• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Жанама реттеу әдістері мен қҧралдары

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 73-79)

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

5.9. Жанама реттеу әдістері мен қҧралдары

73

Мемлекеттік меншікті басқару жүйесін жетілдіру саласындағы қазіргі кезеңде жүргізілетін мемлекеттік саясаттың бір бағытына экономиканың ӛндірістік әлеуетін сақтап, оны ӛрістету, сондай-ақ әлемдік нарықтағы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жекешелендіру процесін уақытында жүргізу жатады. Мәселен республикалық мемлекеттік унитарлық кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін арттыру, республикалық мүлікті пайдаланудан алынатын табысты арттыру мақсатында ҚР Үкіметі шаруашылық жүргізу құқығына негізделген унитарлық нысандағы кәсіпорындарды тек жекелеген, ерекше жағдайда ғана сақтауға жол беріледі.

Еңбек нарығының жай-күйі экономиканың жұмыс істеуінің тиімділігі мен қоғамның әлеуметтік кӛрсеткіштеріне тікелей ықпал етеді. Сол себептен мемлекет жұмыссыздықтың шамадан тыс деңгейіне жол бермеу, жұмыс күшінің бағасы-ның еңбекақы мӛлшеріне және еңбек нарығы жай-күйінің басқа да кӛрсеткіштерінің барынша сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс күшіне сұраныс пен оның ұсынысының арақатынасын реттеуге тиіс. Мемлекет осы салада тікелей және жанама ықпал ету әдістерін де қолданады.

Тікелей әдістердің арасынан ең алдымен жұмыс орындарын жасау, кадрларды даярлау мен қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың мемлекеттік мақсатты бағдарламаларын атап ӛту қажет. Осы бағдарламалар барлық деңгейдегі бюджеттерден немесе шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлесіп қаржыландырылуы мүмкін. Екінші әдіс – халықтың аз қамтылған тобы (мүгедектер, жастар, кәмелетке толмаған жастағы балалары бар әйелдер) үшін жұмыс орындарын квоталау. Квоталау ӛңірлік бюджеттің қаражатының немесе ұйымдардың меншікті қаражатының есебінен қаржыландырылады.

Еңбек нарығын реттеудің ерекше әкімшілік әдісіне ең тӛмен еңбекақы нормативін белгілеу мен бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын реттеу жатады. Ең тӛмен еңбекақы нормативі жұмыс күшінің ұдайы ӛндірісінің әлеуметтік жағынан жол берілетін деңгейіндегі еңбекақының ең тӛмен шегін білдіреді. Демек, экономиканың кез келген секторының осы кезең ішінде жұмыс нормасын жұмыс істеген және еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің нақты айлық еңбекақысы осы нормативтен тӛмен болмауға тиіс. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ең тӛмен еңбекақы мӛлшеріне кӛтерме ақы (қосымша ақы мен үстемеақы, сыйақы мен т.б.); қалыпты жағдайдан басқа жағдайда жұмыс істегені; ерекше ауа-райы жағдайында және радиоактивтік ластанған аумақтарда жұмыс істеген үшін тӛленетін тӛлемдер енгізілмейді. Қазақстан Республикасының барлық ұйымдары үшін ең тӛмен еңбекақының нормативтік деңгейі міндетті болып табылады. Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын Бірыңғай тариф сеткасы арқылы әкімшілік реттейді.

74

банк кредитінің пайыздық ставкасын және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысының салық ставкаларын ӛзгерту сияқты әдістерді пайдаланады. Кредиттің арзандауы мен табысқа салынатын салық тӛмендеген жағдайда шаруашылық қызметтің ауқымы кеңейеді, демек, жұмыс орнының саны артады. Мемлекет еңбек ету жағдайы мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне ықпал ете отырып, жұмыс күшінің ұсынысына да жанама ықпал етеді.

Пайдаға салынатын салықты есептеу кезінде ескерілетін еңбекақыға жұмсалатын шығынды реттеу де шаруашылық жүргізуші субъектіге ықпал ететін екінші экономикалық ықпал ету әдісі болып табылады.

Ақша ресурстары нарығын мемлекеттік жанама реттеу шараларының арасынан міндетті резервтер нормасы мен қайта қаржыландыру ставкасын атап ӛту қажет.

Экономикада ақша мультипликаторын тӛмендету арқылы ақша массасының қозғалысын, банк жүйесінің жалпы ӛтімділігін реттеу және ақша агрегаттарын бақылау үшін, Ұлттық банк міндетті ақшалай қаражат резервінің нормасын пайдаланады. Міндетті резервтер нормасы – бұл коммерциялық банктер мен басқа да кредит мекемелерінің еліміздің Ұлттық банкте депозитінде сақтауға міндетті заңда белгіленген үлесі. Кредиттік ұйымдардың ҚР Ұлттық банкінде міндетті резервті депозитте сақтау тәртібі ҚР ҰБ кредиттік ұйымдардың міндетті резервтері туралы ережеде белгіленген.

Норма банк пассивінің жекелеген баптары бойынша құралатын міндетті резервтер сомасының тиісті баптар бойынша міндеттемелердің мӛлшеріне пайыздық арақатынасы ретінде белгіленеді.

Аталмыш резервті кредиттеу үшін пайдалануға болмайды, сондықтан міндетті резерв мӛлшері ӛзгеруі Ұлттық банк ақша мен кредиттің ұсынысын реттеуге, сонымен бірге инфляцияның динамикасына ықпал етуге мүмкіндік береді.

Кредиттің пайыздық ставкасы инфляциялық процестің ықтимал дамуының алдын алатын екінші жанама әдіске жатады. Ұлттық банк алдын ала тексеру іс-әрекеті ретінде пайыздық ставканы былайша ӛзгертеді, яғни егер инфляцияның ӛсу белгілері пайда болса, онда коммерциялық банктер мен басқа да кредит мекемелеріне берілетін кредиттердің пайыздық ставкасы арттырылады. Банкаралық кредиттің қымбаттау нәтижесінде коммерциялық банктер шаруашылық жүргізуші субъектілерге беретін кредиттің пайыздық ставкалары кӛтеріледі, осының салдарынан ақша айналысы аясына ақшаның түсуі шектеледі.

Мемлекет сыртқы экономикалық саясат ауқымында қолданатын басты экономикалық әдіске айырбастау бағамын реттеу жатады. Айырбастау бағамын Ұлттық банк валюталық басқыншылықтың кӛмегімен, яғни шетел валютасын белгіленген мӛлшерде сату немесе оны сатып алудың кӛмегімен жүзеге асырады. Осындай басқыншылықтың кӛмегімен шетелдік және ұлттық валютаның сұранысы мен ұсынысының теңгерімділігіне қол жеткізіліп қолданады. Қазақстанның Ұлттық банкі валюталық басқыншылықты теңге бағамының тұрақты динамикасын қамтамасыз ету, валюта нарығының күрт ауытқуына қарсы іс-қимыл жасау үшін ойдағыдай пайдаланады. Осы әдіс мінсіз болмаса да оның арқасында біршама қысқа уақыт мерзімі ішінде теңгенің бағамын реттеу мақсатына жетуге болады.

Ұлттық банк жүргізетін ашық нарықтағы операциялар арқылы мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне жанама ықпал етеді. Мұның ӛзінде мемлекет бағалы қағаз эмитентінің рӛлін атқарып қор нарығының құрылымына тікелей ықпал етеді. Мемлекеттің осы қызметінде мемлекеттің ақшалай қаражатқа қажетін қосымша эмиссиясыз (қамтамасыз етілмеген) қамтамасыз етуге және сырттан қарыз тартуға тырысады. Қазақстанның Ұлттық банкі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға қаражат тарту үшін осы әдісті ойдағыдай пайдаланады.

Жер мен басқа да табиғи ресурстарға монополия алынғаннан кейін олар сату-сатып алу және азаматтық-құқықтық мәміле объектісіне айналды. Осының нәтижесінде табиғи ресурстарды пайдалану тӛлемін белгілеу қажет болды.Тӛлемнің табиғи ресурстардың (жер, орман, су, жер қойнауы мен басқалар) тӛлемі және қоршаған табиғи ортаны ластағаны және басқадай ықпал ету үшін тӛленетін тӛлем деп аталатын екі түрі болады.

Тӛлемнің бірінші түрі тиісті табиғи-ресурстық заңнама актілерінде белгіленеді және ол табиғи ресурстарды белгіленген лимит шектерінде пайдалану, табиғи ресурстарды лимиттен тыс және ұтымсыз пайдалану, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұдайы ӛндіру мен қорғау құқығы үшін ӛндіріледі. Тӛлемнің ережелері мен ставкалары оның түріне орай республикалық деңгейде белгіленеді және Қазақстан Республикасының субъектілерінде сараланады.

ҚР Жер кодексіне сәйкес жер салығы (жылжымайтын мүлік салығы қолданысқа енгізілгенге дейін) мен жалға алу тӛлемі жерді пайдалану тӛлемінің нысаны болып табылады. Жер салығын есептеу және оны тӛлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салықтар мен жиындар туралы

75

заңнамасында белгіленеді. Жер салығының мӛлшері жердің меншік иесінің, жерге иеленушілердің, жерді пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты және жер кӛлемінің бірлігі үшін бір жылға шағылған тұрақты тӛлем түрінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасында су объектілерін пайдалану үшін тӛлемдер жүйесі қарастырылған, оған су объектілерін пайдалану тӛлемі (су салығы), су объектілерін қалпына келтіру мен қорғауға жұмсалатын тӛлем кіреді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу әдістеріне, қоршаған ортаға келеңсіз ықпал ету үшін тӛлем белгілеу; ластайтын заттар мен микроорганизмдерді тастау мен лақтыру лимитін белгілеу, ӛндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру және қоршаған ортаға келеңсіз ықпал етудің басқа да түрлерінің лимитін; қоршаған ортаға келтірілетін залалды белгіленген тәртіппен ӛндіру жатады.

Қоршаған ортаға келеңсіз ықпал ету тӛлемін есептеу және оны ӛндіру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

Экспорттық-импорттық тауар ағынын квоталауды, әдетте, мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатындағы мемлекеттік жанама ықпал ету әдісі – кедендік-тарифтік реттеу толықтырады.

Бұл жерде міндетті жарна – бұл іс жүзінде шекара арқылы ӛткізілетін тауарлар, құндылықтар мен мүлікке салынатын салық пен кеден бажы негізгі реттеуші. Кеден бажын кеден органдары кеден тарифінде кӛзделген ставкалар бойынша ӛндіреді. Тариф тауарлар бойынша жүйеленген кеден баждары ставкаларының жиынтығын (ӛңдеу дәрежесіне байланысты) білдіреді.

Экономиканы реттеудің нормативтік-құқықтық базасын мемлекеттің экономикалық саясатының ӛзгерістеріне бейімдеу үшін жалпы пысықтап және ұдайы жаңарту қажет. Әлемдік мемлекеттік реттеу тәжірибесі экономиканың дамуына орай экономикалық әдістер қолданылатын аяның кеңейіп, мемлекеттің экономикалық жүйеге ӛкімдік етіп араласу мүмкіндігі тарылып келетінін кӛрсетеді. Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңінде негізінен жанама реттеу әдістерін пайдаланатын мемлекеттік реттеу жүйесі қалыптасып келе жатыр.

5.10.

