N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 191 – 196
S.A. Saduakassova, G.S. Suleymenova
Zhetysu state university named after I. Zhansugurov, Taldykorgan, Kazakhstan.
е-mail: [email protected], [email protected]
LINGVOPHILOSOPHICAL ASPECTS
192
Адамның қоғамдағы кез келген құбылысқа өз тарапынан баға беріп, іштей қорытынды жасап, сол дүниені өз атауымен емес, басқа тілдік бірліктермен, тілдік оралымдармен ауыстырып сипаттауы метафораларды қалыптастырады. Бұл қарапайым философиялық ойлардың нəтижесі болып табылады. Мысалы, Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» атты еңбегінде:
«Ақылды бек – басшысы елдің, шырағы,
Қылыш жұмсау – білімсіздің қылығы» [2], - деген жолдарында ел билеушінің сана-сезіміне байланысты елге не жарық, не түнек болатындығын меңзеп отыр. Қай қоғамда болмасын басшының ақыл-ой деңгейі ел билеудегі əрекетінің нəтижесіне тікелей əсер етіп, саяси ахуалға өз септігін тигізіп отырады. Қарапайым халықтың өмірі басқарушының интеллектуалдық əлеуетіне тікелей бағынышты келеді. Сондықтан «ақылды бек – шырақ», ақылсыз би – түнек болатындығы сөзсіз.
Осыған ұқсас автордың:
«Ақыл болса жаһан тұтпақ ерде ерек,
Білім болса ел билемек ерде ерек» [2] – деген шумақтар да осындай даналық ойға негізделеді.
Жүсіп Баласағұнның ел билеу ісі мен ел басқарушылардың адал қызмет етіп, əділетті билік жүргізуіне қатысты философиялық ой-толғамдары жинақталған «Құтты білік» еңбегі бүгінгі күні де ел басқару жолында қызмет етіп жүрген əрбір азаматтың жүгінетін басты заңнамаларының бірі десек те болады. Даналық дəрістерінде айтылар ой орамды, тұжырымды, келтірінді мағында келеді:
Бек ізгі боп, түзу жүрсе бек ісі, Қандай құтты болар еді ел іші.
Əділдік – құт, құт құрығы – кішілік, Əділдіктің заты – тұнған кісілік.
Кімнің қолы ұзын болса жұртына,
Түзу, сынық болсын қылық, құлқы да! [2].
Берілген мысалдарда əділ іс – құтқа баланып, ізеттілік белгісі – құрық, ал кісілік əділдіктің басты қағидасына ұқсастырылып отыр. Əділеттілікті ел басқарудың басты шарты деп түсінген дана ғалымның айтар ойының халықтың таным-түсінігіне сай жеткізілуі – ақпарат алушыға (реципиентке) оң ықпал етері сөзсіз. Ойшыл тіліндегі адамның бойындағы ізгі қасиеттерді танытатын кішілік, кісілік сияқты лексемалар негізгі нысанға алынған.
Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, қазақ дəстүрлі мəдениетіндегі би-шешендердің, хандардың, жыраулардың, данагөй-ақылмандардың, ақын-жазушылардың ой ұшқындарынан, философиялық тұжырымдарынан да саяси метафоралар көрініс табады. Өз басынан гөрі, бүкіл ел-жұрттың қамын ойлаған осындай халық алдында рухани беделі жоғары адамдарға қоғам, қоғам мүшелері, ел-жұрт сенім білдірді, құрмет тұтты. Əр халықтың өмір сүру философиясынан туындаған шешендік сөздердің суггестиялық күші зор. Тура биде туғанның болмайтындығын, туғанды биде иманның болмайтындығын жете түсінген қазақтың би-шешендерінің қара қылды қақ жара əділ билік айтуының өзі – шешендік сөздердің рухани əсерінің күштілігін көрсетеді. Демек, белгілі бір философиялық, психологиялық, əлеуметтік заңдылықтарға бағынып айтылатын шешендік сөздердің қоғамдық-саяси қызмет атқаратындығын да байқаймыз. Мəселен, «Бірде Құнанбай, Алшынбай, Мұса үшеуі бірігіп, ел арасында даулы мəселелер көбейіп кетті, барымта жиі қайталанатын болды деген себепті желеу етіп, ел жинап, мəслихат өткізбек болады. Ел жиналып, дуанбасыларды көп күтеді. Жанқұтты шешен халықты қайтарып жіберіп, үшеуінің алдынан өзі шығады да:
- Мұсажан, астық дауын саған қалдырдым, Алшеке, тақыр жердің билігін саған қалдырдым, Құнанбай, ақтобық аттың билігін саған қалдырдым деген екен [2]. Мұндағы астық дауы, тақыр жердің билігі, ақтобық аттың билігі - астарлы мағынада жұмсалып тұрған тіркестер. Жанқұтты шешен ел ағаларына халықтың əлеуметтік мəселелерін шешуді осылайша жүктейді.
Келесі мысалда саяси метафоралар екі жақты бірлікке, бітімгершілікке шақыру идеясына негізделген, ел бірлігін, ұлт тұтастығын сақтау мақсатында қолданыс тапқан: Ертеде солтүстік, Сібір жақтан «Қарашекпенді» казак-орыстар қаптап келе бастады, «Бекініс саламыз» деген
сылтаумен қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шеттете бастайды. Өзен бастауларына шошқа жайып, суды лайлайды. Екі арада қақтығыстар туындайды, бір келісімге келе алмайды. Екі жақ дауласып, Қожбанбет биге келеді. Би:
- Орысым – орманым, Опасыз болмағын!
Таптама қазақтың,
Қонысын, қорғанын! [3] - дейді.
Халық ауыз əдебиетінің үлгілері – жұмбақтардың жасалуына да метафоралар негіз болады.
Шешендік сөздердің кейбірі ерекше тапқырлықты қажет етеді. Сондай мысалдардың бірі - Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақ хандығына елшілікке барған сапарда айтқан сөздері. «Қылышынан қан тамған Цэван Рабдан алдында Тəуке хан жіберген қазақ билері күмілжіп, айтуға сөз таппай тұрғанда бала Қазыбек суырылып алға шығып: «Дат, тақсыр!» деп сөз бастапты: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дəм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең жөніңді айт, бермесең тұрысатын жеріңді айт!» [3] деген екен.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы əділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен [3].
Осылайша Қазыбек би қалмақ елін темірге, қаттыны жұмсартып, жұмсақты еріте білетін көмірге балау арқылы қазақ елінің күш-қайратын танытып, енді бірде өзін арыстанға ұқсатып, қабыланмен қарпыса кетуге шамасының жеткілікті екенін қалмақ ханының көз алдына образды түрде суреттей жеткізеді.
Жыраулар тілінде метафоралардың қолданылуы мына бір көріністе сəтті шыққан: Сыр бойында Төребай деген би болған. Бір күні арнайы адам жұмсап, Оңғар Дырқайбаласын, Жиембай Дүзбембетбаласын, Тұрымбет Салқынбайбаласын шақыртады. Төребайды оларды шақыртқандағы мəнісі екі ағайынды туысқан ел болыстық пен ауылнайлыққа таласып, араздасқандарына үш жыл болған көрінеді. Арада барымта, ұрыс-жанжал болған. Төребай ел арасына барып билік айтса да əлгілер тоқтамаса керек. Төребай өзінен жасы кіші үшеуіне араздасушыларды бірлікке шақыруға үндейді. Би əдейі сынап отыр. Сонда Оңғар жыраудың айтқаны:
Ер – шаңырақ, ел – уық, Үстемдік етпе сұрланып.
Көп – Құдайдың бір аты, Сыртыңнан сынап жүр халық.
Жиембай жырау:
Анық болса əділдік, Ағайын тұрар қорғанып.
Елім – теңіз, ер – шөміш, Жарайды етсем жорғалық.
Тұрымбет жырау:
Бір шұқанақ толмай ма, Теңселсе теңіз қозғалып.
Неше бір ерлер өткен жоқ, Артында нұсқа сөз қалып [4].
194
Берілген жыраулар сөзінен ел бірлігін нығайту мақсатында ер азаматтардың алатын орнын көрсету үшін ер – шаңыраққа, шөмішке, шұқанаққа баланып, ел сол шаңырақты көтеретін уыққа, қорғаныш болар теңізге ұқсастырыла берілуінің өзі халықтың сол кездегі тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді. Сондай-ақ, ойды астарлау, тұспалдау арқылы халықтың таным-түсінігіне сəйкес ұғынықты жеткізген. Халық танымындағы ер мен елдің алар орнына ерекше назар аударған.
Абай Құнанбаевтың философиялық, əлеуметтік-гуманистік, этика-эстетикалық идеяларға толы
«Қара сөздерінде» де ел билеу ісіне қатысты ой-тұжырымдарын оқырман қауымға жеткізуде қолданылған метафоралардың атқаратын қызметі ерекше, себебі қара сөздерінде талқыланатын басты мəселе - халық, ел үшін қызмет ететін адам, əлеуметтік тұлға жəне оның тəрбиесі болып табылады. Ақынның басты мақсаты - қазақ қоғамының адамгершілік, ізгілік қасиеттерін жетілдіре отырып, мəдениеті мен əдебиеті дамыған, рухы биік елдер қатарына қосу болғандықтан, оның қара сөздеріндегі философиялық жəне психологиялық көзқарастары бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ғалым Т.Тəжібаев: «Абай тек қана асқан кемеңгер ойшыл ақын ғана емес, сонымен қатар, ірі философ, психологиялық білімдер жүйесін насихаттаумен айналысқан ғалым» [5], - деп ақынға баға береді.
А. Құнанбаев Төртінші қара сөзінде: «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Əуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» [6] - дейді. Əдетте, тұрмыс-тіршілік барысында «сауу» ұғымы
«сиыр» малына қатысты айтылады. Ал берілген мəтінде оның ауыспалы мағынада қолданылуы тыңдауышының назарын бірден аударып, экспрессия тудырып тұр. Абай: «қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ» сияқты əдеттерді адам бойындағы жаман қасиеттер қатарына жатқызады.
Осы əдеттердің өнерсіз, іске қыры жоқ, қолынан еш нəрсе келмейтін адамға тəн екендігін жете көрсетеді. Он бірінші қара сөзінде: «Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Ұлықтар алып беремін деп, даугерді жеп, құтқарамын деп ұрыны жеп жүр. Ұлықтар «пəлі-пəлі», бұл табылған ақыл деп, мен сені сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, Құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр» [6], қоғамдық-саяси лексикада ауыспалы мағынада қолданылып жүрген «жеп» сөзі арқылы бүгінгі күні қоғам дерті саналатын жең ұшынан жалғасқан жемқорлық мəселесі Абай өмір сүрген уақытта да өзекті болғандығын көреміз. Жиырма екінші қара сөзде: «Болыс пен биді құрметтейін десең, Құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ.
Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ» [6]. Мұндағы
«бас ұрып» тіркесінің ауыспалы мағынада қолданылуы жағымсыз эмоция тудырып тұр. «Жə, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, əлбетте, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан, дау бақпас» деген мақалмен боламын деп бергенімен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һəм соның тілеуін тілемесең болмайды» [6]. Отыз тоғызыншы сөзде: «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болсаң манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп, мал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен [6].
Осылайша, тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен байланысты Абайдың қарасөздерінде саяси метафоралардың лингвофилософиялық мəні жоғары екендігін бағамдауға болады.
Философ А.Қасабек: «ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынұлы, Ə.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаевтардың негізгі идеялары - бостандық, тəуелсіздік, отаршылдық езгіден құтылу жолдары жəне қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыруды армандаған» [7] деп баға берген Алаш зиялылары мен қайраткерлерінің ұлт мүддесі жолында атқарған қызметтерінде ел алдында сөз алу, газет-журнал беттерінде мақала жариялауы кезінде саяси метафораларды қолданбауы мүмкін емес еді. Мəселен, Ə.Бөкейханов: «Біз қарап отырсақ қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан соң, 200 жылда басыңа бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты, дауды қой, бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл» [8]. Қарсы келген отаршылдық езгісін «дауылға» балай отырып, қазақ халқына төнген қауіпті
алапат күшті көз алдыларына елестетуге ықпал еткен. Ал Мұстафа Шоқайдың «Алауыздыққа орын қалдырмайық», «Интернационалдық Кеңес галстугі» жəне Түркістандағы Кеңес шошқалары»,
«Атамекен жағдайы», «Жалалар мен жалғандарға тойтарыс» атты мақалаларында бүгінгі күні қоғамдық-саяси лексикада қолданылып жүрген «саясат тізгіні», «саясат сахнасы», «сұрапыл майдан» сияқты ауыспалы мағынадағы тіркестермен қатар, сол кезең, дəуірден көрініс беретін
«Столыпин галстугі», «Интернацоналдық Кеңес галстугі» метафоралары қолданыс тапқан: «Бірақ мұндай ізгі тілектің орындалуы үшін Уəли Нұралдин бек «Ашық хатын» Бубнов тəрізді төмен дəрежелі шенеунікке емес, саясат тізгінін қолында ұстап отырған Сталиннің өзіне қаратқаны əлдеқайда оңды болмас па еді? Заман талабына сəйкес əлгі «Столыпин галстугі» енді бүгін түсін өзгертіп, «Интернационалдық Кеңес галстугі» болып шыға келді. «Интернационалдық Кеңес галстугі» қазір түрікшілдікке, Түркістандағы түрік тілінің мойнына байланатын болды.
Большевиктер Түркістанды екі жылдан бері «сұрапыл таптық күрес сахнасына» айналдырып келеді. Рахымбаев Тəжікстанды «социалистік құрылыстағы таптық күрестің сұрапыл майданы»
деп атап көрсетеді. Голощекин мен Сафаров саясат сахнасынан ғайып болды [9].
Даңқты қолбасшы, жазушы Б.Момышұлы «Партия жеңістерге жетелейді», «Біз революционер ұрпағымыз» атты мақалаларында партияның ел өміріндегі орнын көрсетуде, марксизм-ленинизм идеологиясының күш-қуатын танытуда халық ұғымына сай метафораларды шебер қолданған:
«Ұлы Отан соғысының жолбасшысы – біздің сүйікті партиямыз. Шегінген жаудың соңынан өкшелей отырып, қасиетті мекенімізді, қасиетті жерімізді біртіндеп болса да жау шеңгелінен босата бастадық. Өткен соғыстың қиыншылықтарын басынан өткізбеген, оның от-жалынына күймеген бірде-бір отбасы жоқ. Біздің жолбасшымыз – партия! Біз қиыншылық болса мойымаймыз, жақсылықты тəбəрік дейміз! Біздің халқымыз бостандық, тəуелсіздік прогресс үшін, Марксизм- Ленинизм идеологиясының сөнбес жарқын туын көтере ұстап «Жаным - арымның садағасы», - деп түнерген қауіпті жұмыла жаппай ерлік көрсеткеніне дос та, дұшпан да куə [10].
Аса ірі мемлекет жəне қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың ел басқарған жылдары партия съездерінде жасаған баяндамалары, ел алдында сөйлеген сөздерінде əскери сала терминдерінің детерминологизацияға ұшырауымен жасалған саяси метафоралар жиі кездеседі. Мысалы,
«Коммунистер еліміздің экономикалық қуатын одан əрі өркендету жолындағы бүкіл халықтық жорықтың алдыңғы сапында келеді. КПСС Орталық Комитетінің 1965 жылғы март жəне сентябрь Пленумдарының шешімдері партиямызды, бүкіл совет халқын жұмыстың айқын программасымен қаруландырып отыр. Қалалар мен селолардың еңбеккерлері партиямыздың XXIII съезі құрметіне қабылдаған міндеттемелерін орындау жолында табандылықпен күресуде. (Социалистік Қазақстан,
«Үлкен аттаныс үстінде», 1966 17 февраль, 1б). Өзара жемісті ынтымақтастық тапқан,
интернационализм жəне советтік патриотизм рухымен шыңдалған туысқан халықтар достығы – біздің жеңістеріміздің қайнар көзі [11].
Қорыта айтқанда, саяси метафоралардың тілде қалыптасып, сақталып қалуы тілтанымдық, жалпылай айтқанда, философиялық құбылыс ретіндегі мəні оның лингвофилософиялық негіздерін ашуда анық көрініс тапты. Көне түркі ойшылы Ж.Баласағұн еңбектерінен бастап, қазақ халқының би-шешендері, жыраулары, данагөй-ақылмандары, ақын-жазушылары, Алаш зиялылары, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері тілінде қолданылған саяси метафоралардың даму динамикасының берілуі - «Саяси метафора саяси дискурста оқырман не тыңдарманның белгілі оқиғаға қатысты оң немесе теріс көзқарасын қалыптастыратын бағалауыштық жəне экспрессивті-эмоционалды сипаттағы көркемдік құрал» деп тұжырым жасауымызға негіз болады.
ƏДЕБИЕТ
[1] Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дəуірден қазіргі заманға дейін). Қазақ философиясының қалыптасуы: ежелгі түркілік дəуір. -Алматы, 2014. -І т. -400 б.
[2] Баласағұн Ж. «Құтты білік». Даналық дəрістері. -Астана, 2003. -128б.
[3] Билер сөзі – ақылдың көзі. -Алматы, Қазақстан, 1996. –240б.
[4] Ел аузынан. Жыраулар өсиеті. -Алматы, Жазушы, 1989. -Б. 235-237.
[5] Тəжібаев Т. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. -Алматы, Баспалар үйі, 2006. – 8т. -480 б.
[6] Абай. Қара сөздері. Алматы, Өнер, 2010. –124 б.
196
[7] Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дəуірден қазіргі заманға дейін). XV–XIX ғасырлардағы қазақ философиясының тарихи сипаттамасы. -Алматы, 2014. - ІІ т. -304б.
[8] «Қазақ» газеті. -1918. -№260.
[9] Шоқай М. Таңдамалы шығармалары. -Алматы, Қайнар, 1998. -512б.
[10] Момышұлы Б. Мақалалар мен толғаныстар // Социалистік Қазақстан, 1965.
[11] Қонаев Д. Үлкен аттаныс үстінде // «Қазақ əдебиеті» газеті. -1970. -№2.
REFERENCES
[1] Қazaқ filosofiyasy tarixy (ezhelgі dəuіrden қazіrgі zamanғa dejіn). Қazaқ filosofiyasynyң қalyptasuy: ezhelgі tүrkіlіk dəuіr. -Almaty, 2014. -І t. -400 b.
[2] Balasaғұn Zh. «Құtty bіlіk». Danalyқ dərіsterі. -Astana, 2003. -128b.
[3] Biler sөzі – aқyldyң kөzі. -Almaty, Қazaқstan, 1996. –240b.
[4] El auzynan. Zhyraular өsietі. -Almaty, Zhazushy, 1989. -B. 235-237.
[5] Təzhіbaev T. Psixologiya. Adamzat aқyl-ojynyң қazynasy. -Almaty, Baspalar үjі, 2006. – 8t. -480 b.
[6] Abaj. Қara sөzderі. Almaty, Өner, 2010. –124 b.
[7] Қazaқ filosofiyasy tarixy (ezhelgі dəuіrden қazіrgі zamanғa dejіn). XV–XIX ғasyrlardaғy қazaқ filosofiyasynyң tarixi sipattamasy. -Almaty, 2014. - ІІ t. -304b.
[8] «Қazaқ» gazetі. -1918. -№260.
[9] Shoқaj M. Taңdamaly shyғarmalary. -Almaty, Қajnar, 1998. -512b.
[10] Momyshұly B. Maқalalar men tolғanystar // Socialistіk Қazaқstan, 1965.
[11] Қonaev D. Үlken attanys үstіnde // «Қazaқ ədebietі» gazetі. -1970. -№2 С.А. Садуакасова, Г.С.Сулейменова
Жетысуский государственный университет имени И.Жансугурова, Талдыкорган, Казахстан, ЛИНГВОФИЛОСОФСКИЙ АСПЕКТ ПОЛИТИЧЕСКИХ МЕТАФОР
Аннотация. В этой статье раскрываются лингвофилософские аспекты политических метафор, считающихся результатом простых философских суждений. Начиная с трудов Ж.Баласагуни в творчестве казахских биев и известных острословов, акынов и жырау, А.Кунанбаева, Б.Момышулы, Д.Кунаева, они нашли отражение в виде выводов и умозаключений. В сформирововавшихся политических метафорах ясно прослеживаются национальные оттенки, переплетающиеся с народной историей, культурой, традициями и бытом. Философские, социально-гуманистические, этико-эстетические воззрения, мысли и суждения вышеназванных общественных деятелей полны идей. В них точно переданы суть и общественно- политические функции метафор, они подкреплены примерами, характеризующие психологические и социальные проблемы и закономерности развития общества. Показаны динамика развития политических метафор, являющихся ценным языковым материалом. Они характеризуют развитие языка в определенную эпоху, принося свои особенности и новизну.
Ключевые слова: политическая метафора, лингвофилософия, аспект.
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 197 – 202 UDC 94(54+510)
A. Khassanova
PhD student, Al Farabi Kazakh National University
Junior Research Fellow, R.B. Suleimenov Institute of Oriental Studies [email protected]