Қандай да бір еркін нарықта, бәсеке шарттары мен бәсекелестерді зерттеу қандай да бір тауар ӛндірушіге, ең алдымен оның бәсекелестері алдындағы артықшылықтары мен кемшіліктері қандай болатындығын анықтау ҥшін қажет.
Бҧл жағдайда кәсіпорынның табысты бәсекелік стратегиясын жасап, еркін нарықта бәсекелік артықшылығын ӛз деңгейінде сақтап қалуға мҥмкіндік береді. Еркін нарықтағы кәсіпорынның бәсекелік позициясын бағалау ҥшін келесі жағдайлар қажет:
шығарылатын ӛнімнің бәсекеқабілеттілігін арттыру бойынша шараларды жасап шығаруға;
бәсекеқабілетті ӛнімді бірлесіп шығаруды ҧйымдастыру ҥшін әріптес кәсіпорынды таңдауға;
болашағы бар ӛндіріске инвестициялық қаражаттарды немесе банктік несиелерді тартуға;
ӛзінің бәсекеқабілетті ӛнімімен кәсіпорынның жаңа нарықтық жҥйелерге шығу бағдарламасын жасау ҥшін.
Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің деңгейін бағалаудың негізгі мақсатты белгілі нарықтық жҥйедегі кәсіпорынның жағдайын және оның қызметін ҧтымды тҥрде жҥргізу стратегиясын анықтау болып табылады.
Бҧл мақсатқа қол жеткізу ҥшін кәсіпорын бәсекеқабілеттілігін бағалаудың жедел және объективті әдістемесінің болуына байланысты.
Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігін бағалаудың келесідей әдістері белгілі:
1. Матрицалық әдіс (Бостондық консалтингтік топпен жасап шығарылған.
Бҧл әдістеменің негізінде – тауардың(қызметтің) ӛмірлік циклын ескере отырып бәсекеқабілеттілігін талдау. Бағалаудың мәні координаталар жҥйесі
қағидасы бойынша қҧрастырылған матрицаны талдауда: кӛлденең – сызықты масштабтағы сату кӛлемдерінің ӛсу(қысқару) қарқындары;
тігінен – нарықтағы тауардың(қызметтің) салыстырмалы ҥлесі.
Бәсекеқабілеттілігі жоғары кәсіпорындар ретінде жедел дамып келе жатқан нарықтық жҥйеде біршама ҥлесі бар кәсіпорындар саналады.
Әдістің артықшылықтары: ӛнім ӛткізу кӛлемдері туралы шынайы ақпарат болған жағдайда әдіс бағалаудың жоғары деңгейдегі дәлдігін қамтамасыз етуге мҥмкіндік береді.
Әдістің кемшіліктері: белгілі ортада болып жатқан жағдайдың себептерінен талдауды жҥргізуді болғызбайды және басқарушылық шешімдерді жасап шығаруды қиындатады.
2. Негізгі тәсіл ретінде кәсіпорынның тауарын(қызметін) бағалауға пайдаланатын әдіс.
Бҧл әдіс ӛнімнің бәсекеқабілеттілігі жоғары болған сайын ӛнім ӛндірушінің бәсекеқабілеттілігі де жоғары болады дегенге негізделеді. Тауардың(қызметтің) бәсекеқабілеттілігін бағалау кӛрсеткіші ретінде екі сипаттаманың: баға мен сапаның арақатынасын қолданады. Осы сипаттамалардың оптималды арақатынасы болған жағдайда тауар бәсекеқабілетті болып табылады:
(1)
мҧндағы С – тауар сапасының кӛрсеткіші; Б – тауар бағасының кӛрсеткіші;
Бт – тауар бәсекеқабілеттілігінің кӛрсеткіші.
Тауардың тҧтынушылық қҧны мен сатып алушының ол ҥшін тӛлейтін бағасы арасындағы айырмашылық кӛп болған сайын, тҧтынушы ҥшін тауар бәсекеқабілеттілігінің деңгейі де жоғары болады.
Әдістің артықшылықтары: ол кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігіне әсер ететін ең маңызды факторды – тауардың бәсекеқабілеттілігін ескереді.
Әдістің кемшіліктері: кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі тауар бәсекеқабілеттілігінің сипатына ие болады және басқа да әсер ететін аспектілерді қозғамайды. Сондықтан кәсіпорын жҧмысының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы шектеулі мағлҧмат алуға ғана мҥмкіндік береді.
3. Тиімді бәсеке теориясына негізделген әдіс.
Бҧл теорияға сәйкес, ең бәсекеқабілетті кәсіпорындар, оның барлық бӛлімшелері мен қызмет кӛрсету бӛлімдерінің жҧмысы жақсы ҧйымдастырылған кәсіпорындар болып табылады. Әрбір қызмет кӛрсету бӛлімінің жҧмыс істеу тиімділігіне кӛптеген факторлар – кәсіпорын ресурстары әсер етеді. Сондықтан әрбір бӛлімше жҧмысының тиімділігін бағалау осы ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау болып табылады. Әдіс негізінде бәсекеқабілеттілікті тӛрт топтық кӛрсеткіштер арқылы бағалау жатыр.
Бірінші топқа ӛндірістік ҥрдісті басқару тиімділігін сипаттайтын кӛрсеткіштер кіреді: ӛндірістік шығындардың ҥнемділігі, негізгі қорларды
(негізгі капиталды) пайдаланудың тиімділігі, тауарды дайындау технологиясын жетілдіру, ӛндірісте еңбекті ҧйымдастыру.
Екінші топқа айналым қаражаттарды басқаруды сипаттайтын кӛрсеткіштер енеді: кәсіпорынның қаржыландырудың сыртқы кӛздерінен тәуелсіздігі, кәсіпорын ӛз қарыздары бойынша есеп айрысу қабілеті, кәсіпорынның болашақта тҧрақты даму мҥмкіндігі.
Ҥшінші топқа жарнама және ынталандыру қҧралдары арқылы нарықта тауарды жылжыту мен ӛткізуді басқару тиімділігі туралы тҥсінік алуға мҥмкіндік беретін кӛрсеткіштер кіреді.
Тӛртінші топ – тауар бәсекеқабілеттілігінің кӛрсеткіштері: тауар сапасы мен оның бағасы.
Бҧл кӛрсеткіштердің әрқайсысының, кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі коэффициентін (КБҚ) есептеу ҥшін маңыздылық дәрежесі әртҥрлі болғандықтан, сараптамалық әдіспен критерийлердің салмақтылық коэффициенттерін жасау қажет.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілік коэффициенті мен критерийлерін есептеу орташа арифметикалық ӛлшем формуласы бойынша жҥргізіледі:
КБҚ = aЭт +bФт +сЭӛ +dБТ, (2)
мҧндағы КБҚ – кәсіпорынның бәсекеқабілеттілік коэффициенті; Эт – кәсіпорынның ӛндірістік қызмет тиімділігі критерийінің мәні; Фт – кәсіпорынның қаржылық жағдайы критерийінің мәні; Эӛ – нарықта тауарды жылжыту мен ӛткзуді ҧйымдастыру тиімділігі критерийінің мәні; БТ – тауардың бәсекеқабілетттілік критерийінің мәні (1-формуланы қараңыз); a, b, с, d – критерийлердің салмақтылық коэффициенттері.
Сарапшылармен анықталған критерийлердің есептік салмақтылық коэффициенттерінің мәнін формулаға қоя отырып келесідей мәліметтер жҥйесін аламыз:
ККП = 0,15Эт +0,29Фт +0,23Э0 +0,33БТ,
мҧндағы Эт, Фт, Эӛ коэффициенттерді ескере отырып қажет кӛрсеткіштер келесідей формулалар бойынша есептеледі:
Тк = 0,31Ш + 0,19Қ + 0,40РТ + 0,10Е, (3)
мҧндағы Тк – кәсіпорынның ӛндірістік қызметі тиімділігінің критерийі; Ш – ӛнім бірлігіне қажетті ӛндіріс шығындарының салыстырмалы кӛрсеткіші; Қ – қор қайтарымдылығының қатысты кӛрсеткіші; РТ – тауар рентабельділігінің қатысты кӛрсеткіші; Е – еңбек ӛнімділігінің қатысты кӛрсеткіші; 0,31; 0,19;
0,40; 0,10 – кӛрсеткіштердің салмақтылық коэффициенттері.
Ққ = 0,29КА + 0,20Тқ + 0,36Қӛ +0,15АО, (4)
мҧндағы, Кқ – кәсіпорынның қаржылық жағдайының критерийі; КА – кәсіпорын автономиясының салыстырмалы кӛрсеткіші; Тқ – тӛлемқабілеттіліктің қатысты кӛрсеткіші; Кӛ – кәсіпорын ӛтімділігінің салыстырмалы кӛрсеткіші; А0 – айналым қаражаттары айналымдылығының салыстырмалы кӛрсеткіші; 0,29; 0,20; 0,36; 0,15 – кӛрсеткіштердің салмақтылық коэффициенттері.
Тт = 0,37Рӛ + 0,29Дт + 0,21Ӛқ +0,14ЫТ, (5)
мҧндағы, Тт – тауарды жылжыту мен ӛткізуді ҧйымдастыру тиімділігінің критерийі; Рӛ – ӛнім рентабельділігінің қатысты кӛрсеткіші; ДТ – дайын ӛнімнің тауарлығының салыстырмалы кӛрсеткіші; Ӛқ – ӛндірістік қуаттарды пайдаланудың салыстырмалы кӛрсеткіші; Ыт – ӛнімді ӛндіруді ынталандыру тетіктері мен жарнама тиімділігінің салыстырмалы кӛрсеткіші; 0,37; 0,29; 0,21;
0,14 – кӛрсеткіштердің салмақтыық коэффициенттері.
Тауардың бәсекеқабілеттілік критерийлерін есептеу бірінші әдісте сипатталған формула бойынша жҥргізіледі.
Жалпы тҥрде аталған әдіспен кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің коэффициентін есептеу алгоритмі үш сатылы әдісті қарастырады:
1-саты. Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің бірлік кӛрсеткіштерін есептеу және кӛрсеткіштерін салыстырмалы шамаларға (баллдарға) ауыстыру.
Кӛрсеткіштерді салыстырмалы шамаларға (баллдарға) ауыстыру ҥшін оларды базалық кӛрсеткіштермен салыстыру жҥргізіледі. Базалық кӛрсеткіштер ретінде (салыстыру базалары) тӛмендегі мәліметтерді алуға болады:
орташа салалық кӛрсеткіштер;
кез-келген бәсекелесуші кәсіпорынның немесе нарықтың аталған сегментіндегі жетекші – кәсіпорынның кӛрсеткіштері;
бағаланатын кәсіпорынның ӛткен кезеңдегі кӛрсеткіштері.
Кӛрсеткіштерді салыстырмалы шамаларға ауыстыру мақсатында 10- баллдық шкала қолданылады. Бҧл жағдайда 3 баллмен базалық кӛрсеткішке қарағанда мәні нашар кӛрсеткіш, 5 баллмен – базалық кӛрсеткіш, ал 10 баллмен – базалық кӛрсеткіштерге қарағанда жақсы кӛрсеткіш бағаланады.
2-саты. Жоғарыда ҧсынылған формулалар бойынша кәсіпорынның бәсекеқабілеттілік критерийлерін есептеу.
3-саты. Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің коэффициентін есептеу (КБК).
Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің бҧл әдіспен бағалау кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық маңызды жақтарын бағалауды қамтиды. Жеке кӛрсеткіштердің қайталануын болдырмайды, салалық нарықтағы кәсіпорын жағдайын тез және объективті тҧрғыдан сипаттауға мҥмкіндік береді. Бағалау барысында әр тҥрлі уақыт аралығындағы кӛрсеткіштерді салыстыруды кеңінен пайдалану, бҧл тетігі жеке бӛлімдердің қызметін жедел бақылау нҧсқауының әдісі ретінде қолдануға мҥмкіндік береді.
Нарықтағы сатып алушылардың мінез-құлқына негізделген әдіс.
Кәсіпорында шығарылатын ӛнімге деген нарықтың қандай да бір сегментіндегі тҧтынушылар мен кәсіпорын қызметінің экономикалық кӛрсеткіштерінің арақатынасынан шыға отырып, кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің жалпылама кӛрсеткішін есептеудің басқада формулаларын пайдалануға болады. Берілген экономикалық – математикалық модельдің негізінде ӛндірілетін ӛнімнің сапасын қалыптастыру мақсатында кәсіпорын шығындарын ғана емес, сонымен қатар тҧтынушылардың табыстарын ескере отырып, шығарылатын азық-тҥлік тағамына деген тҧтынушылардың талабы да есептеледі.
Вк кәсіпорын =( aЭт +bФт +сЭӛ +dБТ)Ккәсіпорын.i (6) Вк кәсіпорын. i = Кпр· Ккәсіпорын.i (7)
Немесе толығырақ тҥрде бҧл экономикалық – математикалық модель келесідей тҥрде сипатталады:
N k n
Вк кәсіпорын. i = ∑Кi · Ri ·∑[ УДj ·Rнас. ·∏Рi/Рид.i]. (8) i=1 j=1 i=1
Ҧсынылған экономико-математикалық модельдер, табыс деңгейлері алуан тҥрлі болатын сатып алушылардың ой-пікіріне қатысты. Берілген кәсіпорынмен ӛндірілетін жеке тауарлардың (азық-тҥлік) бәсекеқабілеттілігін бағалаудан шыға отырып бәсекеқабілеттілік деңгейін объективті бағалауға мҥмкіндік береді.
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Бәсекенің мәні неде?
2. Кәсіпкерлікте бәсеке қандай функцияларды атқарады?
3. Бәсекенің қандай тҥрлері мен әдістері бар?
4. Ӛнім ӛндірушілер мен тҧтынушылар саны арасындағы арақатынасқа байланысты бәсекелік қҧрылымдардың қандай тҥрлерін бӛліп кӛрсетуге болады?
5. Бәсекелік стратегияға байланысты бәсекелік мінез- қҧлықтың қандай тҥрлерін бӛліп кӛрсетеді?
6. Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы мен бәсекеқабілеттілігінің мәні неде?
7. Бәсекеқабілеттілікті бағалаудың қандай қағидалары бар?
8. Бәсекеқабілеттілік критерийлері дегеніміз не?
9. Бәсекеқабілеттілікке әсер ететін факторларды сипаттап беріңіз.
10. Кәсіпкерлікте бәсекелестерді бағалаудың қандай әдістері бар?
?
12 – тақырып:
12.1КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