• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ

In document Х А Б А Р Ш Ы С Ы (бет 73-82)

BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

ISSN 1991-3494

Volume 6, Number 364 (2016), 73 – 81

K. K. Kaldybay1, T. K. Abdrassilov1, B. Zh. Paridinova2

1Kh. A. Yasavi International Kazakh-Turkish University, Turkestan, Kazakhstan.

2«Bolashak» University, Kyzylorda, Kazakhstan.

E-mail: [email protected], [email protected], filosof.sokrat.86mail.ru

1. Дін философиясымен діни философияның зерттеу нысаны мен пəнін нақты ажыратып ба- рып анықтау қажеттілігі туындайды. Себебі: «Дін философиясын философияның діні ретінде алып қарау қате болғаны сияқты оны діни философия деп түсіндіру де дұрысемес» екендігі де бұл тұста аса маңызды шындық [1].

Одан діни философиядағы адам мен дін филдософиясындағы адам мəселесінің айырмашы- лықтарын саралаудың өзіндік күрделі тұстары бар екендігі де мəселе ретінде қойылады.

2. Дін философиясының əлі де болса, толыққанды, кемелденіп дамымауы, қарастырылатын мəселелерінің десан қилы бағытта өрістеп келуі, нақты əдіснамалық бағдары мен философемде- рінің жүйеленбеуі т.б. зерттеу бағдарымыздағы көптеген мəселелерді анықтап алуды қажет етеді.

3. Қарастырылып отырған тақырыптың өзі көпқұрылымды субекті-предикаттық жүйе болып табылады. Алдымен, философия ғылымы мен дін мəселесі – дінтану ілімі, ондағы діннің филосо- фиясы, осы діннің философиясы тарихындағы зерттелу деңгейі, оның ішіндегі адам болмысы туралы пайымдауларға сараптамалар, дін философиясындағы адам мəселесінің теориялық жəне əлеуметтік философия бойынша анықталуы тиісжақтары, дін адамзат баласының көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі өмір салтымен, болмысымен тұтасып кеткендіктен, қойылып отырған мəселе- нің тəжірибелік қырлары т.б.

4. Дін философиясы, көп жағдайда, адамзаттық руханият тарихындағыдай, діни философия мен теология, бұқаралық-теориялық қоғамдық дінге аса берілген сана тарапынан сынауға ұшы- райды жəне кей сəттерде сезімдік тұрғыдан төзімсіздікке де тап болады. Яғни, діннің философиясы тұрғысынан қозғалған, сарапталған мəселелердің көпшілігі, автордың дінге деген қатынасын, нақтырақ айтқанда, терістеушілік немесе қолдаушылық пікірін ерікті-еріксіз түрде кірістіріп оты- руға қарай жетелейді. Сондықтан, таза абсолютті сезімсіз-сенімсіз бейтараптандырылған рацио- налды тұжырымдар жасау оңайға соқпайды.

Осындай түйткілді мəселелерді ескере отырып, біз өзіміздің төлтума ойларымыз бен идея- ларымызды келісімпаздық түрде ұсына аламыз. Ендеше келесі кезекте, тақырыпқа байланысты зерттеу арналарының, бағдарларының қалай туындайтындығын көрсететін боламыз. Яғни, негізгі мəселені зерделеу үшін адам болмысын зерттейтін философиялық бағыттардың діндегі адам бей- несімен қалай байланысатындығын, адам болмысын зерделеудегі қарастыратын мəселелер тізбегінің дінмен байланысын, дін философиясының туындау шарттарын т.б. талқылап аламыз.

1. Қойылып отырылған тақырыптың басты ұғымдарының бірі – адам, сондықтан, біз жалпы бұл ұғым тым кең болғандықтан, тұтастай адам болмысын зерттеуде қарастырылатын барлық қырларын барынша толықтай ашып алуымыз керек. Адам мəселесі жалпы антропология деген атаумен, тек философияда ғана емес, биологияда, анатомияда, психологияда, педагогикада, əлеу- меттану т.б. ғылым салаларында қарастырылатын обьект екендігін ескерсек, оның ішіндегі фило- софиядағы адамды зерттейтін ХХ ғасырдағы: философиялық антропология (діни-философиялық антропология), экзистенциализм (діни экзистенциализм), психоанализ (діни сананың психоана- лизі), прагматизм (діни тəжірибе), персонализм (құдаймен рухани бірігу трансценденция векторы), неотомизм (интегралды гуманизм), феноменология (дін феноменологиясы) сияқты бағыттардың өзі жеткілікті екендігін назарға алсақ, дінтану ілімі бойынша, дін философиясынан туындайтын: дін философиясы, дін əлеуметтануы, дін психологиясы, дінтану əдіснамасы, діни антропология, дін феноменологиясы сияқты салаларды жинақтасақ, екеуін бітістіру мен кіріктіру арқылы, зерттеу мəселелерін ортақтандыру бойынша – дін философиясындағы адам мəселесінің қарастыратын ауқымын анықтап ала аламыз.

2. Адам болмысын танудың философиядағы мəселелерін біз əуелі былайшы тиянақтап аламыз:

Адамның қырлары: биологиялық, психологиялық, рухани, əлеуметтік; Адамдық деңгей: Адам – Жеке адам –Тұлға; Ғұмыр кешу: өлім мен өмір, өмірдің мағынасы, мəңгі өмір идеалы; Адам еркі:

еркіндік пен жауапкершілік, фортуна мен фатум; Адам мен дүниенің қатынасы: Адам-Адам, Адам- қоғам, Адам-табиғат, Адам-əлем; Адам жаратылысы: антропогенез, антропосоциогенез, креацио- низм; Адам болмысының құрылымы: Тəн-Жан-Рух түзілімі; Өмір сүру тəсілдері: эвдемонизм, гедо- низм, аскетизм, утилитаризм, перфекционизм, индивидуализм; Адамның қажеттіліктері: материал- дық, биологиялық, рухани, эстетикалық; Этика: мақсат пен мүдде, бақыт пен игілік, ізгілік пен зұлымдық т.б. Сондай-ақ, адам болмысын танудың əлеуметтанулық негіздерін де философиялық тұрғыдан ұсыну назардан тыс қалдырылымайды: қазіргі заманға тұлға, қоғам мен жеке адам арасындағы қатынас, ағарту мен білім беру, жастар мəселесі т.б.

Келесі кезекте, осындай таза философиялық мəселелерді, теологиямен емес, дін философиясы тарихы мен бұл ілімнің қазіргі кезеңі бойынша қарастырамыз жəне дін философиясындағы адам мəселесін өзіміздің идеяларымыз бойынша сараптаймыз. Осы тұста, Б. Раселлдің: «Дəуірді немесе ұлтты түсіну үшін біз оның философиясын түсінуіміз керек. Адамдар өмірінің жағдай философия- мен анықталады, сондай-ақ керісінше олардың философиясы осы жағдайларды анықтайды», – деген тұжырымына [2] аналогиялық түрде, біз: «белгілі бір халықтағы немесе дəуірдегі адам мəсе- лесінің толғанылуын анықтау үшін, олардың діндеріндегі адам мəселесін анықтап алу аса маңыз- ды» деп ой түйіндей аламыз.

3. Дін философиясы философия ғылымының кең ауқымдылығына байланысты, кейіннен пайда болған ілім, миф философиясы, құқық философиясы, тарих философиясы сияқты дінді филосо- фиялық тұрғыдан зерттейтін арнайы сала. Сондықтан, біз оның дін ілімдері мен ондағы бағыттар арқылы қалыптасуының сатыларын хронологиялық ретпен қойып емес, дін философиясына қарай жетелейтін жүйемен, жекеден жалпыға қарай өтуі бойынша орналастырып туындата аламыз жəне əрқайсысына өзіміздің талдауларымызды көрсете келіп, ондағы адам мəселесіне қатысты тұрғы- ларға көбірек көңіл бөлеміз:«теодицея – апологетика – схоластика – теология – діни философия – еркін-ой сана – дін философиясы».

Теодицея апологетиканың бір ғана саласы, тек қана жер бетіндегі зұлымдықты құдайдың неге жойып жібермейтіндігі туралы жаратушыны ақтап алу тəсілдері. Онымен бастапқы шұғылдану- шылар көне Грек философтары болғандықтан, ақтап алуды тек сезімдік-сенімдік тұрғыдан емес, пайымды философиялық тұрғыдан негіздеуге ұмтылды. Стоиктер теодицеяның этикалық, логи- калық т.б. нұсқаларын ұсынды. Яғни, мазмұны діни философиялық сипатты болғанмен, ақтап алудағы қолданылатын тəсілдері мен ойлау машығы философиялық болды. Демек, дін философия- сындағы адам мəселесіне, біріншіден, ойлау тəсілдері арқылы, екіншіден, адамның руханияты, оның ішінде, адамгершілік болмысы туралы мəселелерді саралауымен келіп тоғыса алады. Ал орта ғасырдағы ойшылдарадам болмысының этикалық жақтарына діни тұрғыдан келді, адамның зұлымдықты өзі таңдайтындығы (Августин Аврелий), құдай зұлымдықты адамдарды жазалау үшін туғызғандығы (Ф. Аквинский).

Апологетика негізінен алғанда, теологияның бір бағдары, бірақ ол ілімге қарағанда жеке бір бағыт. Ол діни мəтіндермен тығыз байланысты болғанмен, одан тыс өздігінше толғана алатын жə- не рационалды бағдарға қарай бет бұратын арна. Бұл бағыттың түпкі мақсаты дінді ақтап алуға басымдылық берумен шұғылданғанмен, философиялық тұрғыдан өзіндік пайымдаулар жасауға ұмтылуы арқылы дін философиясының рационалистік-өнімді ойлау ұстанымдарына қарай

«еліктейді». Мысалы, діни мəтіндер мен қазіргі ғылыми жаңалықтарды салыстыра келе, діни ілім- дерде ашылып жатқан жаңалықтардың бұрыннан-ақ барекендігі туралы жасалған тұжырымдар, тек қана діни идеологиямен шұғылданған шеңберден тысқары шығады. Бұнда адам туралы мəселелер детысқары қалмайды. Мысалы, қазіргі кездегі апологеттер адамның пайда болуы туралы дарви- нистік ілімді сынап, жоққа шығару үшін логикалық тəсілдерді, рационалистік пайымдауларды қолдана алады жəне белгілі бір деңгейде жаратылыстанулық білімдерді де игеруі керек, оның ішінде, дарвиндік-ламарктік тұжырымдаманы да барынша толық меңгеруі тиіс. Олар, ендеше, сенім мен сезімдік тұрғыдан сəл де болса ауытқуға мəжбүрленеді.

Схоластика жалпы батыс еуропалық орта ғасырдағы қалыптасқан діни бағыт болғанмен, дінді уағыздағанмен, Аристотельдік формальді логикаға сүйеніп, спекуляциялық, релятивистік, софис- тикалық, эмотивизмдік тəсілдерді рационалистік тұрғыдан барынша шебер қолданады. Мысалы, христиандық схоластикадағы тринитарийлар мен антитринитарийлар туралы, номинализм мен реализм жөніндегі тартыстар пікірталастар арқылы олар логикалық дəлелдеулерге, ой ұшқыр- лығына дейін көтерілді. Бірақ, бұлар да схоластика болғандықтан, адам мəселесі қозғала бермеді.

Тек креационизмді дəйектей түсу адамның пайда болуы туралы діни түсініктерді кеңейтті, жан мен тəн туралы пайымдауларда тереңірек дəйектеуге ұмтылды.

Теология, қазір де «логия» деген тіркесті сөз арқылы, аксиология, гносеология, космология т.б. сияқты философияның бірсаласы ретінде барынша ғылымиланған кейіпте, құдай туралы, тұтастай оның болмысы хақындағы толғаныстармен арнайы шұғылданды, формасы жөнінен логи- калық пайымдауларды жинақтады. Мысалы, батыс еуропалық орта ғасырдағы құдайдың барекен- дігін дəлелдеудің жолдары, Патристикалық онтологияның өрбуі, оның пұтқа табынушылық

политеизмді, гностикалық дуализмді жоққа шығаруы, ариандықтар мен афанасьефшілдердің, монофизитшілдік пен монофелиттіктердің тартысы айтарлықтай философиялық тұжырымдарды туындатты. Бірақ бұнда да адам мəселесіне толығырақ тоқталатын бағыттар көп кездеспеді деуге де болады.

Сөздіктерге жүгінсек, іргелі немесе теориялық теология догматика ретінде əр түрлі бағыттарға сараланады да, дін философиясына келіп жуықтайтын мəселелерді талқылаумен де ұштасып жатады. Салыстырмалы теология – базалық діни ілімді өзге де діндердің негіздерімен салыстыр- малы талдау; экзегетика – сакральді мəтіндерді имманентті түсіндірудің əдіснамасы; əлеуметтік теология – тарих діни ілім рухында тұжырымдамасы; экклесиология – адамзат пен оның тари- хындағы шіркеудің орны жəне оның тұжырымдамасы т.б. таза теориялық-əдіснамалық мəселе- лермен шұғылданса, шіркеулік археологияны өзіне біріктіретін (шіркеу тарихы, діни мəтіндер тарихы жəне оның түсіндірмелері, рефлексивті мета-тарих) – тарихи теология; діни ілімдердің мо- ральдік құндылықтарға сəйкестігін əзірлейтін – құлықтылық немесе практикалықтеология;

литургия (құдайға қызмет ету теориясы), гомилетика (уағыздау əрекетінің теориясы), катахетика (бейімделудің қолданбалы əдістемесі) т.б. шұғылданатын – пастерлік теология сəйкесінше, діндегі адам мəселесін зерделеуге немесе діни сенімнің адамға қатысты қырларын саралауға қарай бет бұрды [3].

Сондай-ақ философиялық теология деп аталып жүрген теологияның арнайы философиялық саласының дінге қатысты алғандағы қызметтері интерпретациялық, экспликациялық, ақтаушылық, конструктивтік тұрғыда жіктеледі, философиялық теологияның негізгі екі жақтылығы былайша ажыратылады: конфессионалдық жəне конфессионалдықтан тыс. Біріншісінде, құдай туралы шіркеулік-догмалық ілімдерді дайындайды, əртүрлі «метатеологиялық» қызметтер атқарады, теологияға қызметтік жəне апологетикалық мақсаттар бойынша философиялық тəсілдер арқылы талдаулар жасайды. Философиялық теология сондай-ақ жеке философиялық құдайтаным бола алады. Құдай туралы ілімді құру философиялық теологияның конфессионалдық жəне конфессио- налдықтан тыс салаларының да басты мақсаты болып та табылады [4].

Сондай-ақ, катафатикалық теология, кейіннен қалыптасқан диалектикалық теология т.б.

салалар барынша ғылымиланған, рационалды кейіпте дамуға қарай бет түзеді. Мысалы, біздіңше, теологияның осы екі саласы теология деген атауы болмаса, дін философиясы тұрғысынан ойлау машығына сəйкестенеді: дінді қайшылықтар туғызу арқылы, пікірталастарды өрбіту арқылы дəйектеу керектігін ұсынып, біржақты уағыздаумен шұғылданудан арылуға ұмтылады.

Діни философия теологиядан неғұрлым кеңірек ұғым ретінде, тіпті «кəсіби философтар» ғана шұғылдануы тиіссала түрінде құрылған бағыт, біздіңше, ол дін философиясының алғышарты бо- лып табылады. Демек, діни философия болмаса, дін философиясы да болмауы немесе айтарлықтай деңгейде дамымауы ықтимал. Яғни, онымен дін иелері, тек қана діни білім алушылар, діни мис- сионерлер т.б. дінді жетік білгенмен, жүйелі түрде шұғылданбайды десе де болады. Сондықтан, діни философиялық ойларды дін философтары сынауға, жетілдіруге, жоққа шығаруға, оның кейбір тұстарын оңтайландырып пайдалануға да ұмтылады. Тіпті кей сəттерде, дін философтары өз көзқарастарында діни философиялық ой ұшқындарын да жасырып қала алмайды.

Осы тұста, біз зерттеу бағдарымызды нақтылай түсу үшін, басқа бағытқа ауытқып кетпеу мақ- сатында, қойылып отырған мəселеміздің теориялық-əдіснамалық шарттарын жасақтау қажеттігіне байланысты дін философиясы мен діни философияның ұқсастықтары мен өзіндік айырмашы- лықтарын көрсетіп, ажыратып алу қажеттігі туындайды:

Ұқсастықтары: екеуі де философияның салалары болғандықтан, идеялар мен тұжырымдар, ұсынылған пікірлер мен ойлар т.б. барлығы философиялық тұрғыдан сарапталады; сондықтан діни философиямен де, дін философиясымен де шұғылданушылар философтар болып табылады; олай болса, бұл философтар өз идеяларын белгілі бір деңгейде дəлелдеулер арқылы береді; зерттеу обьектілері дін болудан айнымайды жəне оған философиялық тұрғыдан келеді; екеуі де бірін-бірі сынауға құштарланады, кейбір еркін ой бағыттарының мазмұндары, ондағы идеялар кейде екеуіне де ортақ болып шығады, бастысы: екеуінде де адам мəселесі қарастырылады т.б.

Бұдан туындайтын тұжырым: дін философиясы таза абсолютті түрде діни философиядан ажырағысыз бола алмайды. Мысалы, С. Булгаков айтқандай, «барлық шынайы философия ол мифті жəне діни болып табылады, осы себепті діни емес, « бейтарап», таза философияны табу мүм- кін емес» [5, 77 б.].

«Діни философияда құдай «проблемаға шығарылады». Оның өмір сүретіндігі философиялық категориялар бойынша негізделеді. Діни философия тек қана діни сенімді ғана емес, Ашылуды да парасатты пайымдауға ұмтылады» деп көрсетілген пікірлер де діни философияның байыпты философиялық ұстанымдар арқылы тұжырымдалатындығын куəландырады. Бірақ, «Дін филосо- фиясының діни философиядан айырмашылығының алғышарты болып философия өзінің таным жəне айғақтарының діннен өзгешелігімен ерекшеленуі болып табылады» [6], – деп көрсетілген пікірлер екеуінің арасындағы таным ерекшеліктерін қайтадан шиеленістіріп жібереді.

Еркін-ой діни философиядан туындағанмен, ол схоластиканы терістейді, теологияға басқа қырынан келсе, діни философия мен теология схоластиканы аса көп терістей қоймайды. Еркін- ойдың басты мақсаты діни догматикаларға қарсылық, қатаң шартталған діни қағидаттардан, канон- дардан ажырауға тырысады. Нақтырақ айтқанда, діндегі постпозитивистік парадигма бастауларын туындату деп айта аламыз. Мысалы, бірінші деизм догмалардан, теизмнен болмашы деңгейден еркіндік алу болса, пантеизм одан да алшақтай түсу, еретиктер дінге реформалар жасауға, догма- лардан қол үзуге дейін ұмтылады, антиклерикализм мен зайырлылық жалпы дінді қоғамдық өмір- дің кейбір қырларынан ажыратуға қарай бет бұрып, олардан да ілгерілей түседі. Ал атеизм, адам- ның діннен мүлде азат болуын негіздеп, кей сəттерде радикалданып кетеді.

Екінші бір қырынан алғанда, біздің байқағанымыздай, бұл ағымдардың осылай өрбу тізбегі, құдайдан, адамға, діннен қоғамға қарай бірте-бірте бет бұрады. Мысалы, антиклерикализм мен зайырлылықтағы басты мəселе, түптеп келгенде, қоғам (мемлекет) мен діннің арақатынасы туралы.

4. Келесі кезекте, дін философиясының нақты зерттеу мəселелерін ажыратып алу қажеттігі туындайды. Сол сəтте, ондағы адам мəселесі өздігінен-ақ туындап шығады.

Сөздіктер мен оқулықтарда ол кең мағынасында жəне тар мағынасында ажыратылады. Дін философиясының обьектісін: дін, құдай, оның қызметі туралы, зерттеу пəні мен қарастыратын не- гізгі мəселелерін: теологияның негізгі мəселелерін, діннің жалпы құрылымы жəне дін туралы, жаратушы хақында философия тарихындағы қарастырылған тақырыптарды тұтастай зерделеу ретінде бекітеді. Кең мағынасында діннің қызметі мен табиғаты туралы, адам мен құдайдың қатынасы туралы, тар мағынасында құдайлық пен дін жөніндегі түсіндірмелі жеке философиялық пайымдау, философиялаудың ерекше типі ретінде, ірі философиялық жүйенің арнайы бөлімі неме- се жекешеленген философиялық пəн .

Демек, дін философиясы тар мағынасында құдай мен дін туралы жеке философиялық пайым- даулар болса, кең мағынасында рухани мəдениеттің аясындағы философияның белгілі бір ауқымды саласы болып табылады да, бұнда натурализм, материализм, экзистенциализм, феноменология, прагматизм, позитивизм, лингвистикалық философия, психоанализ т.б. əдіснамалық негіздер қолданылады [7].

Ю. А. Кимелев дін философиясының негізгі екі формасын қарастырады. 1. Философиялық дін- тану – дін феномені, адамның шындыққа діни қатынасы, құдайлық шынайылық, діни тіл мен таным мəселелерін зерттейді. 2. Философиялық теология – сенетін адам жəне одан туындайтын ерік күші, құдайдың атрибуттарының болмысын зерттейтін философиялық-діни концепциялар.

Философиялық теология кейде «табиғи теология», «діни метафизика», «рационалды теология»

деген сияқты атаулармен де беріледі. Дін философиясы батыс еуропалық мəдениетте тар мағы- насында арнайы қолданылған түсінікте біріншіден, діннің құзыреттілігіне қатысты мəселелерді философиялық құралдар арқылы шешу бойынша жолға қояды жəнеол философиялық теология ретінде көрініс табады. Мəселен, Аристотельде теология метафизиканың бір бөлігі болса, Фома Аквинскийде «табиғи теология» — құдайтанымдық жүйенің бөлігі: адам ақылы өзінің жеке күшімен құдайды таниды жəнеоны дəлелдеуге тырысады. Антика дəуірі мен орта ғасырда дін философиясы сенім мен ақылдың қатынасы мəселелерін шешуге ұмтылды, ал философия «діннің қызметшісі» ретінде танылды [8].

Кейбір анықтамалар мен түсініктемелерде дін философиясы соңғы жүз елу жылда айтар- лықтай елеулі өзгерістерге ұшырағандығын, ол өз алдына жеке пəн ретінде қалыптасып, мынадай негізгі бағыттарды нысанаға алғандығын атап көрсетеді: əлемнің жалпы философиялық бейнесі аясында діннің мəні бейнелеуге жəнеоны ашуға ұмтылыс; белгілі бір діни ұстанымды филосо- фиялық тұрғыдан сынауға ұмтылыс немесе оны негіздеу; дін тілін логикалық тұрғыдан талдауға ұмтылу.

Кейбір түсініктемелерде «Дін философиясы діни тəжірибе мен оның көздерінің мазмұнын, сенім мен ақыл-ой, ойлау мен жалбарынудың, құдай болмысының пайдасына шешілген парасатты айғақтар арақатынасын, зұлымдық пен құтқару мəселелерін, жанның өлмейтіндігі мен мəңгі өмір мəселелерін, діни көптүрлі сенім мен сенбейтіндерді байыптаумен байланысты болып келетін философиялық зерттеулер арнасы», – дей келе, ойшылдардың философиялық тұжырымдама- ларымен анықталатын дінге философиялық тұрғыдан баға беру мен оны түсіндіру екендігін, ол идеалистер арқылы діннің тікелей немесе бүркемеленген түрде қажеттілігін негіздеп, оның жоғар- ғы күштердегі көздерін мойындауға жəне материалистер арқылы діннің жерлік табиғи себептер екендігін, оның ақылмен жəне ғылымен сыйыспайтындығын ұсынуға алып келетін екі арнаға бө- лінгендігін атап өткен еді. Сондай-ақ маркстік дін философы мынадай үш мəселені шешетіндігін:

діннің табиғаты мен оның мəні туралы сауалды теориялық тұрғыдан; діннің шындықты бұрмалауға ұшырататындығын, əлемді жалған бейнелеулермен көмкеретіндігіне гносеологиялық талдаулар жасайтындығын; діннің танымдық түбірлерін, оның қалыптасу мүмкіндіктерін ұсынады .

Сонымен қатар: «Жалпы дін философиясы діннің табиғаты, мəні, маңыздылығы жəне жарам- дылығына қатысты зерттеу болып табылады», – деп қысқаша анықталған түсіндірмелер де бар [9].

Кейбір түсініктемелер: дін философиясындағы негізгі мəселелерді былайша ұсынады: жалпы дінтанулық білімдер жүйесіндегі дін философиясының мəртебесін, дінді философиялық байып- таудың ерекшеліктерін көрсету, нысанаға (метамəселеге) жетудің əдістері мəселесін шешу; діннің мəнін игеру жəнеоны философиялық тұрғыдан түсінуді ұсыну; діннің онтологиялық жəне гносео- логиялық негіздері мен алғышарттарын зерттеу; діни көзқарастардың, онтологияның, гносеоло- гияның, ойлау мен тілдің ерекшеліктерін талдау; дін туралы теистік ілімдердің мазмұнын, оның болмысының негізделуін, бұл ілімдердің басқа да субстанционалдық парадигмалармен қатынасын ашу; діни философияның мазмұны мен ерекшеліктерін көрсету .

Р. Шеффлер бес типті: рационалдылыққа дейінгі сананы сынау, дінді философияға айналдыру, философиялық теология, дін феноменологиясы, тілдік бетбұрыс деп көрсетсе, Ниниан Смарт əлемге жалпы көзқарас құрылымында дінді талдау менсуреттеу, философия терминдеріндегі діни пікірлерді сынау мен құптау, діни тілді талдау деп үш типті ұсынады [10].

Сондай-ақ, «Міне осы тəрізді дін философиясы Тəңір, Нирвана, Жарату, Уаһи, құлшылық, құтылу жəне мəңгі өмір т.б əр түрлі діни ұғымдарды философиялық тұрғыдан ашып түсіндіріп, діни тіркестердің əр түрлі салалардағы көріністерін айқындайды», – деп түсіндірілген зерттеу пəні, біздіңше, діни философияға қарай бет түзейтін сыңайлы.

Бұл пікірлерден біз дін философиясының обьектісі мен пəнінің, салалары мен құрылымының əлі де толық тиянақталмағандығын көре аламыз. Сонымен қатар, дін философиясына байланысты:

дін тарихы, дін психологиясы, дінтану əдіснамасы, дін социологиясы, дін феноменологиясы, діни антропология т.б. сияқты жаңадан қалыптасып келе жатқан бағыттардың онымен қатынасын ашу да бұл тұста өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Себебі, кейбір зерттеушілер бұларды дін философиясының салалары ретінде қарастырса, кейбірі жай ғана пəн ретінде таниды, кейбірі одан тыс жеке қалыптасқан сала деген сияқты түсініктерді ниеттейді.

Ендеше, дін философиясы кең мағынасында, осы салаларды тұтас қамтитын жəне оларды да қалыптастырып келе жатқан философияның бір саласы болса, тар ауқымда дінді философиялық тұрғыдан, сезімдік-сенімдік деңгейден барынша тыс, рационалды-теориялық тұрғыдан зерделеп, дінге қатысты барлық ілімдердің ішкі мағынасына еніп, нақты тұжырымдар мен идеялар туды- ратын, өзіндік əдіснамалары мен əдістерін қалыптастыруға қарай бет түзейтін ілім ретінде тани- мыз. Яғни, дін философияның обьектісіне айналады, себебі, кең ауқымды философия бұл тұста дінді нысанаға алады:

«Философияның негізгі зерттеу обьектісі діни сенім болып табылады, ол философиялық зерттеу дəрежесімен сəйкестігі арқылы ерекшеленеді». Немесе: «Тарихи тұрғыдан алып қарағанда философия мен дінде əр түрлі бағыттар болғанымен, оларды түсіндірген кезде бірлестіруші прин- ципке негізделе отырып қарастырылатынын айтуымызға болады», – деп тұжырымдалған пікірлер арқылы дін философиясы туындай алатындығына көз жеткізе аламыз.

Ал келесі кезекте: «Негізінде Гегелдің көзқарасы бойынша дін туралы айтқан көзқарасына ұқсас философияның тақырыбы да əзəли ақиқат жəне объективті шындық ретінде бұл ақиқат Тəңірден басқа нəрсе емес. Өйткені, философия негізінде əлемге қатысты нəрсе емес, керісінше

əлемнен тыс даналық болып табылады. Философия сыртқы əлемде бар болған жəне сезім тəжіри- беміз бен біле алатын эмпирикалық шындықтың ілімі емес, Тəңір жəне оның табиғатынан пайда болатын нəрселердің ілімі болып табылады» деген тұжырым арқылы діни философияның дін философиясына қарай туындау бағдарын түйсінуімізге болады.

Осы тұста, біз, зерттеу тақырыбымызға қарай ойыса келе, діни антропология саласының да қатысты қырларын ашып беруіміз керек. Ол үшін, алдымен, діни антропология дегеніміздің не екендігін нақтылап алуға тиіспіз.

Дəстүрлі түсініктерге сүйенсек, діни антропология кейде дін философиясының зерттеу ауқы- мын түсіндіру барысында оның дін психологиясы, дін əлеуметтануы, дін феноменологиясы сияқты субькатегорияларының бірі ретінде анықталады.

Ал кейде, əлемнің діни дəстүрлеріндегі адам, оның жаратылуы мен тағайындалуы, мəні мен қасиеттері, күнə мен құтқарылу (хамартиология мен сатериология), өлім мен өлімнен кейінгі өмір (танатология мен эсхатология) хақындағы ғылыми пəн болып анықталады да, қарастырылатын негізгі мəселелері былайша көрсетіледі: əлем діндеріндегі қасиетті жəне діни мəтіндердегі импли- цитті антропологиялық түсініктер; антропологиялық терминология; халықтық діни антрополо- гиялық түсініктер; əр түрлі діни дəстүрлердегі адам туралы теологиялық жəне діни-философиялық ілімдер; дескриптивті, нормативті, практикалық діни антропология .

Діни антропология кейде діни философияның бір бөлімі ретінде қарастырылса кейде филосо- фияның бірсаласы деп те айтылады. Осыған байланысты, дін философиясындағы адам мəселесі мен діни антропологияның түйіскен тұстарын ашып көрсету қажеттілігі туындайды. Діни антро- пология жоғарыда айтқандай, əлемдік діндердегі адамды діни мəтіндер бойынша сараласа, дін философиясындағы адам мəселесі дінді философиялық тұрғыдан талдау барысындағы адамның орнын, дін мен адамның арақатынасын, діни дүниетанымның адами қырларын т.б. зерделейді.

Бірақ түптеп келгенде, екі сала бір-біріне жуықтайды. Біздіңше, ең басты айырмашылығы – діни антропологиялық мəселелерді екі арнада қарастыруға болатындығы: дін философиясы бойынша жəне діни философия бойынша. Бірақ біз бұл арналарды қатаң ажыратпайтын боламыз, себебі, екеуі бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келетін құрылымдар.

Сайып келгенде, біз, бұндай қатынастарды мынадай алгоритм бойынша өрнектесек, мəселе нақтылана түседі:

Философиялық антропология – Діни антропология.

Демек, жоғарыдағы берілген түсініктемелерді дамыта отырып, дін философиясына қатысты алынған ең басты өзіндік ұстанымдарымыз бен міндеттерімізді былайша туындата аламыз:

- дінді насихаттаумен, апологетикамен немесе жоққа шығарумен, күресумен шұғылданбауы тиіс; дегенмен, өзіндік пікірлерін дінге қатысты барлық салада батыл жəне сыни тұрғыдан рацио- налды деңгейде ұсынуы қажет.

- ұсынылған тұжырымдар мен пікірлер діни философиямен кірігіп, тұтасып кетпеуі тиіс, қажет кезінде оларды анық ажырататындай болуы керек; дегенмен, əлемдік философия тарихындағы арнайы дін философиясы деп аталмай, діни философияға жатқызылып жүрген пікірлер мен тұжы- рымдар бар екендігін мойындайды;

- дінді зерттеудегі еріксіз түрде бет бұратын философиялық метафизикалық мəселелерден арылатындай болуы керек; дегенмен, қазіргі заманғы синергетикалық, кванттық, постмодернистік əдіснамалар мен бағдарларды да бетке ұстауы тиіс т.б.

Қорыта айтқанда, дін философиясының қарастыратын мəселелер ауқымынан адам туралы толғаныстардың негізгі шеңберін былайша анықтап ала аламыз.

Біріншіден, философиядағы адам туралы антропологиялық, жалпы теориялық мəселелерді дін философиясы тұрғысынан зерделеу; екіншіден, жоғарыда айтылғандай, адамның Антика дəурін- дегі космоцентристік, орта ғасырдағы теоцентристік, қайта өрлеу дəуріндегі антропоцентристік, жаңа замандағы рациоцентристік сипаты мен ХІХ–ХХ ғасырдағы адам туралы философиялық ағымдардың ішіндегі діни бағыттарды негізге алу; үшіншіден, дін философиясын кең көлемді арнада қарастыру жəне ондағы адам мəселесіне көңіл аудару; төртіншіден, діни философиялық, теологиялық, мистикалық т.б. сезімдік-идеологиялық тұжырымдардан барынша аулақ болу, бесін- шіден, дін психологиясы, дінтану əдіснамасы, дін феноменологиясы, дін əлеуметтануы, діни антро- пология т.б. дінтану ілімінің салаларымен аталған тақырыпты кіріктіре отырып зерделеу.

In document Х А Б А Р Ш Ы С Ы (бет 73-82)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР