• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

КУЛЬТУРА И СПОРТ CULTURE AND SPORTS

ӘОЖ 94(574)

БОЛАШАҚ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ РӨЛІ Куракбаева А.Ж.1, Кенешев Е.Қ.1

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті1, Талдықорған қ.,

Болашақ Отан қорғаушылардың дене дайындығының рөлін анықтағанда, қоян-қолтық пен тағы да басқа спорт түрлерінің маңыздылығы қарастырылды

Кілт сөздер: Қазақстан, Отан, қорғаушы, мектеп, қарулы күштер, қоян-қолтық күресі

При определении роли подготовки будущих защитников Отечества, рассмотрены сущность рукопашного боя и других видов спорта

Ключевые слова: Казахстан, Родина, защитник, школа, вооруженные силы, рукопашный бой

In determining the role of training future defenders of the Fatherland, the essence of hand-to-hand combat and other sports

Key words: Kazakhstan, Motherland, defender, school, armed forces, hand-to-hand fight

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады, балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» [1] - деген еді.

Болашақ Отан қорғаушылардың дене дайындығы біздің елбасшымыздың «Қазақстан – 2050» стратегиясында жалғасын тапқан: «Біздің балаларымызбен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» [2]- деп айтқан.

Болашақ Отан қорғаушыларды дайындауды педагогика саласында А.П.Сейтешев [3], Керимов Л. [4], Р.К.Толеубекова [5], Н.Н. Хан [6], Г.К. Шолпанкулова [7], Р.М. Рысбекова [8], С.А.

Сочин [9], Прокофьева М.А. [10] т.б. ғалымдар қарастырған.

Олар өздерінің ғылыми еңбектерінде болашақ Отан қорғаушыларға патриоттық тәрбие беруді әр түрлі аспекті ретінде теориялық, әдістемелік тұрғыда көрсете алды, тәрбиелеу әдістемелерін жасады, оқушылардың зерттелушілік сапаларын ойдағыдай қалыптастырудың педагогикалық жағдайын анықтады, т.б.

Болашақ бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің «жоғары сынып оқушыларына қазақ халқының жауынгерлік дәстүрлері негізінде елімізді қорғауға тәрбие беруге даярлығын қалыптастыру» ұғымының мәнін ашып, жоғары сынып оқушыларына Отан қорғаушының тәрбиесінің тиімділігін қамтамасыз ететін қазақ халқының жауынгерлік дәстүрлерінің мәні мен маңыздылығын анықтап, болашақ бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің жоғары сынып оқушыларына қазақ халқының жауынгерлік дәстүрлері негізінде әскери-патриоттық тәрбие беруге даярлығын қалыптастыруға ықпал ететін педагогикалық шарттарын анықтады да жоғары сынып оқушыларына қазақ халқының жауынгерлік дәстүрлері негізінде болашақ Отан қорғаушыларға тәрбие беруге даярлығын қалыптастырудың әдістемесін жасады.

Отанды қорғаушы – ол өзінің Отаның сүйетін адам, өзінің халқына беріліп қызмет етеді. Біз жоғары дамыған бай мемлекетте өмір сүргіміз келеді, бізге, біздің балаларымызға, халқымызға жақсы болсын деп армандаймыз, ешқандай соғыс, қайғы болмасын деп, ал ол үшін біздің болашақ Отан қорғаушыларымыз әр қашанда патриоттық сезімдері қалыптасқан, толықтай дене дайындығы шыныққан Отанды қорғауға дайын болуы керек.

Соңғы жылдары Отан қоғаушыларды дайыңдау кез-келген мемлекет үшін маңызды мәселе екенін көрсетеді, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қазіргі даму қарқынына сәйкес педагогика

ғылымының теориясында, сол сияқты тәжірибесінде де оқушылардың болашақ Отан қорғаушыларды тәрбие проблемасының жеткіліксіз өңделуі, оның әлі де зерттеуді қажет ететін көкейкесті мәселе екендігін көрсетеді.

Тарихи тәжірибе бойынша дәлелденген, Отанын қорғауда, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің үлкен рөл атқаратындығы, бұл мемлекеттің экономикалық негізі мен беделін қалыптастырады. Болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеудегі ең маңызды міндеттердің бірі, жастардың армияға құрмет көрсетуі, олардың туған елінің алдындағы өз конституциялық міндеттерін түсінуі, яғни Отанын қорғау міндетін атқаруға лайықты болу, олардың рухани және дене дайындық қасиеттерін қолдана білуі. Қазақстанда соңғы жылдары медицина қызметкерлерінің есебі бойынша мектеп оқушыларының денсаулығының сапалы нашарлауы байқалды. Соның салдарынан жас жігіттердің дене дайындығының жетіспеушілігінің әсерінен Қарулы Күштерде қызмет ете алмауы. Мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің көпшілігінің пікірінше, мектеп оқушыларының денсаулығына теріс әсер ететін факторлар, сондай-ақ Отан алдындағы азаматтық борышын өтемей, қызмет көрсетпеудің салдары мыналар болып табылады:

- жас-өспірімдерде қозғалу белсенділігінің болмауы;

- Қарулы Күштерде қызмет етуге дайындық кезінде мұғалімдер мен ата-аналардың құзыреттілігі жеткіліксіздігі;

- оқушылардың денсаулық мәдениетінің төмен деңгейі, олардың денсаулық мәселелеріндегі сауатсыздығы;

- мектептегі дене шынықтыру және денсаулық сақтаудың алдын-алу деңгейі жеткіліксіздігі.

Сондықтанда, біздің ойымызша оқушылардың дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық - адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі.

Мектептегі, оқушыларға арналған дене дайындығы жетіспеушілігіне байланысты сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет деп ойлаймыз. Сол себепті болашақ Отан қорғаушылардың дене тәрбиесі, сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда орындалуы керек.

Сабақтарда:

- оқушылардың дене дайындықтары туралы жүйелі түрде мониторинг өткізу;

- дене дамуы бойынша жеке кеңес, ұсыныстарды беру;

- спорт ойындармен пайдалану (волейбол, баскетбол, футбол т.б.);

- салауатты өмір сүруді насихаттау;

Сабақтан тыс кезінде:

- дене дайындығы бойынша нормативтерді өткізу;

- спорт секцияларды өткізу;

Бастапқы әскери дайындық пәнінің 10-11 сыныптарының оқу үрдісі бойынша жылына 38- сағат бөлінген, бастапқы әскери дайындық пәнінің жылдық сабақ жоспар бойынша оқуда келесі тарауларды өтеді: әскери топография, тактикалық дайындық, атыс дайындығы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің басқада әскерлері мен әскери құрылымдарының әскери жарғылары, Қарулы Күштерінің Қазақстан Республикасының егемендігінің күзеті. Бастапқы әскери дайындық мамандығына арналып жасалатын әскери-спорттық жарыстарда жылына 4-рет өткізіледі. Бірақ, бастапқы әскери дайындық пәнінің жылдық жоспарында, оқушылардың дене дайындығын шынықтыруға арналған сабақ уақыты бөлінбеген. Сондықтан, егер де біз, болашақ Отан қорғаушылардың дене дайындығын толықтай жетілуін талап етсек, онда біз, болашақ Отан қорғаушылардың дене дайындығын жетілдіретін сабақтар мен сабақтан тыс секциялар ұйымдастырып беруіміз қажет.

Біздің ойымызша, егерде қоян қолтық күресін енгізетің болсақ, онда осындай бағыттар болашақ Отан қорғаушылардың ерлік сапаларын, шыдамдылықты тағы басқа болашақ Отан қорғаушыларға қажетті сапаларын қалыптастырады.

Қоян-қолтық күресі – бұл ең біріншіден арнайы философия мен арнайы әлемдік көзқарас, бұлар кез келген проблемаларға бара-бара шешім табу және өзін жақсартуға талпыну қабілетіне

негізделген. Қоян-қолтық күрес болашақ Отан қорғаушылардың іс-қимылдарының жоғары қиындылық дәрежесімен сипатталады, бұл күреспен айналысқан адамнын дене дайындық мүмкіншілігінен ептілікпенен үлкен күш танытуға талап етеді. Жекпе-жек күрес кезінде жауынгерлердің ағзасына жоғарғы және ұзартпалы көлемде жүктеме түседі, дененің функционалдық мүмкіндіктерін барынша жұмылдыруды талап етеді және айналысушының дене қабілеттілігіне үлкен талаптар қойылады. Қоян-қолтық күресінде дене дайдық пен техникалық дайындық табысқа жетудің негізі болып табылады. Ол болашақ Отан қорғаушылардың дене қабілеттерінің қасиеттерінің даму деңгейінің белгілі бір деңгейімен сипатталады: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік және т.б. Болашақ Отан қорғаушылардың дене дайындығы мен олардың ағзасының жұмыс қабілеттілігі жақсы дамыған болған сайын дене дайындық шымырлығы қалыпты жағдайда болады және жаттығу техникасын тез қабылдайды. Айтарлықтай, жақсы дене дайындықсыз техникалық және тактикалық дағдыларды күрес кезінде тиімді көрсету мүмкін емес.

Сондықтанда, қоян-қолтық күресін меңгеру үшін жауынгердің дене дайындығы бірінші орында тұрады. Қоян-қолтық күресінің дайындық жаттығулары – бұл педагогикалық процесс, дене дайындықпен ақыл-ойды жетілдіруге бағытталған. Оқыту - тәрбие беру сипатында жүзеге асады.

Дене тәрбие процесс кезінде, әр түрлі тәрбие әдістері қолданылады.

Қоян-қолтық күресі болашақ Отан қорғаушыларды қарусыз, автоматпен, резеңке таяқшалармен, күрекпен және тағыда басқа ұрысқа қолданылатын заттармен қорғанып, шабуылдауға және адамның ауырпалы жерлерін көрсетіп, ұрыста тез арада женіске жетудің амалдарын үйретеді. Бұл жаттығуларды біз 1-ші суретте көрсеттік.

Сурет 1. Қоян-қолтық күресіндегі автомат пен таяқ арқылы тәсілдер

- жоғарыдан келген соққыдан жұдырықтың,

пышақтың, күректің, және тағыда басқа қарулардың орта жағын соққыға қою

- аяқпен астыдан тепкен соққылардан

автоматтың орта жағын астыға соққыға қою

- оң аяқпен талпынып алдыға сол аяқпен үлкен қадам жасап автоматтың оқпанымен алдыға шаншу

- таяқшаның орта жағын астыға соққыға қою арқылы, аяқпен астыдан тепкен соққыдан қорғану

- таяқшаның орта жағын жанынан соққыға қою арқылы, аяқпен жанынан тепкен соққыдан қорғанады

Қоян-қолтық күресі болашақ Отан қорғаушылардың дене дайындығымен тұлғанын психологиясын қалыптастыратын ең тиімді жолдарының бірі. Себебі, Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі және спорт туралы Заңында: «Дене тәрбиесі - дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, өскелең

ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабылетін арттыруға шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс» - деген анықтама берілген. Болашақ Отан қорғаушылардың дене дайындық, психологиялық қабылеттері спортпен айналысу барысында дамып, қалыптасады. Мектептердегі болашақ Отан қорғаушылардың дене тәрбиесі, жан-жақты дамыған, жастарды тәрбиелейтін құрал ретінде қарастырылуы қажет.

Оларды спорт, еңбексүйгіштік пен Отанқорғауға даярлап, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді, алдарына қойған мақсаттарын орындап шыға алатын қоғамның белсенді мүшелерін тәрбиелейді және спорттық жарыстар кезіндегі ұжымдасып әрекет етуінің тәрбиелік мәні өте зор. Бұл ұжымды құрметтеу, қастерлеу қасиеттерінің даму, қалыптасу кезеңі – деп білеміз. Өз күшін қоғам мүддесіне сарқа жұмсауға, қоғам алдындағы парызын сезінуге, өз міндеттерін мүлтіксіз орындауға деген құлшыныс әуелгі кезеңде ұжымда ғана қалыптасады.

Жақсы қалыптасқан ұжымнан қуат алған жас тұлға өздігінен қоғамдық белсенділік танытып, басқа адамдармен бірге жұмыс істеуді үйренеді, өзара көмекке даяр тұруға, алға қойған мақсаттарға ұжыммен бірге жетуге жұмыстанады. Өзіне талап қоя білу, өзгені сыйлау сияқты қасиеттер осы кезеңде дамиды. Спорттық жаттығулардың қиындығына төселе келе, өзіне деген сенімділік пайда болады, қарсыласын сыйлауды, жеңілісті мойындай білуді, жеңіске масаттанбауды үйренеді. Спорт - болашақ Отан қорғаушыларды төзімділікке, батылдыққа, ептілікке тәрбиелейді. Спортпен саналы түрде айналысатын жастар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінеді. Олар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, өз пікірлерін ашық айта алады, өзгенің пікірін тыңдай біледі. Сонымен қатар, жасөспірімдерге спорттық жаттығулармен бей-берекетсіз айналыса беруге болмайтынын білген жөн. Жаттығуларды шамадан тыс орындау, зорығуға ұрындырады. Спортпен шұғылдану барысында тәжірибелі маманның көмегіне жүгінген абзал. Спортпен өз бетінше айналысқан кезде қалыптасқан қате қимылдарды жою, кейіннен өте қиын болады және бұл қимылдар көптеген келеңсіздіктерге ұрындыруы мүмкін. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық спорт түрлерінің маңызы өте жоғары [11].

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Назарбаев Н.А Қазақстан - 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан. 1997. 11 қазан.

2. Назарбаев Н.А. «Қазақстан – 2050» стратегиясы. – Астана, 2012.

3. Сейтешов А.П. Изменение профессиональных и нравственных ценностей молодежи Казахстана. – /Білім. Образование, 2005, №5.

4. Керимов Л. Ұлттық тәрбиенің патриоттық мазмұны. Оқу құралы. – Алматы, 2011, - 542 б.

(2-тарау. Ұлттық тәрбиедегі патриоттық дәстүрлері. 104-186 б.).

5. Толеубекова Р.К. Ұлттық тәрбие. /респ. ғылыми-көпшілік журнал №2, 2010 мамыр.

6. Хан Н.Н. Концепция национального воспитания студенческой молодежи Республики Казахстан. – Алматы, 2010.

7. Шолпанкулова Г.К. Ұлттық тәрбие. Типтік бағдарламасы. Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. – 18б.

8. Рысбекова Р.М. Қазақ халық музыкасы арқылы бастуыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру. Педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежеісін алу үшін авторефераты.

– Алматы, 2007.

9. Сочин С.А. Формирование готовности будущих учителей начальной военной подготовки к военно-патриотическому воспитанию старшеклассников. Автореферат диссертации на соискание ученой степеникандидата педагогических наук. – Шымкент, 2010.

10. Прокофьева М.А., Куракбаева А.Ж. Боевые традиции казахского народа – основа военно-патриотического воспитания будущего учителя. /Молодой ученый. — 2012. №9. 309-312.

Россия.

11. Якуба В.И. Применение специальных и подручных средств в рукопашном бое — Алматы, 2017.

МАЗМҰНЫ СОДЕРЖЕНИЕ

CONTENT ҚҰҚЫҚТАНУ ЮРИСПРУДЕНЦИЯ

JURISPRUDENCE Айтимов Б.Ж., Нариман Б.

ТИПОВЫЕ СЛЕДСТВЕННЫЕ СИТУАЦИИ НА ДАЛЬНЕЙШЕМ ЭТАПЕ

РАССЛЕДОВАНИЯ ГРАБЕЖЕЙ МОБИЛЬНЫХ ТЕЛЕФОНОВ СОТОВОЙ СВЯЗИ... 4 Садыкбекова А.Н.

ГУМАНИЗАЦИЯ УГОЛОВНО- ИСПОЛНИТЕЛЬНОЙ СИСТЕМЫ РК... 8

ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ЭКОНОМИЧЕСКИЕ НАУКИ

ECONOMIC SCIENCES Бастаубаев А.Қ., Абдықалық С.Е., Орысбаева М.С.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ

ДАМУ ЖОЛДАРЫ... 14 Оразбекұлы Б., Сейткалиева М.

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС

ЖӘНЕ ОНЫҢ БАНКРОТТАНУ МҮМКІНДІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ... 19 Сапарова А.Қ.,Тулешова Г.Б.

ЭТНОМӘДЕНИЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫҚПАЛЫ... 26 ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ HUMANITIES

Ашимова М.Г., Болгар К.А.

АСҚАР АЛТАЙДЫҢ «БҮКІР» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ЖАЗУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІК... 32 Әшімханов Т.Қ.

С.ҚОНДЫБАЙ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ МИФОЛОГИЯ... 36 Сарбасова Қ.Б.

САРҚАН ӨҢІРІНЕ ҚАРАСТЫ ЕЛДІМЕКЕН АТАУЛАРЫНЫҢ СЕМАНТИКАСЫ

МЕН ЭТИМОЛОГИЯСЫ... 38 Толамисов А.Ғ.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ЖОЛДАУЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАРИХЫНЫҢ

ДЕРЕК КӨЗДЕРІ... 45 Түмен А., Берлибаев Б.Т.

ӘЛЕМ ТАРИХЫНДА ЕРЕКШЕ РӨЛГЕ ИЕ БОЛҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР... 48

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ПСИХОЛОГО – ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

PSYCHOLOGY AND PEDAGOGY Абишев Н.А., Мамилина С.К.

ДИНАМИЧЕСКИЕ ПРОЦЕССЫ СОЗДАНИЯ НАУЧНОЙ КУЛЬТУРЫ В ВЫСШЕЙ

ШКОЛЕ... 53 Баженова Э.Д.

ЗАСТЕНЧИВОСТЬ КАК СЛЕДСТВИЕ НАРУШЕНИЯ ОБЩЕНИЯ ДЕТЕЙ С

ОКРУЖАЮЩИМИ... 60 Ержанова Г.Ж., Тажинова Г.А., Абылкакова Д.А.

ОТБАСЫ- МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ МАҢЫЗДЫ

ФАКТОРЫ... 65 Нұрбек Д.Т.

ЭФФЕКТИВНОСТЬ РЕФЛЕКСИИ В ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ

ДЕЯТЕЛЬНОСТИ... 67 Сарбалина Г.С.

МЕТОДЫ И ПРИЕМЫ РАЗВИТИЯ ГОЛОСА В ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ БУДУЩЕГО

УЧИТЕЛЯ МУЗЫКИ... 70 Сыдыкова Б.Т., Сагындыкова А.М.

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ КӘСІБИ ҰТҚЫР ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ... 76 Сеитова С.М., Кожашева Г.О.

ЗАМАНАУИ БІЛІКТІ МАМАН ДАЙЫНДАУДАҒЫ ОҚУ ӘДЕБИЕТТЕРІНІҢ РӨЛІ... 80 Тоқтанова Ә.К., Уалиева С.А., Чинибаева К.М.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ УАҚЫТ, КЕҢІСТІК, ӨЛШЕМ КАТЕГОРИЯЛАРЫН ФИЛОСОФИЯ,

МӘДЕНИЕТТАНУ АСПЕКТІНДЕ ТАНУ... 86 Ханина Н.Н., Ибраимова А.Б.

РАЗВИТИЕ СЛУХОВЫХ И РЕЧЕВЫХ ФУНКЦИЙ У ДЕТЕЙ С КОХЛЕАРНОЙ ИМПЛАНТАЦИЕЙ В УСЛОВИЯХ КАБИНЕТА ПСИХОЛОГО -ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ

КОРРЕКЦИИ... 93 Шужебаева А.И.

ИННОВАЦИОННЫЕ МЕТОДЫ ОБУЧЕНИЯ КАК СРЕДСТВО АКТИВИЗАЦИИ

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СТУДЕНТОВ ВУЗА... 98 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ӨНЕР

КУЛЬТУРА И СПОРТ CULTURE AND SPORTS Куракбаева А.Ж., Кенешев Е.Қ.

БОЛАШАҚ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ РӨЛІ... 103

ЖМУ ХАБАРШЫСЫ Ғылыми журнал 1997 ж. шыға бастады.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінде жаңадан тіркеліп, 2003 ж. 12 қыркүйегінде

№ 4188-Ж куәлігі берілген.

ISSN 1813-1123

ВЕСТНИК ЖГУ Научный журнал Издается с 1997 г.

Перерегистрирован Министерством информации и общественного согласия

Республики Казахстан. Свидетельство

№ 4188-Ж от 12 сентября 2003 г.

ISSN 1813-1123

ВНИМАНИЮ АВТОРОВ!

Электронные версии статей доступны на сайте zhgu.edu.kz

Мақалалардың электронды нұсқалары zhgu.edu.kz сайтында орналастырылған Electronic versions of the articles are available on the web page zhgu.edu.kz

Редакция не несет ответственность за достоверность информации, приводимой авторами

Общие положения

Журнал "Вестник Жетысуского государственного университета" принимает к публикации материалы, содержащие результаты оригинальных исследований, оформленных в виде полных статей, кратких сообщений, а также обзоры (по согласованию с редакцией).

Опубликованные материалы, а также материалы, представленные для публикации в других журналах, к рассмотрению не принимаются.

Для публикации статьи авторам необходимо представить в редакцию следующие материалы и документы:

1) Текст статьи с УДК, подписанный всеми авторами;

2) Резюме, размещенное после текста публикуемого материала, которое должно кратко излагать предмет статьи и основные содержащиеся в ней результаты (3-5 предложений).

Резюме публикуется на других языках, отличающихся от языка текста публикуемого материала;

3) ключевые слова (5-10);

4) файлы всех представляемых материалов на электронном носителе;

5) сведения об авторах: (наименование учреждения или организации, населенного пункта), телефоны и адреса электронной почты.

Статьи могут быть представлены на казахском, русском и английском языках.

Редакция не несет ответственность за достоверность информации, приводимой авторами.

Требования к оформлению

Текст статьи должен быть представлен на бумажном и электронном носителе в редакторе Microsoft Word 6.0/95 или в редакторах, совместимых с ним). Гарнитура - Times New Roman, кегль 12, одинарный интервал, для казахских текстов шрифт - KZ Times New Roman.

Поля со всех сторон 2 см.

Общий объем статьи должен составлять не менее 5 страниц.

Статья должна быть тщательно отредактирована и аккуратно оформлена.