• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАСТҮРІКТЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖƏНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

In document PDF Известия N E W S (бет 181-186)

N E W S

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES

ISSN 2224-5294

Volume 5, Number 309 (2016), 181 – 185 UDC: 948.3

K.K. Bazarbayev1, G.I. Оspanova2

1Kh.A.Yasavi International Kazakh-Turkish University, PhD student, Turkestan, Kazakhstan

2 №17 Ataturk gymnasium school, Turkestan, Kazakhstan Kanat-08@mail.ru

HISTORICAL BACKGROUND AND FORMATION

182

ІІ Абдулхамиттің сұлтандық билігі тұсында халықтың əлеуметтік жағдайы мүлдем қорғалмады. Күнделікті өмірде шенеуніктердің шектен шыққан бассыздығы, бюрократтық басқару аппаратының жемқорлығы орын алды. Тақтан айырылып қалудан қорыққан сұлтан жəне оның төңірегіндегілер, атап айтқанда, мұсылман діндарларымен бірге араб, күрд жəне шеркеш феодалдарының кертарпа өкілдері мемлекеттің басқару тізгінін ұзақ уақыттар уыстарынан шығармады [2, с.138].

ІІ Абдулхамиттің билігі танзимат жылдарындағы ағарту үдерісінің дамуына тежеу болды.

Сұлтан барлық оқу орындарына қатаң цензуралық бақылау орнатты, мектеп істері ведомостволарына өзі тікелей араласты. Кез -келген еркін ойлылықтың көрінісі, тіпті ақыл-ойды оятатын пəндер оқу бағдарламасынан алынып тасталды. Осы кезеңде түрік мектептерінің барлық буындарына діни ықпал күрт өсті. ХІХ ғ. соңында орта, арнаулы жəне жоғары білім беру ісінде бірқатар ілгерілеушілік байқалғанымен, ол үдерістің баяу жүргендігін 1900 ж. ашылған Стамбул университетінің қызметінен көреміз. Бұл оқу орны сол кезде үлкен қиыншылықтарды бастан кешіріп жатты.

«Зұлым» дəуірінде түрік мəдениеті де ауыр жағдайды басынан кешті. Танзимат жəне конституцияның енгізілген жылдарында елеулі табысқа жеткен журналистика сұлтандық цензордың əрекеттерінен кəсіптік дамуын тоқтатты. Елдегі газеттердің саны күрт төмендеді. Ал жабылудан аман қалған газеттер сұлтан билігі мен портаға жағатын мақалаларды ғана жариялады.

«Еркіндік», «теңдік», «құқық», «конституция», «революция», «тирания», «деспотизм» жəне т. б.

сөздердің қолданылуына тиым салынды.

Осындай қиындықтармен бірге Осман империясы түрік емес халықтардың азаттығы үшін күресінің сахнасына айналғандығын атап айтуға болады. ІІ Абдулхамит жəне оның төңірегіндегілер көпұлтты елдегі осы проблемаларды өздерінше шешті. Олар елді діни алауыздықпен ұлттық жауласуды қоздыру арқылы халықтардың түрмесіне айналдырды. Сұлтан осы мақсатқа жетуде халықтарды ұлттық жаулыққа арандатуға бармауы үшін жандармерия жəне полицияның орасан зор аппаратын пайдаланды. Осы əрекеттен, əсіресе, армян тұрғындары бар аудандар көп зардап шекті. Осыған байланысты жүргізілген зерттеулерде 1894–1896 жж. əлемді дүр сілкіндірген армяндар қырғынына ІІ Абдулхамит жəне оның төңірегіндегілер тікелей жауапты екендігі айтылады [3, с.139].

1897 ж. II Абдулхамит Мұрат бейді елге қайтуға көндіріп, елде оның өзі қалаған реформаларды жүзеге асыруына мүмкіндік берді. Сайып келгенде, жастүріктердің оң қанатын басқарған Мұрат бей монархиялық биліктің үстемдігіне қарсы болмады. Ол Түркиядағы буржуазиялық парламентаризмді мойындағанымен, сол кезде түрiк қоғамы парламенттiк басқаруға жеткiлiкті дайын емес деп санады [4, с.246]. Сол сияқты Мұрат бей конституцияны тек қана өзгертулер жасайтын алғашқы қадам деп, ал елдің ары қарай дамуы адамдардың өз ой санасына тікелей байланысты деп санаған ол өз сөзінде «Бізді заң, не болмаса қоғам қайраткерлері қазіргі жағдайлардан құтқарып қала алмайды, бізді құтқаратын өз ісіміз бен атқарған шаруаларымыз» [5, с. 259] деген болатын. Соған сəйкес Мұрат бей шетелдік державаларды елдегі реформаларға қатысуға шақырып, іс жүзінде елге шетелдік капиталдың таралуына кең мүмкіндік берді.

