ӘДЕБИЕТТАНУ
МРНТИ 17.07.41 МРНТИ 17.07.41
А.О.ТОҚСАМБАЕВА1
1Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ., Қазақстан
Қ.Қ.СҮЛЕЙМЕНОВА2
2Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР АЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ХАРАКТЕР Түйіндеме
Мақалада Мағауиннің «Тазының өлімі» хикаятындағы негізгі кейіпкерлердің бойындағы ұлттық характерлер сипатталады. Әңгіменің негізгі тірегі бір ғана Лашын арқылы қазақ халқының даналық өмірінің түрін сипаттап, сол елдің адамдарымен үндестіре білген жазушы шеберлігі бейнеленеді. Лашынның ғұмырын арнаған адамы кім еді, оның ұлттық характері қандай мәселелерде көрініс тапқандығы туралы берілгендігін мақала түйіндейді. Жалпы, әдебиеттану ғылымында көркем шығарманың тарихи негізі деген ұғым бар екендігін,ол тарихта не болғанын сол күйінде алу деген ұғым емес, ұлт жадындағы жақсы қасиеттерді жаңғырту деген сөз екендігін мысалдар арқылы дәлелденеді. Кеңес үкіметі кезіндегі типтік бейнеге айналып кеткен, қазақ ауылдарындағы басшыларға жарасатын әрекетті жазушының көркемдік деталь деңгейіне көтере білгендігі туралы айтылады. Соцреализмдегі мынау жағымды бейне, мынау жағымсыз бейне деген әңгіме төңірегінде әңгіме қозғамайтындығын айта келіп, көркем бейнені оқиғаны Қ.ң даму үрдісінде ашады. Жазушы алаш арыстарының лебін, үзілмеген жібін Қазы бейнесінде беретіндігін, азған тұқым, ұлттық мінезден ада бола бастаған кейіпкерлердің ең қасиетті нәрселерді айтылады.
Мақала зерттеушілерге, әдебиеттанушыларға арналады.
Түйін сөздер: ұлттық характер, хикаят, кейіпкер, «табаны тиеді», «аң ұстамаса мойны қатып кетеді», «сорпа жалатып», ұлттық рух, көркем характер,тарихи таным.
Көркем характердің, характерлер типологиясының ішіндегі өзгеше құндысы – ұлттық характер.
«Ұлттық характер – шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі» – деп
«Әдебиеттану. Терминдер сөздігінде» анықтама берілген [1, 360].
Біз көркемдік дәстүр аясындағы ұлттық характерді анықтау үшін Мағауиннің «Тазының өлімі»хикаятындағы негізгі «кейіпкерге» назар аударып сол арқылы хикаяттағы кейіпкерлерге тоқталуды жөн көрдік.
Хикаяттың пролог пен эпиолог стилінде жазылған екі бөлімі де Лашынға арналған. «Тазының өлімі»
хикаятының негізгі тірегі Лашын арқылы қазақ халқының даналық өнерінің бір түрін шеберлікпен суреттеген жазушы, әрине осы сюжетті сол елдің адамдарымен үндестіре суреттеген. Бір ғана тымақ орнын малақай басуы қандай көркемдік деталь. Ұлттық характердің символындай әсер етеді. Лашынның ғұмырын арнаған адамы кім еді, хикаятта қалай суреттелген. Оның ұлттық характері қандай мәселелерде көрініс тапқан, осы мәселелер төңірегінде пікір-тұжырым айтпақпыз. Ол – Қазы еді. Суреткер бұл кейіпкерін бірден бойлата көтермей, Омар ақсақалдың аузымен арғы тегіне тоқталып өтіп, сыр шерте сөйлетеді. Жалпы, әдебиеттану ғылымында көркем шығарманың тарихи негізі деген ұғым бар. Ол тарихта не болғанын сол күйінде алу деген ұғым емес. Бірақ ұлт жадындағы жақсы қасиеттерді жаңғырту деген сөз. Омар ақсақал Қазының арғы тегі күшті болғанын айта келіп, ұрпағының соған сай өмір сүріп жатқанын айтады. Ауыздан осылай тараған әңгіме сюжет құрауға да алып баратын жайттар болады.
Сөйтіп кейіпкердің асыл негізіне алдымен оқырманды таныс қылып өтеді.
Біз Омар ақсақалдың әңгімесінен қазақ ұлтының өзіндік қасиетінің мың қатпарынан ақпарат аламыз.
Соның бізге қазір керегі, Қазыға қатыстысы. Қазының әкесі Әмір жігіттің сырттаны екен, қолынан қыран тазы арылмапты. Нағашысы Мамай шал да осал адам болмады. Омар ақсақал Мамай туралы айтқанда онымен қыстауы қатар болғаны, көзімен көргенін айтады. Тарихи таным осы шығарманың негізгі кредоларының бірі. Бірақ өмірілік деректерді жазушы көркемдік шындыққа айналдырған [2, 36].
Тұтас бір әлемнен ақпарат алған біз, Қазымен оның Омар ақсақалдың ұзын-сонар әңгімесіне арнаған қысқа, қағытпа тәріздес сөзінен байқаймыз, сонымен қатар, ақсақалға берген сауалынан байқаймыз. Міне осы екі сәттің өзінде Қазы мінезінің бірнеше деталына қанық боламыз. Біріншісі, «өкіметтің малын кім бағады» деу арқылы оның бүкіл қоғамға наразылығы, яғни оның зорлықшыл жүйесіне қарсылығы байқалса, екіншіден, нағашысынан күшікті күштеп алып кетуі, қалап алып кетуі оның аңшылық қасиетінен хабар береді. Адамның жеке басының құқығы жойылған, даралануға мұрша бермейтін жүйені таныған адамның сөзі. Осындай ойларға сол жылдардың өзінде Мұхтар Мағауин бара білген. Суреткер сол кеш, Қазының үйіндегі кешкі дастархан басындағы әңгіме арқылы негізгі кейіпкерлермен таныстырып, олардың өмірлік позициясынан оқырманды хабардар етіп кетеді.
Қазының аңшылық қырын жазушы, оның алғаш Лашынды аңға баптаған сәттерінен-ақ аңғарта бастайды. «Табаны тиеді» деп қара жерге жүгіртпеу, «аң ұстамаса мойны қатып кетеді» деген тіркестер, ең аяғы «сорпа жалатып» қана алып шығу, осының бәрі Қазының аңшылық тұлғасынан хабар берсе, екінші жағынан жазушының алып отырған объектісін ерекше білетінін байқатады [3, 166].
Жазушы Қазының бейнесін үнемі өсу үстінде береді. Есенжолдың Қазы да араққа үйренді деп, оның жанына жара салып, күйкі тіршіліктегі күнкөрісімен оны азапқа салады. Адамгершілік тұлғасы, ар-ұяты биік Қазы жақсыны жақсы, жаманды жаман деп айтатын қайсарлығымен де ерекшеленетін. Қазының биік тұлғасын, оның ел азаматы екенін, ұлттық характерін көрсететін тұстар хикаятта аз емес. Сондай сәтті сәттердің бірі Қазының Лашыны алған түлкіге ел қарық болса, Есенжолдың қағылып қалуы.
Қазының ұлт тағдырын ойлайтын тұлға екендігі оның әр қимылынан, іс-әрекетінен байқалалады. Омар ақсақалдың «Жаман елтірі» тымақтан құтылуы, бүкіл малшы, күзетші ағайындардың сәлем айтып жіберіп, түлкі алдыруы оның адамгершілік қасиетіне жанама мәліметтер. Сонымен қатар, оның «Елді шоттан жегенін тоқтатсын, жалақорлығын қойсын! депті міс» – деп Есенжолдың арамза бейнесін ашуы алаш арыстарының биік қасиеттерінен хабар береді. «Елді шоттан жегенін» – дейді, мені демейді.
Халыққа салмақ түсіретін, халықтың мінезіне көлеңке түсіретін жат қылықтарға Қазының жаны қас.
Ферма бастығы Бекқалидың қылығы езуге күлкі үйіртеді. Ол басшы, елдің еркесі соған тән бір емес, екі тымақ тіккізуі әбден жөн болып тұр. Бұл типтік бейнеге айналып кеткен, Қазақ ауылдарындағы сол кезеңдегі басшыларға жарасатын әрекет. Жазушы осы әрекетті көркемдік деталь деңгейіне көтере білген.
Жалпы қазақ ауылындағы береке, үлкенге құрмет хикаятта нақтылы бейнеленген. Жазушының ел тарихын, елдің психологиясын, мінезіндегі жақсылығы мен жамандығын соншалықты нәзік білетіні байқалады. Соцреализмдегі мынау жағымды бейне. Мынау жағымсыз бейне деген әңгіме төңірегінде әңгіме қозғамайды. Көркем бейнені оқиғаның даму үрдісінде ашады. «Елді шоттан жемесін» деген сөзі іштен азған адамға төбесінен жай түсіргенмен пара-пар әрекет. Сол елдің ішінде Есенжолдың кірден жейтін қылығы келеңсіздік болса, кейіннен замандасының төсегін былғауы ар-ұяттан кетіп, құлдырай азғанының белгісі.
Сол дәуірдегі қоғамның екіжүзділігі елдің иығын басып, еңсесін түсіріп еді. Халықтың ұлттық мінезін бойына жиған небір алып тұлғалар айдалып, тектілердің тамырына балта шабылған нәубеттің ызғары ел өмірінде елес болып, айықпай тұрған кезең болатын. Бүкіл ел басына түскен ауыртпалық, ізіне түсіп аңдушылық, Қазының соңынан қалмай, ақыры азамат сынып, рухы төмедегендей болады. Суреткер оның сыртқы әрекетіне соны байқатса, ішкі принципінен айнымай ұлттық мінезін өзімен ала кеткен нар тұлға екенін тағы да сездіріп өтеді. Қоғамның азып, елдің небір тұлғаларының басын жалмаған әзірейілде жылан шайтан судың қазақ дастарханына жымысқы жолмен енгенін суреткер тұтас елдің улана бастағанын соншалықты дәлдікпен берген. Уланудың даму үстінде екенін дәл көрсеткен. Әңгіменің өзінің баяғыда Әділдің келгеніндегідей қызбауы, әңгімені тек Омар ақсақалдың айтып отыруы, тұтас барлығының Қазы, Бекқали, Есенжол, Айсұлу, Кәмила, Бекқалидың келіншегінің арақтан дәм тата бастауы ұлттық мінезге құрт түсе бастағанын байқатады. Символдық деталь, метафоралық бейнелеу, көркем кейіптеу Лашынның: «Онша жақсы нәрсе емес-ау, сірә», – деп «ойлануынан» сәтті көрініс тапқан [4, 67].
Жазушы алаш арыстарының лебін, үзілмеген жібін Қазы бейнесінде береді. Сондықтан азған тұқым, ұлттық мінезден ада бола бастаған Есенжолдардың ең қасиетті нәрселерді айтып, оны Қазыға кінә қылып артуы, оқырманның арқасына аяздай батары хақ. Көркем әдебиеттің тәрбиелік мәні деген факторға үлкен мәселе емес деп қарайтын таным да жоқ емес. Біздің пікірімізше бұл факторды сыртқа тебу әбестік. Әрбір оқыған адам, оның ішіндегі жас тұлға, жасөспірім болашақ ұрпақ Есенжолдан жиренетіні рас. Оның Қазыға тиіскен сәттегі артқан кінәсінен азамат ретіндегі өз басының кемшілігін айтпай, ал алысқа, тамырға балта шабатын мәселелерге ойысып, оны сол арқылы тұқыртатыны. Есенжол мен Қазының арасындағы диалогтан біз екі кейіпкердің адамдық тұлғасы, ұлттық мінезіндегі өзгешелік ерекше ашылған [5, 10]. Суреткердің шеберлігін айқындайтын факторлар аса өткір. Сол кез, сол кезеңде социалистік реализм бағытында жазылған шығармалар жақсы деп танылып тұрған уақытта осындай әлеуметтік, ұлттық мәселелерді көркем шығарма арқылы көрсету суреткердің де ұлттық мінезінің биіктігін, өмірлік кредосының айқын екенін көрсетеді. Қазы тұлғасында автордың мінезімен үндесік бар.
Жазушы Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы тұтасымен ұлт тағдырына, жеке бастың бостандығына арналған десе де болады. Қазы да әділеттік, адалдық жағындағы кейіпкер. Оның
«Нағашымда шаруаң болмасын» деуі-ұлт азаматы нағашысының сол кездегі қоғам үшін қандай қауіпті саналатынын білсе де қорғауы, дегенмен ары қарай оны суреткер «қарқыны басылып қалды» деп суреттейді [6,295]. Қоғамдық машинаның нені болса да таптап кететін тажал екенін, оның Есенжолдай
«қолдаушыларының» бар екенін біліп, талай арыстардың қор болғанынын сезіп, іштей күйреуін көрсетеді. Арақ іше бастауы да ішкі жалынды басу үшін жасалған әрекет болатын. Оның осындай елім деп еңіреген қайғысын Есенжол сияқты пысықтар дәл пайдалана білетіндігін суреткер шеберлікпен суреттей білген. Қайсар тұлға соның өзінде Алаштың азаматтары туралы әңгіме болғанда жасып қалып, зияным тимесін деген ниетпен үндемей қалады. Бірақ намыс оты шарпығанда «ал өзіме түкте істей алмайсың» деп адамдық рухын түсірмей қасарысады. Бас қорғалап қашпайды. Бірақ, кезінде «Оян, қазақ»
деп жария салған Алаштың арыстарын қалай қудалап, қалай қамағаны, атқаны бәріне есіне түсіп отыр.
Патша үкіметінің ел ішінде осы «Есенжол» сияқты көмекшілері ол кездері де бар еді. Алып Бәйтеректер оған қарамай халқына қызмет етті. Қызмет ете отырып, ұрпақ тәрбиесіне зор мән беру де жазушы шығармаларында кездесетін құбылыстың бастысы. «Оның қаламынан туған шығармалар өзінің танымдық-тәрбиелік мәнімен, шұрайлы тіл өрнегімен оқушы көңіліне ұялайды. «Бір атаның балалары»
атты әңгімесінің негізгі арқауы-қарапайым еңбек адамдарының бейнелері. Олардың күйініш-сүйініші, адамшылық келбеті. Шығармада соғыс зардабы, ауыл адамдарының көнбіс тіршілігінің берілуі сол кездегі ауыл тіршілігінің шынайы көрінісін бейнелейді», дейді филология ғылымдары» сериясымен
№4(50) 2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысында жарық көрген «М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаясын оқыту» деген мақалада [7, 172].
Сонымен қатар, Мұхтар Мағауиннің белгілі хикаяттарының бірі-«Жүйрік». Бұл хикаяттың жазылу тарихы турасында ғалым Едіге Мағауин дәйектемеде былай дейді: Ғұмырбаяндық «Шытырман»
романында «Жүйрік» хикаятының түп негіздері туралы бірер дерек қана бар. Шын мәнісінде, шағын хикаят М.Мағауиннің «Аласапыранға» дейінгі шығармашылық жолының қорытынды түйіні ғана емес, оның ұлттық дәстүр, ұлттық рух турасындағы байып-байламдарының да айқын бір көрінісі болып табылады.
Жазушының үлкен әкесі Мағауия (1889-1974) бүкіл Арқаға белгілі атбегі болған. Нарқызыл – ақсақалдың жетпістен асқан шағында ұстаған ең соңғы бәйге аты. Ертегінің тұлпарындай жүйрік болған, аудандық, облыстық бәйгелерде талай рет қара үзіп, жалғыз келген. Әрине, өмірде шын болған тұлпар ат –
көркем шығармаға бастау өзек қана. Бұл жерде жазушының ат жайын, бәйге жайын жасынан танып өскенін ғана ескеру керек. Қаламгердің айтуынша, «Жүйрік» 1979 жылы күзде, «Аласапыранға» тікелей дайындық кезінде, қол бастықтыру машық үшін жазылыпты. Арадағы еріксіз үзілістерін есептемегенде, он бір күнде тамам болған. Алғаш «Жалын» альманағында (1980, №3) жарияланды. Дәйектемеде ғалымның айтып өткеніндей жазушының осы шығармасы шын мағынасында «ұлттық дәстүр», «ұлттық рух» турасындағы байып-байламдары екен. Ендеше бұл шығармада ұлттық мінездің көрініс табары ешкімді күмандандырмасы анық. Хикаят бастан-аяқ бір леппен оқылады. Сондай-ақ автордың өзі шығармаға алған объектісін мейлінше терең білетіндігі бірден байқалады. Сондықтан ғылыми тілмен айтсақ бұл шығарманы этнохикаят десе де болғандай. Шығарма классикалық үлгіде жазылған. Пролог іспеттес хикаяттың басталу бөлігі шегіністен басталады. Барлық аласапыран оқиға кейіннен көрініс табады. Шығарманың бас «кейіпкері» Нарқызылдың соңғы күндерімен басталып, соған негізделе өткен өмірі суреттеледі. Жылқы арқылы қазақ халқының ұлттық мінезіне барлау жасалады. Хикаяттың басталуындағы тартысқа толы бір оқиғаға тоқталайық:
«Ал басқалар да шабысқа түссе ше?.. Үш аяқтап ілесе ала ма? Ілесер-ау, озып, ілгері шыға ала ма?
Шыға алмайды, әрине. Сонда қайтер еді? «Құсадан өлер еді, - деп ойлады қарт жылқышы. – Шын бекзат намыстан өліп те кетеді дейді ғой. Нарқызыл аттың адамнан несі кем?!»
- Апыр-ай!.. – Оның ойын жас жылқышының оқыс даусы бұзды. Құрығын қоқайта ұстап, мойнын созып, ер үстінен көтерілген. – Мына ит... мына шіркін тағы да басты күндегі әдетіне...
- Алдын бір орап шық, - деді қарт жылқышы. Өзі де топтан қалғысы келмегендей, атын тебініп қойды»
[2, 11].
Қарттың қиялына азық болып тұрған Нарқызыл болатын. Заман өзгеріп, таным таяздаған кездегі адамның сәйгүлікті танымауы рухани экологияның эрозияға ұшырауының белгісі болатын. Шындығында жас жылқышының қандай кінәсы бар. Заман өзгерген. Нарқызылдың баяғыда бәйге болғанының бұған қандай қатысы бар. Семейге етке айдап бара жатқан үйірлі жылқының алдына түсіп алып не жайылмайды, не басқа жылқыларға жайылым бермейді. Санаға салса ойы дұрыс, жас жылқышының. Ал, тереңнен ойлап, қазақтық қасиет, қазақы мінез, ұлттық рух турасынан келсек азғындаудың бастауы осы емес пе. Өйткені он жыл бұрынғы тарихты білмеген адам басқасын ойлап жарытпас. Міне осы тұрғыдан ой толғайды суреткер. Бекзаттықтың биік қасиет екенін қарт жылқышының ойы арқылы береді: «Құсадан өлер еді? Шын бекзат намыстан өліп кетеді дейді ғой. Нарқызыл аттың адамнан несі кем?». Жалпы өз шығармаларында жазушының сәтті қолданатын сөз-ұғымының бірі бекзаттық. Оның өзінде осы сөзді ерсілі қарсылы қолдана бермейді. Бірақ қолдану керек болса аянбайды: «Бекзаттық – адам бойындағы туған тегі, алған тәрбиесі мен көрген өнегесі негізінде сіңісті болған қасиет. Бұл қасиетке ие адам көпшіліктен озық ақыл-парасатымен, мінезіндегі ірілік, кеңдігімен, жүріс-тұрысындағы өзгеше мәнерімен ерекшеленеді. Бекзаттық қазақ түсінігінде «тектілік», «ақсүйектік», «зиялылық», т.б. ұғымдармен пара- пар мәнде де қолданылады. Халықтың қара өлеңінде де бекзаттық ұғымы асыл тектілікке іңкәрлік мәнінде көп қолданылады. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу ісінде Бекзаттыққа баулу басым бағдардың бірі болған» [4, 56]. Сонда адам баласының бойында болатын қасиеттерді жылқы бойынан көріп тұр.
Оның өзі қазақтар атты ешқашан адамнан кем көрмегенін байқатады. Осындай толғаулы ойда келе жатқан қарт жылқышы жас жылқышының құрығын шошайта Нарқызылға беттеп бара жатқанын көріп айғай салады. «Ит..» деген сөз аузынан қалай шығып кеткенін байқамайды. Осының алдында тағы бір осындай оқиға болғанда қарттың оған зекіп жол көрсеткені бар. Онда да қазақ халқы үшін қазан аттың қасиеті қаншалықты екенінен хабар беріп кетеді. Аллада нең бар, Нарқызыл де деу үшін жылқының сол халық өміріндегі орнын ашып бере алу керек. Осы бір күрделі жағдай бейнеленген сәтке назар аударайық:
«Онда да дәл осылай болған. Үш күн бойы титыққа тиген жаман атқа қаны қайнаған жас жылқышы тұра шапты; ақыры айқайлаған беті, оқ бойы ілгері бара жатқан Нарқызылды сойылдың асытына алған:
тоқтамай, үйірді айналдыра қуған. Қарт жылқышы әрең жетіп, атының шылбырынан тартып, зорлықпен тоқтатты. Бет-аузы түтігіп кеткен екен, үлкен басымен қу медиенде төбелесуден де тайынбайтын түрі бар.
«Киесі атады, - деген, тістене сөйлеп. Киесі атады тұлпардың!» Киеге, басқа кие емес, төрт аяқты малдың киесіне сене қоймағанмен, жас жылқышы әлі де қайратты қарттан именіп, бұл сапар жуасыған. Бірақ кешіне, қоналқада өкпесіне шаншу қадалғанда зәресі ұшты. Ойпырм-ай, найзамен сұққылағандай, жанын көзіне көрсетті. Сап-сау отырды да, кенет іші-бауры, қолқа-жүрегін тегіс піспектей, осып өтеді.
Ышқынуға шамасын келтірмейді. Сәл тыныстан соң, осымен біткен шығар деген үмітпен енді жадырай бергенде, тура қолтықтың астынан қағылады темір шеге. Жан қысылғанда ауызға көптен ұмтылған алла түскен. «Өй, көргенсіз!.. – деген қарт жылқышы сонда зекіп. – Аллада не ақың бар! Аттың аруағына
сыйын!» «Нарқызыл! де.» - Жас жылқышы себі тимесе де зияны болмас деп, алланың орнына Нарқызылды ауызға алды. «Нарқызыл! Нарқызыл!! Нарқ. Нарқызыл! Нарһ..» Аздан соң, ауруы бәсеңсіді ме, әлде шынымен-ақ аттың аруағының беті жұмсарды ма, шаншу басылды. Қарт жылқышы жас серігіне қара шөңкеде піскен еттің майлы кесегінен үсті-үстіне асатып, ыстық сорпа ішкізіп, тонға орап, жатқызып тастады. Таңертең құлан-таза айығып тұрған. Бірақ ескі дерті қозды ма, сойыл қате тиді ме, бұрын сылти басатын Нарқызыл ақсап шыққан. Енді сол ақсаған қалпының өзінде топтың алдын бергісі келмейді».
Қазақ халқының танымын толық ашатын, ұлттық рухтан хабар беретін маңызды фактор.
Шындығында малдың киесі атады деген сөз халықта бұрыннан бар. Ал, Нарқызылдай тұлпардың киесі жібермейді, бір атса жаның жаһаннамға кетуі ықтимал. Қарт жылқышының «Өй, көргенсіз», «Аллада не ақың бар» деуінде үлкен мән жатыр. Ол жаратушыға сенбеуден туған ой емес. Оның соншалықты қасиетті екендігінде. Жаны қысылғанда ерсілі-қарсылы пайдалануын жақсылыққа жорып отырған жоқ.
Тылсым дүниені тыныш қалдыруды көздейді. Және Нарқызылдың қасиетіне сенеді. Бағана күндіз көргеннен бері жүрегі күпті болып жүрген. Жас жылқының мына қылығы бір нәрсеге апарып соқпаса екен деп үрейленген. Шынымен кешкісін екі бүктеліп есі кеткен жас жылқышыға «Нарқызылды есіңе ал.
Аруағына сиын» деуі қаншалықты сиымды шыққан. Кешкісін еттен асатып, сорпа ішкізіп орап тастайды.
Таңертең құлан таза айығып шығады. Бұл көшпенділер танымының аса бір ерекше көрінісі дей аламыз.
Сөйтіп бір жаны аман қалған жас жылқышының жыны басылып қалған. Келесі күні ақсаңдаса да үйірдің алдын бермей, онысымен қоймай басқа жылқыларға жайылым бермей келе жатқан Нарқызылға қарап тұрған жылқышылардың әңгімесі бүгін байыпты да бәсең болатын. Кешегі қоқанлоқы жоқ:
«-Сен сау кезіндегі шабысын көрдің бе? – деді серігіне бұрылып. Жауап күтпестен, сөзін ары қарай сабақтады. – Алпыстан асқан ұзақ ғұмырымда аяғын аршындай тастаған талай тұлпарға сұқтандым.
Бірақ... Нарқылдың шабысымен салыстырғанда басқа жүйріктердің жүгірісі шоқырақ тәрізді көрінетін.
Тұлпар ат... тұлпар ат та топтан асып туған игі жақсы сияқты. Оның ерекше өнерімен егіз, өзіне тән ғана мінезі де болады. Мына Нарқызыл бес жыл бәйгеге шапқанда бергісі өзіміздің Бұлғыртау, көрші Шаған, Нарын, арғысы Ақтоғай, Қарқаралы – бүкіл арқада бір ат онымен бір сәтке, тіпті, қас қағым уақытқа ғана үзеңгі қағысуға шыдады ма екен! Алдына қара салмады, үнемі бірінші болды. Үнемі лағып келетін. Басқа жүйріктердің жасықтығынан емес, өзінің айрықша талайынан. Ал бүгін өңшең қарынсау, тобаяқ шобырдың соңынан еріп отырса дейсің. Сүйегіне біткен қасиетінен айрылғанымен, қанына сіңген мінезін қалай өзгертпек...
- Әйткенмен, алдын орайын, мүмкін, бүгін байыз табар, - деді жас жылқышы. Қарт жылқышы үнсіз күрсініп, басын изеді» [6, 81]. Осы әңгімеден көп ақпарат аласыз. Басқа бәйгелердің де осал емес екені, бірақ Нарқызыл ерекше біткен тұлпар екеніне көзіңіз жетеді. Асылдығын, қасиетін айтқанда «өңшең қарынсау,тобаяқ шобырдың соңынан еріп отырса» не болар еді деп күрсінеді қарт жылқышы. Сабыр тапқан жас жылқышы да маза бермей келе жатқан ақсақ қызыл аттың тарихын білген соң: - Әйткенмен, алдын орайын, мүмкін, бүгін байыз табар, - дейді. Қалай болғанда да бәйге аттың тарихын жеріне жеткізе суреттеген жазушы ұлттық рухтың үздік үлгісін жасаған. Нарқызыл шапқанда жай ғана озып келмейді екен. Қарт жылқышының айтуынша «үнемі лағып келетін». Бұл не деген сөз. Басқаша айтқанда кем дегенде оқ бойы, әйтпесе одан ұзақ андағайлап алдыға шығып кетеді деген сөз. Тіпті Нарқызылдың үнемі бірінші келуі қызық қуған топты жалықтыра бастады. Сондықтан олар бәйгеге басқа балама іздейді. Ол заңдылық та еді. Бірақ Нарқызыл ойдағы осы заңдылықты әр бәйгеде бұзып барлығын мезі қыла бастайды:
«Бірақ өзгеріс, жұрт үміт артқан жақсылық бола қоймады. Тек таңдай жолға түсерде Нарқызылмен аралық қысқарғандай көрінген. Барлық ат шеңбердің соңғы, қысаң бүйірін қиып, жолдың ішкі қапталымен, төте тартыпты. Бәрібір қуып жете алмады. Нарқызыл шығандай озған беті бірінші келді.
Екінші бәйгені өне бойын тер жауып, қара күреңденіп кеткен Шимойын алды. Үшінші болып бұлдырықтай домалап, суырыла жүгірген Шаңтимес, төртінші болып - әліде шабысы қайтпаған, қарақшыдан алдыңғы аттың құйрығын тістеп, екпіндеп өткен Қасқырқұлақ келді. Бесінші ат – Ақтабан еді» [3,43].
Осы бәйгеден кейін көп әңгіме болады. Тағы Нарқызыл бірінші келді. Жай ғана бірінші емес. Қарасын көрсетпей, дыбысы жетпейтін жерге кетеді. Шимойынның иесі бапкер Досжан шал қызыл ала кілемді атына әрең жауып, жүйрігінің мойнын құшақтап тұрып қалған. Мамайдан бастап басқа қариялар оған басу айта алмай үнсіз қалған. Әңгіме көп болады. Бірі Қасқырқұлақ келер еді, егер тағы жарты айналым болғанда деді. Енді бірі Ақтабан озатын еді, бірақ тағы бір айналым болғанда десті. Бәрінің ойынша Нарқызылдың бірінші келуі заңды емес. Заңды болмайтын себебі сол бұлай шаппайды. Даралық қашанда ешкімге жақпаған. Мамай қарт бұның барлығын түсінетін:
«Нарқызыл мана біреулер айтқандай, он бес-жиырма шақырымға ұшырата дедектейтін шоқтықта серегей емес. Жиырма-жиырма бес шақырымға екпіндей жүгіретін тықыр бақай, тар мықын емес. Отыз- отыз беспен тынатын бос белбеу, бота тірсек те емес. Қырықтан елу шақырымға дейін талмай сілтейтін емен желке, көк айыл да емес. Барлық қашықтықта бірдей шаһар, қайсысына қосылса да бірінші болар тұлпардың нағыз өзі. Тумысынан бойында артық қызыл жоқ. Алды, арты бірдей күшті. Бұлшық еті – тарамыс, сіңірі – болат серіппе. Басқа аттардың үш рет аяқ тастаған жеріне екі-ақ орғып жетеді. Белінде қанша шапса да талмайтын қуат бар. Нарқызылдың қасиеті жылдамдығында, күшінде, төзімінде ғана емес. Мінезінде. Мана, екі-үш айналымнан соң байқады. Жай ғана алда отыру қажет емес, арттан тықыр естілмеуі, мүлде озық болуы қажет екен. Бірінші ғана емес, мүлде озық! Асыл қасиет. Бірақ қуаныш па, қасырет пе? Мамай шал тағы да қалада оқып жүрген немересін еске алды. «Құдай-ау, Самарқан дей ме, Бұқар дей ме, баяғыда ертегіден ғана естіген бір шаһарға барып, бірінші бәйге алдым деп жазыпты.
Қыстағыдай мылтық атудан ба десе, жоқ, оқудан... Үн... Өнберсітетін бастамай жатып бірдеңе ашқан ба, тапқан ба, әйтеуір неше жұрттың студенті жиылған жерде озыпты. Қуанған жоқ. Несі қуаныш. Озғанның талайын көрді ғой. « Бірінші болуға тырыспа! Озба!» - деп қанша рет айтты. Иә... Ол - әрине, адам. Ал мынау – ат. Бірінші келу керек. Озуы, жай ғана озу емес, басқаларға шаңын көрсетпеуі керек» [5, 81].
Бұл хикаятты ұлттық рухқа қойылған көркем ескерткіш десе де болады. Мамай ақсақалдың Нарқызылы тағы бірінші келгеніне барлығы наразы еді. Бәрінің бірінші келуі ықтимал еді, тек Нарқызыл емес. Анау дұрыс болмады, мынау дұрыс болмады деген қаңқу сөз көп болды. Осы жерде Мамай ақсақалдың қаладағы оқудағы немересін ойлауы керемет реминисенция. Салыстыру, саналы, санасыз салыстыру. Құдай-ау, мылтық атудан емес, оқудан... ол үшін көмескі, бірақ түсінікті. Қанша рет айтты алдыға түспе деп. Суреткер осындай толқыныстардан кейін барып, баяндаушының аузына сөз салып, сол арқылы Мамай ақсақалдың бейнесіне тоқталады: «Мамай ызалы кекесін, күңкіл сөздердің кейбірін құлағы шалғанымен, ешқайсысына назар аудармады. Ол топтан озып туған жан иесінің еншілі тақсыретінен бейхабар еді. Жұрттан асып шыққан, ерекше қасиет дарыған, кейін ұлы аталатын адамдардың тіршілікте дұшпаны көп болатыны, олардың данышпан танылмағы, қошемет көрмегі былай тұрсын, кейде құбатөбел көптің қатарына да ене алмайтыны, елеусіз, ескерусіз күн кешетіні жөнінде оқыған да естіген де жоқ-ты. Бірақ пенденің пендешіліген талай көрген. Ал ат жайын адам жайынан гөрі жетігірек білетін» [4, 96]. Хикаятта бәйгенің болмысы ішінен ашылған. Психологиялық тартыс, ат баптау, атты тану, бәйгені өткізу мәдениеті, ішкі арпалыс, бәйге алдындағы дайындық тағы басқа көптеген танымдық дүние хикаятта кеңінен ашылады. Осы салада көркем энциклопедия десе де болады. Дегенмен жанкүйердің көбі Нарқызылдың шабысынан шаршады. Қызық жоқ, қыздырма жоқ. Келеді, бірінші орынды алады. Осындай бәйге бола ма екен. Осы жағдайдың барлығын байқаған басшы ерекше шешімге келеді:
«Осыны байқаған Басшы бірде бәйгені Нарқызылдың қатысынсыз өткізбек болған. Бірінші жүлдені шаппай бермек. Нарқызылдың қалай да озатынына сенгендіктен ғана емес. Өзі жылқышының баласы, оның үстіне дәрігерлік мамандығы бар, ат жайына жетік Басшы Нарқызыл қатысқан бәйгелердің басқа жүйріктер үшін ауыр соғып жүргенін кәміл аңдаған. Ересек тартқан, әрі қуланып алған шабандоз бала қазір алғашқы жолғыдай шырқап ұзамайды. Желікпейді. Екі-үш жүз метр шамада созылады да отырады.
Әрі ат артық күш жұмсайды. Әрі көлденеңнен қиған жұрт көп ұта алмайды. Бірақ қалған балалар әне жетем, міне жетеммен аттарын қыстауды қоймайды. Сонда да аралық қысқармайды. Жүйріктердің көбі қарақшыға қалжырап келетін. Кейбір аттардың бәйгенің сұрқын кетіріп, бес айналымды түгел өткеруге шамасы жетпей, жол ортада қатардан шығып қалатын реттері де ұшырасады. Алайда, ат иелері бас бәйгені Нарқызылға шаппай беруге бірауыздан қарсылық білдірді. Жай уақытта қалтықсыз тыңдайтын Басшыға наразылықтарын жасырмаған. Әрине, жүлдені тайталассыз беру – намыс. Әйткенмен, мәселе намыста емес-ті. Дәл осы жолы Нарқызылдың артта қалатынына, одан өз атының, өзі болмаса, басқа біреудің атының, тым құрыса, көрші аудандар – терістіктегі Шаған, ілгерідегі Нарын, арттағы Ақтоғай, Қарқаралыдан құдай айдап келе қалған әлденендей бір жүйріктің озатынына әркім-ақ сенеді. Бірақ амал не, жамандатқыр Нарқызыл тағы да шырқырап бірінші келді» [5, 71]. Бірақ Нарқызыл тағы бірінші келеді.
Тіпті содан кейін де әңгіме ушығып, Нарқызыл туралы, бәйге туралы әңгіме толастамады. Ақыры тағы бір үлкен бәйге облыс орталығы Семейде болады. Алыпқашпа әңгімеден Мамай ақсақалға үзік-үзік жеткендері оның ойына алаңдаушылық әкелді. Аттарды қабырғадан қарғытып, ордан секіртеді екен, мүйнет, секөнтпен шабады екен, атқа үлкен кісілер мінеді екен, бәйге атқа емес, адамға беріледі екен деген қаңқу сөзге күліп, қауыптенгенген де. Кім біледі ат жазым боп қалса қарғып жүргенде. Абырой болғанда бәрі басқаша болып шығады. Кәдімгі жарыс. Тек ипподром шағын. Сондықтан айналым көп.
Аттар солдан оңға емес, оңнан солға шабады екен. Сол арасы түсініксіз Мамай бастаған қарттар біраз