ЭКОНОМИКА И МЕНЕДЖМЕНТ
МРНТИ 06.77.61 МРНТИ 06.77.61 УДК 331.526
ГЕОМАРКЕТИНГ АСПЕКТІСІ БАСҚАРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ А.М. Алшынбай 1,М. O. Дуйсемалиева*2
1 ,2 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
e-mail: [email protected]
Түйін. Мақалада геомаркетингтің дамуы маркетингті басқарудың құралы ретінде талданады.Геомаркетинг қазіргі нарықтық жағдайда менеджменттің құралдарының бірі болуы тиіс. Геомаркетингтің кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тікелей саласындағы туындайтын негізгі факторлары ретінде маркетингті басқару процестерімен байланысты деректер бөлініп көрсетілген. Бұл факторлар өндірушілер немесе өндіруші және сатушы/дистрибьютор арасындағы кеңістіктік өзара қарым-қатынастарды көрсетеді, басқарушылық шешімдер қабылдау жүйесінде оңтайландырылады.
Түйінді сөздер: география, экономика, маркетинг, геомаркетинг, орта, геотовар, кәсіпкерлік.
ASPECTS OF GEOMARKETING AS A MODERN TOOL OF MANAGEMENT A.M. Alshynbay1,M.U.Duysemaliyeva*2
1 ,2Kazakh national university of a name of al-Farabi, Almaty, Kazakhstan e-mail: [email protected]
Summary: The article analyzes the development of geomarketing as a marketing management toolkit. Geomarketing should become one of the management tools in the current market conditions. As the main factors of geomarketing, arising directly in the field of economic activity of the enterprise, the sources associated with the marketing management processes are highlighted. These factors reflect the spatial relationship between the producers or the manufacturer and the seller / distributor, are optimized in the system of management decisions. The decision-making technology uses spatial data in the implementation of activities in the field of product sales and management of spatially distributed objects that determine the consumer, the competitive situation and infrastructure of the territory.
Key words: geography, economics, marketing, geomarketing, environment, geo-products, entrepreneurship.
МРНТИ 06.77.61
алмай жастар ортасындағы девитанттық мінез-құлықтың өсуі мен жұмыссыздық мәселесінің бел алуы таң қалдырарлық жәйт емес. Қоғамдағы қалыптасқан вакуумдағы моральдық құндылықтардың жоғалуы мен қатар, орындарын таба алмай жас тұлға ішімдікке, нашақорлықка әуестене бастайды, өздерін қоғамдық ағымға қарсы коюмен жол табуға үйір бола бастайды [1].
Елдегі, аумақтағы, облыстағы, қаладағы және т.б. жердегі еңбек нарығында болып жатқан процестер әлеуметтік - экономикалық жүйелердегі жиі болып тұратын оқиғалар мен тенденциялардың көрініс нәтижелері.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, ҚР- ың нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, ҚР Статистика Комитетінің ақпараттық мәліметтері және т.б. пайдаланылды. Зерттеу жұмысын орындау барысында жүйелік талдау, салыстырмалы және статистикалық талдау, себеп-салдарлы байланыс, болжау әдістері қолданылды.
Талқылау мен нәтижелері. Халықаралық интеграцияның дамуы және Қазақстандағы бәсекелестіктің күшеюі жағдайында жастарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша проблемалар туындауда. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) мәліметтері бойынша, жастар арасындағы жұмыссыздықтың қысқаруы әлемдік жалпы өнімнің екі есе өсімін қамтамасыз етер еді. Осы аспектіде, жастардың үлес салмағы жалпы халықтың шамамен 25,0% құрайтын Қазақстандағы жастарды жұмыспен қамту мәселесі ерекше өзекті болып отыр.
Жастар халықтың әлеуметті-экономикалық белсенді, инновациялық және шығармашылық потенциялға ие бөлігі, дегенмен өзінің жастық күшінде осы немесе басқа да кәсіби қызмет саласында тәжірибесінің жеткіліксіздігіне ие екені белгілі. Сондықтан еңбек нарығында жұмыспен қамту, жастардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін қолдау және дамыту мәселелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының стратегиялық басымдықтары болып табылады.
Жастардың қандай да бір топтарын еңбек саласына «кіргізу» барысында жұмыспен қамту аспектілеріне әсер ететін ең маңызды критерийлер білім беру деңгейі, қажет кәсіптік білім мен дағдылардың болуы, еңбек, жұмыс құндылығына қатысты құндылықтық мақсаттар, бағдарлар мен болжамдар жиынтығы, жұмыс берушілердің жүріс-тұрысы, еңбекақы төлеу шарттары мен төленуі боп табылады. Осы факторлардың барлығының жиынтығы жастардың еңбек нарығындағы белгілі бір жүріс-тұрысын шарттайды, бұл қандай да бір мамандықты, білім беру стратегиясын таңдауға, кәсіптік тұрғыдан дағдылар қалыптасуына, жұмыс іздеу барысында белсенді не пассивті жүріс-тұрыс болуына көмектеседі.
Алайда бір жағынан, жастар экономикалық белсенді халықтың ең белсенді әрі перспективалы бөлігі және белгілі бір әлеуетке ие. Оны дамытсақ, жастардың еңбек нарығындағы жағдайын жақсартуға көмек бола алады, бұл да мемлекет тарапынан қосымша назардың қажет болуын және халықтың осы санатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша өзгеше және мақсатқа бағытталған шараларды дайындауды шарттайды (1 кесте).
Кесте 1
Жұмыспен қамту жүйесінің артықшылықтарын қамтамасыз ететін жастардың еркешеліктері
№ Жастардың ерекшеліктері Сипаттама
1 Инновациялығы Жастар инновациялық қызмет бағыттарындағы жұмыспен қамтудың инновациялық нысандарын белсенді қабылдайды 2 Үйлесімділік, икемділік Халықтың осы санаты жаңа талаптар мен шарттарға оңай
бейімделеді.
2. Ақпараттық ресурстарға кеңінен қолжетімділік, оқуға қабілеттілік
Жастар танымдылық процесті қамтамасыз ететін ақпарат көздерінің белсенді пайдаланушылар болып табылады.
4 Қабілеттілік Жастар, әсіресе еңбек қызыметінің басты кезеңдерінде, талаптар мен өзгерістерге оңай бейімделеді
Жастардың жоғарыда аталған бірқатар ерекшеліктері салдарынан кәсіпкерлік саласы жастардың кәсіптік дамуы үшін кең перспективаларға ие. Алайда бірқатар кедергілер мен жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдай аталған әлеуетті тежейді. 2017 жылғы қыркүйек айында Қоғамдық пікір қоры жүргізген сауалнама деректеріне сүйенсек, 18-29 жастағы жастардың 12%- ы кәсіпкерлік әлеуетке ие, бұл ретте «Георейтинг» мегасауалнамасы деректеріне сәйкес, аталған жас ерекшелік санатында 4% ғана жеке бизнеске ие.
Жастардың сипаттамаларын, ерекшеліктерін, әлсіз қырларын ескерумен әлеуетін дамыту, жастарды жұмысқа орналастыру кезінде жұмыс берушілердің талаптарын зерттеп- білу (2 кесте), білім беру саласын үйлестіру, құқықтық аспектіде еңбек нарығындағы жастардың жағдайының өзгешелігін ескеру – осының бәрі жастарды еңбек саласына
«кіргізуге» көмектесетін болады.
Кесте 2
Жұмыс беруші үшін маңызды, ізденуші үшін қажетті дағдылар мен жеке қасиеттер
№ Қалалық жұмыс берушілермен
анықталған дағдылар Аймақтық жұмыс берушілермен бағаланған дағдылар
1 Корпоративтік мәдениетті білу Шетел тілін білу
2 Байланыс дағдылары Бейімді жұмыс тәжірибесі.
3 Стресстік төзімділік Нарықты білу 4 Үлкен ойлауға көмектесетін жалпы
теориялық дайындық
Алайда, жұмыс берушілер алғаш рет жұмыс іздеп жүрген жас мамандарды жұмысқа орналастыруға аз дәрежеде мүдделі, бұл, бірінші кезекте, оқытуға кететін қосымша шығындармен байланысты. Кейбір зерттеулер бойынша батыстық бизнес мамандарды «үстеме оқытуға» және қайта оқытуға шамамен 20 млрд. доллар жұмсайды. Басқа деректер бойынша жұмыс берушілер іскерлік қызметтер секторында жұмысқа алынған түлектердің 43-54%-ын қайта оқытады, өнеркәсіпте - 24-38%[2]. 1 суретте 2001-2017 жж Қазақстан жастарының жұмыссыздық деңгейінің өзгеруі келтірілген. Диаграмма астындағы көрсеткіштер әрбір жылғы 1-4 бағаналарға ретімен сәйкес.
Сурет 1 – 2001-2017 жылдары Қазақстан жастарының жұмыссыздық деңгейінің өзгеруі
Осылайша, жастар арасында оқу орны түлектері топшасы жұмысқа орналастыру тұрғысында жекелеген өзіндік мәселелерге ие, бұл, бірінші кезекте, көбінесе осы топшада жұмыссыздықтың өсуінен көрінеді (1 сурет). Берілген диаграммадан көріп отырғанымыздай, 2001 жылы жұмыссыздық деңгейі 10,4 % құраған, соның ішінде: жастар жұмыссыздығы деңгейі 19,1 % (15-24 жастағылар) және жастар жұмыссыздығының деңгейі 16,6 % (15-28 жастағылар).
2001 жылдан бастап Қазақстан халқының жалпы жұмыссыздық деңгейі жыл сайын азаюда және 2017 жылы 4,9 % құрады [3]. Бұл Қазақстанның мемлекеттік саясатының дұрыс таңдалғанын көрсетеді.
2014 жылға дейін жастар жұмыссыздығының деңгейі төмендеу тенденциясына ие болды және ҚР Статистика комитеті 3,8% деп тіркейді, ал 2015 жылы 4,2% дейін өсті. Соңғы екі
10,4 9,3 8,8 8,4 8,1 7,8 7,3 6,6 6,6 5,8 5,4 5,3 5,2 5 5,1 5 4,9 19,1 17,3
14,5 14,3 13,4 12,1
9,4 7,4 6,7 5,2 4,6 3,9 3,9 3,8 4,1 3,8 3,8
16,6 7,6 14,7 6 12,7 5,3 12,6 5,1 11,9 4,3 11,5 4 9,7 3,3 8,4 2,8 8,5 2,5 6,6 2,2 6,1 2,1 5,4 2,5 5,5 2,5 4,2 2,4 4,4 2,5 4,1 2,2 3,9 2,2
0 5 10 15 20 25
Жұмыссыздық деңгейі, %
Жастар жұмыссыздығы деңгейі, % (15-24 жастағы) Жастар жұмыссыздығы деңгейі, % (15-28 жастағы) 2
жылда жастардың жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып отыр және 3,8% құрады. 15-24 жастағы жастар жұмыссыздығы деңгейі мен 15-28 жастағы жастар жұмыссыздығы деңгейінің өзгеру тенденциясын салыстырайық. Сонымен, 2006 жылға дейін 15-24 жастағы жастар жұмыссыздығы деңгейі 15-28 жастағы жастар жұмыссыздығы деңгейінен 2,6-0,6% артық болған [4].
2007 жылдан бастап 15-24 жастағы жастар жұмыссыздығы деңгейі 15-28 жастағы жастар жұмыссыздығы деңгейімен салыстырғанда азайды. 15-24 жастағы жастар жұмыссыздығы деңгейі төмендеуінің негізгі екі себебін атауға болады:
1) Президенттің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында Президент «Біздің ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеуге және онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салуға нұсқау берді, бұл қазақстандық жастарды жұмысқа тұруға ынталандырды;
2) «Болашақ» Халықаралық стипендиясы бойынша білім алған жастардың (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Жарғысымен тағайындалды) елге қайтып оралу және бес жылдық еңбекпен өтеу міндеттерін бекітетін шарт жасау базасы дайындалып қазіргі таңда іске асырылуда.
2 суретте экономикалық қызмет түрлері бойынша Қазақстанның жұмыспен қамтылған халқының үлесі берілген.
* Басқа қызметтергеі: тұру және тамақтану қызметтері; ақпарат және байланыс; қаржы және сақтандыру қызметі; өнер, ойын-сауық және демалыс; қызметтердің басқа түрлерін ұсыну; үй жұмысшылары қызметі, жеке тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіру және үй қызметкерін жалдау; экстерриториалдық ұйымдар мен органдардың қызметі кіреді. Жоғарғы жолақ-2017 жвылдың көрсеткіштері.
Сурет 2 – Экономикалық қызмет түрлері бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың бөлінуі
Жеке және қоғамдық мәселелер бойынша жұмыс іздеу қиыншылығына әсер ететін, көптеген факторлардың ішінде ең маңыздылары төменде келтірілген:
1. Әлемдегі жалпы экономикалық жағдайлар. Алты жыл қатарынан, 2016 жылды қоса алғанға дейін, әлемдік экономика қанағаттанарлықсыз деңгейде өсті. Ал қазір үміт пайда болғанымен, айқын келешектің нашарлау тәуекелі қалады да, жаһандық экономикалық өсу жалғасатын болады. Оларға мыналар жатады: саяси белгісіздік, оның ішінде Еуропада; әлемдік саудада, протекционистік қайшылық сонымен қатар әлемдік қаржылық жағдайдың қатаңдануы, нарықты қалыптасушы және дамушы елдерден тұрақсыз қаражаттың ағымын шақыруы мүмкін.
ХЕҰ есептеуі бойынша: егер өнімділіктің өсу тренді 2008 жылғы дағдарысқа дейінгі деңгейінде қалса, бүгін экономикасы дамыған елдерде ЖІӨ көрсеткіштері 5% жоғары болар еді [5].
28,28 11,69
7,02
15,09 6,31
10,06 4,56
4,64 1,71 1,84 2,06
6,73
15,36 12,7 7,15
15,55 7,08
12,3 5,62
5,58 1,89
2,79 3,26
10,71
0 5 10 15 20 25 30
Ауыл шаруашылығы, орман және балық … Өнеркәсіп
Құрылыс Көлік және қоймалау Білім беру Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті …
Жылжымайтын мүлік операциялары Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету …
Басқа қызмет көрсету салалары *
2017 жыл
2. Жастар үшін қажетті ақпараттардың болмауы, әсіресе елеулі әлеуметтік қаржыға иеленбеген отбасындағы жастарға. Көптеген жастарға өзінің мансабын қалыптастыру бойынша дұрыс шешім жасауға мүмкіндік беретін, казіргі еңбек нарығы туралы білім жетіспейді. Мектеп шынайы мансап жолдарын таңдауға тиісті түрде дайындамайды.
3. Қол жетімді жұмыс орындарына қажетті, шеберліктің болмауы. Тіпті олардың көбісі, білім алғандарының өзі, көбінесе олар жұмыс кезінде кезігетін, өзекті мәселелерді шешуге аз бейімдейтін, теориялық білімдерге ғана ие. Бұл мектептің оқу бағдарламасының кінәсінен және білім беру жүйесі мен жұмыс берушінің арасындағы байланыстың төмендігі. Жастар сонымен қатар ынтымақтастық, қарым-қатынас, критикалық ойлау, шығармашылық көзқарас дағдыларының жетіспеушілігін сезеді.
4. Жұмыс берушының көзқарасы бойынша тәжірибенің жоқтығы. Олар бұл жетіспеушілікті көре тұра жастардың білім алуына инвестиция қосқылары келмейді, осы уақытта тәжірибелі ересек қызметкерлер жұмыссыз қалуы мүмкін және оларды жалдау үшін қол жетімді болып келеді [6].
5. Бастапқы деңгейдегі дағдыларды қалыптастыру үшін қолайлы, келісім-шартты жұмыс орнының болмауы. Кейбір еңбек нарықтарында, әсіресе дамушы елдерде, жұмыс іздеуші жастардың саны мен жергілікті экономикалық белсенділік деңгейінің арасындағы демографиялық сәйкессіздіктің болуы.
Қорытынды. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, қазіргі күні жұмыспен қамту саласы ауылшаруашылық саласында кадрлық жетіспеушілікті бастан кешіп отыр, бұл ауылдық жердегі жастардың республикалық және облыстық дәрежедегі қалаларға кетуімен байланысты.
Қаржы секторында 25-29 жастағы жұмысбасты жастардың үштен екісі еңбек етуде, мемлекеттік басқаруда, әлеуметтік сақтандыруда және жылжымайтын мүлікпен операцияларда жастардың 50%-ға дейінгі үлесі еңбек етіп жатыр. Сонымен қатар, материалдық өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіпте, әлеуметтік инфрақұрылымда – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында жастарды жұмыспен қамтудың көрсеткіштері төмен. Қазіргі уақытта ғылыми секторға түлектердің 2%-дан аз бөлігі келеді, бұл ғылыми жұмысшылар беделінің төмендігінен хабар береді. Осы тенденциялардың барлығы өсіп келе жатқан жұмыссыздықпен бірге байқалып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Жатканбаев Е.Б., Байзакова К.И. Куренкеева Г.Т., Рамазанов А.А. Национальные интересы Казахстана и вызовы глобализации. Алматы, 2014;
2 Уровень жизни населения в Казахстане. Статистический сборник. Астана, 2012 -2017;
3 Экономическая активность населения Казахстана, 2012–2016 Статистический сборник.
Астана, 2012 - 388 с
4 Нугербеков С. Казахстанский рынок труда характеризует динамичность Казахстанская правда № 354-355 (27173-27174) 16.10.2016
5 Вукович Г. Г. Рынок труда / Г.Г.Вукович, И.В.Гелета. -М.: Феникс, 2017. - 240 c.
6 Глобализация рынков труда. Динамика. Проблемы. Перспективы. - М.: ИНИОН РАН, 2014. - 246 c.
АНАЛИЗ БЕЗРАБОТИЦЫ СРЕДИ КАЗАХСТАНСКОЙ МОЛОДЕЖИ Ж.Қ. Әбжан*1, Т.Қ Бекжанова2
1,2 Казахский университет экономики, финансов и международной торговли, Астана, Казахстан e-mail: [email protected]
Резюме. В статье рассматриваются проблемы занятости населения в республике. На основании материалов Комитета по статистики РК проведен анализ состояния безработного населения в возрасте 15-24 лет, выявлены основные препятствия для трудоустройства молодежи. Рассматриваются причины роста безработицы, а также ее последствия для Казахстана. В статье изучены меры государственной политики, направленной на снижение уровня безработицы, в т.ч. среди молодежи.
Ключевые слова: безработица, молодежная безработица Республики Казахстан, социальная защита от безработицы, причины, последствия безработицы.
THE ANALYSIS OF UNEMPLOYMENT AMONG KAZAKHSTAN YOUTH Zh.Әbzhan*1, T. Bekzhanova2
1,2 Kazakh University of Economics, Finance and International Trade, Astana, Kazakhstan
e-mail: [email protected]
Summary: The article describes main problems related to employment in the republic. Based on the data obtained from the agency for statistics and the analysis of this data it was possible to identify the main hurdles for the unemployed young people 15-24. The authors also looked into the root cause of the growth of unemployment rate and its impact for Kazakhstan. Different aspects of the public policy directed towards decrease of the unemployment rate are elaborated in the article.
Key words: unemployment; youth unemployment of the Republic of Kazakhstan; social protection against unemployment; causes; consequences of unemployment.
МРНТИ 82.15.09