• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПРОБЛЕМЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ

In document ХАБАРШЫ (бет 37-50)

PEDAGOGI AND METHODOLOGI PROBLEMS

МРНТИ 14.25.09 10.51889/6590.2022.12.84.004

Жумашева А.Ш.¹, *Жетпісбай Ә.Қ.²

¹ «Торайғыров университет» КЕАҚ, Павлодар, Қазақстан филология ғылымдарының докторы, профессор, [email protected]

² «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ, Павлодар, Қазақстан филология ғылымдарының кандидаты, доцент, [email protected]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ХАҚЫНДА

Аңдатпа

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында білім беруді жаңғырту жағдайында қолданбалы бакалавриат үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселесі ӛте ӛзекті болып отыр.

Мақалада мамандарды даярлаудағы еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында бакалавриаттың қолданбалы бағдарламаларына білім беру бағдарламаларын құру мен енгізу мәселесі талқыланады, олардың теориялық және әдістемелік негіздерін әзірлеу қажеттілігі негізделеді, қолданбалы бакалавр дәрежесін қолдаудың нормативтік-құқықтық базасының мәселелері талданған.

Нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау мен шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, бакалавриаттың қолданбалы бағдарламаларына білім беру бағдарламаларын енгізудің шетелдік тәжірибесін зерделеу негізінде оларды Қазақстан Республикасында енгізу және табысты қызметмүмкіндіктері қарастырылады.

Авторлар пікірінше, қарастырылып отырған мәселені жүзеге асырудың бір жолы - ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурсы аясында жүзеге асырылатын ғылыми жобаны әзірлеу мен енгізу. Жұмыста Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж базасында «Қазақстан Республикасындағы ТжКБ ұйымдары үшін қолданбалы бакалавриатқа арналған білім беру бағдарламаларын жобалаудың теориялық және әдістемелік негіздері» тақырыбындағы ЖОО ғалымдарының ғылыми жобаны іске асыру мүмкіндіктері кӛрсетілген. Қолданбалы бакалавриатқа арналған білім беру бағдарламасының моделін әзірлеу мақсатында Б.Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжде жүргізілген педагогикалық экспериментті жүзеге асыру осы бағдарламаларды қазіргі Қазақстанның оқу үрдісіне енгізуге ықпал етеді.

Қорытындылай келе, авторлар жоба аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мен алынған эксперименттік мәліметтер Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білімді жаңғыртуға елеулі үлес қосады деген қорытындыға келді.

Түйін сӛздер: бакалавр, қолданбалы бакалавр, қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы, білім беруді жаңарту, білім беруді реформалау, білім беру бағдарламасының моделі.

Жумашева A.Ш.¹, *Жетписбай А.К.²

¹ НАО «Торайгыров университет», Павлодар, Казахстан доктор филологических наук, профессор, [email protected]

²НАО «Павлодарский педагогический университет», Павлодар, Казахстан кандидат филологических наук, доцент, [email protected]

О СОЗДАНИИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПРОГРАММ ПРИКЛАДНОГО БАКАЛАВРИАТА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

Аннотация

В настоящее время в условиях модернизации образования в Республике Казахстан весьма актуальной становится проблема разработки образовательных программ прикладного бакалавриата.

В статье рассматривается проблема создания и внедрения образовательных программ прикладного бакалавриата с учетом современных требований рынка труда к подготовке специалистов, обоснована необходимость разработки их теоретико-методологических основ, анализируются вопросы нормативной базы сопровождения прикладного бакалавриата в Республике Казахстан.

На основе анализа нормативно-правовых документов и изучения зарубежного опыта реализации образовательных программ прикладного бакалавриата на примере различных стран рассматриваются возможности их внедрения и успешного функционирования в Республике Казахстан.

По мнению авторов, одним из путей реализации рассматриваемой проблемы является разработка и внедрение научного проекта, реализуемого в рамках конкурса грантового финансирования МОН РК. В работе освещаются возможности реализации учеными вузов научного проекта на тему «Теоретико-методологические основы проектирования образовательных программ прикладного бакалавриата для организаций ТиПО в Республике Казахстан» на базе Высшего педагогического колледжа им. Б.Ахметова г. Павлодара.

Реализация педагогического эксперимента, проводимого в Высшем педагогическом колледже им. Б.Ахметова с целью разработки модели образовательной программы прикладного бакалавриата, будет способствовать внедрению данных программ в образовательный процесс современного Казахстана.

В заключение авторы пришли к выводу о том, что результаты исследования, проведенного в рамках проекта, и полученные экспериментальные данные внесут значительный вклад в модернизацию педагогического образования Республики Казахстан.

Ключевые слова: бакалавриат, прикладной бакалавриат, образовательная программа прикладного бакалавриата, модернизация образования, реформирование образования, модель образовательной программы.

Zhumasheva A.Sh.,¹ *Zhetpisbay A.K. ²

¹“Toraighyrov University” NPJSC, Pavlodar, Kazakhstan Doktor of philological sciences, Professor, [email protected]

²Pavlodar Pedagogical University NPJSC, Pavlodar, Kazakhstan Candidate of philological sciences, assistant professor, [email protected]

ABOUT THE CREATION OF EDUCATIONAL PROGRAMS OF THE APPLIED BACHELOR IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

Аstract

Currently, in the context of the modernization of education in the Republic of Kazakhstan, the problem of developing educational programs for applied bachelor's degree is becoming very urgent.

The article discusses the problem of creating and implementing educational programs for applied bachelor's degree taking into account modern labor market requirements for training specialists, substantiates the need to develop their theoretical and methodological foundations, analyzes the issues of the regulatory framework for supporting applied bachelor's degree in the Republic of Kazakhstan.

Based on the analysis of regulatory documents and the study of foreign experience in the implementation of educational programs for applied bachelor's degree on the example of various countries, the possibilities of their implementation and successful functioning in the Republic of Kazakhstan are considered.

According to the authors, one of the ways to implement the problem under consideration is the development and implementation of a scientific project implemented within the framework of the grant funding competition of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan.

The paper highlights the possibilities of implementation by scientists of universities of a scientific project on the topic "Theoretical and methodological foundations of the design of educational programs for applied bachelor's degree for TVE organizations in the Republic of Kazakhstan" on the basis of the Higher Pedagogical College named after B. Akhmetov, Pavlodar. Implementation of the pedagogical experiment conducted at the Higher Pedagogical College named after B. Akhmetov in order to develop a model of the educational program for applied bachelor's degree, will contribute to the introduction of these programs into the educational process of modern Kazakhstan.

In conclusion, the authors came to the conclusion that the results of the research carried out within the framework of the project and the experimental data obtained will make a significant contribution to the modernization of teacher education in the Republic of Kazakhstan.

Key words: bachelor's degree, applied bachelor's degree, educational program of applied bachelor's degree, modernization of education, reforming education, model of the educational program.

Кірісіпе. Қолданбалы бакалавриат үшін білім беру бағдарламаларын құру мәселесінің ӛзектілігі дау тудырмайтыны анық. Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізу біліктілік деңгейіне сәйкес (бастауыш сынып мұғалімі, білім бакалавры, қолданбалы бакалавр) байыпты теориялық дайындықты және практикалық дағдыларды меңгеруді қамтамасыз ететін білім берудің түрлі деңгейіндегі білім беру бағдарламаларының интеграциясын қамтамасыз ететіні анық. Алайда, ӛзектілігіне, практикалық және теориялық маңыздылығына қарамастан, бүгінгі күнге дейін қолданбалы бакалавриат бойынша білім беру бағдарламаларының орындалуын реттейтін оқу -әдістемелік құжаттама жоқтың қасы.

Күні бүгінге дейін қолданбалы бакалавриатқа арналған білім беру бағдарламаларын құрудың тұтас концепциясы анықталмай, сипатталмай отыр, соған сәйкес оларды енгізудің әдістемелік негіздері анықталмаған, дегенмен бұл олардың тәжірибеде енгізілуін қамтамасыз ету үшін ӛте маңызды.

Сонымен қатар, қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын жобалау мен енгізу бойынша зерттеулердің ӛзектілігі кәсіптік білім беру саласындағы күрделі міндеттерге байланысты:

- қоғам мен экономиканың инновациялық даму механизмдерінің қалыптасуының толық еместігі;

- қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын құру мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық базаның болмауы;

- үздіксіз білім берудің деңгейлік жүйесіне кеңінен ауысқан бакалавриат түлектерінің практикалық бағдарының тӛмендеуі;

- түлектердің қосымша білім алу мен қайта даярлау қажеттілігімен байланысты барлық деңгейдегі шығындардың күрт ӛсуі;

- жоғары оқу орындарында нарық талаптарына, кәсіби стандарттарға және түлектердің жеке ұмтылыстарына сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын баяу енгізу;

- жас мамандардың кәсіби қызметінің талаптарына бейімделуіне қажетті уақытты қысқарту қажеттілігі;

- жас түлектер арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу қажеттілігі.

Зерттелетін мәселенің теориялық және практикалық маңыздылығы сол, аталмыш бағдарламаларды құрудың әзірленген әдістемесі, Павлодар қаласындағы ТжКБ ұйымдары үшін тәжірибелік-эксперименттік тексерістен ӛткен қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламаларының құрылған жобалары Қазақстан Республикасының жоғары және орта білімнен кейінгі педагогикалық кәсіптік білімінің интеграцияларына ӛз әсерін тигізетін болады.

Бұл жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының ТжКБ ұйымдары үшін қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламаларын жобалау проблемасын талдау және бағалау, осы мәселе бойынша ғылыми жобаны іске асыру жолдарын анықтау, қолданбалы бакалавр білім беру бағдарламаларын енгізу мен жүзеге асыру мүмкіндіктерін сипаттау.

Жоба бойынша әрі қарайғы зерттеулер заңнамалық реттеуге және педагогикалық білім беру жүйесінде қолданбалы бакалавриаттың нормативті -құқықтық негізін әзірлеуге, сондай -ақ қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын қазіргі Қазақстанның оқу үрдісіне енгізуге ықпал етеді.

Талқылау. Ең алдымен, біздің тарапымыздан Қазақстан Республикасында қолданбалы педагогикалық бакалавр дәрежесін нормативті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік- құқықтық құжаттарға талдау жасалды.

Зерттеудің мақсаты келесі зерттеу әдістерін қолдануға алып келді:

- сипаттау әдісі (зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми -теориялық, оқу -әдістемелік әдебиеттерді талдау және синтездеу, жүйелеу және салыстыру);

– әлеуметтік -педагогикалық әдіс (бақылау, мұғалімдермен сұхбат);

- эксперименттік (тәжірибелік-ізденіс жұмысы, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және ӛткізу).

Ұсынылған әдістер қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламаларын әзірлеуде ғылыми дереккӛздермен жұмыс жасаудың, заманауи зерттеулердің жетістіктерін зерттеу мен ӛңдеудің нәтижесі болып табылады. Аталмыш мәселе Қазақстан Республикасында бұрын соңды зерттелмеген, нормативтік құжаттарда талаптарды белгілейтін заңнамалық актілер, сондай -ақ қолданбалы бакалавриат үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі жоқ.

Бұл, сӛзсіз, зерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылады.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасында іс жүзінде зерттелмеген, нормативтік құжаттарда талаптарды белгілейтін заңнамалық актілер, сондай -ақ қолданбалы бакалавриат үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі жоқ.

Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында бакалавриаттың қолданбалы бағдарламалары бойынша білім беру бағдарламаларын жобалау мен енгізу мәселелері ӛзекті мәселеге айналды, ӛйткені оны шешуде мемлекеттік саясат, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің мүдделері тоғысады.

Қолданбалы бакалавриат мәселесі алғаш рет «Білім туралы» ҚР Заңында [1] кӛтерілді.

Алайда, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында бакалаврдың қолданбалы бағдарламасының практикаға бағытталған бағдарламаларын іске асырудың нормативтік-құқықтық базасы жоқ.

Ресей Федерациясының білім беру ұйымдарында да құжаттардың кең ауқымын жолықтыра алмаймыз. Қолда бар құжаттарда қолданбалы бакалавриат мәселесін шешудің бірізділігі жоқ, дегенмен олар білім беру бағдарламаларының негізгі артықшылықтарын анық тұжырымдайды [2,3,4,5]:

- жұмыс берушінің қажеттіліктеріне назар аудару;

- түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- тәжірибеге бағыттылық, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт шеңберінде теориялық және практикалық дайындық балансын екіншісінің пайдасына ӛзгерту;

- жаңа білім беру технологияларын енгізу және қолдану (білім беру бағдарламаларын іске асырудың желілік формалары, базалық кафедралар) және т.б. [4].

Қолданбалы бакалавр дәрежесін жобалау мен енгізу мәселесін шешуге кедергі болатын объективті себептердің бірі - бұл Қазақстан Республикасында қолданбалы бакалавр дәрежесін құру инновациялық мәселе, дегенмен бұл мәселе батыс елдерінде академиялық және қолданбалы бакалавр дәрежелерінің қосындысы ретінде қалыпты саналады.

Қолданбалы бакалавриат құрудағы мақсаттардың бірі - еліміздің инновациялық дамуына сәйкес келетін техникалық мектептер мен колледждердің кейбір мамандықтарын жоғары білімге теңестіре отырып, университеттік білімнің мәртебесін кӛтеруге деген ұмтылыс.

Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының Білім туралы»

Заңымен, сондай -ақ білім беру мәселелерін қозғайтын заңнамалық актілердің кейбір ережелерімен реттеледі. Білім туралы заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілер жүйесіне Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтары, сондай -ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқа қаулылары кіреді.

Осылайша, бакалавриаттың қолданбалы бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде қарастырылған, олардың жұмыс істеуінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының бабында қарастырылған:

- орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары орта білімді (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) азаматтар арасынан білікті жұмысшыларды, орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврды дайындауға бағытталған.

- білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білімнің интеграцияланған, модульдік бағдарламаларын және бакалавриаттың жеке пәндерін оқуды қарастырады [6].

Оқу аяқталған соң және қорытынды аттестаттаудан ӛткеннен кейін студенттерге «орта буын маманы», «қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріледі.

«Білім туралы» Заңда былай делінген:

1. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады.

2. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады, олардың тізімін білім беру саласындағы уәкілетті ұйым бекітеді [1].

Айта кету керек, қолданбалы бакалавриатты ұйымдастыру принциптеріне сәйкес білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің бастамасы бойынша құрылады және еңбек

нарығындағы жағдайға тәуелді, алайда, «Білім туралы» Заңда жұмыс берушілердің құзыреттілігі кӛрсетілмеген, дегенмен қолданбалы бакалавр дәрежесінде жұмыс берушілердің рӛлі ӛте маңызды. Қолданбалы бакалавриатқа қойылатын жалпы талаптар орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен белгіленеді. Соған қарамастан, талдау кӛрсеткендей, орта білімнен кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыруды ескере отырып, қолданбалы педагогикалық бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын қалыптастыруды қарастырмайды.

Сонымен қатар, қолданыстағы МЖББС қолданбалы педагогикалық бакалавриат жүйесіндегі студенттердің оқу жүктемесінің максималды кӛлемі, дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықтамайды. Сонымен қатар, кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру мен жоспарлау механизмі жоқ болып табылады, бұл қолданбалы және академиялық педагогикалық бакалавр дәрежесінің білім беру бағдарламаларын интеграциялау принципін бұзуға алып келеді. [7].

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазым атауларына келетін болсақ, қолданбалы педагогикалық бакалавриатты аяқтаған қызметкердің кәсіби дайындық деңгейін болжайтын лауазымдар жоқ. Мәселен, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыратын тәрбиеші деген лауазым бар. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім және т.б.

Бұл аспектіде заңнамалық, экономикалық ынталандырушы ұйымдық сипаттағы әрекеттерді жүзеге асыруды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау кезінде шаралар қажет. Бұл бағытта «Кәсіби біліктілік туралы» Заңды қабылдау бойынша шаралар қажет, ТжКБ инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жаңарту, инженерлік-педагогикалық кадрлардың заманауи корпусын қалыптастыру үшін жағдай жасау бойынша шаралар қажет.

Сонымен қатар, ұйымдардың жұмыс орындарында ӛндірістік практикадан ӛту мен кәсіптік оқудан ӛту және ұйымдастыру бойынша міндеттемелерін заңнамалық тұрғыда бекіту қажет, студенттердің практикалық дағдыларын қолдану үшін студенттік жұмыс орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар ӛндірістегі тәжірибелі нұсқаушы-тәлімгерлерге тәлімгерлік үшін жалақыға қосымша ақы тӛлеу мүмкіндігін және т.б. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 140 -бабының 4 -тармағында техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жұмыс берушінің кадрларды даярлауда, қайта даярлауда және олардың біліктілігін арттыруда кӛмек кӛрсетуіне ӛзгерістер енгізілді. Бұл бапта жұмыс берушінің білім беру ұйымдарына, соның ішінде қазіргі уақытта қолданбалы педагогикалық бакалавр дәрежесі бар ортадан кейінгі білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты кӛмегі қалай жүзеге асырылатыны кӛрсетілмеген [8].

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мамандары атап ӛткендей, бүгінде Қазақстанда мамандарды аттестаттаудан ӛткізетін жиырмаға жуық ұйым бар, олардың бесеуі халықаралық талаптарға сәйкес жұмыс жасайды. ТжКБ бойынша құрылған Кеңестер бүкіл ел бойынша кадрлық мәселелер бойынша негізгі шешімдер қабылдайды.

Салалар мен аймақтар деңгейінде кадрларды даярлау мәселелерін шешу үшін әкімдіктер жанындағы 16 аймақтық кеңестер мен орталық мемлекеттік органдар жанындағы салалық кеңестер құрылды. Сонымен бірге олардың қызметі негізінен техникалық білім беру саласына әсер етеді [6].

Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді талдау, ӛкінішке орай, қолданыстағы заңнамада қолданбалы педагогикалық бакалавр дәрежесін енгізу процесін толық реттемейді деген қорытынды

жасауға мүмкіндік береді. Зерттеушілер атап ӛткендей, қолданбалы педагогикалық бакалавр дәрежесін анықтайтын нормативтік құқықтық актілер жоқ, оқу процесін ұйымдастыру мен жоспарлау ережелері анықталмаған. Сонымен қатар, кәсіптер мен мамандықтар жіктеуіші бакалаврдың қолданбалы деңгейінің біліктілігін анықтамайды, сонымен қатар жұмыс берушілермен ӛзара әрекеттесу механизмдерін кӛрсетпейді [6].

Ең алдымен, қолданбалы педагогикалық бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын толық енгізу үшін, сондай -ақ олардың табысты жұмыс істеуі үшін бұл мәселені заңнамалық деңгейде шешу қажет, атап айтқанда, оның тиімді құқықтық қызмет етуін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді енгізу және бекіту.

Сипаттау әдісі қолданыла отырып, зерттеудің теориялық негіздерін анықтау мақсатында ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды.

Педагогикалық тәжірибеде бакалавриаттың қолданбалы білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен енгізудің теориялық негіздерін анықтау мен сипаттау үшін, ең алдымен, мамандарды даярлаудағы еңбек нарығының қазіргі талаптарын ескере отырып, олардың Қазақстанда және шетелдік кәсіптік білім беру ұйымдарында құру тәжірибесіне талдаудың сипаттамасын жасадық. [9].

Шетелде қолданбалы бакалавр дәрежесін әзірлеу мен енгізу бойынша жұмыс қарқыны 20 ғасырдың екінші жартысында басталды. Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізу қажеттілігі халықаралық интеграция жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың инновациялық моделін құру мақсатымен байланысты. Сонымен, Еуропада қолданбалы бакалавриат бағдарламалары негізінен кәсіптік колледждерде (Ұлыбритания, «Fachhochschulen» - Германия), мемлекеттік колледждерде (Норвегия), политехникумдарда (Финляндия), техникалық колледждерде («KOSEN» - Жапония) және басқа да осыған ұқсас оқу орындарында таратылады [10].

Алайда, ғылыми басылымдар мен әдебиеттерде түрлі елдер кәсіптік білім беруді ұйымдастыру бойынша қолданатын терминологияда біркелкілік жоқ.

Бұл бағдарламаларды құрудың ӛзектілігі, бір жағынан, жұмыс күшінің жетіспеушілігі мәселесімен, екінші жағынан, экономиканы нығайту қажеттілігімен байланысты.

Қолданбалы бакалавриат бағдарламалары «білім беру», «құқық қорғау қызметі», «денсаулық сақтау» (әсіресе «мейірбике ісі»), «мемлекеттік қызмет» сияқты бағыттар мен профильдерде жүзеге асырылады [11].

Ағылшын тілінде «қолданбалы бакалавриат» - бұл техникалық және кәсіптік оқу орындарының деңгейіне сәйкес келетін тӛрт семестрлік кәсіби оқу бағдарламасын беретін орта білімнен кейінгі ТжКБ курстары(Post-secondary VET Courses) [12].

БҰҰ бойынша кәсіптік білім берудің мақсаты - белгілі бір кәсіпте немесе кәсіптер тобында жұмысқа орналасу үшін қажетті біліктіліктің бірінші деңгейіне жету [13]. Демек, қолданбалы бакалавриат бағдарламаларының негізгі міндеті - тәжірибеге бағдарланған жұмысшыларды технологияларды (оның ішінде инновациялық) және технологиялық процестерді енгізуге, бейімдеуге, оңтайландыруға байланысты қызметке дайындау.

Финляндияда политехникумдарды біріктіру арқылы қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізу үшін 250 орта кәсіптік білім беру мекемесі (бұдан әрі - ОКБ) реформаланды және қайта құрылды. 1991 жылы кәсіптік мектептерден 22 «уақытша»

политехникумдарды құру бойынша эксперименттік жоба іске қосылды, бұл кәсіптік білім беру жүйесінің күйреуіне және 1996 жылы эксперименттің сәтті аяқталуына әкелді [14].

Францияда қолданбалы немесе кәсіби бакалавриат бағдарламалары орта кәсіптік білім беру мекемелерінде - лицейлерде жүзеге асады [15]. Лицей орта білімнің екінші кезеңіне сәйкес келеді, білім беру жалпы 3 жылға созылады. Лицейлер үш түрге бӛлінеді: жалпы, технологиялық және кәсіптік.

Француз университеттері 2008 жылы бакалавриаттың қолданбалы 1438 мамандығы бойынша бағдарламалар жасады. Олар ӛндірісте, ӛңдеу ӛнеркәсібінде және қызмет кӛрсету

саласында сұранысқа ие мамандықтарға сәйкес келетін 46 мемлекеттік бағытқа біріктірілді [16]. Қолданбалы бакалавриат бағдарламалары міндетті пәндер мен факультативті пәндерден тұрады, ал студенттің ӛзі жеке оқу жоспарын жасайды. Емтихан түріндегі қорытынды аттестаттау дәріс курсы аяқталғаннан кейін бірден және негізінен жазбаша түрде жүргізіледі.

Әдетте, білім 20 балдық жүйе бойынша бағаланады [16].

Ұлыбританияда қолданбалы бакалавр дәрежесін ӛндірісті және жұмыспен қамту орталықтарындағы мектептерді, колледждерді, оқу орталықтарын, институттарды біріктіретін кәсіптік білім беру жүйесінде (Further education) алуға болады [17].

Қолданбалы бакалавриат Ресейде теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар практикалық жұмыс дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларын қамтиды [18]. Қолданбалы бакалавриаттың мақсаты - студенттерге оқу бітіргеннен кейін алдын ала тәжірибеден ӛтпей-ақ жұмысқа кірісуге мүмкіндік беру. Оқу курсын аяқтағаннан кейін дипломмен қатар тиісті жұмысшы мамандығына біліктілік санаты беріледі.

Студенттерді қолданбалы бакалавриат бағдарламасына қызықтыратын маңызды сәт - мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Қолданбалы бакалавриат бағдарламасында оқу кезінде студент академиялық оқудағы негізгі бӛлікті үйренеді, алайда тәжірибеге кӛбірек бағытталады.

Қолданбалы бакалавриат бағдарламалары бойынша оқитын студенттер тӛрт жылдық оқу циклін аяқтамай, екінші курстан кейін орта кәсіптік білім туралы диплом ала алады. Олар жоғары кәсіптік білім (бұдан әрі - ЖКБ) бағытында оқуға түсе алады, екі жылдан соң АКБ дипломын алып, университетте оқуын аяқтай алады. Сонымен бірге Ресейдегі қолданбалы бакалавриат бағдарламасы тек күндізгі білім беруді қамтамасыз етеді [18].

Әдетте, бакалавриаттың қолданбалы бағдарламасы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандығы мен біліктілігі бойынша негізгі және кәсіби құзыреттіліктерді анықтауды қарастыратын құзыреттілікке негізделген тәсілге негізделген [19].

Осылайша, әлемдік тәжірибелік талдау кӛрсеткендей, қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асыратын елдердің кӛпшілігінде ұзақ уақыт бойы қолданбалы бакалавр біліктілігі ұлттық біліктілік жүйесінде маңызды орынға ие.

Қолданбалы бакалавриатқа арналған білім беру бағдарламалары (бұдан әрі - ОПРБ) жұмыс берушілердің бастамасы бойынша құрылады, еңбек нарығындағы жағдайға байланысты және олардың мақсатты бағдарымен, оқу нәтижелерін бағалаудың мақсаттары мен критерийлерімен ерекшеленеді.

Қолданбалы бакалавриатқа арналған білім беру бағдарламалары (бұдан әрі - ҚБББ) жұмыс берушілердің бастамасы бойынша құрылады, еңбек нарығындағы жағдайға байланысты және олардың мақсатты бағдарымен, оқу нәтижелерін бағалаудың мақсаттары мен критерийлерімен ерекшеленеді.

ҚБББ бойынша оқыту ұзақтығы мамандыққа, оқу процесінің ерекшеліктеріне және жұмыс берушілердің талаптарына байланысты белгіленеді және әдетте екі жылдан тӛрт жылға дейін созылады.

Біздің ойымызша, әр түрлі елдердің мысалында бакалавриаттың қолданбалы білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесін қолдану қазіргі Қазақстанның білім беру жүйесінде бұл бағдарламалардың табысты дамуы мен енгізілуіне ықпал етеді.

Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжде әлеуметтік-педагогикалық (бақылау, мұғалімдермен әңгіме) және эксперименттік әдістер қолданылды, аталмыш ұжым кәсіби құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін инновациялық педагогикалық технологияларды тәжірибеде сынақтан ӛткізуде.

Қолданбалы бакалавриатқа арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу мақсатында эксперименттік әдіс қолданылды, тәжірибелік-іздену жұмыстары жүргізілді, Торайғыров университеті мен колледж арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды, педагогикалық

экспериментті ұйымдастыру мен ӛткізу мәселелері қаралды, педагогикалық экспериментті енгізу бойынша жұмыс жалғастырылды.

Нәтижелер. Үздіксіз білім беру принциптерін тәжірибеде қолдануға ұмтылыстың бірі Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжі базасында қысқа мерзімде сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мүмкіндік беретін қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын құру мен енгізу бойынша педагогикалық эксперимент жүргізу болды.

2018-2021 жылдарға арналған эксперименттік бағдарлама қолданбалы бакалавр білім беру бағдарламаларын тәжірибеден ӛткізу мақсатында жүзеге асырылды, колледж бен жұмыс берушілер арасындағы ӛзара қарым-қатынас, сондай-ақ еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыру және түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

Осылайша, «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»

мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде білім берудің тиісті біліктілікке сәйкес интеграциясы ескерілді, ол мыналарды қарастырады: белгіленген және жетілдірілген деңгейлерді тағайындау. «бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігіне сәйкес деңгей; қолданбалы бакалавр біліктілігін беру. Біріктірілген білім беру бағдарламалары модульдердің бірыңғай базасының арқасында оқу мерзімін қысқартады. Осылайша, колледж студенттері оқу үрдісінде бір мамандық бойынша бірнеше біліктілікті (жұмыс біліктілігі, орта буын маманы біліктілігі, қолданбалы бакалавр біліктілігі) игере алады.

Эксперимент Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 305 «Эксперименттік режимде білім беруде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары ұйымдарда қолданбалы бакалавр дәрежесін енгізу туралы»

бұйрығы негізінде бастау алған болатын, оған сәйкес Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінде қолданбалы бакалавриатты эксперименталды түрде енгізу қажет болды.

Эксперименттік бағдарлама «Талап» КЕАҚ (бұрынғы «Кәсіпқор Холдингі» КЕАҚ) жасаған әдістемелік ұсыныстар негізінде құрастырылды [20].

Колледж базасында қолданбалы бакалавриаттың жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу құқығына конкурстық іріктеуге қатысуға берілген ӛтінім негізінде облыстың білім басқармасының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінде қолданбалы бакалавр дәрежесін енгізу үшін, оның құрамына білім басқармасы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, колледж, Павлодар қаласының №9, №25, №28 орта мектептерінің әлеуметтік серіктестері кіреді, Павлодар қаласының №35 және №38, №120, №121, №122 мектепке дейінгі білім беру мекемелері енген болатын.

Жұмыс тобы «Бастауыш білім», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандықтары бойынша эксперименттік бағдарламалардың жобаларын әзірледі.

2021 жылы «ҚР ТжКБ ұйымдары үшін қолданбалы бакалавриат бойынша білім беру бағдарламаларын жобалаудың теориялық және әдістемелік негіздері» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асыру шеңберінде ҚР Білім Министрлігінің гранттық қаржыландыру арқылы Б.Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледж бен Торайғыров университеті арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Осы келісімге сәйкес, педагогикалық мамандықтар бойынша практикалық оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «Бастауыш білім» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын құру бойынша педагогикалық эксперимент жалғастырылды.

Эксперименттік бағдарламаларды құру бойынша жұмыс 2018 жылдан бастап жұмыс оқу бағдарламаларына (ЖОБ) сүйене отырып жүргізілуде, бұл үшін орта техникалық білімге арналған бұрын тізбекті, дәстүрлі технологиялар негізінді қызмет атқарған типтік оқу бағдарламалары (TОБ) кредиттік-модульдік технологияларға орай жасақталды. Олар

In document ХАБАРШЫ (бет 37-50)