• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

2.4. Бағыты: Инфрақұрылым

2.5.1. Жер ресурстары

Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары (S): Әлсәз жақтары (W):

1.Тұрақты экологиялық жағдай ;

2. Атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындыларын азайту

3.Ормандарды қорғау жөніндегі жұмыстарға және орман қамтылған бағыттарын арттыру;

1. Қауіп Байқоңыр кешені , шығарындылар

кәсіпорындар және көлік ластағыштар атмосфераға .2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау;

6. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының болмауы.

ерекшеліктері (O): қаупі (T):

1. Орман шаруашылығын дамыту. 1.Қолданыстағы экологиялық проблемалар нығайту және эмиссияларды және жер асты суларының ластануын арттыру.

2. Экологияның нашарлауы 3. Сырдария өзенінің ластануы

4. Мемлекеттік орман қорының төмендеуі.

Саланың негізгі мәселелері :

• Экология саласында : атмосфераға көлік құралы пайдаланылған шығарындылары мен мұнай-газ компанияларының ауаны ластауы.

• Ластаушы заттар мен қалдықтарды жою;

• Қалдықтарды өңдеу зауыты болмауы.

2012-2014 жылдары жердін сауда –саттықтары арқылы ауыл шаруашылық мақсатындағы айналымға 161 жер учаскесі жалпы көлемі 16331,0 мың га қосылды.

Табысталған жерлер босалқы жерлерден және пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылық жерлерді түгендеу жұмыстарына сәйкес мемлекеттік меншігіне қайтарылған есебінен табысталған.

Барлығы 2012 жылы 43 учаскесі жалпы көлемі 6593,0 мың га, 2013 жылы 61 учаскесі жалпы көлемі 3977,0 мың га,2014 жылы 57 учаскесі жалпы көлемі 5761,0 мың га.

Есепті кезенде 2015 жылы ауыл шаруашылық жерлердің көлемі 239,102 мың га құрады.

Елді мекен жерлерінде Сырдария ауданы бойынша ретсіз жер учаскелерін табыстау орын алған жоқ.

2015 жылға Сырдария ауданы бойынша жерлердің алқаптар бойынша бөлінуі

Кесте 50. 2015 жылға Сырдария ауданы бойынша жерлердің алқаптар бойынша бөлінуі

№ Алқаптар атауы Барлық жерлер Суармалы жерлер

1 Егістік 29153 29153

2 Жеміс жидектер 153 153

3 Тыңайған жерлер 13892 13892

4 Шабындықтар 13795 --

5 Жайлымдықтар 2866817 --

6 Барлық ауыл шаруашылығы жерлері 2927328 43716

7 Ұжымдық жерлер 3503 3503

8 Қызметтік бөлініс 15 15

Саланың SWOT-талдауы.

Күшті тұсы (S): Әлсіз тұсы (W):

1.Бос жерлердің болуы;

2.Ауыл шаруашылық жерлердін агроқалыптасуын пайдалануы көбеуі.

1.Ауыл шаруашылық жерлерді тиімсіз пайдалану;

2.Білікті мамандардың жетіспеуі;

3. Жерді тиімсіз пайдалануы.

Мүмкіндіктері (O): Қауыпы (T):

1.Жерлерді тиімді пайдалану;

2.Жер учаскелерінің тиімді пайдалану үшін тынайтқыштарды пайдалану;

3.Білікті мамандарды дайындау;

4.Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімді өсуі.

1.Түздануы және құнарлығының төмендігі.

Жерлерді тиімді және сапалы пайдалану – болашақ ұрпақтын денсаулығы мен тұрақты келешегінің бастамасы мен тәуелсіздігінің кепілі.

Жерлерді тиімсіз пайдалану фактілері бар, ауыл шаруашылық өнімдерін өндеуде технологиясын сақтамаудан жердің топырақ құнарлы қабаты құрып және жердің сапасы төмендеуде, осыған байланысты құнарлығын жоғалтқан жерлерді ауыл шаруашылық айналымына қосу керек.

2.6 бағыт: Мемлекеттік қызметтер 2.6.1.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Аудан әкімінің аппараты ақпараттық қамтамасыз ету, талдау және ұйымдастыру жұмыстарымен қатар жергілікті атқарушы органдар қызметтерін автоматтандыру арқылы олардың тиімділігін арттыруды көздейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы олардың халыққа қызмет көрсету орталығы және «үкіметтің электронды» веб-порталы арқылы ұсынылуымен бағаланады. Сонымен қатар, халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттанушылық деңгейі де қызметтердің электронды түрде ұсынылуына тікелей байланысты.

2015 жылдың 10 айында Сырдария ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен 67 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді.

Аудан бойынша 30 қызмет түрі электронды нысанда көрсетіледі, атап айтқанда:

• аудандық білім бөлімімен 7 қызмет;

• аудандық ауылшаруашылығы бөлімімен 5 қызмет;

• аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 4 қызмет;

• аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен 11 қызмет;

• аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімімен 2 қызмет;

• кент, ауылдық округі әкімдерімен 1 қызмет.

Аталмыш мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Е-Лицензиялау» деректер қоры, «Е-Собес», «Әлеуметтік көмек», «АХАЖ ТП» ақпараттық жүйелері және ХҚКО АЫЖ арқылы ұсынылуда.

Ішкі бақылаудың жылдық есебінің нәтижесіне сәйкес 2015 жылдың 10 айында мемлекеттік қызмет алушыларға жалпы 46146 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

• Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік орган арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 40822

• Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 4294

• ЭҮӨШ ЭҮП және ЕЛ ЭҮП ақпараттық жүйелерінің мониторингі бойынша электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны–1030.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен 62 мемлекеттік қызмет ақысыз түрде, 5-уі ақылы түрде көрсетілді. Қағаз түрінде 67 қызмет көрсетілсе, оның 23-і электрондық түрде көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 10 айында жиі сұранысқа ие болған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

Аудандық білім бөлімімен көрсетілетін «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» қызметі бойынша қызмет алушыларға 7128 қызмет көрсетілді.

Аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімімен көрсетілетін «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіруді жүргізу» қызметі бойынша 14079 қызмет көрсетілді.

Ү.ж. 1 шілде күні облыс әкімдігінің жетекшілігімен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы және белгіленген мерзімде көрсетілуі» тақырыбында 1 күндік оқу семинары өткізілді. Қызылорда облысы әкімдігінің 400-200.kz көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің online порталымен жергілікті атқарушы органдардағы қызмет көрсетуші мамандары біліктілігін тексеру мақсатында қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің талаптарына қатысты онлайн тестілеуден өтті.

Қазіргі таңда аудандық қызмет көрсетуші уәкілетті орган қызметкерлері Қызылорда облысы әкімдігінің 400-200.kz көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің online порталымен тұрақты түрде біліктілігін артыру мақсатында айына 1 рет тестілеуден өтуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзім бұзушылық факторларын болдырмау мақсатында аудан әкімдігімен күнделікті ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізіледі.

Сонымен қатар, ай сайын есептілік жасалып, облыс әкімдігіне жолданып және http://kyzmet.orda.gov.kz/

адресіндегі есептік ақпараттық орталықтанған жүйесіне енгізілуде.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен тәртібі туралы хабардар етуге қатысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты стандарттары мен регламенттері ілінген стенділері жасалынды және Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтері www.syrdarya.gov.kz электронды сайтына жарияланды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезіндегі мерзім бұзушылықтың алдын алу мақсатында Сырдария ауданы әкімі аппараты кент, ауылдық округі әкімдері және аудандық бөлімдермен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті

атқарушы органдар ХҚКО-мен бірлесіп,2015 жылдың 5 наурыз күні Сырдария аудандық жер қатынастар бөлімінде «Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру» және 24 сәуір күні «Жер қатынастар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» тақырыптарында семинар, дөңгелек үстел өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында «Тіршілік тынысы» газетінің №41 санында аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан «Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» мақала жарияланды.

Сонымен қатар, электронды үкімет порталы және ХҚКО арқылы ұсынылатын қызметтерді алу жолдары туралы бейнероликтер кент орталығында орналасқан «LED» экран арқылы көрсетілуде.

2015 жылдың 10 айы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ.Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға аймақтық даму жоспарындағы индикаторлардың бірінде 2015 жыл соңына дейін «Халық арасында компьютерлік сауаттылыққа оқыту жоспарланған болатын.

Алайда Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа Жолдауынан туындаған аталмыш тапсырмаларға сәйкес 2012 жылы тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын 50 пайыздық көрсеткіштен кем болмайтын тиісті жұмыстарды атқару жүктелген. Компьютерлік сауаттылықты қамту үшін ауданның статистикалық мәліметтеріне сәйкес халық саны 39918, оның 14 - 74 жас аралығындағы азаматтар саны 27756 адам.

2014 жылы Сырдария ауданы бойынша Халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында аудан әкімі аппаратынан, аудандық білім бөлімі тарапынан жауапты мамандар және оқытуды жүргізетін мектеп мұғалімдері бекітілді.

Аудан орталығынан 490 тұрғын, 12 елді мекеннен 1910 тұрғын, барлығы 2400 тұрғынның компьютерлік сауаттылығын арттырды.

Қажетті қаржы аудандық маслихаттың 23 маусымдағы кезектен тыс ХХХ сессиясының №238-ші шешімімен 790000 (жеті жүз тоқсан мың) теңге қаржы бөлінді.

Оқыту курстары маусым айының 9-19 аралығында өткізілді.

2015 жылы 2-12 маусым аралығындаСырдария ауданы бойынша 2000 тұрғынның компьютерлік сауаттылығын арттыру жоспарланып,аудан орталығынан 380 тұрғын, 12 елді мекеннен 1620 тұрғын оқытылды.

Оқытуды жүргізетін мектеп мұғалімдеріне үнемделген қаржы есебінен еңбек ақыларына 433,0 мың теңге және сертификат шығаруға білім бөлімінің кеңсе тауарлар есебінен 30,0 мың теңге бөлініп, барлығы 463,0 теңге қаржы жұмсалды.

Осыған сәйкес 2011-2015 жылдар аралығында компьютерлік сауаттылығын артыру курстарынан өткен азаматтардың саны 10290 құрап отыр, онымен қоса бюджеттік сала қызметкерлері және басқада ұйымдастыру техникасын пайдалана білетіндер саны 8980 адам, барлығы 19210 азаматты құрайды.

Салалық негізгі мәселелер: SWOT-талдауы:

Мықты жақтары (S): Әлсіз жақтары (W):

Жергілікті атқарушы органдардың техникалық жабдықтардың болуы;

2. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін база ; 3. 2012 жылы электрондық форматқа ауыстырылған мемлекеттік қызметтердің саны , 1,8 есе өсуі ;

4. Е- үкімет порталы арқылы көрсетілетін онлайн қызметтердің саны айтарлықтай ұлғайту ;

5. Жергілікті атқарушы органдардың жеткіліксіз техникалық жарақтандыру ;

6. Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесi бар.

1. « Электрондық үкімет»

Порталмен жұмыс күрделілігі ; .

Мүмкіндіктер (O): Қауіптер (T):

1. Электрондық мемлекеттік қызмет саласындағы порталының электрондық үкімет және толық қамтуды одан әрі дамыту ;

2. Электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алу үшін аймақтағы адамдардың қызығушылық .

1.Аудан және ауылдық жерлерде халықтың Төмен сандық сауаттылық Интернетке қол жеткізу шектелген

байланысты Unclaimedness электрондық мемлекеттік қызмет көрсету

Салалық негізгі мәселелер:

• Кентте және ауылдарда электрондық қызметтердің төмен қамтылуына байланысты, тұрғындардың қоғамдық қызмет ақпарат алу қолжетімділігі төмен деңгейде ;

• мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасын бағалау және мониторинг жеткіліксіз әдістері.

3. Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және