РОДНЫХ И БЛИЗКИХ ИНКУРАБЕЛЬНЫХ ПАЦИЕНТОВ
Айгерим А.Мукушева 1, https://orcid.org/0000-0002-7046-4375Умитжан С. Самарова 1, http://orcid.org/0000-0003-3320-7115 Зайтуна А. Хисметова 1, http://orcid.org/0000-0001-5937-3045 Алия К. Атабаева 1, http://orcid.org/0000-0001-7725-2255
1 Государственный Медицинский Университет города Семей, Кафедра общественного здоровья и доказательной медицины, г. Семей, Республика Казахстан;
Введение: Важнейшим элементом онкологической помощи является паллиативная помощь и реабилитация больных со злокачественными новообразованиями. В Казахстане в стадии становления находится служба паллиативной помощи онкологическим больным. Отсутствие реабилитационной помощи существенно ухудшает
качество жизни больных. В связи с этим предполагается постоянно совершенствовать профессиональный уровень специалистов в области реабилитации, профилактики и паллиативной помощи для пациентов со злокачественными новообразованиями. На сегодняшний день пациенты со злокачественными новообразованиями проходят медицинскую и социальную реабилитацию. Отсутствие упомянутых выше психологических и социальных аспектов также указывает на то, что эти условия решаются отдельно от медицинских вмешательств.
Цель: Дать анализ организационных аспектов системы паллиативной помощи онкологическим больным на основе мнений родных и близких инкурабельных пациентов
Материалы и методы: Дизайн исследования - поперечное, одномоментное. Для достижения поставленной цели нами опрошено 46 респондентов - родственников больных пациентов, проходивших лечение в отделении химиотерапии Регионального онкологического диспансера города Семей. Для статистической обработки полученных результатов использовался статистический пакет SPSS 20.0. Средние значения показателей (после подтверждения нормальности распределения) рассчитывались при помощи 95% доверительных интервалов (95%ДИ), при отсутствии нормальности распределения – при помощи медианы и квартилей (Ме, Q1,Q3). Номинальные данные описаны частотами с указанием абсолютных значений величин. Критический уровень значимости был определен р
= 0,05. Для анализа номинальных данных применялись таблицы сопряженности. Различия показателей анализировались с помощью Pearson’s Chi-square test (χ2). Кодировка дихотомических признаков производилась стандартно: 1-признак есть, 0 – признака нет.
Результаты: Средний возраст респондентов составил 41 год (Q1=37 лет; Ме=40 лет; Q3=47 лет). Респонденты представлены 2-мя возрастными группами согласно классификации ВОЗ (2015г). Лица, осуществляющие уход за тяжелобольными пациентами не достаточно осведомлены о подходах к оказанию помощи данной категории больных (большинство респондентов (43,5%) считает, что больных необходимо продолжать активно лечить и 6,5%
респондентов считают, что им нужно помочь уйти из жизни) и нуждаются в информиовании по некоторым аспектам организации паллиативной помощи. 1/5 часть опрошенных (19,6%) оценили уровень оказания паллиативной помощи, как неудовлетворительный.
Выводы: Основываясь на полученных результатах, желательно, чтобы родственники, которые ухаживают за пациентами на терминальной стадии заболевания, получали психологическую и социальную помощь и имели возможность использовать различные возможности для ухода за такими пациентами (добровольцы, представители религиозных конфессий, священники). Родственники пациентов с терминальной стадией нуждаются в поддержке во всех трех аспектах (психологические, социальные, медицинаский) паллиативной помощи. В связи с этим мы внедрили на 4 курсе факультета «Сестринское дело» и 5-й курсе факультета «Общественное здравоохранение»
элективный предмет «Организация паллиативной помощи». Рабочая программа дисциплины утверждена протоколом учебно-методического отдела №6 от 25 мая 2016 г. Введение элективного предмета ознокомит студентов с основами и организацией паллиативной помощи, что необходимо им в практической деятельности.
Ключевые слова: онкология, паллиативная помощь, инкурабельные больные, хоспис.
Библиографическая ссылка:
Мукушева А.А., Самарова У.С., Хисметова З.А., Атабаева А.К. Организационные аспекты системы паллиативной помощи онкологическим больным на основе мнении родных и близких инкурабельных пациентов //
Наука и Здравоохранение. 2018. 6 (Т.20). С. 121-130.
Mukusheva A.A., Samarova U.S., Khismetova Z.A., Atabayeva A.K. Organization aspects of the palliative care system for cancer patients based on the opinion of relatives and closest incurable patients. Nauka i Zdravookhranenie [Science &
Healthcare]. 2018, (Vol.20) 6, pp. 121-130.
Мукушева А.А., Самарова У.С., Хисметова З.А., Атабаева А.К. Инкурабельді пациенттердің туыстарының пікірінің негізінде онкологиялық науқастарға паллиативті көмек жүйесін ұйымдастырудың аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 121-130.
Кіріспе
«Паллиативті» термині латынның «pallium»: «бет перде» немесе «жамылғы» деген сөзінен шыққан. Бұл паллиативті көмек дегенді білдіреді: тегістеу – емделмейтін аурудың көрінуін жасыру және/немесе
«қорғансыз» қалғандарды қорғау үшін сыртқы қабатын жамылғымен қамтамасыз ету [1]. Қазіргі уақытта паллиативті көмек-медициналық және әлеуметтік қызметтің маңызды бағыты. Оның мақсаты физикалық, психикалық, рухани – басқа да симптомдарды және ауырсынуды тоқтату, мұқият бағалау, ерте анықтау арқасында алдын алу және қайғы-қасіреттерді жеңілдету арқылы ем қонбайтын науқастар мен олардың отбасының өмір сапасын
жақсарту [2]. Анықтамаға сәйкес паллиативті көмек:
қалыпты заңды үдеріс ретінде өмірді бекітеді және өлімді қарастырады; өмір сүру мерзімін ұзарту немесе қысқарту ниеті жоқ; науқастың мүмкіндігінше белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге тырысады;
емделушінің ауыр науқастанған кезінде оның отбасына көмек ұсынады және ауыр қайғыдан кейінгі уайымдау кезеңінде психологиялық қолдау көрсетеді; емделуші мен оның отбасының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпаралық тәсілді пайдаланады; емделушінің өмір сүру сапасын жақсартады, сонымен қатар ауру ағымына оң әсер етеді; жеткілікті түрдегі уақтылы жүргізілген шаралардың басқа емдеу әдістерімен жиынтығы
науқастың өмірін ұзартуы мүмкін.[3] Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «…біздің елімізде паллиативті көмекті дамытуға мемлекеттің мүдделі екендігін растайтын оңалту және паллиативті көмек қызметін дамыту (хоспистер, мейіргерлік күтім ауруханалары және т.б.)» міндеттері тұр [19]. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасында өлім-жітімді төмендету, белсенді ұзақ жасауды арттыру арқылы халықтың қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудың негізгі индикаторлары анықталған [22].
Қазіргі уақытта Қазақстанда паллиативті қызметті жетілдіру жолдарын анықтауға, арнайы медициналық ұйымдар – хоспистердің жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Сондықтан,
«Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасында» онкологиялық диспансерлер мен көп салалы ауруханалар базасында онкологиялық науқастарға қалпына келтіру емін жүргізу және оңалту бөлімдерін құру, стационарлық және амбулаториялық деңгейде диагностика жасау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу, стационарға орналастыру технологияларын дамыту, амбулаториялық деңгейде толық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, паллиативті емдеу бөлімдерін (орталықтарын) құру қарастырылған. [21] 2002 жылы БҰҰ паллиативті көмектің жаңа анықтамасы ұсынылды, ол бойынша «Паллиативті көмек – бұл тиянақты бағалау, ауыруды және басқа мәселелерді емдеу (физикалық, психоэмоционалдық және рухани) арқылы бейнеттерді тоқтату және олардан арылу жолымен, мақсаты өмірді әкететін ауру қиыншылықтарына тап болған науқас пен оның жанұя өмірлерінің сапасын жақсарту болатын әлеуметтік- медициналық қызметінің бағыты. [7] Паллиативті медициналық концепциясы аурумен күрестен, науқастың психологиялық, әлеуметтік және рухани мәселелерін шешуден тұрады, ал паллиативті көмектің мақсаты болып пайда болған жағдайда науқастар мен олардың жанұяларының өмір сұру сапасының максималды мүмкін жетістігі болып тұрақталады. [8]
Ресей Федерациясында және шетелдерде паллиативті көмектің даму тарихына келсек, әлемдегі хосписті қозғалыстың дамуының тарихи аспектілерін қарастыру орынды екені көрсетіледі. Көптеген ғасырлар бойы адам қоғамының даму тарихы түрлі елдердің дәрігерлерінің емделмейтін науқастардың (инкубералді) мәселеріне деген бір мағыналы емес көзқарасты көрсетеді. [9] Мысалы, көне заманда көптеген емшілер Гиппократ ұстанымына еретін, емеделуге мүмкіндігі болған науқастарға көмектесіп, дәрігерлер «көмек қолдарын» үмітсіз науқастарға созбау керектігіне сүйеніп, хал үстіндегі науқастарға дәрігерлік көмекті ұсынбайтын, себебі ажалды науқасқа көмек беру бұл адамдарға «өлім жазасын»
кескен «құдайларды қорлауы» мүмкін [10] «Хоспис»
(лат. Ospies – қонақжайлылық танытатын, қонақ, жатжерлік) сөзі көне ғасырларда қажылыққа бара
жатқан адамдар, ауырып қалған және азған жолаушылар қолдауды (қамқорлықты) таба алатын баспаналар және құдайханалар екенін білдірген.[11]
Қазіргі кездегі хоспистердің бейнесі етіп ертехристианды дәуірде Шығыс Жерорта теңізінде пайда болған баспаналарды санаған жөн. Тарихи фактілерге сәйкес ең алғашқы болып б.з. IV ғасырдың екінші жартысында Фабиола римдік матронасымен мұқтаж адамдар үшін (қажылыққа бара жатқан және науқастар үшін хоспис) үй ашылған. [12] Еуропада ауыр науқастар мен хал үстіндегілерге қамқорлық көрсету мен қайырымдылық қызмет христиандық канондар көмегімен тарала бастады. Қиын ауруы бар науқастарға дәрілік көмек көрсету тарихын зерттегенде, орта ғасырларда монастырьлар жанында науқастанып қалған және хал үстіндегі адамдар жүгіне алатын «баспаналар», «тыныштық үйлері»
болатындарын айта кеткен жөн. [13] XVIII ғасырда Лондонда, Венецияда, Германияның бөлек князьдықтарында, бірқатар скандинавтік елдерде онкологиялық науқастарға көмек көрсететін емханалар ашылған. [14] XIX ғасырдың бірінші үштігінде Германия дәрігерлерінің ең атақтыларының бірі Гуфеланд Х.
1806 ж хал үстіндегі науқастарға жиіркеншілікпен қарайтын дәрігерлерді сынап, олардың бейнеттерін жеңілдету үшін оларды өмірлерінің соңына дейін тастамауларына шақырды [15] Францияда онкологиялық емханаладың бірі болып 1740 ж Реймс қаласында Қасиетті Людовик емханасы жанында салынған болатын. 1842 жЛион қаласында (Франция)
«Калвер» қоғамы құрылған, ол онкологиялық ауруханалардағы науқас әйелдерге қарауға көмектесетін «құдайшыл және қайырымды жесір әйелдерді» біріктірген. Кейіннен онкологиялық ауруханалар Париж, Сент-Этвен, Марсель, Бордо және Нанси қалаларында ашылған [16] 19 ғасырда хал үстіндегі науқастар үшін баспаналардың алғашқыларының бірі болып Jeanne Ganier 1842 ж Лион қаласында ашылды, ол «хоспис» немесе
«Голгофа» деп аталды. Бірнешен онжылдықтан кейін 1879 ж Дублин қаласында (Ирландия) мейірбике орденінің негізін қалаушы Maiy Aikenliead дева Мария баспанасын ашып оны «хоспис» деп атады. Бұл хоспистің басты міндеті болып хал үстіндегі науқастарға қамқорлық көрсету болатын [17] 1885 ж- дан бастап Англияда, хал үстіндегі науқастарға күтім жасау үшін 4 хоспис ашылды: «Тынығу үйі» (1885ж),
«Қасиетті Үштік Хосписі» (1891ж), «Кедей хал үстіндегілер үшін Қасиетті Лука үйі» (1893 ж) және
«Қасиетті Иосиф хосписі» (1905ж) [5] 1905 ж Лондонда ауыр жантәсілім сатысындағы науқастарға қажетті көмек көрсетуге үлкен көңіл бөлінген Қасиетті Хрстофор баспанасы ащылды. Жарты ғасыр өткен соң 1967 ж Лондондық Қасиетті. Алғашында бұл хоспис ауыр хал үстіндегі науқастар үшін стационар ретінде болған, кейінірек 1969 ж инкубералді науқастарға үйде паллиативті көмек көрсету үшін көшпелі қызмет құрылды [19] 1952 ж католиктік мейірбике орденінің негізін қалаушы Тереза Анасы Калькутта қаласында (Үндістан) хал үстіндегілер үшін «Нирман Хридай»
алғашқы үйін ашты (хинди тілінен аударғанда – «таза жүрек». [4]
Зерттеу дизайны: Көлденең, бірсәттілік зерттеу.
Семей қаласының аймақтық онкологиялық диспансерінің химиотерапия бөлімшесінің науқастарының туыстарынан сауалнама алынды. 2016 ж қарашасы мен 2017 ақпан айларында. Сауалнамаға 46 респондент қатысты, алынған анкеталар толық өңделді, жарамсыз анкеталар болған жоқ. Біз инкурабельді онкологиялық нақастардың туыстарына арналған сауалнама дайындадық. Сауалнамада 20 сұрақ берілген. Сауалнама бірнеше бөлімдерден құралды:
- Жасы; жынысы; білімі;
- Әлеуметтік жағдайы;
- Паллиативтік көмек жайлы түсінік;
- Инкурабельді науқастарға жүргізілетін емшаралар;
- Хоспис жайлы түсінік;
- Паллиативті көмек көрсетілу дәрежесі;
- Науқастың туыстарына қандай көмек қажеттілігі;
Алынған анкеталарға анализ SPSS 20.0 бағдарламасы арқылы жүргізілді. Индикаторлардың орташа мәндері (қалыпты үлестірімді растағаннан кейін) қалыпты үлестірім болмаған кезде - 95% сенімді аралығы (95% CI) арқылы есептелді - медиана мен квартиллерді қолдану арқылы (Me, Q1, Q3). Номиналды деректер сандардың абсолютті мәндерінің жиіліктермен сипатталады. Маңыздылықтың деңгейі p = 0,05.
Номиналды деректерді талдауға арналған түйіспе кестелері пайдаланылды. Параметрлердегі айырмашылықтар Pearson's Chi-square test (χ2) көмегімен талданды. Дихотомдық белгілерді кодтау стандартты болып табылады: 1 – белгі бар, 0 - белгі жоқ.
Қосу крийтериі: терминалды сатыдағы науқастардың туыстары.
Алып тастау крийтериі: басқа кезеңдегі қатерлі ісікпен ауратын науқастар және туыстары.
Сауалнама алуға және мәліметтерді жариялауға АОД рұқсат алынды. Сауалнама жүргізуге науқастардың туыстарынан ақпараттық келісім алынды. Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетінің Этикалық комитетінің отырысы хаттамасынан үзінді № 2 14.11.2014 ж.
Зерттеудің міндеттері:
1. Еліміздегі және шет елдердегі онкологиялық науқастарға паллиативті көмек көрсету жүйесін зерттеу және салыстыру.
2. Терминалдық сатыдағы онкологиялық науқастарға паллиативті көмектің ұйымдастырылуын зерттеп талдау жүргізу.
3. Паллиативті көмек көрсету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеу әдістері:
1. Паллиативтік көмектің ұйымдастырылу мәселелеріне байланысты отандық және шет елдік әдебиеттер көзіне шолу жасау.
2. ҚР инкурабельді онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек көрсетудің мәселелерін анықтап зерттеудің жоспарын, негізгі әдісін дайындау.
Зерттеудің негізгі бағдарламасын даярлау, мақсаты мен міндеттерін анықтау.
3. Онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек көрсету кезіндегі қиындықтарды анықтау үшін
терминалдық сатыдағы науқастардың туыстарына әлеуметтік сауалнама жүргізу.
4. Әлеуметтік сауалнамаға терминалды сатыдағы науқастардың 46 туыстары қатысты.
5. Мәліметтерді сараптау. Әлеуметтік сауалнаманың нәтижелерін статистикалық өңдеуден өткізу.
6. Онкологиялық науқастарға паллиативтік көмекті ұйымдастырудың аспектілерін жетілдіру бағытында ұсыныстар беру.
Нәтижелері
Диагностикалық мақсатта, зерттеуде қойылған мәселелерге сәйкес сауалнама жолымен 46 сұхбаткер тексерістен өтті. Сауалнама ауыр дертке шалдыққан науқастардың туысқандарының арасында өткізілді.
Іріктеме жиынтықтың жастық мәліметтері қалыпты үлестіру заңына бағынушылыққа тексерістен өтті, нәтижесінде іріктеме қалыпты үлестірдуің жоқ болғаны анықталды. Сұхбаткерлердің орта жасы 41 жасты құрады (Q1═37 жас, Ме═40 жас, Q3═47жас). ДДҰ жіктелуіне сай сұхбаткерлер жас ерекшеліктеріне сейкес екі топтары арқылы таныстырылды.
1-кесте.
ДДҰ жіктелуіне сәйкес сұхбаткердерді жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлу
(Table 1. According to the WHO classification, divide the interviewers into groups according to age)
Абсолютті сан % Жастар (44 жасқа дейін) 28 60,9 Орта жастағы адамдар
(45 жас және жоғары) 18 39,1
Барлығы 46 100,0
Сұхбаткерлердің әлеуметтік мәртебесін талдау кезінде 46 сұхбат алынғандардан 80,4℅-ы (46-дан 37-і) жұмысшылар 10,9- ℅ (46-дан 5-і) постдипломды білім алушылардың түрлі деңгейлерінде және екінші жоғары білім алушылар, 4,3℅-ы (46-дан 2-і) жұмыссыздар және 4,3℅-ы (46-дан 2-і) зейнеткерлер.
Сауалнама нәтижесі сұхбаткерлердің паллиативті көмек жайлы білім аспектісі талданды, ол сұрастырылғандар санының 34,8℅-ы (46-дан 16) паллиативті көмектің не екенін білмейтіндер немесе берілген сұрақ бойынша білімдеріне сенімсіз, оның ішінде 10,9℅-ы (46-дан 11) қарастырылған тақырып бойынша білімдері жоқ деп шешті.
41,3℅-ы (46-дан 19) паллиатвті көмектің не екенін білетіндерін және жауаптарына сенімді екенін растады.
23,9℅-ы (46-дан 11) паллиативті көмектің не екенін нақты білетіндер.
Сұхбаткерлердің паллиативті көмектің келесі анықтамалары ұсынылған: сал адамдарға көмек;
медициналық көмек, егу, күтім; науқастарға медициналық көмек; науқастарды күту; халі нашарларға көмек; емделмейтін туа біткен дерті бар науқастарды күту; сал адамдарды күту; көмек; хал үстіндегілерге көмек. Сұрастырылғандардың 21,7℅-ы (46-дан 10) паллиативті көмек ұғымының анықтамасын құрастыра алмады. Дұрыс жауапқа жақын анықтаманы сұхбаткерлердің 56,5℅-ы (46-дан 26) берді.
Паллиативті көмек дегенінің не екенін көрсеткен
сұхбаткерлер санының 26,3℅-ы (19-дан 5) дұрыс жауапқа жақын анықтаманы берген жоқ.
Паллиативті көмекке мұқтаж науқастардың өз- өздерін ұстау жолдарына сәйкес сұхбаткерлер келесі көзқарастарын айтты: сұхбаткерлер жауаптарында емдеу мен күтімінің бірнеше түрлерін қамтитын бірнеше әдістер кездесті: 43,5℅ жағдайында (46-дан 20) сұхбаткерлер бұл жағдайдағы науқастарды белсенді түрде емдеу керек екенін шешті; 34,8℅ (46-дан 16) жағдайында медициналық қызметкерлер науқас жағдайын жеңілдету үшін қажет екені анықталды;
32,6℅ (36-дан 16) жауаптарында науқастарға жақсы күтім қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды; 6,5℅ (46-дан 3) жауаптары мүмкін тәсіл сияқты, науқастың қалауы бойынша өмірден өтуді таңдауда медициналық көмектің қажеттілігін растады.
Сұхбаткерлердің 73,9℅-ы (46-дан 34) науқас үшін денсаулығы және пайда болған дерттің зардаптары жайлы ақпараттың қолжетімді және дұрыс болғаны үшін сөз сөйледі, медициналық қызметкерлердің немесе туысқандардың науқасқа диагноздың толық немесе бөлшектеп айтылуы тиіс деп санайды. Қазіргі таңда аурудың терминалды кезеңінде болған науқастарға көмек көрсететін мекемелер жайлы сұхбаткерлердің хабардар болуы келесіні көрсетті: бұндай көмек көпсалалы емханалардың жалпы бөлімдерінде көрсетілуі 15,2℅ (46-дан 7) жағдайында; үйде көмек көрсетілуі 10,9℅ (46-дан 5) жағдайында белгіленуін көрсетті; сұхбаткерлердің көбі - 45,7℅ (46-дан 21) хал үстіндегі науқастың онкологиялық диспансерде болуын мүмкін шешім ретінде көрсетті (жауаптарда үйлестіру байқалды – туған күмәндарға байланысты сұраққа бірден артық жауаптар берілді). Сұхбаткерлер 34,8℅-да (46-дан 16) хоспистерді, 2,2℅-да (46-дан 1) геронтологиялық емханаларды (бөлімдерді), 19,6℅-да (46-дан 9) көпсалалы емханалардың паллиативті көмек бөлімдерін (қазіргі күнде мемелекеттік сектордың медициналық ұйымдар құрылымында көрсетілмеген) белгіленді. Емделмейтін науқастың өмірден кетуінің өз бетімен шешім қабылдау құқысы жайлы сұраққа сұхбаткерлердің жауаптары былай бөлінді:
сұхбаткерлердің 65,2℅-ы (46-дан 30) бұл құқыққа науқастың өзі ие болуға тиіс деп ойлайды, ал 34,8℅-ы (46-дан 16) бұнымен келіспейді.
Ауыр емделмейтін дертке шалдыққан науқастың өмірін жасанды түрде тоқтату мүмкіндігін (емдеу шараларынан бас тарту арқылы, дәрілердің асқан мөлшерін егу, эвтаназияның басқа формалары) сұхбаткерлердің 43,5℅-ы (46-дан 20) қолдайды, 47,8℅- ы (46-дан 22) бұл шешіммен келіспейді, 8,7℅-ы (46-дан 4) басқа мүмкіндіктің барын көреді (жауап нұсқалары:
адамға байланысты, дертке байланысты, азабы қатты білінсе, өз еркімен келісім берсе)
Алынған мәліметтер бойынша сұхбаткерлердің 60,9℅-ы (46-дан 28) хоспистің не екенін білетіндерін көрсетіп, 56,5℅-ы (46-дан 26) ұғымға түсінік берді.
Қойылған сұраққа жауап берген сұхбаткерлер санынан 31℅-ының хоспис ұғымы мен сипаты жайлы түсінігі бар.
Науқастардың қайсысы паллиативті көмекке мұқтаж жайлы сұхбаткерлердің пікірлері келесі жауаптарда көрсетілді:
Емделмейтін (инкубералді) онкологиялық науқастар 63,8℅ (46-дан 30);
Терминалды кезеңдегі ауыр туа біткен аурулары бар науқастар (жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі және т.б.) 21,7℅ (46- дан 10);
Омыртқа мен тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен науқастар 25,9℅ (46-дан 12);
Алынған инсульттан кейінгі науқастар 6,5 (46-дан 3);
Егде (геронтологиялық науқастар) 15,2℅ (46-дан 7);
Басқа 6,5℅ (46-дан 3).
Сауалнама кезінде сұхбаткерлермен емханада көрсетілетін паллиативті көмектің көрсетілу деңгейі бағаланды. Сұхбат нәтижесінде 2-кесте мен 6-суретте көрсетілген келесі бағалар алынды: паллиативті көмектің көрсетілу деңгейін жақсы мен өте жақсы сұхбаткерлердің 37℅-ы (46-дан 17), қанағаттанарлық
деп 23,9℅-ы (46-дан 11) бағалады.
Сұхбаткерлердің 19,6℅-ы (46-дан 9) паллиативті көмектің көрсетілу деңгейін қанағаттандырарлықсыз деп бағалады, 19,6℅-ы (46-дан 9) бұл медициналық көмек түріне баға бере алмады.
2-кесте.
Сұхбаткерлермен паллиативті көмек көрсету деңгейінің бағалануы.
(Table 2. Assessment of Palliative Care Level with Respondents).
Баға Абсолютті сан %
Өте жақсы 5 10,9
Жақсы 12 27,1
Қанағаттанарлық 11 23,9
Қанағаттандырарлықсыз 9 19,6
Баға бере алмаймын 9 19,6
Барлығы 46 100
«Ауыр емделмейтін ауруға шалдыққан хал үстіндегі науқас көбінесе не нәрсеге мұқтаж» деген сұраққа жауап беру кезінде сұхбаткерлермен келесі пікірлер айтылды (көпшілік жауап болуы мүмкін):
Сұхбаткерлердің көбі науқас қажетті күтімге мұқтаж екенін көрсетті 50℅ (46-дан 23);
Ем алуға мұқтаж – 26,1℅ (46-дан 12);
Ауруды басуға мұқтаж – 23,9℅ (46-дан 11);
Жақсы тамақтандыру қажет – 6,5℅ (46-дан 3);
Жұбанышты сөйлесуге мұқтаж – 28,9℅ (46-дан 13).
Мәліметтер 1 суретте көрсетілген.
1-сурет. Терминалды сатыдағы науқастың мұқтаждығы (сұхбаткерлердің пікірлері бойынша).
(Figure 1. The need for a patient at the terminal stage (according to the interviewees).
Сұхбаткерлермен туысқандардың да маңызды мәселелері қозғалды:
Қаржылық (дәрілерге, күтушінің жұмысына үлкен қаржы шығындары) 41,3℅ (46-дан 19);
Психологиялық (күйзеліс, қорқыныш, үмітсіздік, қайғы) 76,1℅ (46-дан 35);
Науқасқа күтімді ұйымдастырумен байланысты мәселелер (өз күшімен, күтушіні іздеу, жұмыстан шығу қажеттілігі) 32,6℅ (46-дан 15);
Физикалық (науқасқа көмек көрсетумен байланысты);
Заңгерлік 10,9℅ (46-дан 5);
Басқа 4,3℅ (46-дан 2).
Ауыр науқастардың туысқандарының маңызды мәселелері:
Оған қоса сауалнама ауыр емделмейтін аурулары бар, хал үстіндегі науқастарға күтім көрсетуге, олардың жақындарымен қарым-қатынасқа түрлі діни конфессиялардың (діни қызметкерлер), қамқорлық медбикелердің өкілдерін тартуы бойынша сұхбаткерлердің пікірлерін зерттеуді қамтиды, нәтижесінде келесі жауаптар алынды:
Сұхбаткерлердің 46-дан 31-і (66,6℅) бұл аспект емделмейтін ауыр науқастармен жұмыс кезінде мүмкін екеніне сенімді;
Сұрастырғандардың 46-дан 7-і (15,2℅) хал үстіндегі науқастар мен олардың туысқандарының мәселелерін бұл жолмен шешуге қарсы;
Емделмейтін ауыр дерті бар науқастарға, хал үстіндегі науқастарға күтім көрсетуге бұл аспекті бойынша өз пікірлерін 46-дан 8 сұхбаткер (15,2℅) құрай алмады.
Сауалнама кезінде сұхбаткерлермен емделмейтін хал үстіндегі науқастарға медициналық паллиативті көмек көрсетудің сапасын жақсарту үшін мәселелер анықталды (10-сурет):
Паллиативті көмек көрсету сұрақтары бойынша медициналық қызметкерлерді (дәрігер мен медбикелерді) дайындауды жүргізу 41,3℅ (46-дан 19);
Паллиативті көмек көрсететін медициналық қызметкерлердің санын көбейту 26,1℅ (46-дан 12);
Паллиативті көмек көрсететін емдеу ұйымдарының қаржыландыруын жақсарту 23,9℅ (46-дан 11);
Паллиативті көмек көрсету үшін өз еркімен(
еріктілер) жұмыс істейтіндерді тарту 17,4℅ (46-дан 8);
Паллиативті көмек көрсету үшін түрлі діни конфессияларының өкілдерін (қамқорлық мейірбикелер, діни қызметкерлер) тарту 8,7℅ (46-дан 4);
Басқа 2,2℅ (46-дан 1). Мәліметтер 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. Терминалды сатыдағы науқастарға паллиативті көмек көрсетудің сапасын жақсарту үшін шешуді қажет ететін мәселелер.
(Picture 2. Issues that need to be addressed to improve the quality of palliative care for patients with terminal stage).
Ауыр өмір жағдайына түскен науқастарға паллиативті көмектің жақсаруы мен олардың туыстары мен жақындарына көмектің ұйымдастырылуы үшін аспектілерді толық түсіну үшін түйіндесу кестелерінің талдауы жүргізілді. Түйіндесу кестелерінің талдауын жүргізу нәтижесінде келесі мәліметтер алынды: жұмыс істейтіндер үшін басты мәселелер болып дәрілер мен күтуші жұмысына кететін үлкен қаржы шығындарымен байланысты қаржылық мәселелер болып саналады, бұны сұхбаткерлердің 19-дан 13-і (68,3℅) осы мәселені пікірлері бойынша ең маңызды деп көрсетті (χ2═0,467)
Алынған мәліметтерге сәйкес психологиялық мәселелер (күйзеліс, қорқыныш, үмітсіздік, қайғы және т.б.) 44 жасқа дейінгі жас адамдар тобында (ДӘҰ жікте- луі бойынша) белгіленді, ал жалпы сұхбаткерлердің 46- дан 35-і (76,2℅) бұл мәселені өте маңызды деп санайды.
Нәтиже: Жоғарыда зерттелген мәліметтерге сүйене отырып, жағдайлары ауыр науқастарды күтетін адамдар осы санаттағы науқастарға көмек көрсетудің жолдарын жете білмейді. Сұхбаткерлердің 43,5℅-ы науқастарды белсенді емдеу қажеттілігін, ал 6,5℅-ы оларға өмірден өтуге көмектесу қажеттілігін атап көрсетті және паллиативті көмекті ұйымдастырудың кейбір аспектілері бойынша ақпарат алулары қажет.
Сауалнаманың нәтижесін ескере отырып инкурабельді науқастардың туыстарына әлеуметтік-психологиялық қызмет және құқықтық, ұйымдастырушылық жағынан, ал кейбір жағдайларда аурудың терминалды кезеңіндегі науқастарға күтім көрсететін адамдарды материалдық жағынан қорғау үшін әлеуметтік қорғау мекемелерінің араласуын талап етеді. Сауалнамаға қатысқандардың 1/5 бөлігі (19,6℅) паллиативті көмектің көрсетілу деңгейін қанағаттанарлықсыз деп бағалады.
0% 10% 20% 30% 40% 50%
паллиативті көмек көрсетудің сұрақтары бойынша медициналық қызметкерлерді дайындауды өткізу
паллиативті көмек көрсететін медициналық қызметкерлердің санын көбейту паллиативті көмек көрсететін емдеу мекемелерінің
қаржыландыруын жақсарту
паллиативті көмекті көрсету үшін өз еркімен жұмыс істейтіндерді (еріктілерді) тарту
түрлі діни кофессиялардың өкілдерін (қамқорлық мейірбикелер, діни қызметкерлер)
басқа
43%
26%
24%
17%
9%
2%
Нәтижелерді талдау: Терминалды сатыдағы науқастарға паллиативті көмек жүйесін ұйымдастыру отанымызда және шет елдерде зерттелген. Бүгінгі таңда Республикамызда 6 хоспис жұмыс атқарады, оның ішіндегі Алматы қаласындағы паллиативтік көмектің көмек көрсету орталығы ғана мемлекеттік меншікте. Осы орайда басты міндеттерінің бірі онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек көрсетудің қазіргі заманға сай жүйесін құру. Осы уақытқа дейін қатерлі ісіктермен ауратын пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңтайландыру емімен жүргізіледі. Жоғарыда аталған психологиялық және әлеуметтік аспектілердің жеткіліксіз, сонымен қатар бұл жағдайлар медициналық шаралардан бөлек шешіледі.
Осыған орай, қатерлі ісіктермен ауратын науқастарға оңалту, қалпына келтіру, алдын алу, диагностикалық, ем алу шаралары және паллиативтік көмек көрсететін арнайы кәсіптік мамандардың кәсіптік деңгейін үнемі арттырып отыруды ұйымдастыру қарастыру керек.
Қазақстан Республикасының тек алты аймағында осы көмекті қажет ететін науқастардың 5% ғана көмек көрсете алатын хоспистер жұмыс істейді. Осыған орай оңтайландыру және паллиативті көмектің болмауы қатерлі ісікпен ауратын науқастардың денсаулықтарының сапасы мен өмір ұзақтығын біршама нашарлатады. Аталған мәселені оң шешімін табу үшін оңтайландыру мен паллиативті көмек көрсету бөлімдерін, осының ішінде жеке меншік және мемлекеттік нысан негізінде ашу үшін мемлекеттік қолдауға жүгіну сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер мен арнайы психологтар дайындау керек қажеттілігі айтылған. Сонымен қатар, басқа да көптеген паллиативтік медицина бағыттары дұрыс дамымаған.
Осы зерттеудің нәтижесін ала отырсак, халықтың паллиативті көмек түсінігі туралы толық ақпараттанбағанын білдік. Сауалнама нәтижесі бойынша сұхбаткерлердің 34,8℅-ы паллиативті көмектің не екенін білмейтіндер немесе берілген сұрақ бойынша білімдеріне сенімсіз екендері анықталды. ҚР бойынша, паллиативті көмек жүйесінің дұрыс дамымағанына байланысты терминалды сатыдағы науқастарға және олардың туыстарына паллиатвті көмек толықтай көрсетілмейді. Сауаланама барысында инкурабельді науқастардың күтімі бойынша, олардың туыстарының қаржылық, әлеуметтік, құқықтық және т.б жағынан көмекке мұқтаж екендіктері анықталды.
Осы мәселені басқа авторлардың жумыстармен салыстырғанда, 2013 жылы Ресей Федерациясында Воронова Елена Александровна жазған «Үлкен өнеркәсіптік қалада паллиативті көмек орталығын ұйымдастырудың ғылыми негіздемесі». Ресей Федерациясында жаңа ғасырдың басынан бастап тұрғындардың шамамен 12,9%-дан астамы 60 жастан жоғары адамдар. Ресми статистикаға сәйкес, соңғы 20 жылда Пермь қаласының тұрғындары 12,7% -ға азайған.
Егде жастағы топтардың саны тұрақты өсуде болған, 1990-2011 жылдар аралығында олардың саны 1,2 есе өсті. БҰҰ стандарттарына сәйкес, егде жастағы адамдардың үлесі жалпы санның 8,0% -нан асатын халық «демографиялық қарт» деп саналады. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, әрбір үшінші егде жастағы адам жалғыз қалған, сол адамдардың тек 100
адамнан 60,2 ± 2.4 ғана өз–өзіне күтім жасай алады.
Қаланың әрбір үшінші тұрғыны 60 жастан асқан және мүгедектік топқа ие, солардың 73,7%-ы ағза функцияларының айтарлықтай бұзылғанын көрсетті.
Арнайы топты (77,2%) психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастар құрады. Ауыр халдегі науқастарды күтудегі ауыртпашылық туыстары мен жақындарына түскен, олардың басым бөлігі күтімнің медициналық техникасын меңгермеген.[18] Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі мен «Кредо»
қоғамдық бірлестігінің 2008 жылғы «ҚР паллиативті көмек жағдайы» атты есепте республикадағы инкурабельді науқастарға көрсетілетін көмектің жағдайына баға берілген. Онда, диагностика және күту бойынша стандарттар мен хаттамалардың болуына қарамастан паллиативті көмек көрсететін жеке мекемелерге ортақ стандарт жоқ осыған байланысты көрсетілетін қызметтерді бағалауды қиындатады делінген. Білікті мамандардың жетіспеушілігіне байланысты, паллиативті көмек көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын төмендетеді деп жазған. 4 топтың барлық респонденттері ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек көрсету мекемелерінің ашылуы қажеттілігін атап өтті. Еліміздегі паллиативтік медицина жалпы медициналық көмектің ажырамас бөлігі ретінде дамуы керектігін айтты.
Қорытынды: Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың терминалды кезеңіндегі науқастарға күтім көрсететін адамдарға психологиялық және науқастарға күтімді ұйымдастыруы үшін көмек қажет, бұл жағдайда осындай санаттағы науқастарға күтім көрсету үшін түрлі мүмкіншіліктерді пайдалану қерек (еріктілерді, діни конфессиялардың өкілдерін (діни қызметкерлерді), қамқорлық мейірбикелерін және басқаларды тарту. Терминалдық сатыдағы науқастардың тустарына паллиативтік көмектің барлық аталған үш аспектісі бойынша қолдау көрсетілу қажет.
Терминалдық сатыдағы онкологиялық науқастарға паллиативті көмек көрсетудің ұйымдастырылуын анықтау жолдарында біз бірқатар қиындықтарды кездестік, соның ішінде ең маңыздысы аталмыш көмекті көрсететін кәсіби мамандардың жоқ болуы.
Осыған орай біз оқу үрдісіне 4 курс «Мейірбикелік ісі»
және 5 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау»
факультеттеріне «Паллиативті көмекті ұйымдастыру»
атты таңдау пәнін енгіздік. Пәннің жұмыс бағдарламасы оқу әдістемелік бөлімінің 2016 жылдың 25 мамыр № 6 хаттамасымен бекітілді.
Мүдделер қақтығысы: Біз жұмыс барысында мүдделер қақтығысы болмағанын мәлімдейміз.
Авторлар жұмыстары. Авторлар тарапынан зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу этаптары қарастырылды. Статистикалық өңдеу зерттеу жұмыстарын толығымен жүргізіп қорытынды шығару топтық жұмыспен қарастырылды: Мукушева А.А, Самарова У.С. Бұл зерттеудің қорытындылары басқа басылымдарда шығарылмаған.
Әдебиеттер:
1. Авхименко М.М. Некоторые факторы риска труда медика // Медицинская помощь. 2003. №2. С. 25-29.
2. Антипин П.А. Медицинский персонал хосписа как объект изучения влияния профессиональной деятельности на личность // Проблемы социальной