деңгеймен салыстыру және оның кӛрсеткіштеріне сәйкестендіру міндеттерін орындауға бағытталған.
Қазіргі жағдайларда шағын кәсіпорындарда, кәсіпорын табысын кӛбейту, ӛндіріс тиімділігін ӛсіру және шектеулі ресурстарды ҥнемдеуге қол жеткізу ҥшін, шекті нәтижелердің мазмҧны мен бағытталуы бойынша кӛрсеткіштер жҥйесін қолдану керек.
12.2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазіргі маркетингтік концепцияға негізделетін кәсіпкерлікке әрқашанда мақсаттардың кӛптілігі тән. Ол ең алдымен, мақсатты ҥрдістің баламалалығы бойынша танылады. Онда мақсаттардың кӛбісінің ішінен тиімділік қағидаларына сәйкес келетін тек біреуі ғана таңдалынады.
Мақсаттардың кӛптілігі оның кӛпэлементті қҧрамымен танылуы мҥмкін.
Кәсіпкерлік қызмет ӛз аясында ҥш тетікті байланыстырады: ӛндірістік, коммерциялық және қаржылық.
Әдетте, кәсіпкерлік қҧрылымның қызметін бағалау кезінде кез-келген шаруашылық субъект қызметінің басты мақсатынан - кәсіпорынның ҧзақмерзімді (стратегиялық) тҧрақтылығын қамтамасыз етуден шығатын критерийлер ескеріледі, олар:
- оның бәсекеқабілеттілігі (Б), - пайдалылығы (П) және
- қаржылық тҧрақтылығы (Қ). Оны ҥш ӛлшемді координат жҥйесі арқылы сипаттауға болады:
Э = f (Б, П, Қ)
Мақсатты қою кезінде, егерде қарама-қайшылықтар туындап жатқан жағдайда, басқарудың нарықтық тҧжырымдамасы ретінде маркетинг қағидаларын жҥзеге асыра отырып, кәсіпкердің нарықтық позицияларының тҧрақтылығы мен бәсекеқабілеттілігін сипаттайтын мақсаттарға басымдылық беру керек.
Мҧндай тәсіл маркетингтік концепцияға сәйкес пайданы максималдауға деген ҧмтылысқа қарама-қайшы болмайды. Бірақ ҧзақмерзімді болашақта табысты қызмет ету ҥшін жағдайлар жасайды. Және де мҧнда тиімділікті бағалау, стратегиялық басымдылықтарды ескере отырып жҥргізіледі. Негізінде кәсіпкерлік тӛмендегі кӛрсетілген жағдайларға бағытталған кезде тиімді бола алады:
- бәсекеқабілетті ӛнімді ӛндіруге,
- ӛнімнің қасиеттері мен сапалық сипаттамаларын ҥздіксіз жақсарту ҥрдісіне.
Отандық кәсіпкерлер ҥшін ӛнімнің сапасын жақсарту мәселесі ӛте ӛзекті.
Ол кәсіпкерлік қҧрылымның ӛз бетінше жҧмыс істейтін, шаруашылық субъект ретінде қызмет етуіне тек қана сыртқы ғана емес, сонымен қатар ішкі орта да әсер ететін ашық әлеуметтік-экономикалық жҥйе ретінде сипатталынады.
Зерттеу мәліметтері кӛрсеткендей, кәсіпкер жҧмысының тиімділігін бағалау кезінде келесідей қағидаларды ҧстану қажет:
тиімділік кӛрсеткіштерін серпінділігі тҧрғысынан талдауды ӛткізу;
кӛрсеткіштерді орташа салалық, сонымен қатар тікелей бәсекелестердің ҧқсас кӛрсеткіштерімен салыстыру;
кәсіпкерлік қҧрылымды басқару тиімділігін кешенді тҥрде бағалау;
жеке кӛрсеткіштер арасында себепті-салдарлы және функционалды байланыстарды ашып кӛрсететін нәтижелерді сараптамалық бағалау;
тиімділікті бағалау модельдерінің стратегиялық бағытталуы мен олардағы кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің ӛзгеруін есепке алу.
Тиімділікті бағалаудың кӛптеген әдістері мен процедуралары бар. Бірақ, олардың барлығы жоғарыда келтірілген қағидаларды жҥзеге асырмайды. Кӛп жағдайларда алуан тҥрлі ҧйымдардың ҧқсас қызметтерін салыстырмалы бағалау жҥргізіледі және ол атап айтқанда, маркетингтік және бенчмаркингтің жҥйелерінің аясы бойынша жҥргізіледі.
Интегралды тҥрде кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін кәсіпорынмен алынған пайда мен рентабельділік бойынша бағалаған жӛн. Бірақ, пайданың қандай фактордың есебінен алынғандығы, оның ҧйымның болашағына қалай әсер ететіндігі бҧл талдауда қарастырылмайды.
Кәсіпкер қызметінің тиімділігін бағалаудың қазіргі қағидаларын толығымен жҥзеге асыру ҥшін критерий ретінде кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің ӛсімін пайдалану ҧсынылады. Ол пайданы алудың негізі болып табылады. Ӛйткені бәсекеқабілеттіліктің тӛмендеуі ӛнім ӛткізу нарығын жоғалтуға әкеледі.
Қызмет тиімділігінің деңгейі қойылған мақсаттарға байланысты.
Сондықтан да тиімділік моделін нақты кәсіпкерлік қҧрылымның басымдылығының бағытына байланысты – ҧзақ уақыт қызмет ету ме, әлде жоғары пайдаға қол жеткізу ме - соған байланысты қою керек. Егерде біріншісі болса, онда ҧйым бәсекеқабілеттілігінің ӛсіміне әкелетін кәсіпкерлік қызметті тиімді деп санау қажет. Және де мҧнда шектеу ретінде теріс емес пайда немесе теріс емес шекті табыс (жеке мәмілелер бойынша) функциясы болуы қажет. t-1 мерзімінен t мерзіміне дейінгі кәсіпкер жҧмысының тиімділігі, t-1 мерзімінің басына және t мерзімінің аяғына дейінгі бәсекеқабілеттілік деңгейлерінің арақатынасына байланысты бағаланады
Э = КСПt - КСПt-1, t
мҧнда П(МД)i ≥ 0, (1) i= t-1
Егер ӛткен талдау мерзімдері бірнеше болса, онда мерзім басын «0» индексі деп белгілеп, біз тӛмендегідей формула аламыз
Э = КСПt – КСП0, t
мҧнда П(МД)i ≥ 0, (2) i=0
Егер басымдылық жоғары пайдаға берілсе, онда t-1 мерзімінен t мерзіміне дейінгі кәсіпкер жҧмысының тиімділігі, осы мерзімде алынған пайда шамасы бойынша бағаланады
t Э = Пi
i= t-1
мҧнда КСПt - КСПt-1 ≥ 0, (3)
Егер ӛткен талдау мерзімдері бірнеше болса, онда мерзім басын «0» индексі деп белгілеп, біз келесі жағдайдың кӛрінісін байқаймыз.
t Э = Пi
i=0
мҧнда КСПt – КСП0 ≥ 0, (4)
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау барасында жалпы (баланстық) пайданы пайдалануға болады. Бірақ, кәсіпкер қызметінің нақты нәтижесін, оның салықтарды тӛлегеннен кейінгі пайдасы – яғни таза пайда нақты тҥрде кӛрсетеді.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нәтижесі ретінде пайданы қалыптастыру мен талдау моделі ҧсынылады. Онда шығындардың қҧралуы ӛнімнің ӛмірлік циклының сатысына байланысты болады. Бҧл жағдайда пайданы есептеу кезінде келесілерді ескеру қажет:
- жаңадан қалыптасып келе жатқан нарық бойынша (енгізу сатысында) тек тікелей шығындарды ескеру;
- тез дамып келе жатқан нарық бойынша (ӛсу сатысында) есептеу кезінде толық шығындар мен несие бойынша пайыздарды тӛлеуді ескеру;
- толу және кемелдену сатысында толық шығындарды ескеру;
- тӛмендеу сатысында тек тікелей шығындарды ескеру қажет.
Осылайша, пайданың жалпы сомасы,ӛнімнің ӛмірлік циклдың әртҥрлі сатылары бойынша пайда болған сомасы ретінде анықталады. Кәсіпкерлік қызмет нәтижесінің, ӛнімнің ӛмірлік цикл сатысында тәуелділігін ескерсек, кәсіпкерлік қызметтен пайда табу моделі келесідей тҥрде сипатталуы мҥмкін:
мҧндағы j – енгізу сатысындағы ӛнім тҥрі k – енгізу сатысындағы ӛнім тҥрлерінің саны ц j –j – тҥріндегі ӛнім бірлігінің бағасы
sпр j – j – тҥріндегі ӛнім бірлігіне жҧмсалатын тікелей шығындар P j – j – тҥріндегі ӛнімді ӛткізу кӛлемі
l – ӛсу сатысындағы ӛнім тҥрі
m – ӛсу сатысындағы ӛнім тҥрлерінің саны ц l – l – тҥріндегі ӛнім бірлігінің бағасы
s l– l – тҥріндегі ӛнім бірлігіне жҧмсалатын толық шығындар P l – – l – тҥріндегі ӛнімді ӛткізу кӛлемі
Kp – ӛндірісті дамытуға алынған несие сомасы
Ikp – есеп-айрысу кезіндегі несие бойынша пайыздық ставка d – нарықтың толуы мен кемелденуі сатысындағы ӛнім тҥрі
n – нарықтың толуы мен кемелденуі сатысындағы ӛнім тҥрлерінің саны;
ц d –d –тҥріндегі ӛнім бірлігінің бағасы
s d– d –тҥріндегі ӛнім бірлігіне жҧмсалған толық шығындар P d – d –тҥріндегі ӛнімді ӛткізу кӛлемі
6
ПП = Пi (1- Нст) = { i=1
k
(ц j – sпр j )*P j +
j=1
m
(ц l – s l )*P l – Kp*Ikp+
l=1
n
(цd – s d )*P d +
d=1
r
(ц f – sпр f )*P f }(1- Нст),
f=1
f – тӛмендеу сатысындағы ӛнім тҥрі
r – тӛмендеу сатысындағы ӛнім тҥрлерінің саны ц f –f –тҥріндегі ӛнім бірлігінің бағасы
sпр f – f –тҥріндегі ӛнім бірлігіне жҧмсалған тікелей шығындар P f - f –тҥріндегі ӛнімді ӛткізу кӛлемі
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалауға деген вариантты тәсілдің мәні неде?
2. «Тиімді» және «тиімділік» тҥсініктерінің ерекшеліктері неде?
3. «Нәтиже» және «мақсат» тҥсініктерінің байланысы неде?
4. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалаудың негізгі қағидаларын атап ӛтіңіз.
5. Ӛнімнің ӛмірлік циклының сатыларын сипаттап беріңіз.
6. Кәсіпорын имиджінің кӛрсеткіші немен сипатталады?
7. Кәсіпкерлік қызмет кӛрсету концепциясы деп нені айтады?
8. "Бенчмаркинг" тҥсінігіне сипаттама беріңіз.
9. Кәсіпкерліктің тиімділігін бақылау жҥйесін сипаттап беріңіз.
10. Кәсіпорынның ӛндірістік-шаруашылық қызметі қандай кӛрсеткіштермен сипатталады?
?
13 - тақырып:
13.1 КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