• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕПТІК ТАЛДАУЫ Қ.М. Сейтахметов

In document Science & Health Care (бет 107-110)

ҚР ДМ РМҚМ ОСМ Шығыс Қазақстан филиалы Резюме

ОПРЕДЕЛЕНИЕ КАРБОКСИГЕМОГЛОБИНА В КРОВИ ТРУПНОГО МАТЕРИАЛА И СТАТИСТИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ В ДИНАМИКЕ С 2006-2010 ГОДЫ ПО ДАННЫМ ВК ФИЛИАЛА РГКП «ЦСМ» МЗ РК

К.М. Сейтахметов

В статье приводятся данные анализа проведенных химико-токсикологических экспертиз из крови трупного материала по данным ВК филиале РГКП «ЦСМ» МЗ РК.

Summary

BLOOD PIGMENT-CARBOXY DETERMINATION IN THE BLOOD OF ASPIRATE CADAVERIC AND STATISTICAL ANALYSES IN DYNAMICS FROM 2006 TO 2010 YEARS OF KAZAKHSTAN REPUBLIC HEALTH MINISTRY

JUDICIAL MEDICINE CENTER OF STATE PUBLIC ENTERPRISE CENTER EAST-KAZAKHSTAN BRANCH K.S. Seitakhmetov

There are chemico-toxicological expertise analysis from the blood of aspirate cadaveric in the article Kazakhstan Repub- lic health Ministry Judicial medicine Center of State Public Enterprise Center East-Kazakhstan branch.

Барлық тірі ағзалар атмосферадан оттегіні сіңіріп, тотығу үрдістерінің соңғы өнімі болып табылатын көмір қышқыл газын шығарады. Адам мен жануар ағзасында тыныс алу мүшелерінен ағзаның барлық ұлпаларына атмосфералық оттегінің тасымалдануы, құрамында гемоглобині бар қан ағынымен жеткізіліп отырылады.

Гемоглобин құрамында темірі бар адам мен жануар эритроциттерінің күрделі ақуызы, оттегімен байланысып, оның ұлпаларға жеткізілуін қамтамасыз етеді. Гемоглобин глобин ақуызының темір комплексі геммен қосылысы болып саналады. Оттек ауада және өкпе альвеолдарында болатын үлес қысымы әсерінен гемоглобинмен байланысып, тыныс алушы ұлпаларда

қысым төмендегенде бөлініп шығады. Тыныс алу мүшелерінде атмосферадан сіңірілген оттегі дезоксигемоглобинмен байланысып, оксигемоглобин түзеді және ол ағзаның барлық ұлпаларына транспортталады, нәтижесінде оксигемоглобин қайта дезоксигемоглобинге регенерацияланады.

Қанның құрамында гемоглобиннің әртүрлі формалары бар:

1. оттегімен байланысқан оксигемоглобин немесе гемоглобин;

2. оттегімен байланыспаған дезоксигемоглобин;

3. молекуланың темір атомында оттегі орнына басқа - көміртек (II) оксиді (СО), көміртек (IV) оксиді

(СО2), цианидтер (CN) және азот пен күкірттің оксидтерінің қалдықтары орналасқан гемоглобин;

4. қалыпты жағдайда оттегімен, көміртек оксидімен және басқа газдармен байланыспайтын метгемоглобин.

Осы айтылғандардың ішінен біз гемоглобин құрамындағы темірдің СО байланысқан күйін қарастырамыз.

Сонымен, СО адам ағзасына қандай әсерін тигізеді? СО өкпеден қанның плазмасының эритроциттеріне өткеннен кейін тыныс алу мүшелерінен ағза мүшелеріне оттегіні тасымалдайтын гемоглобин ақуызымен әрекеттеседі, нәтижесінде оттегіні тасымалдауға қабілеті жоқ карбоксигемоглобин түзіледі.

Сонымен қатар СО қандағы

дезоксигемоглобинменмен де байланысады. Ол оксигемоглобиннен оттегіні ығыстырып, әлдеқайта берік байланысқан карбоксигемоглобин түзеді. Кейін ағзада дезоксигемоглобинге дейін ыдырайды. Бұл үрдіс ағзадағы оксигемоглобиннің ыдырау жылдамдығынан 240 есе баяу жүреді.

Нәтижесінде, қанда жиналған карбоксигемогло- биннің артық мөлшері ағзада оттектік жетіспеушілікті тудырады. Үрдіс интенсивтілігі мен ұзақтылығы да жағымсыз жағдайларға әкеп соғады. Яғни, ағзадағы ферменттердің активтілігін төмендетіп, көмірсутектік, фосфорлы және азотты алмасуды бұзады, бастың айналуына, естен тануға, жүректің айнуына, жүрек қағысының жоғарлауына, артериалды қан қысымының күрт төмендеуіне байланысты жүрек тамыр жүйесінің бұзылуына, қатты шөлдеуге, бұлшықеттің босаңсуына (әсіресе, қол, аяқ), бұлшықеттерінің қалтырауына, тартылуына, дене температурасының жоғарлауына (38-400С), адам мүлде қозғала алмайтын комды жағдайға әкеп соғады.

Карбоксигемоглобин адам ағзасының барлық жүйесіне әсер етеді, әсіресе, жүйке жүйесі мен ми қабатына. Кез – келген адам қанының құрамында СО болуы мүмкін, ол гемоглобинмен комплекс түзеді және ол әртүрлі адам қанының құрамында әртүрлі мөлшерде болады.

Карбоксигемоглобиннің мөлшерін анықтауда – спектрофотометриялық, фотоколориметриялық, химиялық және т.б. әдістер қолдануға болады.

Біздің зерттеу жұмысымызда химиялық және спектрофотометриялық әдістер қолданылды.

Химиялық әдіс арқылы қанның құрамындағы карбоксигемоглобин сапалық жағынан анықталды.

Қан құрамындағы карбоксигемоглобин 5%-тен жоғары болса, мынадай химиялық реакциялар сапалық реакцияларды береді:

Мысалы: 1. Гоппе-Зейлер үлгісі: белгілі мөлшердегі қан үлгісіне сол немесе екі есе мөлшердегі 30 %-тік натрий гидроксидін қосамыз. Құрамында карбоксигемоглобині бар қан ашық қызыл түсті болып қала береді, ал карбоксигемоглобині жоқ қан қошқыл қызыл түске боялады.

2. Сальковский - Катаям үлгісі: 10 мл дистилденген суға 5 тамшы қан және 5 тамшы жаңа дайындалған аммоний сульфиді ерітіндісін қосып, араластырамыз.

Үстіне 30%-тік сірке қышқылын әлсіз қышқылдық реакцияға дейін қосамыз. Құрамында карбокси- гемоглобині бар қан таңқұрай-қызыл, ал карбокси- гемоглобині жоқ қан сұр жасыл түске боялады.

3. Кункель - Вецель үлгісі: бір көлем қанға бес көлем дистилденген су қосады. Алынған ерітіндінің 5 мл-не 15 мл 3%-тік таниннің сулы ерітіндісін қосып, араластырады. Егер қан құрамында карбоксигемоглобин бар болса, онда ашық қызыл тұнба түзіледі. Ал қан құрамында карбоксигемоглоьин жоқ болса, сұр-қоңыр түсті тұнба түзіледі.

4. Бюркер үлгісі: 5 мл қанға 500мл болатындай етіп су қосып, араластырамыз. Алынған қан ерітіндінің 5—

10 мл 5 тамшы 1%-тік К3[Fе(СN)6] ерітіндісін қосамыз.

Құрамында карбоксигемоглобині бар қан қызыл түсті болып қала береді, ал карбоксигемоглобині жоқ қан сары түске боялады.

Сол сияқты қанның құрамындағы карбоксигемоглобинді сапалық анықтау үшін тағы басқа көптеген реакциялар бар. Ал біз өзіміздің сараптамамызда осы төрт әдісті кезектесіп қолдандық.

Қан құрамындағы карбоксигемоглобиннің сандық анықталуы спектрофотометрлік әдіс арқылы жүзеге асты. Спектрофотометр СПЕКОРД-205, автомат- тандырылған және карбоксигемоглобинді анықтау бағдарламасы компьютер жадына енгізілген жаңа қондырғы. Оның тиімділігі аз уақыт ішінде нәтижені қолма-қол алуға болады. Сонымен қатар, паралелді СФ-46 спектрофотометрімен де тәжірибе жасалды, оның нәтижесі СПЕКОРД-205 құрылғысымен жасалған тәжірибе нәтижесімен салыстырмалы түрде бірдей болды.

Қанның құрамындағы карбоксигемоглобиннің мөлшерін мына формуламен анықтадық:

; мұндағы,

D1; D2- қанға дитионит қосқаннан кейінгі

максималды оптикалық тығыздық (540нм және 550нм);

K1; K2 – СПЕКОРД-205 спектрофотометрі үшін есептелінген коэффициенттер (0,78 және 0,38).

Иіс газы көмірсутектердің, ағаштың, тас көмірдің және басқа да жанғыш материалдардың толық жанбауынан, көп мөлшерде көліктердің шығынды газында, ақауы бар пеште бөлінеді. Сондай-ақ көміртек (II) оксиді өрт, жарылыс кезінде, т.б жағдайларда түзіледі.

Шығыс Қазақстан Облысы және Өскемен қаласы бойынша иіс газымен уланып қайтыс болған адамдардың қанының құрамындағы карбоксигемогло- бин мөлшерінің 2006-2010 жылдар көлеміндегі алынған мәліметтері бойынша статистикалық өңдеу жасадым.

Оның нәтижелері төменде көрсетілген.

2006 жыл Жалпы мәйіт саны 110

Ер адамдар Әйелдер

73 (66,36%) 37 (33,64%)

Ер адамдар Әйелдер

Жас аралығы Саны Жас аралығы Саны

0-30 11 0-30 8

31-60 47 31-60 18

61 және одан жоғары 15 61 және одан жоғары 11

2006 жыл:

Қандағы жалпы карбоксигемоглобин мөлшері 58,98%. Оның ішінде:

Ер адамдардың қанындағы HbСО мөлшері (орта есеппен) – 63,49%,

Әйелдер қанының құрамындағы HbСО мөлшері (орта есеппен) – 54,46%.

2007 жыл:

Қандағы жалпы карбоксигемоглобин мөлшері 60,61%. Оның ішінде:

Ер адамдадың қанындағы HbСО мөлшері (орта есеппен) – 61,81%,

Әйелдер қанының құрамындағы HbСО мөлшері (орта есеппен) – 59,40%.

2008 жыл:

Қандағы жалпы карбоксигемоглобин мөлшері 62,85%. Оның ішінде:

Ер адамдадың қанындағы HbСО мөлшері (орта есеппен) – 63,15%,

Әйелдер қанының құрамындағы HbСО мөлшері (орта есеппен) – 62,55%.

2009 жыл:

Қандағы жалпы карбоксигемоглобин мөлшері 59,90%. Оның ішінде:

Ер адамдадың қанындағы HbСО мөлшері (орта есеппен) – 60,24%,

Әйелдер қанының құрамындағы HbСО мөлшері (орта есеппен) – 59,03%.

2010 жыл:

Қандағы жалпы карбоксигемоглобин мөлшері 55,84%. Оның ішінде:

Ер адамдадың қанындағы HbСО мөлшері (орта есеппен) – 57,25%,

Әйелдер қанының құрамындағы HbСО мөлшері (орта есеппен) – 51,76%.

2007 жыл Жалпы мәйіт саны 104

Ер адамдар Әйелдер

74 (71,15%) 30 (28,85%)

Ер адамдар Әйелдер

Жас аралығы Саны Жас аралығы Саны

0-30 11 0-30 8

31-60 48 31-60 16

61 және одан жоғары 15 61 және одан жоғары 6

2008 жыл Жалпы мәйіт саны 121

Ер адамдар Әйелдер

95 (78,51%) 26 (21,49%)

Ер адамдар Әйелдер

Жас аралығы Саны Жас аралығы Саны

0-30 13 0-30 4

31-60 68 31-60 16

61 және одан жоғары 14 61 және одан жоғары 6

2009 жыл Жалпы мәйіт саны 119

Ер адамдар Әйелдер

86 (72,26%) 33 (27,73%)

Ер адамдар Әйелдер

Жас аралығы Саны Жас аралығы Саны

0-30 16 0-30 5

31-60 57 31-60 23

61 және одан жоғары 13 61 және одан жоғары 5

2010 жыл Жалпы мәйіт саны 117

Ер адамдар Әйелдер

87 (74,35%) 30 (25,64%)

Ер адамдар Әйелдер

Жас аралығы Саны Жас аралығы Саны

0-30 14 0-30 6

31-60 60 31-60 19

61 және одан жоғары 13 61 және одан жоғары 5

Қандағы жалпы карбоксигемоглобин мөлшері:

58,98

60,61 62,85 59,9

55,84 2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж. 0%

20%

40%

60%

80%

100%

54,46

59,4062,55 59,03

51,76 63,49

61,8163,15

60,2457,25

ерлер әйелдер

Бұл статистикалық өңдеу нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:

2006-2010 жылдар көлемінде карбоксигемо- глобиннің қандағы артық мөлшерінен көбінесе орта жастағы (30-60 жас аралығындағы) ерлер қайтыс болады. Өлу жағдайы көбінесе, ішімдік ішіп, не шылым шегіп ұйықтап қалған адамдар және көлік ішінде иіс тиіп өлген адамдар болып табылды.

Әдебиеттер:

1. Бережной Р.В., Смусин Я.С., Томилин В.В., Ширинский П.П. Руководство по судебно-медицинской экспертизе отравлений. Под редакцией Р.В. Бережного, Я.С. Смусина, В.В. Томилина, П.П. Ширинского. Москва, Медицина, 1980г

2. Исаев Л.К. Воздействие на организм человека опасных и вредных экологических факторов, метроло- гические аспекты. Под редакцией Исаева Л.К. Москва, 1997г. 512стр.

3. http://ru.wikipedia.org/wiki/Гемоглобин

4. Бандман А.Л., Гудзовский Г.А., Дубейковская Л.С. Вредные химические вещества неорганические соединения элементов I-IV групп. Справ. издание /А.Л.Бандман, Г.А. Гудзовский, Л.С. Дубейковская и др./

Под редакцией В.А. Филова и др., Л: Химия, 1988, 512 с.

5. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия. - Киев, головное издательство издательского объедине- ния «Выща школа», 1989г.

6. Методические указания «судебно-химическое определение карбоксигемоглобина», Алматы, 2000г.

УДК 61:67.99 (2)

АНАЛИЗ ПРОВЕДЕННЫХ СУДЕБНО-МЕДИЦИНСКИХ ЭКСПЕРТИЗ В ОТДЕЛЕ ЭКСПЕРТИЗЫ

In document Science & Health Care (бет 107-110)