• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ОНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

In document Finance №7 (19)V5.0.indd (бет 120-124)

ҒЫЛЫМ

- білім алу үдерісі білім беру мекемесінен кез-келген қашықтықта орындала береді;

- өздігінен оқуда білім алушы интерактивті түрде қамта- масыз етіледі;

- электронды оқулықтар- ды пайдалану, бейнедәріс, вирту- алды зертханалар және онлайн конференцияларға қатысу мүм- кіндігіне ие болады;

- үйден шықпай-ақ білім алу мүмкіндігін тудырады.

Ақпараттық-коммуникаци- ялық құралын таңдау оқытушы мен білім алушының жұмыс ор- нындағы аппараттық - програм- малық жабдыққа қарай іске аса- ды. Виртуалды білім беруді қол- дануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.

Виртуалды білім берудің маңыздылығы - білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы білім алушылардың білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігі- не жол ашып, білім алушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті ма- ман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.

Қоғамды ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі комму- никацияны виртуалдандыру бо- лып саналады. Виртуалдық ком- муникация Интернет дәуіріндегі өзара әрекеттестік дамуының кезекті кезеңі болып саналып, ақпаратты алу мен оны өнімге айналдыру тәсілімен және ақпарат көздерін кеңейтумен ерекшеленеді. Басқа жағынан, оқытудың виртуалды ортасы- ның желілік компоненттері ең алдымен жалпы білім берудегі үздіксіз оқудың технологиялық платформасын қалыптастыра- ды. Мұнда білім алушылардың

білім алуына қол жетерлігі және білім қажеттілігінің қанағаттан- дырылуы қамтамасыз етіледі.

Оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізудегі инновациялық жолдар ақпараттық және ком- муникациялық технологияларды пайдалануға, мазмұны мен оқы- тудың ұйымдастыру-әдістемелік формаларын қайта құруға, оқу үрдісін дамытуда қазіргі ақпарат- тық-технологиялық құралдарын жасауға, сандық оқу материалда- рын және онлайн тәртіпте сабақ ұйымдастыруға негізделген.

Бүгінгі күні жалпы білім бе- ретін ұйымдардың ғаламтор желісіне бірыңғай қосылуы, білім беретін web-ресурстар- дың, желілік кітапханалар, қой- малардың құрылуымен қатар, оқу үрдісінде заманауи АКТ-мен ақпараттық-әдістемелік құрал- дармен сүйемелдеу аз дәрежеде деп айтуға болады.

Білім беру порталдарын құру виртуалды білім беру кеңістігін құрудың логикалық деңгейі бо- лып табылады. Білім беру портал- дарын жасау тәжірибесі, әдеби- еттер көлемі үнемі артуда. Пор- талдар барлық пәндер бойынша кез-келген ақпаратты оңай іздеп табуға мүмкіндік береді. Мұнда оқу бағдарламалары, глоссарий, мақалалар, кітаптар (толық оқу

үшін сканерленген), электронды кітапхана, мақалалардың мәтіні, түйін және библиографиялық деректер, аналитикалық және ғылыми-әдістемелік орталықтар туралы ақпараттар толық қара- стырылады.

Порталдар мәлiметті қолда- нушылардың рұқсатын, қосым- шалар үшiн интеграцияланған маңызды веб - интерфейстердi қамтамасыз етедi. Бұл зияткерлiк қызметпен басқару үшiн қолданы- латын құрал. Портал көп мөлшер- дегі әр түрлi ақпараттарды жи- найтын, жекелейтін және мәлiмет- терді жүйелейтін электрондық ғылыми - бiлiм беретiн кешендер.

Осыған, аналитикалық компания Gartner Group келесi анықтаманы бередi: «Порталдар - бұл нақтылы дәрiсханаларға және бағдар- ланған (web-sites ) веб-сайттар, бiрлестiктер. Контент-текстер, графика, мультимедиа және басқа да ақпараттық мәнді то- лыққан - ақпаратты толығу. Вир- туалды білім беру қашықтан білім берумен тығыз байланысты, бірақ оның шеңберінде ғана қалып қоймайды. Ол күндізгі оқуда оқы- тушылар, оқушылар және барлық білім алушы объектілер арасында өзара орындалуы мүмкін.

Оқытудың артықшылықтары төмендегідей:

ҒЫЛЫМ

- мобильділік - оқу матери- алдарын пайдаланудың жедел- детілуі (оларды жылдам іздеп табу, компьютер интерфейсіне ыңғайлы формада орналастыру және қажет болғанда жылдам көбейту);

- гипермәтіндер - ақпаратты берудің иерархиялық құрылымы (көрнекі материалдың көлемі, жіктелген ақпараттың көлемін үлкейту);

- интерактивтілік - оқу құрал- дарына оқушылардың әре- кетімен ену және online-ре- жимінде ақпарат жіберу;

- кашықтық - электронды кіта- пханаларға және мұғалімдерге, деректер қорына, оқу орта- лықтарына қашықтан байланыс жасау және қашықтан қатынау мүмкіндігі.

Кері қасиеттері:

- физиологиялық - экранның кадрлық жиілігі, орындықта ұзақ отыру;

- кайталанушылық - оқушы- ның материалдармен өзіндік конструктивті жұмысы барысын- да, компьютерлік орта ақпарат- тарына кері әсер етуі;

- машина сияқтылық - адами қарым-қатынастарды машина- мен алмастыру [2].

Білім беруде ақпараттық-ком- муникациялық технологияларды

қолдану - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компью- тердің құралдарын қажетті дең- гейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға тәрбиелеуге жетелейді.

Бұл технологияның өзін оқы- тушы түрліше (орташа дәреже- де, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде техно- логияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушының әрекеті - оның қабылдауы, ын- тасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады. Виртуалды білім беру ортасын пайдалана отырып, са- бақтарды өткізу барысында бей- не материалдарды, виртуалды зертханалық тапсырмаларды, онлайн тест тапсырмаларын жиі қолдану жоспарланады:

- оқушының танымдық әре- кетінің белсенділігін арттыруға әсерін тигізетіндігі жоғары баға- ланды;

- электронды технологиялар- дың көмегімен оқыту оқушылар- дың бойында ой еркіндігінің, сөздік қорының, танымдық қабілеттерінің артқандығын көрсетті.

Қорытындылай келе, егер білім беру орындарында оқыту- дың виртуалды ортасы құрылып,

оқытудың әдістемесі жетілдіріл- се, онда оқушылардың пән бойынша білім беру сапасының артатындығы сөзсіз. Қазір дәстүр- лі білім беруде білім алушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылар- дың белгілі жиынтығын меңгер- туге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.

Қазіргі білім беру саласын- дағы оқытудың озық технологи- яларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны мең- геру оқытушының интеллекту- алдық, кәсіптік адамгершілік, ру- хани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалып- тасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмекте- седі. Электронды оқыту жүйесі бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйесіне үл- кен қарқынмен енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасын 2011-2020 жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдар- ламасы.

2. Нұрбеков Б.Ж. Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыпта- стырудың теориялық және әдісна- малық негіздері. Автореферат диссер. п.ғ.д. Алматы, 2010 ж., 48 с.

3. Виртуалды білім беру және оның білім беру жүйесінде- гі орны. Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім-2014» атты IX халықаралық ғылыми конференциясы. Б 2781- 2783. Астана, 2014 ж.

4. http://virtual-infor.kz/.

In document Finance №7 (19)V5.0.indd (бет 120-124)