УДК 675.47:636.52/.58
ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫ БОЙЫНША ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
К.О. Мазбаева
«Нархоз Университеті» АҚ, Алматы қаласы, Қазақстан e-mail: [email protected]
Аңдатпа. Мақалада Қазақстандағы құс шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялауда шығындарды объектілерге дұрыс апару және объектілер бойынша бөліп тарату бағыттары қарастырылған.
Автор мақалада құс шаруашылығына тән шығындарды есепке алу бойынша ресейлік және шет елдік ғалымдардың еңбектерін зерттеу арқылы жауапкершілік орталықтарын топтастырып, оның жіктемесін дайындау сатысында зерделеу жүргізіп отыр.
Құс шаруашылығы кәсіпорындарында қаржылық нәтижелерді анықтау кезінде өнімдерді өндіру мен өткізу бойынша белгіленген тапсырмалардың орындалуы және жауапкершілік орталықтарындағы жоспардан тыс шығындар мен жоғалтулардың шегерілуі барлық уақытта бас бухгалтердің назарында болуы тиіс. Осы тектес орын алған жоғалтулар мен шығындарды келешекте болдырмау үшін оларды тез арада жою немесе алдын-алу шараларын жасауға итермелейді.
Сонымен әр түрлі ғалымдардың тұжырымдамаларын ескере отырып толық аяқталған өндірістік циклдармен қамтылған құс фабрикаларына өндірістік жауапкершілік орталықтар жіктемесін ұсынып отырмыз. Өндірістік жауапкершілік орталықтарын бөлуде функционалдық және құрылымдық тәсілді қолдану орынды болды.
Түйінді сөздер: құс шаруашылығы, шығындар есебі жүйесі, шығындар объектілері, жауапкершілік орталығы, құс фабрикалары, мекиен тауық, калькуляциялау.
Кіріспе. Құс шаруашылығы ұйымдары өз қаржылық жағдайларын қандай да бір шығындарды азайту арқылы жақсарта алады. Көбінесе шығындар есебі сауатты ұйымдастырылған болса, шаруашылық басшылары басқарудың маңызды мәселелеріне қатысты оңтайлы шешімдер қабылдауға қабілетті болады. Алайда, шығындар есебін ұйымдастыру басқару есебінің ең күрделі бөлігі болып саналады. Бұл шығындарды есепке алу бойынша таңдау жасау және тиісті әдіснаманы пайдалану тұрғысынан қиын екені белгілі. Тұжырымдамалық жағынан келетін болсақ шығындар есебі әртүрлі әдістер негізінде жүргізілуі мүмкін, бірақ шығындарды есепке алу жүйесінің қайсысы болса да шығындардың түрлері бойынша талдамалық ақпараттар ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, кез келген шығындар есебі жүйесі есеп орталықтары мен бөліп тарату объектілері бойынша да мәліметтер беруі керек.
Осы шығындар есебі объектілерін жекелеп қарастыру туралы авторлардың әр түрлі пікірлері бар. М.В. Додонова және В.А. Муха өндіріс көлемі көрсеткіштерін басқару есебі объектілері мен шығындардың пайда болу орталықтары бойынша жекелеп көрсету керектігін қарастырған. Осы аталған авторлар құс өнімдері өндірісінің ерекшеліктері мен басқару есебінің міндеттерін де ескеріп қарастыру деген көзқарас ұстанады [1].
Зерттеу әдістері. Мақалада зерттеудің жалпылама таңдау, жинақтау, мәліметтерді талдау мен қорытындылау әдістері қолданылған. Шығындар мен жауапкершілік орталықтарын зерттеу үшін салыстыру, сәйкестендіру және топтау сияқты әдіс- тәсілдер қарастырылған.
Нәтижелері мен талқылау. Құс шаруашылығы өндірісінің технологиясына сәйкес шығындар есебі объектілерін анықтап бекітуді М.З. Пизенгольц ұсынған [2]. В.Г. Широбоков та тиісті объектілерде шығындарды есепке алуды құптайды және аяқталмаған өндіріс шығындарын тек инкубация процесінде, яғни жұмыртқа төсеу 10-желтоқсаннан кейін басталған кезде есепке алынатынын ескерткен [3].
Калькуляциялық баптар негізінде шығындар есебін ұйымдастыру бүтін бір кәсіпорын бойынша ғана емес, сонымен бірге оның құрылымдық бөлімдерінде де іске асырылу керек. Бұл уақытылы, егжей-тегжейлі және релевантты деректер алу тұрғысынан есептің талдамалылығы мен жеделдігін жоғарылату қажеттілігімен байланысты. Басқару есебі жүйесінде бұлар жауапкершілік орталықтары мен шығындардың пайда болу орындары бойынша шығындар есебін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады[4].
Құс шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау міндеттерінің бірі шығындарды объектілерге дұрыс апару және объектілер бойынша бөліп тарату болып табылады. Сондай-ақ шығындарды әрбір өндірілген өнімге, нақтылай айтқанда осы өнім түрлерін шығаруға жұмсалған
Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 юююююю 43 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
ресурстар құнын нақты қатысу дәрежесіне сәйкес анықтап есепке алу – калькуляциялаудың негізгі міндетінің бірі.
Құс шаруашылығындағы құстар тез жетіледі, яғни өсіп-жетілуі өте жоғары болғандықтан ерте жаста союға жіберіледі. Л.В. Чупина мен В.А. Реймер 39-42 күндік бройлер балапандардың тірі салмағы 1.8-2.0 кг, үйрек 49 күнде 3.0-3.5 кг, қаздар 63 күнде 4.5-5 кг, ал күркетауық 90 күнде 6.0-8.0 кг салмақта болатынын көрсеткен. Өнімділігі жоғары құстарды өсіру, толық рационды жемдермен азықтандыру нормалары мен режимін жетілдіру осындай нәтижелер береді[5].
Қазіргі отандық құс шаруашылық ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің негізгі факторлары болып өзіндік құнды төмендету және құс өнімдері сапасын арттыру саналады. Құс шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру тұрғысында шығындарды басқару жүйесі туралы жазбаларды Р.Г. Прокофьеваның еңбектерінен көруге болады. Ол шығындарды басқару жүйесінің негізгі мақсатын өндірілетін өнімдер сапасын арттыру оны қамтамасыз ету шығындарын ақаулардан келетін зияндарды төмендетумен байланыстыра көрсеткен. Жалпы Р.Г. Прокофьева ақаулардан болатын зияндарға келесідей шығындарды жатқызған: құстардың өлім-жітімінен болған жоғалтулар;
оны утилизациялау шығындары; сұрыптылықтың төмендеуінен болатын жоғалтулар; тұтынушыларға жіберілген өнімдер қайтарылуынан келетін шығындар [6].
Қазақстан бойынша құс шаруашылығандағы өлім-жітімнен болған құс басы көрсеткіштері 1- кестеде көрсетілген.
Кесте 1
Қазақстандағы құстардың өлім-жітімі
Шаруашылық нысандары 2015 жылы 2017 жылы 2017 жылы 2015
жылмен салыстырғанда
бас % бас % +, - %
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары 7 596 936 99,63 8 815 724 99,55 1 218 788 116 Дара кәсіпкерлер және шаруа
қожалықтары 24 525 0,32 18 668 0,21 -5 857 76,12
Жұртшылық шаруашылықтары 3 765 0,05 20 902 0,24 17 137 5,6есе
Шаруашылықтардың барлық
санаттары бойынша 7 625 226 100 8 855 294 100 1 230 068 116,13
Ескерту: [7] мәліметтер негізінде автор құрастырған
2017 жылдың статистикалық мәліметтеріне сәйкес құстардың өлім-жітімі жалпы санының 99,55%-ы құс шаруашылық кәсіпорындарына тиесілі екені 1-кестеде көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда өлім-жітімнен өлген құс басы 1 218 788 басқа артық. Ал дара кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарындағы өлім-жітім 2015 жылмен салыстырғанда 5 817 басқа кеміген. Бұл деректер құс шаруашылық кәсіпорындарында құстардың өлім-жітімінен болған шығындарды азайту керек деген мәселе туғызады.
Қазақстанда құс шаруашылығымен айналысатын ұйымдардың негізгі екі түрі бар, олар 1- суретте берілген.
Сурет 1 – Құс шаруашылық ұйымдарының негізгі типтері (автор құрастырған) Тек бір ғана өндірістік процесті орындайтын шаруашылық субъектісіне, мысалы өндірістік табындағы жұмыртқа туатын мекиен тауықтарды күтіп бағатын құс фабрикаларын айтуға болады. Бұл шаруашылықты тек тағамдық жұмыртқа өндіретін бағыттағы құс шаруашылығы деуге де болады.
Сонымен бірге тек қана құс етін өндіру үшін жас құстарды етке өсірумен айналысатын шаруашылықтарды да тар мамандандырылған шаруашылық түріне жатқызады. 1-суретте көрсетілген толық аяқталған өндірістік циклды құс шаруашылығына инкубациялық жұмыртқа шығарудан бастап құс етін өндіру үшін құстарды өсірумен және жұмыртқа өндірумен, сонымен қатар әртүрлі құс өндірісі өнімдерін бірге шығаратын ірі құс фабрикалары кіреді.
Егер құс фабрикасы жұмыртқа және құс етін өндіруге маманданған болса келесідей мерзімдік және өзге де ерекшеліктер ескеріледі:
Құс шаруашылығы түрлері
Бір өндірістік процесті (тар мамандандырылған) Толық аяқталған өндірістік циклды
44 Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
1) Жұмыртқалы құс шаруашылығында негізгі өнім болып жұмыртқалар табылады. Құстың жасы 18 айға толғаннан бастап, оның жұмыртқа өндіруі едәуір азаяды, сондықтан да оны әрі қарай күтіп бағудың экономикалық маңызы жоқ. Сол себепті осындай 18 айға толған құстарды союға жібереді.
2) Жұмыртқа туатын тауықтың өзіндік құны бройлердің өзіндік құнына қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Бұл құс өсірудің салалық ерекшеліктеріне байланысты, өйткені бройлерді сою салмағына дейін өсіру үшін 45 күннен 60 күнге дейін уақыт қажет. Ал балапанды «Өндірістік табындағы жұмыртқа туатын тауық» тобына ауыстыруға дейін өсіруге 150 күн қажет. Әрине бройлерді өсіруге кететін шығындарды өндірістік табындағы жұмыртқа туатын тауықты өсіруге кететін шығындармен салыстыру үлкен айырмашылық береді.
Толық аяқталған өндірістік циклдармен қамтылған құс шаруашылығы ұйымдары қолданып отырған шығындар есебі әдістемесін зерттеу қазіргі нарықтық қатынастар жағдайының талаптарына толық жауап бере алмайтынын анықтап берді. Шығындарды есепке алуда ақталмаған оңайлатуларға жол беріледі және өнімдердің өзіндік құнын қалыптастыруға жедел бақылау жасау жүргізілмейді. Ең бастысы, жауапкершілік орталықтары мен шығындардың пайда болу орындары бойынша шығындарды есепке алу мен өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау қамтамасыз етілмеуде. Мұндай кемшіліктер қабылданатын басқару шешімдерінің дұрыстығына, дер кезінде қажет болатын шешімдерге теріс әсер береді.
Ч.Т. Хорнгрен мен Дж. Фостер басқарушылар үшін өзіндік құнды есептеу өндіріс стратегиясы мен баға белгілеуде жол көрсеткіш деп таныған. Бұл жерде бөлімшелер жұмысының тиімділігін және бағынышты қызметкерлердің орындаушылығын бағалау үшін шығындардың пайда болу орындары бойынша ақпараттар керек деп санаған. Аталған авторлар басқару есебі жүйесінде есеп объектісі ретінде бөлімшелерді жекелеп бөлу арқылы жоспарлы-бақылаушылық міндеттерін қанағаттандырады деген пікірді ұстанған. Яғни бөлімшелерді жауапкершілік орталықтары ретінде бөліп көрсету арқылы менеджерлердің бекітілген міндеттемелерін қалай орындайтынын анықтауға мүмкіндік береді [8].
В.Э. Керимов жауапкершілік орталықты кәсіпорынның құрылымдық элементі, сондай-ақ оның экономикалық субъектісі ретінде қарастырды. Басқару есебінің маманы болып табылатын В. Керимов сол құрылымдық элементі шегінде жұмсалған шығындардың қаншалықты орынды болғаны үшін менеджердің жауапты болады деген [9].
Бірқатар авторлар құс еті мен жұмыртқаны бірге өндіретін құс фабрикаларындағы жауапкершілік орталықтарды әкімшілік басқарушы, өндірістік және өндірістік емес деп үшке бөліп қарастырған [10].
Көптеген басқару есебін зерделеген авторлардың пікірін бөлісе келе, өндірістік кәсіпорындарда басқару есебі жүйесін енгізуді жауапкершілік орталықтарды бөліп жіктеуден бастаған жөн деп санаймыз. Сонымен бірге шығындардың пайда болу орындарын дәл ажырата білу арқылы шығындар есебін дұрыс ұйымдастыра аламыз.
Нақты айтатын болсақ, Е.И. Костюкова кәсіпорында жауапкершілік орталықтарын бөлудің құрылымдық, факторлық, функционалдық, географиялық, жобалық, технологиялық тәсілдері бар екендігін және бизнес бағыттары бойынша да бөліп жіктеуге болатынын жазған [4.].
Басқа да бірқатар авторлар қай өндірістік үдерістер негізгілерге жататынын, ал көмекші үдерістерге қайсылары апарылатынын, шығындарды есепке алу және өзіндік құнды калькуляциялаудың қай әдісі қолданылатынын ажырата білуге көбірек көңіл бөлген [11, 12].
Кез келген өндіріс шығындарды қатесіз дәл есепке алуды талап етеді. Алдында айтылғандардың барлығы шығындарды дұрыс есепке алу үшін арнайы әзірленетін өндірістік жауапкершілік орталықтар құрылымын енгізу қажеттілігін негіздейді. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды ескере отырып толық аяқталған өндірістік циклдармен қамтылған құс фабрикаларына келесідей өндірістік жауапкершілік орталықтар жіктемесі ұсынылады, ол 2-суретте берілген.
Өндірістік жауапкершілік орталықтарын бөлуде функционалдық және құрылымдық тәсілді қолдану орынды болды.
Ал өндірістік жауапкершілік орталық өндірістік технологиялық және көмекші жауапты орталықтардан құралады. 2-суретте көрсетілгендей негізгі өндірістік технологиялық жауапкершілік орталықтар құс шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеумен тікелей байланысты бөлімшелерден тұрады. Көмекші жауапкершілік орталықтары негізгі өндірістерге қызмет көрсетеді және оларды қызмет көрсетуші бөлімшелер мен қосалқы цехтардан құралады. Осы көмекші өндірістік орталықтардың шығындары өнімдердің өндірістік құнына жанама түрде қосылады. Осылайша, шығындар жауапкершілік орталықтары бойынша есептеледі.
Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 юююююю 45 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Сурет 2 – Құс шаруашылығындағы өндірістік функциялары бойынша жауапкершілік орталықтарының жіктелуі (автор әзірлеген)
Құс өндірісіндегі шығындар баптарының номенклатурасын әзірлеуде өндірістердің ұйымдастырылуы мен олардың технологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Сондай-ақ, өндірілген өнімдер көлеміне қатысты шығындардың бөлінуін де естен шығармау керек. Осы құс өнімдері өндірісінің өзгермелі шығындарын топтастыруда жемнің барлық түрлері, биопрепарат мен дәрілік заттар, кесімді еңбек ақы жүйесі бойынша есептелген еңбекақы шығындары және басқалары кіреді. Ал тұрақты шығындар топтамасына өндіріс көлеміне қатыссыз релевантты облыста тұрақты болып қалатын шығындар кіреді.
Құс шаруашылық кәсіпорындарында қаржылық нәтижелерді анықтау кезінде өнімдерді өндіру мен өткізу бойынша белгіленген тапсырмалардың орындалуы және жауапкершілік орталықтарындағы жоспардан тыс шығындар мен жоғалтулардың шегерілуі барлық уақытта бас бухгалтердің назарында болуы тиіс. Осы тектес орын алған жоғалтулар мен шығындарды келешекте болдырмау үшін оларды тез арада жою немесе алдын-алу шараларын жасауға итермелейді.
Қорытынды. Осылайша, құс шаруашылығы саласының технологиялық ерекшеліктері ескере отырып әзірленген өндірістік жауапкершілік орталықтар құрылымы ұсынылды. Бұл толық аяқталған өндірістік циклды қамтитын құс шаруашылық кәсіпорындарына келесідей мәселелерді шешуге көмек береді:
- құс шаруашылығындағы барлық үдерістер жөнінде шынайы, толық мәліметтер алуға жағдай туғызады;
- өндірістік жауапкершілік орталықтарында ішкі басқару есептіліктерін қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады;
- өндірістік жауапкершілік орталықтары беретін деректер құс өнімдерін өндірудегі шығындар баптарын нақтылап қалыптастыруға ықпал етеді;
- кәсіпорын пайдасын ұлғайтуға мүмкіндік беретін тиімді басқару шешімдерін қабылдай алады;
- құс шаруашылығы қызметінің өзіне тән арнайы көрсеткіштерін тиімді жоспарлауға және бақылауға жауапкершілік орталықтарынан алынатын ақпараттар негіз болады.
Ұсынылған үлгідегі жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар есебін ұйымдастыру құс шаруашылық кәсіпорындарының қаржылық нәтижесін дұрыс есептеп анықтауға септігін тигізеді.
Әдебиеттер тізімі:
1 Додонова М.В., Муха В.А. Совершенствование учета затрат по статьям и элементам в отрасли птицеводства // Известия сельскохозяйственной науки Тавриды. – 2011. №136
2 Пизенгольц М.З. Бухгалтерский учет в сельском хозяйстве. Т. 2. Ч. 2. Бухгалтерский управленческий учет. Ч. 3. Бухгалтерская (финансовая) отчетность: учебник. М.: Финансы и статистика, 2002. 400 с.
Өндірістік жауапкершілік орталықтар
Өндірістік технологиялық Көмекші-қосымша бөлімшелер
- Бройлер тауықтарды өсіру цехтары
- Құстарды сою және аршып- тазалау цехтары
- Құс еті өнімдерін қайта өңдеу кешені (алғашқы және терең өңдеу учаскелері)
- Жұмыртқа туатын тауықтарды күтіп-баптау учаскелері
- Жұмыртқа сұрыптау учаскесі
Қызмет көрсетуші - Сумен қамтамасыз ету учаскелері
- Газбен қамту қызметі - Бу беретін қазандық - Тазалау құрылғылар учаскесі
- Жөндеу-механикалық цех - Ветеринарлық қызмет - Технолог қызметі
Қосалқы цехтар - Тоңазытқыш цехтары - Тоңазытқышты- компрессорлық цех - Орталық материалдар қоймасы
- Өзге де цехтар (бақылау-өлшеу құрылғылар цехтары)
46 Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
3 Широбоков В.Г. Бухгалтерский учет в организациях АПК: учебник. М.: Финансы и статистика, 2010. – 688 с.
4 Костюкова Е.И. Организационно-методическое обеспечение управленческого учета затрат и калькулирования себестоимости продукции в рыбоводческих организациях: монография / Е.И.
Костюкова, Р.И. Галилова. – Ставрополь: АГРУС Сиавропольского гос. Аграрного ун-та, 2013. – 156 с.
5 Птицеводство. Технология производства мяса птицы: учеб.-метод. пособие / Новосиб. гос.
аграр. ун-т. фак.: сост.: Л.В. Чупина, В.А. Реймер. – Новосибирск: Изд-во НГАУ, 2013. – 58 с.
6 Прокофьева Р.Г. Система управления затратами на повышения качества птицеводческой продукции // Вестник Казанского ГАУ. 2010. №3 (17). С. 49-53.
7 ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ресми сайты [электронды ресурс]. – URL: http://www.
stat.gov.kz
8 Хорнгрен Ч., Фостер Дж., Датар Ш. Управленческий учет, 10-е изд. / Пер. с англ. – СПб.:
Питер, 2008. – 1008 с.
9 В.Э. Керимов. Управленческий учет по центрам ответственности // Консультант директора
№12 (192) 2003. С. 10-13.
10 Остаев Г.Я., Концевая С.М., Пименова Н.Б. Классификация центров ответственности в системе управленческого учета в отрасли птицеводства // Вестник Ижевской государственной сельскохозяйственной академии. 2016. №1 (46). С. 40-47.
11 Управленческий учет / под ред. А.Д. Шеремета. – 2-е изд., испр. – М.: ФБК-ПРЕСС, 2001. – 512 с.
12 Управленческие аспекты бухгалтерского учета биологических активов / Р.А. Альборов, С.М. Концевая, Г.Я. Остаев и др. // Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. 2012. - №5. – С. 49-52.
ОРГАНИЗАЦИЯ УЧЕТА ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ЗАТРАТ В ПТИЦЕВОДСТВЕ ПО ЦЕНТРАМ ОТВЕТСТВЕННОСТИ
К.О. Мазбаева
Университет Нархоз, г. Алматы, Казахстан e-mail: [email protected]
Резюме: В статье рассмотрены направления правильного отнесения и распределения затрат на объекты, которые являются одной из задач калькуляции себестоимости продукции птицеводства в Казахстане.
В статье автор предлагает центры ответственности на основании изученных трудов российских и зарубежных ученых по учету затрат, присущих птицеводству.
При определении финансовых результатов на птицеводческих предприятиях выполнение установленных заданий по производству и реализации продукции и исключение сверхплановых затрат и потерь в центрах ответственности должны всегда находиться под пристальным вниманием главного бухгалтера. Подобные потери способствуют скорейшему их устранению или принятию превентивных мер для предотвращения их в будущем.
С учетом концепций различных ученых автор предлагает классификацию производственных центров ответственности на птицеводческих хозяйствах с законченными производственными циклами. Целесообразно применение функционального и структурного подхода к выделению производственных центров ответственности.
Ключевые слова: птицеводство, система учета затрат, объекты затрат, центр ответственности, птицеводческие предприятия, курица-несушка, калькулирование.
ORGANIZATION OF ACCOUNTING OF MANUFACTURING COSTS IN POULTRY FARMING BY RESPONSIBILITY CENTERS
K.O. Mazbayeva
Narxoz University, Almaty, The Republic of Kazakhstan e-mail: [email protected]
Summary. This article deals with tasks of calculating the cost of poultry products in Kazakhstan that is the right way to transfer costs to the objects and to distribute them on the objects.
The author presents the centers of responsibility by studying the works of Russian and foreign scientists on poultry farming costs.
In the determination of financial performance at poultry farms, the implementation of the set of production and sales orders and the removal of unintentional losses and losses in the centers of responsibility should always be in the focus of the chief accountant. This kind of loss encourages immediate cancellation or preventive measures to prevent future losses.
Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 юююююю 47 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Thus, we offer a classification of industrial responsibility centers for poultry farms, which have full cycle of production cycles, taking into account the concepts of various scientists. The use of functional and structured approaches in the division of production responsibility centers was appropriate.
Key words: poultry farm, cost accounting system, cost object, responsibility center, poultry enterprises, laying hen, cost accumulation.
МРНТИ 06.52