142 N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 142 – 147 UDK 167/168 (5 К)
B.B.Zhaxina
SH.Ualikhanov Kokshetau State University. Kokshetau.
Автор мақалада оқушылардың өзіндік дербес ақыл ойларының дамуына теориялық ұғымдар жүйесі тірек болады деп есептейді. Ол үшін оқыту жүйесіне нақтылауды, зерттеп, зерделеуді қажет ететін ғылыми теориялық ұғымдар енгізілуі қажет деген ой түйеді.
Кілт сөздер: білім мазмұны, білім көлемі, тұлға, өзіндік дүниетаным, ұғым, мағына, дифференция, интеллектуалдық деңгей.
Адамзат өркениеті өз дамуының жаңа кезеңіне – білім беру прогрестің ең маңызды факторларының біріне саналатын кезеңге келіп жетті.
Білім берудің негізгі мақсаты – жеткіншек ұрпақтың өсіп-жетілуіне ықпал ету, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру.
Бұл қалыптасу жолы бүкілəлемдік цивилизацияның барлық жетістіктерін жəне қазақ халқының ең жоғарғы рухани əдет-ғұрпын сақтай отырып, тұлғаны өмір талабына сай жан-жақты дамыту. Бұл жолда əр тұлға өз ойын ортаға сала отырып, басқаның оң идеяларын қабылдай жүріп, азаматтық сана қалыптастырады. Тұлға білім алу – өзін-өзі тану үшін, білім алу – іс-əрекет жасау үшін, білім алу – білу үшін жəне білім алу – бірге өмір сүру үшін қажет екендігін ұғынады.
Осыған орай, енді оқушыны бағдарлама мен оқулықта белгілі көлемде жүйеленген білім мен біліктілік дағдыларымен ғана қаруландыру жеткіліксіз екендігі өздігінен-өзі туындап отыр.
Сондықтан білім берудің мазмұны мен көлемін анықтайтын тұлғаның іс-əрекеті болып табылады. Ғалым В.С.Ледневтің тəжірибесінде оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру арқылы білім мазмұнын анықтауға болатындығы сөз болады [1, 19]. Ал зерттеуші В.В.Краевскийдің педагогикалық теориясында жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру ұстанымы қарастырылған [2, 66]. Ол ұстанымдар (оқытудың мазмұндық бірлігі ұстанымы, жалпы білім берудің мазмұнын гуманитарландыру ұстанымы, т.т) білім берудің барлық элементтері мен барлық деңгейлерінде қоғамның, ғылым мен мəдениеттің жəне тұлғаның дамуымен сəйкес келеді. Ғалымның ойынша, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін дəстүрлі білім мен іскерлік дағды қоғамның əлеуметтік дамуын көрсететін білім беру мазмұнына енуі қажет. Ал білімнің мазмұны мен көлемі дұрыс айқындалмай, жеке тұлғаны дамыту мəселесі де дұрыс жолға қойылмайды. Əрі білім беру мазмұны мен көлемін нақтылауда қажетті оқыту ұстанымдары мен оқыту технологиялары да айқындалуы қажет. Себебі оқыту ұстанымдары мен оқыту үдерісі, оқушы тұлғасы мен педагогикалық іс-əрекет, оқу пəні мен оған жүйеленген теориялық тақырыптар білім беру мазмұнымен бірлікте қарастырылады.
Білім беру мазмұнының беріктілігі мен жүйелілігі оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Себебі білім беру мазмұны мен көлемінің компоненттері тұлғаның базалық білімімен байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес, шығармашылық əрекет белгілі бір білім мен іскерліктің негізінде қалыптасады. Əрі оқушы оқыту барысында белгілі бір білім көлеміне негізделген ғылыми білімдер жүйесін, тəжірибелік іс-əрекет дағдыны, сонымен қатар, дүниетанымдық, эстетикалық жəне адамгершілік идеяларды түсінуі қажет. Адамзаттық мəдениеттің барлық құрамын талдауға негізделмеген білім мазмұны білім мен дағдының негізгі сипатын аша алмайды. Білім көлемінде белгіленген білім мен ғылыми заңдылықтарды меңгеру болашақ тұлғаға қоғамның кез келген саласында қоғам құрылысының ішкі жағдайына сəйкес өмір сүре алуына, қызмет ете алуына көмектеседі.
Ал шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу ғана емес, керісінше жеке тұлғаның толық, жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін білім. Ол үшін пəндік оқыту бағдарламасы оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарына жəне осы деңгейдегі оқыту мақсатына сəйкес келуі керек. Сонымен қатар, білім мазмұнында мынадай талаптар ескерілуі тиіс:
9 оқу пəндерінің сандық жəне сапалық ерекшеліктері;
9 оқу пəнінің мазмұны шығармашылық жұмыстарға бөлінуі;
9 тақырыптық тараулар зерттеушілік сипатта болуы;
9 əр тарау көлемі мəліметтер қорына байланысты түрлі мөлшерде берілуі.
Бұл жөнінде Білім берудің мемлекеттік стандартының негізінде жасалған қазақ тілі бағдарламасында қазақ тілі сабағы оқушы үшін тек грамматикалық ережелер жаттайтын, қызықсыз жаттығуларды қызықсыз орындататын пəн қатарынан шығып, баланың ой-өрісін дамытып, оған тілдің ұлттық мəдени мұра, тіршіліктің өзегі, танымның көзі екендігін сезіндіруі қажет екендігі айтылады [ 3, 3 б.].
Ал бұл оқу материалдарының, жалпы білім мазмұнының ішкі байланыстарынан туындап, оқушының шығармашылық бағыттағы жұмыстарымен ұштасқанда ғана іске асады.
144
Ғалым Қ.Жұбанов «Оқытушылардың білімін жетілдіру – мектепте оқу сапасын арттыру үшін күресу жолы» деген мақаласында: «Если учитель будет знать предмет, то он может найти и методы. Я этим нисколько не хочу игнорировать значение методов, но без знаний самого предмета методика бессильна», – дейді [4, 102 б.]. Себебі пəн мұғалімі өз пəнін терең біліп, баяндау, талдап түсіндіру кезінде нақтылы тілдік фактілермен дəлелдеп, теориялық материалдарды бір-бірімен байланыстыра, ұштастыра отырып, бір-біріне жетек ете білуі керек.
Ұстаз болашақ тұлғаның ой-өрісін, өзіндік дүниетанымын қалыптастыратындай, шығармашылықпен жұмыс істей алатындай мүмкіндік бере алуы керек. Ал бұл жағдай кез келген ғылыми пəнді, сол пəннің негізгі салаларын жан-жақты дамыта, ғылыми-теориялық тұрғыдан тереңдете оқыту мəселесіне əкеледі.
Тереңдете оқытудың негізгі белгісінің бірі дамыта оқытудың ғылыми əрі жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту, теориялық ойлауды дамыту сияқты ұстанымдарына сай белгілі бір тақырыпты ғылыми тұрғыдан тереңдете талдай ұғындыру болып табылады.
Мəселен, тілдің «Сөзжасам» тарауын оқытумен байланысты тереңдете оқытудың нəтижесінде оқушы тараудың өзіндік зерттеу объектісін, тараудың мақсат-міндеті, сөз жасаудың амал-тəсілдері, жасалған жаңа ұғым атауларының сөз таптарына қатысы, тараудың лексикология, морфологиямен байланысы жайында нақты əрі жан-жақты ғылыми деректердің негізінде терең білім алады. Тілдің
«Сөзжасам» саласының лингвистикалық негізін аша, тереңдете оқытудың əдістемелік ерекшелігі мынада: оқушылардың оқу-танымдық əрекетіне сөзжасамдық ұғымдарды тірек ете отырып, олардың өзіндік əрі абстрактілі ойлауы мен ой қорытуын дамытуға бағытталған əдістемелік жүйе болып табылады. Бұл əдістемелік жүйені іске асыруда, ең алдымен, тілдің «Сөзжасам» саласы бойынша берілетін теориялық білімнің сауатты, тақырыптың табиғаты айқындалып, мазмұнды берілуі ерекше рөл атқарады.
Сөзжасам қазақ тілін оқыту бағдарламасы мен оқулықтарда беріліп жүргендей түсініктерден тұрмауы тиіс. Ғалым С.Исаев атап көрсеткендей, сөзжасамның амал-тəсілдері арқылы жаңа сөздердің, жаңа лексикалық мағынадағы сөздердің пайда болуы – бірінші дəрежедегі тілдік құбылыс. Ал сөзжасамның амал-тəсілдері арқылы жасалған жаңа ұғым атауларының грамматикалық сипаттары арқылы белгілі бір сөз табына қатысты болуы, немесе белгілі бір сөз табына жатуы – тек екінші дəрежедегі құбылыс [5, 3-4 б.].
Ғалым В.В.Давыдовтың тұжырымдамасы бойынша оқушылардың өзіндік дербес ақыл-ойының дамуына теориялық ұғымдар жүйесі тірек болады [6, 44 б.]. Ол үшін оқыту жүйесіне анықтауды қажет ететін ғылыми-теориялық ұғымдар енгізілуі қажет.
Ал ғалым Л.В.Занковтың ойынша, оқушылардың ақыл-ой əрекетінің дамығандығын олардың бағдарламалық материалдарды толық түсінуінен, өзінше талдай алуынан, ғылыми ұғымдарды меңгеруінен, практикалық іс-əрекеттің жетілгендігінен байқауға болады [7, 52 б.].
Профессор Ғ.Қалиев: «Сөзжасам – фонетика, лексика, морфология салалары сияқты тілдің ғылыми жүйесіне енетін күрделі ұғым», – дейді [8, 57-60 б]. Сондықтан сөзжасам мəселелері туралы алғашқы сабақтар тілдің «Сөзжасам» саласының ғылыми жүйесін танытуға бағытталуы керек. Сөзжасамды тілдің басқа салалары сияқты өз алдына жеке ұғымдары бар, мақсат-міндеті, зерттеу объектісі ерекше жүйе екендігін таныту үшін сөзжасамның амал-тəсілдері, туынды мағына, жаңа ұғым атауы т.б. тілдік категориялардың топтастырылған жиынтығы екендігі түсіндірілуі керек. Себебі Н.Оралбаева айтқандай сөзжасамның əр тəсілі белгілі тілдік элементтерге негізделеді. Ал тілдің сөзжасам жүйесіне сөзжасам элементтері жатады [9, 14 б.]. Осыған орай, тілдің «Сөзжасам» саласы бойынша берілетін білім мазмұны оқушының өзіндік əрі абстрактілі ойлауы мен ой қорытуын əрі тілін дамытуға да қолайлы болуы шарт. Сөзжасамдық тақырыптардың табиғатын танытуда, оның морфологиялық тақырыптардан ерекшеліктерін, өзіндік заңдылықтарын игеріп, машықтануға үйретуде тілдің «Сөзжасам» саласының өзіндік мазмұндық ішкі ерекшелігін ескеретін болсақ əрі оны тереңдете оқытуда дамыта оқыту заңдылықтарымен біртұтастықта алсақ қана оқушының өзіндік əрі абстрактілі ойлауын, ой қорытуын қалыптастыруға болады.
И.С.Якиманская дамыта оқытуда түрлі дидактикалық ойындар, пікірталастар мен ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын дамытуға арналған оқыту əдістерін қолдануды ұсынады [10, 12 б.]. Ал Л.В.Занков жүйесінде оқушылардың өз бетімен ойлануына негізделген іс-əрекеттердің жүзеге асырылуы, мұғалім мен оқушының ынтымақтастығының ойластырылуы, мұғалімнің сабақта проблемалық жағдай туғыза алуы, оқушылардың субъектілік қасиетін ашатын оқу
қызметін ұйымдастырудың формаларын қолдана алуы сияқты мəселелер қарастырылады [11, 181 б.].
Біз білеміз, қазақ тілін оқыту əдістемесінің объектісі – тілдік материалдар. Оқушыларға тілден берілетін теориялық мағлұматтар тақырыптың ерекшелігіне, өзіндік белгілеріне, жасалу жолдарына, ережелері мен анықтамаларына байланысты қаралады. Əдістемеде осы тілдік фактілерді оқушылар санасына жеткізудің технологиясы қарастырылатыны белгілі.
Ал оқушыларға берілетін практикалық дағдылар белгілі бір тілдік материалдардың ішкі психологиясына байланысты да болады. Сондықтан да əрбір тілдік салалар мен тілдік фактілердің өзіне тəн психологиясы бар. Міне, осындай теориялық мағлұматтар мен практикалық дағдыларды оқушыларға меңгертуде білім беру құралдары қолданылады. Қазақ тілінен білім берудің құралдарына қазақ тілін меңгертудегі негізгі заңдылықтар; қазақ тілін оқытуда ескерілетін ұстанымдар; оқушыларға ұсынылатын дидактикалық материалдар; оқушыларға берілетін білім көлемі; қазақ тілін оқытудың жүйесі; қазақ тілінен білім берудің əдістері мен тəсілдері; қазақ тілінен ұйымдастырылатын сабақтар, тілдік тақырып бойынша жоспарлау жұмыстары кіреді. Осы тұрғыдан келгенде, мектеп оқулығы мен оқыту бағдарламасында берілген сөзжасамдық тақырыптарды теориялық тұрғыдан тереңдете оқытудың ғылыми, бірізділік ұстанымдарын басшылыққа ала отырып сөзжасамдық тақырыптардың мазмұндық байланысы мен ішкі заңдылықтарын ескере, «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік тұжырымдамасына» негіздей қосымша білім беру бағдарламасы жасалғаны жөн.
Қосымша білім беру бағдарламасы – оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескеріп құрылған факультативтік, қолданбалы жəне таңдау курстары жəне жеке бағдарламалар арқылы жүзеге асырылатын, оқу пəндері бойынша мемлекеттік стандарттардан тыс білім мазмұнын анықтайтын қосымша білім беру құжаты [12, 11 б.].
Бағдарлы оқытудың басты мақсаты – оқытудың ұйымдастырылуы мен мазмұны бойынша адам бойындағы қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін əрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру.
Оқу бағыты – оқушылардың пəн циклдерін тереңдетіп оқуын қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру түрі.
Білім саласы – құрамына оқытылуы міндетті пəндер енетін жалпы орта білімнің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі.
Ол – мектепте гуманитарлық пəндерді оқытуда айтарлықтай жетістіктерге жеткізетін тəсіл.
Əрі оқытудың бұл түрі əр оқушының жеке басының дамуына, шығармашылығын шыңдауға, белсенділігін арттыруға, білімін саралауға мүмкіндік туғызады.
Ғалымдар П.И.Треятьяков, И.Б.Сенновскийдің пікірінше, тереңдете оқытудың барысында оқушының бойында бұрыннан қалыптасқан оқу еңбегі, іс-əрекет тəсілдерін өзара жинақтау нəтижесінде оқушылар бойында шығармашылық іс-əрекеттері қалыптасады. [13, 47 б.].
Оқу-тəрбие үдерісінде қосымша білім беру бағдарламасы бойынша тереңдете оқытудың негізінде оқушы субъект тұрғысынан қарастыратындылығы, оқушылардың пəнге деген жауапкершілігі, қызығушылығы артып, өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянып, ізденушілік- шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері қалыптасатындығына сеніммен қарауға болады.
Қосымша білім беру бағдарламасы негізінде тереңдете оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның басты ерекшелігі – оқушыға субъект ретінде қарап, оны дамытуға барлық жағдай жасау; оқушының тіл байлығын арттырып, сөйлеу шеберліктерін қалыптастыру, білімді жүйелі түрде беру, оқылатын тілдік тақырыптарды ерекшелігіне, туыстығына қарай топтастыру. Сонда тереңдете оқытудың негізгі құрамы – қосымша білім беру бағдарламасы. Дұрыс құрылған бағдарлама оқушыға білімді жүйелі əрі сапалы берудің алғы шарты бола алады. Осы тұрғыдан келгенде, сөзжасамдық тақырыптардың лингвистикалық негізін айқындап, мазмұндық ерекшелігіне қарай екі сыныпқа бөліп жүйелеуде, теориялық мəліметтерді толықтырып тереңдетуде бағдарлы білім беру бағдарламасының тиімділігі зор.
Себебі тереңдете оқыту əр түрлі мақсаттарға жету жолын көздейді: білім алушыға оқыту əдісінің өзіне лайықты тəсілін қолдануды; оқушыға өзінің əлді, əлсіз жақтарын анықтап, түзете алуына көмектесуді; оқытудың түрлі формалары мен əрқилы əдістерін интеграциялауды; оқу материалының мазмұндық бірлігін икемді түрде пайдалануды; кəсіби іс-əрекет деңгейіне білім алушының жоғары дайындығы арқылы жетуді; пəнаралық байланысты орнатып, оқудың сапасына білім мен біліктілік, жүйелілік арқылы жетуді жəне т.б.
Тілдік тақырыптарды теориялық негізін айқындай тереңдете оқытудың мынадай маңызы бар:
146
9 біріншіден, оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне сəйкес жалпы танымдық іс-əрекетін дифференциялауға мүмкіндік туғызылады;
9 екіншіден, интеллектуалдық деңгейінің өсуіне ықпал етеді;
9 үшіншіден, оқушылардың біртіндеп өзбетінше жұмыс жасау деңгейі көтеріледі.
Негізінен, оқушыларға қазақ тілінен берілетін білімнің мазмұны мен көлемін белгілеу – күрделі де теориялық мəселе. Орта мектепте ғылыми тұрғыда əбден зерттелген, білім беру талабына сай айқын анықталған жəне лингвистикалық əрі əдістемелік жақтан ешбір таласы жоқ тілдік материалдар ғана оқытылуы тиіс. Анығырақ айтқанда, сұрыпталып алынған тілдік материалдың өзінік белгілері жеткізіледі. Осы тілдің өзіндік белгілерінің жиынтығы көлем деген ұғымды анықтайды. Білім мазмұны немесе көлем дегеніміз – əрбір сынып оқушыларының мүмкіндігіне қарай оқытудың алдын ала болжау, түсінуге оңай жəне жеңіл болу ұстанымдарының негізінде зерттеп, зерделеп алынған тілдік материалдардың өзіндік белгілерінің жиынтығы.
Тілдік материалдардың көлемі əрбір тақырыптың лексикалық, фонетикалық, грамматикалық қасиеттерін жəне сол тілдік материалдардың анықтамалары мен ережелерін қамтиды. Тілдің өзіндік ерекшеліктері əрбір тақырыптың ішкі құрылымын белгілейді. Мəселен, əрбір тілдік материалдардың жасалу жолдары, олардың бір-бірінен ерекшеліктері, бір-бірімен байланысуы, тақырыпқа сай анықтамалары мен ережелері тілдік материалдардың өзіндік ерекшеліктері болып табылады.
Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім көлемін белгілеуде жəне ол материалдардың өзіндік қасиеттерін іріктеп, дəл таңдап алуда мына сияқты əдістемелік өлшемдердің басшылыққа алынғаны абзал.
Оқушылардың жас ерекшелігі;
Оқушылардың сынып ерекшелігі;
Оқушылардың ойлай алу қабілеті;
Тілдік материалдардың өзіндік белгілерінің саны;
Тілдік фактілердің өзіндік ерекшеліктерінің жиынтығы;
Ал тілдік тақырыптарды өзіндік, мазмұндық ерекшеліктеріне сай іріктеуде мына сияқты ғылыми-əдістемелік заңдылықтар басшылыққа алынғаны жөн.
Тақырып пен терминнің анықтығы;
Тілдік материалдардың ғылыми дəлдігі;
Тілдік материалдардың ішкі ерекшеліктерін аңғару керек екендігі;
Тілдік материалдардың өзіндік белгілерінің сол сыныпқа лайықтылығы;
Өзіндік белгілердің тек сол материалға ғана тəн екендігі;
Өзіндік белгілердің өмір қажетіне жаратылуы.
Сынып жоғарылаған сайын оқушылардың түсініктері, яғни ой-өрісі, білім дəрежесі арта бастайды. Оқушыларды деректі ұғымдардан дерексіз ұғымдарға қарай жетелей отырып, пəн мұғалімі əрбір қазақ тілі материалының өзіндік жаңа қасиеттерін біртіндеп ашып отыруы тиіс. Ал оқушылардың тілдік тақырыптардан алған білімі сыныбы ұлғайған сайын сатылап көтеріле береді.
Тілдік материалдардың көпшілігі бір-бірінен өзіне тəн қасиеттері арқылы ажыратылады да, ал керісінше, біріне-бірі жуық белгілері бойынша жымдасып жататындығы белгілі.
Осы тұрғыдан келгенде, əрбір сыныптың шама-шарқына қарай сұрыптап алынған тілдік материалдар өзіндік белгілеріне қарай интеграциялық əдістің негізінде пəнаралық, тақырыпаралық байланыс арқылы дамытыла, тереңдетіле оқытылуы тиіс.
Оқушыларға қазақ тілінен берілетін білім көлемі тілдік материалдардың анықтамалары мен ережелеріне келіп ұштасады. Ал анықтамалар мен ережелердің логикасы – білім беру тұсында ерекше көңіл бөлетін ғылыми-теориялық əрі əдістемелік мəселелердің бірі екендігі белгілі.
ƏДЕБИЕТ
[1] Леднев В.С. Содержание образования: сущность, структура, перспективы. 2-е изд. Москва, Высш шк, 1991, 223 с.
[2] Краевский В.В. Общие основы педагогики: учебное пособие. Москва, Академия, 2003, 256 с.
[3] Құсайынов А. Қ., Асылов Ұ. Ə. Оқулықтану. Алматы, Рауан, 2000, 391 б. [ 4] Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999, 581 б.
[5] Қазақ тілі мен əдебиеті, 1998, № 3−4.
[6] Давыдов В.В Теория развивающего обучения. Москва: Педагогика, 1986, 240 с.
[7] Занков Л. В. Принципы экспериментальной дидактической системы. Избранные педагогические труды. Москва, Дом педагогики, 1999, 424 с.
[8] Қалиев Ғ. Сөз тудыру – қазақ тілінің жеке саласы. //Қазақ говорларында диалектілік сөз тудыру. Монография.
Алматы, 1985, 325 б.
[9] Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002, 181 б.
[10] Якиманская И.С. Развивающее обучение. Москва, Педагогика, 1979, 240 с.
[11] Занков Л.В. Обучение и развитие. Москва, Педагогика, 1975, 439с.
[12] «Үшінші мыңжылдықтың оқулығы: жасау, шығару жəне тарату»: ІІІ Халыққаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы, 2003, 394 б.
[13] Третьяков П.И., Сенновский И.Б. Технология модульного обучения в школе //Новая школа. Москва, 1997, №3.
47б.
REVERENCES
[1] Lednev V.S. Soderzhanie obrazovaniya: sushhnost, struktura, perspektivy. 2-e izd. Moskva, Vyssh shk, 1991, 223 s.
[2] Kraevskij V.V. Obshhie osnovy pedagogiki: uchebnoe posobie. Moskva, Akademiya, 2003, 256 s.
[3] Құsajynov A. Қ., Asylov Ұ. Ə. Oқulyқtanu. Almaty, Rauan, 2000, 391 b. [ 4] Zhұbanov Қ. Қazaқ tіlі zhөnіndegі zertteuler. Almaty, 1999, 581 b.
[5] Қazaқ tіlі men ədebietі, 1998, № 3−4.
[6] Davydov V.V Teoriya razvivayushhego obucheniya. Moskva: Pedagogika, 1986, 240 s.
[7] Zankov L. V. Principy eksperimentalnoj didakticheskoj sistemy. Izbrannye pedagogicheskie trudy. Moskva, Dom pedagogiki, 1999, 424 s.
[8] Қaliev Ғ. Sөz tudyru – қazaқ tіlіnің zheke salasy. //Қazaқ govorlarynda dialektіlіk sөz tudyru. Monografiya. Almaty, 1985, 325 b.
[9] Oralbaeva N. Қazaқ tіlіnің sөzzhasamy. Almaty, 2002, 181 b.
[10] Yakimanskaya I.S. Razvivayushhee obuchenie. Moskva, Pedagogika, 1979, 240 s.
[11] Zankov L.V. Obuchenie i razvitie. Moskva, Pedagogika, 1975, 439s.
[12] «Үshіnshі myңzhyldyқtyң oқulyғy: zhasau, shyғaru zhəne taratu»: ІІІ Xalyққaralyқ ғylymi-praktikalyқ konferenciyanyң materialdary. Almaty, 2003, 394 b.
[13] Tretyakov P.I., Sennovskij I.B. Texnologiya modulnogo obucheniya v shkole. //Novaya shkola. Moskva, 1997, №3.
47b.
УДК 167/168 (5 К)
Б.Б.Жахина
Государственный университет им.Ш.Уалиханова. г.Кокшетау ВЕДУЩАЯ РОЛЬ ТЕОРЕТИЧЕСКОГО ЗНАНИЯ
Аннотация. В статье идет речь о образование как о важнейшем факторе прогресса, целью которого является всесторонне развитие личности.
Также эти новшество в отрасли образования всесторонне развивает личность в соответствие с современным требованиям, сохрання достижения мировой цивилизации и высшее духовные традиции своего народа.
В связи с этим в статье изложено, что содержание и обьем образования развивающийся в соответствие с культурой, наукой и общества определяется не самой личностью. Пока не будут определены содержание и обьем образования не возможно рассматривать проблемя развития личности.
В статье определены необходимые технологии и принципы обучения, требования для определения содержания и обьема образования. При определение содержания образования систематизированы такие требования, как качественные и количественные особенности изучаемых предметов, деление на творческие работы содержания обучения и содержание изучаемого предмета, исследовательский характер тематических разделов. Также в статье автор считает необходимостью руководствоваться такими приципами как единство содержания обучения, гуманизация содержания всеобщего образования.
Автор статьи считает, что система теоретических знаниий является основой для своеобразного самостоятельного умственного развития ученика. Для этого необходимо внедрить научные теоретические понятия, необходые для конкретизации, изучение, анализа системы обучения.
Ключевые слова: содержание образования, обьем знания, личность, своеобразное мировоззрение, понятие, значение, дифференция, интеллектуальный уровень.
148 N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 148 – 156 UDC 331.28
L. M. Bekenova
Almaty academy of economics and statistics Republic of Kazakhstan, Almaty e-mail: [email protected],