Кәсіпкерлік қызмет қолайсыз нәтижелердің, оң салдардың пайда болу мҥмкіндігімен байланысты болғандықтан, олардың пайда болуын азайтатын немесе теріс салдарды болдырмайтын әдістер мен тәсілдерді жасап шығару қажеттілігі туындайды. Экономикалық ғылымда мҧндай сипаттағы іс- әрекеттерді тәуекелді басқару жҥйесі деп атайды. Кәсіпкерлік фирманың
қызметінің шекті нәтижелеріне тәуекелдің әсерін жҧмсартуға бағытталған қызметтің ерекше тҥрі.
Тәуекелді басқару тҧжырымдамасы ҥш негізгі айқындамадан тҧрады:
1) Тәуекел жағдайында кәсіпкерлік қызмет салдарын анықтау;
2) Бҧл қызметтің мҥмкін болатын теріс салдарына әсер ету қабілеті;
3) Жасалатын іс-әрекеттердің оң нәтижелері жойылатын немесе теріс нәтижелердің орны толтырылатын шараларды жасап шығару мен жҥзеге асыру.
Тәуекелді басқару шешімді қабылдау барысында нҧсқаларды іздеуді білдіреді. Тәуекелді сапалық бағалау кәсіпкерлік фирманың ҧзақ мерзімді перспективада кәсіпкерлік фирманың табысқа жету мҥмкіндіктерін арттырады, оның қаржылық жағдайының нашарлау қаупін біршама тӛмендетеді.
4-кестеде кәсіпорын тәуекелін басқарудың негізгі әдістерінің жіктемесі келтірілген. Аталған әдістердің бір бӛлігі болашақта тәуекелді тӛмендетуді, ал қалған бӛлігі дереу тӛмендетуді кепілдендіреді. Бір әдістерді шамаға тікелей әсер ету шаралары ретінде, ал қалған әдістерді – жанама әсер ету шаралары ретінде қарастыруға болады.
4-кесте – Тәуекелді басқару әдістерінің жіктелуі
Тәуекелді ескерту әдістері
Тәуекелді болдырмау әдістері
Тәуекелді локальдау әдістері
Тәуекелді әртараптандыру әдістері
Тәуекелдің экономикалық салдарын тӛмендету әдістері
Тәуекел туралы қажетті ақпаратты алу Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау
Белсенді мақсатқа бағытталған маркетинг Сыртқы орта дамуын болжау
Персоналды оқыту мен оның инструктажы Ескерту шараларын жҥзеге асыру (аварияға қарсы, ӛртке қарсы)
Сенімсіз әріптестерден бас тарту Гаранттарды іздестіру Тәуекелді жобалардан бас тарту
Мҥліктің консервациясы Қабілетсіз қызметкерлерді жҧмыстан босату
Тәуекелді жобаларды жҥзеге асыру ҥшін еншілес кәсіпорындарды қҧру
Арнайы қҧрылымдық бӛлімшелерді қҧру (негізделген балансы бар) Тәуекелді жобаларды жҥзеге асыру ҥшін бірлескен қызметті жҥзеге асыру туралы келісімшартты жасау
Жеке жобалардың қатысушылары (бірігіп
орындаушылар) арасында тәуекелдерді ҥлестіру Ӛткізу мен тасымалдарды әртараптандыру Инвестицияларды әртараптандыру Қызмет тҥрлерін әртараптандыру Уақыт бойынша тәуекелді ҥлестіру
Лимиттеу Ӛзін-ӛзі сақтандыру (қорларды қҧру мен резервілеу) Ӛзара
сақтандыру Сақтандыру
Қазақстанның шаруашылық жҥргізу тәжірибесінде тәуекелді болдырмау мен локальдау әдістері кеңінен тараған. Бҧл әдістерді сенімсіз әріптестер қызметінен бас тартатын, тек сенімді контрагенттермен жҧмыс істеп, әріптестер ортасын кеңейтуді қаламайтын кӛптеген ӛндірістік кәсіпорындардың басшылары қолданады.
Тәуекел дәрежесін болдырмау және лимиттеу. Кәсіпкерлік тәуекелдерді болдырмаудың бҧл бағыты ең ҧтымды болып табылады және кәсіпорын ҥшін тәуекелдің кез-келген тҥрін болдырмауды білдіреді. Тәуекелден бас тарту туралы шешім, оны қабылдаудың алдынғы сатысында немесе шешімді қабылдау сатысында қабылдануы мҥмкін, ал кейбір жағдайда кейіннен де қабылдануы мҥмкін. Тәуекел деңгейі болжанғаннан жоғары болса, кәсіпорын ӛзі атқаратын қызметтің қандай да бір тҥрінен бас тартуы да мҥмкін. Оны болдырмау туралы шешімдердің кӛбісі шешімді қабылдау сатысында қабылданады. Ӛйткені кәсіпорын қатысатын қызмет тҥрі ол ҥшін біршама қаржылық және басқа да шығындарға алып келуі мҥмкін. Бҧл жағдай кӛбінесе келісім шарт міндеттемелерін орындаумен байланысты.
Тәуекелді тӛмендетудің аталған бағыты ең қарапайым және ҧтымды болып табылады. Ол жҧмсалатын шығындар мен белгісіздікті толығымен болдырмауға мҥмкіндік береді, алайда тәуекелге байланысты қызметтен пайда кӛлемін алуға мҥмкіндік бермейді.
Белгілі бір дәрежеде тәуекелді жартылай болдырмау тәсілі оның шоғырлануын лимиттеу болып табылады. Бҧл механизм тәуекел жіберілетін деңгей шегінен шығатын кәсіпкерлік тәуекелдерге қатысты қолданылуы мҥмкін. Мҧндай лимиттеу, кәсіпорын қызметінің алуан тҥрлі аспектілерін жҥзеге асыру саясатын жасап шығару ҥрдісінде, кәсіпорында сәйкес нормативтерді орнату жолымен жҥзеге асырылады. Тәуекелдердің шоғырлануын лимиттеуді қамтамасыз ету келесі жағдайлардан тҧруы мҥмкін:
- шаруашылық қызметте қолданылатын қарыз қаражаттарының шекті мӛлшері (ҥлес салмағы). Бҧл лимит кәсіпорынның операциялық және инвестициялық қызметі ҥшін бӛлек белгіленеді. Ал бірқатар жағдайларда – жеке қаржылық операциялар ҥшін де (нақты инвестициялық жобаны қаржыландыру ҥшін, айналым активтерін қалыптастыруды қаржыландыру ҥшін және т.б.);
- жоғары ӛтімді нысандағы активтердің минималды мӛлшері (ҥлес салмағы). Бҧл лимит кәсіпорынның жедел қаржылық міндеттемелерін жуық арада ӛтеу мақсатында жоғары ӛтімді активтердің резервін жасаумен сипатталатын «ӛтімді жастықтың» қалыптасуын қамтамасыз етеді. «Ӛтімді жастық» ретінде ең алдымен кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық салымдары, сонымен қатар оның дебиторлық борышының қысқа мерзімді нысандары шығады;
- бір сатып алушыға ҧсынылатын тауарлық (коммерциялық) немесе тҧтынушылық несиенің максималды мӛлшері. Несиелік тәуекелді шоғырландыруды тӛмендетуге бағытталған несиелік лимиттің мӛлшері, ӛнім сатып алушыларына тауарлық несиені ҧсыну саясатын қалыптастыру кезінде орнатылады;
- бір банкте орналастырылатын депозитті салымның максималды мӛлшері. Бҧл нысандағы депозитті тәуекелді шоғырландыруды лимиттеу, кәсіпорын капиталын инвестициялаудың аталған қаржылық қҧралын қолдану ҥрдісінде жҥзеге асырылады;
- бір эмитенттің бағалы қағаздарының қаражаттарын салудың
максималды мӛлшері. Лимиттеудің бҧл нысаны, бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру кезінде жҥйелік емес (ерекше) қаржылық тәуекелді шоғырландыруды тӛмендетуге бағытталған. Бірқатар институционалды инвесторлар ҥшін бҧл лимит міндетті нормативтер жҥйесінде, олардың қызметін мемлекеттік реттеу ҥрдісінде орнатылады;
- дебиторлық борышқа қаражаттарды аудартудың максималды кезеңі. Осы қаржылық норматив есебінен тӛлемқабілетсіздік тәуекелін, инфляциялық тәуекелді, сонымен қатар несиелік тәуекелді лимиттеу қамтамасыз етіледі.
Қаржылық тәуекелдердің шоғырлануын лимиттеу ҥлкен шығындарды талап етпейтін және осы тәуекелдерді қабылдау бӛлігіндегі, кәсіпорынның қаржылық идеологиясын жҥзеге асыратын тәуекел-менеджменттің, кеңінен таралған ішкі механизмдерінің бірі болып табылады. Тәуекелдерді басқарудың аталған әдісі қаржылық және коммерциялық тәуекелдерге қатысты тиімдісі болып табылады және басқа тәуекелдерді басқару кезінде оны қолдану міндетті емес.
