5 - тақырып:
5.1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ
ҧйымдар мен кәсіпорындармен – қаржыларды бӛлу бойынша, бҧл жағдайда қаржылық ресурстардың қозғалысы қор сипатында емес тҥрде жҥзеге асырылады (келісім шарттық міндеттемелерін бҧзған жағдайда айыппҧл тӛлеу, әртҥрлі пайлық салымдар салу, бірлескен қызметтен тҥсетін пайданы ҥлестіру, мемлекет пен басқа да кәсіпкерлік ҧйымдардың қҧнды қағаздарын сатып алу, олардан дивидендтер алу);
ӛнім тҧтынушылармен – кәсіпорындар олармен байланысқа тҥсе отырып келісім – шарттардың тҥрлері мен нысандарын ӛзі таңдайды.
Міндеттерді орындау шарттары мен санкцияларды пайдалану тәртібін ӛздері анықтайды. Ӛз ӛнімдеріне деген бағаны ӛздері қалыптастырады.
Жабдықтаушылар бағаларының негізділігін ӛз бетінше анықтайды. Жоғарыда аталған факторлар кәсіпорынның қаржылық шекті нәтижелеріне біршама әсер етеді;
сақтандыру ҧйымдарымен – міндетті және ерікті сақтандырудың әр тҥрлі тҥрлерін таңдау бойынша;
банктік жҥйемен – қарыздарды алу және ӛтеумен, пайыздарды тӛлеумен байланысты есепті-кассалық қызмет кӛрсету бойынша, сонымен қатар банктерге ӛзінің бос ақша қаражаттарын белгілі бір ақы ҥшін уақытша пайдалануды ҧсыну бойынша;
мемлекетпен – бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды қҧрастыру және қалыптастыру, қолдану бойынша. Ақшалай қатынастардың бҧл тобы бюджетке және бюджеттен тыс қорларға алуан тҥрлі салықтарды, алымдарды, жарналарды және т.б. тӛлеу арқылы жҥзеге асырылады. Екінші жағынан, ӛндірістік емес сфераны, мақсатты бағдарламаларды және т.б. бюджеттік қаржыландыру тҥрлері жҥзеге асырылады;
жоғарғы басшылық қҧрылымдармен – кәсіпорын ішіндегі қаржылық ресурстарды қайта ҥлестіру бойынша «тікелей» және «кӛлденең» ӛзара байланыстар.
Жоғарыда аталған қаржылық қатынастар ҥшін ортақ нәрсе, ол:
• олардың ақшалай нысанда сипатталуы және ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелеуі;
• екі жақты сипатқа ие болатындығы және кәсіпорынның нарықтың басқа да қатысушыларымен белгілі бір шаруашылық операцияларының нәтижесі болып табылатындығы;
• ақшалай қаражаттың қозғалу ҥрдісінде, қаржылық қарым – қатынастық негізінде әр тҥрлі бағыттағы кәсіпорынның ақшалай қорлары қалыптасады.
Кәсіпорынды қаржыландыру кӛздері - ішкі (меншікті капитал) және сыртқы (қарыз және тартылған капитал) болып бӛлінеді. Ішкі қаржыландыру ӛз қаржысын пайдалануды, оның ішінде ең алдымен – таза пайда мен амортизациялық аударымдарды пайдалануды қарастырады.
Ішкі және сыртқы кӛздерден тҥсетін қаржы ресурстарының қҧрамы 12 – суретте келтірілген.
12 – сурет. Қаржы ресурстарының қҧрамы
Ӛз қаражаты есебінен қаржыландырудың бірқатар артықшылықтары бар:
• кәсіпорын пайдасынан толтырылу есебінен оның қаржылық тҧрақтылығы артады;
• ӛз қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тҧрақты тҥрде жҥргізіледі;
• сыртқы қаржыландыру бойынша шығындар азаяды (несие берушілерге қарыз бойынша қызмет кӛрсету);
• қосымша шығындарды жабу кӛздері алдын-ала белгілі болғандықтан, кәсіпорынды дамыту бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау ҥрдісі жеңілдейді.
Кәсіпорынның ӛзін – ӛзі қаржыландыру деңгейі тек оның ішкі мҥмкіндіктеріне ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортасына (мемлекеттің салықтық, амортизациялық, бюджеттік, кедендік және ақша- несие саясатына) да байланысты болады.
Негізінде, кәсіпкерлік ҧйымдардың қызметін қаржыландырудың негізгі ішкі кӛздері пайда мен амортизациялық аударымдар болып табылады. Кәсіпорын пайдасы оның шекті нәтижесі болып ӛндірістік қызмет ҥрдісінің барысында қалыптасады. Бәсеке жағдайында еңбек ҧжымы пайданың ӛсуіне мҥдделі
Ішкі кӛздері
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Ӛз қаражаттары есебінен қҧрылатын
• негізгі қызметтен тҥсетін пайда
• орындалатын ҒЗЖ тҥсетін пайда және басқа да мақсатты табыстар
• қаржылық операциялардан тҥсетін пайда
• шаруашылық әдіспен тҥсетін ҚМЖ тҥсетін пайда
•ӛткізуден тыс табыстар
Оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қҧрылатын
• амортизациялық аударымдар
• шыққан мҥлікті ӛткізуден тҥскен табыстар
• тҧрақты пассивтер
• бӛлінбеген пайданың жинақталуы
• мақсатты тҥсімдер
• резервті қор
• еңбек ҧжымы мҥшелерінің пайлық және басқа да салымдары
Сыртқы кӛздері
Қаржы нарығында қозғалысқа тҥсетін
• ӛз бағалы қағаздарын (акциялар облигациялар және т.б.) сатудан тҥскен қаражаттар
• кредитные инвестиции
Қайта ҥлестіру бойынша тҥсетін
• тәуекелдер бойынша
сақтандырушы орын толтырулар
• сақтандыру полистері мен кепілдемелі куәліктерді ӛткізу
• пайлық бастамаларда
қалыптасатын қаржы ресурстары (ағымдық және инвестициялық қызметке ҥлестік қатысу)
• басқа эмитенттердің бағалы қағаздары бойынша дивидендтер, пайыздар
• одақтардан, ассоциациялардан, салалық қҧрылымдардан тҥсетін қаржылық ресурстар
• бюджеттік ассигнованиялар, субсидиялар, субвенциялар
болып табылады. Ӛйткені ол ӛндірістің ӛсуінің, сәйкесінше кәсіпорын қызметкерлерінің әл – ауқатының жақсару кӛзі болып табылады. Бірақ, кәсіпорынның мҧндай кӛз ретінде жалпы табыс емес, тек оның бюджетке барлық салықтар мен тӛлемдерді тӛлеп болғаннан кейінгі таза пайдасы болып табылады. Ол резервтік қорды, жинақтау және тҧтыну қорларын қалыптастыру ҥшін қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржыгерлер «капитал» тҥсінігін негізге алады, ол пайданы алу ҥшін әсер етудің нақты объектісі болып табылады.
Капиталдың және қаржылық ресурстардың табиғаты бір, ол – ақшалай қаражаттар. Бірақта капитал – бҧл кәсіпорынмен айналысқа жіберілген және осы айналымнан табыс әкелетін қаржы ресурстарының бӛлігі. Бҧл жағдайда капитал ҧзақ уақыт бойынша ақша қаражаттары тҥрінде қала алмағандықтан қаржы ресурстарының айналмалы тҥрін сипаттайды.
Амортизациялық аударымдар негізгі ӛндірістік қорлар мен материалды емес активтердің тозу қҧнының ақшалай сипаттамасын бейнелейді.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарының сыртқы кӛздерінің мәні артуда. Олардың ішінде жаңа тҥрлері пайда болуда, оларды қалыптастыру қҧрылымы ӛзгеруде.
Сыртқы қаржыландыру мемлекеттің, қаржы – несие ҧйымдарының, қаржылық емес ҧйымдардың және азаматтардың қаражаттарын қолдануды қарастырады. Сонымен қатар, ол кәсіпорын қҧрылтайшыларының ақшалай қаражаттарын қолдануды қарастырады. Қажетті қаржылық ресурстарды осы әдіспен тарту ең қолайлысы болып табылады. Ӛйткені ол кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және кейіннен банктік несиелерді алу шарттарын жеңілдетеді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ӛндірістік – шаруашылық қызметі қарыздық қаражаттарды пайдаланбай жҥргізу мҥмкін емес, оған мыналар жатады: банк несиелері, коммерциялық несиелер, яғни басқа ҧйымдардың қарыздық қаражаттары, кәсіпорын акциялары мен облигацияларын шығарудан және сатудан тҥскен қаражаттар қайтарымды негіздегі бюджеттік қаржы және т.б.
Қарыздық қаражаттарды тарту кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдетуге, жасалатын шаруашылық операцияларының кӛлемін кӛбейтуге, аяқталмаған ӛндірістің кӛлемдерін қысқартуға мҥмкіндік береді. Бірақ, аталған қаржыландыру кӛзін пайдалану кәсіпорынға ӛзіне жҥктелген қарыз міндеттемелерінің орындаумен байланысты белгілі бір мәселелердің туындауына әкеледі. Қарыз ресурстарын тартумен қамтамасыз етілген қосымша табыс мӛлшері несиені тӛлеу бойынша шығындарды жапқанша, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тҧрақты болып қала береді, ал қарыз капиталын тарту тиімді болады.
Бҧл кӛрсеткіштер теңестірілген жағдайда, қосымша табысты қамтамасыз етпейтін қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарыз кӛздерін тарту мәселесі пайда болады. Несие бойынша қарыздың шығындары оны пайдаланудан тҥскен қосымша табыстардан артқан жағдайда, ҧйымның қаржылық жағдайының нашарлауы әдбен мҥмкін.
Осылайша, қарыздық капитал негізінде қаржыландыру онша тиімді емес.
Ӛйткені несие берушілер ақша қаражаттарын қайтымдылық және тӛлем есебінде ҧсынады, яғни ӛз ақшаларымен кәсіпорынның меншікті капиталына қатыспайды, тек қарыз беруші ретінде шығады.
Қаржыландырудың әртҥрлі әдістерін салыстыру кәсіпорынға қаржылық қамтамасыз етудің оптимальды вариантын таңдауға, қызметті пайдаланудың ағымдағы және кҥрделі шығындарын жабуға мҥмкіндік береді.