• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛУ ТƏРТІБІ МЕН ОНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

In document PDF Известия N E W S (бет 54-59)

54 N E W S

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES

ISSN 2224-5294

Volume 5, Number 309 (2016), 54 – 58

N. B. Tаuyekelov

Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty [email protected]

ORDER OF FORMATION AND MANAGEMENT OF LOCAL

Демек, жергілікті аткарушы органдардың жүйелі бағынысындағы құқықтық реттелудің ақаулықтарын əлі де болса толықтыруды жəне оны қоғамдық катынастардың маңызды салаларына тереңдетуді қолға алудағы атқарушылық заңнаманы жүйелеу оның барлық үш нысанын қолдану:

инкорпорациялау, кодификациялау жəне консолидациялау арқылы жүзеге асырылуы керек[1].

Мемлекетті, оның ішінде əкімшілік-аумақтық бөліністі оздыратын да, тоздыратын да ондағы билік иелері - жергілікті атқарушы органдар деушілер табылады. Дегенмен демократия, өзін-өзі басқарушылық жүйесін қолға алу керек деп жүз жерден айқай көтерсек те елді тойындырып, киіндіретін шаруаның жұмысын үйлестіріп, оларды ұйымдастырып отыратып жергілікті атқарушы органдардың жөні бөлек.

Республикамызда алғашында жергілікті атқарушы орган – əкімшілік деп аталды. Əкімшіліктің басшысы болып табылатын əкім Республика Президентінің жергілікті жердегі тікелей сенім білдірген заңды өкілі болып есептелді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың əкімдерін бүгінде қызметке Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Республика Президентін тағайындайды. Өзге əкімшілік- аумақтық бөліністердің əкімдерін олар жөнінде жоғары тұрған əкімдер тағайындай алады. Заң бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана əкімдерінің өкілеттігі республиканың жаңадан сайланған Президенті қызметке кіріскен кезде тоқтатылады деп танылғанымен, тиісті əкімшілік-аумақтық бөлініске жаңа əкім тағайындалғанша бұрынғы əкімдер өз қызметін жалғастыра бермек [2].

Əкімият басшыларының орынбасарлары тиісті əкімият басшысы белгілеген өкілеттілік міндеттерді бөлуге сəйкес қызмет атқарады. Жергілікті атқару органына басшылық жасайтын облыс əкімі, облыс əкімінің орынбасарлары мен облыс əкімі аппаратының жетекшісі арасындағы қызмет міндеттерін бөлісе отырып, қызмет атқару функциясы жергілікті атқарушы органның басшы құрамының құрылу тəртібінің негізін құрайды.

Мəселен, облыс əкімі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі ретінде облыс аймағында жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарының, Президент Жарлықтары мен Үкімет актілерінің бұлжымай орындалуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдылыққа сəйкес өз қарамағындағы жергілікті атқарушы органдар мен облыс əкімі аппаратының салалық бөлімше басшыларын, қала мен аудан əкімдерін қызметке тағайындайды немесе қызметінен босатады.

Облыстық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерінің қызметіне жалпы басшылық жасайды.

Облыс аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы ведомстволары мен министрліктерінің аймақтық органдарынын жұмысын үйлестіреді.

Облысты дамыту мəселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың директивалық құжаттарын таратуда Қазақстан Республикасы Президентінің əкімшілігі мен Үкіметпен бірлесе жұмыс жасайды.

Заңды жəне жеке тұлғалардың заңды мүдделерін, бостандығы мен құқығын қорғау үшін ҰҚК, ІІБ департаменттерімен, облыстық прокуратура, облыстық сотпен бірлесе жұмыс істеуді ұйымдастырып, оңды жолға қояды.

Облыс əкімінің бірінші орынбасары қызмет көрсету саласындағы кəсіпорындардың жұмысын бақылау жəне үйлестіру мəселелері: сауда, көлік жəне телекоммуникация, мемлекеттік сатып алу, құрылыс, сəулет жəне аймақтарда құрылыс салу салаларын тиімді дамыту, облыс аумағында геологиялық барлау жəне іздестіру жұмыстарын жүргізу, жергілікті маңызы бар көлік жолдарын қайта құру жəне іске қосу, кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту жұмыстарына жетекшілік жасайды.

Инфрақұрылым жəне мемлекеттік сатып алу жөніндегі, сондай-ақ кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту жөніндегі тиісті басқармалардың, құрылыс, сəулет жəне аумақтарда құрылыс салу басқармасының қызметтеріне басшылық жасайды.

Бас мердігерлік жəне қосалқы мердігерлік ұйымдарының, жобалау ұйымдарының, құрылыс индустриясы кəсіпорындарының мемлекеттік сараптау, мемлекеттік құрылысты лицензиялау жəне сəулет құрылысын бақылау, салық полициясы, кеден, почта байланысы, қорганыс (əскери) комиссариаты, əскери гарнизон, əділет басқармасы, қозғалмайтын мүлік орталықтары, стандарттау,

56

метрология жəне сертификат, жер қыртысын қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау инспекциясы өкілдігінің жұмыстарын үйлестіріп отырады[3].

Облыс əкімінің орынбасары Үкіметің алдағы таяу жылдарға арналған багдарламасын орындау жөніндегі облыс əкімінің жұмыс жоспарын жүзеге асыру, экономикалық реформаға басшылық, ағымдағы жəне индикативті жоспарларды жасау, болжам жасау жəне қаржыландыру, баға, несие, есеп тəртібі, ақша айналымы, жалақы, құнды қағаздар рыногын қалыптастыру мəселелерін өз қарауына алады.

Жергілікті бюджеттің бюджеттен тыс жəне басқа да қорлардың қаржыларын жинау мен жұмсауға бақылау жасайды жəне оны талдайды. Қаржы, экономика, еңбек жəне тұрғындарды əлеуметтік қорғау департаменттерінің жұмысына басшылық жасайды.

Салық комитетінің, статистика жəне талдау, қазынашылық, банктер, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, зейнетақы жəне мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдігі жұмысын үйлестіріп отырады. Бұған қоса, оның қарауына өнеркəсіп саласын қалыптастыру жəне тиімді дамыту, энергетика кешені, газ жəне коммуналдық шаруашылық, санация, жарамсыз кəсіпорындарды тарату жəне банкротқа жіберу, тұрғындарды еңбекпен қамту мəселелері жатады.

Индустрия, энергетика жəне коммуналдық шаруашылық департаментерінің, жұмыспен қамту баскармасының жұмыстарына бақылау жасайды. Меншік нысанына қарамастан өндіріс орындарының, облыстағы жылу-энергетика кешені мен коммуналдық шаруашылықтың жұмысын үйлестіреді.

Облыстық əкімніңкелесі орынбасарына ішкі саясат, ұлтаралық келісім, тіл саясаты, əлеуметтік мəдени сала бағдарламасын дайындау жəне жүзеге асыру мəселелері беріледі.

Сонымен қатар мемлекет басшысының жəне Үкіметтің ішкі жəне сыртқы саясатын түсіндіру жөнінде партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, діни конфессиялармен, шығармашылық одақтармен, ұлттық-мəдени орталықтармен жұмыс жүргізу, əлеуметтік саяси жағдайларды болжау жəне реттеу, мекемелердің жұмыс істеу механизмін қалыптастыру жəне əлеуметтік қарама- қайшылықтарды болдырмау мəселелері жүктелген.

Гендерлік саясатты жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, туберкулезбен, сары аурумен күрес бағдарламасын жүзеге асыруға бақылау жасайды. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, балалардың мектепке баруын, əскер жасына дейінгі жəне əскерге шақырылған жастармен жұмысты қадағалайды.

Білім, спорт жəне дене тəрбиесі департаменттерінің, денсаулық сақтау, мəдениет жəне жастар ісі жөнідегі басқармалардың, архив пен құжаттама бөлімінің, отбасы жəне əйелдер ісі жөніндегі комиссиялардың, тұрмысы нашар азаматтарды қолдау қорларының жұмысына басшылық жасайды.

Ақпарат жəне қоғамдық келісім басқармасының, СЭС-тің, баспаханалар мен ғылыми мекемелердің, жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, ономастика, кəмелетке толмаған жастар, нашақорлық, маскүнемдік пен алкоголизммен күрес жөніндегі облыстық комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады[4].

Облыс əкімінің тағы бір орынбасары агроөнеркəсіп кешені жəне халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен босату, қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мəселелерімен айналысады.

Селодағы реформаны тереңдету, ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржылай сауықтыру, шаруа (фермер) шаруашылығын дамыту, маркетингтік қызмет, машина-технологиялық станция, азық-түлік көтерме сауда базарының жұмыстарын қадағалайды, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші одақтар мен ассоциациялардың жұмысын реттейді. Ауыл шаруашылығы департаменті мен жер инспекциясының қызметіне басшылық жасайды.

Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстар басқармасының, орман, балық жəне аңшылық шаруашылығының жұмыстарын үйлестіреді. Өсімдіктер мен жануарлар əлеміне, жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке, облыстық жəне аймақтық ғылыми-зерттеу институттары мен ауыл шаруашылық мақсатындағы стансаларға, гидромегерология орталығына жəне агроөнеркəсіп кешенінің басқа да ұйымдарына мемлекеттік бақылау жасау тапсырылған.

Шет елдерден инвестиция тарту, кəсіпорындарды шетелдік фирмаларға сырттай басқаруға беру, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, бірлескен кəсіпорындардың жұмыс тиімділігін қамтамасыз ету, шекара əскерлерін орналастыру мен өзара іс-қимылын, миграциялық

жəне демографиялық процестерді реттеу, туризм инфрақұрылымын дамыту мəселелерін ұйымдастыру, сыртқы экономикалық байланыс жəне инвестиция, туризм қатынастарына тиісті басқармалардың, коммуналдық меншік жəне активтерді басқару жөніндегі департамент жұмысына басшылық жасайды. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, миграция мен демография жөніндегі құзырлы органдар жұмысын үйлестіріп отырады.

Ал, облыс əкімі аппаратының жетекшісі облыс əкімінің қызметін қамтамасыз ету үшін бөлімдер мен аппараттың өзге де құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, нормативті актілер мен директивалық құжаттардың орындалуына бақылау жасайды.

Мемлекеттік қызмет туралы заңға сəйкес облыс əкімі тағайыңдайтын кадрларды зерттеп, оған ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс əкімінің шешімдері мен əкімдерін орындамаған мемлекеттік қызметкерлерге тəртіптік шара қолданады. Жақсы жұмысымен көзге түскендерді көтермелеуге материалдар дайындайды.

Облыс əкімінің облыстық мəслихатпен, қала, аудан əкімдерімен, облыс əкімшілігінің құрылымдық бөлімшелермен, министрліктер мен ведомстволардың аймақтық органдарымен өзара іс қимылын қамтамасыз етеді[5].

Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау жəне қайта даярлау жөніндегі орталықтың жұмысына басшылық жасайды.

Мұнда əкімият басшысы қызмет орнында уақытша болмаған немесе оның өз міндеттерін аткаруы мүмкін болмаған жағдайда оның өкілетгігін бірінші орынбасары жүзеге асырады. Əкімият басшыларының орынбасарларын жергілікті əкімият басшылары тағайындайды жəне қызметтен босатады.

Əкімшілік-аумақтық бөліністегі бөлімдер мен басқармалар жергілікті əкімшіліктің мамандандырылған басқарушы органдары болып табылады. Олар тиісті мəслихаттардың, жергілікті əкімдердің, жоғары тұрған органдардың басқару салалары мен бағыттаушы нұсқаулары аясындағы шешімдерін орындау жөнінде қызмет етеді.

Қызмет аппаратының бөлімшелерінен айырмашылығы – бөлімдер мен басқармалар тиісті мəслихатқа жəне жергілікті əкімдерге бағыңдырылған тиісті салалардың мекемелерін, ұйымдарын, кəсіпорындарын басқаруды жүзеге асырады, əрі өз құзыреті шетінде əкімшілік қызмет жүргізеді.

Бөлімдер мен басқармалар өкілеттігінің көпшілігі жергілікті əкімдер құзыретінің іске асырылуымен тікелей байланысты жүргізілуді мақсат тұтады. Сондықтан олардың қызметін тиісті жергілікті əкімнің басқару саласындағы қызметінің нысаны ретінде қарастыруға болады. Сонымен бірге өз кезегінде жергілікті мемлекеттік басқару оргаңдарының бет-бейнесін көрсететін бөлімдер мен басқармалар тиісті министрліктердің жəне республика ведомостволарының жүйесіне кіреді.

Облыстық жəне ірі қалалардағы жергілікті атқарушы органдардың салалық басқару аппараты мейлінше сан салалы болып келеді. Аудандық, аудандарға бағынышты қалалық атқарушы органдар аппаратының шағын болуын ескере отырып, қызмет саласына қарай бөлімдері, басқармалар мен өзге де бөлімшелерді мынандай негізгі жіктемеде топтастырып қарау керек:

өндіріс саласы (мысалы, жергілікті өнеркəсіп, күрделі кұрылыс, сəулет-құрылыс жəне басқа бөлімдері мен басқармалары); халыққа қызмет көрсету (экономика, денсаулық сақтау, еңбек жəне жұмыспен қамту, білім беру, халықты əлеуметтік қорғау жəне т.б. бөлімдері немесе басқармалары); құқық тəртібін жəне азаматтардың құқықтарын кəртауды қамтамасыз ету (ішкі істер, əділет бөлімдері мен Органдары, АХАЖ, нотариат Органдары жəне басқалар) [6].

Бағамдап қарасақ, əрбір жергілікті атқарушы органдардың құрылу тəртібіне қарай, оның құрамын жасақтауда оған басшылық жасайтын лауазымды тұлға ұйымдастырушылық қабілеті мол басқарушылық маманға тəн қасиетімен ерекшеленуі тиіс. Басқарушы тұлғаға ең алдымен көпшілікті өзіне сендіретін, айтқанына көндіре алатын бедел керек. Сол арқылы жұрт оны қапысыз мойындайды.

Ал, басқарудағы іскерлік бедел бұйрықпен немесе пəрменмен келмейді, ол білімі мен іскерлігін, қабілет-қасиетін, жанашырлығы мен қызметтік жауапкершілігін бойына сіңірген азаматқа ғана бұйырады. Оған ел төреші. Ел қашанда басшыға лайық адамды тани да таңдай да біледі.

ƏДЕБИЕТ

[1] Назарбаев Н.Ə. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсағында: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен қазақстан. – 2006. - 1 наурыз.

[2] Нашиц А. Правотворчество: теория и законодательная техника. - М.: Прогресс, 1974.

58

[3] Перевалов В.Д. Теория государства и права: учебник для вузов. - М.: Юрайт, 2010.

[4] Марченко М.Н. Теория государства и права: учебник для вузов / М.Н. Марченко. 2-е изд., перераб. и доп. - М.:

Проспект, 2006.

[5] Алексеев С.С. Общая теория права. В 2 т. Т.1. / С.С.Алексеев. - М.: Юридическая литература, 1981.

[6] Иванец Г.И. Правообразование (понятие, природа объективного и субъективного). // Право и политика. – 2001. -

№8.

REFERENCES

[1] Nazarbaev N.Ə. Қazaқstan өz damuyndaғy zhaңa serpіlіs zhasau қarsaғynda: Қazaқstan Respublikasy Prezidentіnің Қazaқstan halқyna Zholdauy. // Egemen қazaқstan. – 2006. - 1 nauryz.

[2] Nashic A. Pravotvorchestvo: teorija i zakonodatel'naja tehnika. - M.: Progress, 1974.

[3] Perevalov V.D. Teorija gosudarstva i prava: uchebnik dlja vuzov. - M.: Jurajt, 2010.

[4] Marchenko M.N. Teorija gosudarstva i prava: uchebnik dlja vuzov / M.N. Marchenko. 2-e izd., pererab. i dop. - M.:

Prospekt, 2006.

[5] Alekseev S.S. Obshhaja teorija prava. V 2 t. T.1. / S.S.Alekseev. - M.: Juridicheskaja literatura, 1981.

[6] Ivanec G.I. Pravoobrazovanie (ponjatie, priroda ob#ektivnogo i sub#ektivnogo). // Pravo i politika. – 2001. - №8.

Н.Б.Тауекелов

Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г.Алматы [email protected]

ПОРЯДОК ФОРМИРОВАНИЯ И ОРГАНИЗАЦИЯ МЕСТНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ

Аннотация. В целях охраны законных интересов, свобод и прав юридических и физических лиц в нашей стране организована совместная работа КНБ, ДВД, областной прокуратуры, областного суда.

Первый заместитель акима области курирует вопросы контроля и распределения работ предприятий в сфере оказания услуг: торговля, транспорт и телекоммуникации, государственные закупки, строительство, архитектура и эффективное развитие отраслей строительства в регионах, проведение геологоразведочных и изыскательных работ на территории области, реконструкция и запуск транспортных дорог местного значения, поддержка и развитие предпринимательства.

Руководит службами управлений по инфраструктуре и государственным закупкам, а также соответствующих управлений по поддержке и развитию предпринимательства, управления строительства, архитектуры и строительства в регионах.

Ключевые слова: индустрия, энергетика, село, инфрастурктура, статистика, орган, государство.

Сведения об авторах:

N. B. Tаuyekelov – Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty Н.Б.Тəуекелов – Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қаласы Н.Б.Тауекелов – Казахский Национальный университет имени аль-Фараби, г.Алматы

N E W S

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES

ISSN 2224-5294

Volume 5, Number 309 (2016), 59 – 62

D.A. Tursynkulova

Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan [email protected]

In document PDF Известия N E W S (бет 54-59)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР