• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Кәсіпорын кәсіпкерлік субъектісі ретінде

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 121-125)

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ КӘСІПКЕРЛІК МІНЕЗ-ҚҦЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

8.9. Кәсіпорын кәсіпкерлік субъектісі ретінде

Шаруашылық қызмет әр уақытта белгіленген ұйымдастыру нысанында жү-зеге асырылады.

Ӛндірістің машиналық кезеңіне кӛшуге байланысты кәсіпорын ӛндірісті ұйымдастырудың негізгі нысанына айналды.

Кәсіпорын – тарихи санат. Ол үнемі болған емес және ӛндірістің белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. Кәсіпорынның экономикалық тегі оның техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық деп аталатын екі қырының ерекшеліктерімен сабақтасады.

Кәсіпорынның техникалық-экономикалық қыры кәсіпорынның технология-лық бірлік ретіндегі ерекшеліктерін сипаттайды. Кәсіпорынның кооперацияға, яғни еңбек құралы ұйымдастырушы элемент, ал ӛнім жекелеген ӛндірістік операцияларды орындайтын еңбегінің интегралдық нәтижесі болып табылатын ӛндіріс процесінің ішіндегі еңбекті бӛлуге негізделген кооперацияның ерекше түріне негізделуін оның ерекшелігіне жатқызуға болады.

Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық қыры кәсіпорынды оның шаруа-шылық уәждемесі жағы мен оның шаруашылық жүйедегі алатын орны және ат-қаратын рӛлін сипаттайды. Уәждеме қатысында айтатын болсақ, осы орайда кә-сіпорын ішкі кооперациямен сабақтасатын технологиялық жағынан тұтас болса, онда ол шаруашылық жүргізетін жеке субъект ретінде бӛлініп, экономикалық ресурстарды жеке қозғалтатын факторға айналады. Осылай жұмыс істейтін кәсіп- орын ерекше мүдделері бар және ӛзінің шаруашылық қызметінің нәтижелері есе-бінен ұдайы ӛндірісті жүзеге асыратын шаруашылық бірлік болып табылады.

Аталмыш бірліктің құқықтары мен міндеттері болуына байланысты оның ша-руашылығы дербес болады, екінші жағынан, ол ӛзінің жеке меншік экономикалық мүдделерін іске асыратын тауар ӛндіруші болып табылады. Сӛйтсе де күрделі сатылас басқарылатын құрылым ретінде оның ішкі ӛзара байланыстарын үйлестіру керек, сол себептен кәсіпорынды басқару айрықша функция ретінде қарастырылады. Мұның ӛзінде кәсіпорын ӛндірістік ресурстарды ұтымды қолдануды қам-тамасыз етіп отыратын ӛндірісті ұйымдастыру жағынан да, сонымен бірге ӛнді-рістік процеске тартылған барлық қатысушыларды (меншік иелерін, басқарушы-ларды, қызметкерлерді) барынша экономикалық уәждендіруді қамтамасыз ететін бақылау нысанын орнату проблемасы бар ӛндірісті ұйымдастыру жағынан бас-қарылады.

Сӛйтіп, кәсіпорын – күрделі кооперацияға негізделген және қоғамдық еңбек бӛлінісі жүйесінде қоғамдық ӛндірістің экономикалық жағынан жеке буыны ре-тіндегі ӛндірісті ұйымдастырудың тарихи белгіленген нысаны. Кейбір ұқсас бел-гілері болса да, кәсіпорын ӛзінің мүліктік жауапкершілігімен кәсіпкерлік коммерциялық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін меншік құқықтары ресімделген шаруашылық бірлік болып табылатын фирма деген ұғыммен үйлеспейді. Біріншіден, кәсіпорынға тән ішкі кооперация мен фирмаға тән меншік құқығы сияқты олардың белгілері де әр түрлі. Кәсіпорын – бұл ең алдымен ӛндіргіш күштердің бүкіл жиынтығы, ал фирма – мүліктік құқықтар кешені. Екіншіден, «фирма» деген ұғым

«кәсіпорын» деген ұғымнан кең. Кез келген шаруашылық бірлік жеке ұсақ кәсіпкер ретінде, сондай-ақ кӛп зауыттардың ірі бірлестігі фирма деп аталуы мүмкін. Ал кәсіпорын еңбек ӛндірістің

122

ішінде бӛлінетін шаруашылық бірлік қана аталады. Осы орайда кез келген кәсіпорынды фирма деп атауға болады, ал кез келген фирма кәсіпорын бола алмайды.

Кәсіпорынның түрі таңдалған ӛлшемге байланысты құрылады. Оларды функционалдық (салалық) белгісі бойынша ӛнеркәсіптік, кӛлік, аграрлық, қаржылық, сауда және қызмет кӛрсету саласы бойынша жіктелуге болады. Егер кәсіп-орынның түрі меншік құқығына негізделсе, онда жеке меншік, ұжымдық, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар болады. Кәсіпорынның түрі оның кӛлеміне негізделуі мүмкін. Осы орайда олар шағын, орта және ірі кәсіпорынға бӛлінеді. Экономикада кәсіпорындардың сол немесе басқа түрлері экономикалық, технологиялық, әлеуметтік-саяси сияқты кӛптеген факторлардың болуына байланысты болады, сондықтан кәсіпорындар түрінің құрылымы ӛзгереді.

Әрбір ұлттық экономиканың кәсіпорын түрлерінің ӛз құрылымы болады, алайда ұлттық ерекшеліктерге байланысты емес экономикалық процестер де жоқ емес. Олар кәсіпорын кӛлемінің ӛзгеруімен байланысты және екі бағыттағы тенденциялармен сабақтасады. Бір бағыт ӛндірістің шоғырлануының артуымен байланысты және кәсіпорынның кӛлемін ӛсіреді. Кәсіпорын кӛлемі экономикалық артықшылыққа ие болады.

Ірі кәсіпорындар «ауқымнан үнем тауып», ӛнімді аз шығынмен шығара алады, сондай-ақ нарықтағы билігін пайдаланып ӛндірістің кірістілігін арттыруды қамтамасыз ете алады. Олар қолындағы қомақты қаржы ресурстарын пайдаланып жаңа техника мен озық технологияларды енгізуге мүмкіндігі бар. Ірі кәсіпорындар шикізат пен материалдардың ірі тобын тӛмен бағамен сатып алып, жақсы әлеуметтік жағдай жасап білікті жұмыс күшін тартуы және мемлекет тарапынан қолдауға ие болуы мүмкін.

Сӛйтсе де кәсіпорындардың ірілендірілуінің келеңсіз салдары да жоқ емес, басқаруға жұмсалатын шығынның ӛсуі мен басқарушы буынның бюрокра-тиялануының салдарынан ӛндірістің тиімділігі тӛмендеп, ірі кәсіпорындар на-рық жағдайында ӛте маңызды ӛзінің икемділігін жоғалтады. Осының барлығы кәсіпорынның кӛлемін үлкейту жолындағы кедергілерді одан сайын кӛбейтеді. Сондықтан кәсіпкер ең алдымен кәсіпорынның тиімді жұмыс істейтін оңтайлы, яғни оның пайда әкелетін кӛлемін сақтауға тиіс.

Артықшылықты сақтап, арттыру тәсілі ретіндегі экономикалық ӛктемдікке ұмтылу мен оңтайлылықтың осы талабына кедергі келтіретін қарама-қайшылық кәсіпорындарды біріктіру арқылы шешіледі. Кәсіпорындар деңгейлес, сатылас және конгломераттық бірігу арқылы бірігеді.

Кәсіпорындар деңгейлес біріккенде ӛндірісті салалас кәсіпорындарды бірік-тіру арқылы шоғырландыру тәсілі қолданылып, шын мәнінде тек ӛндірістік қу-аттар қайта бӛлінеді.

Кәсіпорындарды деңгейлес біріктіргенде сала нарығындағы бәсекені жеңілдетіп, ӛндіріс ауқымын үнемдеуден пайда табу мақсаты қойылады.

Сатылас біріктіруде шикізат ӛндіруден бастап даяр ӛнімді сатуды қам-титын технологиялық тізбектің буындары бір бақылауға біріктіріледі, осының арқасында ресурстардың кӛздеріне, ӛніммен жабдықтау мен оны ӛткізу ка-налдарының сенімділігі қамтамасыз етіледі. Осы жағдайлар неғұрлым орнықты болса, кәсіпорындар сатылас бірігуге солғұрлым күшті ұмтылады. Сатылас бірігу тәсілінде тұйық ӛндірістік кешендер құрылып, олар монополияға айналуы ықтимал, сол себептен мемлекет бірігудің осы тәсіліне ерекше назар аударады.

Конгломераттық бірігуде әр түрлі салаларға жататын әрі ӛзара байланысты емес кәсіпорындар бірігеді, олар нарықтық жағдаяттың ауытқуының ықпалын жұмсартып, жаңа нарықтарға кіруді жеңілдету мақсаты қойылады. Кәсіпорындар ерікті бірігу негізінде, сондай-ақ бір кәсіпорынды екінші кәсіпорынның жұтуы арқылы да мәжбүрлі түрде бірігуі мүмкін.

Шоғырланудың осы түріне кіретін оңтайлы кәсіпорындар қауымдастығын оңтайлылықтың бәсекеге қабілеттілік деңгейі мен нарықты бақылау дәрежесі сияқты ӛзге санаттарымен реттеледі.

Құрылымды, басқару мен бақылауды ұйымдастырудың ерекшелігіне байланысты әр түрлі бірлестіктердің нысаны қалыптастырылады.

Трест – бір немесе бірнеше сала кәсіпорындарын біріктіретін нысан, мұның ӛзінде бірлестікке кіретін кәсіпорындар шаруашылық және ӛндірістік дербестігінен айырылады және олар орталықтан басқарылады.

Концерн – кӛп салалы кәсіпорындар кешені, онда құрылымдық бірліктер ӛзінің ӛндірістік және шаруашылық дербестігін сақтайды, алайда қатысу жүйесі бойынша қаржылық бақылау жасау арқылы бір басшылыққа бағынады.

Конгломерат – ӛз қызметінің нәтижелері үшін шаруашылық жауапкершіліктегі дербес кәсіпорындарды біріктіруге негізделген кӛп салалы, кӛп бейінді құрылым. Орталық басшылықтың айрықша құзыреті ең алдымен қаржы ресурстарын бӛлумен ғана байланысты стратегиялық шешім

123

қабылдаумен шектеледі. Басқарудың тым орталықтандырылуы мен осының нәтижесінде оларды басқару қиын әрі икемділіктің жетпеу салдарынан экономикалық қиындық туындағанда осындай бірлестіктер тарап кетеді.

Белгіленген міндеттерді шешу үшін бірқатар бірлестіктер уақытша құрылады.

Консорциум – белгілі бір міндеттерді шешу мақсатында бірлесіп қызмет істеу үшін кәсіпорындар уақытша біріктірілетін нысан. Консорциумға кіретін кәсіпорындар жалпы басшылыққа консорциумға қатысты қызмет бӛлігінде ғана бағынып, ӛзінің толық дербестігін сақтайды.

Шаруашылық қауымдастығы – заңды тұлғалар шаруашылық қызметті үйлестіру немесе ӛзінің мүдделерін қорғау мақсатында аумақтық немесе салалық белгісі бойынша ерікті негізде құрылатын бірлестік.

Кәсіпорындар бірлестігі ӛндіріс тиімділігінің артуына және нарықтардың жұмыс істеу жағдайының жақсаруына ықпал етеді. «Бірлестіктер» шаруашылық байланыстарды оңтайландырып, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізудің мүмкіндіктерін кеңейте отырып, ӛндіріс шығынының тӛмендеуіне және пайданың ӛсуіне ықпал етеді. Жекелеген бірлестіктер шеңберінде тиімділік ӛскен жағдайда саладағы, кейін бүкіл саланың тиімділігінің ӛсуіне септігін тигі-зеді. Шаруашылық қауымдастықтары тұтынушылардың сұранысын зерттеп, ӛндірілетін ӛнімнің түрін кеңейте отырып жиынтық сұраныстың артуына ықпал етеді. Сонымен бірге ӛндірістің шоғырлануының ӛсуі және осыған байланысты оның экономикалық ӛктемдігі бәсекелестік қарқынының тӛмендеп, нарықта монополияның пайда болуына әкеп соқтырады, осыған байланысты кәсіпорын-дардың бірігу қызметін бақылау орнату қажет.

Кредит-қаржы байланыстардың нығаюы, қатысу жүйесі мен тоқайласпалы директораттар нысанындағы жеке уния (үндесу) әр түрлі салаларға жататын шаруашылық бірліктерінің ауқымды топтарының – қаржы-ӛнеркәсіптік топтардың құрылуына әкеп соқтырады.

Қаржы-ӛнеркәсіптік топ – бұл экономикалық және қаржылық бірдей мүдделер біріктіретін және нарықтағы үстемдікті сақтау мақсатында үйлестірілген шаруашылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыратын әр түрлі салалардың ӛндірістік кәсіпорындарының (ӛнеркәсіптік, кӛлік, құрылыс, ғылыми) жә-не қаржы институттарының (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар) кешені.

Әдетте қаржы-ӛнеркәсіптік топқа ең ірі ӛнеркәсіптік кәсіпорындардың немесе банктердің жанында қалыптасатын аумақтық топтар жатады. Барлық қаржы-ӛнеркәсіптік топ әр түрлі салаларға қызмет етеді және айқын белгіленген ұйымдастыру шеңбері болмайды. Олар ғылыми- техникалық прогресс жағдайындағы қарқынды ӛзгерістер кезеңінде тұрақты экономикалық ӛсуді қамтамасыз ету мақсатында құрылады, осы міндетті шешу үшін сол немесе басқа ӛндірістің дамуының басымдығы ескеріліп, инвестицияланған ресурстар шоғырландырып, қайта бӛлінеді.

Қаржы-ӛнеркәсіптік топқа тән қасиеттер олардың дағдарыстық құбылыстарды еңсеретін фактор бола алатынын кӛрсетеді. Біріншіден, қаржы-ӛнеркәсіптік топ құрылуы кәсіпорындардың арасындағы шаруашылық байланыстардың бұзылу нәтижесінде экономиканың ыдырауын еңсеруге ықпал етеді. Екіншіден, олар қаржы ресурстарының шоғырлануына ықпал ете отырып, инвестициялық қызметті жандандыруға, кейін бүкіл экономиканың ӛрістеп дамуына септігін тигізері анық. Үшіншіден, қаржы-ӛнеркәсіптік топ инвестициялық ресурстарды шоғырландырып, тұтастай аумақтық-ӛндірістік кешендердің қызметін үйлестіре отырып, ӛзі құрылымдық ӛзгерістер жүзеге асырылатын маңызды буынға айналады және мемлекеттің кӛптеген ірі кәсіпорындарға қатысуы сақталған жағдайда, ол қабылданатын шешімдерге ықпал етуге мүмкіндік алып, осылайша мемлекеттік ӛнеркәсіптік саясатты іске асырады. Сайып келгенде қаржы-ӛнеркәсіптік топ отандық тауар ӛндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тәсілі мен шетелдік бәсекеге жауап беретін нысанға айналуы мүмкін. Мемлекет қаржы-ӛнеркәсіптік топ тарапынан монополиялық немесе бәсекенің дамуына кедергі жасайтын іс-әрекетке жол бермеу мақсатында қаржы-ӛнеркәсіптік топтың қалыптасуы мен оның қызметін қатаң бақылауға тиіс.

Қазақстанда қаржы-ӛнеркәсіптік топ құрудың нормативтік-құқықтық базасы әзірленбеген.

Алайда іс жүзінде ірі әрі белсенді банктер, мысалы, Соколов-Сарыбай ТӚК, «Шығыс» атты Екібастұз кӛмір разрезі» Павлодар алюминий зауыты, Ақсу және Ақтӛбе форроқорытпа зауыттары мен т.б. сияқты маңызды стратегиялық кәсіпорындар интеграцияланатын Еуразиялық банк» ЖАҚ қаржы-ӛнеркәсіптік топ құрғысы келеді.

Кӛптеген нарықтардағы бәсекелестіктің деңгейі 0-ден 65% аралығын құрайды, осы нарықтарда шартты түрде қаржылық-ӛнеркәсіптік топтар деп атауға болатын бір немесе бірнеше ӛктемдік ететін шаруашылық жүргізуші субъект жұмыс істейді, сол себептен Қазақстанның

124

экономикасының бәсекеге қабілеттілігі тӛмен. Мысалы, «Қазақмыс» корпорациясы (Samsung Corp.) мыс ӛнеркәсібін, тазартылған күміс ӛндірісін, «Теңізшевройл» БК – шикі күкірт ӛндірісін,

«Испат-Кармет» – болат, шойын ӛндірісін, Еуразиялық банк кәсіпорындарының тобы – хром, алюминий, темір рудасы ӛнеркәсібін монополияға айналдырып алған (8.1-кесте).

8.1. Қазақстан ӛнеркәсібі саларында экономикалық биліктің шоғырлануы, %-бен

Қызмет тҥрлері Осы ӛнім ӛндірісінің

республикалық кӛлеміндегі ҥлесі

1 2 3

«Теңізшевройл» БК

Шикі мұнай ӛндірісі Табиғи газ ӛндірісі Шикі күкірт ӛндірісі

36 35,5 99,5

«Қазақмыс»

корпорациясы

Тазартылған күміс Тазартылған мыс Мыс сым

63,8 100 98,8

«Аксес Индастриз»

компаниясы Тас кӛмір ӛндірісі 49,2

Павлодар МӚЗ Мұнай ӛңдеу 53,24

«Қазкоммерцбанк»

кәсіпорындарының

тобы Бензин ӛндірісі 61

«Испат-Кармет»

компаниясы

Темір рудасы агломераты Шойын

Болат

Темір прокаты Ақ қаңылтыр

100 100 100 100 100 Еуразиялық банк

кәсіпорындарының тобы

Алюминий ӛндірісі Хром ӛндірісі

Темір рудасын байыту (дӛңгелек) 100 100 100

«Қазмырыш»

компаниясы

Тазартылған күміс Тазартылған алтын Қорғасын

Қорғасын-мырыш рудасы Мырыш

36,2 72,9 82,2 71,6 99,9

Сонымен бірге осы ұйымдарда ӛндіріс кӛптеп шоғырланған, ал ӛндірістің кӛп шоғырлануы Қазақстан экономикасының маңызды проблемасына айналып отыр. Ең ірі ондаған кәсіпорын ЖІӚ мен бюджет түсімінің елеулі бӛлігін қамтамасыз етіп отыр, осыған байланысты іс жүзінде еліміздің экономикасының тұрақты дамуы осы компаниялардың қаржылық әл-ауқаты мен менеджментінің құзыретіне иек артады. Осы проблема мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға қатысты, ал қалған салық салынатын ӛрісті кӛшбасшы кәсіпорындардан түсетін түсіммен салыстырғанда ӛте, сол себептен ең ірі салық тӛлеушінің бірінде қандай да бір проблема туындаған кез келген сәтте мемлекеттік бюджет шектелуі мүмкін. Еліміздің барлық дерлік ірі кәсіпорындарын мүдделері отандық экономикасының мүдделерімен әр кезде үйлесе бермейтін шетелдік компаниялар басқарады. Осы компаниялар оффшорлық аймақтарды пайдаланып салықтардан қашқалақтау фактілері жаппай белең алуда.

125

8.10. Кәсіпкерлік ҥлгідегі кәсіпорындарды қалыптастыру

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 121-125)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР