• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫН АНЫҚТАУДЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ: ҚҰҚЫҚТЫҚ-ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

In document PDF Известия N E W S (бет 50-54)

50 N E W S

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES

ISSN 2224-5294

Volume 5, Number 309 (2016), 50 – 53

S.A. Sartayev1, M. ZH. Kalshabayeva2

1Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan, [email protected];

2Kazakh National Agricultural University, Almaty, Kazakhstan, [email protected]

Ғылыми ортада «сыбайлас жемқорлық» ұғымына көптеген анықтама беріліп, əр ғалым өзінше талдау жасап жатады.

Енді осы əлеуметтік кемшіліктің мемлекеттің дамуын қамтамасыз ету үшін тигізетін теріс əсері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында ресми деңгейде мойындалады. Қазақстан Рсепубликасының 2012 жылы 6 қаңтардағы №527-IV «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» [2] Заңында ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндердің қатарына

«мемлекеттік органдардың криминалдық құрылымдармен бірігуі, ұлттық мүдделердің қорғалу деңгеін төмендетуге алып келетін сыбайлас жемқорлық» жатқызылған. Қазақстан Республикасының 2011-2015 жж жемқорлыққа қарсы əрекет бойынша Салалық Бағдарламасында « сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғам тұрақтылығына қауіп төндіретін жəне халықаралық аренада Қазақстан Республикасының бейнесін (имиджін) негативті түрде көрсете отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық жəне əлеуметтік реформаларға кедергі келтіретін Қазақстан қауіпсіздігіне төніп тұрған жүйелі қауіп» [3] делінген.

Жалпы «сыбайлас жемқорлық» ұғымына қандай-да бір жалпылама анықтама жоқ. Тіпті көптеген мемлекеттерде жемқорлыққа нақты анықтама сəйкес нормативтік актілерде де берілмейді. Бұл проблемаға отандық жəне шетелдік мамандардың берер ғылыми теориялары мен көзқарастары елеулі түрде алшақ. Қазақстандық құқықтанушылар сыбайлас жемқорлықты заң жүзінде бекітілген талаптарға қайшы, қоғамға қауіпті құқық бұзушылық түрінде анықтайды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» [4] Заңына сəйкес сыбайлас жемқорлыққа мынадай түсінік беріледі: мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін жəне соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілетіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке жəне заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Ал енді Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық бойынша тəртіпаралық тобы «сыбайлас жемқорлық мемлекеттік немесе жеке сектордан белгілі-бір міндеттер орындау тапсырылған, мемлекеттік лауазымды тұлға, жеке қызметкер, тəуелсіз агент мəртебесі бойынша жүктелген міндеттерінің бұзылуына алып келетін, мақсаты өзі үшін кез-келген заңсыз пайда алу болып табылатын парақорлық мінез-құлық» деген анықтама береді.

БҰҰ Хатшылығының Ережесі бойынша сыбайлас жемқорлық ұғымы өзіне:

1) мемлекеттік меншікті лауазымды тұлғалардың ұрлауы, тонауы немесе иемденуі;

2) ресми мəртебені ресми емес жағдайларға пайдалану нəтижесінде жеке пайда алу үшін қызметтік жағдайын асыра пайдалану;

3) қоғамдық борыш пен жеке пайда арасындағы мүдделер келіспеушілігі сияқты түсініктерді қамтиды.

БҰҰ сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес туралы Анықтамалық құжатта: «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікті жеке мақсаттарда, жеке пайда алу үшін асыра пайдаланушылық»

деген қысқа да толық анықтама берілген.

Өз кезегінде батыс құқықтанушылары сыбайлас жемқорлық шеңберін саяси элитаның девиантты мінез-құлқының, яғни моральды жəне этикалық нормалардың бұзылуы деп қарастырады.

Америкалық саясаттанушы Джозеф С. Най сыбайлас жемқорлықты «жеке материалдық немесе мəртебелік мақсаттар əсерінен ресми міндеттерден ауытқу немесе немесе жеке əсерге қатысты тыйым салынған белгілі-бір ережелерді бұзатын мінез-құлық» [5, 12 б.] деп пайымдайды.

Ресейлік құқықтанушы С.В. Максимов бұл терминді «мемлекеттік, муниципалды немесе басқа да жария қызметкерлердің өз мəртебесін заңсыз қандай-да артықшылықтарды (мүлік, оған деген құқықтар, қызмет көрсету немесе жеңілдіктер, соның ішінде мүліктік емес игіліктер) немесе соңғысына осындай артықшылықтар көрсету үшін асыра пайдалану» [6, 8 б.] деп түсінеді.

Сыбайлас жемқорлық тарихын басқару аппаратының тарихы деп қарастыру қажет секілді.

Осынау əлеуметтік кемшілік, ауруға əлемнің саяси картасындағы басқару, құқықтық, мемлекеттік режимінің, орналасу нысанына қарамастан, барлық мемлекеттер мен өркениеттер шалдыққан.

52

Ал енді дəл осы əлеуметтік мəселенің қоғамда пайда болу, белең алуының себептерін қарастырсақ. Кейбір зерттеушілер сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін жеке тұлғаның мінез-құлқының психологиялық мотивтерімен, мысалы: эгоизм, ашкөздік, нəпсіні тыя алмаумен, төмен этикалық стандарттардың жайылу талаптарында шектейді. Алайда біздің көзқарасымыз бойынша бұл аурудың жазылмау себебі анағұрлым күрделі жəне жан-жақты, олар моральды- этикалық, институционалды сипатта көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлықтың басты себептері елдегі саяси тұрақсыздық, билік құрылымдарының тиімсіз əрекеттері, жетілдірілмеген заңнама, экономикалық күйзеліс, халықтың құқықтық санасының төмендігі, азаматтық қоғам институттарының əрекетсіздігі, қоғамда орнығып қалған демократиялық дəстүрлердің жоқтығы, заңнаманы қолдануда кезектілігі жоқ сот жүйесінің əлсіздігі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы амал-шараларды нормативті қамтамасыз ету – осы бір құқыққа қайшы құбылыспен тиімді күресуге қажетті талаптардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша бірқатар халықаралық құжаттар əрекет етеді. Мысалы:

29.06.1996 ж. Лионда 8 мемлекеттің Саяси топтарымен мақұлданған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылық бойынша аға сарапшылардың 32 Тобының ұсынысы; мемлекеттік лауазымды тұлғалардың жүріс-тұрысының халықаралық кодексі (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1996 12.12. 51/59 резолюциясы); Халықаралық операцияларда БҰҰ сыбайлас жемқорлық пен пара алу қылмыстарымен күрес бойынша Декларациясы; БҰҰ Бас Ассамблеясының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» резолюциясы (28.01.1997ж); 1997ж 21.11 экономикалық қауымдастық жəне даму ұйымының халықаралық коммерциялық мəмілелерде шет елдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларды сатып алумен күрес бойынша Конвенция; Еуропа Кеңесімен қабылданған сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық-құқықтық жəне азаматтық құқықтық жауапкершілік жөніндегі Конвенция (1999ж); БҰҰ Бас Ассамблеясының 2000 ж. 28.01 сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» атты 54/128 резолюциясы; БҰҰ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы Конвенциясы; БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ковенциясы (31.10.2003ж).

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің ауырлығына қарамастан, осынау əлеуметтік негативті құбылыспен күресу аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Əр мемлекетте сыбайлас жемқорлық денгейі əр түрлі, сондықтан да онымен күрес бағыттары да дұрыс таңдалған күрес саясатына қатысты болмақ. Соңғы уақытарда сыбайлас жемқорлық мəселесі мен онымен күресу жолдары теоретиктердің ғана емес, сондай-ақ тəжірибедегі мамандардың назарын көптеп аударуда.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес түрлі шаралар мен құраларды қамтитын кешенді іс қимылдарды қажет етеді.

Қазақстан Рсепубликасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың кең нормативтік базасы қызмет етеді. Осы саладағы ұлттық құқықтық жүйенің реформалануы мен жетілдірілу үдерісінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы Қазақстан Халқына «Нұрлы Жол – нұрлы болашаққа бастар жол» атты Жолдауын айта кету керек. Осы Жолдаудағы бағыттарды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін 2014 жылдың 11 қарашасында

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- əрекеттер 2015-2025 Бағдарламасы» [7] қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттің осы негативті құбылыспен күресі, оның құқықтық механизмдерін жетілдіру бойынша қабылдап жатқан бағдарламаларымен жүзеге асырылып жатқан мақсат, бағыттары толық іс жүзінде асырылса ғана тиімді болмақ.

ƏДЕБИЕТ

[1] Рейтинг стран мира по уровню восприятия коррупции // http://gtmarket.ru/ratings/corruption-perceptions-index/info [2] «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-ІV Заңы (2016.06.04. Берілген өзгерістер мен толықтырулармен)// http://online.zakon.kz/Document/?Do

[3] Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама//http://adilet.zan.k

[4] «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы 410-V Заңы (2016.06.04. Берілген өзгерістер мен толықтырулармен)// http://online.zakon.kz/Document/?D

[5] Nye J. Corruption and political development: a cost-benefit analysis // American Political Science. 1967. № 12 (61).

P.417. Цит. по: Мишин Г.К. Коррупция: понятие, сущность, меры ограничения. М., 1991. – 256 с.

[6] С.В. Максимов Коррупция. Закон. Ответственность. 2-е изд., перераб., и дополн. – М.,: ЗАО Юринфор, 2008. - 255 с.

[7] 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы// http://nurotan.kz/kz/2015- 2025-zhyldarga-arnalgan-sybaylas-zhemk

REFERENCES

[1] Reiting stran mira po urovnyu vosprijatija korrupcii // http://gtmarket.ru/ratings/corruption-perceptions-index/info [2] «Kazakstan Respublikasynyn ulttyk kauipsizdigi turaly» Kazakstan Respublikasynyn 2012 zhylgy 6 kantardagy № 527- ІV Zany (2016.06.04. Berіlgen ozgerіster men tolyktyrularmen)// http://online.zakon.kz/Document/?Do

[3] Kazakstan Respublikasyndagy sybailas zhemkorlykka karsy іs-kimyl zhonіndegі 2011 - 2015 zhyldarga arnalgan salalyk bagdarlama//http://adilet.zan.k

[4] «Sybajlas zhemkorlykka karsy іs-kimyl turaly» Kazakstan Respublikasynyn 2015 zhylgy 18 karashadagy № 410-V Zany (2016.06.04. Berіlgen ozgerіster men tolyktyrularmen)// http://online.zakon.kz/Document/?D

[5] Nye J. Corruption and political development: a cost-benefit analysis // American Political Science. 1967. № 12 (61).

P.417. Cit. po: Mishin G.K. Korrupcija: ponjatie, sushhnost', mery ogranichenija. M., 1991. – 256 s.

[6] S.V. Maksimov Korrupcija. Zakon. Otvetstvennost'. 2-e izd., pererab., i dopoln. – M.,: ZAO Jurinfor, 2008. - 255 s.

[7] 2015-2025 zhyldarga arnalgan sybajlas zhemkorlykka karsy іs-kimyl bagdarlamasy// http://nurotan.kz/kz/2015-2025- zhyldarga-arnalgan-sybaylas-zhemk

НЕКОТОРЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОПРЕДЕЛЕНИЯ КОРРУПЦИИ:

ТЕОРЕТИКО-ПРАВОВОЙ АНАЛИЗ С.А. Сартаев1, М.Ж. Қалшабаева2

1Казахский национальный университет им.əль-Фараби, город Алматы, Казахстан;

2Казахский национальный аграрный университет, город Алматы, Казахстан

Ключевые слова: коррупция, борьба с коррупцией, меры по предупреждению коррупции, причины коррупции.

Аннотация. В статье проведен теоретико-правовой анализ понятия и причин коррупции. Предложено авторское видение и рекомендации по исследуемой тематике.

Сведения об авторах:

Сартаев С.А. – заң ғылымдарының кандидаты, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жəне əкімшілік құқық кафедрасының доценті, Алматы қаласы, Қазақстан, [email protected];

Қалшабаева М.Ж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құқық кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы, Қазақстан, [email protected]

54 N E W S

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES

ISSN 2224-5294

Volume 5, Number 309 (2016), 54 – 58

N. B. Tаuyekelov

Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty [email protected]

ORDER OF FORMATION AND MANAGEMENT OF LOCAL

In document PDF Известия N E W S (бет 50-54)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР