• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Еңбек нарығының мәні мен ерекшеліктері

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 130-133)

ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

9.2. Еңбек нарығының мәні мен ерекшеліктері

Ӛндірісті жүзеге асыру үшін ӛндірістің тиісті факторлары болуы тиіс. Демек, әрбір ӛндірістік бірлікте және жалпы экономикада еңбек пен капиталды қосып, олардың арасындағы қажетті пропорцияны қамтамасыз ету қажет. Осы жалпы мәселенің шешімі әр түрлі және экономикалық жүйенің түріне байланысты болуы мүмкін, ал нарық жүйесінде осы мәселе нарықтың кӛмегімен шешіледі.

Еңбек нарығы – бұл еңбекке сұраныс пен жұмыс күшінің ұсынысы қалыптасатын, қызметкерлер бӛлініп, еңбек қызметінің әр түрлі түрлерінің бағасы анықталатын нарықтық қатынастар саласы. Еңбек нарығы – бұл ӛндіріс факторларының нарығының бірі, осы нарық арқылы ең маңызды ұлттық еңбек ресурсы кәсіпорындардың, салалар мен ӛңірлердің, мамандықтардың арасында бӛлінеді. Еңбек нарығының мәніне әр түрлі анықтама берілген. Еңбек нарығы еңбекке сұраныс пен ұсыныс тоқайласып, ұсыныстың бағасы анықталатын қысаң саланы ғана қамтиды, ал еңбек нарығының субъектісіне жұмыс беруші мен жұмыс іздейтін адамдар жатады.

Еңбек нарығын кең мағынада қарастыратын болсақ, ол нарықтық экономикада жұмыс істейтін, ұдайы ӛндірісті, айырбас пен еңбекті пайдалануды қамтамасыз ететін, еңбекке деген сұраныс пен оның ұсынысымен еңбек қарқынын арттыру арқылы қоғамдық қатынастар жүйесі ретінде түсінуге болады. Осы орайда еңбек нарығына еңбекті айырбастау саласы ғана емес (сату-

131

сатып алу), сонымен бірге жұмыс күші мен еңбекті пайдаланудың тыныс-тіршілік ету саласы да жатады. Еңбек нарығында жеке (немесе ұжымды түрде – кәсіподақтар мен кәсіпкерлер одағы арқылы) шартты қатынастар жасап, еңбек сату мен пайдаланудың бағасы мен басқа да шарттарын пысықтайтын сатушылар мен сатып алушылар жұмыс істейді, сондықтан еңбек нарығының басқа нарықтардан ешқандай ерекшелігі жоқ. Сӛйтсе де тауар – еңбек – бірегей болғандықтан, еңбек нарығының ерекшелігі де жоқ емес, ӛйткені бұл меншік иесінен ажырамайтын жалғыз тауар.

Мұның ӛзінде қызметкер сату-сатып алу объектісі емес, оның еңбекке қабілеті сатылып, сатып алынады, ал керісінше егер адам тауар болса, онда оның еркін азамат емес, құл немесе крепостной екенін білдіруші еді.

Қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияда тауар-еңбектің пайда болып, тіршілік етуі үшін қажетті жағдайлар мәселесі арнайы қозғалмайды. Аталмыш мәселе істің мән-жайынан және еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде шекті еңбек ӛніміне тең еңбекақы белгіленіп, осы еңбекақының ӛзгеруі еңбекке деген сұраныс пен оның ұсынысын тепе-тең етуіне орай теориялық жағынан туындайды. Егер осы проблеманы тарихи жағынан қарастыратын болсақ, онда еңбектің тауар ретінде тіршілік етуінің объективті негіздерін елемеуге болмайды. Дамыған тауарлық ӛндіріс үшін екі жағынан еркін, яғни бас еркіндігі ӛзінде және ӛзіне тиесілі ӛндіріс құралдарынан еркін қызметкер қажет. Бас еркіндігі жоқ қызметкер еркін адамнан құлға, тауар иеленушіден – тауарға айналады. Ал адам ӛзіне тиесілі ӛндіріс құралдарынан еркін болмаған жағдайда ол жұмыс күшін (еңбек) ӛзінің ӛндіріс құралдарын пайдалану нәтижесін сататын еді.

Басқа экономикалық теорияларға қарағанда марксизмде тауар ретінде еңбек емес адам организмінің, тірі жеке басының жеке және рухани қабілеттерінің жиынтығы ретінде түсінілетін және адам қандай да болмасын тұтынылатын құнды ӛндіргенде қолданатын жұмыс күші қарастырылады. Мұның ӛзінде баға мен еңбек құны санаттарының құқыққа сәйкестілігі жоққа шығарылмайды, алайда олар тиісінше баға мен жұмыс күші құнының нысандарына айналған (яғни мағынасын бұрмалайды) деп саналады. Еңбек нарығында орын алатын процес- терді түсіну үшін осы шектеудің елеулі маңызы болмайды, тек еңбек-тауарды (егер тауар ретінде жұмыс күші қарастырылса, онда оның адамнан жеке бӛлін-бейтіні айқын кӛрінеді) адамнан ажырамайтынын түсінген жӛн.

Еңбек процесін жүзеге асыратын еңбекті сатушы үшін ӛзінің еңбегінің бағасы ғана емес, сонымен бірге еңбек жағдайы мен ұйымдастыру, ӛндірісте жарақат алу ықтималдығы, бірлескен еңбек процесіне қатысушылармен жасалатын ӛзара қарым-қатынастарда әлеуметтік қолайлылықтың дәрежесі және т.б. маңызды. Еңбекті тауар ретінде тасымалдаушы еңбек қатынастарындағы «әділдікті» басқаша түсінеді, сонымен бірге ол нарықтық емес әдістермен (ереуілдік күреске дейін) меншік ұйым (атап айтқанда, кәсіподақ) құруға, еңбекақыға талап қоюға және басқа да мәселелерді шешуге қабілетті.

Жұмыстың ауырлығындағы, жағдайындағы, оның тартымдылығының дәрежесіндегі және қоғамдық артықшылығындағы айырмашылықтардың маңызы нарықтық факторларға қарамастан тӛленетін еңбекақыдағы елеулі айырмашылықтарға себеп болады. Еңбек-тауардың бағасындағы ӛтемақы айырмашылықтары да еңбек нарығындағы жағдайдан туындайды.

Сӛйтіп еңбек тауар ретінде оның меншік иесі – адамнан ажырамайтындықтан, жалдамалы еңбек әр түрлі нарықтық емес факторлар ӛзге нарықтармен салыстырғанда анағұрлым маңызды рӛл атқарады.

Тауар-еңбектің кез келген кеңістігінде қызметкерді де ауыстыруды ұйғарады. Ал мұның ӛзі отбасының келісім, балаларды жаңа жерде оқыту, тұрғын үйдің болуы және т.б. қосымша проблемаларды туындатады, сонымен бірге әкімшілік-құқықтық шектеулер (тіркеу режимі, ұлттық, діни немесе жынысы бойынша кемсіту) кездесуі мүмкін. Осындай шектеулер неғұрлым аз және олар әлсіз болса, еңбек нарығы солғұрлым кӛп дамиды, алайда аталмыш шектеулерді толықтай еңсеруге болады, сондықтан еңбек нарықтары сегменттерге бӛлінеді. Ұлттық және діни (жергілікті), салалық және кәсіби еңбек нарықтары, меншік нысан, әлеуметтік-демографиялық топтар боынша еңбек нарықтары және т.б. болады.

Еңбек нарығының негізгі элементтеріне:

нарық субъектілері: жұмыс берушілер мен ӛндірісте жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін, алайда жұмыс істегісі келетін және жұмыс іздеп жүргендер;

еңбек нарығының субъектілерінің арасындағы қатынастарды және оның инфрақұрылымының қызметін реттейтін нарық институттары;

132

нарық инфрақұрылымдары: халықты жұмыспен қамту қызметтері, кәсіби бағдарлау қызметтері, қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау қызметтері, жұмыспен қамту қорлары, жарнама фирмалары және т.б. жатады.

Еңбек нарығы қалыпты жұмыс істеп, еңбек нарығының негізгі функцияларын орындау үшін үшін нарықтың барлық элементтері болып, олар ӛзара ықпалдасуға тиіс. Еңбек нарығының негізгі функциясына мыналар жатады:

баға белгілеу – еңбекақының мӛлшері белгіленеді;

ақпараттық – еңбек нарығының субъектілеріне сұраныс пен ұсыныстың деңгейі, сол немесе басқа кәсіп, мамандық, біліктілік және т.б. бойынша тӛленетін еңбекақы жӛніндегі шынайы ақпарат береді;

бӛлу – жұмыс орындарының арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ете отырып, жұмыс күшін бӛледі.

Еңбек нарығының басты функциясы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын, әлеуметтік тұрақтылық пен еліміздің саяси қауіпсіздігінің теңгерімділігінің негізінде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбек нарығының жай-күйі мен оның қалыпты жұмыс істеуіне кӛптеген сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Қазақстандық нарықтағы жағдайдың ӛзгеруіне экономиканың ғаламдануы, халықаралық еңбек бӛлінісі, шикізат ресурстарының әлемдік бағаларының жағдаяты, халықаралық кӛші-қон, жасырын еңбек кӛші-қоны сияқты сыртқы факторлар ықпал етеді. Ал қазақстандық еңбек нарығына тікелей ықпал ететін ішкі факторларға тұрақты экономикалық ӛсу, индустриялық- инновациялық даму, экономиканы қайта құрылымдау, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, жасы бойынша экономикалық белсенді халық, жұмыс күшін даярлау, жұмыс күшінің білімі мен кәсіби даярлығының деңгейі, ӛңірлердегі еңбек нарықтарындағы жағдай, аумақтардағы, салалардағы және кәсіби ауқымдағы жұмыс күшінің ұтқырлығы сияқты факторлар жатады.

Қазақстандық еңбек нарығы үлгісінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде (1990-1998 жж.) халықты жұмыспен қамту саясаты швед үлгісіне жақын бағытта жүзеге асырылды. Алайда ҚР жұмыспен қамту саясатын іске асыруда негізінен жұмыссыздық жӛніндегі ӛтемақы тӛлеумен шектелетін енжар іс-шаралар қолданылды. Еңбек нарығы ұзақ уақыт бойы осылай тиімсіз жұмыс істей алмады, сондықтан ҚР Үкіметі жұмыссыздарға тӛленетін ӛтемақыны материалдық жәрдеммен ауыстыру, жұмыспен қамту қорының мӛлшерін шектеу, орталықтар мен жер-жерлерде жұмыспен қамтитын үлкен қызметтерді қайта ұйымдастыру сияқты бірқатар қатаң шара қолдануға мәжбүр болды. Алайда сонымен бір уақытта жұмыспен қамту саясатында қоғамдық жұмыстарды жандандыру, қосымша жұмыс орындарын құру және жұмыссыздарды қайта оқыту арқылы жұмыссыздықпен күресу жӛніндегі белсенді шаралар жүргізуге бетбұрыс жасалды.

Қазақстанның егемендігінің қалыптасу барысында еңбек нарығының қалыптасуымен байланысты бірнеше кезеңді атап ӛтуге болады.

Бірінші кезең 1990-1991 жылдарды қамтиды және экономикалық еркіндіктің ауқымын кеңейтетін әрі кәсіпкерлік қызметті дамытатын бірқатар заңның қабыл-дануымен байланысты.

Осы кезеңде осы кезеңдегі еңбек қатынастары саласының басты құқықтық құжаты, 1991 жылы күшіне енген және жұмыссыздықты жария еткен «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң қабылданды. Еңбек нарығын реттеу жӛніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің «Қазақ ССР мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі туралы» 1991 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметін құру туралы шешім қабылданып, жұмыссыздықтың алдын алу мен оның әлеуметтік салдарын жеңілдетуге бағытталған республикалық және ӛңірлік жұмыспен қамту бағдарламалары әзірленді.

Екінші кезең 1992-1995 жылдар аралығын қамтиды. Экономикадағы жағдайдың тұрақсыздығы, кәсіпорындардың банкрот болуынан жұмыс орындары мен жұмыс істейтіндердің санын күрт қысқартты. Ӛткен тәуелсіздік жылдары ішінде 1992-1995 жылдар аралығында жұмыспен қамтылған халықтың саны айтарлықтай, яғни жылына 4%-ға азайғаны тіркелді.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес республикада жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау механизмін қалыптастыру қолға алынды. Жұмыссыз деп танылған азаматтарға жұмыссыздық жӛнінде жәрдемақы алу құқығы берілді. Жұмыспен қамтылмаған еңбек ресурстарын әлеуметтік қолдау жүйесіне әлеуметтік тӛлемнен басқа жұмыс орнын іздестіруге арналған әлеуметтік жеңілдік енгізілді. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері осы кезеңде уақытша жұмысқа орналастыру мен қоғамдық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету жӛнінде кӛп жұмыс атқарды.

133

Үшінші кезең 1996-1998 жылдарды қамтиды. Жекешелендіру мен мемлекет иелегінен алу процесінің ӛрістеуіне байланысты артық жұмыс күшін жұмыстан босату одан әрі жалғасты.

Экономикалық белсенді халықтың жұ-мыспен қамту деңгейі 87%-ға дейін тӛмендеп кетті. ҚР Үкіметі ұзақ уақыт бойынша жұмыссыздық жӛніндегі жоғары жәрдемақы тӛлеу арқылы жұмыспен қамтудың енжар нұсқасынан бас тартып ӛзінің күш-жігерін жұмыс іздеу мен жаңа мамандық алу мүмкіндігін беру мен ынталандыруға жұмсады. ҚР Үкіметі ұлттық тауар ӛндірушілерді барынша қолдауға, ішкі еңбек нарығын қорғауға және шетелдік жұмысшылар мен мамандарды тартуды шектеуге бағытталған, 1996-1998 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірледі.

Тӛртінші кезең 1999 жылдан басталып 2007 жылдың соңына дейін жалғасты. Осы кезеңде еңбек қатынастары «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңның негізінде реттелді. 1999 жылдың 1сәуірінен бастап жұмыссыздық жӛніндегі жәрдемақы әлеуметтік жәрдемақымен – халықтың аз қамтылған топтарына берілетін бір есептік кӛрсеткіш мӛл-шеріндегі материалдық кӛмекпен ауыстырылды. Мемлекеттік жұмыспен қамту қоры республикалық бюджетпен біріктірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жӛніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама» атты 2000 жылғы 3 маусымдағы №833 қаулысы республикада әр отбасының кем дегенде бір мүшесін жұмыспен қамтуға және жұмыспен қамтылған халықты еңбек қызметіне тартуды ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталды.

Егер 1996-1999 жылдар аралығында жұмыспен қамтылғандар санының 1,8%-ға тӛмендеу қарқынының баяулағаны байқалса, ал 2000 жылдан бастап – жұмыспен қамтудың ұдайы артып келе жатқаны байқалды. 2007 жылы 15 және одан жоғары жастағы халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі (2001 ж. – 62,9%) 70,4%-ды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында ерлер 3922,8 мың адамды (51,4%), әйелдер – 3708,3 мың адамды (48,6%) құрады. Соңғы жылдары қонақ үй-мейрамхана бизнесінде, құрылыста, қаржы саласында, білім беруде, мемлекеттік басқаруда, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет кӛрсетуде, тау-кен ӛнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің санының жылдам ӛсуімен байланысты халықтың экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылуда. Жұмыспен қамтылған халықтың жартысы халыққа қызмет кӛрсетумен айналысады.

Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыспен ӛнімді қамтуға кӛмек кӛрсету үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздеу мен іріктеу және жұмыссыздар мен халықтың мақсатты топтарының ӛзге ӛкілдерін оқыту, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жәрмеңке-кӛрме ұйымдастыру, жастардың практи-касын ұйымдастыру пайдаланылды. Елімізде жыл сайын екі жүз мыңнан астам жұмыс орны, оның жартысынан кӛбі – селолық жерлерде құрылды. 2005-2007 жылдары жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп ӛтініш жасаған бес жүз азаматтың 87%-ы жұмысқа орналастырылды, кәсіпке оқыту мен қайта даярлауға 55,5 мың жұмыссыз жіберілді. Осының нәтижесінде жұмыспен қамтылған халықтың саны 7,6 млн адамға (2006 жылы 7,4 млн адамнан) ұлғайды. Экономикадғы оң ӛзгерістер мен жұмыспен қамту саласында мақсатқа орай жүргізілген саясаттың, жаңа ӛндірістер құрудың, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың арқасында жұмыссыздықтың деңгейі 1999 жылғы 13,5%-дан 2007 жылы 7,3%-ға дейін тӛмендеді.

Бесінші кезең нарықтық экономиканың тиісті жағдайына жауап беретін ҚР Еңбек кодексі қолданысқа енгізілген 2008 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Сонымен бірге осы кезеңде мемлекет әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан туындаған еңбек нарығын реттеудегі рӛлі артты.

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 130-133)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР