Ragimov I., Professor, Doctor of Law,
Рисунок 10. Задание 1 по теме «Программное обеспечение»
83
Таким образом, проблемные ситуации могут создаваться на всех этапах процесса обучения: при объяснении, закреплении, контроле.
Учитель создает проблемную ситуацию, направляет учащихся на их решение, организует поиск решения. В следствие чего ребенок ставится в позицию субъекта своего обучения и, как результат, у него образуются новые знания, он овладевает новыми способами действия.
Трудность управления проблемным обучением в том, что возникновение проблемной ситуации – акт индивидуальный, поэтому от учителя требуется использование как дифференцированного, так и индивидуального подхода.
СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННОЙ ЛИТЕРАТУРЫ:
1. Оконь В. Основы проблемного обучения. Пер. с польск. - М.: «Просвещение», 1968.
2. Глазунов С. Н. Метод анализа проблемных ситуаций как способ активизации мыслительной деятельности учащихся // Преподавание истории в школе. - 2010. - N 6. - С. 52-54.
3. Мельникова Е.Л. Проблемный диалог как технология «открытия» знаний // Сибирский учитель. – 2010. - № 5. - С. 47-52.
4. Бабичева, Т. А. Проблемное обучение в процессе активизации познавательной деятельности студентов // Вестник Ставропольского государственного университета. - 2009. - № 6. - С. 12-17.
84 ӘӨЖ: 343.851
Сағынбеков Қ.С.,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Сатылғанов Е. Т.,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Жумагулова Б.П.,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Еркебаева А.К.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
СОТТАЛҒАНДАРДЫ ТҮЗЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Түйін. Бұл мақалада, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару заңнамасында қарастырылған сотталғандарды түзету құралдары зерттелген, сондай-ақ бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарын жетілдіру жолдары қарастырылған.
Кілт сөздер. Қылмыстық құқық, құқық бұзушылық, қылмыстық-атқару құқығы, криминология, бас бостандығынан айыру, түзету мекемелері.
Аннотация. В данной статье исследовано основные средство исправления осужденных, а так же рассмотрены пути совершенствования средств исправления.
Ключевые слова. Уголовное право, правонарушение, уголовно-исполнительное право, криминология, лишение свободы, исправительные учереждение.
Summary. This article explores the basic means of correction of convicted persons, as well as the ways to improve the means of correction.
Keywords. Criminal law, offence, criminal enforcement law, criminology, deprivation of liberty, correctional studies.
Қылмыстық құқық өзінің пайда болған кезінен бастап қоғамды және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмысты жасағаны үшін қылмыстық-құқықтық тыйым салуды орнату жолымен адамның тіршілік ету негіздеріне қауіп төндіретін қылмыстардың алдын алу мақсатында қызмет етіп келеді.
Біз білетіндей, Қылмыстық кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады. Қылмыстық құқық нормалары қандай қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылатындығын, қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылық туындайтындығын және жазаның қандай түрлері оны жасаған тұлғаларға қолданылуы мүмкін және тиіс екендігін анықтайды.
Осы орайда, мемлекет тарапынан, қылмыс жасаған тұлғаларға қылмыстық жауаптылық қарастырылып отыр. Ал, қылмыстық жауаптылық - бұл жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғаудың маңызды шарасы. Ол қылмыстық құқықтық нормалардың ұйғарымдарын бұзу нәтижесінде туындайды және кінәліге қылмыстық жаза түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану нысанында көрінеді.
Яғни, қылмыстық құқықта қылмыс жасаған адамдардың қоғамға қарсы әрекетін тоқтататындығы себепті жаза институты қылмыспен күрестің тиімді құралы болып отыр. Осыған орай, қылмыстық жаза мемлекеттің жасалған қылмысқа үн қатуының қажетті әрі аса өткір құралы болып қалуда.
Жаза дегеніміз сот үкімімен тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан қылмыстық заңмен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады [1].
Сонымен, қылмыстық құқықта негізінен жекелеген қылмыс түрлеріне құқықтық талдау жасалып, олардың әрқайсысына жаза қарастыруды көздеп, соның ішінде жазаны тағайындау кезінде ескерілетін мән- жайларды қолдануды үйретеді. Бірақ қылмыстық құқық осы тағайындалған жазаны өтеу кезінде пайда болатын қатынастарды қарастырмайды. Демек, сотталған адамдарға тағайындалған әртүрлі жазалардың ерекшеліктерін, оларды өтеу кезінде пайда болатын ерекше қатынастарды зерттемейді. Себебі, жазаларды
85
өтеу және атқару тәртібі мен жағдайлары қылмыстық құқық пәнінің зерттеу объектісіне жатпайды. Яғни, қылмыстық жазаны өтеу кезінде басқа құқық саласына жатпайтын ерекше қоғамдық қатынастар туындайды. Бұл ерекше қоғамдық қатынастар негізінен қылмыстық жазаны атқарушы мемлекеттік органдар мен сотталған адамдар арасында болады. Осы екі субъектінің арасында пайда болған қатынастарды жеке құқық саласы - қылмыстық-атқару құқығы реттейді. Бұл реттеушілік қызмет осы қоғамдық қатынасқа түсуші субъектілердің, яғни жазаны іске асырушы мемлекеттік органдар мен сотталған адамдардың құқықтары мен міндеттерін анықтау жолымен іске асырылады.
Баршаға мәлім, XX-ғасырдың тоқсаныншы жылдары еліміздегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және де басқа да қоғам өміріндегі өзгерістерімен ерекшеленді. Мемлекет пен қоғам дамуының түрлі саласында реформаларды жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде жіберілген күрделі қателіктері, қоғамның рухани-ізгілік әлеуметінің төмендеуіне алып келді, ал ол өз кезегінде қылмыстылықтың өсуіне жағдай туғызатын негізгі себеп болды. Осы жылдары, жоғарыда көрсетілген қателіктердің ішінен біздің көз қарасымыз бойынша, бас бостандығынан айыру мекемелерінде сотталғандармен тәрбие жұмысының тиісті дәрежеде жүргізілмегендігінің салдарынан жалпы елімізде, оның ішінде жаза өтеу мекемелерінде қылмыстылықтың деңгейі өсті.
Осы қылмыстылықтың өсу динамикасын қарастыратын болсақ, қылмыстық атқару мекемелерінде жазасын өтеушілердің қылмыс жасау статистикасының көрінісі, жан түршігерліктей.
Мысалы: 1976-2000 жылдар аралығында Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде қылмыс жасады деп сотталғандардың және айыпталушылар мен сезіктілердің ұсталған саны 2.088.794.
болды, яғни Халықаралық Түрме Реформасының (РRI) мәліметтері бойынша ел тұрғындарының саны 100 мың адамға сай деп алғанда, Қазақстандағы қылмысты атқару жүйесі мекемелерінде отырған адамдардың саны, қазіргі таңда АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында болды. Мысалы, түзету мекемелеріндегі жиі кездесетін қылмыс түрлері, атап айтсақ: адам өлтіру – 8%, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 12,5
%, денсаулыққа орташа зиян келтіру – 13,5%, ұрып соғу - 12%, нәсіпқорлық сипатындағы зорлық көрсету - 4%, бұзақылық - 12%, бас бостандығынан айыру жерінен қашу - 14%, қоғамнан оқшауландыратын мекеменің қалыпты іс-әрекетен ұйымдастыруға кедергі жасау - 2%, есірткіні және психотропты заттарды заңсыз түрде иелену, сақтау, сату – 1,5%, заңсыз түрде суық қаруды дайындау – 1,3%. Және т.с.с. [2].
