• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

МӘДЕНИЕТ КУЛЬТУРА

In document № - (1 -14 ) (бет 118-138)

ӘОЖ 8134

А. Аширова

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ф.ғ.к., доцент, Қазақстан, Алматы қ.

E-mail: [email protected]

Үштұғырлы тіл саясатыел білім таныту жолы

Мақалада тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. «Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», – деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді іс- шараларды көбейтуді қадап айтады.

Осы орайда, Үштұғырлы тіл идеясы тілдік саясаттың жаңа тұрпаты ретінде пайда болмағанын, ол заманауи қажеттіліктен туындаған қажеттілік екенін ескерген жөн сияқты. Бүгінгі таңда әлемге есігін айқара ашып, қарыштап дамып жатқан батыс елдеріндегі ілім-білімге апарар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді (ағылшын, француз, неміс және т.б. тілдер) үйрену керектігін паш етеді. Бірнеше тілді меңгерген мемле-кеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтеді. Бұл Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде танытудың басты факторы болып табылады.

Түйін сөздер: басты фактор, тіл саясаты, даму стратегиясы, этнос, басты құндылықтар, инновациялық білім, озық технологиялар.

A. Ashyrova

Trilingualism policy – a way of knowledge of the educational strategy of the country

The questions of language policy, the implementation of which is consolidating factor of unity of the people. The author describes the concept of three languages in close contact with the ideas of the President of the Republic of Kazakhstan that "our task is to actively use and development of language in all spheres of human activity. The experience of our ancestors handed down from one generation to another, so our historic mission is that the modern language we should leave a legacy to our descendants. This article aims to reveal the importance of the state language in this dynamic Kazakh society. The author refers to the speeches of President Nursultan Nazarbayev of the need to raise the status of the state language and increase the set of measures aimed at enhancing the functions of the Kazakh language in all areas of communication.

Key words: The main factor of language policy, strategy development, ethnic group, the core values, knowledge innovation, advanced technology.

А. Аширова

Политика трехъязычия - путь познания образовательной стратегии страны

В статье рассматриваются вопросы языковой политики, реализация которой является консолидирующим фактором единения народа. Автор описывает концепцию трехъязычия в тесной связи с идеями Президента РК о том, что «нашей задачей является активное использование и развитие языков во всех сферах человеческой деятельности. Опыт наших предков передавался из одного поколения в другое, поэтому наша историческая миссия заключается в том, что современный язык мы должны оставить в наследие нашим потомкам. Настоящая статья ставит своей целью раскрыть значимость государственного языка в условиях динамично развивающегося казахстанского общества. При этом автор обращается к выступлениям Президента РК Н.А.Назарбаева о необходимости повышения статуса государственного языка и увеличения комплекса мероприятий, направленных на расширение функций казахского языка в различных сферах общения. Особое внимание в статье обращается идее триединства языков в языковой политике, что явилось потребностью современного общества. В условиях современного глобализирующегося мира стало необходимым изучение английского языка как языка науки и бизнеса. Государства, граждане которого знают

© 2012 al-Farabi Kazakh National University

119

Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2 (141-142). 2013

и говорят на нескольких языках, постоянно расширяют свои коммуникативные и интеграционные воз- можности.

Ключевые слова: Главный фактор, политика языка, стратегия развития, этнос, главные ценности, инновационный знания, прогрессивные технологии.

_____________________________________

Қазіргі таңда елімізде білім сапасын артты- руға бағытталған бірқатар құжаттар қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев анықтаған Қазақстанның даму стратегиясы, мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта бәсе- кеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Жүйелі жоспарланып отырған Қазақстанның көптілді білім беру жүйесі «2011-2020 жыл- дарға арналған Тілдердің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасы» тілдерді дамыту мен жүзеге асыру, мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық салаларында толық- қанды қолданудағы өзекті мәселелерді шешу- дің нормативтік ұйымдастырушы болып табы- лады. Сонымен қатар Қазақстан Республи- касының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауы Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты – «Қазақстан – 2050» стратегиясы атал- ған саладағы бағыт-бағдарды айқындай түседі.

«Қазақстан – 2050» бағдарламасының ең басты мақсаты - мемлекетіміздің XXI ғасырдың орта- сында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі. Айқындалған мақсатқа қол жеткізу үшін белгіленген міндеттерге жаңа сапалық тұрғы- дан қарау қажеттілігі туындайды.

Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. «Біз- дің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжіри- бесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», – деп көрсетеді.

ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қол- дану бағытындағы кешенді іс-шараларды кө- бейтуді қадап айтады.

Қазіргі таңдағы қоғамда барлық этностар- дың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей үлгісі іске асырылып жатыр. Мұндағы біздің басты жетістігіміз – басқа этностардың құқық- тарына ешқандай да кедергілер жоқ. Барлы- ғына бірдей жағдай жасалып отыр. Маман даярлау сапасына да ауқымды талаптар қойы- лады. Мұны елбасы Н.А. Назарбаев өзінің ха- лыққа биылғы жолдауында қадап айтып, білім беру сапасын арттыруға баса назар аудару қажеттігін көрсетті.

Сондықтан да шұғыл өзгерістер, озық техно- логиялар заманында туған тәуелсіз ел жаста- рын тәрбиелеу мен оқыту заманауи талапқа сай болуды қажет етеді. Жаһанданған әлемдегі білім берудің қазіргі кездегі маңызды мақсаты – түлек- терді халықаралық сапалық көрсеткішке жеткізу, көптұғырлы тілдік компетенцияға бағдарлау, яғни мемлекеттік тілді, ана тілін және шет тіл- дерін игеру арқылы көптілділікке негізделген полимәдени сананы дамыту болып табылады.

Осы орайда Үштұғырлы тіл идесы тілдік саясаттың жаңа тұрпаты ретінде пайда болма- ғанын, ол заманауи қажеттіліктен туындаған қажеттілік екенін ескерген жөн сияқты. Бүгінгі таңда әлемге есігін айқара ашып, қарыштар дамып жатқан батыс елдеріндегі ілім-білімге апарар жол - ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді (ағылшын, француз, немыс және т.б.

тілдер) үйрену керектігін паш етеді. Бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтеді. Бұл Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жо- ғары білімді мемлекет ретінде танытудың бас- ты факторы болып табылады. Яғни: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт-аралық қарым- қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кірігу тілі. Мемлекеттік тілді да- мыта отырып, орыс тілін қолдаймыз, ал ағыл- шын тілін үйренеміз.

Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру – басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Мемле- кетіміздің басты құндылықтарының бірі мәде- ниеттер мен тілдердің саналуандығы болып табылады.

Қазіргі таңда тілдік құзіреттілік пен көп мәдениетті білім беру кеңінен таралғандықтан, еңбек нарығында және білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман дайын- дау өзекті мәселелердің біріне айналды. Көп ұлтты мемлекетімізде кәсіби қызметті табысты атқару үшін, мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгеру қажетті шарт болып отыр. Екінші жағынан, біздің ортамыздың, әсіресе білім мен ғылымның ықпалдастығы, мамандардың за- манауи талаптарға сәйкестігі әлемдік білім беру кеңістігіне ену барысында шет тілдерінің ең болмағанда, біреуін жетік білу талабын қояды.

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013 Үштұғырлы тіл саясаты – ел білім таныту жолы

120

ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2 (141-142). 2013 Инновациялық білім берудің бір қағидасы

болып табылатын тілді үйретудегі кәсіби- бағытталған сипаттың қажеттілігін пәнаралық байланыстар арқылы дамыту ұсынады.

Қоғамның ортақ мәдени құрамдас бөлігі болатын, тілдерді оқытудың құнды жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру, тілді табысты дамытудың ма- ңызды шарты болып табылады. Мамандарды кәсіби дайындаудың халықаралық сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі, білім берудің бі- ріктірілген және кешенді сипаты, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттармен келісілген, ғылыми-білім беретін негіздер ынтымақтасты- ғына негізделген, пәндерді оқытудың оңтайлы бағдарламасын таңдауды алдын ала анықтайды.

Жаһандау жағдайында қоғам өмірінде өз- геріске көбірек ұшырайтын тіл саласы болып отыр. Осыған байланысты тіл саласында білім беру жаңаша сипатқа ие болуда. Осы орайда түпкілікті идея кез келген тілді меңгеру осы тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін зерде- леумен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар қоғам мүшелерінің бірнеше тілді мең- геруінің нәтижесі болып табылатын көптілді мәдениет негізінде білім беру қажет.

Осы арайда көптілді білім беруді қалыптас- тыру және дамыту, оның теориялық және әдіс- намалық негізін жасау да бүгінгі таңда көкей- кесті болып отырғандығын ескерген жөн.

Үштілдік оқытудың жаңа концептуальдық бағдарламасын әзірлеп, студеттердің мемлекет- тік, орыс және шетел (ағылшын) тілдерінде еркін сөйлесуге мүмкіндік беретін, тілдік орта қалыптастыру қажет. Осыған байланысты үш тілде білім беретін педагогтар буынын қалып- тастыру қажет. Яғни, ағылшын тілінде оқыта- тын ағылшын тілді оқытушыларды дайындау- дың стратегиясы жасалуы тиіс. Бұл мәселе бүгінгі таңда министрлік деңгейінде қарасты- рылып жатыр. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап бүлдіршіндер 1 сыныптан бастап ағыл- шын тілін оқитын болады. Көптілдік білім беруді жүйелі жүзеге асыру мақсатында жо- ғары оқу орындарына мамандарды үш тілде даярлау талабы қойылып отыр. Бүгінде елі- міздегі отыздан астам жоғары оқу орны үш- тілдік білім беру бағдарламасына сай оқытуды жүзеге асырады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Inter- national Herald Tribune басылымына берген сұх- батында «Әлем елдері арасындағы бәсекелес- тікте олардың шығарған өнімдері мен көр- сеткен қызметтері ғана сараланып қоймай, со-

нымен қатар қоғамдық құндылықтар мен білім беру жүйелерінің даму барысы да додаға салы- нады. Демек, қазіргі заманғы экономикада бас- ты назар материалдық тауарлар мен қызмет- терге емес, елдің интеллектуалды әлеуетіне аударылады. Осыдан барып заманауи және тиімді білім беру жүйесін қолдап, оқыту ар- қылы жұмыс күшінің интеллектуалды компо- нентін арттыру – бәсекеге қабілеттіліктің не- гізгі шарттары болып айқындалады», – деп атап өтті. Сондықтан да бағдарламалар білім беру- дегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен адами капиталдың дамуына бағытталуы тиіс. Нәти- жесінде экономиканың және халықтың әл-ау- қатының тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.

Яғни, білім беруге жұмсалатын шығындарды әлеуметтік қажеттіліктерге көзделген шығын- дар ретінде емес, экономикаға салынған инвес- тициялар деп қабылдау қажет.

Қандай да болмасын білім беру бағдарла- масы білім берудің сапасын, мазмұнын, құры- лымын, қаржы-экономикалық және басқару тетіктерін жаңарту жолында іске асырылатын күрделі шаралар кешені ретінде танылуы тиіс.

Көпұлтты Қазақстанның жағдайында «Үш- тұғырлы тіл» ұлттық мәдени жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы болып саналады.

Көптілдікке үйрету және көпмәдениеттілік- ке тәрбиелеу әр аз ұлтпен ұлыстардың мәде- ни және тәрбиелік мәнін ашады.

Энциклопедиялық сөздіктерде көптілділік белгілі бір көпұлтты аумақта бірнеше (үш және одан да көп) тілдердің әрекет етуі ретінде түсіндіріледі; сөйлесу қажеттілігіне қарай тұл- ғаның бірнеше тілді білуі және қолдануы.

Ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарағанда көптілділік жалпыхалықтық немесе бұқаралық құбылыс, оның өзіндік ерекшеліктері бар және олар жан-жақты жіті зерделеуді талап етеді.

Әлемдегі өркениетті мемлекеттердегі білім – экономиканың негізгі өндіруші саласы болып есептеледі. Демек, білім мен ғылым өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамытуы тиіс, сонда ғана ол дүйім жұртқа пайдалы бола алады. Кез келген мемлекет алдымен өзінің білімі мен ғылымын дамыту арқылы жетекші орындарға жететіндігі айқын. Ал, қазіргі таңдағы ғылыми техникалық прогресс пен нарықтық экономика заманында еңбек ресурстарының бәсекелестігі сахнаға шығатындығы анық. Мұндағы бәсекелестік талаптары білімге негізделеді.

Бүгінгі таңдағы әлемдік жаһандану кезеңін- дегі білім мазмұнының ұлттық құндылықтарға, А. Аширова

121

Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2 (141-142). 2013 мәдениетаралық ұғым-түсініктерге, ақпараттық

жетістіктерге, әрине, халықаралық тілдерді мең- геру үдерісіне тәуелді екені айқын болып отыр.

Заман талабына сай жаңа технология мен қаржы-экономиканың тілі болып есептелетін халықаралық тілдерді меңгерген тұлға (маман) еңбек нарығыныда басқалардан озық тұрады әрі жұмысқа тез орналасады. Бұл бәсекеге қа- білеттіліктің қатал қағидаттарының бірі болып табылады. Бүгінгі қоғамның өзі осыны талап етіп отыр.

Бүгінгі күнде елімізді мекендеп отырған барлық ұлттардың тілдерінің дамуына қолайлы жағдай жасалған. Елдің көп ұлтты халқының қажеттіліктерін қанағаттандыратын тілдік, де- мографиялық және саяси жай-күйді ескеретін тіл саясатын жүргізу ауқымды әрі жауапты іс.

Тіл саясаты - мемлекеттік ұлт саясатының ажы- рамас бөлшегі, оның басым бағыты – мемлекет- тік тілді өркендету. Қоғамның дамуы әрі өзгеруі, мәдениетінің өркендеуі тіл деңгейімен өлшенеді.

Бүгінде әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіру және жаһандық эконо- микаға ойдағыдай кірігу үшін ағылшын тілін (шет тілдерін) меңгеру қажеттігі өздігінен туын- дап отырғандығын ескерген жөн.

Шындығында тұлға неғұрлым көп тіл біл- ген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де арта түседі. Өз ана тілінен басқа бір шет тілді мең- герген адамның келесі тілдерді меңгеруі әлде- қайда жеңіл болатынын психолог ғалымдар дәлелдеген. «Қандай да болмасын бір өзге тілді білетін адамға екінші тілді меңгеру біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл және тез болады.

Себебі, бірінші өзге тілді меңгергенде, адамда ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі қалып- тасады, сонымен қатар, жалпы тіл ерекшелік- терін айыра білу қабілеті дамиды, осы қабі- леттің арқасында адам тек қана үйренетін тіл- дің емес, жалпы тілдердің арасындағы ерек- шеліктерді айыра алады» - дейді маман ғалымдар.

Қазақстанда тілді үйрену үшін жасанды тіл ортасын жасауға жақсы жағдай жасалған, се- бебі біздің еліміз көп ұлтты мемлекет және жаһандану жағдайында барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтай отырып, ұлтаралық келісім негізінде ынтымақтастық орнатқан. Елбасы Н.Назарбаев: «... Әлемде көп ұлтты елдер аз емес. АҚШ-ты, Ұлыбритания- ны, Францияны, Германияны, Ресейді алып қа- райық. Бұл мемлекеттерде мемлекеттік тілді білмей өмір сүруге және жұмыс істеуге бола ма? Әрине, жоқ. Олай болса біздің мемлекеті- міздің кереметтігі – мемлекеттік тілден бейха-

бар қалпында биліктің де, өнер, білімнің де кез келген саласында табысты еңбек ете беруге болатындығында болды ғой...», - деп жазады.

Тарихи деректерге назар салсақ, «жетпіс тілді білген» Әбу Насыр әл-Фарабиден бастап жеті тілді жетік меңгерген көптеген ұлы тұлғалар баршылық. Мәселен, ұлы ақын Абай атамыз діни сауатын араб тілінде ашып, орыс тілін өз бетінше меңгерген және де А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтің т.б орыс классиктерінің шығармаларын ана тілімізге «тілге жатық...»

етіп аударды. Орыс ұлтының тілін білу арқылы ұлан ғайыр қазақ даласына орыс мәдениетін таратқан. Бұдан шығатын қорытынды ғалам- дық жаһандану барысында көштен қалмау үшін қоғам талап етіп отырған тілді меңгеру қажет.

Қазіргі таңда мемлекетімізде білім беру бар- лық сатысында көптілдік білім беру көзделіп отыр.

Жоғарыда мектептерде 1 сыныптан бастап ағыл- шын тілі енгізілетіндігі жөнінде айтып кетттік.

Яғни, көптілдік білім беру — бұл білім беру бар- лық сатыларында (балабақшада, мектепте, жо- ғары оқу орнында) оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілдерде аудармасыз оқыту, жас ұрпақ- тың әлемдік білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, жаһандық ғылым негіздеріне үңі- ліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді.

Қазақстанда үштілдік білім беру тәжірибе- сін әлі де болса шыңдау қажет. Әрине, бұл бағдарламаны енгізілгеніне де көп бола қойма- ғанын ескеру қажет. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді немесе билингвалды білім беру жаңалық емес, мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінің басым көпшілігінде аталған бағытта жетістіктерге қол жеткен. Мұнда мем- лекеттік тілді білу арқылы (АҚШ, Франция, Англия, Германия елдерінде) өзге тілдерді, демек, екінші, үшінші тілдерді меңгеруді жү- зеге асыру басшылыққа алынады.

Қазақстан Республикасының жалпыға мін- детті білім беру стандарты тіл үйренушілерге кәсіби білім беруде және оқу үдерісінде көп- тілдік білім беруді енгізу мүмкіндігін қарас- тырады. Өйткені тілдік пәндерді оқу барысын- да білім алушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлт- тық нормаларының көптүрлілігіне және тілдер- ге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарай- ды. Көптілдік білім беру туралы айтқанда түр- лі тілдер мен мәдениеттер арасындағы қарым- қатынастар мәселелеріне баса көңіл бөлу қажет.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен бiрге бiршама өзгерiп отыр. Қазір педагоги- ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013

Үштұғырлы тіл саясаты – ел білім таныту жолы

122

ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2 (141-142). 2013 калық қоғамдастықтың алдында білім берудің

жаңа моделін құрудың, оны тәжірибеден өт- кізу және енгізу міндеттері тұр, ал мұның ең

басты ұстанымдары «Қазақстан Республикасы- ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту»

тұжырымдамасында анықталған.

Әдебиеттер

1 Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. Оқулық. − Алматы: Сөздік – Словарь, 2005. – 272 б.

2 Тамерьян Т. Ю. Языковая модель поликультурного мира: интерлингвокультурный аспект : дисс… д-ра филол. наук. – Нальчик, 2004. – 460 с. – С. 2.

3 Языковой вкус эпохи. – Спб. : Златоуст, 1999. – 320 с.

4 Унгутбаева Г.Ш. К проблеме трехъязычия в Казахстане // Материалы научно-практической конференции. — Костанай, 2010. — С. 209–210.

5 Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011–2020 годы. — Астана, 2011. — 63 с.

References

1 Orazbaeva F.Sh. Tіldіk қatynas. Oқulyқ. − Almaty: Sөzdіk – Slovar', 2005. – 272 b.

2 Tamer'yan T. Yu. Yazykovaya model' polikul'turnogo mira: interlingvokul'turnyj aspekt : diss… d-ra filol. nauk. – Nal'chik, 2004. – 460 s. – S. 2.

3 Yazykovoy vkus epohi. – Spb. : Zlatoust, 1999. – 320 s.

4 Ungutbaeva G.Sh. K probleme trehyazychiya v Kazahstane // Materialy nauchno-prakticheskoy konferentsii. – Kostanay, 2010.

– S. 209-210.

5 Gosudarstvennaya programma razvitiya obrazovaniya Respubliki Kazahstan na 2011–2020 gody. – Astana, 2011. – 63 s.

А. Аширова

123

Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2 (141-142). 2013 ӘОЖ 654.19(4/9); 002.2(4/9)

Ж.Б. Есенбек

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің PhD докторанты, Қазақстан Алматы қ.

Е-mail: [email protected]

Қоғаммен байланыс саласындағы баспасөз қызметі және баспасөз хатшысының атқарымдары

Автор өз мақаласында баспасөз қызметінің мақсатымен таныстырады, маңыздылығын атап көрсетеді.

Қоғаммен байланыстағы баспасөз қызметін қарастырады. Баспасөз қызметінің әртүрлі салалардағы атқарымдарын зерттейді. Америка Құрама Штаттарындағы, Германиядағы, Ұлыбританиядағы, Ресейдегі, Қазақстандағы баспасөз қызметінің қалыптасу тарихына тоқталады. Баспасөз қызметіндегі баспасөз хатшысының қызметтік міндеттеріне және мамандығына қойылатын талаптарға талдау жасайды. Баспасөз хатшысы сәтті жұмыс жасай алу үшін игеру керек қасиеттерді атап көрсетеді.

Түйін сөздер: PR, баспасөз қызметі, баспасөз хатшысы.

Zh.B. Esenbek

Functions of press services and press secretary in the public relations

The article discusses the role of the press-service public relations and analyzes the function of the press-secretary.

The author devotes special attention to the fact that the history of the press-service of each country has developed in different ways and as a justification, he analyzes the history of the press services of the United States, Germany, Great Britain, Russia and Kazakhstan. Stresses the importance of the press-secretary and lists the characteristics of its specialty. Analyze the duties and requirements that are put to the press-secretary. Emphasizes the necessary qualities for successful works of press-secretary.

Keywords: PR, press-service, press-secretary.

Ж.Б. Есенбек

Функций пресс-службы и пресс-секретаря в сфере связи с общественностью

В статье рассматривается роль пресс-службы в сфере связи с общественностью, а также анализируются функции пресс-секретаря. Автор особое внимание уделяет тому, что история развития пресс-службы в каждой стране сложилась по-разному, и в качестве обоснования он анализирует истории пресс-службы в США, Германии, Великобритании, России и Казахстане. Подчеркивает важность пресс-секретаря и перечисляет характерные черты его специальности. Анализируются служебные обязанности и требования, которые ставятся к пресс-секретарю. Подчеркивает необходимые качества для успешной работы пресс- секретаря.

Ключевые слова: PR, пресс-служба, пресс-секретарь.

___________________________

Кіріспе. Баспасөз қызметі – PR қызметіне жатады. Баспасөз қызметінің атқарымдары сан қырлы. Баспасөз қызметінің мақсаты – ұйым- ның жетістіктері, ұйымның көзқарасында осы ортаға қажетті мінез-құлықпен қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы әлеуметтік, саяси, пси- хологиялық орта құру, ұйымның бет-бейнесін қалыптастыру, дағдарысты жеңу. БАҚ-ғы мәлі- меттерді қадағалау, брифингтер мен баспасөз мәслихаттарын ұйымдастыру, баспасөз хабар- ларын дайындау, талдадамалы мақалалар әзір- леу, БАҚ-пен байланыс орнату, жағымды имидж қалыптастыру, қызығушылықтарды алға тарта отырып, PR науқандарына қатысу, теле-радио сюжеттер әзірлеу болып саналады.

Баспасөз қызметін ұйымдастыруды зерттеу- ші С.В. Белковскийдің зерделеуінше, баспасөз қызметі фирманың, ұйымның қызметі туралы ақ- парат тарату мақсатында жұмыс істейтін, бұқа- ралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қа- тынас құралы ретінде қарастырады. [1, 7]. Ал, PR-ғы баспасөз қызметін институттар ретінде жіктеген зерттеуші ғалым А.Ф. Невоструеваның пайымдауынша, баспаcөз қызметтері мемлекет- тік ақпараттық және коммуникациялық саясат- та, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінде, коммерциялық құрылымда және қоғамдық ұйымдарда негізгі рөл атқарады. [2, 4].

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қоғаммен байланыстағы баспасөз қызметі ғалымдардың ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013

Қоғаммен байланыс саласындағы баспасөз қызметі және баспасөз хатшысының атқарымдары

124

ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2 (141-142). 2013 қызығушылығын тудырып отырса да кешенді

ғылыми-теориялық деңгейдегі арнайы реттелу жағынан толық зерттелмеген. Қоғаммен байла- ныстағы баспасөз қызметінің мәселелерін зерт- теу бағытында ресейлік зерттеушілер мен бір- шама отандық ғалымдар өз еңбектерінде тоқ- талып өтті. Олардың қатарына атап айтқанда:

С.В. Белковский, А.Ф. Невоструева, Г.Н. Тата- ринова, П.А. Полоницкий, Н.Н.Бакунина, Б.Б.Безменов. Д.А. Скибицкиий және С.К. Ко- зыбаев, Л.П. Нода А.В. Рожков т.б. зерттеу- шілерді жатқызуға болады.

Баспасөз қызметі қайда және қашан құрыл- ғандығын айта кеткеніміз жөн. Бұл қызметтің даму тарихы әр мемлекетте алуан түрлі. Көп- теген ғалымдар баспасөз қызметі Ұлыбрита- нияда қалыптасты деген пікірлер білдіреді.

Алайда баспасөз қызметі Германия мемлекетін- де ең алғаш пайда болды деген тың деректерді ұсынамыз.

Германия. Баспасөзді өз жағына қарату қа- жеттілігі бұқара ақпарат құралдарының дамуы- ның бастапқы кезеңінде пайда болды. Ең алғаш бұл қажеттілікті саясаткерлер мен басшылар түсінді. 1816 жылы Прусс королі Август фон Хандерберг кезінде Әдеби бюро бар болатын.

Оның міндетіне басылымдық мақалалар үлгіле- рін жасау және соларға қатысты пікірлерді жазу кірді. Баспасөзге Пруссия мемлекетінің қызы- ғушылығы белсенді және өте жоғары болды.

Негізінен бұл мекеме баспасөзді басқару және оның хабарламалары билік пікірімен келісті болуына арналды. 1893 жылы неміс фирмасы

«Крупп»-та баспасөз орталығы пайда болды.

Аталмыш баспасөз орталығы сол кезеңде кеңі- нен танымал еді. Оның қызметі фирманың гүл- денуіне қолдау көрсету болып табылды. Баспа- сөз орталығы, ақпараттық себептердің пайда болуына байланысты шығармашылық әдістерді қолдана отырып, фирма жетістіктеріне бүкіл әлемдік қоғамның назарын аудару болып са- налды.

АҚШ. XIX ғасырды, АҚШ-та баспа агенттік- тер кезеңімен байланысты «паблисити дәуірі»

(паблисити-тауарды бұқаралық ақпарат құрал- дарында жарнамалау арқылы оған деген сұра- нымды ынталандыру қызметі) деп қабылдауға болады. Ірі қалалардың пайда болуы, тұрғын- дардың қалалануы (урбанизациялануы), сауат- тылықтың өсуі баспасөз аудиториясының оқыр- мандарын көбейтті. Қоғаммен байланыс бойын- ша баспасөз қызметінің немесе бөлімдерінің қызметі әр салада қажетті болып табылды. XIX ғасырдың 30-шы жылдары ең бірінші кәсіби

баспасөз хатшысы (оны кейбір тарихшылар солай деп атайды), бұрынғы тілші, АҚШ-тың президенті Э.Джексонның көмекшісі болған–

А.Кендалл өзін кеңінен танытты. Ол президент- тің сөздерін жазды, көп жағдайда оның кеңес- шісі болды, тіпті шынайы саясатқа өз әсерін тигізді. А.Кендалл өз бастығына ірі корпора- циямен ақпараттық жанжалды жеңіп шығуға көмектесті және Э.Джексонның имиджнің ны- ғаюын қамтамасыз етті.

Ұлыбритания. Британдық басшылық бірінші Дүниежүзілік соғыс кезеңінде қоғаммен байла- ныс жұмысын белсендендіре бастады. 1918 жылы корольдің тұсында баспасөз хатшысы- ның орны тағайындалды. Кейінірек министр- ліктерде баспа жұмысының өкілдері пайда болса, ал 1933 жылы Британияның пошта қыз- меті тұсында PR бөлімі пайда болады. Алғаш- қы жылдары баспасөз қызметі бойынша жұмыс жасады, яғни ақпараттық қызмет атқарды.

Ресей. 1985-1991 жылдары КСРО-да билік жүйесінің өзара қарым-қатынасының ауысуы кезінде бұқаралық ақпарат құралдарына цен- зура болды. Ресейде PR қызметі шетелден кө- шіріліп алынды. PR жобалар және ақпараттық науқандарды КСРО Сыртқы Істер Министрлі- гінде баспасөз орталығы, ТАСС және АПН мемлекеттік ақпараттық агенттіктері, мемле- кеттік теле және радиолар атқарды.

Екінші Дүниежүзілік соғыстың басында журналисттермен жұмыс бөлімшелері көптеген мемлекеттік ведомстваларда, қарулы күштерде пайда болады. [3, 5-8].

Қазақтан. Қазақстан Компартиясы ОК-нің баспасөз орталығын ұйымдастыру туралы ше- шім 1990 жылы 7-тамызда қабылданды. Баспа- сөз-мәслихаттары мен брифингтер өткізу орын- дары, Алматы қаласындағы «Достық» мейман- ханасы болды. Баспасөз мәслихаттарын ұйым- дастыру айына бір рет, қалған уақыттары қа- жеттіліктерге байланысты қарастырылды. Бас- пасөз хатшысының жетекшісі және төрт кеңес- шіден тұратын жаңа құрылымдық бөлімшенің штаты бекітілді. 1990 жылдың 12 қыркүйегін- де ең алғаш рет саяси биліктің баспасөз хат- шысы тағайындалды. Бұл қызметті Е.Ш. Шай- мерденов атқарды. [4, 7].

Бүгінгі күнде баспасөз қызметі барлық билік құрылымдарында, қаржылық-өндірістік топтар- да, банктерде, коммерциялық және коммерция- лық емес ұйымдарда, партияларда, қоғамдық қозғалыстарда, ойын-сауық орталықтарында, спорт клубтарында, тіпті бұқаралық ақпарат құралдары үшін де қолданылады. Баспасөз қыз- Ж.Б. Есенбек

In document № - (1 -14 ) (бет 118-138)