КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ МЕН НЫСАНДАРЫ
7.1. Кәсіпкерліктің экономикалық тегі мен белгілері
91
92
Екінші нәрсе кәсіпкерлік бастаманың байқалу дәрежесін анықтайтын жағдайлармен байланысты. Осы жағдайлардың кӛп болуына қарамастан олардың кәсіпкерлік қызметпен байланысының мәнін «экономикалық еркіндік» ұғымымен түсіндіруге болады. Экономикалық еркіндік – бұл бір жағынан, кәсіпкерлік қызметке моральдық-этикалық рұқсат берілген кәсіпкерлік бастаманы іске асыру мүмкіндігін айырбастау процесі беретін мүмкіндік, ал екінші жағынан, – айырбас операцияларын жүзеге асыру мүмкіндігі (ресурстарға қол жеткізуге тең құқық, қызмет түрін таңдау еркіндігі, табыс алу құқығы). Кәсіпкерге еркіндік шексіз берілмейді. Біріншіден, кәсіпкердің экономикалық еркіндігі – бұл оған тұтынушылар берген билік. Еркіндік олардың мүдделері үйлескенде күшейеді, ал мүдделер үйлеспеген жағдайда еркіндік әлсірейді. Екіншіден, ол нарықтық айырбас процесінде туындайтын ережелердің жүйесімен реттеледі. Осының арқасында кәсіпкердің экономикалық еркіндігінің шекарасын анықтайтын экономикалық тәртіп орнайды. Осы шекаралардың ӛзгеру шамасына орай кәсіпкерлік бастама да ӛзгереді. Кӛрсетілген тәуелділіктен еркіндік кӛп болса, онда бастама да кӛп болады немесе керісінше болатын қатаң байланыстың болмағаны қиындық келтіреді. Кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жақсы жағдай жасайтын экономикалық еркіндіктің шекарасын орнатудың маңызы зор екені белгілі.
Коммерциялық тәуекел және шаруашылық жауапкершілік
Кәсіпкер айналасын ӛзіне бағынбайтын нарықтық тұрлаусыздық ретінде қабылдайды.
Нарыққа тән қасиеттермен ажырамастай байланысты тұрлаусыздықты (жағдаяттың, бағаның, тұтынушылардың сұранысының және т.б. ӛзгеруін) кәсіпкердің қызметі ушықтырып, оның жасаған іс-қимылына нарық ол күткеннен басқаша ден қояды. Кәсіпкер нарықтық тұрлаусыздық проблемасының мәнін ӛзінің бастамасының нәтижесі белгісіздігімен байланыстырады. Сондықтан тұрлаусыздық жағдайында қабылданған кез келген шешім ысырап шегу мүмкіндігі бар тәуекелмен байланысты.
Нарықтық тұрлаусыздық пен коммерциялық тәуекел – бір-бірімен тығыз байланысты, алайда бір жағынан кәсіпкерлікке ықпал етуі бойынша ерекшеленетін құбылыстар. Коммерциялық тәуекел – бұл ӛлшенген тұрлаусыздық. Кәсіпкер ӛзінің басынан ӛткен тәжірибесінен немесе алдын ала жасалған есептердің негізінде ықтимал нәтижені ӛлшейді. Тұрлаусыздық – ӛлшенбейді және сол немесе басқа нәтиженің ықтимал болуы мүлдем белгісіз болады. Кәсіпкерлік бастама іс жүзінде белгілі бизнесті жүргізудің бағыттарының, тәсілдері мен әдістерінің шектерінен шыққанда кәсіпкер тәуекелге бас ұрады. Ал осы бастамада бірегей, яғни практикада белгісіз жаңалық болса, онда кәсіпкер тұрлаусыздықпен беттеседі.
Проблеманың тағы бір маңызды қыры – тәуекелмен байланысты қызметке кӛтермелеу мәселесі. Кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелмен байланысты. Алайда кәсіпкерліктің ӛзі адамның психологиясының ерекшелігімен, яғни жеке адамның тәуекелге бейім болуымен байланысты деген ой қате. Осы орайда кәсіпкердің тәуекелге бас ұруын оның тәуекелге бейім болуымен емес оның нарықтың тұрлаусыздығын ӛзінің пайдасына жаратуға тырысуымен байланысты екенін ескерген жӛн. Кәсіпкер сыйақы алу үшін тәуекелге бас ұрады, ал оның ӛзіне алатын тәуекелінің мӛлшері ықтимал сыйақының мӛлшеріне тікелей байланысты. Сонымен бірге коммерциялық тәуекел – ықтимал жағымсыз салдарды жан-жақты есептеуге негізделіп ӛлшенген тәуекел. Басқаша айтқанда, кәсіпкер пайда алуға ұмтылысын әр кезде де шаруашылық жауапкершілігімен теңгереді, ал кӛп жағдайда ол ӛзіне ала алатын тәуекелдің дәрежесін ӛзінің жауапкершілік алу дәрежесімен ӛлшейді. Табысты толықтай алмаумен байланысты тәуекел бір басқа, ал шығын шегу тәуекелі – екінші нәрсе, ал меншікті жоғалту қаупі туындайтын тәуекел мүлдем ӛзге нәрсе екені түсінікті.
Тәуекелмен қатар жүретін шаруашылық жауапкершілік кәсіпкерді алдына тәуекелді жеңіп, оны басқаруды міндеттейді. Кәсіпкер нарықтың тұрлаусыздығын жеңе алмайды, алайда тәуекелді тӛмендетудің бір тәсілі сақтандыру арқылы тӛмендете алады. Кәсіпкер тәуекелді сақтандырған жағдайда қосымша шығынданады, демек оның келешектегі табысы да, сонымен бірге жаңа бастамаға жасауға ынтасы да тӛмендейді. Тәуекелден қорғану үшін оны әртараптандыруға, яғни осы тәуекелді басқа адамдармен бӛлісуге болады. Капиталдар әр түрлі нысанмен (шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғамдар) біріктіріліп кәсіпкерлік тәуекел осылайша әртараптандырылады.
Осы тәсіл тәуекелдің мӛлшерін тӛмендетуге ықпал етсе де (жеке қатысушы шегетін ысыраптың мӛлшерін) кәсіпкер табысын кәсіпорынға қатысушылардың арасында бӛлуге тиіс болғандықтан, кәсіпкердің пайданы арттыруға деген ынтасын тӛмендетеді. Тәуекелдің барын біле тұра пайда алуға тырысу мен оның дәрежесін тӛмендетуге ұмтылыстың арасындағы қарама- қайшылықты тәуекелді басқару жүйесін құрып шешуге болады. Осы жүйенің жалпы түріне
93
тәуекел кӛзімен оның салдарын анықтау, ықтимал келеңсіз салдарды еңсеру жӛніндегі бейімделу іс-шараларын жүргізу кіреді.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің жеке ішкі проблемасы емес екенін айтып кеткен жӛн. Жалпы экономикада да коммерциялық тәуекелдің маңызы артып отыр. Біріншіден, тәуекелге бас ұру қажет болғандықтан кәсіпкер ең жақсы балама тәсілді іздестіруге мәжбүр болады, ал осының нәтижесінде ӛндіргіш күштер дамып, ӛндірістің тиімділігі артады. Екіншіден, тәуекелмен байланысты себеп-салдарға орай қоғам тарапынан кәсіпкерлік қызмет қатысында белгіленген шектеулер мен ережелер қолданылады.
Ҥйлестіру
Әрбір ресурстың қайтарымдылығын (табыстылығын) арттыру мақсатында жақсы нұсқаларды іздестіру ӛндіріс факторларын үйлестірумен байланысты. Қолда бар ресурстардың тиімділігін арттырудың ең ықтимал нысаны ретінде олардың балама құндылығы жоғары болуына орай, олар кӛп табыс әкелетін нарықтарға жылжыту қарастырылады. Осы қызмет тӛрелік ету деп аталады.
Тӛрелік ету сауда және биржалық қызмет саласында байқалады. Тӛрелік ету әр түрлі нысанда білінсе де оған жаңа мүмкіндік кӛзі ретінде тепе-тең нарық жағдайын пайдалану, қосымша табыс алатын кӛз ретіндегі ресурстарды ұтымды бӛлуге тырысу, игіліктерді қайта бӛлу арқылы нарықтық тепе-теңдікті орнатуға кӛмек кӛрсету тән. Ресурстарды жылжыту – ресурстарды қолданудың тиімділігін арттырудың бір тәсілі ретінде ғана қарастырылады.
Ресурстарды қолданудың тиімділігін арттырудың тағы бір басқа күрделі тәсілі ӛндіріс факторларының орнын ауыстыру қағидасына негізделген үйлестіру қолданылады. Осы тәсілде бір факторды екіншімен ауыстырып факторларды үйлестірудің ең ұтымды нұсқасы іздестіріледі.
Кәсіпкер ӛндіріс факторларын ӛзгерте отырып, ресурсты тиімді қолдануға кӛшуді ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа технологиялар құруда ӛндірістің ілгері жылжуын қамтамасыз етеді. Индустриялық кезең ауқымында кәсіпкер «орнына қолданылу қағидасын» қолданып табысқа жетуі басты фактор болса, қазір кәсіпкерлік «ұтымдылық рухы» ұғымын білдіреді.
Сӛйте тұра ресурстардың «орнына қолдану қағидасымен» салыстырғанда үйлестіру функциясының мағынасы кеңірек. Кәсіпкер баға механизмін (қажетті тауарды сатып алу кәсіпкерліктің жаңашылдық функциясының экономикалық маңызы нарықта шаруашылық жүргізетін бүкіл ортаны ӛзгерту) әкімшілік механизмге (қажетті құрамдастармен сатылас интеграция негізінде) ӛзгертіп ресурстарды үйлестіру қағидасын ӛзгерте алады. Сӛйтіп, нарықтың тұрлаусыздығына жоспарға сәйкес жұмыс істейтін ұйым қарама-қарсы қойылғанда үйлестіру арқылы кәсіпкерлік қызметтің тәсілін ӛзгертетін құралға айналуы мүмкін. Ресурстарды үйлестіру қағидасының ӛзгеруімен байланысты осы үйлестіру нысаны нарықтық ортаны қайта құратын фактор ретінде қарастырылады.
Қазіргі тұрлаусыздық жағдайында кәсіпкердің қызметі одан жаңалық енгізуді қажет етуіне байланысты жаңашылдық элемент ретінде кәсіпкерлікке тән қасиетке айналды. Ал осы қасиет кәсіпкерлік қызметте әр түрлі дәрежеде білінуі мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлік мәртебеден күнделікті операцияларды орындаумен байланысты қызметтен айырып кәсіпкерлік функцияны тек инновациялық қызметпен байланыстыру қате болады.
Осы қасиетке сипаттама бергенде жаңашылдықтың кәсіпкерлікке тән қасиет ретіндегі мәнін дұрыс түсіну қажет. Адамның инновацияға бейім болуы адамның жеке басының қасиеттеріне қанша байланысты болса да жаңашылдықтың мәні басқада. Кәсіпкерлік бастаманы кӛрсету нысаны ретіндегі жаңашылдық жаңа нәрсені ойлап табуға тырысудан емес осы «жаңаның»
арқасында пайда алуға ұмтылыстан туындайтынын ұмытпаған жӛн. Ӛнертапқыш – ол әлі жаңа-шыл емес. Адам ӛзін-ӛзі кәсіпкер, яғни шаруашылық жүргізудің үздік нәтижесі үшін күресетін адам ретінде кӛрсеткенде ғана жаңашыл болады. Осыған байланысты кәсіпкерлік жаңашылдықтың тағы бір айта кетерлік маңызды сипаттамасына тоқталу қажет. Экономикалық тұрғыдан алғанда жаңашылдық жаңалық немесе жаңа ӛнім емес техникалық, технологиялық немесе ұйымдастырушылық инновацияны коммерцияландыру. Жаңашылдық – кәсіпкерліктің белгісі ретінде – бұл кәсіпкерлік идеяны коммерциялық ойдағыдай іске асыру. Ол жаңа ӛнімде, қызметте, технологияда, ӛндірісті немесе ӛнім ӛткізуді ұйымдастыру тәсілінде кӛріне ме – бұл соншалықты маңызды емес, оның кәсіпкерге белгілі бір бәсеке-лік артықшылық әкелетіні маңызды болады. Жаңашылдықтың осы анықтамасы кәсіпкерліктің жаңашылдыққа іштей ынталануының себебін жақсы түсіндіреді. Біріншіден, жаңашылдық нарықтағы жағдайды ӛзіне қолайлы бағытта ӛзгертуге мүмкіндік бере отырып, нарықтың тұрлаусыздығынан ӛзін-ӛзі қорғайды. Екіншіден, жаңашылдық кәсіпкердің жаңалық енгізу арқылы бәсекеден әкетеді, сонымен бірге оның тұрақты бәсекелік артықшылыққа ие болуына ықпал етеді.
94
Бәсекелестікті кәсіпкерлерді жаңашылдыққа итермелейтін себеп ретінде жеке қарастыру оның экономикалық жүйедегі сыртқы кӛзге кӛрінбейтін, алайда ерекше маңызын кӛрсетуге мүмкіндік береді. Жаңашылдықтың ғылыми-техникалық прогресс пен экономикалық ӛсу факторы екені шүбәсіз факт, сӛйтсе де жаңашылдықтың статикалық нарықтық тепе-теңдікті үнемі бұзатын кӛз екені маңыздырақ.
Кәсіпкерлік адамның нарықтағы ӛзгерістерді сезіп-білу қабілетіне емес, нарықтағы жағдайды ӛзгертуге ұмтылыс жасап игілікті еңбегіне негізделуге тиіс. Демек кәсіпкерліктің жаңашылдық функциясы бүкіл шаруашылық жүргізу ортасын ӛзгертуді мақсат тұтатынын білдіреді.