• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

САЯСИ МАРКЕТИНГ: МƏНІ ЖƏНЕ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

In document PDF Известия N E W S (бет 83-90)

N E W S

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES

ISSN 2224-5294

Volume 5, Number 309 (2016), 83 – 89

M. O. Nassimov

University «Bolashak», Kyzylorda, Kazakhstan E-mail: [email protected]

84

қызметін атқаратын маркетинг құралдарын пайдаланудың маңыздылығы жоғары. Бүгінде маркетинг салалары кеңейіп, əлеуметтік, мəдени, білім беру, діни, идеялар маркетингі секілді т.б.

ұғымдар ғылыми терминологияға енуде. Саяси маркетинг нарықтық механизмдерге тез бейімделетін, қоғамдық пікірді анықтауда рөлі зор маркетинг жүйесінің құрамдас бөлігі.

Қоғамдық өмірдің саяси басқару саласында маркетинг механизмдерін пайдалану қажетті жетістіктерге əкеледі. Саяси басқарудағы қоғамдық пікірді пайдалану үрдісі саяси маркетинг мүмкіндіктерін тиімді қолданумен байланысты. Сондықтан мемлекеттік органдар, үкіметтік емес жəне қоғамдық ұйымдар, партиялар саяси бəсекелестік орнаған қимылдар жүргізу барысында саяси маркетинг қағидаларын қатаң ұстануы қажет. Себебі, маркетинг өкілдік демократияны қамтамасыз етудің жаңа технологиясы болып табылады. Саясатқа маркетингтік көзқараспен қарау саяси процестерге қатысушылар арасындағы жаңа құндылықтарға негізделген өзара қатынастарды реттейді.

Классикалық маркетингте нарықтық қатынастардағы тұтынушылардың тауар мен қызмет көрсету түрлеріне қажеттіліктері айқындалады. Саяси маркетингте саяси нарық субъектілері мен объектілері қажеттіліктерінің көрінісі ретінде қоғамдық пікірдің қалыптасуы зерттеледі. Саяси өнім ретінде экономикалық, əлеуметтік-саяси, идеялар, бағдарламалар, мемлекеттік саясат, түрлі деңгейдегі ұйымдардың имиджі қарастырылады.

Саяси маркетингтің теориялық-əдістемелік негізін қалыптастыруда келесі пəнаралық кешендер маңызды рөл атқарады: саяси ғылымдар кешені (жалпы саясаттану, қолданбалы теориялар, саяси зерттеулер əдістері); байланыстарды зерттейтін пəндер кешені (тұлғааралық, бұқаралық жəне т.б.); маркетинг (жалпы теориясы, салалық теориялар, зерттеу əдістері жүйесі, технологиялар жүйесі); менеджмент мəселелерін зерттейтін ғылымдар кешені; психологиялық пəндер кешені (əлеуметтік психология, когнитивтік психология жəне т.б.); əлеуметтану (теориялық, қолданбалы); семиотика (жалпы семиотика, аңыздар семиотикасы, билік семиотикасы жəне т.б.); лингвистика (əлеуметтік лингвистика, саяси лингвистика).

Зерттеу тақырыбына байланысты жазылған ғылыми əдебиеттерге шолу жасасақ. Батыс зерттеушілері арасында саяси маркетингтің теориялық-əдістемелік өзігін қалыптастыруда М. Бонгран, Ф. Котлер, Д. Линдон, А. Локк, Г. Маузер, Б. Ньюман, Д. Ринг, А. Рэнни, А. Сэкман, Д. Фаррель, П. Харрис еңбектері маңызды рөл атқарады.

Саяси қызмет көрсету саласындағы нарықтық əдістің іргесін американдық экономист К. Эрроу (K. Arrow) [1] қалады. Ол өз еңбегінде индивидтің тұлғалық құндылықтарын нарық жүйесінде қолдану идеясын ұсынды. Ф. Котлер (P. Kotler) жəне С.Дж. Леви (S.J. Levy) [2] зерттеулерінде маркетинг ұғымын əлеуметтік жəне саяси санаға тарату қажеттіліктері баяндалды. Нəтижесінде бұл ұсыныс маркетинг теориясы мен тəжірибесінде үстемдігін танытты [3]. С. Хеннеберг саяси маркетинг ұғымын əзірлеу жəне жүйелеуге көп еңбек сіңірді. Оның Н.Дж. О'Шоннесимен (Nicholas J. O'Shaughnessy) бірлескен еңбегінде саяси маркетингтің американдық саяси ғылымдардағы негізгі жетістіктері баяндалады [4].

Батыстық зерттеушілер арасында Д.П. Баннон (D.P. Bannon) [5] Б.Р. Гордон (B.R.

Gordon), М.Дж. Ловетт (M.J. Lovett), Р. Шахар (R. Shachar), К. Арцино (K. Arceneaux), С. Мурти (S. Moorthy), М. Перес (M. Peress), А. Рао (A. Rao), С. Сен (S. Sen), Д. Соберман (D. Soberman), О.

Урминский (O. Urminsky) [6], Дж. Лис-Маршмент (J. Lees-Marshment) [7], Р.П. Ормрод (R.P.

Ormrod) [8], Э. Саутед (E. Sautedé) [9], М. Скаммел (M. Scammell) [10] еңбектерінің теориялық маңызы жоғары.

Көрші ресейлік авторлар қатарынан А.Ю. Волчков, Н.А. Рокотянская [11], А.М. Гугнин, Г.

Осташ, А.В. Разин [12], Ф.Н. Ильясов [13], М.М. Кисляков [14], П.А. Ксенз [15], Е.Г. Морозова [16], И. Недяк [17] сынды т.б. ғалымдар еңбектерін ерекше атап өтуімізге болады.

Отандық зерттеулер арасынан саяси маркетингке байланысты еңбектерді Р.Б. Əбсаттаров [18], С.Ж. Досанова [19], С.И. Манапова [20], Ф. Марданов [21], М.М. Мұхтаров [22] т.б. ғалымдар арнады.

Əдіснама. Саяси ғылымдардың теориялық зерттеулері, жүйелік тəсіл, салыстырмалы талдау, контент-талдау мен жиынтықтау əдістері зерттеудің əдістемелік негізі болып табылады. Зерттеу жұмысының эмпирикалық қорын шет елдік жəне отандық ғалымдардың саяси маркетингті зерттеу мəселесіне байланысты еңбектер құрайды.

Нəтижелер мен талқылау. Зерттеу нысанының терминологиялық жəне түсініктік аппаратына назар аударалық. Мəселен, Ф. Котлер (F. Kotler) жəне С. Леви (S. Levi) саяси маркетингтің мақсаты ретінде қоғамдық-саяси жəне діни ұйымдар, мемлекеттік мекемелердің мұқтаждықтары мен ұсыныстарын қанағаттандыру деп санайды [23].

Американдық экономист əрі саясаттанушы Г. Маузер саяси маркетингті «бұқара санасына əсер ету технологиясы» ретінде қарастырады жəне ықпал жасаудың екі негізгі түрін көрсетеді:

адамдардың мінез-құлқын өзгертуді мақсат тұтатын «уағызшыл байланыс» (мысалы: жарнама);

тауарлар мен қызмет түрлерін сатушылардың тұтынушылар мінез-құлқы үлгілеріне икемдейтін

«бейімделген ұсыныстар» (тауарды жеңіл табуға болатын аймақта орналастыру) [24].

Д. Линдон саяси маркетингке келесі анықтама береді: «... – бұл саяси ұйымдар мен көпшілік биліктің міндеттері мен бағдарламаларын айқындап, азаматтар мінез-құлқына ықпал етуге қолданатын теориялар мен əдістер жиынтығы [25]. Сонымен қатар, ол электоралдық маркетингті саяси маркетинг бөлімі ретінде қарастырады.

Ресей саяси технологы Ф.Н. Ильясов саяси маркетингты жүзеге асыруға түрлі сала өкілдері қатысатын ерекше əлеуметтік технология деп атап көрсетеді. Олардың қатарына саяси кеңесшілер, саясаттанушылар, əлеуметтанушылар, психологтар, жарнамашылар, қоғаммен байланыс мамандары, журналистер, копирайтерлер, креаторлар, режиссерлер, операторлар, суретке түсірушілер, суретшілер, дизайнерлер, сахналық шеберлік, əртістікке бейім мамандар жатады [13, 10-11 бб.].

А.Е. Спасский саяси маркетингтің орталық нысандары саяси айырбас, саудаластық, таңдау, жылжыту жəне басқару қатынастарын биліктің өзегі деп есептейді. Билікті иелену жəне бөлу процесіндегі саяси өнімді жылжыту, тарату жəне айырбастау қатынастарын саяси маркетингтің пəні ретінде атайды [26].

Украиндық ғалымдар саяси маркетингті «билік нарығында жинақталған ақпаратты зерттеуге негізделген кешенді əдістер, құралдар, технологияларды пайдалану арқылы саяси нарықты реттейтін тұжырымдама, арнайы теория; қоғамдық санаға ықпал жасауды жобалау мен реттеудің саяси-инженерлік қызметі; саяси қызмет міндеттері процесіндегі арнайы дайындалған маркетингтік шараларды жүзеге асыру» [27], - деп айқындайды.

Тақырып бойынша талдауларға сəйкес, классикалық жəне саяси маркетингтің кешенді зерттеулері алты кезеңдерден тұрады:

- саяси нарық, оның ішінде, саяси тауар, тұтынушылар, саяси өнімді өндірушілер өлшемдерін, ортасын зерттеу, жарнама мен пиар тиімділігін айқындау;

- саяси ақпарат (тек қоғамдық пікірді анықтау жолымен алынған нəтижелер емес) жиынтықталатын саяси маркетингтік ақпараттар жүйесі қызметін құру жəне қамтамасыз ету;

- саяси нарық ахуалын бағалау жəне оның дамуын болжау;

- саяси-инженерлік қызмет – саяси қызметті жүзеге асыруға бағытталған түрлі бағдарламалар, жобалар, технологиялар əзірлеу;

- саяси пиар, саяси жарнама əдістерін, саяси тауарды жылжыту технологиялары секілді саяси маркетингтік байланыстарды пайдалану;

- саяси өнімді жылжыту бойынша барлық шараларды жоспарлау жəне бақылау, саяси маркетингты басқару [27, 20-21 бб.].

Көптеген ғылыми зерттеулерде саяси маркетинг қағидаларының сайлау науқанын ұйымдастырумен байланыстырған еңбектер жетерлік. Дегенмен, оның қағидаларының қызметі қазіргі заманғы қоғамның барлық саяси үдерістерінде жүзеге асырылады: кез келген саяси науқан ұйымдастыру; саяси үгіт-насихат жүргізу, саясаткерлер имиджі жəне саяси партиялар брендтерімен жұмыс жасау; барлық бұқаралық ақпарат құралдарының тиімді қызметін қамтамасыз ету; саяси арнайы оқиғаларды əзірлеу жəне ұйымдастыру, саяси имиджмейкинг.

Саяси науқан - бұл қоғамдағы билік құрылымын өзгерту, саяси өкілеттіліктерді қайта бөлу, билік органдарын қалыптастыру, ұлттық басымдықтарға жету секілді мақсаттарға арналған қимылдар жүйесі. Саяси науқан ұжымдық қимылдардың жүйесі болғандықтан ұсынылған мəселені қолдаушылар саны көп болуы тиіс. Қоғам мүшелерінің қолдауы азаматтардың өз міндеттерін орындау тұрақтылығынан көрінеді. Саяси науқан тек сайлау науқанында қызу жүрмеуі қажет, ол қоғамдық өмірде жанама түрде халық назарын аудартпай жүзеге асқанын дұрыс санаймыз.

86

Қоғамдық өмірдегі құндылықтарды науқаншылдықпен насихаттауға да болмайды.

Технологияларды халық сұранысына қарай жүргізіп, беріліп отырған мəселенің құрамдас бөлігін түсіндіру арқылы жанама ықпал ету тұстарына ерекше мəн берілуі қажет. Бұл тұста, мемлекеттік бағдарламаларды халық санасында қалыптастырудың кезеңдік сəттерін маркетингтік əдістерді қолданумен айқындалғаны тиімділігін көрсетеді.

Саясаткерлер имиджі мен саяси партиялар брендтерімен жұмыс жасау барысында саяси үгіт-насихаттың жарнама, пиар технологиялары пайдаланылады. Саясаткерлер мен саяси партиялар өз имиджімен тек сайлау науқандарында айналысатындықтары баршамызға мəлім.

Дегенмен, саясатта өз құндылықтарын халық санасында қалыптастырып, өз орнын сақтап қалу үшін үнемі имиджбен айналысу қажет.

Өз бейнесін халық арасында таратуда жанама əдістерге ерекше мəн беру керек. Бұқаралық ақпарат құралдарында үзбей жағымды əрі мазмұнды деректерге толы мəліметтер ұсынылуына басымдықтар берілгенін дұрыс көреміз. Түрлі деңгейдегі іс-шараларға, конференциялар мен дөңгелек үстелдерге, пікірталастар мен пікір алмасу алаңдарына қатысып, өз ұстанымдарын көрсетіп отыру танымалдылықты арттырады. Бұқара халық шаршаған саяси акциялардан бас тартып, сұранысқа сай жаңаша үлгідегі шараларға талдау жүргізіп отыру қажет.

Бүгінгі заманның негізгі көрсеткіші ретінде ақпараттық саланың нық дамуы саналады.

Заманауи ақпарат технологияларының күнделікті бір қалыпта тұрмай өзгеруі адамзат санасына ықпал жасауда. Сондықтан адамзаттың эволюциялық дамуын жаңа технологияларды қоғам мүшелерінің игеруі тұрғысынан қарастыруға болады. Адамзатты киберəлеуметтендіру үдерісі қалыптасып, əлемдік өркениет тарихында Жер планетасы тұрғындарын біз байқай бермейтін жаңа əлеуметтік- психологиялық, саяси-философиялық құндылықтарды сіңдірудің алғы- шарттары жүзеге асып жатыр. Адам қарым-қатынас мəдениетінің өкілі болғандықтан кез келген ақпараттық құрылғыға тəуелділігінен арыла алмайды. Өз заманында радио мен теледидар өркениет тарихында бір сілкініс тудырса, бүгінгі таңдағы Интернет жəне оны пайдаланудың түрлі мүмкіндіктері толықтай электронды бағыныштылыққа апарды [28].

Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарындағы, интернет, əсіресе əлеуметтік желілердегі маркетинг назардан тыс қалмағаны жөн. Елімізде бұл олқылықтардың бар екендігі соңғы оқиғалар көрсетіп отыр. Билік əлеуметтік желілердің қоғамдағы орнын білгенімен, бақылауға қауқарсыздығын танытты. Осы себептерге байланысты 2016 жылы жаңа Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі құрылды [29].

Саяси маркетингте арнайы оқиғаларды əзірлеу жəне ұйымдастыру үшін терең зерттеулер жүргізіледі. Мұндай шаралар ұйымдастырушылардың басты қателігі - арнайы оқиғаның мерекелік даталармен тұспа-тұс келуінде деген пікірдеміз. Мəселен, соғыс ардагерлеріне Жеңіс күні, əйелдер қауымына Халықаралық əйелдер күнінде, сала мамандарының үздіктеріне кəсіби мерекелерде мəн беріледі. Бұл стеротиптен арылып, олардың қоғамға қажеттілігін күнделікті назардан тыс шығармағанымыз жөн.

Бүгінде аз қамтамасыз етілген жандарға да мəн беріліп, түрлі деңгейдегі акциялар ұйымдастырылып жатқандығын байқаймыз. Бұл іс-шаралар материалдық жəне экономикалық көмек берумен шектеледі. Садақа секілді өткізілетін шара ұйымдастырмас бұрын, олардың алдағы уақытта мемлекеттік көмекке мұқтаждығын қайтадан тудырмас үшін табыс табуға ұмтылдыратын мүмкіндіктер жағын қарастырған жөн деп ойлаймыз.

Саяси нарықтағы өзара байланыстардың негізі болып саяси имидж саналады. Ол саяси тауардың нақтыланған бейнесін жасайды жəне оның ақпараттық кеңістіктегі мызғымастығын қамтамасыз етуге тырысады. Ғалымдардың басым бөлігі имиджді саяси-психологияның категориясы деп қарастыра келе, оның ажырамас екі бөлігін көрсетеді: коммуникативтік- ақпараттық жəне əлеуметтік-психологиялық [30]. Осы қағидаларға сəйкес, саяси имиджмейкинг аталмыш теорияларға сүйенеді.

Кез келген бейнені жасау орын алпы жатқан саяси үдеріс жағдайымен ұштасуы керек. Бұл дағдарыстық жағдайлар орын алғанда қиынға соғуы мүмкін. Имидж жасалатын тұлға халық арасында сенімділік иеленуі үшін ақпаратты кім тарататындығы, оның таралуы мерзімі мен қолданылатын ресурстарды айқындап алған жөн. Саяс имаркетингтегі сəтті имиджді жасаудың негізгі шарттары мына себептермен тығыз байланысты: азаматтың жеке сипаттамалық белгілері

(жынысы, қызметі, мінезі, əлеуметтік жағдайы); саяси қызметі; оны қолдаудың техникалық құралдары (теледидар, Интергет)

Жоғарыда аталып өткен саяси маркетинг қағидалары сала мамандарының қызу жұмыс жүргізгенін қалайды. Маркетингтік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында саяси ғылымдардың қолданбалы əдістерін пайдалану өз тиімді нəтижесін береді.

Тақырып бойынша жазылған ғылыми еңбектерді саралай отырып, саяси маркетинг əдістерін жүзеге асыру барысында төмендегідей жəйттерге мəн берілгенін дұрыс санаймыз:

- саяси нарық ахуалы мен өзгерістерін болжау. Саяси нарықты қолдаушылар мен қарсыластарды анықтау. Тұтынушылар басымдық беретін жəне немқұрайлы қарайтын мəселелерге назар аудару;

- тұрғындардың əлеуметтік-демографиялық, психологиялық, антропологиялық сипаттамалық белгілеріне қарай тұтынушыларды сыныптау. Халық пен билік арасындағы кері байланыс, диалог, келіссөздер барысын тұрақты түрде талқыға салу;

- ұсынылып отырған тауардың маңызды белгілерін айқындау. Саяси өнім маңыздылығы мен ерекшеліктерін бақылау, тұтынушылар талаптарын ескеру;

- тауарды бекіту жəне мақсатты аудиторияны айқындау. Түрлі тұтынушылардың қажеттіліктеріне əзірленген партиялар мен саясаткерлердің саяси бағдарламаларын бағалау;

- əзірленген жобаның тиімділігін жəне болжамдық ұсыныстарды бақылау.

Қорытынды. Ғылыми мақалада қоғамның жаңғыртылуы мен дамуындағы саяси маркетингтің негізгі қызметтері айқындалды. Саяси маркетинг түсінігі қоғамдық даму стратегиясы, саяси теория жəне технологияларды біріктіруші ұғым ретінде қабылданды.

Қорыта айтқанда, саяси нарықта тауар ретінде саясаткер емес, саяси қызмет ұсынылатынын ұмытпағанымыз абзал. Саясаткер қоғам жəне оның институттарына саяси қызмет көрсетеді. Ол нақты əлеуметтік топ, саяси нарық өкілдерінің саяси мүддесін қорғайды, саяси шешімдерді əзірлеу, қабылдау жəне жүзеге асыру үдерістеріне қатысады, мемлекет, саяси партиялар, билік институттарының бейнесін жасауға жəрдемдеседі.

Саяси қызмет көрсету нарығында маркетинг мəдениетін жетілдіру қажет деп ойлаймыз.

Мемлекеттің маркетинг саясатының негізгі міндеттері қатарына саяси ақпараттың қолжетімділігі, оның ашықтығы, нарықтағы ахуалды үнемі бақылау, саяси қызмет көрсету нарығындағы азаматтардың талаптарын анықтау жатады. Саяси брендтерді қалыптастыру жəне дамыту саяси маркетингтің маңызды əрі өзекті міндеті болып табылады.

ƏДЕБИЕТ

[1] Arrow K. Social choice and individual values. - Yale University Press, 1963. - 124 p.

[2] Kotler P., Levy S.J. Broadening the concept of marketing // Journal of Marketing. - 1969. - №33. - pp. 10-15.

[3] Albrecht K., Zemke R. Service America! - N.Y.: Warner Books, 1990. - pp. 6-7.

[4] O'Shaughnessy N.J., Henneberg S. The Idea of Political Marketing. - Greenwood Publishing Group, 2002. - 258 p.

[5] Bannon D.P. Relationship Marketing and the Political Process // Journal of Political Marketing. - 2005. - №4(2). - рр.

85-102.

[6] Gordon B.R., Lovett M.J., Shachar R., Arceneaux K., Moorthy S., Peres М., Rao A., Sen S., Soberman D., Urminsky O.

Marketing and politics: Models, behavior, and policy implications // Marketing Letters. - 2012. - Vol. 23, No. 2, Special Issue on the 8th Triennial Invitational Choice Symposium: Key Largo, 2010. - pp. 391-403.

[7] Lees-Marshment J. The Political Marketing Revolution: Transforming the Government of the UK. - Manchester University Press, 2004. - 244 p.

[8] Ormrod R.P. Defining Political Marketing. - Management Working Papers. - Aarhus University, 2012-02. - 18 p.

[9] Sautedé E. Political Marketing in Latest Style // China Perspectives. - 1999. - No. 21. - pp. 38-41.

[10] Scammell M. Political Marketing: Lessons for Political Science // Political Studies. - 1999. - Volume 47, Issue 4. - pp.

718-739.

[11] Волчков А.Ю., Рокотянская Н.А. Политический маркетинг: политико-социологический аспект. - Магадан:

Ноосфера, 2012. - 218 с.

[12] Гугнин А.М., Осташ Г., Разин А.В. Политический маркетинг и его инструменты. - М., 2015. - 116 с.

[13] Ильясов Ф.Н. Политический маркетинг. Искусство и наука побеждать на выборах. - М.: ИМА-ПРЕСС, 2000. - 200 с.

[14] Кисляков М.М. Региональный политический маркетинг как объект политических исследований // Вестник Кемеровского государственного университета. - 2015. - №2. - Т. 2. - С. 60-63.

[15] Ксенз П.А. Развитие политического маркетинга: теория и практика // Теория и практика общественного развития. - 2015. - №6. - С. 95-97.

88

[16] Морозова Е.Г. Политический рынок и политический маркетинг: концепции, модели, технологии. - М.:

РОССПЭН, 1998. - 247 с.

[17] Недяк И. Политический маркетинг. Основы теории. - М.: Весь мир, 2008. - 352 с.

[18] Əбсаттаров Р.Б. Саяси маркетинг: теориялық талдау // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы. Əлеуметтану жəне саяси ғылымдар сериясы. – 2011. - №2. – 85-108 бб.

[19] Досанова С.Ж. Қазақстан Республикасының жаңаруы процесiндегi саяси маркетингтiң даму ерекшелiктерi //

ҚазҰУ хабаршысы. Саясаттану сериясы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. - 2005. - № 2. - 103-106 бб.

[20] Манапова С.И. Саяси маркетинг жəне саяси жарнама // Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң рухани-мəдени негiздерi атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдар жинағы. - Алматы, 2012. - 260-262 бб.

[21] Марданов Ф. Политический маркетинг в избирательном процессе // Вестник КазНПУ имени Абая. Серия социологические и политические науки. - 2010. - № 2. - С. 79-84.

[22] Мухтаров М.М. Политический маркетинг: концепция и технология // Высшая Школа Казахстана. - 2014. - № 1.

- С. 90-93.

[23] Котлер Ф., Леви С. Расширение концепции маркетинга // Классика маркетинга. - СПб.: Питер, 2001. - С. 63-74.

[24] Маузер Г. Современная буржуазная политическая наука. - М.: РАГС, 1979. – 251 с.

[25] Lindon D. Marketing politique et social. - P.: Dalloz, 1976. – P. 8.

[26] Спасский А.Е. Политический маркетинг как научная и учебная дисциплина // Политическая наука и государственная власть в Российской Федерации и Новых Независимых Государствах. - Екатеринбург: УрО РАН, 2004. - С. 471-478.

[27] Політичний маркетинг: сутність, функціі, проблеми використання / За ред. В.А. Полторака. – Дніпропетровськ, 2010. – С. 19.

[28] Насимов М.Ө. Интернет кеңістігіндегі киберəлеуметтендірудің өзекті мəселелері // Əл-Фараби. - 2016. - №1 (53). - 104-117 бб.

[29] Назарбаев поручил создать Министерство информации и коммуникаций. [Online] URL:

https://www.zakon.kz/4791573-nazarbaev-poruchil-sozdat-ministerstvo.html (May 5, 2016).

[30] Перелыгина Е.Б. Психология имиджа. - М., 2002. - С. 22.

REFERENCES

[1] Arrow K. Social choice and individual values. Yale University Press, 1963.124 p. (in Eng.).

[2] Kotler P., Levy S.J. Broadening the concept of marketing. Journal of Marketing, 1969, 33, 10-15(in Eng.).

[3] Albrecht K., Zemke R. Service America! N.Y.: Warner Books, 1990. pp. 6-7. (in Eng.).

[4] O'Shaughnessy N.J., Henneberg S. The Idea of Political Marketing. Greenwood Publishing Group, 2002. 258 p. (in Eng.).

[5] Bannon D.P. Relationship Marketing and the Political Process. Journal of Political Marketing, 2005, 4, 85-102 (in Eng.).

[6] Gordon B.R., Lovett M.J., Shachar R., Arceneaux K., Moorthy S., Peres М., Rao A., Sen S., Soberman D., Urminsky O.

Marketing and politics: Models, behavior, and policy implications. Marketing Letters, 2012, 23, Special Issue on the 8th Triennial Invitational Choice Symposium: Key Largo, 2010. 391-403 (in Eng.).

[7] Lees-Marshment J. The Political Marketing Revolution: Transforming the Government of the UK. Manchester University Press, 2004. 244 p. (in Eng.).

[8] Ormrod R.P. Defining Political Marketing. Management Working Papers. Aarhus University, 2012-02. 18 p. (in Eng.).

[9] Sautedé E. Political Marketing in Latest Style. China Perspectives, 1999, 21, 38-41(in Eng.).

[10] Scammell M. Political Marketing: Lessons for Political Science. Political Studies, 1999, 47(4), 718-739 (in Eng.).

[11] Volchkov A.Ju., Rokotjanskaja N.A. Politicheskij marketing: politiko-sociologicheskij aspekt. Magadan: Noosfera, 2012. 218 р. (in Russ.).

[12] Gugnin A.M., Ostash G., Razin A.V. Politicheskij marketing i ego instrumenty. M., 2015. 116 р. (in Russ.).

[13] Il'jasov F.N. Politicheskij marketing. Iskusstvo i nauka pobezhdat' na vyborah. M.: IMA-PRESS, 2000. 200 р. (in Russ.).

[14] Kisljakov M.M. Regional'nyj politicheskij marketing kak obekt politicheskih issledovanij. Vestnik Kemerovskogo gosudarstvennogo universiteta, 2015, 2, T. 2. 60-63 (in Russ.).

[15] Ksenz P.A. Razvitie politicheskogo marketinga: teorija i praktika. Teorija i praktika obshhestvennogo razvitija, 2015, 6, 95-97 (in Russ.).

[16] Morozova E.G. Politicheskij rynok i politicheskij marketing: koncepcii, modeli, tehnologii. M.: ROSSPJeN, 1998. 247 р. (in Russ.).

[17] Nedjak I. Politicheskij marketing. Osnovy teorii. M.: Ves' mir, 2008. 352 р. (in Russ.).

[18] Absattarov R.B. Sajasi marketing: teorijalyk taldau. Abaj atyndagy Kazah ulttyk pedagogikalyk universitetinin Habarshysy. Aleumettanu zhane sajasi gylymdar serijasy, 2011, 2, 85-108 (in Kaz.).

[19] Dosanova S.Zh. Kazahstan Respublikasynyn zhanaruy procesindegi sajasi marketingtin damu erekshelikteri. КazUU habarshysy. Sajasattanu serijasy. Filosofija serijasy. Madeniettanu serijasy, 2005, 2, 103-106 (in Kaz.).

[20] Manapova S.I. Sajasi marketing zhane sajasi zharnama. Kazahstan memlekettiliginin ruhani-madeni negizderi atty respublikalyk gylymi-teorijalyk konferencijasynyn materialdar zhinagy. Almaty, 2012, 260-262 (in Kaz.).

[21] Mardanov F. Politicheskij marketing v izbiratel'nom processe. Vestnik KazNPU imeni Abaja. Serija sociologicheskie i politicheskie nauki, 2010, 2, 79-84 (in Russ.).

[22] Muhtarov M.M. Politicheskij marketing: koncepcija i tehnologija. Vysshaja Shkola Kazahstana, 2014, 1, 90-93 (in Russ.).

[23] Kotler F., Levi S. Rasshirenie koncepcii marketinga. Klassika marketinga. SPb.: Piter, 2001. 63-74 (in Russ.).

[24] Mauzer G. Sovremennaja burzhuaznaja politicheskaja nauka. M.: RAGS, 1979. 251 р. (in Russ.).

[25] Lindon D. Marketing politique et social. P.: Dalloz, 1976. 8 (in Fre.).

[26] Spasskij A.E. Politicheskij marketing kak nauchnaja i uchebnaja disciplina. Politicheskaja nauka i gosudarstvennaja vlast' v Rossijskoj Federacii i Novyh Nezavisimyh Gosudarstvah. Ekaterinburg: UrO RAN, 2004. 471-478 (in Russ.).

[27] Polіtichnij marketing: sutnіst', funkcіі, problemi vikoristannja. Za red. V.A. Poltoraka. Dnіpropetrovs'k, 2010. 19 (in Ukr.).

[28] Nassimov M.O. Internet kenistigindegi kiberaleumettendirudin ozekti maseleleri. Al-Farabi, 2016, 1, 104-117 (in Kaz.).

[29] Nazarbaev poruchil sozdat' Ministerstvo informacii i kommunikacij. Online. URL: https://www.zakon.kz/4791573- nazarbaev-poruchil-sozdat-ministerstvo.html (May 5, 2016). (in Russ.).

[30] Perelygina E.B. Psihologija imidzha. M., 2002. 22 (in Russ.).

М.О. Насимов

Университет «Болашак», г. Кызылорда, Казахстан

ПОЛИТИЧЕСКИЙ МАРКЕТИНГ: СУЩНОСТЬ И ОСНОВНЫЕ ПРИНЦИПЫ

Ключевые слова: основные принципы политического маркетинга, политический рынок, политический товар, политический имидж, политические технологии.

Аннотация. Политическая жизнь современного мира, характеризующаяся быстрым развитием и широким применением политических технологии поставила вопрос об понятийном осмыслении такого рода процессов. Всем известно, политическая деятельность все более становится схожей с предпринимательской.

Политическая жизнь современности предполагает применение управленческих, маркетинговых, рекламных, информационных технологий, не только в избирательных кампаниях, а также по продвижению государст- венной политики.

Проблемы маркетинга, его сущности, основных функций и целевых установок начинают активно исследоваться с начала XX века в связи с возрастающей необходимостью изучения рынка, спроса и сбыта товаров и услуг, условий реализации производственных программ, постановки рекламы. В статье политический маркетинг рассматривается как специфический коммуникативный процесс, характеризую- щийся решением задач утверждения и последующего эффективного функционирования демократических форм правления и методами изучения и реализации условии политического рынка, настроения политических потребителей, степени их готовности поддержать программу действий государственной политики.

Объектом исследования является политический маркетинг. Предметом исследования выступают сущность и основные принципы политического маркетинга. Целью статьи является раскрытие понятия и сущности политического маркетинга и характеристика основных принципов. Автор дает некоторые рекомендации по данной проблеме.

90 N E W S

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES

ISSN 2224-5294

Volume 5, Number 309 (2016), 90 – 97

N. Kurmanov1, A. Rakhimbekova1, A. Makhatova2, U. Aliyev3

1Kazakh University of Economics, Finance and International Trade, Astana, Kazakhstan;

2University Narxos, Almaty, Kazakhstan;

3 Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan, Astana, Kazakhstan e-mail: [email protected]

HIGHER EDUCATION SYSTEM IN THE CONDITIONS OF

In document PDF Известия N E W S (бет 83-90)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР