ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
5.6. Трансформация аяқталған жағдайдағы тҧрақтандыру саясаты мен оның рӛлі
Макроэкономикалық тұрақтандыру (макротұрақтандыру) ӛндіріс құлдырап, жұмыспен қамту қысқарған, сондай-ақ жалпы баға деңгейі артқан (инфляция) макродеңгейдегі экономиканың теңгерімсіздігін еңсеру деп аталады.
Ӛтпелі экономикада макротұрақтандырудың бір-біріне қатысты балама қаржылық тұрақтандыру және ӛндірістік деп аталатын екі негізгі үлгісі (немесе екі негізгі нұсқасы) қолданылады.
Жалпы ӛндірістік тұрақтандыруда ӛндірістің құлдырауы мен жұмыс-сыздықтың ӛсуіне, экономикалық ӛсу мен экономиканың құрылымын қайта құруға тікелей ықпал ету кӛзделеді. Сол себептен ӛндірістік тұрақтандыруды құрылымдық-ӛндірістік немесе әлеуметтік-ӛндірістік макротұрақтандыру деп атауға болады.
Қаржылық тұрақтандыруда дағдарыс жағдайында инфляцияны тӛмендетуге, ұлттық экономика салалары мен аяларының орнықты даму және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайында қаржылық ортаны сауықтыруға тікелей бағытталады. Ол ортдоксальдік (тақыстық) және гетеродоксальдік нысанда іске асырылады.
Ортодоксальдік (тақыстық) қаржылық тұрақтандыру ақша, монетарлық болады және екі
«якорьге» (тұрақтандырғышқа), яғни ұлттық ақша «якоріне» (Қазақстанда теңге «якоріне») және валюталық «якорьге» (кӛбінесе – долларлық) негізделуі мүмкін. Бірінші жағдайда инфляцияға қарсы нәтижеге қатаң ақша-кредит саясатының ақша эмиссиясын шектеу, Орталық банктің қаржыландыру ставкасын кӛтеру, міндетті резервтеу нормасын арттыру, мемлекеттік бағалы қағаз шығару және т.б. сияқты белгілі қатаң шаралары арқылы ұлттық ақшаны күшейту (қымбаттату) арқылы қол жеткізіледі. Екінші жағдайда инфляцияға қарсы ықпал бағам саясатының қатаң
66
белгіленген бағам және одан жұмсақ нұсқалары (валюталық дәлізден бастап басқарылатын құбылмалы бағамға дейін) арқылы валюта (айырбастау) бағамын тұрақтандыру қамтамасыз етіледі. Қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық ақша бірлігін құнсыздандыру (девальвация) сияқты қатаң шараны қолдануға болады.
Гетеродоксальдік тұрақтандыруда инфляцияға қарсы ықпалға бағалар мен табыстарды шектеу, кӛбінесе оларды қалпында сақтау (қысқа мерзімге немесе ұзақ, күрт немесе бірте-бірте, кең немесе бӛліктерді) арқылы қол жеткізіледі. Бұдан жұмсақ шараға энергия ресурстарының, кӛлік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің бағаларын бірте-бірте реттеу және босату, бюджет саласында жұмыс істейтіндер үшін бірыңғай тариф сеткасын және еңбекақы қорынан (тұтыну қорынан) асуға салық салық салу, бағалардың ӛсуінен табысты индексациялаудың артта қалуы және т.б. жатады. «Гетеродоксальдік талықсытпа» нысанын қабылдайтын бұдан да қатаң шаралардың арасынан тәркілеу сипатындағы ақша реформасын, халықтың банктердегі жинақ ақшасын қалпында сақтау немесе олардың құнсыздануын, мемлекеттің ішкі борышқа қызмет кӛрсетуден бас тартуы (Ресейдегі 1998 жылғы дефолт) және т.б.
Нақты практикада қаржылық тұрақтандырудың әр түрлі нұсқалары таза да, сонымен бірге аралас түрде де (кӛбінесе солай болады) іске асырылуы мүмкін. Ашық, сӛйте тұра тәуелді экономика жағдайында валюталық «якорьді» қолданбай экономиканы тұрақтандыруды қамтамасыз ету қиын, алайда трансформация жағдайындағы дағдарыста ортодоксальдік тұрақтандыруда жалпы аздық етеді, осының салдарынан қаржылық тұрақтандырудың үшінші
«якоріне» айналатын гетеродоксальдік шараларды қолдануға тура келеді.
Экономикада қаржылық және ӛндірістік тұрақтандырудың арақатынасының маңызы зор.
Қаржылық тұрақтандырудың реті мыналардан құралады.
Бірінші. Реформаның басында жасалатын бағаларды ырықтандыру бағалардың шарықтауына әкеп соқтырады. Бұл құбылыс жоспарлы экономикадағы жасырын инфляцияның ашық инфляцияға айналуы, нарықтық-бәсекелік механизмдердің дамымауы, «ұсыныстардың талықсытпасы» (бұрынғы шаруашылық байланыстарының үзілуі, энергия ресурстары бағалары мен трансакциялық шығындардың және т.б. күрт ӛсуі және т.б.) сияқты негізгі себептерге негізделеді. Бұған бір жағынан, ӛндірістің құлдырауынан салық салынатын базаның қысқаруы, халықтың нақты табысының тӛмендеуі мен «кӛлеңкелі экономиканың» ӛсуі, ал екінші жағынан, экономиканың жансыздану қаупінен бірқатар жайғасым бойынша жұмсақ бюджеттік шектеулердің сақталуы салдарынан мемлекеттік бюджеттің тапшылығы да қосылады. Бұл жағдайда бюджет тапшылығы, әдетте, борыштық тәсілмен емес (қор нарығы дамымаған жағдайда мемлекеттік бағалы қағазды ауқымды түрде қолдану мүмкін емес), ақша массасын кеңейту арқылы жабылады, осының салдарынан инфляцияны одан сайын ӛсіретін монетарлану әсері пайда болады. Ӛтпелі экономиканың дағдарыстық ортасында бұдан да кешірек кезеңде инфляция ӛршіп терең қаржы дағдарысына (Ресейде 1998 жылғы тамыздағы сияқты) әкеп соқтыруы ықтимал.
Екінші. Мемлекет инфляцияға қарсы әсерге қол жеткізу мақсатында қатаң ақша-кредит саясатын және ұлттық ақша бірлігін тұрлаулы шетел валютасына (кӛбінесе долларға, сондай-ақ Шығыс және бірқатар Орталық Еуропа елдері мен Балтық жағалауы елдері сияқты – неміс маркасына, қазір – еуроға) бекітуді жүзеге асыра бастайды. Қатаң ақша саясаты «қымбат ақша»
саясатында іске асырылады, яғни, ақша эмиссиясы шектеледі, Орталық банктің кредиттері (кредиттеу лимиті) қысқарады, есептік пайыз ставкасы (қаржыландыру ставкасы) кӛтеріледі, міндетті резервтеу нормасы ұлғаяды, мемлекеттік бағалы қағаздар сатылады. Бағамдық саясат айырбастау бағамын қатаң немесе жұмсақ тіркеу арқылы іске асырылады. Кӛрсетілген шектеу шаралары бюджет шығынының қысқаруымен және жалпымемлекеттік бюджеттің тапшылығының жалпы азаюымен, бюджет тапшылығын негізінен борышпен жабуға кӛшумен толықтыруы мүмкін.
Нәтижесінде инфляция тӛмендеп, қаржы тұрақтанады. Осы ахуалға сәйкес келетін шекті инфляцияның деңгейі 40%-дан аспауға тиіс деп саналады.
Үшінші. Қол жеткізілген қаржылық тұрақтандыру ең кемінде 6-8 ай сақталатын болса, онда ол оң экономикалық ӛзгерістерге септігін тигізеді. Біріншіден, экономикада салауатты нарық ортасы қалыптасып, шаруашылық жүргізуші субъектілер сұраныстың шектелуіне бейімделеді. Екіншіден, жинақ ақшаны инвестицияларға трансформациялау үшін қолайлы жағдай туады, инвестициялауға ынта артады, ұзақ мерзімге салнған капитал салымдары ӛзін-ӛзі ақтайтын болады. Үшіншіден, экономиканың бір саласынан екінші саласындағы құрылымдық ӛзгерістерге орай ресурстардың ағуы үшін жағдай туады. Сӛйтіп, қаржылық тұрақтандырудың арқасында экономика ӛсіп, ӛтпелі экономика дағдарыстық жағдайдан шығады.
67
Қаржылық тұрақтандыру мен экономикалық ӛсудің арасында ӛзінен-ӛзі пайда болатын байланыс жоқ. Ӛтпелі экономикадағы қаржылық тұрақтандырудың салдары қарама-қайшы қалыптасады. Қарама-қайшылықтар дағдарыс жағдайында әр түрлі әдістерді үйлестіріп қолдану мүмкіндігінің шектеулігі мен нарықтық құралдардың дамымауы, сонымен бірге нарықтық экономикасы дамыған елдердің макроэкономикалық тәжірибесіне тым бағдарлану және ұлттық экономиканың ерекшеліктерін жеткіліксіз ескерудің негізінде туындайды. Қазақстан экономикасының 90-жылдардағы тәжірибесі осыны айғақтайды.
Қазақстан экономикасының 1993 жылғы қыркүйек пен 1998 жылдың ортасы аралығындағы ахуалын әрбір мысалда келтіруге болады. Сол кезде инфляция жылына 10-20%-ға жетіп, экономикада ешқандай ӛсу байқалмады. Теңгені қолдайтын қатаң кредит-ақша саясаты экономиканың монетарсыздануына, сенімсіз экономикалық айналымның, баспа-бас айырбастың, жасанды ақшаның ӛсуіне, кәсіпорындардың айналым қаражатының құнсыздануына, МҚМ пирамидасының пайда болуына, «ығыстырудың» ықпалына әкеп соқтырғаны, ал валюталық
«якорьге» бағдарланудың ӛзі рубльдің бағамының кӛтерілуіне себеп болғаны белгілі болды.
Осының нәтижесінде импорттық басқыншылық күшейіп, отандық тауар ӛндірушінің жағдайы нашарлады, экспортқа бейімделген ӛндірістердің бәсекеге қабілеттілігі тӛмендеді.
Қаржылық тұрақтандырудың қарама-қайшы салдары экономикалық ӛсумен тікелей байланысты ӛндірістік тұрақтандыру деп аталатын балама нұсқаға еріксіз назар аудартты.
Макротұрақтандырудың балама нұсқасында мемлекеттің белсенді инвестициялық және құрылымдық саясат жүргізу, экономикалық дамудың басымдықтарын әзірлеу, «ӛсу нүктелерін»
анықтап, оның маңайына шоғырлану, сонымен бірге пайдаланылмайтын ӛндірістік қуаттарды жүктеп, оларды жаңғыртуды жүргізу, НИОКР (ҒЗТКЖ) саласын қолдау, қаржы-банк секторын саудагерлік операциялардан экономиканың нақты секторымен байланысты күшейтуге қайта бағдарлау, отандық тауар ӛндірушілерді сыртқы бәсекеден орынды қорғау мақсатында қолдампаздық шараларды күшейту және т.б. қарастырылады.
Ерекше макроэкономикалық жағдай әсіресе пайдалы баға жағдаяты кезеңдерінде шикізат экспорттайтын мүмкіндіктері жоғары елдерде (бұл ең алдымен Қазақстанға қатысты) қалыптасады. Қазақстанға 2000-жылдардан бастап әлемдік кӛмірсутегі нарықтарында бағаның күрт ӛсуі (мәселен, мұнай баррелінің бағасы 1997-1998 жылғы 9-10 доллардан 2008 жылдың басында 100 долларға дейін кӛтерілді) ықпал етті.
Бағаның кӛтерілуінің оң нәтижесінде таза экспорт, ЖІӚ, елдің сауда және тӛлем балансының сальдосы ұлғайды, демек, валюта түсімі мол түсті, бюджеттің табыс бӛлігі артты (профицитке дейін), сырттан алынған қарыз бен сыртқы борыш қысқарды. Осы жағдайда Ұлттық банк алтын- валюта резервін толтыру үшін қолайлы мүмкіндік алды, мұның ӛзі ұлттық ақша бірлігін және жалпы ақша-кредит жүйесін орнықтырды, елдің халықаралық қаржы-экономикалық рейтингін кӛтерді. Инвестициялық мүмкіндіктер кеңейіп, экономикалық ӛсудің әлеуеті артты.
Трансформацияға қыруар шығын жұмсайтын және экономикалық ӛсуде елеулі қиындықтарды бастан кешірген ел үшін осының барлығы жағымды ғана жағынан ықпал етуі тиіс сияқты болып кӛрінеді.
Алайда аталмыш процестің екінші қыры да бар. Еліміздің экспорт мен жалпы экономиканың тек шикізат тауарларының бағасының ауытқуына тәуелді болу қаупіне ұшырады. Ӛтпелі экономиканың айрықша жағдайында жалпы макроэкономикалық ортаның ғана емес, сонымен бірге макротұрақтандыру саясатының ӛзгеруі де қауіпті екені мәлім.
Біріншіден, мол валюта түсімі инвестициялардың серпілісіне, орнықты әрі сапалы экономикалық ӛсуге жол ашпайды. Қыруар түсім тек сол шикізат сала- ларында, ипотекалық-құрылыс секторына шоғырланып, экономиканың құрылымының теңгерімсіздігі мен сапасыз құрылымын одан әрі нығайта түседі (ғылыми-техникалық және технологиялық ӛлшемдер тұрғысынан). Ӛтпелі экономикада ақшаны сапалы инвестициялық айықтыру үшін қолайсыз инвестициялық ахуал, ӛңдеу ӛнеркәсібінің кӛптеген кәсіпорындарының тӛмен пайдалылығы, жинақ ақшаның инвестицияға трансформациялау институттары мен механизмдерінің әлсіздігі, капиталдың салалардың арасында ағынының қиындығы, мемлекеттің әлсіз құрылымдық саясаты қол байлау болады.
Екіншіден, ЖІӚ-нің теңгемен тӛмен монетарлануы жағдайында едәуір валюта түсімдері ұлттық ақша бірлігінің (теңгенің) тым нығаюына әкеп соқтыруы ықтимал. Бір жағынан, бұл жағдайда үй шаруашылықтарының сатып алу мүм-кіндіктері артып, тұтынушылық, демек жиынтық сұраныста кеңейеді, сыртқы борышқа қызмет кӛрсету жағдайын жақсартады, екінші жағынан, импортты арзандатып, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін тӛмендетеді.
68
Үшіншіден, ҰБ алтын-валюта резервін толықтырады, ал осының салдарынан теңгенің ақша ұсынысы кеңейіп, инфляцияның туындауына себеп болады.
Тӛртіншіден, теңгенің бағамын тым нығаюына жол бермеумен қатар «артық» ақшаны инвестициялық айықтырудың қиындығы олардың ұлттық экономикадан «ығыстырылуына», яғни капиталдың шетелге сыртқы борышты алдын ала тӛлеуге, пассивтік жинақ ақшаның кӛбеюіне, халықаралық (алтын-валюта) резервінің және Тұрақтандыру қорының молаюына себеп болуы осы нысандардың барлығында да ұлттық экономиканың динамикалы, орнықты және сапалы экономикалық ӛсуін қамтамасыз ету ӛте қажет болған жағдайда ақша ӛнімді қолданудан шеттетіледі.
Сӛйтіп, тұрақтандыру саясаты дербес сипаттағы саясат емес және макро-тұрақтандыру жӛніндегі іс-қимылды қаржылық тұрақтандыруға жатқызуға болмайды. Қазақстандағы орасан зор мемлекеттік қаржылық ақша жинағы макроэкономикалық ортаны сауықтыруға, қаржылық тұрақтылық пен экономикалық дамудың инвестициялық-ӛндірістік басымдықтарына, оның ішінде мемлекеттің белсенді құрылымдық және инвестициялық саясатының әдістерімен барынша пайдаланылуы тиіс.