• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОМ КЕЗІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

In document Science & Health Care (бет 31-34)

Тұжырым

Полиметаболикалық синдром патобиохимиялық және патофизиологиялық деңгейде тіркескен көптеген факторлардың жиынтығы, ол ЖИА мен атеросклерозбен байланысты басқа да аурулардың дамуына әкеледі.

Сондықтан да, дәрігерлердің клиникалық тәжірибесінде бұл синдромды ерте анықтау өзекті. Оның үш маркері – абдоминалды семіздік, артериалды гипертензия, гиперлипидемия – көптеген жағдайларда тіндердің инсулинге резистенттігімен қатар жүреді. Метаболикалық синдромның ерте диагностикасы ЖИА даму қаупі жоғары адамдарды анықтау тиімділігін 4-5 рет арттырады және атеросклеротикалық аурулардың ерте алдын алуға көмектеседі.

Негізгі сөздер: метаболикалық синдром, ерте анықтау, тамақтану ерекшеліктері Полиметаболикалық синдром патобиохимиялық

және патофизиологиялық деңгейде тіркескен кӛптеген факторлардың жиынтығы, ол ЖИА мен атеросклерозбен байланысты басқа да аурулардың дамуына әкеледі. Сондықтан да, дәрігерлердің клиникалық тәжірибесінде бұл синдромды ерте анықтау ӛзекті. Оның үш маркері– абдоминалды семіздік, артериалды гипертензия, гиперлипидемия – кӛптеген жағдайларда тіндердің инсулинге резистенттігімен қатар жүреді. Метаболикалық синдромның ерте маркерлері болса инсулинге резистенттілік глюкозаға толеранттылықтың бұзылуымен кӛрінеді.

Эпидемиологиялық зерттеулерде - ортаға, тұқым қуалауға, патофизиологиялық және патобиохимиялық жағдайлардың атеросклерозбен байланысты жүрек- тамыр ауруларының дамуына әкелетіні анықталды.

ЖИА даму қаупі – шылым шегу, артериалды гипертония, гиперхолестеринемия және басқа да гиперинсулинемия/гипергликемия,

гипертриглицеридемия, холестерин деңгей (ХС) артық дене салмағына (семіздік) байланысты[13].

1988 ж. G. Reaven инсулингетӛзімділік және гиперинсулинемия инсулинге тәуелді қант диабетінің патогенезінде ғана емес сонымен қатар ЖИА дамуына үлес қосатынын айтқан [14].

Метаболикалық синдромның клиникалық ерекшеліктері генетикалық және орта (ем-дәм, шарап ішу, ӛмір сүру салты) факторларына тәуелді.

Метаболикалық синдромда негізгі патофизиологиялық бұзылыс инсулинге тӛзімділіктің дамуы, яғни инсулиннің қалыпты мӛлшерінде тіндердің глюкозаны сіңіруіне бағытталған инсулин әсерінің тӛмендеуі. Инсулин әсерінің пострецепторлы деңгейде бұзылуы бірқатар патофизиологиялық ӛзгерістер нәтижесінде метаболикалық синдромның дамуына әкеледі.

Инсулин әсеріне сезімталдықтың тӛмендеуі компенсаторлы гиперинсулинемияны, әрі қарай май қорындағы липолиздің күшеюіне және қан құрамында бос май қышқылдарының жоғарылауына, липопротеин – липаза белсенділігінің тӛмендеуіне әкеледі.

Нәтижесінде бауырда үшглицеридтер синтезі күшейеді, қанда ӛте тӛмен тығыздықтағы липопротеидтер жоғарылайды, жоғары тығыздықтағы липопротеидтер азаяды. Шеткі тіндердің инсулинге тӛзімділігі артуы әсіресе қаңқа бұлшықетінде глюкоза сіңірілуінің тӛмендеуіне әкеледі, ол алғашқыда глюкозаға

толеранттылықтың бұзылуымен, кейіннен қант диабетімен кӛрінеді.

Абдоминалды типтегі семіздікті метаболикалық синдромның бір компоненті ретінде атауға болады [1].

Шажырқай мен шарбыдағы май тіндерінің белсенді липолизі гиперүшглицеридемия, гипергликемия, гиперинсулинемияны дамытады [5].

Сонымен қатар инсулинне тӛзімділік негізінен симпатикалық-адреналды жүйені белсендіру және бүйрек каналшаларында натрийдің кері сорылуы арқылы артериалды гипертония дамуын туғызады [16].

Инсулинге тӛзімділіе кезінде атеросклероздың дамуы гемостаз жүйесіндегі бұзылыспен жүреді.

Фибриноген мен VII факторы жоғарылауы мен фибринолитикалық белсенділік тӛмендеуімен (гипофибринолиз) кӛрінетін қан ұйығыштығының жоғарылауы (гиперкоагуляция) анықталды. Бұл бұзылыстар инсулинге тӛзімділік синдромы мен ЖИА- ның клиникалық кӛрінісінің байланысын кӛрсетеді.

Барлық жинақталған мәліметтер метаболикалық синдромның атеросклерозбен байланысты жүрек- тамыр ауруларының дамуын жеделдетеді, сондықтан клиникалық тәжірибеде метаболикалық синдромды ерте анықтау сынамаларын дайындау және оның компоненттерін толықтай түзету маңызды [4].

Метаболикалық синдромды анықтау тәсілдері Метаболикалық синдромды және оның жасырын түрлерін – артериалды гипертония (АГ), абдоминалды семіздік, гиперлипидемияны ерте анықтау үшін оның негізгі компоненттерінің бірге кездесуін анықтау керек :

Артық дене салмағы, АГ және жекеленген мӛлшерлі гиперлипидемия;

Артық дене салмағы, АГ және қосарланған дислипопротеидемия;

Инсулин тәуелсіз қант диабеті немесе глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы (ГТБ) және абдоминалды семіздік.

Осы міндетті үш факторлардың бірге кездесуі науқаста терең метаболикалық байланысқан атеротромботикалық бұзылыстың бар екенін кӛрсетеді.

Метаболикалық синдромның ерте маркерлерінің кӛрсеткіштері:

1. АГ (АҚҚ>140/90 мм сын.ст.) мен артық дене салмағы, мӛлшерлі семіздік (дене салмағы индексі - ДСИ>25 кг/м2 және <30 кг/м2 бел ӛлшемі ерлерде>94 см және әйелдерде >80 см майдың абдоминалды жиналуын кӛрсетеді), немесе айқын семіздік (ДСИ >30

кг/м2) мӛлшерлі жекеленген гиперлипидемиямен бірге (ХС > 5.0 ммоль/л немесе ҮГ> 2.0 ммоль/л).

2. Артық дене салмағы (ДСИ>25 кг/м2) АГ және қосарланған дислипидемия ҮГ >2.0 ммоль/л; ХС ЖТЛП>1.0 ммоль/л).

3. Инсулин тәуелсіз қант диабеті немесе глюкозаға тӛзімділіктің бұзылуы абдоминалды семіздікпен бірге.

Метаболикалық синдромның ерте маркерлері анықталған кез-келген науқастарды АҚҚ мониторлау, қан сарысуын ХС, ҮГ, ХС ЖТЛП, ХС ТТЛП мӛлшеріне, глюкозамен жүктемеге тӛзімділік сынамасы және бағдарлама кӛмегімен ЖИА даму қаупін бағалау керек.

Метаболикалық синдромның компоненттерін дәрілік емес және дәріліктүзету кезінде 2-3 факторға бір уақытта әсер еткен дұрыс.

Метаболикалық синдромды анықтаудағы басым топтар:

1. ЖИА кӛрінісі немесе басқа атеросклеротикалық аурулармен науқастар.

2. Метаболикалық синдромның ерте белгілерінің біреуі алдын ала тексеруде анықталған сау адамдар.

3. Ерте атеросклеротикалық (ерлерде – 55 дейін, әйелдерде – 65дейін) белгілері бар науқастардың жақын туыстары.

4. Терапевт, кардиолог, эндокринологқа қаралуға келген барлық науқастар.

5. Қарсы кӛрсеткіштері жоқ.

Метаболикалық синдромды түзетудің дәрілік емес тәсілдеріне ӛмір салтын сауықтандыру: дене салмағы тӛмендету, физикалық белсенділікті арттыру, тамақтануды реттеу жатады. Метаболикалық синдромды толықтай түзету үшін медициналық тәжірибеде рұқсат етілген дәрілік заттарды қолданады.

Метаболикалық синдромды ерте анықтау- атеросклерозбан байланысты аурулардың алдын алу жолы.Метаболикалық синдром жеке нозологиялық бірлік ретінде қарастырылмайтындықтан оның құрамына кіретін факторлардың нақты санын анықтаудың маңызы жоқ.

Дәрігердің міндеті метаболикалық синдромның ерте маркерлеріне қарай басқа да компоненттерді анықтау үшін қосымша тексерулер тағайындау. Метаболикалық синдромның түзету шаралары оның бірнеше компоненттеріне бағытталуы керек. Мұндай метаболикалық түзету толық және жасырын формаларда жүргізілуі керек, нақтырақ:

Метаболикалық синдромның 4 компоненті бірге кездескенде (ГТБ, дислипопротеидемия, АГ және абдоминалды семіздік);

АГ мен абдоминалды семіздік, дислипопро- теидемия глюкозаға толеранттылықтың анықтаусыз;

АГ мен дислипопротеидемия және семіздіксіз ГТБ.

Метаболикалық синдромы бар науқастарда алдын алу ерекшеліктері

Метаболикалық синдромы бар адамдарда ЖИА даму қаупі жоғары (>20%). Әр фактордың тӛмендей деңгейі емдік кірісу нәтижесінде болуы тиіс. Ең алғашқыда дәрілік емес түзету және салауатты ӛмір салтын ұстану маңызды.

Метаболикалық синдром кезіндегі тамақтануды түзету

Метаболикалық синдром кезіндегі тамақтану тәртібі гиполипидемиялық ем-дәмге ұқсайды. Негізінен дене салмағын тамақ құнарлығын тӛмендетуге, тамақ құрамын реттеуге, науқастың физикалық белсенділігін

арттыру арқылы тӛмендетуне бағытталған. Бірақ метаболикалық синдромның негізгі шарасы майдың жалпы кӛлемін мүмкіндігінше азайту; рационның жалпы құнарлығының 30% майға тиісті, бірақ қаныққан малдың майын ӛсімдіктекті майға ауыстыру керек. Егер гиполипидемиялық диетада 50-60% құнарлықты кӛмірсумен ауыстырады, бірақ метаболикалық синдромның диеталық түзетуінде кӛмірсулар үлесі 50%-ден артық болмау керек, әрі оның кӛпшілігі ішекте сіңірілмейтін клечатка түрінде болуы тиіс.

Қарапайым қанттарды күрт шектеу, күніне ем-дәм ХС 300 мгеритін клетчатка мен дәнді-дақылдар, жемістерден тұрады. Ақуыздың үлесі - мӛлшермен 20%, негізінен ӛсімдік текті ақуыздар, еттің майсыз сорттары.

ЖТЛП антиатерогенді қызметін шараптың аз мӛлшерінде жоғарылататыны (күніне 20-30 г этанола ерлерге және күніне 10-20 г - әйелдерге) шешілген сұраққа жатады. Бірақ та науқастардың үйрену қаупі шарапты аз мӛлшерде атеросклеротикалық аурулардың алдын алуға кең қолдануға мүмкіндік бермейді. Ӛсімдік текті биологиялық белсенді препараттардан пайдалы витаминдер-антиоксиданттар (әсіресе витамин Е - күніне 200-400 ХБ) және клетчатка препараттары. Ас тұзын қолдануды шектеу (күніне3 г аз) және суды шектеу (1.5 л дейін) метаболикалық синдромның дәрілік емес түзетуі ретінде негізделген.

Тамақтануды түзетумен қатар дене салмағын тӛмендету үшін арнайы физикалық жаттығулар тағайындалады.

Метаболикалық синдромды дәрілік түзету Түзету мақсаттары– бақылауда ұстау:

АҚҚ;

ХС ЖТЛП, ҮГ және ХС ЖТЛП;

Дене салмағын;

Глюкоза деңгейін;

Қанның ұйығыштығын және фибринолитикалық белсенділігін

Бүгінде тіндердің инсулинге сезімталдығын жақсартатын препарат ол - метформин. Оның бұл әсері дене салмағының тӛмендеуімен қатар жүреді.

Сонымен қатар метформин артериалды гипертония мен гиперлипидемияға қатысты бейтарап әсер кӛрсетеді. Дене салмағының 5-10% тӛмендеуі атеросклеробен байланысты жүрек-тамыр ауруларының дамуындағы қауіп факторларын азайтады.

Сонымен қатар семіздік деңгейін реттейтін келесі дәрілік препараттар бар: термогенезді және энергия шығынын күшейтетін - бета-3-адреномиметиктер (оларды "май ыдыратушысы"): фентермин, мазиндол және диэтилпропион. Олар артериалды қан қысымын және жүректің жиырылу жиілігін арттырады.

Кӛп жағдайда (80%-ға дейін) –метаболикалық синдромда гиперлипидемия гиперхолестеринемия мен гиперүшглицеридемиямен жүреді. Сондықтан қосарланған гиперлипидемияда гиперхолестеринемия айқын байқалады, статиндерге басымдылық беріледі (олар ХС мӛлшерін 20-40% тӛмендетіп, ҮГ деңгейін 15- 20% азайтады және ЖТЛП мӛлшерін 10-15%

арттырады). Айқын гиперүшглицеридемияда таңдаулы препараттар фибраттар (ҮГ мӛлшерін 20-40%

азайтады, ТТЛП - 15-20% тӛмендетеді және ЖТЛП 10- 20% арттырады) [5].

Монотерапияда гипотензивті препараттардан альфа 1-адреноблокаторлар кӛмірсу және липид

алмасуына қолайлы жағдай жасайды. Олардың жанама әсері қарттарда ортостатикалық гипотензивті әсер. Ұзақ әсерлі Са антагонистері, ААФ ингибиторлары, ангиотензин рецепторларының ингибиторлары мен имидазолин рецепторларының агонистері метаболикалық бұзылыс кезінде бейтарап.

Қазіргі уақытта диуретиктер мен бета-блокаторлар жалпы ӛлімділік кӛрсеткіштері мен ЖИА асқынуларының жиілігін азайтатыны дәлелденген. Егер бета-блокаторлармен статиндерді бірге берсе, ол статиннің гиполипидемиялық әсерін бұзбайды.

Таңдаулы бета-блокаторлар мен ұзақ әсерлі сульфонамидті диуретиктер (индапамид) орта терапиялық мӛлшерде теріс метаболиялық әсер туғызбайды.

Сонымен еш топ препараттары метаболикалық синдромның айқындылығын тӛмендете алмайды.

Қосарланған ем– метаболикалық синдромды түзетудің ең тиімді жолы. Метаболикалық синдром анықталғанда гипотензивті және гиполипидемиялық емді тағайындаған жӛн. Метаболикалық синдромды гипотензивті (Са антагонистері және ААФ ингибиторлары) және гиполипидемиялық (статиндер, фибраттар) дәрілермен емдеу атеросклерозбен байланысты жүрек-тамыр ауруларының даму қаупі азаяды.

ЖИА-ның патофизиологиялық және патобиохимиялық қауіп факторларын анықтау (АГ, гиперхолестеринемия, гипоальфахолестеринемия, қант диабеті) ЖИА жедел даму қаупін 10 жылға болжау қаупіне5-8% қосады. Ерте бағытталған диагностика абдоминалды семіру, дислипидемия (жекеленген немесе комбинирленген), АГ, немесе осы факторлардың ГТБ-мен қосарлануы 10 жылда ЖИА қаупін 24-28% арттырады [12]. Осылайша, метаболикалық синдромның ерте диагностикасы ЖИА даму қаупі жоғары адамдарды анықтау тиімділігін 4-5 рет арттырады және атеросклеротикалық аурулардың ерте алдын алуға кӛмектеседі.

Әдебиеттер:

1. Мамедов М.Н., Перова Н.В., Метельская В.А., Оганов Р.Г. Связь абдоминального типа ожирения и синдрома инсулинорезистентности у больных артери- альной гипертонией. Кардиология 1999;9:18-22.

2. Оганов Р.Г., Перова Н.В., Мамедов М.Н., Ме- тельская В.А. Сочетание компонентов метаболического синдрома у лиц с артериальной гипертонией и их связь с дислипидемией. Терапевт. Архив 1998; 12:19-23.

3. Перова Н.В. Суммарный риск ИБС и показания к лечению гиперхолестеринемии (применение европей- ских рекомендаций 1994 г. к российским условиям).

Кардиология 1996;3: 47-53.

4. Перова Н.В., Мамедов М.Н., Метельская В.А.

Кластер факторов высокого риска сердечно-сосудистых заболеваний: метаболический синдром. Междунар.

Мед. Журнал 1999;2:21-4.

5. Перова Н.В. Гиполипидемическая терапия при метаболическом синдроме. Труды I-го Международного Научного Форума "Кардиология-99"; 1999:39-48.

6. Перова Н.В., Метельская В.А., Озерова И.Н.

Кластеры факторов, определяющих высокий риск мета- болического синдрома - подходы к его коррекции. Мате- риалы I Всероссийск. Конф. по проблемам атероскле- роза, посв. 100-летию А.Л. Мясникова. 1999;32.

7. Полякова Э., Иванова Т., Никулина С., Метель- ская В., Олферьев А., Щербакова И., Ахмеджанов Н., Перова Н. Особенности изменения скорости синтеза холестерина в лимфоцитах и уровня липидов и липо- протеидов в периферической крови у больных с гипер- холестеринемией при сочетанном лечении ловастати- ном и обзиданом. Бюлл. Эксп. Биол. и Мед. 1994;3:248- 51. 8. Caro JF. Insulin resistance in obese and nonobese men. J ClinEndocrinol and Metab 1991;73:691-5.

9. Mamedov M.N., Perova N.V., Oganov R.G. Lipid abnormalities in Russian hypertensive patients: role in met- abolic syndrome atherogenicity. In: Advances in Lipoprotein and Atherosclerosis Research, Diagnostics and Treatment.

Proc. 9th Intern. DresdenLipidSymp. 1997:186-91.

10. Metelskaya V., Serdyuk A., Mamedov M., Konstan- tinov V., Perova N., Oganov R. Insulin resistance markers for coronary heart disease high risk subjects selection. Там же, с. 192-195.

11. Olefsky J.M., Farquar J.W., Reaven G.M. Reap- praisal of the role of insulin in hypertriglyceridemia. Am J Med, 1974;57:551-60.

12. Perova N., Mamedov M., Metelskaya V., Olferiev A., Oganov R. Cardiovascular global risk in hypertensive Rus- sian men with clustering of metabolic syndrome abnormali- ties. Abstr. 70th EAS Congress, Geneva (Switzerland), Sept. 6-9th, 1998; p. 47.

13. Prevention of coronary heart disease in clinical practice. Recommendations of the second joint task force of European and other Societies of coronary prevention.

EurHeart J 1998;19:1434-503.

14. Reaven G.M. Role of insulin resistance in human disease. Diabetes, 1988;37:1595-607.

15. Tobey T.A., Greanfild M., Kraemer F. et al. Rela- tionship between insulin resistance, insulin secretion, very low density lipoprotein kinetics and plasma triglyceride lev- els in normotriglyceridemic men. Metabolism, 1981; 30:

165-171.

16. Vaccaro O, Riccardi G. Blood pressure, insulin and associated metabolic abnormalities in non diabetic individu- als. Nutr Metab Cardiovasc Dis 1997; 7:76-80.

Резюме

ОСОБЕННОСТИ ПИТАНИЯ ПРИ МЕТАБОЛИЧЕСКОМ СИНДРОМЕ

А.С. Керммқұлова, А.М. Маркабаева, А.Е. Нуржанова, Н.А. Жумырбаева, М.К. Адиева, Б.Қ. Курмангажина Государственный медицинский университет города Семей

Метаболический синдром представляет собой сочетание нескольких факторов на патобиохимическом и па- тофизиологическом уровне и приводит к развитию заболеваний, связанных с атеросклерозом. Поэтому выявле- ние этого синдрома в клинической практике врача очень важно. Три маркера синдрома - абдоминальное ожирение, артериальная гипертензия, гиперлипидемия - сопровождаются резистентностью тканей к инсулину. Ранняя диагностика метаболического синдрома повышает эффективность выявления лиц с высоким риском развития ишемической болезни сердца в 4-5 раз и способствует ранней профилактике атеросклероза.

Ключевые слова: метаболический синдром, ранняя диагностика, питание.

Summary

FEEDING OF THE METABOLIC SYNDROME

A.S. Kerimkulova, A.M. Markabayeva, A.E. Nurzhanova, N.F. Zhumurbaeva, M.K. Adiyeva, B.K. Kurmangazhina State Medical University of Semey

Polimetabolic syndrome is a combination of several factors on pathobiochemical and pathophysiological level, leads to the development of diseases associated with atherosclerosis. Therefore, the identification of this syndrome in clinical practice doctor is very important. Three markers of the syndrome - abdominal obesity, hypertension, hyperlipidemia - is accompanied by insulin resistance of tissues. Early diagnosis of the metabolic syndrome increases the efficiency of identifying individuals at high risk for coronary heart disease by 4-5 times and helps to early prevention of atherosclerotic disease.

Key words: polymetabolic syndrome, early diagnosis, feeding.

In document Science & Health Care (бет 31-34)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР