КЕДЕЙШІЛІК ПРОБЛЕМАСЫ
10.3. Кедейшілік және оны бағалау
Қоғамда әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың пайда болып, олардың ӛсіп-ӛнуімен байланысты халықтың кедей бӛлігі ӛткір әрі шешім таппаған проблемасына айналып отыр.
Кедейшілік деген сӛздің жәй мағынасы – бұл отбасының ағымдағы табыстың кӛмегімен тамаққа, киім-кешекке, тұрғын үйге ӛзінің қажеттілігін қанағаттандыра алмайтын қабілетсіздігі.
Кедейшіліктің осы анықтамасы Англияда XX ғасырдың бірінші жартысында қалыптасып, бірінші кезеңде теорияда да, сонымен бірге әлеуметтік саясатта да басым болды. Кедейшілік жӛніндегі түсінік дамыған сайын оған берілген әр түрлі бағалар біріге берді. Кедейшілік ұғымына анықтама берілгенде әр түрлі тәсілдер қолданылғандықтан, кедейшіліктің ауқымы әр түрлі бағаланды.
Кедейшіліктің кӛп тұжырымдамасы қолданылады, солардың ішінен абсолюттік, салыстырмалы және субъективтік кедейшілікті жеке атап бӛлуге болады.
Абсолюттік кедейшілік тұжырымдамасы қанағаттандырылуға тиіс ең аз қажеттілікті және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажет ресурстардың мӛлшерін салыстыруға негізделеді.
151
Адамдардың табысы ең аз қажеттіліктің құндық бағасынан тӛмен болса және адамның ӛмір сүруге керек қажеттіліктері жеткілікті дәрежеде қанағаттанбаса олар кедей болып саналады.
Ең аз қажеттіліктің анықтамасы субъективтік факторға байланысты, яғни ең аз қажеттіліктің анықтамасын әзірлеу үшін жауапты сарапшылардың пікірі осы анықтамаға әсер етпей қоймайды.
Әрине, кӛбінесе сарапшылардың қажеттілік саласындағы пікірлері қоғамда осы сәтте қалыптасқан ӛмір сүру деңгейімен үйлеседі.
Кедейшіліктің деңгейін шынайы бағалау үшін кедейшіліктің шегін дұрыс орнату қажет.
Ғылым мен абсолюттік кедейшілікті анықтау әдістерінің ішінде тамақ ӛнімдерінің ӛзіндік салмағының әдісі, сондай-ақ кедейшіліктің «тӛменгі» және «жоғарғы» шегін анықтау әдісі кең пайдаланылады. Энгельдің заңы бойынша елдегі табыстың деңгейі неғұрлым тӛмен болса, тұтынудың жалпы кӛлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі солғұрлым жоғары болады. Ең кедей елдерде үй шаруашылықтары ӛзінің бюджетінің тӛрттен үшін азық-түлік ӛнімдеріне жұмсайды. Жоғары дамыған елдерде тұтынуға жұмсалатын тамаққа жұмсалатын жалпы шығыстың ӛзіндік салмағы айтарлықтай аз. Егер XX ғасырдың ортасында ол 30%-ға жетсе, бүгінгі күні – 2 есе аз. АҚШ-тың Әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының маманы Молли Оршански статистика бойынша орташа американдық отбасы ӛзінің табысының үш долларының бір долларын тамаққа жұмсайды екен. 1958 жылы тамақ ӛніміне жұмсалған шығыстың үлесі 28%-ды құраса, 1998 жылы осы үлес екі есеге қысқарды. 2000 жылы Норвегияда тамақ пен алкогольсіз ішімдікке жұмсалған шығын – 11,7%-ды, Германияда 13,1-ды құрады. Біздің елімізде үй шаруашылықтарының тек 9,79%-ы ғана әлемнің дамыған елдеріндегі сияқты ӛзінің табысының 20%-ын тамақ ӛнімдері мен алкогольсіз ішімдікке жұмсайды екен. Қазақстан Республикасы бүгінде орташа деңгейде дамыған елдердің тобына жатады, 2005 жылы елімізде тамақ пен алкогольсіз ішімдікке жұмсалған шығыс 39,3%-ды құрады. Қазақстанда азық-түлікке осы орташа мағынадан жоғары шығын жұмсаған кедей үй шаруашылықтарының үлесі 38%-ды, ал кедей халықтың үлесі – 34,6%-ды құрады.
Абсолюттік кедейшіліктің екі түрінің (тӛменгі және жоғары) анықтамасы кедейшіліктің кез келген шегі тамақ ӛнімдері мен азық-түлік емес тауарлар деп аталатын екі құрамдастан құралады.
«Тӛменгі» шек «негізгі тамақ ӛнімдерінің құнына», ал «жоғарғы» шек «негізгі азық-түлік емес тауарлардың құнына» негізделіп белгіленеді. Кедейшіліктің азық-түлік құрамдасы тамақ ӛнімдеріне қажеттілікті қанағаттандырумен байланысты жұмсалатын ең аз шығынның негізінде анықталады. Азық-түлік емес шығыс үлесінің ең жақсы кӛрсеткіші ӛзінің тамақ қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті, алайда осыны істегісі келмейтін отбасылардың азық-түлік емес тауарларға жұмсайтын шығынының кӛлемі болып табылады. Осыған байланысты ӛзінің азық- түлік қажеттілігін әзер қанағаттандыратын отбасының азық-түлік емес шығысының үлгілік мӛлшері қандай деген сұрақ туындайды. Осы мӛлшер негізгі азық-түлік тауарларын таңдап сатып алуға қабілетті отбасылардың азық-түлік емес шығысының ең тӛмен деңгейіне тең болады. Оны негізгі азық-түлік тауарларының мӛлшерімен үйлесетін азық-түлік емес тауарларының ең аз мӛлшері деп санауға болады. Осы мӛлшер кедейшіліктің шегінің қисынды тӛменгі шекарасы деп танылады.
Кедейшіліктің «жоғарғы» шегі кедейшіліктің азық-түлік шегіне нақты жет-кендердің (ӛзінің азық-түлік емес шығыстарын қысқарту арқылы ӛзіне мүмкіндік бере алатындар емес) арасында азық-түлік емес шығыстарының деңгейі қандай деген сұраққа берілген жауапқа сәйкес белгіленеді. Ӛзінің азық-түлік қа-жеттілігін қанағаттандыра алатындар ӛзінің азық-түлік емес қажеттілігін де қанағаттандыра алады деп ұйғарылатындықтан, осы мағынаны негізгі азық-түлік емес қажеттіліктің барынша қисынды есебіне сәйкес деп санауға болады. Кедейшіліктің
«жоғарғы» шегі кедейшіліктің азық-түлік шегін азық-түлік шығысының бағаланатын үлесіне бӛлу арқылы алынады. Осы мӛлшер әдетте адамның негізгі азық-түлік тауарларына ӛзінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Кедейшіліктің салыстырмалы тұжырымдамасында ең аз қажетті табысқа үй шаруашылықтарының медианасы (немесе балама табыстың орташа бӛлінуінің) деңгейінің үлесі (дамыған елдерде – 40-50%) деген анықтама берілген. Осы тәсілдемеде кедейшіліктің деңгейін анықтауға баламалық шкаласын таңдау ӛте ықпал етеді. Кедейшіліктің абсолюттік деңгейімен салыстырғанда салыстырмалы деңгей жиынтық табыс ұлғайғанда кӛтеріледі, сондықтан осы тәсілдеме сол бір елдегі әр түрлі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуды салыстыру үшін кӛп пайдаланылады. Мұның ӛзінде кейбір жағдайларда тиісті мемлекеттік саясат жүргізгенде абсолюттік кедейшіліктің шекарасын еңсеруге болса, салыстырмалы кедейшілік тұжырымдамасында халықтың біршама кедей деп саналатын бӛлігі әр уақытта болатыны
152
қарастырылады. Егер Қазақстанда реформалардың бірінші кезеңінде табыстың тӛмен деңгейі мен ӛте кедейшілікке байланысты абсолюттік кедейшілікті ӛлшеу маңызды болып саналса, қазіргі кезеңде салыстырмалы кедейшілікті анықтау қажет болып отыр.
Шетелдік тәжірибеге жүгінетін болсақ, Әлемдік банк ӛзінің практикасында кедейшіліктің салыстырмалы деңгейін бағалау үшін медиандық табыстың 1/3, 1/2 және 2/3 мағыналарын пайдаланады. Кедейшілік белгісі деңгейінің медиананың 1/3-не тең тӛмен параметрлері Қазақстанда қолданылмайды, ӛйткені 2005 жылы 33313 теңгені құраған осы мағына азық-түлік қоржынының құнынан (3608,4 теңге) да тӛмен. Осындай деңгейде (ақшалай табыстың 1/3-ін) жан басына шағылған ЖІӚ-нің мӛлшері тӛмен дамушы елдер үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге ҚР-да кедейшіліктің салыстырмалы шегі медиандық табыстың 40%-ына тең болып белгіленетін АҚШ-та да қолдануға болмайды. Онда жан басына шағылған табыстың деңгейі жоғары болғандықтан, медиананың жартысы айтарлықтай мӛлшерді құрайды, ал Қазақстанда ол 2005 жылы тек 4969 теңгені құраған болатын (медиананың мағынасы 9938 теңгені құраған), яғни күнкӛрістің ең тӛменгі деңгейінің мӛлшерінен 17% тӛмен болды.
ТМД кейбір елдерінде кедейшіліктің салыстырмалы шегі медиандық табыстың 60%-дық деңгейінде белгіленген (мысалы, Беларусь), ал Әзірбайжанда – салыстырмалы кедейшілік жан басына шағылған тұтынушылық шығыстың медианасы деңгейінің 60%-ы ретінде белгіленген.
Қазақстанда соңғы жылдары кедейшіліктің салыстырмалы шегінің деңгейін негіздеу үшін зерттеулер жүргізілуде. ТМД елдерінде Еуропалық статистикалық агенттіктің әдіснамасының енгізілуіне байланысты, елімізде кедейшіліктің салыстырмалы деңгейі медиандық деңгейдің 60%- ы кӛлемінде белгіленуі мүмкін.
XX ғасырдың 70-жылдары Нидерландыдағы Лейден университетінің экономистері мен статистері кедейшіліктің субъективтік тұжырымдамасын әзірлеген болатын. Кедейшілікті анықтауға арналған осы тұжырымдама социологиялық зерттеулерге қатысатын адамдардың ӛздері кімді кедей, кімді санауға болмайтынына қатысты әжептәуір білікті тӛреші деген ұйғарымға негізделеді. Лейдендік әдіске сәйкес жалпы елдің бүкіл халқын білдіретін үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеудің негізінде халықтың ойынша «әзер күнелтуге» мүмкіндік беретін табыстың мӛлшері анықталады.
Жүргізілген зерттеулер бір жағынан, адамдардың субъектвитік пікірі мен олардың ӛмір сүру деңгейінің табыс, қажеттілік және т.б. объективтік параметрлердің арасында ӛзара байланыстың барын кӛрсетеді. Екінші жағынан, табысы кедейшілік шегінен тӛмен адамдардың бӛлігі ӛзін кедеймін деп санамауы, ал табысын күнкӛрістің ең тӛменгі деңгейіне негізделген кедейшіліктің шегімен салыстырса, онда ӛзін кедеймін деп санайтын адамдар қамтамасыз етілген деп қарастырылуы мүмкін.
Кедейшілікті бағалауға арналған барлық жоғарыда атап ӛтілген тәсілдемелер табысты бағалауға негізделген. Алайда табыстың деңгейін бағалау сенімді ӛлшеуіш емес. Мысалы, табысы ресми күнкӛрістің ең тӛменгі деңгейінің мӛлшерінен тӛмен халықтың үлесінің бағасы ҚР Статистика агенттігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми деректері бойынша бюджеттік тексерудің, табысты қайта бағалау әдісін пайдаланып халықтың табысы мен шығысының балансының негізінде алынады. Бюджеттік тексеру деректері бойынша, баланстық әдіспен қайта бағалауды жүргізбей, халықтың табысы күнкӛрістің ең тӛменгі деңгейінің мӛлшерінен тӛмен үлесі жоғары болатын еді. Сонымен бірге кедейшіліктің кӛрсеткіштерін есептеу үшін халық ӛзі атаған табысы пайдаланылғанда үй шаруашылықтары табысының кемітіліп айтылуы ықтимал екендігін ескеру қажет.
Үй шаруашылықтары ӛздері алған табыстың және несиенің, кредиттің және меншікті жинақ ақшаның арқасында ғана шығыс жұмсай алатынын ескере отырып, халықтың табысын дәл кӛрсету үшін ҚР Статистика агенттігі табыс кӛрсеткіштерін тұтынуға жұмсалған шығыстың негізінде есептеуге кӛшті.
Жасырын табыс проблемасы кедейшіліктің деңгейін депривацияны бағалау мен тұтынудағы жоқшылықтың (мүмкіндіктен айрылудың) негізінде анықтау тұжырымдамасына артықшылық беруге мәжбүр етеді. Осы тұжырымдама ресурстары қоғамдағы орта деңгейден осы үй шаруашылықтарын жалпы қабылданған ӛмір сүру деңгейінен, дағдылар мен қызмет түрлерінің деңгейінен іс жүзінде нақты шығаратындай артта қалғандықтан, осы үй шаруашылықтарын кедейге жатқызуға негізделеді. Аталмыш тәсілдеме кедейшіліктің жан-жақты әлеуметтік түсінігінен туындаған, сондай-ақ отбасы табысының деңгейі мен оның тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілуі адамдардың қолында бар қаражаты ӛздері жататын қоғамның ӛміріне толыққанды қатысуға мүмкіндігі тұрғысынан бағаланатындықтан, «кедейшіліктің
153
азаматтық-құқықтық теориясы» деп аталады. Мысалы, тамақ адамның денсаулығын қолдаумен қатар әлеуметтік жағынан араласатын ортасы болып табылады. Мәдени-тұрмыстық тауарлар білім алып, рухани даму үшін жағдай жасайды, ал олар болмаса адамның толыққанды тыныс- тіршілігінің аясын тарылтады. Адамның даму тұрғысынан алып қараған-да кедейшіліктің осы тұжырымдамасында табыстың деңгейі ғана емес, сонымен бірге белгіленген уақыт кезеңіндегі ақшалай табыстың мӛлшерін, сонымен бірге запастар (отбасылардың ұзақ пайдаланылатын тауарлармен қамтамасыз етілу деңгейі, тұрғын үйдің сапасы) және денсаулық сақтау, білім беру мен мәдени даму қызметтерінің қол жеткізілімділігі ескерілген. Қазақстанда ҚР Статистика агенттігі ӛмір сүрудің деңгейін зерттеу ауқымында бұрын жоқшылықтың болуы тек «кедейлерге»
қатысты анықталды. 2006 жылы іріктеуге түскен барлық үй шаруашылықтарында алғаш рет күнделікті жай ғана тұтынатын сол немесе басқа құрамдастың болмауын кӛрсету ұсынылды.
Зерттелген үй шаруашылықтарының ең кӛп үлесі, яғни 76,2%-ы «жыл сайынғы демалысты үйден тысқары ӛткізу мүмкіндігі жоқ» деген жоқшылықтың түрін атап кӛрсетті. Ұсынылған тізбенің арасынан 46,9%-ы «кӛбінесе ақылы дәрігердің қабылдауын тӛлей алмаймыз»; 39,4%-ы – әдет- ғұрып дәстүрлерін ауыртпалық түсіретін борышсыз ӛткізе алмаймыз ; 36,9%-ы – тіпті арзан жиһаз сатып ала алмаймыз»; 32,4% – ӛмір сүру үшін қажет дәрі-дәрмек сатып алуға ақша жоқ» деген нұсқалар кӛп таңдалған. Депривацияның болуының үй шаруашылығының кӛлеміне тәуелділігін қарас-тырғанда үй шаруашылығының құрамында адам саны неғұрлым кӛп болса, балаларды қамтамасыз етуге қатысты жоқшылық бойынша берілген жауаптың саны кӛп екені кӛрінеді. Ӛзін
«кедей» атты әлеуметтік мәртебеге жатқызғандардың басым саны ӛзінің тамағының қанағаттанғысыз сапасын, қажетті киім-кешек пен аяқкиімнің болмауын, емделуге арзан жиһаз сатып алуға қажетті қаражаттың жетіспеуін атап ӛтеді.8
БҰҰ құжаттарында адамның кедейшілік ұғымы – мысалы, ұзақ, салауатты және жасампаз ұзақ ӛмір сүру, сауатты болу, қалыпты тамақтану, ӛмірдің сапасынан, еркіндікпен және айналадағы құрметімен рахаттану сияқты аса маңызды адами қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік пен таңдауға мүмкіндіктің болмауы деген анықтама берілген. Осы орайда кӛрсеткіш ретінде: салмағы тӛмен бес жасқа дейінгі балалардың үлесі (дамушы елдерді осы кӛрсеткіш 30%- ды, ал Оңтүстік Азияда оның мӛлшері 50%-ға жетеді); халықтың, мысалы, әйелдердің сауатсыздық деңгейі (барлық дамушы елдер бойынша – 38%, Оңтүстік Азияда – 63%, араб елдерінде – 56%; Экваториалдық Африкада – 52%) жетеді.
Табыс бойынша кедейшілік – ең аз қажетті табыстың немесе шығыстың болмауы. Табыс бойынша кедейшілік Оңтүстік Азияда кең таралған, онда кедейшілік халықтың 45%-ын қамты-ған, ал Экваториалдық Африкада осы кӛрсеткіш шамалы ғана тӛмен (40%). Ӛте кедейшілік (жоқшылық) тамаққа деген ең аз қажеттілікті қанағаттандыру қабілетсіздікті білдіреді.
Жиынтық кедейшілік – маңызды тамақ және ӛзге қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетсіздігі ретінде анықталатын соншалықты дәл емес ұғым, мұның ӛзінде маңызды «ӛзге қажеттіліктердің»
ауқымы елдер бойынша ерекшеленеді.
Сонымен бірге кедейшілік проблемасын шешуде және халықтың ең кедей топтарын қолдауда бірқатар қиындықтар бар.
Кедейшілік проблемасын шешудегі бірінші проблема, ең алдымен, осы құбылыстың мағынасының ӛзінде қордаланған.
Біріншіден, Қазақстанда кедейшілікті бағалаудың қабылданған тәсілінде кедейшіліктің шекарасы ӛзгермелі және ол инфляция мен жұмыссыздықтың деңгейінің ауытқуымен, жалпыұлттық ӛнімнің динамикасына, халықтың нақты табысына, әдістері мен халықтың кедей бӛлігіне жататын адамдардың мінез-құлқына ықпал етуі мүмкін есептеу басқа да институционалдық шешімдердің ӛзгеруіне тәуелді.
Екіншіден, кедейшілікті есептеудің қабылданған әдістемесі азаматтардың нақты жағдайын жан-жақты ескермейді. Табысты жасырудан басқа үй шаруашылықтарының мүліктік мәртебесін есептеу проблемасы да жоқ емес. Тексеруге сәйкес табысы бойынша кедей болып саналатын кейбір үй шаруашылықтарының саяжайлары, үй маңындағы жер телімі, автокӛліктері, ал бірқатар жағдайда – екінші тұрғын үйі де бар болып шықты. Кӛбінесе осы мүліктік мүмкіндіктер қо-сымша табыс алу үшін пайдаланылады.
8 Уровень жизни населения Республики Казахстан. Мониторинг. Причины и условия бедности. Рост благосостояния / Под ред. Ю.К. Шокаманова. – Алматы. – 2006. – С. 48.
154
Үшіншіден, экономикалық зерттеулер кедейшіліктің деңгейі табиғи зілзала, кәсіпорындардың банкрот болуы, қарулы қақтығыстар және т.б. сияқты тӛтенше және кездейсоқ бірқатар факторларға байланысты екенін кӛрсетеді. Сонымен бірге кедейшіліктің жеке адамның экономикалық ӛміршеңдік циклімен байланысы бар екені анықталды. Жас мамандар тәжірибе жинақтау шамасына орай олардың мүмкіндіктері кеңейіп, ақшалай табыс артады, ал зейнетке шыққаннан кейін осы табыс азаяды. Сондықтан сол немесе басқа кезеңдегі ӛмір сүру деңгейі бүкіл ӛміршеңдік циклінде алынатын табысқа (зейнетақыға қаражат жинақтау, оқуға арналған кредит және т.б.) байланысты, сонымен бірге уақытша және тұрақты табыс ӛзгереді. Осы және басқа факторлар азаматтардың нақты жағдайын ай-тарлықтай ӛзгертіп, отбасылардың бӛлігін мүліктік жағдайы бойынша бір санаттан екінші санатқа ұдайы ауыстыруы мүмкін. Демек, кедейшіліктің шекаралары әжептәуір шартты әрі олар ӛзгереді екен.
Кедейшілік проблемасын шешудегі екінші қиындық қоғамның қаржылық мүмкіндігінің шектелуімен байланысты туындайды. Халықты «Күнкӛрістің ең тӛменгі деңгейі туралы» және
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек туралы» Заңдарда кӛзделген республикалық және ӛңірлік деңгейде қолдау шараларын жүзеге асыру үшін әлеуметтік мұқтажға жұмсалатын шығынды қаржыландыруды арттыру қажет. Қоғамның кедейшілікті біршама қысқарту немесе тіпті кедей халықты біраз қолдау жӛніндегі мүмкіндігіне қолда бар ресурстың жетіспеуі қол байлау болып отыр.
Кедейшілікпен күрес жүргізуде кездесетін үшінші қиындық кӛмек кӛрсету механизмімен байланысты. Қатаң қаржы шектеулері белгіленген жағдайда кедей азаматтарды қолдаудың тиімді механизмін құру ең кедей отбасыларға атаулы кӛмек кӛрсетуді қажет етеді. Осы шараны жүзеге асыру үшін кедей үй шаруашылықтарының табысының нақты жай-күйі мен мүлкін қосымша тексеру керек. Мұқтаждықты тікелей бағалау отбасылардың мүліктік жағдайы мен нақты ақшалай табысы жӛніндегі ақпараттардың дамыған жүйесіне, сондай-ақ берілетін кӛмектің мӛлшері туралы шешім қабылдау рәсіміне негізделетін қыруар қаражатты қажет ететін шара болып табылады.
Кӛмек беру тәртібін анықтау үшін жанама әдістерді пайдалануға болады. Алайда осы әдістер жетілдірілмеген және нақты кедей үй шаруашылықтарының бӛлігін кедейшілік жӛніндегі жәр-демақы алу құқығы бар отбасылардың қатарынан шығарып тастайды.
Сӛйтіп, кедейшілікпен жүргізілетін күрес қаржының жетіспеуімен, кедейшіліктің нақты шегін анықтаудың қиындығы және халықтың шын мәнінде ең кедей бӛлігіне кӛмек кӛрсетудің тиімді механизмін ойластырумен байланысты бірқатар проблемалар шешімін таппай отыр. Дамыған елдермен салыстырғанда экономикалық және әлеуметтік процестердің тұрақсыздығының, сонымен бірге осы елдерде кедей халықтың санының күрт ӛсуінің салдарынан ӛтпелі экономикаларда осы проблемалардың түйінін шешу қиынға соғады. Барлық елдердегі осындай құбылыстың етек жаюына ӛндірістің түсуі, халықтың нақты табысының тӛмендеуі, табыс алудағы теңсіздік, байлық пен меншіктің әділсіз бӛлінуі, әлеуметтік трансферттердің жетіспеуі себеп болып отыр.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі кедейшілікті қысқарту стратегиясына мемлекеттік саясаттың әр түрлі бағыттары кіруі тиіс екенін кӛрсетеді. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған, нарық ығыстырғандар (қарттар, мүгедектер және т.б.) қатысында әлеуметтік қолдау және әлеуметтік игілікке тең қол жеткізу саясаты жүргізілуге тиіс. Кез келген еңбекке жарамсыз адам табысының мӛлшеріне қарамастан денсаулық сақтау қызметтерімен пайдаланып, қажет болса – әл-ауқатты қолдайтын әлеуметтік жәрдемақы алуға тиіс.
Ӛкінішке орай, сол немесе басқа жағдайға орай кедейлер санатына еңбекке қабілетті адамдар да жатқызылады, статистика бойынша кедейлердің жартысын еңбеке қабілетті адамдар құрайды екен. Кӛбінесе еңбекке жарамды халық жұмыссыздықтың салдарынан кедей болады, сондықтан ӛнімді жұмыспен қам-тудың мүмкіндіктерін кеңейтіп, әрбір еңбекке жарамды адамды тіршілік ету құралдарының тұрақты кӛзімен қамтамасыз ететін жүйе құру қажет. Кәсіби оқыту мен білікті арттырудың нәтижесінде кедей адамдардың еңбегінің ӛнімділігі артуы тиіс, ал кедейлер экономиклық ӛсуден пайда алатын болады, сонымен бірге ӛсуге ӛзінің үлесін қосады.
Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қолдау шараларын олардың еңбекке деген ынтасын сақтап, одан әрі күшейтумен үйлестіру қажет. Аталмыш шараларға мысалы, әсіресе кӛлеңкелі экономика етек жайған кезеңде кедейлердің жәрдемақы мен жеңілдікке мұқтаждығын тексеру, халықтың әлеуметтік жағынан шын мәнінде қорғалмаған топтарын анықтау және қолданылатын трансферттерді сол адамдарға бӛлу сияқты шаралар жатады. Халықтың табысы тӛмен және әлеуметтік жағынан нашар қорғалмаған топтарын қолдау ісінде мемлекеттік емес
155
ұйымдар мен қорлар да ӛз үлесін қоса алады. Ӛтпелі экономикаларда кедейшілік проблемасы бұдан әлдеқайда күрделі әрі салмақты. Ол біріншіден, әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылыққа бағытталған ұлттық экономикалық үлгіні таңдауға және екіншіден, кедейлерге кӛмек беру қарастырылатын мемлекеттік бірыңғай әлеуметтік қорғау жүйесін әзірлеуге қатысты мәселелерді шешумен байланысты.