38 N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 38 – 42
N.K. Mynbatyrova
Al-Farabi Kazakh National University, Almaty [email protected]
FORMATION AND DEVELOPMENT
пайдалануға болады. Заң факультетінде мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, құқықтық жəне саяси ілімдер тарихы пəндерін оқыту процесінде қолдануға болады.
Халықтың мемлекеттік билікке араласу мəселесінің көкейкестілігі халық билігі тұжырымдама- сының мəні мен мазмұнын түсінумен сабақтас проблемалық сұрақтардың мəнділігіне, сондай-ақ қазіргі Қазақстанда нақты өкілетті демократия жүйесінің қалыптасуы мен жұмыс істетуінің практикалық қырларының маңыздылығына байланысты.
Жекелеген мемлекет дамуының əрбір кезеңі тиісті тұжырымдамалық қондырғыларға негізделіп, жоғары мемлекет билігіне ұмтылған əлеуметтік топтардың саяси бағдарламаларының іргетасы ретінде көрінген құндылық анықтауыштары мен мақсатты бағдарларды сол қондырғылардың көмегімен дəйектелді жəне көпшілікке таратылды. Əдетте бұл бағдарламаларда жалпы демократиялық ережелер мен қағидалар жарияланды, ал солардың ішінде халық билігі қағидасына зор мəн берілді. Сонымен бірге, соңғы уақытқа дейін, бұл қағида іс жүзінде азды-көпті болса да құқықтық кепілдіктермен тиянақталмаған жалаң декларация болудан əрі аса алған жоқ.
Мемлекеттік мұраттармен саяси-құқықтық құндылықтар көбіне-көп қалың халық бұқарасының емес, билік өкілдігіне ие болған шенеуніктік-бюрократтық аппараттың мүддесіне бағытталғанын мойындауға тура келеді. Елде тікелей жəне өкілетті демократияны құқықтық қамтамасыз етудің пəрменді тетіктері қалыптаспайынша нақты халық билігі болуы мүмкін емес. Өз кезегінде, мұндай тетіктерді жасау қоғамдық қатынастардың осы саласында жинақталған оң тəжірибелерді талдауға мүмкіндік беретін тиісті ғылыми-теориялық зерттемелерді іске асырып,оларды оңтайландырудың алдағы бағыттарын белгілеуді қажет етеді.
Саяси жəне құқықтық ілімдер аясында халық билігі құбылысы батыс өркениетінің дамуы кезеңінде жинақталған тəжірибені сын тұрғысынан ескере отырып та, Қазақстанның мəдени- тарихи жəне саяси-құқықтық дəстүрлерімен жəне ерекшеліктерімен салыстырып та қарастырылуы керек.
Əлеуметтік өзін-өзі басқарудың ерекше түрі ретіндегі халық билігі идеясы саяси-құқықтық ой- пікірдің алғаш қалыптаса бастаған кезеңінде-ақ бірге пайда болды десе де болады. Ежелгі заманның саяси-құқықтық ілімдері шеңберінде мемлекетке дейінгі қоғамның да, полистік ұйымның да халық билігі институттары мейлінше терең талданған. Қоғам ұйымының мемлекеттік формаларына қатысты халық билігі мəселесі мемлекеттік құрылымды оңтайландыру мəселелері ауқымында қаралып, ең əуелі басқарудың демократиялық формасымен, яғни халықтың, қала жұртының, полис тұрғындарының билігімен байланыстырылды (Протагор, Анаксагор, Перикл, Горий, Демосфен, Сократ, Платон, Аристотель, Эпикур, Полибий, Цицерон жəне басқалар).
Мəселен, ежелгі грек софистерінің көрнекті өкілі Протогор адам жəне адамдар қауымдастығының пайда болуы туралы аңызды мүлдем жаңа тұрғыдан түсіндіру арқылы барлық адамдардың теңдігі жəне мемлекетті басқаруға барлық азаматтардың қатысу мүмкіндігінің де бірдейлігі туралы ойды негіздеді [1]. Көне заманның əйгілі ойшылдары, халық өкілеттігі мəселесін пайымдаудағы көзқарастарының əралуандығына қарамастан, түптеп келгенде, өкілеттілік институттарын мемлекеттік механизмнің қажетті элементі ретінде қарастырған. Бұл институттардың қызметінің қажеттілігін түсіну көбінесе антикалық саяси-құқықтық ой-пікір өкілдерінің гуманистік дүниетанымына байланысты болды жəне полистік ұйымның оңтайлы формаларының теориялық үлгілері осы дүниетаным шеңберінде құрылымдалып, талданды.
Сонымен бірге, ойшылдар өткен замандар мен өз замандарындағы нақты өмір сүріп қызмет етіп отырған полистік жүйелерге терең талдау жасап, салыстырмалы зеттеулер жүргізеді. Осы соңғы фактор, сірə, аса мəнді болған ұқсайды. Əрі неғұрлым бертінде халық өкілеттігі институттарына салыстырмалы талдау жасағанда əлдебір үлгі, «негізгі өлшем нүктесі» ретінде Рим республикасы алынған.
Рим республикасының мемлекеттік құрылымдағы аса маңызды буындардың бірі халық жиналысы, яғни барлық ересек (қару ұстауға қабілетті) толыққанды азаматтардың (бастапқы кезде
40
тек патрицийлердің) жиналысы болды. Бұл халық жиналыстарының негізінде қоғамның курияларға бөлінуі жатты. Халық жиналысы оған өзінің ұсыныстарын енгізетін патшаның бастамашылығымен шақырылатын болған. Бұл ұсыныстар жиналыста пікірталасына салынбай, ашық жəне ауызша дауыс беру арқылы ғана қабылданған. Бір куриядағы дауыстың басымдығы курияның дауысы болып есептелді, ал осы соңғыларының басым дауысы жиналыстың шешімі болды. Халық жиналысының мəні мен маңызы айрықша зор болған. И.А.Покровскийдің пікірінше,
«қоғамның азды-көпті мəні бар құқықтық құрылысын қамтитын жаңа заңдардың бəрі халық жиналыстарында бекітуді қажет етті» [2].
Халық өкілеттілігі идеясын қалай болса да бейнелейтін негізгі саяси-құқықтық пайымдарға талдау жасай отырып, халық бұқарасының ортақ мүдделерін білдіру жөніндегі көзқарастар мемлекеттік басқару үдерісінде бірнеше ғасырлардан бері түбегейлі өзгеріске ұшырай қойған жоқ деген қорытынды жасауға болады.
Тіпті ресми түрде парламентаризмнің отаны саналатын Англияның өзінде халық өкіеттілігі идеясы антикалық көзқарастар тұрғысынан қаралып, монархиялық пайымдаулардың күшті ықпалында болды. Т.Смит пен Э.Кок сияқты ағылшын теоретиктері халық өкілеттілігі институттарын халықтың ерік-жігерін іске асыру құралы деп емес, монархиялық биліктің тұрақтылығын қамтамасыз ететін əлдебір механизм ретінде қарастырды.
Ортағасырлар дəуірінің соңғы кезеңі мен Қайта өрлеу дəуірінің саяси-құқықтық ой-пікірі халық билігі құбылысын халықтың монархқа сеніп тапсырған билік, корольдің жоғарғы билік құқығын өзіндік бір демократиялық легитимациялау деп ұқты. Н.Макиавелли мен Ж.Боденнің абсолютистік ілімдерінде халық өкілеттілігі, айталық, Платонның, Аристотельдің жəне ежелгі антикалық заманның басқа да ойшылдарының ілімдеріндегі секілді мемлекетті басқару үдерісіндегі əртүрлі мүдделердің көрінісі ғана емес, ең əуелі жалпыхалықтық ерік-жігердің көрінісі, қоғамның бірыңғай мемлекеттік билігін қажетсінуінің жиынтық бейнесі ретінде көрініс тапты. М.Падуанскийге де антикалық ойшылдардың ықпалы өте күшті болды. Ол халық билігі туралы пайымдауларға сүйене отырып, халық егемендігі идеясының негізін қалады. Оның бұл идеясы заңдарды қабылдау монополиясы халыққа тиісті деген ой негізінде өрбіді [3]. Алайда, М.Падуанский «халық» деген ұғымға қарапайым халықты, əсіресе мүліксіз кедейлерді енгізбеді.
Жаңа жəне қазіргі заман дəуірінде халық билігі мəселелері халықтық егемендік шеңберінде зерттеле бастады. Тек жаңа заманда ғана халық өкілеттілігі идеялары халықтың егемендігі тұжырымдамасына ауысты, оның негізін салушы деп дəстүрлі түрде əйгілі француз ойшылы Ж- Ж.Руссо саналады. Халықтың егемендігі туралы өз тұжырымдамасын ойшыл жалпыға ортақ ерік қағидасынан шығарады. Бұл ерік, Ж-Ж. Руссоның пайымдауынша, жалпы ерікпен тепе-тең емес, олардың арасында «көп ретте үлкен айырмашылықтар болады» [4]. Жалпыға ортақ ерік үнемі бірауызды келісімді білдіре бермейді, мұндай келісім тек бірігушілердің арасында татулық, береке- бірлік пен теңдік орнағанда ғана болады. Ортақ ерік тек дауыс беру арқылы анықталады, өйткені ол – көпшіліктің еркі. Бұл ретте дауыс беруге барлық азаматтар міндетті түрде қатысуы керек жəне дауысты есептеу қатаң жүзеге асырылуы тиісті. Əйтпеген жағдайда еріктің жалпыға бірдейлік қағидаты бұзылады.
Осы аталған идеялар Руссоны халық өкілеттілігі идеясының өзін теріс қабылдауға апарып тіреді. Руссоның пікірі бойынша, заң шығарушылық мүмкіндігі бар жоғары билік ретінде егемендік тек халықта болады жəне оның ешкімге берілуі мүмкін емес. Дегенмен, халық өкілеттілігі идеясы əлбетте өзінің түбегейлі талдамасын буржуазиялық-либералдық доктринаның мəн-мəтінінен тапты, ал оның сапалық жаңаша түсіндірілуі жаңа туған парламентаризм теориясымен байланыстырылады (Дж.Локк, Ш-Л.Монтескве, Б.Констан, А.Сидней, Г.Блэкстон, Д.Юм).
Қоғамдық келісім теориясының жақтаушылары егер билік келісімді бұзатын болса, яғни халық мүддесіне қызмет етпесе, онда халық мұндай үкіметті құлата алады деп тұжырымдады. Қоғамдық келісім теориясының негізгі принциптері төмендегі тұжырымдарда көрініс тапқан:
- мемлекет билігі біртұтас жəне бөлінбейді, ол барлық азаматтардың еркін «біртұтас ерікке»
тоғыстырады;
- өзара келісімге келе отырып мемлекетті қалыптастырған адамдар оның барлық қызметін өз бақылауына алып, бүкіл жауапкершілікті өздеріне алады;
- жоғарғы билік азаматтардың күші мен дəулетін оларды қорғау жəне қоғамда бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатынтында қолдана алады. Жоғарғы билік өз əрекеттері үшін азаматтар алдында ешқандай жауапкершілікті мойнына алмайды жəне өз əрекеттері үшін олардың алдында есеп бермейді.
Қоғамдық шарт идеясының мазмұнына сəйкес, келісім нəтижесінде азаматтар мемлекеттік биліктің орныққандығын жариялайды жəне осы билікке қоғамдық өмірді басқару құқығын береді.
Бұл идея сол кезеңдегі жаңа заманның жағдайларында прогрессивті болды.
Біріншіден, бұл идея мемлекетті құдай жаратқандығы туралы концепцияға қарсы бағытталды.
Екіншіден, король билігінің прерогативаларын қорғайтын жəне жақтайтын теорияға қарсы бағытталды. Үшіншіден, табиғи құқық теориясымен (бұл теорияға сəйкес адамдар тумысынан ажырағысыз құқықтарға – өмір сүру, жеке басының қауіпсіздігі т.б. ие болады) тығыз байланысты қоғамдық шарт теориясының демократиялық бағыты анық көрініс тапты.
Буржузиялық байланыстардың одан əрі дамуы мен «үшінші сословиенің» пайда болуы парламентаризм қалыптасуының аса маңызды əлеументтік-саяси алғы шарты болады.
Экономикалық қатынастардың дамуы, сондай-ақ феодалдық институттардың жаңа жағдайда пəрменді мемлекеттік басқаруды жүзеге асыра алмауы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың жаңа формаларының шығу қажеттігін талап етті.
Батыс Европадағы тікелей жəне өкілетті демократияның идеялық-теориялық негізі ретінде халық егемендігінің басты тұжырымдамасы көрінеді, ал оның қалыптасуы абсолютизмнің дағдарысымен жəне алғашқы буржуазиялық ревалюциялармен байланыстырылады. Осы тарихи кезеңде «мемлекеттік мүдде», «мемлекеттік егемендік» қағидаларымен қатар либералдық идеология көбіне-көп «халықтың ортақ еркі» идеясына жүгінетін болды. Халықтың егемендігі мемлекеттік биліктің бірден-бір жəне негізгі көзі ретінде азаматтардың (мемлекет халқы) бірлігін қарастыруды қажет етеді.
Кейінгі кезеңдерде «халық билігі» құбылысын батыстың саяси-құқықтық дəстүрі шеңберінде зерттеуді Р.Арон, ДЖ.Бюрдо, Р.Даль, М.Дюверже, Ж-Л.Керлеон, А.Лейпхарт, Г.Б.Поуэлл, Ф.Хайнек жəне т.б. сияқты заңгерлер мен саясаттанушылар ілгері жалғастырды.
Кеңестік кезеңде халық билігі идеясы маркстік-лениндік идеология мəн-мəтінінде қарастырылды, онда халықтың билігі дегенде əуелі еңбекшілердің экономикалық жəне саяси үстемдігі еске алынады. Кеңестік демократия мен оның институттары туралы идея кеңес мемлекетінің конституцияларында талай мəрте бекітілді,бірақ шындығында оны іске асыру мүмкін емес еді, сондықтан ол халық билігі туралы тым догмаланған теорияның біршама «тоқырауына»
соқтырды.
Қазіргі кезде де көптеген ойшылдар, зерттеушілер халық билігінің күрделі, кешенді проблеманың жекелеген қырларының мəнін ашуға көңіл бөліп, талпынуда. Атап айтқанда демократиялық институттардың дамуы, халық билігін жүзеге асырудың саяси-құқықтық формалары, саяси демократиялық тəртіп құбылысы жəне т.б. жан-жақты талданып, талқылануда.
Ал біз өз мақаламызда тарихи өткенді талдау арқылы проблематиканың тарихи-құқықтық қырын баяндауға тырыстық.
42 ƏДЕБИЕТ
[1] Нерсесянц В.С. История политических и правовых учений : учеб. для вузов. М.: Норма, 2007. 457 c.
[2] Покровский И. А. История Римского права. Минск, 2002. 23 c.
[3] Антология мировой правовой мысли : В 5 томах / Т.2:Европа Y-ХYIІвв. / - М.: Мысль, 1999 С.339
[4] Руссо Ж.-Ж. Қоғамдық келісім шарт туралы немесе саяси құқық принциптері. Ауд. Б.Ж.Сырымбет Алматы: Үш қиян, 2004. 81 б.
REFERENCES
[1] Nersesiyants V.S. History of political and legal manoeuvres : of studies. for institutions of higher learning. М.: Norma, 2007. 457 p. (in Russ.)
[2] Pocrovskiy I. А. History of the Roman law. Minsk, 2002. 230 p. (in Russ.)
[3] An anthology of world legal idea : is In 5 volumes / of Т.2 : Europe Y - ХYIІвв. / - М.: Idea, 1999 638 p. (in Russ.) [4] Rousseau J-J. The Social contract or Principles of political Right. Translation: B.Zh.Syrymbet. Almaty: Ush kiyan, 2004. 604 p. (in Kaz.).
Н.К. Мынбатырова
Казахский Национальный университет имени аль-Фараби, г.Алматы ФОРМИРОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ В ЗАПАДНОЙ ЕВРОПЕ КОНЦЕПЦИИ
НАРОДНОГО СУВЕРЕНИТЕТА
Аннотация. Статья посвящена исследованию истории возникновения и развития концепции суверенитета в Западной Европе. Анализируется процесс становления и эволюции идеи народовластия,
«народного суверенитета» и народного представительства. Исследуется политическая и правовая сущность этих категорий, которые были созданы для противостояния средневековому абсолютистскому тезису
«суверенитет = власть монарха-суверена». Раскрывается влияние теорий античных мыслителей на концепции народного представительства периода Средневековья и эпохи европейского Возрождения.
Особый акцент делается на проблематике философского и политико-правового осмысления идеи
«общей воли» Ж-Ж.Руссо, ставшей фундаментом концепции «народного суверенитета» и заложившей основы французского Просвещения, европейского либерализма, американского федерализма и современных конституционно-демократических доктрин.
Ключевые слова: государственная власть, народный суверенитет, народная власть, народное представительство, республика.
Сведения об авторах:
Мынбатырова Н.К. - кандидат юридических наук, доцент кафедры теории и истории государства и права, конституционного и административного права КазНУ им. аль-Фараби, адрес место работы – г. Алматы, пр. аль-Фараби 71 , Телефон: 221-12-56, e-mail – [email protected]
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 43 – 49 UDC 342.51:342.53
A.A. Karayev1, M.E. Sagynaev2
1Caspian University, Almaty, [email protected];
2Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, [email protected]