• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Кәсіпкерліктің функциялары

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 103-107)

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ МЕН НЫСАНДАРЫ

7.9. Кәсіпкерліктің функциялары

103

Осы талаптарды мемлекет іске асыруға тиіс. Қазақстан экономикасы үшін ұсақ және шағын кәсіпкерлікті дамуына кӛмек кӛрсетудің маңызы артып отыр. Ӛткен кезеңде ұсақ кәсіпкерлікке кӛмек ретінде кәсіпкерлер санатын құрып, тұтынушылық нарықтың тапшылығын әлсірету, ал шағын кәсіпкерлікке қолда бар ғылыми-техникалық әзірлемелерді даяр ӛнімге айналдыруға кӛмек кӛрсету қажет болды.

Бүгінгі күні Қазақстанда бизнес-қауымдастық жылы қабылдаған тіркеу жүйесінің заңнамасы енгізілген. Кӛптеген елдерде, мысалы, Францияда 2,4 млн шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар орта кәсіпкерліктің қызметін қолдау үшін «бір терезе» қағидасы бойынша қайта тіркеу мен қайта тіркеудің оңайлатылған ережесі енгізілген. Осының арқасында орта кәсіпкерлікті тіркеу процесі 24 сағатқа дейін қысқарған, ал барлық қалған заңды тұлғалар 10 күн ішінде тіркеледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубатор мен инновациялық орталық жұмыс істейді.

Олардың барлығы дерлік жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылған және қалыптасу кезеңінде жұмыс істейді.

Бизнес-инкубаторлар ӛзінің алаңдарында арнайы іріктелген шағын кәсіпорындарды жеңілдікпен орналастырып, оларға консалтингтік, бухгалтерлік және кеңсе қызметтер, сондай-ақ оқыту жӛніндегі қызметтерді кӛрсететін құрылымдар. Бизнес-инкубаторлар ӛзінің аумағында орналасқан шағын кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құрылады.

Негізінде жоғары оқу орындарының немесе ғылыми-зерттеу институттарының базасында, осы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін пайдалану жәнетехнопарк аумағында орналасқан шағын инновациялық кәсіпорындар құрып, оларды дамыту арқылы әзірленген технологияларды коммерцияландыру мақсатында технопарктер құрылады.

Сонымен бірге қазіргі жағдайда қазақстандық экономикада жергілікті кәсіпорындардың әлеуеті жеткіліксіз пайдаланатынын атап ӛту қажет. Кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін мемлекет ӛз тарапынан қолайлы жағдай жасап, бәсекеге қабілетті әрі еліміздің ғылыми- технологиялық әлеуетін арттыру үшін зор әлеуеті бар шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына кӛмек кӛрсетуге тиіс. Қазақстандық экономикада шағын кәсіпорындардың экономикалық рӛлі соншалықты жоғары болмаса да кәсіпорындардың жалпы санында олардың 93,9%-ға жетіп отыр. Қазақстанда бүкіл шағын бизнес секторы ЖІӚ-нің 16,2%-ын береді және жалданып жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын, яғни 553731 адамды құрайды.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуында мынадай проблемалар қордаланған:

экономикада кәсіпкерліктің аз нысаны жұмыс істейді. Егер Батыс Еуропа елдерінде мың тұрғынға шаққанда 70 шағын кәсіпорын, АҚШ-та олардың саны 75-ке жуық, Ресейде – 6-7, ал Қазақстанда 11 жұмыс істейді екен, сондай-ақ осы шағын кәсіпорындар Қазақстан аумағында біркелкі орналаспаған. Шағын кәсіпорындардың 45%-дан астамы еліміздің ең ірі қалаларында, яғни Алматыда – 35,3%, Астанада – 10%-ы орналасқан;

қазақстандық ұсақ кәсіпкерліктің түрлері нашар әртараптандырылған және олар технологиялық жағынан артта қалған, сонымен бірге ӛнеркәсіпте шағын кәсіпорынның ӛте аз саны жұмыс істейді. Шағын кәсіпорындардың басым кӛпшілігі ұсқа құрылымдардан (шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің орташа саны 10 адамға жуық) құралады.

Қазіргі кезеңдегі шағын кәсіпкерліктің даму тенденциясына әр алуан факторлар ықпал етеді.

Бір жағынан, ұсақ кәсіпкерлік секторының дамуы үшін жағдай жасалуда. Алайда, екінші жағынан, нарықтарда бәсекелестік қарқынының ӛршу салдарынан шаруашылық тәуекелдің дәрежесі артқанымен тиісті сыйақы алу мүмкіндігі тӛмендеп барады. Қалыптасқан жағдайда инновациялық тұрпаттағы шағын кәсіпорындарды дамыту қажет. Осы орайда, кӛптеген елдердің тәжірибесі кӛрсеткендей шағын кәсіпкерліктің инновациялық әлеуеті шағын кәсіпорындардың ғылыми- техникалық кооперациясы, патенттік құқықтарды заңмен қорғау және қаржылай қолдау, жеңілдетілген салық салу кіретін ӛнеркәсіптік саясаттың тиісті түрі жүргізілген жағдайда ғана байқалады екен. Қазіргі уақытта қазақстандық экономикада инновациялық шағын кәсіпорындардың қарқынды дамуы үшін жағдай жасалмаған.

104

жағдайдың ерекше түрі ретінде тән функциялар – бұл қоршаған ортамен ӛзара ықпалдасу тәсілдері, оған функциялардың келесі екі тобы жатады. Бірінші топқа кәсіпкердің қоршаған ортамен ӛзара ықпалдасуын кӛрсетеді және оларды ден қою функциялары деп атауға болады.

Функциялардың екінші тобы кәсіпкерлік ӛзінің айналасына қатысты орындайтын рӛлін білдіреді, сол себептен оларды қайта құру функциялары деп атауға болады.

Ден қою функциялары – бұл ортаның жағдайларына бейімделудің ағымдағы міндеттерін іске асырумен және кәсіпкердің оның ӛзгерістеріне ден қою қабілетімен байланысты функциялар.

Осы тұрғыдан қарастырылатын функциялар басқарушылық қызметтің қаржыны, ӛндірісті, кадрларды, жабдықтау мен ӛткізуді басқару сияқты ерекше түріне жатады. Нысаны бойынша басқарушылық функция бола тұра кәсіпкерлік функция ретінде олардың ӛзіндік ерекше маңызы болады.

Қаржыны басқару бір қарағанда қаржы мен инвестиция нарығында ақша тарту мен оны пайдалану мәселесімен ғана айналысатын сияқты, алайда осы функцияның кәсіпкерлік маңызы анағұрлым терең және оның міндеті барынша аз тәуекелге бас тігіп барынша жоғары қайтарымды қамтамасыз етумен байланысты. Кәсіпкер осы міндетті шешу үшін, бір жағынан, жұмылдырылатын ақшалай қаражаттың бағасын барынша тӛмендетіп, екінші жағынан, инвестицияланған қаражатты тиімді пайдаланып, одан мол қайтарым алуға тиіс. Демек, осы функ-цияның негізгі маңызы кәсіпорын активтерінің құны мен оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету екен.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету функциясына запас шамалы болса да онымен үздіксіз жабдықтау, яғни ӛндірісті қажетті ресурстармен қамта-масыз ету жатады. Осы мәселенің шешімі істі ұйымдастыру жағы емес, нарықтағы жағдаяттың келешекте қалыптасуының белгісіздігімен байланысты. Сондықтан кәсіпкер трансакциялық шығындарды барынша қысқарту, яғни ӛндірістік ресурстармен қамтамасыз етудің нарықтық және нарықтық емес нысанын оңтайлы үйлестіре білуі тиіс.

Ӛндірісті басқару – бұл қызметті үйлестіру ғана емес, нәтижені барынша арттырып, шығынды барынша тӛмендетуге мүмкіндік беретін ӛндіріс факторларын ұштастыру.

Қазіргі кезеңде кадрларды басқару қызметкерлерді іріктеп, орналастырумен шектелмейді. Бір жағынан, адам факторының маңызының артуына байланысты еңбек ресурстары сапасының дамуына ерекше назар аударып, еңбекті бағалау мен оны кӛтермелеуге ӛзгеше кӛзқарас танытуды қажет етеді. Екінші жағынан, еңбектің сан алуан мамандануы мен кәсіпкерлік функцияның әр түрлі басқару деңгейінде шоғырлануы оларды біріктіріп, ӛндіріске барлық қатысушылардың күш- жігерін жұмылдырады. Сондықтан осы функция қызметкерлердің сана-сезімінде кәсіпкерлікке, оның табысқа жетуіне ынта қоюын қалыптастырады.

Кәсіпкерлік функция ретінде қарастырылып отырған тауар ӛткізуді басқару тауарды ӛткізу мен жылжыту тәсілдерін дамытумен емес тұтынушылардың қа-лауын білумен байланысты. Қайта құру функциясы кәсіпкерліктің шаруашылық ортаға жасайтын ықпалымен байланысты және оның салдарын сипаттайды. Аталмыш салдар кәсіпкерліктің шаруашылық ортадағы белсенді рӛлін кӛрсететін экономикалық, институционалдық және әлеуметтік функциялар түрінде білінеді.

Экономикалық функциялар. Кәсіпкерліктің аса маңызды экономикалық функциясына ӛндіріске ресурс үнемдейтін технологияларды енгізудің арқасында ресурстарды ұтымды пайдалануға кӛмек беру жатады. Нарықта тепе-теңдік орнатуға кӛмек беру арқылы ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету оның тағы да бір маңызды функция болып табылады.

Кәсіпкер игілікті ол мол нарықтан тапшы нарыққа жылжыта отырып, тауарлық нарықта да, сонымен бірге ӛндірістік ресурстар нарығында да тепе-теңдіктің орнауына ықпал етеді.

Институционалдық функциялар. Кәсіпкер инновациялық қызмет арқылы нарықтағы жағдайды ӛзіне пайдалы бағытта ӛзгертуге тырысып жаңа игілік пен технология құрумен қатар, қалыптасқан нарық ортасын ӛзгертеді, бұрынғы институттардың түрлерін ӛзгертіп, жаңа нарықтар, бәсекенің нысандары мен тәсілдерін, сондай-ақ ресурстарды үйлестірудің тәсілдері мен кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа нысандарын құрады. Кәсіпкерліктің, бір жағынан, нарықта тепе-теңдіктің орнауына кӛмек кӛрсетіп, ал екінші жағынан, осы тепе-теңдікті бұзатыны қайшылыққа жатпайды, ӛйткені кәсіпкерлік қызметтің жұмысы статикалық емес динамикалық тепе-теңдік құрумен байланысты.

Әлеуметтік функциялар. Кәсіпкер шаруашылық жүргізуде үздік нәтижеге жету үшін ӛзі шығаратын игіліктің түрлерін кӛбейтіп жаңартады, тұтынушыларға ұнау үшін жаңалық енгізеді.

Тұтынушылардың таңдау мүмкіндігін кеңейте отырып, кәсіпкер қоғамның әл-ауқатының ӛсуіне ықпал етеді.

105

Кәсіпкерлік қызмет процесіне қатысушылардың ауқымының ӛсуіне байланысты кәсіпкерлік қоғамның әлеуметтік интеграциялануына ықпал етеді, сонымен бірге басқару мен меншік қатынастарының демократиялануына кӛмектеседі, ал осының барлығы әлеуметтік топтардың жеке бӛлектенуін еңсеріп, қоғамның әлеуметтік прогресіне жол ашады.

Ҧйымдастыру функциялары. Кәсіпкерлік құрылымдардың сан алуан түріне кәсіпкерліктің жеке, әріптестік және корпорациялар деп аталатын үш ұйымдастыру нысанын біріктіреді (7.3- кесте).

7.2. Кәсіпкерлікті ҧйымдастыру нысандарының сипаттамасы

Жеке кәсіпкер Әріптестік Корпорация

Ұйымдастыру дың қиындығы

Құрудың қарапайым-дылығы мен оңайлығы, ұйымдастыру мен ресімдеуге аз шығын жұмсалуы

Жеке мешік кәсіпорын сияқты және

қатысушылардың арасында шарт жасасу

Арнайы заңмен реттелуіне байланысты едәуір күш-жігер мен материалдық шығын жұмсауды қажет етеді

Капиталды жұмылдыру қабілеті

Меншік иесінің жинақ ақшасының мӛлшерімен шектелген

Қатысушыларды ң жинақ ақшасын біріктіру арқылы капитал тарту мүмкіндігі артады

Ӛте жоғары, бағалы қағаздар эмиссиясы арқылы капиталды жылдам жұмылдыра алады Меншік

иесінің жауапкершілік ауқымы

Барлық міндеттемелер, сондай-ақ мүлік бойынша толық жауапкершілік

Қатысушыларды ң мүлігін қоса алғанда толық, бӛлінген, субсидиарлық

Ұсталатын бағалы қағаздың құнымен шектелген

Басқа жақтан бақылау жасау дәрежесі

Бүкіл қызмет толық бақыланады

Қатысушыларды ң арасында бӛлінуе байланысты

келіспеушілік туындайды

Ұсталатын акциялардың үлесіне сәйкес

Қызмет істеудің ұзақтығы

Меншік иесінің ӛмір сүруінің ұзақтығына

байланысты

Әріптестер арасында жасалған келісімнің ережелері бойынша

Шектелмеген, қызмет банкрот болған жағдайда тоқтатылады

Салық салу Жеке табысқа салынатын салық ставкасы бойынша

Жеке меншік кәсіпорындардағы сияқты

Қосарланған салық салу

Ӛтімділік Тӛмен, сатудың қиындығы

Үлесті сатудың

біршама қиындығы Жоғары

Аталған нысандар жеке меншік және қоғамдық деп аталатын екі топқа бӛлінеді. Бірінші топқа – жеке кәсіпкерлік пен әріптестіктер, ал екінші топқа корпорациялар жатады. Топқа бӛліну ресми емес. Біріншіден, жеке нысан мен әріптестікте иелік ету мен басқару тікелей біріктірілген, ал корпорацияларда осы функциялар жеке бӛлінген. Екіншіден, жеке меншік нысандарда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жӛніндегі шаруашылық жауапкершілік әдетте иеленушінің ӛзіне жүктеледі.

Бұл жерде кәсіпорынның меншігі иеленушінің меншігінен бӛлінбеген, ал корпорацияда кәсіпорын меншігі жеке тіркеліп, оның иелерінің жауапкершілігі шектелген. Үшіншіден, егер корпорация жыл сайын ӛзінің қаржылық қызметінің нәтижелері жӛнінде есеп жариялап, қоғам үшін ашық нысанда жұмыс істеуге тиіс болса, жеке кәсіпкерлер мен серіктестіктер осы ақпаратты тек уәкілетті органдарға табыс етіп, ӛзінің қаржылық қызметін құпияда сақтауға құқылы.

106

Жеке кәсіпкерлер – коммерциялық қызметті ӛздеріне тиесілі меншіктің негізінде, оны тікелей басқарып, толық мүліктік жауапкершілік алып жүзеге асыратын адамдар. Жеке кәсіпкерлік – кәсіпкерліктің ең қарапайым және кең тараған нысаны. Оған саудамен және қызмет кӛрсетумен айналысатын шағын кәсіпорындар, кәсіптік шеберханалар мен шаруа қожалықтары жатады және жеке кәсіпкерлердің табыс алуға ынталы, жедел әрі икемді болуына әрі осы нысанды жылдам ұйымдастырып, ресімдеуге болатынына байланысты кәсіпкерліктің осы түрі кең тараған.

Жеке кәсіпкер бүкіл табысты ӛзі алады, сонымен бірге оны ӛзін қанағаттандыратын, қоғамда басқару қызметін атқаратынымен оның ӛзін де қанағаттандыратын, сонымен бірге қоғамда да алатын орны бар. Тұтынушылармен тікелей жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер нарықтың сұранысын жақсы біледі және жағдаяттың шамалы ауытқуына жылдам ден қояды. Шағын мӛлшердегі ӛндірісті жүзеге асыратын кәсіпкерлер қажет жағдайда бәсекеге қабілетті ӛнім шығаруға ауысып, артықшылыққа ие бола алады. Сонымен бірге жеке кәсіпкерге артықшылық беретін факторлардың кері әсері де болуы ықтимал. Біріншіден, жеке кәсіпкердің қаржы мүмкіндіктері шектеулі және ол ірі ӛндірісті ұйымдастыра алмайды. Демек ресурстарды шағын топпен сатып алғанда ол жоғары бағаны тӛлеуге мәжбүр болады, ал ӛндірістің шағын ауқымы осы ауқымнан алуға болатын бүкіл үнемді алуға мүмкіндік бермейді. Осының барлығының салдарынан ұсақ кәсіпкер экономикалық кӛп шығын шегіп, оның бәсекеге қабілеттілігі тӛмендейді. Екіншіден, басқару, жабдықтау, қаржылық, марктеингтік және кадр функциясын бір адамның атқаруына байланысты, оған жүктелетін жүктеменің кӛптігінен әрі білімнің жетіспеуіне орай қызметті басқарудың тиімділігі де тӛмендейді. Сӛйтсе де кәсіпкердің толық шаруашылық жауапкершілігі жеке кәсіпкерлік нысанының елеулі кемшілігі болып табылады. Осы кемшілік кәсіпкерді оның ӛзінің «ісінің» кепіліне айналдырады. Құқықтық жағынан алып қарағанда кәсіпкер кәсіпорынның активімен емес ӛзінің бүкіл мүлкімен жауап береді, сол себептен ол үлкен тәуекелге бас тігіп, оның жаңашылдық мүмкіндіктері де тежеледі.

Аталған кемшіліктерді серіктестік құру арқылы еңсеруге болады. Серіктестік (әріптестік) деп бірлескен қызметті үлестік меншік негізінде жүзеге асыратын және басқаруға тікелей қатысатын қатысушылардың шектеулі саны бар жабық үлгідегі бірлестік аталады. Серіктестіктің: 1) қатысушылардың белгіленген құрамы; 2) кәсіпорынға үлестік қатысу; 3) жеке мүлікпен жауап беру сияқты ерекшелігі болады.

Серіктестікті ұйымдастыру үшін оған қатысушылар ӛзара шарт жасасуға тиіс болса да, ол кәсіпкерліктің біршама қарапайым нысаны болып табылады. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары сақталған серіктестік ресурстарды тартуға, атап айтқанда кредит кӛздерін тарту мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Серіктестік кәсіпкерлік тәуекелді тӛмендету үшін құрылады. Тәуекел серіктестікке қатысушылардың арасында бӛлінеді, сол себептен олардың әрқай-сысының тәуекелі де тӛмендейді. Сонымен бірге кӛп адамдардың білімін біріктіріп, оларды белгіленген басқару функциясына мамандандыру мүмкіндігі жеке кәсіпкерге кездесетін бірқатар проблемаларды азайтады.

Алайда серіктестіктің де кемшілігі жоқ емес. Біріншіден серіктестікке қатысушылардың арасында басқару функцияларының бӛлінуіне байланысты кӛшбасшы болу үшін күрестің негізінде дау туындауы мүмкін, сондай-ақ шешім қабылдаудағы жеделдік те тӛмендейді.

Екіншіден, серіктестікте қатысушыларға басқа адамдардың қателігінен туындайтын жауапкершілік те кӛп жүктеледі. Айтылған себептерге байланысты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың осы нысаны аз таралған.

Корпорация – капиталға бірлесіп қатысуға негізделген бірлестік, оның заңды құқықтары мен міндеттері оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттемелерінен жеке бӛлектелген.

Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың корпоративтік нысаны XIX ғасырда қалыптасты және қоғамның ӛндіргіш күштерінің дамуындағы сапаның ӛзгеруімен байланысты. Корпоративтік кәсіпкерлік бір жағынан, ақшалай қаражат тартылатын базаны кеңейтіп, капиталды жұмылдыруды қамтамасыз етті, ал екінші жағынан, – қомақты қаржы салымына байланысты адамның тым жоғары жеке тәуекелінің деңгейін шектейтін нысанға айналды. Қазіргі кезеңдегі экономикада корпорациялар негізгі рӛл атқарады. Ұйымдастыру нысандары құрылымында олардың үлесі шамалы, яғни 20-25% болса да, корпорациялар шаруашылық айналымының 80-90%-ын береді.

Корпорациялардың мәнінің ерекшеліктері олардың қызметінің ауқымымен және кӛлемімен байланысты емес. Корпоративтік нысанда меншіктің басқарудан жеке бӛлектеудің аяқталған нысаны екені оның басты экономикалық ерекшелігі болып табылады, ал корпорация ӛзінің құрылтайшылары мен қатысушыларына қатысты экономикалық және заңдылық жағынан жеке бӛлек қарастырылады, сол себептен корпорацияның бұрын қарастырылған кәсіпкерліктің

107

нысандарынан ӛте ерекшеленеді әрі оның экономикада жетекші рӛл атқаратын артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Біріншіден, мүлік жауапкершілігін шектеу халықтың кең топтарын инвестициялауға тартуға, қомақты капиталды жылдам орталықтандыруға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге тәуекелдің тӛмендеуі кәсіпкерліктің жаңашылдық функциясының жандануына ықпал етті. Екіншіден, басқарудың меншіктен жеке бӛлектенуі корпорацияның құрылтайшылар мен қатысушылардан тәуелсіз тіршілік ететін шаруашылық құрылым ретінде орнығуын қамтамасыз етті. Үшіншіден, бағалы қағаздардың дамыған нарығы жағдайында акцияларды сату- сатып алу арқылы үлестік қатысудың кедергісіз жылжуы тағы да бір айта кетерлік артықшылықты – жоғары ӛтімділікті, яғни инвестицияланған қаражатты инвесторлар үшін тартымды болып табылатын ақшалай нысанға жылдам айналдыру мүмкіндігін береді.

Кез келген басқа нысан сияқты корпорацияның да кемшілігі жоқ емес. Осы орайда кәсіпкерліктің осы нысанын ресімдеп, тіркеуде туындайтын әрі едәуір күш-жігер мен қаражатты қажет ететін ұйымдастыру қиындықтары туралы айтпай кетпей болмайды. Сонымен бірге корпорация құрудың тәртібі қатаң реттеледі және оған белгіленген шектеулер қосылған.

Корпоративтік ұйым нысанының елеулі кемшілігі ретінде алдымен корпорацияның пайдасына, содан кейін акционерлердің дивидендіне қосарланған салық салумен байланысты туындайтын артық салық ауыртпалығын атауға болады. Ашықтықты талап етіп, қаржылық жай-күй туралы жыл сайынғы есепті міндетті түрде жариялаудың салдарынан корпорациялар бәсекелестер үшін оңай олжаға айналады, сонымен бірге акционерлердің талаптарын қанағаттандырып, сондай-ақ басқарушыларды инвесторларды тарту үшін қысқа мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге ынталандырады.

Алайда корпоративтік кәсіпкерлік нысаны үшін ең ӛткір проблеманың бірі – акционерлер мен басқарушылардың ӛзара қарым-қатынас жасауының қиындығы.

Корпорацияның акционерлері ӛздеріне заң жүзінде тиесілі оларды ӛте сирек басқарады. Әдетте олардың басқарушылық ықпалы басқарушы органдарды сайлаумен және экономикалық стратегияны әзірлеуге қатысуымен шектеледі. Алайда іс жүзінде акцияларды ұстаушылардың басқарушыларға ықпал етуге ықтимал мүмкіндіктері ақпараттың, сондай-ақ біліктіліктің жетіспеуімен шектеледі. Сондықтан акционерлер басшылықтың ұсыныстарын қолдауға бейім болады, сол себептен нақты билік корпорацияны күнделікті басқару тізгіні басқарушылардың қолында болады.

Корпоратитік бірлестіктер әр түрлі нысанда болады. Олардың ішінен акция мен облигация сияқты бағалы қағаздарды шығару арқылы капиталды жұмылдыратын акционерлік қоғам нысаны кӛп тараған. Акцияларды ұстаушылар ортақ иеленуші болып табылады және табысқа қатысты ешқандай кепілдігі болмаса да басқаруға құқығы болады. Облигацияларды ұстаушылар белгіленген табыс ала отырып, кредитордың рӛлін атқарады және басқаруға қатыспайды.

Акционерлік қоғамның бағалы қағаздары ашық нарықта еркін айналыста болуы оның басты ерекшелігі болып табылады.

Корпоративтік ұйымның екінші түріне корпорация мен әріптестіктің белгілері үйлескен S- корпорациялар жатады. Акционерлік қоғамда сияқты S-корпорацияның акцияларын ұстаушыларының да жауапкершілігі шектеулі болады. Алайда акционерлік қоғаммен салыстырғанда S-корпорацияға қатысушылардың саны заңмен шектеледі, ал ұйымның ерекшеліктіріне байланысты қосарланған салық салынбайды. Сондай-ақ кәсіби белгі бойынша біріккен заңгерлердің, медицина қызметкерлерінің және т.б. жабық үлгідегі акционерлік қоғамның ерекше түрі ретінде жұмыс істейтін бірлестіктер ретіндегі кәсіби корпорациялар кең тарады. Бүкіл корпорацияланған қауымдастықты реттейтін нысан ретінде жұмыс істейтін әрі басқа корпорациялардың акцияларын ұстаушы холдингтер корпоративтік ұйымның жоғары деңгейіне жатады.

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 103-107)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР