• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

МРНТИ 16.21.47 МРНТИ 16.21.47

2) Көне қыпшақ жазба ескерткіштері

Көне қыпшақ ауызекі тілінде жазылған ескерткіштері тобына өз заманының ауызекі сөйлеу тілінің элементтерін бойына жинақтаған, қыпшақтардың тарих сахнасына шығып, гегемондық рөл атқарып тұрған кезінде ХІІ – ХІҮ ғасырларда жазылған «Кодекс Куманикус» (Кумандардың кітабы), «Терджуман турки уа араби» (Түркіше – арабша тәржіма ), «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» (Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме

199

кітап)., «Китаб ат-туһба аз-закия фи луғат ат-туркийа» (Түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық), «Китаб-бұлғат әл-муштақ фи-лұғат ат-түрік вал-қыпшақ» (Түрік пен қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренушілер үшін жазылған кітап»), «Әл-каванин әл-күллия ли-дабт әл-лұғат ат-түркия» (Түркі тілдерін үйрену үшін жазылған толық құрал), «Китаб ад-дурра ал-мудия фил-лұғат ат-түркия алат-тамам вал-камал» (Түркі тілі туралы жан- жақты және толық аяқталған інжу-маржан кітабы), «Аш –Шудур ад-даһабия вал-қита ал- ахмадия фил-луғат ат-түркия» (Түркі тілдері туралы жазылған алтын тізбе»). т.б.

жәдігерліктерді жатқызамыз.

Көне қыпшақ жазба ескерткіштері қатарына Алтын Орда дәуірінің құнды әдеби мұрасы, Низамидың парсы тілінде жазған осы аттас поэмасының еркін аудармасы, Құтып ақын жырлаған «Хұсрау мен Шырын» поэмасын жатқызуға болады. А. Зайончковский

«Хұсрау мен Шырын» поэмасының тілі қыпшақ диалектісінде жазылған деп тұжырымдаған. Ескерткіштің тілінде қыпшақ элементі өте айқын көрінеді деген пікірді А.М.Щербактан да кездестіреміз. Алтын Орда әдебиетінің ХIY ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі Сайф Сарайидың «Гүлстан бит-түрки» поэмасы да осы топқа кіреді.

Белгілі түріктанушы Э.Н.Наджип ақын өз шығармаларын қыпшақ тілінде жазғанын айта келіп, әрі оның қазақ халқының негізін құраған ру тайпаларынан шыққанын ерекше атап көрсетеді. Алтын Орда дәуірінде ХІҮ ғасырда дүниеге келген құнды жәдігерліктің бірі Хорезмидің «Мұхаббат наме» поэмасы да осы қатарда. Аталмыш поэма қазақ тіл білімінде аз да болса зерттеліп көне түркі жазба ескірткіштерінің тіліне, жалпы тіл тарихына арналған кітаптарда біраз пікірлер жинақталды. Ал өзбек әдебиетінің тарихында өзбек әдебиетінің көркем туындыларының бірі ретінде қарастырылды. Ғылымда бұл поэманың тілі туралы сан түрлі пікірлер орын алған. Мәселен, Кюпрюлюзаде алтынордалық-шағатай тілі десе, А.Н.Самойлович Хорезм мен Алтын Ордадағы Жошы ұлысының әдеби тілі дейді. Ал Э.Н.Наджип ұйғыр, оғыз тілдерінің әсеріне ұшыраған қыпшақ тілі десе, С.А.Аманжолов А.Яссауи тіліне жақын, қазіргі өзбек және қазақ тілінің аралығындағы тіл деп таныса, А.М.Щербак ескі өзбек әдеби тілінің бір түрі деп топшылайды. Біздің пікірімізше «Мұхаббат-Наме» тілінде қараханидтік жазба әдеби тілінің азын-аулақ ықпалы байқалғанмен, көне қыпшақ тілінде жазылған. Бұл мұрағаттың қазақ тіліне жақындығы мен басқа түркі тілдермен байланысын анықтауда лексикалық, морфологиялық, фонетикалық белгілерге ерекше көңіл бөлген жөн.

Аталмыш топқа енетін құнды жәдігерліктің бірі-Махмуд бин Али ас-Сараидың

“Нахдж әл-Фарадис” шығармасы. Біздің дәуірімізге бұл ескеркіштің бірнеше көшірмесі жеткен. Мұрағаттың лексикасы мен грамматикасында кейбір көне элементтердің, атап айтсақ тіс арасынан шығатын шуыл дыбыс з мен сөз соңындағы ғ дыбысы, көне жалғаулардың кездесуі өз дәуірінің заңдылығы. Шығарманың тілінің түсініктілігі оның басқа тілдерге қарағанда қыпшақ тіліне жақын екенін аңғартады.

Аталмыш ескерткіштердің тілін көне қыпшақ тілі деп тұтас алып қазіргі қазақ тілімен лексикалық деңгейде салыстыра зерттесек көптеген ортақтықтар мен сабақтастықтар айқын көрінеді. Негізінен Алтын Орда дәуірі тұсында жазылған әдеби шығармалардың дені аралас тілді болып келген. Б.Сағындықұлы жазба жәдігерліктер тіліндегі сөздерді үш топқа бөліп қарастырады: 1) оғыз тобындағы тілдерге тән сөздер;

2) қарлұқ-ұйғыр тобындағы тілдерге тән сөздер; 3) қыпшақ тобындағы тілдерге тән сөздер.

Мысалы, Оғыз тобындағы тілдерге ғана тән сөздер: бағырсуқ (іш) Г, Мн; алын (маңдай) ХШ, НФ, Г; бул- (тал-) ХШ, НФ, Г, Мн; көлкә (көлеңке) ХШ, Г, Мн; кәндү (өз) ХШ; өртүклү (жасырын) ХШ, НФ, Г, Мн; соған (жуа) Г; утан- (ұял-) Г, Мн; чоғ (көп) ХШ, НФ, Г; қарынча (құмырсқа) ХШ, Г; қурт (бөрі) Г; йарын (ертең) Г;

йылдырым (найзағай) ХШ, НФ т.б.

200

Қарлұқ-ұйғыр тобындағы тілдерге тән сөздер: асиғ (пайда) ХШ, НФ; андағ (сондай) ХШ; белгүр- (білім-) ХШ, НФ, Г, Мн; пуш- (өкпеле-) ХШ, НФ; ишан- (нан-) ХШ; билә (көмектес септігінің мағынасын береді) ХШ, Г, Мн; ойағ (қырағы) ХШ, НФ, Г; кеслән (кесіртке) ХШ; көсә- (тіле) ХШ; сүчуг (тәтті) ХШ; сүркә- (сүрт-) ХШ, НФ;

тегүр- (жеткіз-) ХШ, Мн; телур (ақылдан адас-) ХШ, Мн; уча (арқа) ХШ; йорут- (жарық ет-) ХШ, Мн; т.б.

Қыпшақ тобындағы тілдерге тән сөздер: бақлан (бағлан) ХШ; басын- (басын-) ХШ;

бақыр (жез) ХШ; байағы (баяғы) Г; болмачы (болмашы) ХШ; ентик- (ентік-) ХШ; ем (ем) ХШ, НФ; ерик- (ерік-) ХШ; ен- (ен-) ХШ, НФ, Мн; еңра- (еңіре-) ХШ, Мн; иркил- (іркіл-) ХШ, НФ; йимән- (имен-) ХШ; күң (күн) ХШ; кери (кері) ХШ, Г; сүңгү (сүңгі) ХШ, Г,НФ; чық (шық) ХШ; сал- (сал-) ХШ, Г, Мн, НФ; таңсұқ (таңсық) ХШ, Г; тый- (тый-) ХШ, Г; тәбрән- (тебірен-) ХШ, Г; талпы- (талпын-) ХШ, НФ; таңырқа- (таңырқа- ) ХШ; тун (түн) ХШ, НФ; үрк- (үрік-) ХШ, Г; қавурт (қауырт) ХШ, т.б.

Бұл келтірілген деректерден байқағанымыздай ескерткіштердің тілінде оғыз, қарлұқ-ұйғыр, қыпшақ элементтері аралас келіп отырған. Бірақ қыпшақ элементтері басым, жиі кездеседі.

Қазіргі таңда түркі лексикологиясының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі жекелеген тілдерді синхрондық тұрғыдан да, диахрондық тұрғыдан да кешенді зерттеуге алу. Тарихи-салыстырмалы әдіске сүйенген зерттеу ғана бүгінгі тірі тілдің тарих қойнауында қалған жазба жәдігерлікке алыс-жақынын, туыс-жекжат екенін анықтай алады. Қандай да бір тілдің лексикасы басқа тілдік категориялардан қашанда бұрын сөйлейді, мол ақпарат бере алады. Көрнекті ғалым К.М.Мусаев “Когда говорят, что язык представляет собой кладовую истории народа – его носителя, прежде всего имеется в виду его лексика, которая непосредственно реагирует на все изменения в жизни народа” деп тұжырымдайды [5, 23]. Сондықтан да қазіргі қазақ тілінің байырғы сөздік қоры ұлт тарихымен, жалпы түркілік тарихпен сабақтаса қалыптасты. Қазақ тілінің лексикасы қазіргі қыпшақ тобындағы тілдермен, одан әрі жалпы түркі тілдерімен толық не ішінара лексика ортақтығымен ерекшеленеді. Қазақ жұрты жеке ұлт болып қалыптасқанға дейін түркі халықтарының ортақ арналарымен жүріп өтті.

Қазақ лексикасы жалпы түркілік қабаттан өрістейді. Оның негізі, сөздік құрамы, фоно- морфологиялық құрылысы ежелгі түркі тілінен бастау алады.

Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы түркілік қабат түбір және тарихи сөздерден тұрады.

Олардың ата түркі дәуіріндегі жалпытүркілік ежелгі түрін салыстырмалы-тарихи негізде жаңғырту арқылы байырғы қалпына келтіруге болады

Келесі қабат - қыпшақтық қабат. Қазақ тілінің лексикасы қазіргі қыпшақ тобындағы тілдермен толық не жартылай ортақтығымен, ұқсастығымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар қазақ тілінің қыпшақтық лексикасының сілемдерін қыпшақ тіліне тікелей қатысты орта ғасырлық жазба ескерткіштер тілінен де іздеген жөн. Жазба мұрағаттар лексикасын зерделей қарасақ қазіргі қыпшақ тобындағы тілдермен, қала берді қазақ тілімен ортақ, тұлғасы да, мағынасы да сайма-сай лексикалық параллельдерді оңай анықтаймыз.

Пікіріміз мәйекті болу үшін ортақ сөздердің тізімін жасайық [6].

Зат есім сөздердің қатары:

Адым – адым. [НФ] Төрт миң адым йәргә араб мил теб айтур – Төрт мың адым жерді арабтар мил деп атайды.

Азық - азық. [НФ, ХШ] Пайғамбар Абубәкр бирлә ол ғарда үч күн турдылар соң чықыб Мәдинә тарафынға азм қылдылар азықлары түгәнды – Пайғамбар Абубәкірмен сол үңгірде үш күн тұрды, сосын одан шығып Мәдинаға қарай кетті, олардың азықтары таусылған еді.

201

Ай – ай. [ХШ, НФ, Мн, Г] Сафар айының йигирмә бешиндә - Сафар айының жиырма бесінде.

Алма – алма. [ХШ, НФ, Мн, Г] Қызыл алма дөңәлму дур фәрән қызы - Қызыл алма дөңгелек пе, о сұлу.

Алмас – алмас. [ХШ] Алмаз от андын соң лалга урды алмас – бұдан соң лағылға алмас қосты.

Ана – ана. [ХШ, НФ, Г] Пайғамбар алты йашқа йетмиш әрди қин анасы Аминә вафат болды – Анасы Әмина қайтыс болған кезде пайғамбар алты жаста еді.

Ант – ант. [ХШ, НФ, Г] Фариштә қоймас айтур, антны сақла – Антыңа адал бол, дейді періште.

Арық - арық. [ХШ, НФ] Йа шайх бу арық сувларыдын нишә ичмәзсиз – О шейх, сіз бұл арықтың суын неге ішпейсіз.

Арпа – арпа. [НФ, ХШ, Г] Әй тоқ көзүңгә арпа әтмәги көрүнмәс хуш, ликин мәним алтымда иззәтли мукаррамдур - Әй тоқ адам саған арпа наны ұнайма, ал мен үшін (ол) құрметті де сүйікті.

Арқа – арқа [ХШ, НФ, Г]. Йигит ол вақт уйанды ким күнәш ыссысы арқасына отты – Күн ыстығы арқасын қыздыра бастағанда жігіт оянды.

Ел – ел. [ХШ, НФ, Мн, Г] Қылур Йусуфни Мисир елиндә султан - Ол Жүсіпті Мысыр еліне сұлтан қылып бекітті.

Балта – балта. [ХШ, НФ]. Тақы мәбәрак еликингә бир улуғ балта алды – және (пайғамбар) мүбәрәк қолына балта алды.

Жан – жан. [ХШ, НФ, Мн, Г]. Ким ош тән тәнгә жан жанқа улашты – міне тән тәнге, жан жанға қосылды.

Көз – көз. [ХШ, НФ, Мн, Г] Башындан көзүндән өпүб қучуб көп мал-у нимәт бериб азад қылды – Ол басынан, көзінен өбіп, көп байлық беріп және азат қылды.

Орман – орман. [НФ, Г] Карван түн қата йүрүб сахар вақтын келиб бир орман йанында қондылар – Керуен түн бойы жүріп, таң ата бір орманға келіп тоқтады.

Екі дәуір тіліне ортақ зат есімдер өте мол, ескерткіштер тілінде туынды, негізгі, деректі, дерексіз т.б. зат есімдер кең орын алған.

Сын есім сөздердің қатары:

Ала – ала. [ХШ, НФ] Бу түн күн ала ат-тек йүгрүр талмаз – бұл түн мен күн ала аттай талмай жүйткиді.

Арық - арық. [Г] Бир арық ақил адами айтты бир сәмиз аблаха, келиб қаршы негә болса тази от, бир тавилә әшәндән ол йахшы – Бірде бір арық дана семіз наданға айтты:

арабтың пырақ аты арық болғанмен бір керуен есектен жақсы.

Ақсақ - ақсақ. [ХШ] Сабыр бирлә кечәр аз умр неткү, азақ ақсақ нетәк мәнзилә йәткү - Ұзақ өмірде үлкен сабыр керек, ақсақ адам үйіне жеткендей сабыр қажет.

Сары – сары. [ХШ, Г] Қарарсызлықда болмыш меңзи сары – Тыныштықтың жоқтығына жүзі сары болды.

Кең - кең. [ХШ, НФ] Умми-Муид пайғамбарны тарифләйүр әйәси кең турур көзи ашаққа үкүшрәк бақар йергә бақар – Умми-Муид пайғамбарды сипаттайды: оның алақаны кең, көзі көбіне төменге қарайды, ол жерге қарайды.

Тар – тар. [ХШ, НФ, Мн, Г] Қачан ким болса тар ағзың шакар бир, саба гүл ғунчаның ағзыны йыртар – Сенің тар (кішкене) аузың шекер төккенде, роза гүл шоғынан таңғы самал жел соғады.

Қалың - қалың. [ХШ, Мн] Қалың өврәккә кирмши тек лачын - қалың жабайы үйрек тобына кірген лашындай.

Қара - қара. [ХШ, НФ, Мн, Г] Йумақ билән кетәрми лавны қара көмүрдән – жуғанмен қара көмірдің түсі өзгерер ме.

202

Қызыл - қызыл. [ХШ, НФ, Г] Йа хожа, йүк билән қызыл алтун алыб келүр, йа бахр ичиндә ғарқ болуб қын билән өлүр - Қожа не жүкпен бірге қызыл алтын алып келер, не теңіз түбіне батып азаппен өлер.

Ұзақ - ұзақ. [ХШ, НФ] Аташ хафыдан тутты ұзақ йол – Атасынан қауіптеніп ұзақ жолға аттанды.

Бұдан басқа да негізгі немесе туынды сын есімдер көптеп кездеседі: астыңғы, аталық, бойлы, малсыз, ақ, бай, көк, сынық, тамашасыз т.б.

Сан есім сөздер ескерткіштер тілінде көп қолданылады. Дені ішінара дыбыстық өзгерістерге бой ұрған, ал тұлғасы да, мағынасы да қазақ тіліне дәл келетін төрт сан есім ғана бар. Олар:

Төрт – төрт. [ХШ, НФ, Мн, Г] Бу китабны төрт баб үзә қылдық — Бұл кітапты төрт тараудан құрадық.

Алты — алты. [ХШ, НФ, Мн, Г] Қачан ким алты йашқа йетти ол шах, қамуғ йөнләрни аңлаб болды агах – Шахқа алты жас толғанда, ол барлық жөн-жосықты түсініп, аңғарымпаз болды.

Он – он. [ХШ] Йәтиб он йашқа кеш бағланды белгә - Он жасқа келіп беліне қорамсақ байланды.

Тоқсан –тоқсан. [НФ] Тақы пайғамбар аләйхи-с-сәлам тоқсан тевә нишан қылды – Пайғамбар алейхи-с-сәлам тоқсан түйені белгіледі.

Етістік сөздер қатары:

Айыр-айыр. [ХШ, Г] Тутуб мискин кишиниң пәнжәсиңи, айырмық күч билән айны хатадур – Байғұс, кедей кісінің қолынан ұстап, күшпен айыру - үлкен әділетсіздік.

Ал – ал. [ХШ, НФ, Г] Хидайат нұрыны көңлүмдин алма, йана мени қараңғулуққа салма – Жол көрсетуші нұрды көңілімнен алып, мені тағы қараңғылыққа тастама.

Ем – ем. [ХШ] Сүт әммәзмән бар ағызымда отуз тиш – Сүт ембеспін, аузымда отыз тісім бар.

Бар – бар. [ХШ, НФ, Мн, Г] Бир ким әрсә барды тақы Фатимақа хабар берди – Бір адам барып Фатимаға хабар берді.

Басын – басын. [ХШ] Қонақмән теб басынмаңыз бизни - Қонақпын деп бізді басынбаңыз.

Кет – кет. [НФ, Мн, Г] Көңүлдин сабр көздин уйқу кетти – Жүректен сабыр, көзден ұйқы кетті.

Көм – көм. [ХШ, НФ] Бардылар бир чуқур қаздылар ол әтни анда көмдиләр – Барып бір шұңқыр қазып, етті соған көмді.

Күл – күл. [ХШ, НФ, Мн, Г] Бұл латифа сұлтанға хуш келди дағы күлди – Бұл әңгіме сұлтанға ұнады, ол күлді.

Ойна – ойна. [ХШ, НФ, Мн, Г] Кел әй сақи кетүргил, бада-и наб, күлә ойнайу ичсүнләр бу асхаб – О шарап құюшы, әкел мөлдір шарапты, мейлі достар күліп, ойнап ішсін.

Орна – орна. [ХШ, НФ] Тамуғнуң хайбаты көңлүмдә орнады – Тамұқтың қорқынышы көңілімде орнады.

Өл - өл. [НФ, Г] Ирақдан тирак келгинчә йылан захмлы ер өләр – Ирактан дәрі келгенше, жылан уымен уланған ер өлер.

Сайра – сайра. [ХШ, Мн, Г] Чечәксән банда сайрар бұлбұл үңдур – Сен гүлсің, ал сенің үстіңде сайраған бұлбұл – сенің құлың.

Табыл – табыл. [Мн, Г] Табылғай мақсудум табқуңда – Сенің қызметіңде менің мақсатым табылғай.

Қайна - қайна. [ХШ, НФ, Мн] Тақы от чибчуқ кувәч ичиндә қайнаса әт тақы харам турур – Егер сол шымшық қазан ішінде қайнаса, ол етті жеуге болмайды.

Қана - қана. [НФ] Тақы йүзи қанады – оның беті қанады.

203

Ескерткіштер тілінде қазақ тілімен толық лексикалық параллель бола алатын етістіктер өте көп. Олар негізгі және туынды, көмекші, салт, сабақты, болымды, болымсыз тұлғаларында ұшырасады.

Үстеу сөздердің қатары:

Ең - ең. [Г] Ең әксүк – Ең кедей.

Аз – аз. [ХШ, НФ, МН, Г] Жүмлә сахабалар қондылар ол йәрдә сув аз әрди – Барлық сахабалар қонды, ол жерде су аз еді.

Былай – былай. [ХШ] Сәңә хукм етиб аймазмән былай қыл – Саған бұйрық бере алмаймын, былай қыл.

Көп – көп. [ХШ, НФ, Мн, Г] Көңүл бахрында көп гәвхәрлариң бар – Сенің жүрегіңнің теңізінде көп гауһарлар бар.

Тағы – тағы. [Мн] Қылур Ааййубны михнәт бәлә йар, тағы от ичрә Азар отдын асрар – Ол Айюбиді азаптың досы қылды, ол Азарды тағы оттан құтқарды.

Қайра - қайра. [ХШ, НФ] Тақы жумла қайра Мадинаға қайыттылар – Және бәрі қайра Мәдинаға қайтты.

Бұл мәліметтерден байқағандай ескерткіштер тілінде күшейткіш, мөлшер, сын- бейне үстеулері орын алған.

Есімдіктер қатары:

Анда – анда. [ХШ, НФ, Г] Үч күндин соң анда кәлгәйсән - Үш күннен соң анда келерсің.

Мұнда – мұнда. [ХШ, НФ, Мн, Г] Мухаббат-нама сөзин мұнда биттим – Мұхаббат- наме поэмасын мұнда бітірдім.

Ол – ол. [ХШ, НФ, Мн, Г] Ол йазуклы сөкти йарамас сөзләр сөзләди – Ол жазықты сөкті сұлтанды, жарамас сөздер сөйледі.

Мен – мен. [ХШ, НФ, Мн, Г] Мен асру бенава – Мен өте бақытсызбын.

Сен – сен. [ХШ, НФ, Мн, Г] Ичим күйди сениң чаксыз назыңдын – Сенің шексіз назыңнан ішім күйді.

Қайсы - қайсы. [Г] Бир залим хаким бир алим ергә сорды ким ибадатлардан фазилрәж қайсы турур – Бір залым хакім бір ғалымнан сұрады: құдайға құлшылық қылудың қайсы дұрыс.

Бұл деректерден байқағандай жәдігерліктер тілінде сілтеу, жіктеу, сұрау есімдіктері қолданылған.

Көмекші есімдер қатары:

Ара – ара. [ХШ, НФ, Г] Тикәнләр арасында гүл төрәтти – Тікендер арасында гүл жаратты.

Арт – арт. [ХШ, НФ, Г] Ол йигит бир карван артына түшүб кетти – Ол жігіт бір керуен артына түсіп кетті.

Аст – аст. [ХШ, НФ, Г) Сениң атақ ағыр таш астындан тәрбренгинчә кәрәк мәним атам жәннәткә кирмши болғай – Сенің әкең ауыр тастың астынан қозғалғанша, менің әкем жаннатқа кіріп болады.

Маң - маң. [ХШ] Йақын бу маңда бар бир йахшы бағым, бүтүн ол бағда тиккәйләр отағым – Осы жақын маңда менің жақсы бағым бар, шатырды сонда тігейік.

Орта – орта. [ХШ, НФ, Мн, Г] Тәкмә бир ай ортасында үч күн руза тутғыл - Әр айдың ортасында ораза тұт.

Мұндай ортақ сөздер қазақ халқының, оның тілінің пайда болуына негіз болған этногенетикалық, глоттогенетикалық құбылыстарының тамыры. Көне қыпшақ жазба ескерткіштерін зерттеудегі өзекті мәселе жекелеген сөздердің тарихын, этимологиясын қазіргі тілдік деректер негізінде зерделеу болмақ.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

204

1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - А., 1999. 324б.

2. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии. - М.-Л., 1959., 269с.

3. Кумеков Б.Е. Некоторые итоги и проблемы кипчаковедения. Евразийское сообщество. - А., 1997., 285с.

4. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. –Алматы: Ғалым, 1991., 296б.

5. Мусаев К.М. Лексика тюркских языков в сравнительном освещении. –М.: Наука, 1975., 452с.

6. Сабыр М.Б., Исина Ж.А. Орта ғасыр жазба ескерткіштері фразеологиялық және паремиологиялық қорының этномәдени сипаты (XIY ғ.) - Орал: Ағартушы, 2015., 215б.

МРНТИ 16.21.51

Г.С.Сулейменова1

1І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., Қазақстан

«ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ЕЛТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Аңдатпа

Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың дәрежесі.Қазіргі уақытта қоғам дарынды, қабілетті тұлғаларды қажет етеді. Сондықтан студенттің өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, білімін жетілдіру үшін өзіндік жұмыстардың маңызының ерекше екенін көрсете келе, өзіндік жұмыстардың түрлері де беріледі. Ұтымды ұйымдастырылған өзіндік жұмыстары олардың саналы белсенділігін, жоғары оқу-кәсіби мотивациясын, оқу процесінің сапасын арттырары сөзсіз.Мақалада жоғары оқу орындарында студенттің пән бойынша орындайтын өзіндік жұмыстарының маңызы, нәтижелері мен ұйымдастыру жолдары нақты іс-тәжірибе негізінде қарастырылады.

Кілт сөздер: өзіндік жұмыс, құзыреттіліктер, әдістемелік нұсқау, білімін жетілдіру, оқу, ғылыми-зерттеу және шығармашылық.

Г.С.Сулейменова1

1Жетысуский государственный университет им. И.Жансугурова, г.Талдыкорган, Казахстан

ОРГАНИЗАЦИЯ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО ДИСЦИПЛИНЕ

«ОНОМАСТИКА И СТРАНОВЕДЕНИЕ»

Аннотация

Уровень развития образования – уровень общественного развития. Современное обществонуждается в талантливых, компетентных личностях. В этой связи в статье рассматривается важность самоятоятельных работ в саморазвитии, самовоспитании, самосовершенствовании студентов. По мнению автора, оптимально организованная самостоятельная работа повышает сознательную активность, высокую учебно- профессиональную мотивацию обучающихся и качество образовательного процесса.В статье на основе реальной практики рассматриваются значение, результаты и методы организации самостоятельных работ, выполняемых студентами по предмету в высших учебных заведениях.

205

Ключевые слова:самостоятельная работа, компетенции,методические рекомендации, совершенствование знаний, учебная, научно-исследовательская и творческая деятельность.

G.S.Suleimenova1

1 Zhetysu State University I.Zhansugurova, Taldykorgan, Kazakhstan

ORGANIZATION OF INDEPENDENT WORK IN THE DISCIPLINE «ONOMASTIGS AND REGIONAL STUDIES»

Abstract

Values results and methods of organization of independent work performed by students on the subject in higher educational institutions are considered in the article based on real practice.The level of development of education is the level of social development. Modern society needs talented, competent individuals. In this regard, the article discusses the importance of independent work in self-development, self-education, and self-improvement of students.

According to the author,optimally organized independent work increases conscious activity, high educational and professional motivation of students as an educational process.

Keywords: independent work, competences, methodical recommendations, improvement of knowledge, educational, research and creative activity.

Кіріспе. Қазақстанның жан-жақты дамуы бүгінгі білімгерлердің сапалы білімі мен болашақ мамандардың кәсіби даярлығы оқытушы ұйымдастыратын оқу іс-шараларына болып саналадытікелей байланысты екені анық. Сондықтан да нәтижелі білім беруді алдына мақсат етіп қоя білген, сол жолда өз жұмысын мақсатына икемдей білген, әлем дамуының жаңа ұстанымдарын студенттің бойына сіңіре білген ұстаздың ұтары мол. «Жоғары оқу орындарының оқытудың кредиттік жүйесіне көшуі белгілі бір мақсаттарды көздейді. Оның басты мақсатының бірі – кәсіби әрекетінде шығармашылықпен еңбектене алатын маман даярлау. Жоғары оқу орындары қабырғасында білім алушы студенттің шығармашылықпен қызмет атқарып, мамандығына қатысты кездескен кез-келген проблеманы өздігінен шеше алатын маман болып шығуы – оқу үрдісінде студенттің өзін-өзі ұйымдастыруы өздігінен іздену мен білім алуы іс- әрекеттерімен тығыз байланысты. Сондықтан да оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысына ерекше мән берілген. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру жоғары оқу орындарының негізгі нормативтік құжаттарына, жұмыс бағдарламасына, оқу материалдарына арналған пәннің бөліміне сәйкес іске асырылады»

[1, 225]. Өзіндік жұмыс- студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуға арналған жұмыс түрі.Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесі қазақстандық жоғары оқу орындарында кредиттік оқу жүйесінің енгізілуімен байланысты жандана түсті.

Білімгерлердің өзіндік жұмысын жүйелі түрде жүргізу оқу үдерісінің бөлінбес маңызды бөлшегіне айналды.

Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі»

болып саналады.

Өзіндік жұмыс- біліктілік пен іскерлік жиынтығы (И.Т.Протасов); Өзіндік жұмыс- студенттің іс-әрекет құралы белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы (Г.Н.Кулагина);Бұл жұмысты студент өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжіріибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады (Г.Н.Дари ) [2, 36-37 ]. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер мен жас маманның кәсіби даярлығына қойылатын

206

талаптар студенттің өзіндік жұмысының маңызы артқанын, ондағы оқытушының орнын, кредиттік оқыту жүйесінде оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін байқатты. Қазіргі заман - ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманы.

Сондықтан заман ағымына ілесу үшін тәжірибеде білімді пайдалану мен бағалау жүйесі үнемі өзгеріп, түрленіп отырады. Білім бағдарламаларын игертуде пайдаланылатын әдіс- тәсілдер, әдістемелер, технологиялармен қатар, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары да қалыптасып, дамып,тәжірибе жинақталуда. Студенттің өзіндік жұмысы- ізденіс нәтижесі. Студенттер берілген тақырып, тапсырма төңірегінде өз беттерімен ізденіп, мәселе жөнінде жарияланған еңбектермен танысады, талдайды, сараптайды, ой-пікірлерін жинақтайды, тұжырым жасайды. Өзіндік ғылыми тұжырымдарын түрлі тәсілдермен баяндайды. Өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізуге бейімделген студент мол мағлұмат жинап қана қоймайды, шешімі табылмай отырған кейбір мәселелерді,түсініктерді тауып, оның себебін анықтауға тырысады. Яғни өзі жүргізген анализ бен синтез нәтижесінде тезис, сараптау-конспект жасаумен қатар, ғылыми мақала, этюттар жазады. Ғылымға алғашқы қадамын жасауы да дұрыс жоспарланған өзіндік жұмыстан бастау алуы әбден мүмкін.

Әдістеме.Студенттің өзіндік жұмысын жоғары оқу орнының оқытушысы жоспарлайды, яғни өзіндік жұмысты ұйымдастыру, қадағалау және бақылау – оқытушының міндеті. Пән бойынша жүргізілетін өзіндік жұмысының нәтижесі біздің тәжірибемізде оқу мерзімінің төртінші, жетінші, он бірінші және он бесінші аптасында қабылданып, балдық жүйесімен бағаланады. Студенттің өзіндік жұмысының нәтижелілігі бақылауға тікелей қатысты. Бақылау аудиториядан тыс уақытта өткізіледі. Бақылау мен бағалауда жұмыстың өз мерзімінде өткізілуі, орындалу сапасы ескеріледі. «Студенттің өзіндік жұмысы үш бағытта жүргізіледі: оқу, ғылыми-зерттеу және шығармашылық. Оқу бағытындағы студенттің өзіндік жұмысына студенттің дәріс, лабораториялық, практикалық сабақтарға дайындығы, үй тапсырмасын орындауы, ағымдық бақылауға дайындығы жатады. Студенттің өзіндік жұмысының маңызды бағыты – ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыс. Бұл бағыт бойынша студент ғылыми мақала, аннотация, сараптау жұмыстарын орындайды. Нәтижесінде конкурс, олимпиада, конференцияға қатысады. Тақырып бойынша бастаған ғылыми-зерттеулерінің нәтижесін курстық, дипломдық жұмыстарын орындауда пайдаланады. Студенттің өзіндік жұмысы сипаты жағынан репродуктивті (конспектілеу, оқып танысу); танымдық – ізденіс (презентация, бақылау жұмысын орындау, курс жұмыстары); шығармашылық (арнайы шығармашылық тапсырма орындау, талдау, сараптау, сипаттау, диплом жұмысын орындау)» болып бөлінетіндігі зерттеу еңбектерінде айтылып жүр [3, 248].Өзіндік жұмыстың орындалу сипаты жеңілден ауырға, оңайдан қиынға қарай бағытталғаны байқалады.Бұл оқытушы назарында болуға тиіс.Әр өзіндік жұмысы 3-5 тапсырмадан тұрады, әрқайсысын әзірлеуге, ізденуге, бір жүйеге келтіруге 2-3 апта мүмкіндік беріледі. Өзіндік жұмысының нәтижесі студенттің ынтасына, білім, білік дағдыларына және тақырып пен жұмыс түріне байланысты болмақ. Бұл орайда оқытушы оқытылатын пәннің қарастыратын мәселелерінен студенттердің қызығушылығын тудыратынын, шығармашылық белсенділікті қажет ететінін әрі дамытатынын таңдағаны жөн. Студенттің өзіндік жұмысы – теориялық білімді өздігінен игеріп, практикалық міндеттерді іске асырумен ұштасатын жұмыс. Оқу-әдістемелік әдебиетпен, әдістемелік нұсқаулармен, тапсырма шарттарын орындаудағы зерттеу әдістерімен «қаруланған» студенттің жұмысы өз нәтижесін берері анық. Өзіндік жұмысы - оқытушы мен студенттің тығыз әрекеттестігі жағдайында өтетін үдеріс. Оқытушы - біріншіден, ұйымдастырушы, таныстырушы. Екіншіден, бағыт-бағдар беруші. Үшіншіден, бақылаушы – түзетуші. Төртіншіден, сарапшы, бағалаушы. Осы орайда оқытушы:

- студенттің өзіндік жұмысын жоспарлайды;