• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері мен қҧралдары

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 69-73)

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

5.8. Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері мен қҧралдары

Тікелей мемлекеттік реттеудің аса маңызды әдістері мен құралдарына мемлекеттік қажеттілік үшін ӛнім (тауар, жұмыс және қызмет) жеткізуге арналған келісімшарт жатады.

Аталмыш келісімшарт кӛп жағдайда мемлекеттік тапсырыс деп аталады. Іс жүзінде бұл келісімшарт – мемлекеттік тапсырысшы мен жеткізушінің арасында жасалатын ӛнім (тауар, жұмыс және қызмет) жеткізу шарты. Шартта мемлекеттік тапсырысшы мен жеткізушінің құқықтары мен міндеттері анықталады, сондай-ақ олардың ӛзара қарым-қатынастары реттеледі.

Шартта мемлекеттік тапсырысшының мемлекеттік келісімшарттың орындалуы жӛніндегі жұмыстардың барысын бақылау, жеткізушінің жедел-шаруашылық қызметіне араласпай жеткізушіге консультативтік және ӛзге де кӛмек кӛрсету кӛзделуі мүмкін. Мемлекеттік келісімшарт бойынша жеткізілетін ӛнімнің мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сәйкес келуі, ал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті түрде сертификатталуы тиіс ӛнім-нің сертификаты мен сәйкестік белгісі болуы тиіс.

Мемлекеттік келісімшартты орындауға арналған ресурстар, әдетте, келісімшартта мемлекеттік тапсырысшы болып табылатын билік органдарын бюджеттік қаржыландыру ауқымында қарастырылады.

Республикалық мемлекеттік қажеттілік – бұл Қазақстан Республикасының еліміздің тынысіршілігінің, қорғанысы мен қауіпсіздігінің мәселелерін шешуге және республикалық мақсатты бағдарламалар мен ӛзі қатысатын мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды іске асыру үшін қажет ӛнімге қажеттілігі. Республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін ӛнім жеткізу мемлекеттік бюджет туралы республикалық заңда жоспарланып, бекітілетін және осы осы мақсатта бюджеттен тыс кӛздерден тартылатын республикалық бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы субъектілерінің ӛңірлердің тыныс-тіршілігінің мәселелерін шешу және ӛңірлік мақсатты бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті ӛнімге қажеттілігін Қазақстан Республикасы субъектілерінің мемлекеттік билік органдары анықтайды. Ӛңірлік мұқтаждық үшін ӛнім жеткізу Қазақстан Республикасы субъектілерінің бюджеттері мен бюджеттен тыс кӛздердің қаражатының есебінен қамтамасыз етіледі.

Республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін ӛнім жеткізуді және республикалық мақсатты бағдарламаларды орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік тапсырысшыларды бекітеді. Мемлекеттік тапсырысты атқарушы биліктің республикалық органы, республикалық қазыналық кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме жасай алады. Мемлекеттік тапсырысшылар мемлекеттің мүддесін ойластырып республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін ӛнім жеткізуді ашық және (немесе) жабық сауда-саттық, конкурс, аукцион ӛткізу арқылы орналастыра алады.

Мемлекет мемлекеттік мақсатты бағдарламалар деп аталатын маңызды құрал арқылы да ықпал етеді, осы мақсатта ұзақ мерзімді немесе орта мерзімді мақсатты бағдарламалар әзірленеді.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты (сондықтан ол мақсатты деп аталады) және міндеті болуы тиіс, сонымен бірге бағдарламада нақты сапа және сан кӛрсеткіштері, аралық және негізгі мақсатқа жетуге арналған іс-шаралар жүйесі, ресурстар, нақты орындаушыларға берілетін тапсырмалар, сондай-ақ жекелеген іс-шаралар мен жалпы бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері кӛрсетілуі тиіс. Мақсатты бағдарламада барлық бағдарламалық іс-шаралардың ӛзара байланысты болуы мен осы іс-шараларды қаржы ресурстарының жобаланатын кӛлемдерімен ӛткізудің кезектілігі, сондай-ақ салалық және ӛңірлік мәселелерді келісіп әрі кешенді түрде шешуді қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік тапсырысшы осы бағдарламаны басқарып, оның

70

орындалуын бақылайды, сондай-ақ бағдарламадағы іс-шаралардың іске асырылуының тиімділігін бағалайды.

Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жанама және басқа да тікелей әдістердің элементтерін де қолдануға болады. Атап айтқанда, республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін ӛнім жеткізушілерді экономикалық жағынан ынталандыру үшін оларға пайда салығы (табыс) және (немесе) жеңілдікпен кредит берілуі мүмкін. Сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстардың аса маңызды түрлерін жеткізуді жүзеге асыратын жеткізушілер мен осы ресурстарды жасайтын жасаушы-кәсіпорындар үшін кӛрсетілген ресурстарды мемлекеттік тапсырысшыларға (жеткізушілерге) міндетті түрде сату (мемлекеттік броньдау) жӛнінде арнайы квота және (немесе) мақсатты дотация мен субсидия белгіленуі мүмкін.

Мақсатты дотация мен субсидияны пайдалану әкімшілік реттеудің жеке әдісі ретінде бӛлінеді.

Мемлекеттік мұқтаждық үшін ӛнім (тауар, жұмыс және қызмет) жеткізуге арналған келісімшарт пен мемлекеттік мақсатты бағдарламаны жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік ұйымдардың қызметіне ықпал ету үшін ойдағыдай пайдалануға болса, онда шаруашылық жүргізуші субъектіні мемлекеттік қолдау тек мемлекеттік сектордың ұйымдарымен ӛзара қарым-қатынас жасау үшін пайдаланылады. Осы тікелей реттеу әдісі негізінен ұзақ мерзімді негізде мақсатты дотациялар мен субсидиялар түрінде, яғни шаруашылық жүргізуші қызмет істейтін бүкіл кезеңде жүзеге асырылады. Нақты шаруашылық жүргізуші субъектіні қаржыландыру елдің әр түрлі деңгейдегі бюджеттерінде жеке жолмен немесе тиісті билік деңгейінде бюджетті қаражатты басқарушы бағыттайтын қаражат шеңберінде қарастырылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен басқа да ұйымдар ішкі және халықаралық нарықта жұмыс істеп, халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ықпалдастық пен халықаралық саудаға қатысуы үшін халықаралық сертификаттау қағидаларын сақтауға міндетті. Сертификаттау тұтынушыларды ӛнім (жұмыс, қызмет) таңдауға кӛмектеседі, оларды адал емес ӛнім жасаушыдан қорғайды, қазақстандық және халықаралық нарықтарда ӛнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдерде еркін қозғалуын қамтамасыз ететін жағдай жасайды.

Сертификат (латынша certum – дұрыс және facere – істеу) қайсыбір фактіні куәландыратын құжат немесе куәлік. Осы ұғымның мағынасы кӛп, оның ішінде – мемлекеттік инспекциялар мен басқа да уәкілетті органдар беретін тауардың сапасы жӛніндегі құжат. Кӛбінесе шаруашылық практикасында «сапа сертификаты» деген ұғым пайдаланылады. Онда сапаның нақты кӛрсеткіштері мен тауардың техникалық сипаттамалары болады, сонымен бірге ол қосалқы құжат болып табылады.

Сәйкестік сертификаты деп аталатын екінші ұғымға объектінің техникалық регламенттердің талаптарына, стандарттардың ережелеріне немесе шарттардың ережелеріне сәйкестігін растайтын құжат ретіндегі анықтама берілген. Сертификаттау – бұл уәкілетті мемлекеттік орган мен басқа да ұйымдардың объектінің (ӛнімнің, жұмыстардың, қызметтердің, процестердің) сипаттамаларының техни-калық регламенттердің талаптарына, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін, кейін сертификат беріп растау нысаны. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестік ерікті немесе міндетті түрде расталады. Ерікті түрде растау ерікті сертификатттау нысанында, ал міндетті – сәйкестікті мағлұмдау немесе міндетті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады.

Ерікті сертификатттау бастамасын ӛтінім беруші – кез келген заңды немесе жеке тұлға жасайды. Бұл жағдайда ӛтімін беруші ұйым ұлттық сертификаттау органына, мысалы, ӛздері қолданатын сапаны қамтамасыз ету жүйесінің Халықаралық стандарттау ұйымының стандарттарының талаптарына бағалауға ӛтініш жасай алады.

Техникалық регламенттер мен оның ішінде халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестікті міндетті түрде растау мемлекеттің бастамасы бойынша жүзеге асырылады және сәйкестік туралы декларация қабылдау (сәйкестіктідекларациялау) немесе міндетті сертификаттау деп аталатын екі нысанда жүзеге асырылады.

Мемлекет адамдардың ӛмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүлкіне залал келтірудің алдын алу жӛніндегі талаптар қойылған, сондай-ақ тұтынушылардың ӛмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететін құралдар міндетті түрде сертификатталуы тиіс. Мысалы, міндетті эколо­гиялық сертификаттау деп арнайы мемлекеттік ұйымдар сертификатталатын объектінің (ӛнім, технологиялық процеcс, ӛндіріс пен тұтыну қалдықтары, табиғи ресурстар, экологиялық қызметтер) оған қойылатын экологиялық талаптарға сәйкестігін растау жӛніндегі қызметі аталады.

71

Мемлекет, бір жағынан, тауар немесе қызмет ӛндірушіні жасанды ӛнім мен тауардан немесе басқа адамдардың қызмет бабын теріс пайдаланудан қорғауды, ал екінші жағынан, – ӛнімді немесе тауарды сатып алушыны оның (тауардың немесе ӛнімнің) шығу тегі мен сапасы жӛнінде хабардар етіп, оны қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Осыған байланысты тауардың шығу тегі туралы сертификат қолданылады. Мемлекет тауарларды, оның ішінде импорттық тауарларды міндетті сертификатсыз сатуға, жұмыстарды орындауға және қызмет кӛрсетуге тыйым салады және қауіпсіздік талаптарын бұзғаны және сертификаттты негізсіз беру үшін жауапкершілік жүктейді.

Тұтынушыларды сапасыз ӛнім мен технологиялардан, сапасыз қызметтерден қорғау, сондай- ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында ӛз қызметінде лицензиялауды пайдаланады. Осы тікелей ықпал ету әдісіне лицензия берумен, лицензияның барын растайтын, лицензияның қолданылуын кідірте тұру және қайта жалғастырумен, лицензияны жоюмен және лицензия беретін органдардың лицензиаттардың лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асырғанда тиісті лицензиялық талаптар мен ережелерді құжат ресімдеумен байланысты іс-шаралар жатады. Басқаша айтқанда, бұл лицензия беретін мемлекеттік органдардың заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қызмет ерекшелігіне байланысты белгіленген уақыт бойы нақты қызмет түрін жүргізу құқығына арналған лицензия беру, оны қайта ресімдеу немесе жою процесі.

Үкімет лицензиялауды жүзеге асыратын республикалық атқарушы билік органдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы субъектілерінің атқарушы билік органдарының жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді. Лицензияланатын қызмет түрлеріне жүзеге асырылуы азаматтардың құқықтарына, заңды мүдделеріне, денсаулығына, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігіне, Қазақстан халықтарының мәдени мұрасына залал келтіруі ықтимал және лицензиялаудан басқа ӛзге әдістермен реттеу жүзеге асырылмайтын қызмет түрлері жатады.

Оларға аудиторлық қызмет, бағалау, медициналық, фармацевтикалық, туристік агенттік, картографиялық, инвестициялық қорлардың қызметі, темекі бұйымдарының, дәрі-дәрмек құралдарының ӛндірісі теміржол кӛлігімен тасымалдау, аудио-хабар шығармаларын кӛпшілікке кӛрсету және т.б. жатады.

Лицензиялаудың маңызды бағытына экологиялық лицензиялау жатады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлері лицензиялауға жатады, олардың тізбесі республикалық заңдарда белгіленеді, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалану құқығы да лицензияланады.

Лицензиялаудың екінші бағыты мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің ауқымында қолданылады. Бұған шаруашылық жүргізуші субъектінің осы қызметпен және квоталаумен айналысуының нақты мүмкіндігін растайтын сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беріледі.

Экономика тиімді жұмыс істеу үшін мемлекет қаржы нарығын реттеуге міндетті. Қаржы нарығы ақша ресурстары нарығы, валюта нарығы және бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) деп аталатын үш сегменттен тұрады. Елімізде қаржы нарығы ҚР Қаржы министрлігінің және Қазақстан Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерінде реттеледі.

Қазақстанның Ұлттық банкі еліміздің банк жүйесіне басшылық жасайды, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа кредит беретін коммерциялық банктерді тікелей кредиттейді, сол себептен оның нормативтік құжаттары негізінен ақша нарығын реттейді, яғни жалпы мемлекеттің кредит-ақша саясатын білдіреді. Ұлттық банк тікелей де, сонымен бірге жанама ықпал ету әдістерін де қолданады. Тікелей әдістерге пайыздық ставкаларды тіркеу, берілетін кредиттің мӛлшерін шектеу, басымды салаларды мақсатты кредиттеу және т.б. жатады. Аталмыш әдістер экономикасы ӛтпелі елдерде пайдаланылады, ал дамыған елдер негізінен жанама әдістерді пайдаланады. Қазіргі уақытта мемлекет ақша ресурстар нарығына ықпал ету үшін негізінен жанама әдістерді қолданады, ал валюта және қор нарығына ықпал ету тікелей тәсілмен жүзеге асырылады.

Валюта нарығын мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдістерінің арасынан валюталық дәліз және экспорттық валюта түсімін міндетті сату нормативін белгілеуді жеке атап ӛту қажет. Бірінші әдісті қолданғанда белгіленген уақыт мерзіміне ең жоғары және тӛмен деңгейін заңды нысанда белгіленіп, осы уақыт ӛткеннен кейін валюталық дәліздің параметрлері валюта аясындағы ӛзгерген жағдайға сәйкес ӛзгереді.

Экспорттық валюта түсімін міндетті сату нормативін белгілеу – бұл ва-люта нарығын мемлекеттік реттеудің неғұрлым тиімді әкімшілік әдісі. Аталмыш әдіс, әлбетте, шаруашылық жүргізуші экспорттаушы-субъектілердің шоттарын-дағы валюта қаражатының мӛлшеріне тікелей ықпал етеді.

72

Бағалы қағаздар нарығын (қор нарығын) мемлекеттік реттеуде де әкімші-лік және экономикалық әдістер пайдаланылады. Қор нарығын әкімшілік реттеу әдісінде оған барлық қатысушылар, оның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін бірыңғай нормативтік- құқықтық базаның негізіндегі бірыңғай ереже орнатылады.

Қор нарығына тікелей ықпал ету бағалы қағаздар нарығын реттеуге уәкілеттік берілген республикалық билік органының нормативтік актілері нысанында жүзеге асырылады.

Әлемдік шаруашылық практикасында ӛнім шығарушылар мен сатушыларға тауарларға тӛмен баға шектерін белгілеу қарастырылатын немесе керісінше бағаларды тӛмендетуге тыйым салатын кӛп заң қабылданып қолданысқа енгізілген. Аталмыш заңдар тұтынушылардың, аутсайдер- кәсіпорындардың мүдделерін және шын мәнінде бәсекені қорғау үшін қажет. Бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу бұл мемлекеттің нарықта баға белгілеу процесіне тікелей араласуы. Ол мемлекеттің монополияға қарсы саясаты ауқымында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тікелей араласу процесінде кәсіпкерлердің әр түрлі топтарының арасында пайданы қайта бӛлуге, құрылымды қайта құруға ынталандыруға, экономиканың тиімділігін арттыруға, әлеуметтік міндеттерді шешуге ұлттық экс-порттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға күш салады.

Қазіргі уақытта бағалар республикалық та, сонымен бірге ӛңірлер деңгейінде де реттеледі.

Республикалық деңгейде бағаларды бақылауды Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен басқа орталық органдар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ӛздерінің құзыретінің шектерінде жүзеге асырады. Ӛңірлік деңгейде, мысалы, Алматы қаласында, бағалар мен тарифтерді қолдану тәртібінің сақталуын бақылауды мемлекеттік баға инспекциясы, әкімшілік округтардың баға бӛлімдері және қаланың басқа да атқарушы билік органдары жүзеге асырады.

Мемлекет әкімшілік ықпал ету әдісі ретінде табиғи монополиялар ӛнімінің бағасын (тарифін) тікелей бақылауды қолданады. Табиғи монополиялардың тауарларын (қызметтерін) тұтынуда басқамен алмастыру мүмкін емес, сондықтан осы тауарлар (қызметтер) тұрақты сұранысқа ие және оның бағасының ӛзгеруіне тәуелді болмайды.

Осы салалардағы бағалар мен тарифтер экономиканың барлық дерлік секторларындағы түпкілікті бағаға ықпал етеді, сол себептен осы бағалар мен тарифтерді реттеуге ерекше назар аударылады. Сондықтан табиғи монополиялардың ӛнім бағасының ӛсуі әкімшілік жолмен тежеліп, тұрлаулы баға мен тариф (коммуналдық, тұрмыстық қызметтер, кӛлік және байланыс қызметтері мен т.б. бағалары) немесе олардың шекті деңгейі орнатылады. Мәселен электр және жылу энергиясына және тиісті қызметтерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес тарифтер (ӛнім, жұмыс, қызмет бірлігінің тарифінің белгіленген мӛлшері); тарифтердің шекті ең аз және (немесе) ең жоғары деңгейлері белгіленуі мүмкін.

Тұрлаулы баға (тариф) оның ӛсімі ӛнеркәсіп ӛнімінің бағасының Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі болжаған ӛсімімен аспайтын талаппен белгіленуіге тиіс. Шекті баға деңгейі шығынның жекелеген баптары қатар шектеліп және бастапқы нормаланатын кӛрсеткіштер қайта қаралып белгіленеді. Табиғи монополиялар субъектілері осы мақсатта ӛздері жұмсаған шығын жӛнінде ҚР Экономика министрлігі мен тиісті республикалық атқарушы билік органдарына ақпарат табыс етуге тиіс, ал аталмыш органдар осы ақпаратты талдап, ҚР Үкіметіне бағалардың (тарифтердің) ӛсуін шектеуге қатысты шаралар жӛнінде ұсыныс енгізеді.

ҚР Үкіметі ішкі нарықта реттелуге тиіс тауарлардың (қызметтердің) тізбесін кезең-кезеңмен бекітіп отырады, мұның ӛзінде мемлекет реттейтін бағалардың ӛзіндік салмағы елеулі болмауға тиіс.

Тікелей реттеу әдістерінің арасында амортизация есептеу тәртібінің маңызы артып келеді. Ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұдайы ӛндіріс процесіне, атап айтқанда жұмыс істейтін жабдықты және қолданылатын технологияларды жаңартуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуге тікелей ықпал етеді. Амортизацияның жеделдетілген әдістері күрделі салым объектілерінің қызметі мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді және осылайша оларды озық және тиімділікке жылдам ауыстыру үшін жағдай жасайды. Нәтижесінде мемлекеттің амортизациялық саясаты шаруашылық жүргізуші субъектілердің ӛндірістік инвестицияларына тікелей ықпал етеді.

Мемлекет мемлекеттік меншікті, яғни мемлекеттік секторды құрайтын меншікті басқаруы оның экономикаға тікелей ықпал етуінің ең пәрменді әдісінің бірі болып табылады. Мемлекеттік сектор мемлекеттің ӛндіріске, бӛлу мен алмастыруға тікелей қатысуының ұйымдастыру-құқықтық нысандарының жиынтығы деп аталады. Оның негізін мүлікке, оның ішінде мемлекетке толықтай немесе үлестік меншік негізінде тиесілі ӛндіріс құралдары мен ӛнімдеріне мемлекеттік меншік құрайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың арқасында мемлекет ӛзінің функцияларын атқара алады.

73

Мемлекеттік меншікті басқару жүйесін жетілдіру саласындағы қазіргі кезеңде жүргізілетін мемлекеттік саясаттың бір бағытына экономиканың ӛндірістік әлеуетін сақтап, оны ӛрістету, сондай-ақ әлемдік нарықтағы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жекешелендіру процесін уақытында жүргізу жатады. Мәселен республикалық мемлекеттік унитарлық кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін арттыру, республикалық мүлікті пайдаланудан алынатын табысты арттыру мақсатында ҚР Үкіметі шаруашылық жүргізу құқығына негізделген унитарлық нысандағы кәсіпорындарды тек жекелеген, ерекше жағдайда ғана сақтауға жол беріледі.

Еңбек нарығының жай-күйі экономиканың жұмыс істеуінің тиімділігі мен қоғамның әлеуметтік кӛрсеткіштеріне тікелей ықпал етеді. Сол себептен мемлекет жұмыссыздықтың шамадан тыс деңгейіне жол бермеу, жұмыс күшінің бағасы-ның еңбекақы мӛлшеріне және еңбек нарығы жай-күйінің басқа да кӛрсеткіштерінің барынша сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс күшіне сұраныс пен оның ұсынысының арақатынасын реттеуге тиіс. Мемлекет осы салада тікелей және жанама ықпал ету әдістерін де қолданады.

Тікелей әдістердің арасынан ең алдымен жұмыс орындарын жасау, кадрларды даярлау мен қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың мемлекеттік мақсатты бағдарламаларын атап ӛту қажет. Осы бағдарламалар барлық деңгейдегі бюджеттерден немесе шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлесіп қаржыландырылуы мүмкін. Екінші әдіс – халықтың аз қамтылған тобы (мүгедектер, жастар, кәмелетке толмаған жастағы балалары бар әйелдер) үшін жұмыс орындарын квоталау. Квоталау ӛңірлік бюджеттің қаражатының немесе ұйымдардың меншікті қаражатының есебінен қаржыландырылады.

Еңбек нарығын реттеудің ерекше әкімшілік әдісіне ең тӛмен еңбекақы нормативін белгілеу мен бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын реттеу жатады. Ең тӛмен еңбекақы нормативі жұмыс күшінің ұдайы ӛндірісінің әлеуметтік жағынан жол берілетін деңгейіндегі еңбекақының ең тӛмен шегін білдіреді. Демек, экономиканың кез келген секторының осы кезең ішінде жұмыс нормасын жұмыс істеген және еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің нақты айлық еңбекақысы осы нормативтен тӛмен болмауға тиіс. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ең тӛмен еңбекақы мӛлшеріне кӛтерме ақы (қосымша ақы мен үстемеақы, сыйақы мен т.б.); қалыпты жағдайдан басқа жағдайда жұмыс істегені; ерекше ауа-райы жағдайында және радиоактивтік ластанған аумақтарда жұмыс істеген үшін тӛленетін тӛлемдер енгізілмейді. Қазақстан Республикасының барлық ұйымдары үшін ең тӛмен еңбекақының нормативтік деңгейі міндетті болып табылады. Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын Бірыңғай тариф сеткасы арқылы әкімшілік реттейді.

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 69-73)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР