оценить работу представителей команды, выявить творческие возможности тех- нических новшеств, выявить взаимосвязь между командой и техникой, определить значимость новых технологий в процессе творческой работы, провести анализ методов использования новых технологий, дифференцировать преимущества и недостатки новых технологий, рассмотреть рациональные спосо- бы создания документального фильма, особенности использования инновационных фототехник в кино- съёмке.

Соблюдение композиции кадров и гармонии музыки играет важную роль в кинопроизводстве. В ходе создания документального фильма режиссер и съемочная команда должны обращать внимание на ху- дожественную ценность представляемого контента. Кроме того, необходимо учитывать влияние создан- ного фильма на общество. Режиссёр не должен отходить от главной мысли темы. При создании проекта следует учитывать равную степень человеческой и технической силы. Творческий поиск - залог успеха.

Ключевые слова: документальный фильм, техника, технология, оператор, фотография.

А. Мutarbek

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan

Technical and creative abilities of the team in the creation of the documentary

Abstract. The article is subject to the following tasks: to determine the pros and cons of creating a documentary, to evaluate the work of team representatives, to identify the creative possibilities of technical innovations, to identify the relationship between the team and technology, to determine the importance of new technologies in

Деректі фильм түсірудегі техникалық және шығармашылық мүмкіндіктері

the process of creative work, to analyze the methods of using new technologies, to differentiate the advantages and disadvantages of new technologies, to consider rational ways of creating a documentary, features of the use of innovative photographic techniques in filming.

Compliance with the composition of shots and the harmony of music plays an important role in filmmaking.

For a documentary film, the director and crew must pay attention to the artistic value of the content being presented. In addition, there must be considered the impact of the film on society and possible options. The work of the director with the main idea of the theme. Therefore, the project should equally consider human strength and technical strength. The main thing to remember is that creative search is always needed.

Keywords: documentary film, technique, technology, operator, photography.

Автор туралы мәлімет:

Мұтәрбек А. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және cаясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы, А.Янушкевич көш., 6, Аста- на, Қазақстан.

Mutarbek A. – Teacher of the Department of Television and Public Relations, Faculty of Journalism and Political Science, L.N. Gumilyov Eurasian National University, 6 A. Yanushkevich str., Astana, Kazakhstan.

БАҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ / THE MEDIA AND SOCIETY / СМИ И ОБЩЕСТВО

ХҒТАР 27.25.19

A.A. Irgusaeva O.I. Turzhan

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan

*Corressponding author: [email protected]

In document buljourn.enu.kz (бет 79-85)