Ғаламдық қаржы дағдарысы және ҚР Ҥкіметінің оны еңсеру жӛніндегі іс-шаралары

Соңғы 200 жылдың ішінде кезеңді дағдарыстар ӛзінің тереңдігі мен нысанын ӛзгерте отырып, капиталистік нарықтық экономиканы үнемі күйрететіні белгілі. Қазіргі кезеңде белең алып отырған дағдарыс аяқ асты пайда болып, әлемге кең таралып, терең бойлады, оның шығу тегі мен ауқымы да ӛзгеше болды. Қалыптасқан жағдайда мемлекет дағдарыстың салдарын бейтараптандыру, оның ықпалын тӛмендету үшін қыруар ресурс жұмсап, ӛзінің рӛлін күрт арттырды.

Осы ірі экономикалық құбылыс ӛзін экономикалық ӛзара байланысы терең әрі күшті шын мәнінде ғаламдық құбылыс екенін кӛрсетті. Халықаралық еңбек жаңаша бӛліне бастады, осының нәтижесінде ӛңірлердің шиеленісті бәсекесінің барысында ӛңірлер әр түрлі салаларға мамандана бастады. Әлемнің барлық елдері ортақ экономикалық ӛзара байланыстармен тығыз байланысты болды. Мысалы, американ-қытай сауда-экономикалық ықпалдастығы осы мемлекеттердің бұрыннан бері бір-бірін ұнатпайтынына қарамастан олардың арасындағы сауда ықпалдастығын бұзу мүмкін емес және елдер күннен-күнге бір-біріне тәуелді бола бастады. АҚШ-қа арналған қытайландырылған ӛндіріс және Қытай үшін американдырылған сұраныс қалыптасты десе болады.

Дағдарыс қаржы нарығында пайда болған үйлесімсіздіктен пайда болды. Нақты тегінен айырылған, бірнеше рет жасалған туынды қаржы трансакциялардың нәтижесінде жинақталған ақшалай қаражат виртуалды түрде ғана болса да қыруар ақша ресурсы әлемдік экономикаға елеулі нұқсан келтіреді. Кепілхатты, бағалы қағаздарды тәуекелден қайта сақтандырудың және олардан пайда алудың орасан зор кӛп қабатты әрі кӛп сатылы жүйесі қалыптасты. Нәтижесінде әр түрлі бағалы қағаздарды ұстаушылар – «тәуекелдердің қожайындары» орта арадағы буындардың кӛп

санының болуына байланысты бастапқы кепілхатпен байла-

нысты жоғалтты. Халықаралық есеп айырысу банкінің деректері бойынша 2008 жылдың маусымында туынды қаржы құралдарының (деривативтердің) жалпы шартты құны 684 триллион долларды құрайтын сомаға жетті. Жасанды ақшамен шексіз айлашарғы жасау барысында әр түрлі

76

қызықтыратын шаралар ойлап табуға болады және оларды белгілі қаржыгерлердің ӛздері де пайдаланады. Қаржы пирамидасын құрып, инвесторларға 50 млрд доллар залал шектірген Насдак (NASDAQ) қор биржасының бұрынғы тӛрағасы Роберт Мэддофтың тұтқынға алынуы осыны растайды.

Тұрақсыздық жағдайында ақша үй сейфінен немесе бұдан сенімді консервативтік қаржы ұйымдарынан сенімді пана іздейтін болды. Экономикалық залалға жататын осы ақшаның кетуі ипотекалық кредиттен шегілген тікелей ысыраптан бірнеше рет асып түсті. ХВҚ ақшаның кетуінен шегілген залалды 3,8 трлн долларға бағалады, бұл нақты ысыраптан он есе кӛп. Ал жалпыәлемдік дағдарысқа қарсы шаралардың кӛлемі қазірдің ӛзінде 9,2 трлн долларға теңелді.

Нәтижесінде ӛтімділіктің мӛлшері күрт азайып, ықтимал тәуекелден асыра сақтандырудың арқасында бұрынғы клиенттердің кӛпшілігі ӛтімділікке зәру бола бастады. Экономиканың кредит ресурстарын пайдаланатын салалары, ең алдымен құрылыс компаниялары тіршілік ететін қаражатсыз қалды. Ипотекалық дағдарыс тӛлеуге қабілетсіздердің борышкерге айналуымен емес, инвесторлардың күннен-күнге қаржылық жағынан тұрақсыз болуымен және осының салдарынан салымшыларды үрей билегенімен байланысты туындады.

Дағдарыс толқыны әлемдік экономикалық кеңістікті бойлап, осының салдарынан АҚШ, ЕО, Жапония және әлемнің басқа да жетекші экономикаларында ӛндіріс кӛлемінің тӛмендеуіне әкеп соқтырды. Ӛсу қарқыны баяулап, жұмыссыздық кӛбейді, инфляция шарықтап, тұтынушылық сұранысы тӛмендеді, ал осының барлығы жалпыәлемдік экономиканың қысқаруына себеп болды.

Экономикалық кӛрсеткіштердің нашарлауы 1970 жылдан бастап соңғы он жылдағы кӛрсеткіштерден асып түседі. Дамыған елдердің үкіметтері қолданған шаралар экономикалық ӛсу қарқынының тӛмендеуіне ешқандай қолдау кӛрсете алмады.

Дағдарыс құбылыстары кӛптеген дамушы елдерде белең алуда. Дамыған елдерде ӛндірістің түсуі мен қысқаруынан дамушы елдер ӛндіретін шикізатқа, оның ішінде мұнайға деген сұранысты тӛмендетіп, тауарлар мен қызметтер ӛткізетін нарықтарды азайтты, сонымен бірге осы елдердегі ірі компаниялардың филиалдары да кӛптеп жабылды. Мұнай ӛндіру қарқыны тӛмендесе де мұнай бағасының екі есеге түсуі әлі де жалғасуда, ал мұнай ӛңдейтін елдер тәулік сайын 2,8 млрд доллар жоғалтып отыр.

Дағдарыстың осы кезеңінде шикізат пен тауарлардың экспортына тәуелді елдердің бюджетті толықтыру мен ӛздерінің даму бағдарламаларын іске асыруда айтарлықтай қиындықтармен бетпе- бет келуде. Үндістанда экспорттың кӛлемі 12%-ға қысқарып, Қытайда импорт 18%-ға түсті.

Ӛндірістің түсуінен жұмыс істейтіндердің саны қысқарды, әлеуметтік проблемалар да шиеленісіп, қоғамдағы саяси ахуал нашарлады. Соңғы деректер бойынша 155 миллионға жуық адам кедейшілікті қайтадан бастан кешіруде, дамушы да, сонымен бірге дамыған мемлекеттердің халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмсаған кӛп жылғы күш-жігері зая кетті.

ЭЫДҰ сарапшыларының ойынан кейін әлем қаржы-экономикалық тұрақсыздық дәуіріне аяқ басуда. Кӛптеген елдер 80-жылдардың экономикалық құлдырау кезеңін қайтадан бастан кешіріп отыр деген қорытынды жасауға болады. ЭЫДҰ-ге мүше 30 елде қысқарту деңгейі 0,4%-ға, ал 2010 жылы экономика 1,5%-ға ӛседі деп болжанып отыр. Сӛйтіп, АҚШ-тағы құрылымдық дағдарысы, Жапония мен ЕО-ғы циклдік, дамшуы елдерде – шикізат, Қытай мен Үндістанда – тауарды қайта ӛндіру туындатқан ғаламдық дағдарысты еңсеруге тиіспіз.

Ғаламдану жағдайында әлемдік дағдарыс құбылыстарының ұлттық экономикаларға жасайтын ықпалы күшейді. Әлемдік шаруашылықтарға тартылудың күшеюіне байланысты кӛптеген елдерге сырттан жасалатын ықпал тіптен де күшейе түсті. Осыған байланысты Қазақстан әлемдік экономиканың бӛлігі ретінде оның аясына толықтай килігуі де мүмкін. Экономиканың соңғы жылдардағы жоғары динамикасына қарамастан 2007-2008 жылдары негізінен құрылыс- ипотекалық және қаржы секторында байқалған құлдырау әжептәуір сезілді. Осы құлдырау әлемдік қаржы нарықтарындағы ӛтімділіктің ауыр дағдарысымен бірте-бірте қабаттасып, осының барлығы шикізат тауарларына сұраныстың тӛмендеуі, олардың бағаларының күрт түсуі, жұмыспен қамтылу деңгейінің тӛмендеуі сияқты құбылыстармен қабаттасты. Осының барлығы экономикалық ӛсудің қарқынына ықпал етті. Егер 2000-2006 жылдар аралығындағы кезеңде ЖІӚ-нің ӛсу қарқыны ең жоғары кӛрсеткішке – 10,2%-ға жетсе, 2007 жылы осы кӛрсеткіш – 8,5%-ды, ал 2008 жылы осы кӛрсеткіш бәлкім – 4%-ға, мүмкін тіпті одан да тӛмендеуі де ықтимал. 2009-2010 жылдарға арналған болжам бұдан да тӛмен.

Еліміз алып-сатарлық капитал ауқымына тартылып, тұрғын үй нарқы жылдам кӛтеріліп біраздан кейін тӛмендеді, ал осы секторға тартылған инвестициялар банктердің сол жағдайдағы қызметімен орайластырылды. Ӛтімділік тапшылығының ауқымы болжанған тапшылықтың

77

мӛлшерінен әлдеқайда асып түсті, сонымен бірге тәуекелдер де толық шамада ескерілмеген болып шықты.

Банктер ӛтімділік дағдарысын күтпеген болатын. Осының салдарынан банк жүйесінің кӛрсеткіштері нашарлады. 2008 жылдың 9 айында банктер алған пайда ӛткен 2007 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге азайды. Проблемалық кредиттер мен мерзімі ӛтіп кеткен берешектердің үлесі артты. Банктерге құрылысшылар 2007 жылы 7,8 млрд теңге қарыз болса, 2008 жылы борыштың мӛлшері 52,1 млрд теңгеге жетті, тамақ ӛнеркәсібі кәсіпорындары – 6,2 млрд, металлургия кәсіпорындары – 3,9 млрд, ауыл шаруашылығы саласы – 4 млрд теңге қарыз болды.

Еліміз алатын табысынан артық қаражат жұмсайтын болды. ҚР Ұлттық банкінің бірінші кредит бюросының (БКБ) деректері бойынша еліміздің кредит жүйесіне 3455 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 42%-ы тартылған. БКБ-дің қорытындысы бойынша республикада кредиттік дағдарыс жоқ, кредиттік дағдарыс қайта кредиттеу саласында бар. Сол деректер бойынша бір заңды тұлғаға шаққанда 14 кредит келеді екен, тіпті 600 кредиті бар фирмалар да жоқ емес. Құрылыспен, құрылыс материалдары ӛнеркәсібімен қатар тәуекелді салалар қатарына сауда, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия және металлургия ӛнеркәсібі де жатқызылды. Бӛлшек сауда секторында ипотекалық кредиттеу-ге сұраныстың одан сайын тӛмендегені және тұтынушылық кредиттеуге деген сұраныстың шектелгені байқалады. Халық алған қарызға қызмет кӛрсетумен байланысты қиындық кӛруде. Осының барлығы бірге кӛрсеткіштерге және әрине, банк секторының жағдайына келеңсіз әсер етеді. Мамандардың ойынша келешекте қаржы нарығынан жекелеген банктердің кетуі ықтимал, ал осы саладағы монополияның деңгейі жӛніндегі мәселе әлі де шешімін таппай отыр. Барынша жоғары табыс алуға ғана мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілуі мүмкін емес банк қызметін тым шоғырландыру еліміздің экономикалық қауіпсіздігінің тәуекелін арттырады.

Шикізат тауарларына – мұнай мен металдың және руданың бағасы мен оған деген сұраныстың құлдырауы еліміз үшін елеулі проблемаға айналып отыр. 2007 жылы минералдық-шикізат ӛнімінің экспорты сыртқы түсімнің 70%-ға жуық пайызын қамтамасыз етіп, 47, 7 млрд доллар түсімнің 33,3 млрд долларын құрады. Шикізатқа деген сұраныстың түсуі оның ӛндірісінің, демек осы ӛндірісте жұмыс істейтіндердің санының қысқаруына әкеп соқтырады. Тау-кен ӛндіру ӛнеркәсібінде 193 мың адам жұмыс істеп, олардың айлық орташа еңбекақысы 45,4 мың теңгені, ал жылдық табыс – 105,2 млрд теңгені құраған болатын, ал ӛндіріс 20-30%-ға түскен жағдайда кедейшіліктің ауқымын елестетудің ӛзі қиын.

Ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстың негізгі белгілері мен оның Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасында байқалу нысанының ерекшеліктерін осылай сипаттауға болады.

Дағдарыстың алғашқы белгілері білінбестен бұрын республика басшылығы бірқатар алдын алу шараларын қабылдады. Әзірленген және іске асырылған іс-шаралар ӛзінің жемісін әкелді.

Бұған еліміздің 47 млрд доллар мӛлшеріндегі алтын-валюта резервтері мен депозиттердің ұлғайып келе жатқан кӛлемдері де ықпал етті. Проблемалар белең ала бастаған сәттен бастап депозиттер нарығында тұрақтандырушы рӛл атқаратын салымдарды сақтандырудың нормалары арттырылды.

2007 жылдың күзінен бастап мемлекеттік бюджеттен 550 млрд теңге (4,6 млрд долл.) бӛлінді.

Құрылыс салушылар екінші деңгейдегі банктер арқылы 184,7 млрд теңге (1,3 млрд доллар), агроӛнеркәсіп кешені – 135 млрд доллар (1,1 млрд доллар) алды.

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығы мен қаржы нарықтарын реттеу және қадағалау агенттігі бірлесіп қабылдаған жоспарда (Дағдарысқа қарсы бағдарлама) тұрақтандыру шараларының кӛлемі 2172 млрд теңгеге (18,1 млрд долларға) жетті. Ұлттық қордың қаражаты есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы іс-шаралардың негізгі блогына мына бағыттар кіреді:

Қаржы секторын тұрақтандыру (4 млрд долл.).

Тұрғын үй секторын дамыту (3 млрд долл).

Шағын және орта бизнесті қолдау (1,5-2 млрд долл.).

Агроӛнеркәсіп секторын дамыту (1 млрд долл.).

Инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру (1 млрд долл.).

Ұлттық банктің міндетті резервту нормасын тӛмендету есебінен екінші деңгейдегі банктер ресурстық базаны 350 млрд теңгеге (2,9 млрд долларға) арттырды, салық деңгейін тӛмендету есебінен бизнес үшін 500 млрд теңге босады (4,2 млрд доллар). Стрестік активтің 122 млрд теңге (1 млрд доллар) кӛлеміндегі қоры құрылды. Жалпы дағдарысқа қарсы іс-шаралардың кӛлемі 22,7

78

млрд долларды немесе ЖІӚ-нің 17%-ға жуығын құрайды, бұл әлемдегі ең жоғары кӛрсеткіштердің бірі болып табылады.

Бірлескен жоспарда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, макроэкономикалық теңгерімділікті қолдау, сондай-ақ экономикалық ӛсу мен ағымдағы жағдайға байланысты іскерлік белсенділікті ынталандыру қарастырылған. Атап айтқанда дағдарысқа қарсы бағдарлама ауқымында жұмыссыздың ӛсуіне жол бермеу әлеуметтік басымдық ретінде анықталған.

Экономикалық жағдайдың күрделі болуына орай 2009 жыл халықты жұмыспен қамту, халықтың аз қамтылған топтарын қолдау жылы болып жарияланды. Ең қарапайым міндет – 2009 жылдың басында экономикалық белсенді халықтың санының 6,7%-ын құраған жұмыссыздықтың ӛсуіне жол бермеу, ал ең күрделі міндеті – жаңа жұмыс орындарын құру.

Республика басшылығының ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарысты еңсеру жӛніндегі іс- қимылының ішінен ұлттық валютаны құнсыздандыру сияқты мәжбүрлі, алайда ӛте қажетті шараны атап ӛту қажет. Әлемнің кӛптеген мемлекеттері валютаны құнсыздандыруды дағдарысқа қарсы құрал және дамуға жаңа динамика беретін тәсіл ретінде қолданды және әлі де қолданып келеді. Қазіргі дағдарыс жағдайында кӛптеген елдер ӛзінің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін ӛзінің валютасын құнсыздандырды. Қазақстан үшін де бұл шара ӛте маңызды, ӛйткені қаржы дағдарысының ықпалымен негізгі экспорттық тауарларға сұраныс тӛмендеді, осының салдарынан экспортқа тауар жіберетін ірі кәсіпорындар ӛндірістік- инвестициялық жоспарларын қысқартып, қызметкерлердің санын азайтуға мәжбүр болды. Ішкі нарықта теңгедегі шығын (долларға қатысты) әжептәуір артып, импорт алмастыру ӛндірістің даму мүмкіндігіне келеңсіз ықпал етті. Осы саясат сақталған жағдайда экономикадағы тоқырау одан әрі жалғасатын еді.

Халық үшін ақшаның құнсыздануының жақсы да, сонымен бірге жаман да жағы бар. Жаман жағы халық ұлттық валютада сақтайтын қолма-қол ақша резерві мен депозиттерінің құнының елеулі бӛлігі жоғалтты, ал екінші жағынан, доллар нысанындағы жинақ ақшаның теңгедегі құны айтарлықтай ӛсті. Сонымен бірге ақшаның құнсыздануы қолда бар резервтерді сақтауға кӛмектеседі, ӛйткені онсыз мемлекет теңгенің бағамын қолдау үшін алтын-валюта бағамын қолдауға жұмсап, осының салдарынан келешекте осы резерв таусылғанда ұлттық валюта бағамының бұдан да тӛмен түсуіне әкеп соқтырар еді.

Белгіленген тӛлемдердің (бюджет қызметкерлері, зейнеткерлер, аз қамтылған азаматтар) есебінен ӛмір сүретін халықты қолдау үшін 2009-2011 жылдардың бюджетінде олардың табысын жыл сайын арттыруға қаражат қарастырылған. Үкіметке қазақстандықтардың осы санатының ӛмір сүру деңгейінің тӛмендеуіне жол бермеу үшін бюджеттің баптарын қосымша қарау тапсырмасы берілді. Тұтынушылар нарығындағы бағаларды реттеу жӛніндегі шаралар күшейтіліп, халық тұтынатын тауарларды жеткізушілер мен дистрибьюторлардың алдына бағаларды орынсыз ӛсірмеу міндеті қойылды.

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

Гетеродоксальдық бағдарлама

Ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс Дискрециялық саясат

Квоталау Лицензиялау

Дискрециялық емес саясат Ортодоксальдік бағдарлама Ӛнеркәсіптік саясат

Экономикаға ықпал етудің тікелей және жанама ықпал ету әдістері Сертификаттау

Тұрақтандыру саясаты Стандарттау

Ынталандыру саясаты Саясаттың құрылымы

Мемлекеттің экономикадағы функциялары

79

Қазақстан ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҦЛТТЫҚ ҤЛГІСІНІҢ

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 73-79)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР