• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Негізгі бюджеттік пропорциялар

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 182-185)

ЖӘНЕ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

12.7. Негізгі бюджеттік пропорциялар

182

саласында жаңадан құрылған қор ағымдағы және жаңа жобаларды іске асыру үшін бӛлінген ақша-лай қаражаттың түпкілікті тұтынушыға жетуі, сондай-ақ селолық жерлерде микрокредиттеу бағдарламасының орындалуы үшін жауап береді.

Дағдарыс жағдайында қаржы ресурстарының осы қордың қолына шоғырлануын ӛнеркәсіптік активтермен қаржының елеулі бӛлігін бақылауға, экономика секторларының нақты жай-күйін бағалауға және осы секторлардың дамуының басымды бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

183

Бюджет саласының ақша-кредит жүйесімен жан-жақты ӛзара ықпалдасуына байланысты, нарықтық экономикада бюджет шығыстарының, бюджет тапшылы-ғы мен мемлекеттік борыштың және ақша нарығының пайыздық ставкаларының, қор нарығының, коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерінің, валюта бағамы мен елдің алтын-валюта резервтері параметрлерінің арасындағы ӛзара тәуелділіктің күрделі механизмі қалыптасады.

2. Экономиканың нақты секторына бағытталатын бюджеттік қаржы түсімдерінің үлесі.

Тағы бір маңызды макроэкономикалық арақатынас. Нарықтық экономикадағы бюджет жүйесі бюджеттің табыс базасы тұрақты әрі орнықты болуы мүмкін емес экономикалық ӛсу факторларының рӛлі мен маңызын арттыруға бағдарлануы тиіс.

3. Бюджеттің тапшылығы (профициті) мен ЖІӚ-нің арақатынасы.

Бюджет табысы мен шығысының арақатынасы қаржы қатынастары тұрақтылығының, бюджет-салық саясаты тиімділігінің жалпы бір кӛрсеткіші болып табылады. Орта және ұзақ мерзімді жоспарда бюджет тапшылығы (шығыстың табыстан асуы) мен бюджеттің профициті (табыстың шығыстан асуы) жалпы мемлекеттің экономикалық саясатының тиімділігінің аса маңызды индикаторы болып табылады.

Қысқа мерзімді кезеңде бюджет тапшылығы (профициті) аса маңызды бюджет пропорциясын сипаттай отырып, бюджет жүйесінің теңгерімділігінің негізгі кӛрсеткішіне айналып отыр.

Бюджетті мемлекеттік реттеу процесінде оның ішкі және сыртқы пропорциясын кӛрсететін оның пропорциялары ерекше орын алады. Бюджет жүйесінің пропорциялары ішкі бюджеттік пропорционалдыққа жатады және мыналарды кӛрсетеді:

1) шоғырландырылған республикалық бюджет табысының үлесін. Ішкі пропорционалдыққа ықпал ететін себептердің ішінен мемлекеттік билік деңгейлерінің арасында ӛкілеттіктерді шектеу процесін жетілдіруді; заңдармен қамтамасыз етуді – Салық және Бюджеттік кодекстерді енгізуді;

жалпы сипаттағы трансферттердің – тоқыраған аудандардың бюджетпен қамтамасыз етілуін тегістеу үшін республикалық бюджет арқылы бӛлінетін субвенциялардың ӛсуін атап ӛту қажет.

Шоғырландырылған бюджеттегі республикалық бюджет табысының үлесі бюджет саласында жүргізілген реформаның, мемлекеттік билік пен жергілікті басқару деңгейлерінің арасында бюджеттік ӛкілеттіктердің шектелуінің, бюджет жүйесі жұмысының құқықтық негіздерін белгілейтін Бюджеттік кодекстің қабылдануының арқасында ӛсті. Ӛңірлердің экономикалық (қаржы) әлеуетінің тең болмауының салдарынан түсім бюджеттік трансферт-субвенциялар ме-ханизмінің кӛмегімен республикалық бюджет арқылы қайта бӛлініп алынады және әкімшілік-аумақтық бірліктің әрбір тұрғынына шағып бюджетпен қамтамасыз етуді тегістеу мақсатында бюджетті реттеуді қажет етеді.

2) шоғырландырылған бюджет шығысындағы республикалық бюджет шығысының үлесі.

Жекелеген жылдары кейбір ӛңірлерде шығыс табыстан асып кетсе де бюджет тапшылығы жоғарғы бюджетте шоғырланғаны байқалды. Бюджет тапшылығына әкеп соқтырған себептердің қатарына экономикалық, демографиялық, табиғи-климаттық жағдайлармен, ӛндірістік объектілердің, табиғи ресурстардың болуымен, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның және т.б. дамуымен байланысты бірқатар факторларды жатқызуға болады;

3) республикалық және жергілікті бюджеттердің табыс пен шығыс ресурстарының арақатынасын;

4) жергілікті бюджеттердің шоғырландырылған бюджеттегі табыс және шығыс әлеуетінің үлесін. Мәселен, жергілікті бюджет табысының шоғырландырылған бюджеттегі үлесі 42,3-тен 31%-ға дейін тӛмендеді, бұл бірқатар салықтардың, атап айтқанда, ең алдымен, корпоративтік табыс салығының жоғарғы бюджетке берілуі, яғни осы салық бойынша барлық түсімнің республикалық деңгейге аударылуымен байланысты, ал жергілікті бюджеттің әлеуметтік инфрақұрылым салаларын, яғни денсаулық сақтауды, білім беруді, ТКШ-ны, мәдениет пен спортты, әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландыруда атқаратын рӛлінің артуына байланысты шығыстың үлесі керісінше 34-тен 47%-ға ӛсті;

5) бюджеттің ағымдағы шығысы (ағымдағы бюджет) және даму бюджеті шығысының арақатынасын. Ғылымды кӛп қажет ететін салаларды, инновациялық технологияларды, әлеуметтік инфрақұрылымды және т.б. басымды дамыту қажет болғандықтан, экономикаға инвестициялар кӛптеп салынды;

6) әлеуметтік-экономикалық дамудың – табыс пен шығын саясатын, қаржы активтерін басқару, бюджетаралық қатынастар, мемлекеттік және кепілді борышты басқару сияқты басымды бағыттарын іске асырудың негізгі механизмдері бар үш жылғы кезеңге арналған республикалық

184

бюджет әзірлеу арқылы бюджеттің мемлекеттік мүддені білдіретін табыс пен шығыс бӛліктерінің ішкі пропорцияларын.

Бюджеттің ішкі үйлесімділігін құрайтын осы арақатынастар ең алдымен қаржыландырылатын шығыстың нәтижелілігін арттыруға, қазынашылық мақсаттар мен бюджеттік деңгейлердегі міндеттерді іске асыру мақсатында оңтайландырылады.

Бюджет саласының қоғамдық ӛндіріспен, бюджеттің құрылымдық бӛліктерінің (табыспен және шығыспен) макроэкономикалық кӛрсеткіштермен экономикалық ӛзара байланысын кӛрсететін аса маңызды пропорцияларға мыналарды жатқызу қажет:

1. Шоғырландырылған бюджет пен жалпы ішкі ӛнімнің бюджет арқылы қоғамдық ӛнім мен табыстың бӛліну дәрежесін кӛрсететін арақатынасы. Нарық-тық экономикасы дамыған әлемдік практикада шоғырландырылған бюджеттің құрамдастарының, яғни табысының ЖІӚ-ге және шығысының ЖІӚ-ге қатынасы қарастырылатын осы арақатынасы ұдайы ӛседі.

Шоғырландырылған бюджет табысының ЖІӚ-дегі үлесі қоғамда қаржы ресурстарының орталықтандырылуының дәрежесін білдіреді, ал бюджет шығысының ЖІӚ-ге үлесі мемлекеттің қоғамдық тауарлар мен қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігін білдіреді.

Экономика тұрақты ӛсіп келе жатқан жағдайда мемлекеттік бюджет үнемі толықтырылып, оның шығыстары бірнеше рет артып, жаңа тенденциялар пайда болады. Біріншіден, экономикадағы теңгерімсіздік ӛседі, екіншіден, шикізат тауарларының бағасы жоғарылайды, қосылған құны жоғары ӛндірістердің дамуы кӛтермеленбейді, үшіншіден, экономиканың дәстүрлі белгілері тән «қызу» тәуекелі туындайды. Атап айтқанда ішкі де, сонымен бірге сыртқы да құрамдастарға негізделетін қиын реттелетін инфляцияда, экспорттық шикізаттың бағалары жоғарылап, жылжымайтын мүлік секторына, валюта нарығына қаражат молынан ағылып, импорт ӛседі. Сонымен бірге еңбек ӛнімділігінің тӛмендеуі мен ішкі нарықтағы ортаның нашар бәсекелестігі оның дамымауына, тұтынушылық бағаның жылдам ӛсуіне себеп болады.

Ресурстардың және қоғам міндеттемелерінің теңгерімсіздігін жою үшін бюджет-салық саясатының экономикаға салынатын салық ауыртпалығын тӛмендету, бюджеттің шикізаттың әлемдік бағаларына тәуелділігін тӛмендету, экономикада басымды бағыттарды дамыту, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджет ресурстарын мемлекеттің тиім- ді басқаруын күшейту мәселесін жетілдіруді қажет етеді.

2. Экономиканың нақты секторына бағытталатын бюджет қаражатының үлесі. Осы макроэкономикалық арақатынас бюджет жүйесі мен қоғамның қаржы ресурстарының негізгі кӛзі – жалпы қоғамдық ӛнім жасалатын экономиканың нақты секторының арасындағы макроэкономикалық арақатынас. Тұрақты экономикалық ӛсу бюджеттің тұрақты табыс базасын қалыптастыру үшін нақты мүмкіндік жасайды.

3. Бюджет тапшылығы (профициті) мен ЖІӚ-нің арақатынасы. Бюджет тапшылығы қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемаға айналып отыр, соңғы 20 жылда бюджет тапшылығын тӛмендеткен ел санынан оның тапшылығын ұлғайтқан елдердің саны едәуір артып кетті. Дамыған елдерде осы кезең ішінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығы ЖІӚ-нің 3,5-тен 6,3%-ына дейін, ал ӛнеркәсібі дамыған елдерде осы кӛрсеткіш ЖІӚ-нің 1,8-ден 5,2%-ына дейін артты.

Мемлекеттік бюджет тапшылығы экономикалық жүйенің тұрақтылығын сипаттайтын аса маңызды макроэкономикалық кӛрсеткіштер қатарына жатады.

Мемлекеттік бюджетте тапшылықтың болуы қаржы жүйесі жағдайының индикаторы болып табылады, тапшылық қаржы жүйесіндегі барлық орын алған процестерге ықпал ете отырып бүкіл экономикалық организмнің күретамыры болып табылады. Осы ықпалдың дәрежесі ең алдымен тапшылықтың мӛлшеріне, тапшылықтың туындау себебіне, сондай-ақ бюджеттің артық шығысын қаржыландырудың таңдалған тәсіліне байланысты.

Қаржы-экономикалық дамудың әлемдік тарихы бюджет тапшылығының жалпыға тән құбылыс екенін растайды. Бюджет тапшылығын социалистік және капиталистік, дамыған және дамушы, федеративтік және бірегей, демократиялық және диктаторлық

мемлекеттер де бастан кешірді, келешекте де кешіретін

болады.

Сондықтан әлемде ӛзінің даму тарихының сол немесе басқа кезеңінде бюджет тапшылығы болмаған мемлекет жоқ деп сеніммен айтуға болады.

Бюджет тапшылығының табиғаты алуан түрлі себептермен байланысты, алайда бюджет тапшылығы бюджет табысының ӛсу қарқынының бюджет шығысының ӛсуімен салыстырғанда артта қалуынан туындайды.

185

Сонымен бірге экономикадағы тұрақсыздық, оның күйреуі, үкіметтің қаржы-кредит саясатының тиімсіздігі және осының салдарынан қазақстандық практикаға тән ӛндірістің құлдырауы, ӛнімсіз шығыстардың ӛсуі, ұлттық валютаның тұрақсыздығы, инфляцияның ӛсуі бюджет тапшылығына себеп болып, оның нақты жай-күйін кӛрсетті.

Әлемдік практика дамыған экономикада бюджет тапшылығы жалпы ішкі ӛнімнің 2-3%-ын немесе бюджеттің шығыс бӛлігінің 8-10%-ын құрайтынын кӛрсетеді. Егер тапшылықтың мӛлшері осы кӛрсеткіштен асып кетсе, онда ол экономикада дағдарыстың, мемлекет ақшалай қаражатқа мұқтаж жағдайда үкіметтің қаржы жүйесін бақылауға қабілетсіздігін растайды. Сондықтан бюджет тапшылығын инфляцияға әкеп соқтырмайтын деңгейге дейін тӛмендету қажет.

Мемлекеттердің бюджет-салық саясатының мақсаты бюджет тапшылығын оны кӛздер (ішкі және сыртқы) есебінен қаржыландыру елдің экономикалық дамуын тежемейтіндей кӛрсетілген деңгейге дейін тӛмендету болып табылады.

Бюджет тапшылығының динамикасы шаруашылық жағдаятының ӛндірістің кезеңді құлдырауы мен кӛтерілуі сияқты ағымдағы ауытқуын да кӛрсетеді. Қазақстанда 1993-1999 жылдар аралығында бюджет тапшылығы 1993 жылғы 1,4%-дан 1999 жылы 3,4%-ға дейін ӛсті, ал 2000-2004 жылдары тапшылыққа жол бермеу үшін 0,2%-ға дейін күрт тӛмендеді. 2005 жылы бюджеттің профициті 144 млрд теңгеден артты немесе ЖІӚ-нің 2,8%-ын құрады. Кейінгі жылдары профицит тапшылықпен алмасып, 2007 жылы бюджет тапшылығы ЖІӚ-ге 1,7%-ды немесе 215 млрд теңгені, ал 2008 жылы 2,1%-ды немесе 333,2 млрд теңгені, 2009 жылы 3,4%-ды немесе 571,3 млрд теңгені құрады.

Бюджет тапшылығы экономикалық ӛсудің аса маңызды индикаторы болып табылады, ӛйткені ол бюджет жүйесінің теңгерімділігінің аса маңызды бюджеттік пропорциясын сипаттай отырып, бюджеттің табысы мен шығысын кӛрсетеді. ЖІӚ-нің нақты ӛсу деңгейі неғұрлым жоғары болса, бюджет тапшылығының деңгейі соғұрлым тӛмен болады.

12.8. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік бӛлініс

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 182-185)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР