• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ЖЫЛУОҚШАУЛАҒЫШ, АКУСТИКАЛЫҚ, СУОҚШАУЛАҒЫШ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨРТ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІ

6. ЖЫЛУОҚШАУЛАҒЫШ, АКУСТИКАЛЫҚ, СУОҚШАУЛАҒЫШ

Акминит – түйірленген минералды (мысалы, шыны) мақта мен крахмал байланыстырғыш зат араласпасынан жасалған материал. Оны қоғамдық ғимараттардың бөлмесінің жоғарғы бөлігіне және төбесіне жылужұтқыш сәндік материал ретінде қолданады. Көлемдік массасы 320 – 360 кг/м3. Осы материалдан жасалған тақталар жанғыштығы бойынша Ж1 – Ж2 (байланыстырғыш заттың мөлшеріне байланысты) тобына жатады [8].

6.2. Битумды және қара майлы (ағаш шайыры) байланыстырғыш негізіндегі гидрооқшаулағыш материалдар

Құрамына битумдар немесе қара майлар мен пек (шайыр қалдығы) кіретін құрылыс материалдары битумды немесе қара майлы материалдар деп аталады.

Бұл материалдардың барлығы көмірсутектердің қиын қоспаларынан және олардың туындыларынан тұрады. Қыздырған кезде жұмсарып жібиді, ал салқындатқан кезде жабысқақ немесе қатты күйге айналады. Олар суда ерімейді, бірақ органикалық ерітінділерде жақсы ериді. Бұл материалдар жабысқақтық қасиетке ие. Битумды және қара майлы материалдардың құнды қасиеттеріне олардың жоғары суөткізбеу қасиеті, қышқылдардың, сілтілердің және агрессивті сұйықтықтар мен газдардың әсеріне тұрақтылығы, сонымен қатар таспен, металлмен, ағашпен бекем ұстасу қасиетін (бұл қасиетті адгезия деп атайды) жатқызуға болады.

Битумдар көмірсутектердің оттекпен, азотпен, күкіртпен байланысын көрсетеді. Битумдар күкірткөміртекте, хлороформда, бензолда және басқа да органикалық еріткіштерде ерігіш болып келеді. Битумдар табиғи және мұнай болып бөлінеді. Табиғи битумдар таза күйінде аз кездеседі, ол көбіне тау тұқымдарының көздерінде – әктастарда, құмтастарда жиі кездеседі. Табиғи битумдар құрылыста, құнының жоғары болуына және кен орнының шектеулі болуына байланысты аз қолданылады.

Мұнай битумдары көміртектен (85 % дейін), сутектен (15 % дейін), оттегіден (2 % дейін), күкірттен (1,5 % дейін) және басқа да аз мөлшердегі қоспалардан тұрады.

Қарамайлы байланыстырғыштар. Бұл топқа шикі майларды, қара майларды және пекті жатқызуға болады.

Шикі қара май (ағаш шайыры) – бұл оттегінің кіруіне мүмкіндігі жоқ жоғарғы температура кезінде ыдырауы орын алатын, тасты немесе қоңыр көмірді, торфты, ағашты және тағы басқа шикізаттарды – органикалық заттарды құрғақ айдаудың сұйық өнімдері. Бастапқы шикізатқа байланысты шайырлар ағаштан, шымтезектен, тақтатастан, таскөмірден болуы мүмкін. Шикі шайырлар қара май деп аталатын фракцияларға айдап әкеледі. Оларды айдаудың нәтижесінде пайда болған қатты қалдық шайыр қалдығы деп аталады. Битумдарды, қара майларды (шайырларды), пекті олар суық күйінде жабысқақ болып келгендіктен қыздырылған күйінде қолданылады. Сонымен қатар оларды органикалық еріткіштерде ерітеді. Қара май (шайыр) және пек қоспасын шатырға арналған

жабысатын қара қағаз және бояуға арналған қара майлы мастика (жапсыру, бекіту үшін жасалған қою сылайтын зат) өндірісінде пайдаланады.

Битумды және қара майлы (шайыр) пасталар мен эмульсиялар. Эмульсиялар субитумды немесе сушайырлы (физикалық ерітінділер) шашыратқыштар күйінде кездеседі. Әдетте эмульсиялардың құрамында шамамен 50 % су, 45 % битум немесе шайыр болады. Эмульсиялардың артықшылықтары – оларды салқын күйде қолдану мүмкіндігі. Құрылыста битумды және шайырлы материалдар шатырды сырлау, су- және буоқшаулау жабындарының құрылғылары, даналап және рулонды материалдарды жабыстыру үшін, сонымен қатар суөткізбеу, ылғалданбау мақсатында төбелерді жабу үшін қолданылады.

Жабынды және гидрооқшаулағыш материалдар. Қолданылатын байланыстырғышына байланысты жамылтқы және суоқшаулағыш материалдар битумды және қара майлы (шайыр) болып бөлінеді. Сыртқы көрінісіне байланысты шығарылатын материалдар беттік, рулонды, мастика, паста және эмульсия болып бөлінеді.

Рулонды материалдар су өткізбейді, аздап жылуөткізгіштікке ие. Бірақ та олар асбестцемент немесе керамика сияқты ұзақ өмірлі емес, сонымен қатар жанғыш болып келеді. Рулонды, жамылтқы, битумды және қара майлы материалдардың барлық түрінің өндірісінде негіз ретінде өсімдік талшықтары, ескі-құсқы үгітілген шүберек, целлюлоза және қағаз макулатурасы қоспаларынан дайындалатын жамылтқы картондар қолданылады. Оның құрамына асбест талшықтары да кіруі мүмкін. Бұл картонды негіздегі материалдарды 2 түрге бөледі: жабынды және жабынды емес. Бірінші түрін негізге битум немесе қара май сіңіру және бетіне минералды толықтырғышты жабынды енгізу жолымен алады. Екінші түрін минералды жабындарсыз дайындайды. Бірінші түріне, мысалы, рубероид, екінші түріне пергаминді жатқызуға болады. Қара қағазды да жабынды және жабынды емес етіп шығарады.

Рубероид дегеніміз – жабындық картонға жұмсақ битумды сіңіріп, онан соң қиын балқитын битум жағып, бетіне минералдық түйірлер сеуіп жасалған рулонды жабындық материал.

Шыны рубероид дегеніміз – шыны талшықтарынан істелінген матаға битумді (битумрезеңке немесе битумполимер) сіңіріп, астарына уақ дəне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді.нді, ал тысына ірі дəне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді.нді түйірлер сеуіп жасалған рулон материал. Шыны рубероидтың кəне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді.дімгіден артықшылығы – оның негізінің, яғни шыны талшықты матаның беріктігінің жоғарылығында, əне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді.рі микроорганизмдер əне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді.серінен шірімейтіндігінде.

Пергамин дегеніміз – жабындық картонға балқытылған жұмсару температурасы 40°С-тан кем емес, яғни жұмсару ең төмен жəне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді.не одан жоғары маркалы мұнай – битумдарын сіңіру арқылы жасалған тысталмаған, яғни бетіне қиын балқитын битум жағылмаған ірі жəне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді.не қабыршақ түйірлер себілмеген рулонды материал. Пергамин негізінен көпқабатты төбе жабындарының төменгі қабатында, сонымен қатар буоқшаулау мақсатында қолданылады.

Гидроизол дегеніміз – асбест картонға битум сіңірілген, тысталмаған рулонды материал. Ол жер астындағы ғимараттарды жəне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді.не жазық жабындарды гидроизоляциялау мен металл құрбыларын коррозиядан сақтау үшін қолданылады. Гидроизолды жанғыш материалдар тобына жатқызамыз(Ж4).

Изол – мұнай битумын асбест талшықтары мен резеңке қиқымдарын араластыру жолымен алады.

Бризол (битумды резеңке оқшаулау) – мұнай битумынан, ұсақ резеңкеден асбесттен және пластификаторлардан тұратын суоқшаулағыш рулонды материал.

Қара қағаз (толь) арнайы картонды таскөмірлі қара маймен және шайырмен сіңіру жолымен алады. Екі бетіне домналық шлак, тақтатас және асбест үгінділерінен, кварцты құмнан жасалған арнайы минералдар себіледі. Негізінен құрылыстағы уақытша объектілерді жабу, сонымен қатар фундаменттерді, жертөлелерді және басқа да жерасты имараттарын судан оқшаулау үшін пайдаланылады.

Битумды және қара майлы мастика (жапсыру, бекіту үшін жасалған қою сылайтын зат). Қолдану әдісі бойынша оларды суық және ыстық деп бөледі. Олар ыстық күйінде битум мастикасы 180°С-қа дейін, ал қара май мастикасы 130°С-қа дейін қыздырылып немесе суық күйінде жұмыс орнында температурасы 5°С-тан кем емес болса қыздырылмай, ал одан аз болса 60–70 °С-қа дейін қыздырылып пайдаланылады. Барлық түрдегі мастиктер минералды және органикалық толықтырғыштардан тұрады. Ыстық мастикалар жабынды кілемді негізге жабыстыру, кілемнің жеке қабаттарын бір-біріне жабыстыру үшін қолданылады.

Қолданылатын орнына байланысты ыстық мастикалар: жабыстырғыш, желімдегіш жабындық изоляциялағыш, коррозиядан қорғағыш, т.б. болып бөлінеді. Суық мастикалар – органикалық байланыстырғыш заттың, сұйылтқыш- тың, ұнтақ толтырғыш пен пластификатордың қоспасы. Сұйылтқыш ретінде органикалық ұшқыш заттар – бензин лигроин, (керосин, ұшпайтын заттар – мазут) соляр майы, мұнай пайдаланылады. Бұлар көп қабатты жабынды материалдар, өзара жəне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді.не соңғыларды негізге желімдеу үшін қолданылады.

6.3. Бейорганикалық жылуоқшаулағыш материалдар және олардың өрт кезіндегі іс-әрекеті

6.3.1. Минералды мақта бұйымдары.

Әртүрлі байланыстырғыштар негізінде жасалады. Минералды мақта – жұқа шыны көріністі талшықтардан тұратын, оңай балқитын таужыныстарын (мергель, долмит, базальт, т.б.) балқыту арқылы балқыған металлургиялық шлактан өндірілетін жылу өткізбейтін материал.

Минералды мақталардың маркалары оның жылуфизикалық қасиеттерімен (жылуөткізгіштік), көлемдік массасымен сипатталады. Олар 75 тен 150 кг/

м3дейін; λ – 0,035 тен 0,046 Вт/м.К дейін тербеледі. Қолданудың шекті температурасы tшек= 600 °С. Минерал мақталы тақтаны байланыстырғыштарды (шайыр, битум, балшық) қосу арқылы дайындайды. Фенольды байланыстағы

тақталар келесі сипаттамаларды көрсетеді: көлемдік масса – 100 – 175 кг/м3; λ = 0,05 Вт/м·К; tшек= 200 °С. Битумды байланыстағы тақталар: көлемдік масса – 250 – 400 кг/м3; λ = 0,06 – 0,08 Вт/м·К. Минералдық мақтадан плиталардан басқа да бұйымдар, мысалы синтетикалық байланыстырғыш заттармен (полимерлермен) біріктірілген немесе қағаз, мата, т.б. тысталып, көрпе тəне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді.різді тігілген ерекше жеңіл маттар өндіріледі. Минералды мақта бұйымдарының жанғыштығы байланыстырғыш заттың көлемдік массасы, мөлшері, түрі және қалыңдығына байланысты: жанбайтын (ЖБ) – байланыстырғыш зат – балшық немесе жанғыш байланыстырғыш массасына байланысты 6 % дейін құраса; жанғыш (Ж1,Ж2)– 7 – 15 %; жанғыш (Ж3, Ж4) – 15 % дан артық.

Акмигран – түйірленген мин (мысалы, шыны) мақтамен крахмал бентониттің байланыстырғыш зат араласпасынан жасалған плиткалар.Құрамы: минмақта – 65

%; балшық – 20 %; крахмал – 12 %; парафин және бура – 1 %. Көлемдік масса – 350 – 400 кг/м3, λ = 0,098 Вт/м·К. Жанғыш материалдарды (Ж1,Ж2) аспалы төбелер үшін сәндік материал ретінде пайдаланылады.

6.3.2. Шыны негіздегі материалдар.

Шыны мақта. Шыны дайындауға арналған (SiO2, сода және т.б.) шикізаттан, сонымен қатар шыны сынықтарының балқымаларынан алынады. Шыны талшықтары минералды мақта талшықтарына қарағанда төзімді болып келеді.

Қасиеті ұқсас. Көлемдік массасы – 130 кг/м3 (жұмсақ күйінде); tшек= 450°С; λ <

0,052 Вт/м·К. Шыны мақталар мат түрінде қолданылады.

Ұялы шыны – газтүзші (әктас, антрацит, кокс) және шыны ұнтағының қоспасын 900 – 1000 °С температурада күйдіру арқылы алатын жоғары кеуекті (П

= 80 – 95 %) материал. Көлемдік масса – 200 – 400 кг/м3; tшек= 800 °С; λ = 0,128 Вт/м·К; Rсж= 2 – 6 МПа. Блок және тақта түрінде өндіріледі. Ғимараттың қоршау конструкциясын жылу оқшаулау мақсатында арналған.

6.3.3.Кептірілген перлит негізіндегі материалдар.

Кептірілген перлит – құрамында су бар тау жыныстарын 700 – 1250 °С температурада (1 – 2 мин) күйдіру жолымен алынатын сусымалы материал. Суды шығаруды ұстап тұру нәтижесінде, перлитті тез қыздыру кезінде оның көлемінің бірнеше есеге өсуі орын алады (20дейін) Көлемдік массасы – 75 – 200 кг/м3; λ = 0,4 – 0,6 Вт/м·К; tшек= 600 – 900 °С – бұйымдағы байланыстырғыштың түріне байланысты. Кептірілген перлитті сусымалы (құм) күйінде және бұйым түрінде қолданады. Құм жылуоқшаулағыш бетондарда, бұйымдарда, ерітінділерде толықтырғыш ретінде, ал перлитті ұсақталған тас кесек жылуоқшаулағыш және жеңіл бетондарда кеуекті толықтырғыш ретінде пайдаланылады.

6.3.4. Вермикулитті бұйымдар.

Кепкен вермикулит – өзімен табиғи гидратирланған слюдтарды (магний алю- мосиликаты) көрсететін, вермикулит минералын 800 – 1000 °С температурада (3 – 5 мин) қыздыру жолымен алатын түйіршіктелген, сусымалы материал. Осыған орай оның көлемі 20 және одан жоғары есе ұлғаяды. Көлемдік масса – 100 – 200

кг/м3; λ = 0,004 – 0,075 Вт/м·К; tшек= 1100 °С.

Оттан қорғау бояуында және сылағында толықтырғыш ретінде пайдаланады;

сонымен қатар перлит сияқты бетондар және сылақ ерітінділері үшін толықтырғыш ретінде пайдаланылады.

6.3.5. Жанартау күлі, құм, кеуектас, туф.

Кеуекті тау жыныстары, көлемдік массасы – 400 – 1400 кг/м3; λ = 0,11-0,33 Вт/м·К; tшек= 1300 °С. Жылуоқшаулағыш толтырғыш ретінде, сонымен қатар ғимаратты жылуоқшаулау үшін арналған тақта, блок және басқа да бұйымдар ретінде пайдаланады. Құрылыс конструкцияларында жоғарыда аталғандардан басқа дыбыс- және жылуоқшаулағыш материалдар ретінде қолданылатын кремнезем, базальт талшықтарынан жасалған маттар мен тақталар шығарылады.

Бейорганикалық негіздегі жылуоқшаулағыш материалдарды жанбайтын материалдар тобына жатқызады. Органикалық байланыстырғыштарды пайдаланған тақталар керісінше. Олардың жанғыштығы байланыстырғыш түрі мен мөлшеріне байланысты. Бейорганикалық жылуоқшаулағыш материалдардың өрт кезіндегі іс-әрекетінің ерекшеліктері құрылымдық тұтастығын төмендету және жоғалту, ал кейде жылуоқшаулағыштық қасиетін толық жоғалту.

6.4. Органикалық жылуоқшаулағыш және суоқшаулағыш материалдардың өрт қауіптілігі

Органикалық жылуоқшаулағыш материалдарды өсімдік шикізаты мен қалдықтарынан алады: ағаш жоңқасы, үгіндісі, қамыс, шымтезек және басқа, сонымен қатар полимер негізі.

Ағашталшықты тақта (ДВП) синтетикалық шайыр мен шыңдауды қолдану арқылы қалыпқа келтіру жолымен ағаш жоңқасын өңдеу процесінде бөлінетін, целлюлоза массасынан дайындайды. Көлемдік масса – 250 кг/м3; λ = 0,75 Вт/м·К. Тақталар қатты жанғыш болып келеді (Ж4). Тіпті, жетерліктей мөлшерде ауа бар болған уақытта сылақтың немесе басқа да қаптама материалдың астында да оңай жанып, күйеді. Сондықтан, оттан қорғаудың беттік әдісі бұл материал үшін тиімді емес.

Ағаш жоңқасының тақталары (ДСтП) полимер байланыстырғыш сіңірілген ағаш жоңқаларын ыстық престеу жолымен дайындалады. Көлемдік массасы – 250 – 400 кг/м3; λ = 0,058 Вт/м·К. Тақта катты жанғыш болып келеді (Ж4). Олардың өрт қауіптілік қасиеттері байланыстырғыш түрімен, ағаш жоңқаларының фракциондық құрамымен, сонымен қатар тақтаны дайындау технологиясымен анықталады. Фибролитті жылуды өткізбеу үшін қолданады; көлемдік массасы 300 – 350 кг/м3. Көлемдік массасы 400 – 500 кг/м3 болатын конструкциондық фибролиттер бар. 300 кг/м3 тан жоғары көлемдік массалы фибролиттер орташа жанғыш материалдар (Ж3) болып табылады.

Шымтезек тақталар. Жас, құрамындағы мүк көлемі үлкен, әлі шіріп үлгермеген шымтезек шикізат болып табылады. Тақтаны ыстық престеу арқылы алады. Торф талшықтарына 120 – 150 °С температурада, торфтың құрамындағы

коллоидты заттар торф талшықтарын жабыстырып, ерімейтін күйге ауысатын болғандықтан байланыстырғыш заттың керегі жоқ. Көлемдік массасы – 170 – 250 кг/м3 (15 % ылғалдылық кезінде); λ = 0,058 – 0,07 Вт/м·К; tшек< 100 °С. Шымтезек тақталары қатты жанғыш болып келеді (Ж4) – ашық жалынмен жанып, өртті сөндіруді қиындататын қарқынды көмірге айналады. Жанудан қорғау үшін тақталарды сылайды. Шымтезекті жылуоқшаулағыш тақталар аражабындар мен қабырғаларды оқшаулау үшін пайдаланылады. Жаңа, тиімдірек жылуоқшаулағыш материалдардың пайда болуына байланысты тақталардың өндірісі қысқарады.

Құрылыс киізі жабысқыш заттар мен зығыр кендір қосылып жүннің төменгі сортынан дайындалады. Көлемдік массасы – 150 – 200 кг/м3; λ = 0,06 Вт/м·К.

Материал Ж3 – Ж4 жанғыштық тобына ие. Көбіне ашық жалынмен жанбайды, қарқынды бықсып, тұншықтырғыш түтін бөледі. Оны балшықты ерітіндімен сіңіру арқылы жанғыштығын төмендетеді.

Кендір зығыр қалдықтарының шатасқан талшықтарынан тұрады және жанғыштығы бойынша Ж4 топқа жатады. Көлемдік массасы – 150 кг/м3; λ = 0,06 Вт/м·К.

Қамыс және сабан – қамыстан немесе сабаннан жасалған престелген тақта.

Көлемдік массасы – 200 – 250 кг/м3; λ = 0,08 – 0,11 Вт/м·К. Қатты жанғыш материалдар (Ж4). Жанудан, шіруден және кемірушілерден қорғау үшін сылайды.

Аралық құрылғылары, аражабын және қабырға толықтырғыштары үшін қолданылады.

Органикалық жылуоқшаулағыш материалдар тобына сонымен қатар 5 бөлімде қарастырылған газтолтырылған пластиктер кіреді

Битумды және қара майлы (шайырлы) материалдар, жанғыш байланыстырғыш және толықтырғыш заттардан жасалғандықтан жанғыш (Ж3 – Ж4) болып табылады. Берілген материалдар үшін тұтану, өздігінен тұтану және жарқ ету температурасы көрсеткіш сипаттама болып табылады. Жекелей алғанда, мұнай битумдары келесі сипаттамаларға ие болады: tтұт= 184 – 270 °С; tтұт= 285 – 351 °С; tтұт= 368 – 397 °С. Сонымен қатар, битумдар күйіндіге шағылған кезде өздігінен тұтануға бейім болып келеді. Битум негізіндегі материалдар келесі сипаттамаларға ие. Изол tтұт= 345 °С; tө.тұт= 410 °С, бризол – tтұт= 340 °С; tө.тұт= 405

°С. 70 °С температурада изол мен бризол өздігінен тұтануға қабілетті.