Кәсіпкерлік қызметте тәуекелдерді тӛмендету әдістерінің бірі әртараптандыру болып табылады. Әртараптандыру – бір-бірімен ӛзара тікелей байланысты емес, қызметтің алуан тҥрлері арасында капитал салымдарының кҥшін ҥйлестіру. Бҧл жағдайда, егерде кҥтілмеген жағдайлар нәтижесінде қызметтің бір тҥрі зиянды болса, екіншісі табыс әкелетін болады.
Әртараптандыру тәуекел деңгейін тӛмендету әдісі ретінде.
Ӛз қызметінде кәсіпкер әртараптандырудың келесідей типтерін қолдана алады:
1) Шоғырланған әртараптандыру – техникалық және маркетингтік кӛзқарастан кәсіпорыннан шығарылатын ӛнімге ҧқсас болатын ӛз номенклатурасын толтыру. Мысалы, қҧрылыс кәсіпорындары ҥшін, ӛнеркәсіптік және азаматтық қҧрылыспен қатар – коттедждер, гараждар, саяжайдағы ҥйлер, сауда павильондарының қҧрылысы, кҥрделі және ағымдық жӛндеу. Әртараптандырудың бҧл тҥрі ӛндіріс профилін ӛзгертпейтін болғандықтан, қызмет ҥрдісіне біршама қосымша салымдарды талап етпейді.
2) Кӛлденең әртараптандыру – кәсіпорынның негізгі қызметіне байланысты болмайтын қызметтермен және ӛнімдерімен ӛз ассортиментін ҧлғайту арқылы, сонымен қатар, тҧтынушылардың қызығушылығын тудыратын қызмет жҥйесі.
3) Конгломератты (латенттік) әртараптандыру – кәсіпорын қолданатын технологияға, қызмет ету аяларына және қазіргі ӛндіріліп жатқан тауарларына ешқандай қатысы жоқ жаңа ӛнім ӛндіру арқылы ӛз ассортиментін кеңейту.
Тәжірибеде кӛбінесе кӛлденең әртараптандыруды қолдану жиі кездестіріледі.
Әртараптандыру әдісі ӛндірістік, коммерциялық және инвестициялық тәуекелдерді тӛмендетуге мҥмкіндік береді. Қазіргі кезде кәсіпорындардың кӛпшілігінде конгломератты әртараптандыру қолданылады. Бҧл механизм, ең алдымен тәуекелдердің жҥйелік емес тҥрлерінің теріс қаржылық салдарын болдырмау ҥшін қолданылады. Сонымен қатар, ол белгілі бір дәрежеде жҥйелік тәуекелдердің жеке тҥрлерін тӛмендетуге мҥмкіндік береді. Әртараптандыру
механизмінің іс-әрекет ету қағидасы шоғырлануға бӛгет болатын тәуекелдерді таратуға негізделген.
Әртараптандыру механизмін жалпы сипаттай отырып, ескеретін жайт, ол жеке тәуекелдердің теріс салдарын тӛмендетуге әсер етеді. Жҥйелік емес топтың кешенді тәуекелдерін болдырмауда сӛзсіз тиімділікті қамтамасыз ете отырып, ол жҥйелік тәуекелдердің, ең алдымен инфляциялық және салықтық тәуекелдерді болдырмауға септігін тигізбейді. Сондықтан, кәсіпорында бҧл механизмді қолдану шектеулі сипатқа ие. Сонымен қатар, тәжірибеде жҥзінде әртараптандыру тәуекелді тек тӛмендетпей, кӛбейтеді. Тәуекелдің кӛбеюі кәсіпкер ӛз қаражаттарын, оның білімі мен басқарушылық қабілеттері шектеулі болатын қызмет аясына салған жағдайда болады. Бҧл жағдайда қызметтің басқа аяларынан алынатын пайдалар есебінен, зиян әкелетін қызмет аясын қолдауды болғызбау керек. Ӛйткені мҧндай тәжірибе барлық пайданы зиянды салаға жҧмсалуына әкелуі мҥмкін.
Демек, әртараптандыру – бҧл негізгі қызметпен байланысты емес, белгілі бір жобаларға салымдарды салудан тҥсетін табыс алуға мҥмкіндік беретін тәуекелдерді басқару әдісі. Әртараптандыруды қолдану, кәсіпорынды банкроттықтан қҧтқаруға және ары қарай ӛз қызметін жалғастыруға мҥмкіндік береді.
Тәуекелді тӛмендетудің келесі әдісі сақтандыру болып табылады. Ӛз кезегінде сақтандыру тәуекелді тӛмендетуге қойылатын идеалды жағдайларға жауап береді. Ӛйткені шығындарды жабу ҥшін қажетті ресурстарды, кәсіпкерлік фирмалар бизнес ішіндегі басқа ресурстарды қоспағанда, сақтандыру ҧйымдарынан тез алады.
Сақтандыру ҥшін тӛленетін сақтандыру жарналары (сақтандыру сыйақылары) есебінен қалыптасатын, ақшалай қорлар есебінен белгілі бір жағдайлар (сақтандыру жағдайлары) болған кезде жеке және заңды тҧлғалардың мҥліктік мҥдделерін қорғау бойынша ӛзара қатынастарын сипаттайды. Және де мҧнда, кәсіпкердің потенциалды сақтандыру мҥддесі тәуекелдің максималды мҥмкін болатын шамасын жабуға қол жеткізумен байланысты. Бірақ, сақтандырушы, жауапкершілікті қабылдау туралы мәселені шешу барысында ең алдымен, сақтандырушының еркіне байланысты болмайтын сақтандыру жағдайының ықтималды сипатынан шығуы керек. Ішкі тәуекелдер әрқашанда бҧл талаптарға жауап бере бермейді. Сәйкесінше, кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыру барысында бірінші кезекте сыртқы тәуекелдер сақтандырылуы тиіс.
Сақтандыруды жҥзеге асыру тиімділігі деп, ҥрдіске қатысатын екі тарап – сақтандырушы мен сақтандырылушы - келісім жасалмаған кездегі жағдаймен салыстырғанда, сақтандыру келісімін жасаған жағдайда экономикалық тиімділікке қол жеткізеді.
Сақтандырылушының экономикалық тиімділігінің мәні – бизнес пайдалылығы мен қорлардың айналымы тӛмендейтіндіктен, сақтандыру жарналарын тӛлеуге біршама қаражаттарды бӛлмеу және кҥтпеген жағдайларда пайда болған зияндардың орнын толтыру ҥшін ақшалай қаражаттардың қосымша кӛзін қамтамасыз етуде.
Сақтандырушыға тӛленген жарналар есебінен сақтандырылушы ӛзіне кәсіпкерлік қызмет барысында катастрофалық зияндар пайда болған жағдайда ӛз тҧрақтылығының қосымша кепілдігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару, сонымен қатар кҥтпеген жағдай пайда болған пайдадан кәсіпкерлік фирманың арнайы резервтік қорын (тәуекел қорын) қҧру ӛзін –ӛзі сақтандыру қҧралдары есебінен жҥргізілуі мҥмкін.
Кәсіпкерлік тәуекелдерді болдырмаудың бҧл бағытының механизмі, тәуекел контрагенттерінің іс-әрекеттерімен байланысты емес. Сонымен қатар, ӛзін-ӛзі сақтандырудың натуралды нысаны болуы мҥмкін. Ӛзін-ӛзі сақтандыру қоры ӛнім барысында уақытша қиындықтарды жеңіп шығуға мҥмкіндік береді.
Ӛзін-ӛзі сақтандыру, сақтандырылатын мҥліктің қҧны кәсіпкерліктің барлық мҥліктік және қаржылық кӛрсеткіштерімен салыстырғанда онша ҥлкен емес болған жағдайда қолданылады. Шындығында, ірі кәсіпкерлік фирмаға сақтандыру компаниясы арқылы онша қымбат емес қҧрал-жабдықты кездейсоқ бҥлінуден сақтау тиімсіз. Ӛзін-ӛзі сақтандыру шығындардың ықтималдылығы аз болған жағдайда да маңызға ие болады.
Тәуекелді басқарудың кӛптеген әдістері тек ӛзара толықтырушы ғана емес, сонымен қатар нақты жағдайдан шыға отырып, баламалы болып табылғандықтан, әрбір кәсіпорын экономикалық кӛзқарас тҧрғысына ең оңтайлы әдісті таңдап алуы керек.
Ӛзін – ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Кәсіпкерлік тәуекел пайда болуының негізгі объективті белгілерін атап ӛтіңіз.
2. Тәуекелдердің негізгі жіктемелік белгілерін атап ӛтіңіз . 3. Кәсіпкерлік тәуекелді сапалық және сандық бағалау.
4. Кәсіпкерлік тәуекелді басқару ҥрдісі қандай сатылардан тҧрады?
5. Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?
6. Кәсіпкерлік тәуекелді болдырмау механизмі қандай?
7. Тәуекелдерді болдырмау бағыты ретінде одан қашу мен лимиттеу әдістемесі.
8. Тәуекелді тӛмендету әдісі ретіндегі әртараптандырудың мәні неде?
9. Сақтандыру - тәуекелді тӛмендету әдісі ретінде?
10. Ӛзін – ӛзі сақтандыруды кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару тәсіліне жатқызуға бола ма?
?
4 - тақырып:
4.1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖОСПАРЛАУ ҤРДІСІ, ТҤРЛЕРІ МЕН