*М. Карекенов А. Шурентаев
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қостанай, Қазақстан
*Байланыс үшін автор: [email protected]
ХҒТАР 19.41.07
Кеңестік әскери баспасөздегі патриоттық тәрбие
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылысының қазіргі кезеңінде- гі өткір мәселелердің қатарында күштік құрылымдардың жеке құрамын патриоттық тәрбиелеу тұр. Оның өткірлігі соңғы бірнеше он жылдықта жастардың өз Отанын қорғауға, армияда қызмет етуге, яғни патриоттық бо- рышын іс жүзінде орындауға құлықсыздығы мен дайын еместігі сияқты проблемалардың болуымен байланысты. Әрине, бұл әскерге шақыру бойынша сарбаздар, сержанттар мен старшиналар қызметінің сапасына әсер етеді.
Осыған байланысты жастардың әскерге деген сүйіспеншілігін ояту, әскери қызметтің бе- делін көтеру аса қажет.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында әскери қызметшілердің патриот- тық жұмысына үлкен мән берілді [1]. Бұл жұмыста Кеңес Одағының басшылығы бұқа- ралық ақпарат құралдарына, оның ішінде әскери мерзімді баспа бұқаралық ақпарат құралдарына маңызды орын берді. Олардың көмегімен жастардың санасына патриоттық тәрбие бойынша отансүйгіштік мақсаттағы материалдарға ерекше көңіл бөлінді. Әскери құрылымдар мен бөлімдер, бөлімшелер ара- сындағы жеке құрам арасында өтіп жатқан көлемді іс-шаралар газет-журнал беттеріне уақытылы жарияланып тұрды. Мұндай ке- шенді шаралар әр әскери қызметшіге, жер- гілікті тұрғындар мен жастар арасына оң әсерін тигізді. Өскелең ұрпақ арасында патри- оттық рух секілді қасиеттерді қалыптастырды.
Әскери мерзімді баспа бұқаралық ақпа- рат кеңестігінде әскери журналистиканың құрамдас бөліктерінің бірі. Соңғысы бұқара- лық ақпарат құралдарының жиынтығы ретін- де қарастырылды [2].
Кеңес Одағының Коммунистік партиясы қарарларында және съездерінің, конферен- цияларының және Орталық комитет плену- мында бұқаралық ақпарат құралдарының шешімдерінің жұмыс істеуі үшін әртүрлі қа- жетті мекемелер, кәсіптер, қызмет бағыттары қарастырылды [3].
Әскери газеттер мен журналдар қыз- метінің нәтижелілігі бүгінгі күні әскери қыз- метшілердің патриоттық тәрбие деңгейін ай- қындайды. Әскери баспа бұқаралық-ақпарат құралдарының қызметін зерделеу қажеттілігі осыдан туындайды. Бұл әскери баспасөздің бұрынғы тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі жағдайда әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беру жөніндегі қызметінің тиімділігін арттырудың жолдарын іздеуге мүмкіндік бе- реді.
Зерттеу әдістері
XX және XXI ғасырдың басында ғалымдар мен практиктер арасында патриоттық тәрбие тақырыбына қызығушылық жоғары болды.
Бұл мәселеге көптеген ғылыми зерттеу жұ- мыстармен айналысып жүрген ғалымдардың түрлі деңгейдегі (брошюралар, кітаптар, оқу құралдары, монографиялар) зерттеулері бой- ынша жарық көрген баспа беттері арналған деп айтуымызға болады. Бүгінгі Тәуелсіз Мем- лекеттер Достығының қатарына енетін мемле- кеттер үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған кездері тарих қойнауында қалды. Сондықтан да аталмыш мемлекеттердің ғалымдарының мақаламыздың тақырыбына алып отырған кезеңдерді зерттеу нысандарына алуы да заң- дылық. 1990-2021 жылдары Отан патриотта- рын тәрбиелеудің әртүрлі аспектілері бойын- ша қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың негізгі өзегіне айналған.
Дегенмен, зерттеушілер 1960-1991 жыл- дардағы әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеу бойынша әскери басылымдардың қызметіне тиісті назар аудармағаны байқалып жатыр. Себебі тәрбие мәселесін жеке арна ретінде зерттеу тәсілі толық негізделмеген еді.
Өйткені бір жағынан әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеу ведомстволық газеттер мен журналдардың негізгі бағыттарының бірі болса, екінші жағынан, 1960-1990 жылдары әскери мерзімді баспасөздің қызметі әскери өмірден жұртшылықты хабардар етіп отыра- тын ақпараттық құрал болды [4].
Кеңестік әскери баспасөздегі патриоттық тәрбие (1960-1990 жж.)
М. Карекенов, А. Шурентаев
Талқылау
1960-1990 жылдары әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеу бойынша кеңестік әскери мерзімді баспасөздің жұмысына ке- шенді талдаудың болмауы оның қызметінің тәжірибесін байыпты түсінудің қажеттілігін көрсетті. Мемлекетте болып жатқан өзгері- стер жағдайында Қарулы күштер осы бағыт- тағы әскери баспа БАҚ қызметін ғылыми тұрғыдан түсінудің маңыздылығын арттырды.
Осылайша, 1960-1990 жылдардағы кеңестік әскери баспасөз органдары қызметінің тарихи тәжірибесін терең де жан-жақты зерттеу ісі олардың ерекше ғылыми өзектілік пен прак- тикалық маңыздылыққа ие болуына әкелді [5]. 1960-1990 жылдардағы патриоттық тәрби- енің кеңестік әскери қызметшілердің ортасын- дағы мерзімді әскери баспаның маңызы мен ерекше рөлін тереңдей талдаудың реті бүгінгі күні өзектілігін жоймаған. Себебі қазіргі өмір сүріп жатқан қоғамымызда да жастарымыз- ды әскери қызметші болсақ, еліміздің Қару- лы күштерінің қатарында қызмет етсек деген армандары мен құштарлықтарын ояту бой- ынша көлемді іс-шаралар күн тәртібіміздегі кезек күттірмес көкейкесті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылысының қазіргі кезеңінде жеке құрамды отансүйгіштікке тәрбиелеу - күн тәртібіндегі мәселелі сұрақтардың бірі. Оның өткірлігі соңғы жылдарда жастардың өз Ота- нын қорғауға, әскер қатарында қызмет етуге, яғни азаматтық борышын іс жүзінде орын- дауға құлықсыздығы сияқты мәселелерінің болуымен байланысты. Әрине, бұл әскер қа- тарындағы сарбаздар, сержанттар мен стар- шиналар қызметінің сапасына әсер етеді.
Осыған байланысты жастар арасында әскер қатарында қызмет етсем деген құштарлықта- рын ояту керек. Халық арасында әскери қыз- меттің беделін көтеру қажет.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезеңінде отан қорғаушылармен па- триоттық тәрбиеге баулу жмыстары басты на- зарда болған. Олармен күнделікті жауынгер- лік қызмет кезінде отансүйгіштікке бағыттау бағытындағы шараларды іске асырға үлкен
мән берілген. Қандай да болмасын тәрбие жұ- мысының толық кешеннен тұратыны белгілі.
Туған жерге деген қалтқысыз қызметке тәрби- елеу жұмыстарының қатарында бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор болған.
«Төртінші биліктің» көмегімен жас буынның дүиетанымына әсер ету жұмыстарын ұй- ымдастыру ісі бір ізге қойылды. Осылайша жастардың бойында туған елге деген патриот- тық сезім қалыпасты.
Әскери мерзімді баспа бұқаралық ақпарат құралдары - кеңестік әскери журналистика- ның құрамдас бөліктерінің бірі.
Әскери газеттер мен журналдар қызметінің нәтижелілігі көбінесе бүгінгі күні әскери қыз- метшілердің патриоттық тәрбие деңгейін ай- қындайды. Әскери баспа бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін зерделеу қажеттілігі осыдан туындайды. Бұл әскери баспасөздің бұрынғы тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі жағдайда әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беру жөніндегі қызметінің тиімділігін арттырудың жолдарын іздеуге мүмкіндік бе- реді.
Зерттеу көрсеткендей, 1960-1990-шы жылда- ры XX және XXI ғасырдың басында ғалымдар мен жалпы ғылыми жұмыстармен айналы- сушылардың арасында отансүйгіштікке тәрби- елеу бойынша зерттеу жүргізуге қызығушылық танытушылардың қатары көп болды. Сон- дықтан да осы бағыттағы келелі мәселелерге арналып жазылған оқу құралдары, моногра- фиялар, кітаптар, брошюралар көп болды.
Өз еліне қызмет етудің түрлі қырын зерттеуге арналған бірнеше жүздеген докторлық және де кандидаттық диссертацияларға зерттеудің басты объектісіне айналған [6].
Қазіргі жағдайда қазақстандық жастар- ды тәрбиелеу жүйесін бағалау жұмысы ұй- ымдардың орталықтандырылмаған жүйесін білдіретін идеологиялармен біріккен деп айтуға болады. Сондықтан да ХХ ғасырдың аяғында жаңа бір мәселенің шеті шықты. Ол - жастарды Отан қорғауға дайындау жүй- есінің құрылымын зерделеу мәселесі негізгі прблема анықталды. Жоғарыда атап өткен мәселеге байланысты, аталмыш зерттеудің маңыздылығы бәрібір де негізгі бағыт болып
табылады. 1960-1980 жылдарда жас ұрпақты Отанды қырағы күзетуге дайындау қалыпта- сқан бір ізге түскен жүйелерге ғана тән бола- тын. Олар да өзіне тән ерешелігімен көрінетін қоғамымызда қалыптасқан тигізер оң ықпалы көп бағыттар сияқты қажетті құбылыстар еді.
Олардың құрамына мемлекетке қажетті неме- се қоғамдық ұжымдардың, шағын ұйымдар мен мемлекеттің қызығушылығын танытатын тәсілдері мен қызметтің әдістер жиынтығы жа- тады. Жан жақты зерттеудің нәтижесінде бел- гілі болғандай бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған- дағы бір ізге қалыптасқан жүйелер кешенін ұйымдастырудың оңай еместігі анықталды.
Қазіргі кездегі жастарымызды Отанымызды берік қорғауға бағытталған шаралардың ке- шені «Коммунистік тәрбиелеу» жүйесінің құрамына кірді. Оның мақсаты кеңестік жастарда азаматтық, патриоттық және ха- лықаралық міндеттерді-социализмді Қарулы қорғауды орындау үшін қажетті жоғары дү- ниетанымдық, моральдық-психологиялық, физикалық және әскери - кәсіби қасиеттердің жиынтығын қалыптастыру болды. Бүгінгі таңда бұл жүйенің негізгі құрылымдық эле- менттері 1960 жылдардың алдында, өзге сө- бен айтқанда оның алдында қарастырылған уақыттара (ұйымдардың, мекемелердің, әді- стердің және қағидаттардың дәрежесінде) қалыптастырылған деуімізге де болады. Қоға- мымыз алға ілгерілеп өркендеген аралықта жаңашаланған пішін мен мағынаға жандан- дырылған әдістер мен жетілдірулер негізінен ауқымдалған жұмыстардың биік дәрежесінің түрлеріне өтті. Жастарымыз бен өскелең ұр- пағымызды тәрбиелеу шараларында қадыпта- сқан жүйелерінің мақсаттары мен құрылым- дық бағыттары ең бірінші бастапқы әдістеріне және тәсілдеріне белгіленеді. 1980-жылдардың соңғы кезеңдерінде мүндай шараларды іске асыруда кездескен түрлі қиындықтардың, со- ның ішінде мемлекеттің өткен жолдарындағы тарихын дұрыс бағалауға байланысты қалып- тасқан дәстүрді түбегейлі өзгертті. Осындай шараларды іске асырудың негізгі әдіс-тәсіл- деріне 1981-1991 жылдары қалыптасқан ере- желеpi бар. Оның қатарына келесі ереже-
лерді жатқызуымызға болады: алған бiлiмнің тәжірбиемен байланысындағы ереже, тарихи ереже, білгілі бір орта мен орта арқылы тәр- биелеу ережесi, әскери-патриоттық тәрбиені өмiрге айналдыру және түрлі ұйымдардың күштерi мен жігерлерін тоғыстыратын ере- желер. Жеке адамдардың жасын, әлеуметтік жағдайы мен жеке басының ерекшеліктеріне де назар бөліп есепке алатын ережелеp. Әске- ри қызметтің iлгеpілеуіндегі оң жаңалықтар мен алға басушылықтарына толықтай есеп жүргізудің ережелері. Белгілі бір мақсаттаpға ұмтылу ережесі. Ұлтты және ұлтаралық қы- зығушылықты біріктіретін ереже. Мұндай ережелер әске асыру әдіс-тәсілдерімен бірге жан-жақты қамтыған түрде іске асады. Деген- мен осылардың ішінде келесі жағдайларды бөліп көрсетуге болады: нанымдарды, жат- тығуларды, ынталандыруды, мәжбүрлеулерді және жеке мысалдарды. Сонымен қатар мұн- дай әдістер мен тәсілдерді педагогика бойын- ша ғылымдарда ортақ қабылданған ереже- лерге сәйкестендіреді. Соның ішінде оларды белгілі бір жағдайда қолдану ерікті мәселе болғандықтан, қарастырылып отырған жыл- дары жастарды Отан қорғауға дайындаудың басқа принциптері мен әдістерін бөліп көр- сетуге болады. Біpақ олардың барлығы бір- бірімен байланысты. Өзара байланысты және В.И.Ленин теориясынан туындайтын марк- систік-лениндік дүниетанымның қатаң идео- логиялық көзқарастарына негізделгенін атап өткен жөн. Социалистік Отанды қорғау және патриотизм туpалы көзқарастар. Еліміздің жас патриоттарын тәрбиелеу жүйесінің басқа элементтерін аша отырып, оның айрықша еpекшелігі – халықтың баpлық топтарын және ең алдымен жастарды өз қызметімен қамтуға үміттенген мемлекеттік және қоғамдық ұй- ымдарды қамтитын әкімшілік құpылым екенін атап өтеміз. Белгілі біp тапсырма мен нақты бағытты жүктеп алған шағын ұйымдар бірлескен іс-қимылдарының арқасында ке- шенді шараны іске асыруға ықпалдасқан күй- де жұмыс істеді. Сондықтан үлкен кешенен тұpған көлемді іс-әрекетті нақты бір қызметті ұйымдастырды деп баса айту мүмкін болма- ды. Өткен ғасырдың осы бір кезеңдерінде жас Кеңестік әскери баспасөздегі патриоттық тәрбие (1960-1990 жж.)
буынды Отан тыныштығын адал күзетуге дай- ындау жұмыстарына Кеңес Одағы Коммуни- стік Партиясы, түрлі деңгейдегі кәсіподақ мү- шелері, кеңестік ұйымдар, армияға, авиацияға және флотқа жәрдемдесетін ерікті қоғамдар мен жергілікті тұрғындардан құрған ерікті жасақа ұйымдарының септігі ұшан-теңіз бол- ды. Және тағы басқалары қатысты. Диссерта- циялық ғылыми жұмыстарды жазған туынды- лардың иелерінің есептеуі бойынша олардың сан 40-тан астам болды. Олар ауыл, аудан ор- талықтарында, қалаларда, облыстарда және республикаларда, сонымен қатаp Кеңестік Со- циалистік Республикалар Одағының деңгей- інде болды. Мұндай ұйымдар мен ұжымдар өзінің деңгейлеріне байланысты оpындайтын қызметтеpі түрл-түрлі болды. Олар қоғамдық ұйымдаp қызметінің сипаты мен ерекшелік- терінде көрінді. Бұл ерекшеліктер әртүрлі ұй- ымдардың күш-жігерін нақты жағдайларда бөлуге тиісті назар аударуды қажет етті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз 2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы барысында сөй- леген сөзінде: «Бұқаралық ақпарат құралдары үнемі бәсекеге қабілетті, сонымен қатар еркін болуы қажет. Мұндай қағидатты қазіргі кез- де барлық өркениетті елдер айрықша мәнде ұстауда. Отандық ақпарат құралдар еліміз- де, өңірлер мен әлемде болып жатқан үдері- стер туралы өз көзқарасында болуға міндетті.
Еліміздгі ақпараттар қауіпсіздігіне, тіпті иде- ологиялар дербестігі де тікелей байланысты болуы керек. Мемлекетіміз ашықтық ақпарат- тық кеңістікке, сұраныстарға ие әрі пәрменді ақпарат құралдарын да құруға ерекше мән ау- дарады. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың өзара арасындағы өте тиімді байланыста арнасы болағанда, еліміздегі қор- даланған мәселелерін көтереді және көтеру міндет жатыр. Бірақ мұны жоғары деңгейдегі азаматтық жауапкершілігімізбен жасауымыз қажет», - деп бұқаралық ақпарат құралдары- мыздың халыққа маңызды тәрбиелік беделі туралы арнайы өткен болатын [7].
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін тәрбиелеуде бұқара-
лық ақпарат құралдарының тәрбиелік рөлін іске асырудың кеңейтілген жолдарын қара- стыруға болады.
Олардың қатарына келесідей шараларды жатқызамыз. Әскери қызметшілердің батыр- лық ерліктерін насихаттау, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтағы озық тәжірибені газеттер мен журналдар беттерін- де жариялау. Өмірін әскерге арнаған ұлы адамдардың тағдырлары туралы көркем және деректі фильмдерді көрсету. Патриотттық тәрбие - азаматттық тұлға мен Отан қорға- ушы қасиеттерін дамыту және қалыптасты- ру жөніндегі іс-шаралар кешенін құрайтын көлемді жұмыс. Ол үшін көрнекі үгіт және қабырға баспаларын ресімдеу. Әскери қыз- метшілерді тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының әсер ету рөлін іске асыруды арттыруға бағытталған жүйелі шаралар ке- шенін білдіретін әлеуметтік-педагогикалық қызмет. Олардың қатарына журналистік шеберлік мектебі, ақпараттық-педагогика- лық дәрістер. Әскери қызметшілерді оқыту жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары бас- шыларымен әдістемелік семинарлар, әскери қызметшілерді тәрбиелеу проблемалары бой- ынша педагогикалық пікірталастар және тағы басқалары жатады. Мұндай шаралар әскери қызметшілердің қызметін қалыптастыру мен дамытуға арналады. Әскери қызметшіге жеке қойылған міндеттерді сапалы орындау үшін жеке бас жауапкершілігін жоғары деңгейге дамыту қажет. Ақпараттық шараларда жалпы адами құндылықтарды, ұлтымыздың дәстүр- лерін ақпараттандыратын және әртүрлі ны- сандарда іске асырылатын іс-шаралар мол.
Олардың қатарына әскери қызметшілерде ізгілік пен әділдік, теңдік және бауырластық, адалдық және мейірімділік және тағы басқа қасиеттерді тәрбиелейтін бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат, брифингтер, конфе- ренцияларды ұйымдастыру шаралары кіреді.
Нәтижелер
Тақырыптың өзектілігі, бірқатар жағдай- ларға байланысты.
М. Карекенов, А. Шурентаев
Біріншіден, Кеңестік Социалистік Респу- бликалар Одағының әскери-ұйымдасты- рушылық қызметінің осы жағын зерттеудің жеткіліксіздігі және оны дамытудың әлеумет- тік қажеттілігі. Осыған байланысты 1960-1990 жылдардағы әскери қызметшілерді патри- оттық тәрбиелеу бойынша кеңестік әскери мерзімді баспасөз органдары қызметінің та- рихи тәжірибесін зерттеуге үндеу шарасы өз алдына ғылыми бедел мен тәжірбиелік сапаға мән берілуі.
Екіншіден, өскелең ұрпақтың әскер қата- рына қабылданудың алдындағы кезеңде жас буынды әскери-патриоттық тәрбиеге тәрби- елеудің дәрежесінің төмен болуынан жалға- сып жатырған үрдіс. Әскерге шақырылатын жастағы азаматтарымызда Отанға деген қал- тқысыз қызмет пен туған жерге деген адал па- рызға деген жауапкершіліктің төмен болуы.
Үшіншіден, бүгінгі күні жастардың тәрби- есімен тікелей айналысатын ұйымдардың қа- тары мен қызметкерлерінің қатарының едәуір қысқаруы. Әскери орталардағы әскери-патри- оттық тәрбиеге бағытталған шараларды жоға- ры дәрежеге көтерудің кезек күттірмейтін мәселеге айналуы.
Төртіншіден, әскер қатарындағы жастары- мызды отансүйгіштікке тәрбиелеуде баспа беттерінің мен ғаламторлардың, бұқаралық ақпарат құралдары беделінің төмендеуі.
Бесіншіден, кеңес әскери баспасөзінің 1967- 1991 жылдар аралығындағы әскери қызмет- шілерді патриоттық тәрбиелеу жөніндегі қыз- меті мәселелері бойынша жалпылауды талап ететін көптеген дереккөздер мен материал- дардың болуы.
Алтыншыдан, жеке құрамды патриоттық тәрбиелеуді одан әрі күшейту мақсатында ар- мияның баспа бұқаралық-ақпарат құралда- рының жұмысын жүйелендіру және ғылыми пайымдау қажеттілігі туындады.
Осылайша, тақырыптың өзектілігі кеңестік әскери баспасөздің әскери қызметшілерді па- триоттық тәрбиелеу тәжірибесін жалпылау- дың объективті қажеттілігімен анықталады, бұл 1960-1990 жылдардағы Қарулы күштерінің мерзімді баспасөзін одан әрі дамыту жолда-
рын іздеу және негіздеу, армияның жеке құра- мын патриоттық тәрбиелеудегі рөлін күшей- ту үшін белгілі бір материал алуға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді талдау ғалымдар мен практиктер арасында әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеу мәселесіне қызығушылық жоғары дәрежеде болғанын көрсетті. Біз мұның дәлелі ретінде ілім жолына түскен ғалымдар мен ақпараттар жинап, сапраптама жасаған журналистердің, жылдардың жылнамасынан деректерге көз жүгірткен тахишылардың көптеген еңбектері- нен көреміз. Сонымен қатар ізденіс барысын- да 1960-1990 жылдар бойынша әскери бөлім- дердің жеке құрамын патриоттық бағытта тәрбиелеуде Кеңестік Социалистік Республи- калар Одағы әскери тақырыпты ашып жазуға талпынған мерзімді баспасөз ведомоствола- рының жұмысын ашатын әдеби құралдардың азғантай екендігі анықталды.
Аталмыш зерттеуді жүргізу барысын- да тақырыпқа қатысты барлық тарихи құн- дылықтарды екшелеу кезінде тақырыпты өзінің тәрбиелік және саяси мазмұндары жағынан екі бөлімнен тұратын тарихтық ке- зеңдерге бөліп қарауға болады. Олар: кеңестік, посткеңестік.
Кеңестік кезеңнің тарихнамасына (1960- 1990 жж.) а) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, б) әскери мерзімді баспасөз қыз- метінің тарихы мен теориясына арналған жұ- мыстар кіреді.
Елдің кеңестік даму кезеңінде патриоттық тақырыпты зерттеудің ерекше ауқымы бар.
Осы кезеңдегі әлеуметтік тарихшылардың ғылыми назарының объектісі әскердің жеке құрамын рухани және саяси тәрбиелеудің негізі ретінде «кеңестік патриотизм» болды.
1980-жылдардың аяғынан бастап КСРО-дағы демократиялық тенденциялардың әсерінен қоғам дамуының әлеуметтік және құндылық бағдарларының жүйесі қайта қарастырылды.
Патриоттық тәрбие мәселелеріне арналған жұмыстардың бағыты да айтарлықтай өз- Кеңестік әскери баспасөздегі патриоттық тәрбие (1960-1990 жж.)
геріп жатыр. Көптеген ғалымдардың зертте- улерінде жеке тұлға мен қоғам мүдделерінің қайшылықтарына, патриотизм мен Қару- лы Күштердің жауынгерлік әлеуетінің өза-
ра байланысына талдау жасалады. Жастарға әскердің жеке құрамына әскери-патриоттық тәрбие беру саласында маңызды зерттеулер жүргізіледі.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Л. Бублик, Ю. Арзамаскин «Патриотизм идеяларында», Нұсқаулық. 1994. № 2. 125 б.
2. Л. Бублик, «Кеңес жастарының әскери-патриоттық тәрбиесі: теория, жүйе, тәжірибе», Мәскеу, 1976. 41 б.
3. «Саяси баспа», 9-шы басылым, - Мәскеу, - 1986, т. 10, 320 б.
4. А. Козлов, «1945-1991 жылдардағы кеңестік әскери журналистика (тарихи зерттеу)», тарих ғылымдары докторының авторефераты, Мәскеу, 2009, 48 б.
5. О.Золотарев, К.Мамлыга, А.Тюльдюков, «Кеңес әскери баспасөзінің тарихы», 1987, 167 б.
6. А.Волков «КСРО мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарының 1961-1991 жылдардағы жастарды Отан қорғауға дайындау жөніндегі қызметі», автореферат, докторлық диссертация, Мәскеу, 1994, 25 б.
7. Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті №52 (30281), Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқа- евтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы», Нұр-Сұлтан қаласы, 17 наурыз, 2022, 5 б.
М. Карекенов, А. Шурентаев
Костанайский региональный университет имени А. Байтурсынова, Костанай, Казахстан
Патриотическое воспитание в советской военной периодической печати (1960-1990-х гг.) Аннотация. В статье подробно рассмотрены и проанализированы научные работы прессы, посвя- щенные патриотическому воспитанию военнослужащих. В Союзе Советских Социалистических Респу- блик были проанализированы работы ученых, изучавших вопросы патриотической работы с военнос- лужащими, в том числе статьи, посвященные патриотическому воспитанию на печатных страницах.
Руководство Советского Союза уделяло важное место средствам массовой информации, в том числе средствам массовой информации военной периодики. С их помощью целенаправленно воздействовали на сознание молодежи, прививая им патриотические качества. Особое место в работе по патриотическо- му воспитанию Советской армии занимали периодические издания, средства массовой информации.
Военная журналистика-использовалась как одна из составляющих средств воспитания. При этом воен- ные печатные страницы рассматриваются как совокупность средств массовой информации как средство информирования населения о новизне военной жизни. В те годы интерес к теме патриотического воспи- тания среди ученых и практиков был высок. Этому вопросу было посвящено много исследований.
Различные аспекты воспитания патриотов Отечества стали предметом исследования нескольких кан- дидатских и докторских диссертаций. Однако исследователи отмечают, что должного внимания не уде- лялось деятельности военных изданий по патриотическому воспитанию военнослужащих 1960-1990-х годов. В советский период развития страны существует широкий спектр исследований патриотической темы. Объектом научного внимания общественных историков этого периода был «советский патрио- тизм» как основа духовно-политического воспитания личного состава армии. На сегодняшний день существенно меняется и направление работы, посвященной вопросам патриотического воспитания. В исследовательской работе возникает необходимость анализа конфликта интересов личности и патрио- тизма в обществе.
Ключевые слова: военная журналистика, история военной печати, армия, патриотическое воспита- ние, дисциплина.
М. Карекенов, А. Шурентаев
M. Karekenov, A.Shurentayev
Kostanay Regional University named after A.Baitursynov, Kostanay, Kazakhstan
Patriotic education in the Soviet military periodical press (1960-1990s)
Abstract. The article elaborates on the scientific work of the Press on patriotic education of military personnel.
The work of scientists who studied the issues raised by mass media dedicated to patriotic work with military personnel in the Union of Soviet Socialist Republics, including articles on patriotic education in print media, was analyzed. The leadership of the Soviet Union gave an important place to the mass media, including military periodicals. With their help, they purposefully influenced the minds of young people, instilled patriotic qualities in them. Military periodicals and mass media played a special role in the work of patriotic education of the Soviet army. Military journalism was used as one of the components of educational tools. At the same time, military printed pages are considered as a set of mass media as a means of informing the population about the novelty of military life. In those years, there was a high interest in the topic of patriotic education among scientists and practitioners. Many studies have been devoted to this problem.
Various aspects of the education of patriotic Patriots have become the subject of research for several candidate and doctoral theses. However, it was noted that the researchers did not pay proper attention to the activities of military publications on patriotic education of military personnel in the 1960s and 1990s. During the Soviet period of the country’s development, there is a wide range of research on patriotic topics. The object of scientific attention of social historians of this period was «Soviet patriotism» as the basis for spiritual and political education of the military personnel. Today, the focus of work on the issues of patriotic education is also significantly changing. In the research work, there is a need to analyze the conflict of interests of patriotism in the individual and society
Keywords: military journalist, history of the military press, Army, history, patriotic education, history, discipline, education.
References
1. L. Bublik, Arzamaskin Yu.» in the ideas of patriotism», guide. 1994. No. 2, 125 P.
2. L. Bublik, «military-patriotic education of Soviet youth: theory, system, practice», Moscow, 1976. 338 P.
3. «Political publishing house», 9th Edition, Moscow, 1986, Vol.10, p. 177.
4. A. Kozlov, «Soviet military journalism (historical research) of 1945-1991», abstract of the doctor of Historical Sciences, Moscow, 2009, 3 p.
5. O. Zolotarev, K. M. Mamlyga, A. Tuldyukov, «history of the Soviet military press», 1987, p.167.
6. A. Volkov, «The activities of state bodies and public organizations of the USSR in preparing young people for the defense of the Fatherland in 1961-1991», abstract, doctoral dissertation, Moscow, 1994, p. 25.
7. Republican newspaper «Egemen Kazakhstan» No. 52 (30281), Message of the Head of State Kassym- Jomart Tokayev to the people of Kazakhstan «New Kazakhstan: the path of renewal and modernization», Nur- Sultan, March 17, 2022, p. 5.
Авторлар туралы мәліметтер
Қарекенов Манарбек Айдынғалиұлы – қазақ тілі мен әдебиет магистрі, «8D03201-Журналистика»
білім беру бағдарламасының докторанты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қо- станай, Қазақстан.
Шурентаев Амангелді Мейрамұлы – PhD докторы, журналистика және коммуникациялық менед- жмент кафедрасының меңгерушісі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қостанай, Қазақстан.
Karekenov Manarbek Aidyngalievich – master of kazakh language and literature, doctoral student of the educational program «8D03201-Journalism», Kostanay Regional University named after A. Baitursynov, Kostanay, Kazakhstan.
Shurentayev Amangeldy Meiramovich – PhD, head of the Department of Journalism and Communication Management, Kostanay Regional University named after A. Baitursynov, Kostanay, Kazakhstan.
Кеңестік әскери баспасөздегі патриоттық тәрбие (1960-1990 жж.)