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы бес жылда еліміз сотталғандардың саны бойынша 41-ші орыннан 52-ші орынға төмендеді (31 мың адам сотталған). Әрбір алты айда International Prison Reform деректерін Халықаралық түрмелерді зерттеу орталығына (ICPS) ұсынады. Содан кейін орталық жаһандық кестеде әрбір елдің позициясын анықтайды. Қазір Қазақстан «түрме тұрғындарының» индексі бойынша әлемдегі 222 елдің ішінде 95-ші орынға жетті. Сондай-ақ пробация қызметінде тіркелген сотталғандардың саны Қазақстанда жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2019 жылы құқық бұзушылық жасаған 64 мың адамға қоғамнан оқшауламайтын балама жаза тағайындалды. Олардың 89 % - ерлер, 10 % - әйелдер болса, ал кәмелетке толмағандар осы көрсеткіштің 1 % - ын қамтиды. Сонымен қоса, 36 403 (57%) адам бас бостандығын шектелген, 9826 адам (15,4%) белгілі бір лауазымға орналасу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған, 7402 адам (11,5 %) қоғамдық жұмыстарға тартылған, ал 9288 адам (14,5%) шартты түрде сотталған. Сондай-ақ 1016 адамның (1,5%) жазаны өтеуі кейінге қалдырылған. Ал түзету жұмыстарына 65 адам (0,1%) ғана тартылған [3 ].
Бұл аталған көршеткіштердің төмендеуінің себебі, қолданыстағы Қылмыстық кодекстің (ерекше бөлімі) кейбір нормаларының дикриминализацияландырылуы, сондай-ақ рақымшылық актілерінің қабылдануы. Алайда, бұқаралық ақпараттар бетінде және түзету мекемелерінде жоғарыда аталған құқық бұзушылық фактілері орын алуда (адам өлтіру, есірткі заттарын заңсыз қолдану, бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару, Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау және т.с.с.)
Осы орайда, бас бостандығынан айыру мекемелерінде қылмыстылықпен күресті тиімді жолға қою арқылы ұйымдастыруда әлеуметтік әділеттілікті орнату, сотталғандарды дұрыс жолға қою арқылы, олардың жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасауына жол бермеу мақсатында қолданылатын жазаның нәтижелігінің үлкен маңызы бар.
Қылмыстылықпен күресті жүргізетін құқық қорғау органдарының жүйесіндегі сотталғандарды дұрыс жолға қою мен қылмыстық жазаны орындау мақсатындағы маңызды роль - түзеу мекемелеріне берілген.
Осы аталған мақсаттардың басым көпшілігі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу кезеңінде орындалады, яғни осы көзқарас Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару Кодексінде нақты айқындалған.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделеді және осы қылмыстық-атқару кодексінен, жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын
86
орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеулер, егер заңда бұл көзделмеген болса, белгілене алмайды.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы қылмыстық-атқару кодексінің алдында басымдығы бар және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады. [4].
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның мақсатына қол жеткізу – тек оны түзеу мекемелерінде жүзеге асыру арқылы және сотталған тұлғаның қалыптасуына, оның құқықты тыңдауына қажетті нақты мүмкіншілікті қамтамасыз ететін қолайлы жағдай туғызу арқылы ғана болады. Бұндай жағдайды туғызу, өз кезегінде сотталушының бас бостандығынан айыру мекемелерінде жаза мерзімін өтеу кезінде ілесе жүретін және түзеу мекемелерінде орын алатын, тіркелген және латенттік қылмыстың жасалуына күрделі бөгет болар еді. Ал, мұндай жағдайлар орын алмаса, келеңсіз жағдайлардың түрткісі күшейеді. Сондықтан, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау – осы қылмыстылықпен қүрестің тиімділігін нақты көтереді, яғни ол жазаны жүзеге асыратын органдар жүйесінің басымдық міндетінің бірі болып табылады.
Түзеу мекемелерінде қылмыстылықпен күресте қылмыстық құқық және криминологиялық зерттеу кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерін қабылдағаннан кейін, бас бостандығынан айыру органдарында жаза мерзімін өтеуге қатысты және қылмыстың алдын алу шараларының жүйесін қалыптастыруға байланысты көптеген қауырт мәселелер айқындала түсті.
Осындай жағдайларда тек бас бостандығынан айырылғандарға жаза қолданудың шеңберін кеңейтіп, олардың істеген теріс қылықтарына жауапкершілігін арттырып қана қоймай, ең алдымен, олардың құқық бұзушылықты жасау себептерін анықтап, зерттеп және оның алдын алудың тиімді шараларын табу керек.
Түзету мекемесінде орын алатын қылмыстар түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Алайда, В.Н.
Кудрявцевтің пікірінше, түзету мекемелерінде қылмыс жасау тәсілі, сол мекемелерде орын алатын ішкі жағдайлардың мәніне, яғни сотталушылар арасындағы өзара қарым-қатынастардан туындайтын себеп- салдарларға байланысты [5].
Түзету мекемелерде орын алған құқық бұзушылық пен күрес, елдегі қылмыстылықпен күрестің тек бір бөлігі ғана, бас бостандығынан айыру жеріндегі қылмыстың жасалуы түзету мекемесінің қызметіне кері әсер етіп, жаза өтеуде орнатылған тәртіпке де кедергі келтіреді. Түзету мекемелерінде қылмыс деңгейі қашан да төмен болса, сотталғандардың түзетілу үрдісінің табыстылығы да сонымен байланысты болатындығы айқын.
Осы орайда, біз профессор Ө.З. Жекебаевтың пікірімен келісеміз, яғни оның айтуынша, «бүгінгі таңда қылмыстылықпен күрестегі қылмыстық жазаның рөлімен байланысты мәселелерді шешудің, анықтаудың жаңа әдістерін іздеу - өзекті мәселе болып отыр. Нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезеңінде қылмыстық жаза мәселесі аса маңызды болып отыр. Жазалау ғылымында түсініксіз, әрі талас туғызатын жерлер көп. Жазаның нәтижелілігін, жаза мен қылмыс түсініктерінің сәйкестігін, мақсатын анықтауда өте көп түсініксіз жәйттер бар екендігі мәлім [6].
Сонымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі - ҚР ҚАК) 7-бабы 1-ші тармағында сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары көрсетілген, яғни атап айтсақ:
1) жазаны өтеу режимі;
2) тәрбиелік ықпал ету;
3) жағымды әлеуметтік байланыстарды сақтап тұру;
4) қоғамға пайдалы еңбек;
5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуы;
6) қоғамдық ықпал ету сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығының 8 тармағына сәйкес, мекемелерде сотталғандардың түзелуіне, яғни заң талаптарын сақтауға, еңбекке және өзгеде қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысуға, білім және мәдени деңгейін арттыруға, оңалту бағдарламаларына қатысуға ынтасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені толық қамтылғын.
Алайда, біздің көзқарасымыз бойынша Қылмыстық-атқару кодексінде қарастырылған сотталғандарды түзету құралдары жеткізіліксіз, яғни бұл мәселе әлі де жаңа көзқарасты талап етеді. Осы орайда аталған келеңсіздіктердің орын алуының негізгі себебі, біздің пікірімізше түзету құралдарына бүгінгі таңғдағы инновациялық талаптардың енгізілмеуінде. Мысалы, соңғы кездегі ғылыми-техниқалық құралдардың
87
дамуы өте жоғары, алайда, ғылыми-техниқалық құралдар сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде сырттан тыс қалып жатқандай.
Жоғарыда айтып кеткендей, түзету мекемелерде жасалатын құқық бұзушылық пен күрес елдегі қылмыстылықпен күрестің бір бөлігі ғана, дегенімен мұндай жағдай түзету мекемелерінің қызметіне кері әсер етіп, жаза өтеуде орнатылған тәртіпке де кедергі келтіретіндігі анық.
Біздің білетініміз, түзету мекемесі сияқты әлеуметтік ортада қылмыскердің жеке тұлғасы, жеке басы белгілі бір деңгейде өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, сотталғандардың осы ортадағы орнын, оның мәртебесіне әсер ететін факторлар мен тенденцияларды уақытында анықтау маңызды іс болып келеді, ал бұл түзеу мекемелеріндегі қылмыстылықтың алдын-алу жұмысының өткізілуін тиімді етуге көмектеседі.
Түзету мекемесінде қылмыс жасаған сотталғандардың жеке басының ерекшелігі – оларды колонияға орналастыруға дейінгі тәртіптілігін анықтайтын, өзіндік рухани дүниесін құрайтын қасиеттері мен ерекшеліктерін айқындап қана қоймай, оларға рухани көмек көрсететін не болмаса рухани ықпал ететін тұлғаларды анықтап, оларды қажетті жағдайда, яғни дер кезінде тәрбие жұмыстарына араластыру мүмкіндігін мейлінше толыққанды қолдана білу.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша, бас бостандығынан айыру орындарында «қылымыс әлемінің серкелері» көп жағдайда түзелуге ықпалы бар сотталғандарды теріс жолға, яғни кішігірім құқық бұзушылыққа айдап салатындығы жасырын емес. Осы орайда, жалпы сотталушылардың «қылымыс әлемінің серкелері» тарапынан орын алған арандатушылыққа түсіп қалмауы мақсатында, біздің ойымызша оларды әке-шешесімен, туған-туыстарымен, жан жарымен, бала-шағасымен немесе өздері пір тұтатын басқа да тұлғалармен, қазіргі заманауи құралдарды пайдалана отырып, жүздестірудің қажеттілігі туындап отыр. Мысалы, сотталған тұлғаның іс-әрекетінен немесе мінезінен түзету мекемесінен қашуға немесе басқа да құқық бұзушылық жасауға деген ниеттерді байқаған жағдайда, не болмаса біреуден кек алу масатында қылмысқа ой тіккен кездерін анықтаған кезде, сотталушыны осы райынан қайтару мақсатында мекеме қызметкерлері тарапынан жасалған іс-шаралар кейбір жағдайларда оң нәтижесін бермейді. Осы орайда,
«темірді қызған кезінде соқ» дегендей, сотталушыларды қылмыстық райынан қайтару үшін басқа амал- шара жоқ кезде, неге оларды түзу жолға салу және оларға психикалық әсер ету үшін жақын туыстарының көмегіне жүгінбеске. Себебі, «жүз рет естігенше – бір рет көрген артық» деген мақалға сәйкес, сотталушының өз жақын туыстары немесе жанашырларымен дидарласуы оның түзу жолға түсуіне не болмаса райынан қайтуына ықпал етері даусыз.
Алайда, қолданыстағы заңда бұл мәселе толыққанды ашылмай отыр. Сондықтан, біздің пікірімізше Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің тиісті нормаларында, сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары ретінде «заманауи технологияның қазіргі таңдағы мүмкіндіктерін кеңінен қолдану»
қажеттілігі туындап отыр. Мысалы, аталған тұлғалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында Skype, WhatsApp және т.б. өзара байланыс желілерін қолдансақ.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 7- ші бабының 1-ші тармағына компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі атты қосымша құралын қолдану жөніндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынамыз, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 7-бабын «Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары» келесі редакцияда ұсынамыз:
7-бап. Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары.
1.Мыналар:
1)жазаны өтеу режимі;
2) тәрбиелік ықпал ету;
3) жағымды әлеуметтік байланыстарды сақтап тұру;
4) компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі;
5) қоғамға пайдалы еңбек;
6) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуы;
7) қоғамдық ықпал ету сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары болып табылады.
Егер, осы ұсынылған өзгертулер мен толықтырулар өзінің қолдану аясын табар болса, онда қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен мiндеттерiнің, яғни сотталғандарды түзеу құралдарының айқындалуына, сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне, жіне сотталғандарға көмек көрсетілуіне ықпал етер еді деген сенімдеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Сагинбеков К.С. и др.Уголовное право Республики Казахстан. Учебное пособие.Общая часть- г.Тараз, 2012 г.
2. П. Посмаков. Тюремный синдром. Алматы: ТОО «Баспа »,2001-32с.С.5-7.
3. http:// mangystaumedia.kz
88
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі. № 234-V ҚРЗ "Егемен Қазақстан" 11.07.2014 ж. № 134 (28358).
5. Кудрявцев В.Н Объективная сторана преступления – М. 1968 г. 71-75 стр.
6. Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права Республики Казахстан (сравнительный комментарий к книге Дж. Флетчера и А.В. Наумова «Основные концепции соверменного уголовного права»).- Алматы: Жетi жаргы, 2001.- 256с. С.58.
89 Сматлаев Б.М.
доктор юридических наук, профессор, старший советник юстиции,
почетный работник органов прокуратуры Республики Казахстан кафедра уголовно-правовых дисциплин,
Евразийский национальный университет (ЕНУ) имени Л.Н. Гумилева E-mail: [email protected]
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ ТЕРРОРИЗМУ И ЭКСТРЕМИЗМУ В КАЗАХСТАНЕ
Аннотация. Заң ғылымдарының докторы, профессор Б.М. Сматлаевтың бұл мақаласы Қазақстандағы лаңкестік қауіп-қатердің қазіргі ахуалы мен діни экстремизм талдауына арналған. Республикадағы аталған сын-тегеуріндердің өсуіне әсер ететін факторлар нақтыланған.
Мемлекеттің экстремизмге және лаңкестікке қарсы шараларының осал тұстары мен кемшіліктері себептерін анықтау мақсатында 2016 жылдың маусым және шілде айларында Ақтөбе және Алматы қалаларында орын алған лаңкестіктің алғышарттары мен өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасалған.
Радикалды көзқарастағы адамдардың шынайы сенімдерін жасыруға жағдайлардың болуына орай, сонымен қатар кейбір уақытта сотталған азаматтарды түзеуге бағытталған әсер ету жұмыстарының тиімсіз жүргізілуіне орай діни экстремизмнің пенитенциарлық алдын алу және экстремистік қылмыстардың қайталануының алдын алу
мәселелері қарастырылған.
Мақалада автордың діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы әрекет жасауға күштеу және профилактика жолдары жайлы, сонымен қоса аталған бағытта превентивті жұмыс жасау жолының оңтайлы болатыны жайлы пайымдаулары көрсетілген.
Жасалған зерттеудің негізінде бірқатар тұжырымдар мен ұсыныстар алға тартылады.
Аннотация. Настоящая статья доктора юридических наук, профессора Сматлаева Б.М. посвящена анализу текущего состояния угроз терроризма и религиозного экстремизма в Казахстане. Выделяются факторы, влияющие на рост данных вызовов в республике.
С целью определения источников уязвимости и недочетов в антиэкстремистской и контртеррористической деятельности государства произведен краткий анализ характерных особенностей и предпосылок терактов, осуществленных в городах Актобе и Алматы, соответственно, в июне и июле 2016 года.
Затронуты вопросы пенитенциарной профилактики религиозного экстремизма и предпосылок рецидива экстремистских преступлений в связи с наличием условий для сокрытия носителями радикальных воззрений своих истинных убеждений, а также порой неэффективным оказанием исправительного воздействия на осужденных.
В статье приводятся рассуждения автора о силовом и профилактическом подходах к противодействию религиозному экстремизму и терроризму, а также о предпочтительности превентивного характера работы в данном направлении.
На базе проведенного исследования выдвигается ряд выводов и предложений.
Annotation. The present article of Professor B. Smatlayev, Doctor of Law is devoted to the analysis of the current state of threats of terrorism and religious extremism in Kazakhstan. Indicated the factors of influencing the growth of the mentioned challenges in the country.
For determining the sources of vulnerabilities and gaps in anti-extremist and counter-terrorist activities of the state undertaken a brief analysis of characteristic features and prerequisites of terrorist attacks that took place in Aktobe and Almaty cities, respectively, in June and July 2016.
Approached the problems of penitentiary prevention of religious extremism and recurrence preconditions of extremist crimes due to the presence of conditions for concealing by people of radicalized ‘aqidah of their true beliefs and sometimes -- inefficient provision of correctional treatment on the convicts.
The scientific paper presents author's reasoning on force and preventive approaches to combating religious extremism and terrorism, and that preventive work be preferable in this direction.
Based on the research put forward a number of conclusions and suggestion.
События экстремистского характера, имевшиее место в Казахстане прошлые годыж, обуславливают острую актуальность проблематики противодействия религиозному экстремизму и терроризму, которой посвящена настоящая статья.
Сложившаяся религиозно-социальная ситуация требует, чтобы противодействие указанным вызовам и угрозам воплотилось в совместное и тотальное противостояние государства и всех здоровых и прогрессивных общественных сил системе радикального рекрутирования.
На это указывает анализ имеющихся сведений. По данным Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, за прошедшие пять лет в стране за совершение преступлений террористического и
90
религиозно-экстремистского характера осуждены 445 человек. Кроме того, с начала вооруженных конфликтов в Афганистане, Сирии, Ираке из лагерей международных террористических организаций, а также опорной и транзитной инфраструктур в-третьих странах депортированы и экстрадированы 45 граждан Казахстана, Из них 33 привлечены к уголовной ответственности за участие в террористической деятельности [1].
По тем же данным, за терроризм и экстремизм осуждено 25 человек. В следственных изоляторах находятся 50 человек. С 2011 года на ранней стадии приготовления правоохранительные органы предотвратили и сорвали 64 насильственные экстремистские акции, а с начала этого года – 9.
Внешний фактор играет одну из ключевых ролей. Отмечается, что за последние пять лет органы КНБ не допустили выезд в зоны террористической активности 559 рекрутов-казахстанцев. Руководство КНБ РК подчеркивает, что вооруженный конфликт в сирийско-иракской зоне активизировал террористические силы на всем Ближнем Востоке, и участие в вооруженных конфликтах граждан нашей страны представляет прямую угрозу Казахстану. В том числе, опасения вызывают факты возвращения боевиков из сирийско- иракской зоны в Казахстан. Это фактически носители крайне радикальных взглядов, которые при этом обладают вербовочными и боевыми навыками. Поэтому сохраняется высокий уровень угрозы террористических актов внутри Казахстана.
Что касается лиц, которые остаются в зонах террористической активности, мы солидарны с мнением, что они играют роль идейных проводников радикализма, активно участвуют в подстрекательстве, вербовке рекрутов и боевиков к террористической деятельности.
Видится серьезная опасность в уязвимости части верующих к разным течениям джихадистского толка. Как отмечают исследователи, возникла новая тенденция к примыканию радикально подверженной верующей молодежи (сторонники такфризма) уже не только ИГИЛу, но и проалькаидовской организации
«Джабхат фатах аль-Шам», действующей в Сирии и набирающей авторитет среди вооруженных групп [2].
Серьезную роль в радикальной обработке граждан занимает интернет фактор. Экстремистский контент по-прежнему находит своих активных потребителей, при том, что функционирует целая система интернет-ресурсов, ориентированных на идеологическую обработку и обучение методам террористической деятельности. Обеспокоенность по этому вопросу выражал Генеральный прокурор страны [3].
Специалистами и исследователями отмечается роль неблагоприятных социальных условий, которые в немалой степени способствуют уязвимости граждан к вовлечению в радикальные группы. Например, специалисты, проработавшие в актюбинском регионе, после прошедшего теракта, в своих выступлениях в СМИ неоднократно подчеркивают этот момент [4].
Таким образом, на сегодняшний день создана инфраструктура по стадийному, постепенному вовлечению граждан в экстремистскую и террористическую деятельность, базирующаяся на едином идейно-радикальном и методологическом начале, определяющем иную, обособническую идентичность втянутых адептов.
Безусловно, мы имеем дело со скрытными, законспирированными группами экстремистов. С одной стороны, это говорит о том, что их выявлением и раскрытием должны заниматься субъекты оперативной деятельности, с другой, что такие группы закрыты от диалога и переубеждения, и это осложняет превентивную и профилактическую работу.
Вместе с тем, отказываться от профилактики по причине имеющихся сложностей было бы неверным, поэтому полагаем, что должна применяться специфическая методология по завладению вниманием членов радикальных течений. Хотя понятно, что их лидеры будут стремиться к максимальному отключению своих адептов от альтернативной информации, в том числе о нормативном религиозном толковании определенных понятий и терминов, т.е. от дерадикализирующего и идейно-оздоровительного внешнего влияния.
Изложенное в определенной степени характеризует современную тактику и направленность деятельности экстремистских и террористических кругов. В этих условиях требуется найти ответ на вопрос: что именно необходимо совершенствовать в деятельности государства, направленной на преодоление угроз религиозного экстремизма и терроризма.
Осенью 2017 года была утверждена Государственная программа по противодействию религиозному экстремизму и терроризму на 2018-2022 годы. В ней предусмотрены меры всестороннего характера. Вместе с тем, 2016 год стал своего рода испытанием на эффективность предпринимаемых мер.
В рамках одной статьи сложно охватить весь комплекс причин, по которым не удалось предотвратить совершение терактов в отдельных регионах страны. Однако определенные выводы обозначить все же возможно, в том числе анализируя террористические проявления, имевшие место в Актюбинской области и г.Алматы.