• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Киноиндустрия саласында әлеуметтік аудит жүргізудің әдістемелік

112

зерделеу құралдарын дұрыс қолданған, әлеуметтік аудитті қалай жүргізудің әдіс-тәсілдерін, яғни әдістемелік негіздерін білген жөн. Киноиндустрия саласына бейімдеп әзірленген әлеуметтік аудитті жүргізудің әдістемелік ұсынымдарын келесі тарауда ұсынылады.

3.2 Киноиндустрия саласында әлеуметтік аудит жүргізудің

113

Сурет 33 – Әлеуметтік аудитті жүргізудің негізгі кезеңдері

Ескерту – Суретті автор әзірлеген

Әлеуметтік аудиттің бұл кезеңдерін жүргізу үшін оның ғылыми- негізделген алгоритмі, нақты қадамдары болуы тиіс (34-сурет).

Сурет 34 – Әлеуметтік аудитті жүргізудің рәсімі

Ескерту – Суретті автор әзірлеген Әлеуметтік

аудитке алдын-ала дайындық

Әлеуметтік аудитті жоспарлау

Әлеуметтік аудитті жүргізу және

ақпаратты өңдеу

Қорытынды нәтижелерді

ұсыну

114

Әлеуметтік аудитке алдын-ала дайындық кезеңінде әлеуметтік аудиттің тапсырыс берушісі мен оны орындаушысы айқындалып, қажетті келіссөздер жүргізіледі.

Тапсырыс беруші – әлеуметтік аудит жүргізуге бастама көтеруші. Бұл әлеуметтік аудиттің мақсаты мен жүргізілетін аясына/саласына байланысты әртүрлі субъектілер болуы мүмкін. Мәселен, мемлекеттік органдар, мекемелер, ұлттық компаниялар, қоғамдық ұйымдар, азаматтық қоғам институттары, саяси институттар, жеке меншік компаниялар, қоғам белсенділері, тәуелсіз зерттеушілер, ғылыми қоғамдастық өкілдері және басқалар.

Орындаушы – әлеуметтік аудитті жүзеге асырушы. Бұл да тапсырыс беруші тәрізді әлеуметтік аудиттің мақсатына сәйкес әртүрлі категориядағы мамандар болуы мүмкін. Мемлекеттік органның, мекеменің қызметкерлері, зерттеу орталықтары мен институттардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар өкілдері, тәуелсіз зерттеушілер және басқалар.

Алдын-ала ұйымдастыру мынадай жұмыстарды көздейді:

– әлеуметтік аудит жүргізуде қажетті құжаттарды дайындау, – «әлеуметтік аудиторлар» командасын әзірлеу;

– әлеуметтік аудит барысында қолдануға қажетті материалдық- техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету;

– тиісті мекемелерге әлеуметтік аудит жөнінде хат жолдау.

Әлеуметтік аудит кезінде алдын-ала ұйым туралы мәліметтер білу үшін мекеменің жарғысы, әлеуметтік сипаттағы есептері сияқты қолжетімді құжаттарды сұратуға болады. Алайда бұл жұмыстар ерікті сипатта болуы тиіс, себебі әлеуметтік аудит – міндеттелген рәсім емес, ерікті түрде жүзеге асырылатын шара. Әлеуметтік аудит шектен-тыс тексеріске айналып кетпегені, жұмысқа кедергі тудырмағаны жөн.

Келесі маңызды қадамдардың бірі – жоспарлау. Жоспарлау кезеңі әлеуметтік аудиттің бағдарламасы мен жоспарын даярлауды көздейді.

Әлеуметтік аудиттің жоспары – нақты іс-шаралар мен кезеңдерді, мерзімді (график) қамтитын құжат. Ал әлеуметтік аудиттің бағдарламасы – әлеуметтік аудиттің жоспарымен бірге оның мақсатын, міндеттерін, объектісі мен пәнін, қолданылатын әдіс-тәсілдерді, зерттеу алаңын сипаттайтын кешенді құжат.

Орындаушылар бірлесіп, әлеуметтік аудиттің әдіснамалық негіздерін қалыптастыра отырып, аталған әлеуметтік аудит бағдарламасы мен жоспарын әзірлеп, мүдделі тараптармен келісуі қажет.

Әлеуметтік аудиттік теориялық-әдіснамалық кезеңі практикалық кезеңнің жалғасуына бастау береді. Зерттеу объектісі, пәні, қолданылатын әдіс- тәсілдерді айқындау аяқталған соң ақпарат жинау, «алаңдық» жұмыстар жалғасады.

«Алаңдық» жұмыстарды жүзеге асыру әлеуметтік аудитті орындаушылардың негізгі сандық және сапалық деректерді жинауымен негізделеді. Бұл кезеңде жоспарға сәйкес белгілінген мерзім ішінде әртүрлі

115

зерттеу әдістерін қолдану арқылы дәлелдемелер, қосымша ақпараттар, ой- пікірлер, бағалар жинақталады.

Әлеуметтік аудитті жүзеге асыру кезінде көбінесе әлеуметтанулық зерттеу әдістері мен жалпы танымдық әдістер қолданылады. Ғылыми тәжірибеде әдістерді сандық және сапалық деп бөлу қарастырылған. Сандық әдістер: үлкен көлемді, массивті деректерді өлшеу, талдау, сандық көрсеткіштер алуға бағытталған бұқаралық сұрау, статистикалық деректерді талдау. Сапалық әдістер: тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар, сарапшылық бағалаулар, сапалы мәліметтер алуға бағытталған сұраулар, кейс-стади, бақылау, эксперимент, контент-талдау және басқалар. Жалпы ғылыми әдістерге: талдау, синтез, индукция, дедукция, аналогия, модельдеу, абстракциялау, жүйелік талдау, функционалдық шығындарды талдау, себеп- салдарлық талдау, экономикалық талдау әдістері, құжаттарды талдау және статистикалық көрсеткіштер жатады. Аудиттің арнайы әдістеріне мыналар жатады: аудиторлық тәуекелді бағалаудың бағалаушы және сандық әдістері, бенчмаркинг, фокус-топтар, SWOT-талдау, ахуалдық талдау; сараптамалық сауалнамалар, тереңдетілген сұхбат, брейнсторминг, референттік топ әдісі, журналистік болжау әдісі, бағалау әдісі [170, с. 221].

Зерттеу пәні мен мақсаттарға сәйкес аталған әдістердің түрлерін әлеуметтік аудит барысында нақтылауға болады. Мәселен, сұхбат әдісін сарапшылық сұхбат, тереңдетілген сұхбат, Дельфи әдісі, брейнсторминг, жағдайды аяқтау әдісі, фокус-топтық сұхбат деп түрлендіруге болады.

Әдістердің ерекшеліктерін ескере отырып, сандық және сапалық әдістерді біріктіруге болады. Екі-үш әдісті дәйекті түрде қолдану қолайлы (алдымен сандық, содан кейін сапалық зерттеу немесе керісінше), мұнда бірінші әдіс екіншісінің дамуын жеңілдету үшін қолданылады; олар бір мәселеге әртүрлі тәсілдер ретінде қатар қолданылуы мүмкін немесе басым әдіс балама әдістің шағын құрамдас бөлігімен байытылуы мүмкін [172].

Осылайша, әлеуметтік аудит зерттеу пәніне қатысты әдіснамалық білім мен нақты қолданбалы зерттеулерді біріктіруге тырысады. Көбінесе әлеуметтанулық әдіснамаға сүйенеді. Сонымен қатар, әлеуметтік аудит кезінде жалпы ғылыми ортада кең тараған талдау құралдарының әр түрлері пайдаланылады, мысалы, тарихи-салыстырмалы, факторлық, себеп-салдарлық талдау және басқалары қолданылуы ықтимал.

Жоғарыда атап өткеніміздей, «әлеуметтік аудит» ұғымының бірыңғай түсіндірмесі жоқ. Көп жағдайда ол әлеуметтік есеп берумен байланыстырылады. Көптеген компаниялар өздері үшін маңызды сыртқы мүдделі тараптарға есеп береді. Шетелдік компаниялар үшін алдымен акционерлер, инвесторлар, клиенттер, сондай-ақ билік органдары, БАҚ және жалпы қоғамдық пікір.

Әлеуметтік есеп еркін нысанда (брошюралар, буклеттер, жылдық есептердегі тарау), біршама нысанға сәйкестендірілген есеп түрінде және белгілі бір индикаторлар бойынша стандартталған есептер (Global Reporting Initiative, Domini Social Index, Social Accountability 8000 сияқты стандарттар)

116

түрінде бола алады [173]. Бұл ретте, әлеуметтік аудит нәтижесін көпшілікпен таныстыру мақсатында интернет-ресурстарға жарияланғаны маңызды.

Осылайша, әлеуметтік аудиттің есебі мен ұсынымдарды әзірлеп, мүдделі тараптарға ұсыну әлеуметтік аудиттің қорытынды кезеңін құрайды.

Әлеуметтік есеп беру киноиндустрияда оның қоғамға әсер етуімен, сапалы өнім ұсынумен, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына мән берумен байланысты.

Жоғарыда баяндалған алгоритмді негізге ала отырып, әлеуметтік аудитті мемлекеттік басқару жүйесінде іске асырудың жобасы жұмыс процесі түрінде ұсынылады (35-сурет).

Сурет 35 – Әлеуметтік аудитті жүзеге асыруда ұсынылатын жұмыс процесінің схемасы

117 Ескерту – Суретті автор әзірлеген

Киноиндустрияның әлеуметтік аудиті – бұл киноиндустрия саласының алға қойған мақсаттарына қол жеткізу деңгейін бағалау, жетістіктерді саралау, олқылықтар мен кемшіліктерді талдау, сондай-ақ сала субъектілерінің халық алдындағы әлеуметтік және моральдық жауапкершілігінің критерийлерін ескеру [174].

Кинематографиялық ұйымдар мемлекеттік ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен, өзге де құрылымдармен әртүрлі форматта өзара әрекеттеседі.

Кино саласындағы ұйымдардың өзіндік бақылау тетігін, яғни әлеуметтік аудит жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Осы орайда, фильмдердің прокатқа шығуы мен рейтингін айқындаудағы америкалық тәжірибені мысалға келтіре кеткен жөн. Америкалық кинематографистер қауымдастығы (MPAA) аясында ұзақ жылдар бойы рейтингтерге ата-аналарды жұмылдыру тәжірибесі бар. Бұл үлгіні әлеуметтік аудит арқылы көпшілік аудиторияға фильмдерді, әсіресе отбасылық фильмдерді түсіру, әрі қарай прокатқа шығару кезінде алдын-ала ата- аналардың, педагогтардың, психологтардың, өзге де мамандардың пікірін ескеруді енгізуге болады.

Америка мен Еуропада прокатты реттеудің басты тетігі жас бойынша шектеулер екенін ескерсек, қоғамдық ұйымдардың белсендігін атап өткен жөн.

Олар фильмді жасау кезінде өнімді талқылап, талдап, қандай санат ұсынылуы тиіс екеніне ұсыным береді. Осындай тәжірибенің болуы фильмнің жалпы көпшілікке арналғанын немесе жас бойынша шектеу қойылу қажеттігін уәкілетті бір қызметкердің ғана емес, қоғамдастық тарапынан шешілуіне мүмкіндік береді [175].

Жоғарыда аталған әдіснамалық процестерге сәйкес әлеуметтік аудит кезінде жүргізілетін әлеуметтанулық сұрау инструментарийінің жобасы әзірленіп (Қосымша Г) ұсынылған.

Жоғарыда атап өткеніміздей, әлеуметтік аудиттің басты элементі – әлеуметтік жауапкершілік. Саланың әлеуметтік жауапкершілігін зерттеу тұрғысынан әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-экономикалық факторларға назар аудару қажет [176]. Бұл факторларға мән беру әлеуметтік аудиттің әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оның пәндік аясын қалыптастыруға ықпал етеді.

Әлеуметтік жауапкершіліктің әлеуметтік-мәдени факторы әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды және институттарды қамтиды. Мысалы, кино түсіру қағидаттары мен ережелерін ұстану – барлық режиссерлер, продюсерлер, операторлар, жалпы кино жасаушылар ескеретін әлеуметтік норма. Жаһандану үдерістері жағдайында жергілікті құндылықтар мен мәдениет көлеңкеде қалмауы керек. Дәл сол сияқты локальді фильмдер де жергілікті халықтың ділі мен әлеуметтік институттардың қызмет ерекшеліктерін көрсетуі керек. Бұл көрермендердің жергілікті фильмдерге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

118

Әлеуметтік-экономикалық факторға табыс деңгейі, жұмыссыздық, бәсекелестік, біліктілік және басқа да көрсеткіштер жатады. Бұл факторлар тұтынушылардың киноға деген сұранысына әсер етеді. Көрермендердің тұтынушылық әрекетіне әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін: талғам, қызығушылық, қаржылық, дене және уақыттық мүмкіндіктер, фильмдердің сәттілігі. Бәсекеге қабілеттілік режиссерлердің көрерменге қызықты фильмдер жасауға деген ұмтылысын тудырады.

Киноиндустрия субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілікке ұмтылуы кинобизнесті дамытудың негізгі факторына айналады: инвестицияда, өндірісте, ілгерілетуде. Көркемдігі жоғары әлеуметтік маңызы бар және зорлық- зомбылықсыз фильмдер әрқашан адамгершілік жауапкершіліктің көрсеткіші болып қала бермек. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қоғам өкілдерін:

бизнесті, азаматтарды, ұйымдарды ынталандыруды, тартуды, қолдауды көздейді.

Сонымен, киноиндустрияны әлеуметтік аудит технологиясымен зерттеудің концептуалдық үлгісі келесі кезеңдерден құралады.

Бірінші кезеңде зерттеу мәселесінің пайымы, мақсаты мен міндеттері айқындалады, болжам жасалынады, қосымша мәліметтерге ие болу үшін шетелдік әдебиетке шолу жасалынады, саланың институционалдық және құқықтық негізі зерделенеді.

Екінші кезеңде киноиндустрияның әлеуметтік аудитінің негізгі пәндік бағыттары: қоғамдық және сарапшылық пікір, жергілікті немесе әлемдік кинематографияның өнімдерін қабылдау мен ерекшеліктері, заманауи жергілікті фильмдердегі елдің мемлекеттік саясатының көрінісі, кино өндірушілердің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі, киноиндустрияның ашықтығы талданады.

Үшінші кезеңде қазақстандық киноиндустрияның проблемалық аспектілерінің себеп-салдарлық факторларын анықтау қажет. Нәтижелер бойынша саланы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар жасалып, киноиндустриядағы негізгі жетістіктер мен кемшіліктерді зерделеуден қорытындылар шығарылады.

Киноиндустрияны дамыту үшін ең алдымен әлеуметтік аудитті ескере отырып, әмбебап даму стратегияларын құру қажет.

Стратегия 1. Қаржылық және қаржылық емес ресурстарды тиімді пайдалану. Саланың ашықтығын қамтамасыз ету, қаржылық есептермен бірге әлеуметтік есептерді де ұсыну.

Стратегия 2. Сала үшін бәсекелестік артықшылықтар көзі ретінде адами капиталды дамыту.

Стратегия 3. Киноиндустрия субъектілерінің әлеуметтік-жауапты мінез- құлқының табысты тәжірибесін қалыптастыру.

Стратегия 4. Әртүрлі қолдау әдістерін қолдана отырып, жергілікті фильмдердің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Киноиндустрияны дамыту жауапкершілігі тек бір тарапқа – кино жасаушыларға ғана жүктелмеуі керек. Оның дамуына барлық мүдделі тараптар жауапты: кинематографистер, мемлекет, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық

119

интеллигенция, сонымен қатар киноөнімдерін тұтынушы ретіндегі халық. Бұл ретте отандық киноиндустрияны дамытуда мемлекеттің рөлі зор.

Кинематография субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі критерийлерінің бірі – отандық фильмдерге қызығушылықты арттыру. Оған әртүрлі құралдар арқылы қол жеткізуге болады.

Біріншіден, қоғамдық сауалнамалар мен пікірлер маңызды рөл атқарады.

Танымал жергілікті сайттардың арқасында қарапайым сауалнамалар арқылы жергілікті аудиторияның қызығушылықтарын, тақырыптық және жанрлық бейімділігін анықтауға болады.

Екіншіден, сюжеттердің сапалы болуы үшін ғалымдармен, білікті сценаристермен жұмысты жандандыру маңызды. Материалды әзірлеуде немесе кейінгі ілгерілетуде халықтың алғашқы әсері мен қалауын анықтау үшін фокус- топтарды жүргізу тәжірибесін енгізу қажет.

Үшіншіден, киноиндустрия өкілдері халықтардың адамгершілік құндылықтарын, ұлттық-мәдени бірлігін қалыптастыруға белсене атсалысуы керек. Сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерді көтеріп, көрерменге оң көзқарас таныту маңызды. Салиқалы кино саласындағы үдерісті жаңғырту, алға қадам басу, қазақстандық кинематографистердің көркемдік деңгейі қаншалықты жоғары кино шығара алатынын көрсету қажет.

Киноиндустрия саласының тиімділігі тек кино өндірушілердің қаржылық мүдделерімен шектелмеуі керек. Оның жан-жақты, әсіресе әлеуметтік аспектілері қамтылуы керек. Әсіресе, мемлекеттің мәдени-экономикалық дамуына үлес қосатын дербес индустрияны дамытуы маңызды. Бизнес үшін бұл сұраныс пен ұсынысты қамтамасыз ете алатын фильм нарығының болуы (касса, фильмнің өтелуі, кіріс). Сарапшылар қауымдастығы үшін – кинематографистердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың өнімін қоғамдық тұтынуға жеткізу. Көрермен үшін уақыт, ақша сияқты жұмсалған ресурстарды, сонымен қатар тәрбиелік, эстетикалық өнімдерді тұтынуды ақтайтын сапалы картина маңызды. Барлық мүдделі тараптар жұмыла жұмыс істегенде саланың тиімді дамуы мүмкін болады.

Халық «әлеуметтік аудиторлар» ретінде фильмдер туралы өз пікірлерін әлеуметтік желілерде комментарийлер, рецензиялар түрінде жиі білдіреді. Кино өнімдерін тұтынушылар үшін кейбір кездері фильмдерді қаржыландыру көзі емес, сюжет, қызығушылық және көркемдік ұсыну сияқты компоненттер маңызды.

Осылайша, жоғарыда баяндалғандарды қорытындылай келе, киноиндустрия саласында әлеуметтік аудит жүргізудің мынадай артықшылықтарын атап өтеміз:

– мәжбүрсіз, ерікті сипат;

– алдын ала диагностикалау, болжам жасау, бағалау мүмкіндігі;

– кешенділік, толыққанды процесс;

– нақты алгоритмдерді ұстану;

– сандық және сапалық зерттеу әдістерін қолдану.

120

Әлеуметтік аудитті киноиндустрия саласының дамуына мүдделі барлық тараптар ерікті түрде жүргізе алады: мемлекеттік орган, кинематографиялық компания, қоғамдық, сарапшылық ұйымдар, азаматтар. Ең тиімдісі осы барлық агенттердің өкілдерін әлеуметтік аудитке жұмылдыру.

Әлеуметтік аудит қорытындысы бойынша келесі нәтижеге қол жеткізуге болады: шығындарды азайту, ұйымның, кәсіпорынның имиджін жақсарту, кадрлардың тұрақтамауын азайту, қызметкерлердің адалдығын арттыру, әлеуметтік жауапкершілікті, ашықтық пен қол жетімділікті арттыру.

Бұл ретте, әлеуметтік аудиттің әлеуеті мен мүмкіндіктерін сипаттай келе, оны тәжірибеде қолданудағы кемшіліктер мен тәуекелдердің болу ықтималдылығын ескерген жөн. Мұндай тәуекелдердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

– қоғамда «әлеуметтік аудит» ұғымының толық қалыптаспауы, жеткілікті түрде түсінікті болмауы;

– ұйымдарда әлеуметтік аудит жүргізу үшін қосымша қаражатты қажет ету немесе қосымша қаражат бөлу мүмкіндігінің болмауы;

– әлеуметтік аудиттің кешенді сипатын орынды қолданбау, әлеуметтанулық зерттеу сияқты өткізу;

– әлеуметтік аудит жүргізудің тиісті әдіснамасының жоқтығы, білікті мамандардың аздығы;

– жүргізілген әлеуметтік аудиттің нәтижелерін ұтымды қолдана білмеу;

– ұйымдағы шынайы жағдайды жариялауға қорқу.

Аталған бұл кемшіліктерді болдырмау мақсатында мемлекеттік басқару, бизнес өкілдері келесі шараларға назар аударғаны орынды болып табылатыны ұсынылады:

– әлеуметтік басқаруға қоғамдастықтың назарын арттыра отырып,

«әлеуметтік аудит» ұғымын көпшілікке кеңінен тарату;

– әлеуметтік аудит жүргізудің құқықтық және әдіснамалық негіздерін қалыптастыру;

– жоғары оқу орындары мен біліктілікті арттыру курстарында әлеуметтік саясат, әлеуметтік басқару, менеджмент, әлеуметтану, қоғамдық экономика, персоналды басқару бағыттары бойынша әлеуметтік аудит жүргізудің әдіснамасын оқыту, теориялық білім беру мен зерттеу тәжірибесіне енгізу;

– әлеуметтік аудит жүргізудің үздік шетелдік тәжірибесін негізге алу, қолдану мүмкіндіктерін қарастыру.

Киноиндустрия саласының даму сәттілігі қабылданған басқарушылық шешімдердің дұрыстылығына байланысты. Мұнда қызметтің тек қаржылық есеп беруін ғана емес, персоналды басқару, әлеуметтік тиімділікті бағалау, әлеуметтік саясатты іске асыру сияқты компоненттерге де мән берген жөн. Бұл контексте әлеуметтік аудит шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің бағытына байланысты әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудің кешенді тәсілін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік аудит кәсіпорында, салада, аймақта туындайтын себептерге диагностика жасайды,

121

олардың маңыздылығы мен шешу мүмкіндігін бағалайды, мүдделі тараптар үшін нақты ұсыныстарды тұжырымдайды [177].

Осылайша, әлеуметтік аудит мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерімен өзара байланыс пен конструктивті диалог орнатудың тың құралы ретінде қарастырылады. Киноиндустрия саласындағы әлеуметтік қатынастарды нығайтуда, барлық мүдделі тараптарды жұмылдыруда, әлеуметтік әріптестікті қалыптастыруда әлеуметтік аудит айрықша мәнге ие болады. Бұл әдісті қолдану арқылы киноиндустрия саласындағы қызметтің әлеуметтік маңыздылығын, отандық киноөнімдерінің қоғамдық пайдасы мен әлеуметтік тиімділігін, көрерменнің сұранысы мен қалауын, кинематографистердің талабы мен ұсыныстарын айқындауға мүмкіндік береді.

122

ҚОРЫТЫНДЫ

Елдің мәдени дамуында елеулі рөл атқаратын киноиндустрияның ерекшеліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін талдау келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:

1. Диссертациялық жұмыс барысында киноиндустрияның әлеуметтік- мәдени аспектісінің теориялық-әдіснамалық негіздері зерделенді.

Киноиндустрия саласының елдің мәдени дамуына ықпал етуі мен негізгі бағыттары сипатталды. Ұлттық өнер туындылары ретінде отандық кино өнімдері жалпыұлттық көзқарасты, дүниетанымды қалыптастырады, мемлекеттің халықаралық деңгейдегі оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді, отандық киноиндустрияның үздік жетістіктерін танытады. Бұдан бөлек, қоғамның тұрақты дамуының мақсаттарына қолжеткізуде (сапалы білім беру, қалалардың тұрақты дамуы, экономикалық өсу, гендерлік теңдік) киноиндустрия айрықша рөл атқарады. Мәдени дамудың қажетті шарты мен қозғаушы күші болып табылады.

2. Киноиндустрияның дамуында мемлекеттің рөлі елеулі. Кино саласын мемлекеттік басқару мәселесі елдің мәдени дамуы тұрғысынан өзекті болып табылады, себебі киноиндустрияны басқару бойынша қабылданған шешімдер адамдардың мәдени-эстетикалық қабылдауына, халықтың әл-ауқатына, кино өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді. Жұмыста киноиндустрияны зерттеудің ғылыми көзқарастары мен әдіснамалық бағыттары пәндік аясына сәйкес топтастырылып, жүйеленді. Шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалынды. Отандық ғылыми кеңістікте киноиндустрия, оның әлеуметтік-мәдени аспектісі мемлекеттік саясат, экономика, менеджмент салалары тұрғысынан жеткілікті деңгейде зерттелмеген, сол себепті өзекті тақырыптардың бірі болып қала береді. Сонымен қоса, мемлекеттік басқару теориясының қағидаларын киноиндустрия саласына қатысты қолдану мүмкіндіктері негізделді. Соның ішінде қоғаммен байланыс орнату қағидатының аясында киноиндустрияны мемлекеттік басқаруда әлеуметтік аудитті қолданудың өзектілігі айқындалды. Әлеуметтік аудит технологиясы жан-жақты зерттеліп, оның мәні мен мүмкіндіктері, әдіснамалық негіздері киноиндустрия саласына бейімделіп қарастырылды.

3. Киноиндустрия саласына әлеуметтік тың технологияларды ұсынбас бұрын алдымен қазіргі қазақстандық киноиндустрияның жағдайы мен оны мемлекеттік басқарудың ерекшеліктеріне назар аудардық. Қазақстанда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары 2019 жылы қабылданған

«Кинематография туралы» Заңда сипатталған. Мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары ретінде ұлттық фильмдерді өндіру, тарату, насихаттау үшін жағдайлар жасау, отандық кинематографияның әртүрлі аспектілерін дамытуды қолдау, кино саласында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту белгіленген.

4. Киноиндустрияны мемлекеттік қолдаудың қажеттілігін негіздейтін факторлар мен негізгі бағыттары атап өтілді. Киноиндустрияны мемлекеттік қолдаудың әлемдік үрдістері зерделенді. Көптеген елдерде мемлекеттік

123

қаржыландырудың ұйымдастырушылық тетігі қызметін атқаратын ұлттық киноны қолдау институттарының, қорлардың, орталықтардың жұмысы сипатталды. Мемлекеттік қаржыландырудың оңтайлы үлгісін француздық тәжірибе, ал киноиндустрияның мемлекеттен тәуелсіз болуын америкалық тәжірибе көрсетіп отырғаны айқындалды. Бұдан бөлек, жұмыста отандық кинематографияны мемлекеттік қаржыландырудың негізгі тетіктері сипатталды. Қазақстанның кинематографиясын басқару жүйесіне енгізілген жаңа шаралардың бірі ашық конкурстарды (питчингтерді) өткізу болып табылады. Қазақстанда Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы мемлекеттік қаржыландырудағы бірыңғай оператор қызметін атқарады.

Салалық заңнамаға сәйкес фильмдердің түрлері бойынша қаржыландыру көлемінің градациясы бар.

5. Қазақстандағы киноиндустрияның қазіргі жай-күйіне талдау жасалынды. Ресми статистикалық деректерді қолдану арқылы кино көрсетілімді жүзеге асыратын ұйымдардың саны, өңірлік бөліністегі пропорциясы, өсу және кему динамикасы айқындалды. Кинотеатрлар желісінде көрсетілген киносеанстардың, оған келушілердің саны мен түскен табыстың көлемі өзара байланыста көрсетілді. Қазақстанда өндірілген ұлттық фильмдер мен шетелдік фильмдердің статистикалық деректері келтірілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша кино саласындағы көрсеткіштердің пандемиялық жағдайларға байланысты азайғаны байқалады. Бұдан бөлек, SWOT, PEST талдау құралдарын қолдана отырып, отандық киноиндустрияның күшті және әлсіз тұстары, даму мүмкіндіктері мен тәуекелдері сараланды. Қазақстандық кино нарығының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері қарастырылды.

Салаға ықпал етуші ішкі және сыртқы әсерлер айқындалып, киноиндустрияның даму келешегіне серпін беретін факторлар мен іс-әрекеттер кешені ұсынылды.

6. Кино саласының идеологиялық қызметі мен мәдени саясатты қалыптастырудағы маңызын ескере отырып, қазақстандық киноның мағыналық мәні талқыланды. Отандық фильмдердің хабарламалары мен мемлекеттік бағдарламалық құжаттардың мазмұнын салыстыра отырып, мемлекеттік саясат идеяларының кинода көрініс табуы талданды. Талдаудың хронометражы тәуелсіздік кезеңінен, яғни 1992 жылдан бастап 2021 жылдың соңымен аяқталады. Әрбір кезең шартты түрде елдегі әртүрлі бағыттағы модернизациялық процестермен сипатталады: институционалдық жаңғыру, экономикалық жаңғыру, әлеуметтік жаңғыру және рухани жаңғыру. Зерттеу барысында дискурс-талдаудың ақпарат көзі ретінде Қазақстанның негізгі идеологиялық және бағдарламалық құжаттары мен қазақстандық аудитория арасында кең қаралған фильмдер алынды. Осылайша, қазақстандық кинодағы мемлекеттік месседждер мен қоғамдық құндылықтардың репрезентациясы ұсынылды.

7. Қазақстандық киноиндустрия өнімдері бойынша қоғамдық және сарапшылық пікір салаға деген әртүрлі қызығушылықтың артып келе жатқанын білдірді. Қазақстандық қоғамда отандық киноөнімге деген сұраныс артуда.

Халық ұлттық кинематографияның дамуы мен фильмдер сапасының артуына

124

мүдделі. Қазіргі қазақстандық киноны «қарқынды түрде дамушы» және

«қанағаттанарлық емес» деген екі жақты бағалау байқалды. Бұл қазақстандық кино нарықта сапасы жоғары көркемдік фильмдердің де, «жеңіл» сипаттағы комедиялық фильмдердің де болуымен түсіндіріледі. Мұндай комедиялық фильмдердің барлығы сарапшылар тарапынан да, қарапайым көрермен тарапынан да қолдауға ие бола бермейді. Халыққа мағыналы, көркемдік жағынан сапасы жоғары, қазіргі заманның шындығын сипаттайтын фильмдер қажет.

8. Отандық киноиндустрияның жағдайын талдай келе, келесі кемшілік тұстары мен проблемалық мәселелер айқындалды:

– өңірлердегі кинотеатрлар мен кинозалдар санының аздығы, инфрақұрылымдық, технологиялық жаңарту қажеттігі;

– отандық фильмдерге қолжетімдіктің жеткілікті деңгейде болмауы;

– фильмдердің бюджеті мен кассалық жинақтар туралы ашық сипаттағы ақпараттың жоқтығы;

– қазақстандық фильмдердің сапасын арттыру қажеттігі;

– шетелдік фильмдерге қарағанда отандық фильмдердің прокаттағы үлесі мен көрермендік тартымдылығының төмендігі;

– ұлттық фильмдердің қаржылық қайтарымының төмендігі;

– көрермендермен кері байланыс орнату, қоғамдық пікірді мониторингтеу қажеттігі.

9. Мемлекеттік басқару жүйесінде қоғаммен, азаматтық сектормен байланыстың құралдарын өзгерту, жаңа әдістер мен технологияларды енгізу қажет. Киноиндустрия саласында мемлекет пен халық арасындағы байланыстың жаңа пайымы ретінде әлеуметтік аудит жүргізу ұсынылады.

Осылайша, «киноиндустрия саласындағы әлеуметтік аудит дегеніміз саладағы субъектілердің әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге бағытталған қызметін, сондай-ақ киноиндустрия өнімдерінің пайдалылығын сарапшылық және қоғамдық пікір негізінде бағалау процесі». Әлеуметтік аудит жүргізудің маңыздылығы саланың дамуына, басқарушылық шешімдердің дұрыстығына қоғамдық бақылау мен көңіл бөлу қажеттілігімен негізделеді. Осы мәселелерді ескере отырып, бұл жұмыста әлеуметтік аудит жүргізудің әдістемелік ұсынымдары мен жүргізу алгоритмінің жобасы ұсынылады. Бұл технология арқылы киноиндустрия саласының қоғамдық пайдалылығын арттыруға қадам жасалынады.

125

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы: 2021 жылдың 12 қазанда, №724 қабылданған // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000724. 20.01.2022.

2 Белова Е.Д. География мировой киноиндустрии как части креативной экономики и фактора развития других отраслей (на примере кинематографического туризма): автореф. ... канд. геогр. наук: 25.00.24. – М.:

Институт географии РАН. 2021. – 24 с.

3 Қазақстан Республикасының Заңы. Кинематография туралы: 2019 жылдың 3 қаңтарда, №212-VІ ҚРЗ қабылдаған // https://adilet.zan.kz/

kaz/docs/Z1900000212. 11.11.2019.

4 Риш А.А. Совершенствование форм управления хозяйствующими субъектами сферы кинематографии: автореф. ... канд. экон. наук: 08.00.05. – СПб.: С.-Петерб. гос. ун-т экономики и финансов, 2009. – 25 с.

5 Сохнев А.А. Система оценки эффективности государственной политики в кинематографии: автореф. ... канд. экон. наук: 08.00.05. – М., 2005. – 21 с.

6 Hill J., Kawashima N. Introduction: Film Policy in a Globalized Cultural Economy// International Journal of Cultural Policy. – 2016. – Vol. 22, Issue 5. – P. 667-672.

7 Карпухин О.И., Комиссаров С.Н. Государственная политика в сфере культуры в зеркале социологии// Гуманитарий Юга России. – 2018. – №7(5). – С. 118-142.

8 Lange A., Westcott T. Public funding for film and audiovisual works in Europe – A comparative approach. – Strasbourg, 2004. – 178 р.

9 Parvulescu C., Pitassio F. Recent quality film and the future of the republic of Europe // Studies in European Cinema. – 2018. – Vol. 15. – P. 101-109.

10 Kelly L.W. Professionalizing the British film industry: the UK Film Council and public support for film production// International Journal of Cultural Policy. - 2016. – Vol. 22, Issue 4. – P. 648-663.

11 Poort J., Til G. The role of territorial licenses and public support schemes in financing European films // International Journal of Cultural Policy. – 2020. – Vol. 26, Issue 5. – P. 597-616.

12 Bilík P. Small Country, Complex Film Policy: The Case of the Czech Film

Funding System // In book: Digital Peripheries. – Cham: Springer, 2020. – P. 291-302.

13 Белова Е.Д. Территориальные различия в уровне развития киноиндустрии стран мира // Вестник Московского университета. – 2018. – №1.

– C. 57-65.

14 Jones H.D., Higson A. UK/European Film Co-productions: A Model for Creativity? // European Network for Cinema and Media Studies (NECS, 2014): conf.

Panel D9. – Milan: Universita Cattolica del Sacro Cuore, 2014. – P. 1-11.