Абдулхамит Сабахеддин төңкерісті құлатуды қолдап, жеңіске жалғыз өзі жете алмайтынын жəне көтеріліс кезінде шетелдік державалардың бəрібір Түркияның ішкі істеріне кедергі жасайтынын білді. Осы мақсатқа кедергі келтіретіндерге ескерту жасап, ертерек бір еркiн жəне демократиялық үкiметпен келісім жасауға шақырды [6, с.152].

Сұлтан II Абдулхамиттің деспоттық билігінің елде демократиялық өзгерістер жасауға қолбайлау болуына шетелдік державалардың Осман империясының иеліктеріне көз алартып, оны экономикалық жəне саяси тəуелділікте ұстауға бағытталған əрекеттеріне деген қарсылық жастүріктер қозғалысы қалыптасуының ең басты тарихи алғышарты болды.

Əскери-медициналық училище қабырғасында құрылған жастүріктердің алғашқы ұясында 20–

25 мүше болды. Ұйым басшылары қоғамның жаңа ұяларын құру мақсатында өзге оқу орындармен байланыс орната бастады.

Жастүріктер ұйымы мүшелерінің жалпы саны жөніндегі мəселе тарихи əдебиеттерде толық ашыла қоймаған. Түрік авторларының зерттеулерінде бұл жайында нақты дерек айтылмайды. Ал кейбір деректерде олардың саны шамамен 300 болғандығы жазылады [7, с. 65].

«Иттихад ве Теракки» партиясы мүшелерінің санын анықтаудың қиындығы Македония жəне Албания қалаларындағы жастүріктер комитетінің мүшелері сонымен бірге жергілікті революциялық ұйымдардың да мүшесі болатын. Орыс тарихшысы В.В.Водовозов Брюссельде жарық көріп тұрған эмигранттық «Албания» газетінің мəліметтеріне сүйеніп, Стамбулдағы жастүріктер ұйымы мүшелерінің саны үш мыңнан асқан деп жазады [8, с. 164]. Осы деректерді негізге ала отырып, 1908 ж. революция қарсаңында жастүріктер ұйымдарының мүшелерінің саны онша көп болмағанын көреміз. Соған қарамастан жастүріктердің үгіт-насихаты əскер қатарында ғана емес, сонымен бірге азаматтық тұрғындар арасында да кең тарап, олардың бұқараға танымалдығы жедел қарқынмен артып отырған.

Осы кезеңде жастүріктердің оппозициялық əрекетін негіздеген алғашқы шетелдік орталықтары құрылады. Оны жастүріктер қозғалысының идеологы жəне көрнекті басшысы, танымал түрік шенеунігінің баласы, европалық білім алған Ахмед Риза бей басқарды. 1889 ж. Риза бей Францияға эмиграцияға барып, көптеген түрік буржуазиялық реформаторлары сияқты ол да конституциялық басқаруды орнықтыруға шақырып сұлтанға хат жазды. Осы кезеңде Риза бейдің төңірегіне ІІ Абдулхамиттің қанды билігіне наразы болып, Түркияны тастап кеткен эмигранттардың шағын тобы шоғырлана бастады.

Əскери-медициналық училище курсанттары құрған құпия қоғам елдің астанасындағы өзге оқу орындарында өз ұйымдарын құра бастады. Осы жерде атап өтетін бір мəселе, жастүріктер қозғалысының алғашқы тобы əскери жəне арнайы азаматтық оқу орындарында құрылуы кездейсоқ жағдай емес еді. Өйткені, бұл оқу орындары түрік интеллигенциясын қалыптастырған маңызды орталықтар болатын.

Жастүріктердің жасырын ұйымдары туралы 1892 ж, сұлтанның үкіметіне белгілі болды. Соған байланысты қоғамның бірқатар мүшелері тұтқындалып, бірнеше ай қамаудан соң оларға сұлтан тарапынан кешірім жасалды. Өйткені ІІ Абдулхамит əскери училищеге қуғын-сүргін жасап мəселені ушықтырғысы келеді.

1894 ж. əскери-медициналық училищенің курсанттары Стамбул қаласында Османдық

«Иттихад ве Теракки» қоғамының атынан алғашқы үнпарағын жариялады. Оның мазмұны Осман империясының барлық халықтарын деспоттық билікке қарсы күреске шақыру еді. Бұл саяси актіге билік еркін ойлыларды тұтқынға алумен жауап берді. Осыған байланысты 1894–95 жж.

тұтқындаудан қашқан жастүріктер ұйымдарының мүшелері шет елдерге барып бой тасалады. Олар негізінен Париж қаласына орнығып, Ахмед Риза бейдің жəне оның ұйымдастырған «Мешверет»

газетінің төңірегіне топтасты.

1894–95 жж. тұтқындау мен қуғындаудан кейін де Стамбулдың жастүріктер ұйымы жұмысын тоқтатпаған. Тіпті осы кезде танымал шенеунік қажы Ахмет Эфендидің төрағалығымен қоғамның алғашқы орталық комитеті құрылады. Осы кезеңде құпия ұйымдардың – «Бірлік жəне Даму»

қоғамының мақсаты «Əділдік, теңдік жəне еркіндік» екендігі, елдің дамуын қамтамасыз ету жəне елді шетелдік қанаудан азат ету екендігі айқындалған жарғысы болды. Жастүріктер қозғалысының басты идеясын насихаттауда конституциялық құрылысты қалпына келтіру жəне парламент шақыру қажеттілігі басты орын алды. Сол сияқты конституциялық реформаны жүргізу ұлы державалардың Осман империясын күйретіп жəне оны бөлшектеуді тоқтатудың құралы екендігіне тезисте баса мəн берді. Жастүріктердің ұйымдарының осы идеяларын насихаттауда Осман империясының аумағында жасырын түрде кең таралған кітапшалар мен үнпарақтар шығару саяси күрестің басты түріне айналды. Бұл идея жастүріктермен бірге «жаңа османдықтар» тарапынан да қолға алынды.

Бірақ жастүріктердің насихатында бұл ұран Түркияны шетелдік державалардың басып-жаншуын тоқтату түрінде барынша өткір сипат алды. Бұндай идеялардың əралуандылығы эмиграциядағы жастүріктердің арасында идеялық алауыздық пен пікірталасқа негіз болды. Барлық жастүріктерді тек ІІ Абдулхамиттің деспотизміне қарсы идеялар ғана біріктірген еді. Ал осы жолғы мақсатқа қол жеткізудің тəсілдерін таңдауға байланысты туындаған Ахмет Риза мен жастардың танымал лидері Мұрат бейдің көзқарас алшақтығы қозғалысты екі саяси лагерьге бөліп тастады. Бұндай идеялық алшақтық кейін 1917 ж. түркістандық қозғалыстың Шурои-Улема, Шурои-Исламия болып екіге бөлінуі түрінде Түркістанда көрініс тапты. Бұл жерде атап өтетін бір нəрсе, жастүріктер қозғалысы мен Түркістан қозғалысының арасындағы бұл ұқсастықтарды тікелей ықпалдастық немесе саяси

184

сабақтастықтан іздеуге негіз жоқ екендігі. Бұл жерде тарихи даму заңдылығы саяси күрес эволюциясының ұқсастығынан туындаған деп бағалауымызға болады.

Осындай ұқсастықтарды билік үшін күрес мəселесіне қатысты да айтсақ болады. Мысалы, 1896 ж. жастүріктердің стамбулдық тобы мемлекеттік төңкеріс жасауға əрекеттенеді. Олар бұл төңкерісте Стамбулдағы бірінші армиялық дивизия командирінің қолдауына үміт артқан еді.

Дегенмен, төңкеріс сəтсіз аяқталып, көтерілісшілер тез арада тұтқындалады. Олардың көшілігі Парижге барып бой тасалады [9, с.42]. Дəл осындай жағдай Түркістанда жаңа сапада 21 жылдан кейін қайталанды. 1917 ж. 26 қарашасында «Шурои-Исламия» басшылары Қоқан қаласында Түркістан Мұхтариатын жариялаған еді.

Сұлтан билігі 1897 ж. жазында ел ішіндегі жастүріктерді қуғындап, олардың көпшілігін əскери трибунал жер аударуға үкім шығарғды.

Қозғалысты жоюға бағытталған осындай соққыларға қарамастан 1897 ж. жазында жастүріктердің Париж, Женева, Каир, Румыния, Болгария жəне Албанияда бірнеше шетелдік орталықтары жұмыс жасады. Осындай ұйымдық бытыраңқылық жағдайдағы саяси қозғалысты біріктіруді алғаш рет 1897 ж. каирлік жастүріктер ұйымы қолға алды. Бұндай бірігу идеясы жастүріктердің түрлі басылымдарында қызу талқыланды. Сондай дайындықтардың барысында 1902 ж. 4–9 ақпанда Париж қаласында жастүріктертердің алғашқы конгресі өтіп, оған 60–70 (басқа мəліметтерге қарағанда – 47) адам қатысқан. Делегаттардың арасында түріктер, армяндар, гректер, шеркештер, күрдтер, еврейлер болуына қарап, алғашқы конгрестің ұлттық құрамы бойынша көпұлтты болғанын көреміз. Алғашқы конгрестің басты ерекшелігі ретінде ондағы пікірталастың өзегі екі мəселе болуымен ерекшеленеді: 1) əскерді қозғалысқа қатыстыру мəселесі; 2) шетелдік державаларды Түркиядағы конституциялық реформаны қамтамасыз етуге пайдаланудың мүмкіндігі туралы жайында.

1902 ж. кейінгі саяси əрекеттері екіге ажырағандығын олардың саяси бағдарламалары мен баспасөз органдарының дербес болуынан көреміз. «Бірлік жəне Даму» қоғамының мұрагері ретінде

«Мешверет» жəне «Шуро-и Уммет» газеттерін шығаруын жалғастырды. Ал «Жеке бастама жəне орталықсыздандыру» қоғамының орталығы Париж қаласы болды да, Осман империясының аумағында (Измир, Эрзурум, Трабзон, Дамаск жасырын комитеттері) жəне оның сырт аймағында (Каир) бөлімдері құрыла бастады [10, с.144].

Жастүріктердің II конгресі 1907 ж. 27–29 желтоқсанда Париж қаласында өтті. Конгресс барлық партиялар мен топтарды феодалдық-абсолюттік билікке қарсы бірігуге шақырған бағдарлама қабылдады. Осы конгресте қабылданған декларациялардың мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады. Бірінші ерекшелік, декларацияда болашақ Осман империясының мемлекеттік құрылымы мəселесі саналы түрде айтылады. Құжаттың екінші ерекшелігі, феодалдық - абсолюттік биліктің барлық кемшілігі шексіз билікке ие болған сұлтанның жеке кемшіліктері ретінде көрсетілді.

Конгресте қабылданған құжаттарда елдің саяси əлеуметтік өміріне талдау жасалды. Солай дегенмен де осы «декларация» жастүріктер қозғалысының буржуазиялық-либералдық қозғалыстан буржуазиялық-революциялық қозғалысқа өту процесін танытатын еді. «Декларация» өмір сүріп тұрған билікке қарсы бүкіл халықты қарсы шығуға үндеді. Осылайша, Париж конгресі деспоттық билікке қарсы саяси күштерді біріктіруде үлкен рөл атқарды. Конгрестен соң-ақ ел ішінде жастүріктер ұйымдары ерекше белсенді жұмыстар жүргізді. Соның ішінде əскерилердің арасындағы насихат күшейе түсті. Кеңестік тарихнамада Осман империясындағы революциялық өрлеуге 1905 ж. орыс революциясы елеулі ықпал жасады. Соның нəтижесінде жастүріктер қозғалысының стратегиялық тактикасында елеулі, сапалы өзгерістер болды. Жастүріктер оппозициялық партиялар мен Осман империясының құрамындағы түрік емес халықтардың ұйымдарын біріктіруге əрекет жасады деген тұжырым орнықты [11, с.147].

Жастүріктер қозғалысының құрылуы Осман империясындағы отарлық басқынышылық пен феодалдық деспотизмге қарсы стихиялы түрде өрбіген күрестің ұйымдық сипат алуына мүмкіндік берді. Күрестің саяси дəлелдерінің қалыптасуы мен ұлттық идеялардың орнығуына жастүріктердің басшылығы ұйымдастырған саяси шаралар тікелей ықпал жасады. Нəтижесінде жастүріктер XX ғ.

бас кезінде империядағы мəдени-ағартушылық ағымнан қуатты саяси қозғалысқа айналғандығын, жастүріктер революциясының басты жетістігі деп бағалауға болады.

ƏДЕБИЕТ

[1] Гасратян М.А., Орешкова С.Ф. Петросян. Ю.А. Очерки истории Турции. Главная редакция восточной литературы. Издательство «Наука», -Москва, 1983.

[2] Kocaoğlu T. Türkistan’da Yenilik hareketleri ve İhtilaller: 1900-1924. – SOTA. Haarlem, 2001. - 499 s.

[3] T. Yarkın, Milli Mücadele Yıllarında Türkistanlıların Türkiye'ye Bağlılığını Gösteren Hadiseler, Cumhuriyetin 50.

Yılına Armağan, Ankara, 1973.

[4] Данциг Б.М. Турция (политико-экономический очерк). -М.,1940. -256 с

[5] Петросян Ю.А. Младотурецкое движение (вторая половина XIX начало XXвв). М., 1971.- 306с.

[6] Kuran.A.B. Inkilap tarihimiz ve Ittihat ve teraki. Istanbul, 1948. -375.s.

[7] Dagobert von Mikush, Ghazi Mustapha Kemal, Paris, 1954.

[8] Водовозов В. Старый режим в Турции: Младотурки, – «Турецкий сборник», СПБ., 1909. -164 с.

[9] Togan, Z.V.,1942-47. Bugunku Turkili (Turkistan) ve yakin tarihi diger musluman dogu turklerinin milli varlik ve kultur mucadeleleri. Istanbul. 1981.

[10] Castagne, J., Les Basmatchis; le mouvement national des indigenes d'Asie Centrale (Paris). 1925.

[11] De Lagerd, H.A., 1987. The revolt of the Basmachi according to Red Army Journals (1920-1922)., Central Asian Survey.

REFERENCES

[1] Gаsrаtian M.А., Oreshkova S.F. Petrosian. Y.А. Osherki istoryi Tyrsi. Glavnaya redaksya vostohnoi literature.Izdatelstvo «Nayka», – Moskva, 1983.

[2] Kocaoğlu T. Türkistan’da Yenilik hareketleri ve İhtilaller: 1900-1924. – SOTA. Haarlem, 2001. – 499 p.

[3] T. Yarkın, Milli Mücadele Yıllarında Türkistanlıların Türkiye'ye Bağlılığını Gösteren Hadiseler, Cumhuriyetin 50. Yılına Armağan, Ankara, 1973.

[4] Dansig. B.M. Tyrsia – М.,1940. – 256 p.

[5] Petrosian Y.A. Mladotureskoe dvijenie. (vtoroe polovino XIX nashalo XXvv.). M., 1971. – 306 p.

[6] Kuran.A.B. Inkilap tarihimiz ve Ittihat ve teraki. Istanbul, 1948. – 375 p.

[7] Dagobert von Mikush, Ghazi Mustapha Kemal, Paris, 1954.

[8] Vodovozov V. Stari rejim v Tursyi.: Mlodoturki, – «Tureski zbornik», SPB., 1909. – 164 p.

[9] Togan, Z.V.,1942-47. Bugunku Turkili (Turkistan) ve yakin tarihi diger musluman dogu turklerinin milli varlik ve kultur mucadeleleri. Istanbul. 1981.

[10] Castagne, J., Les Basmatchis; le mouvement national des indigenes d'Asie Centrale (Paris). 1925.

[11] De Lagerd, H.A., 1987. The revolt of the Basmachi according to Red Army Journals (1920-1922)., Central Asian Survey.

К.К. Базарбаев1, Г.И. Оспанова2

1доктор PhD Международного казахско-турецкого университета имени К.А. Ясауи;

2Республика Казахстан, г. Туркестан, учитель школы-гимназии № 17 имени Ататюрка

ИСТОРИЧЕСКИЕ ПРЕДПОСЫЛКИ И ФОРМИРОВАНИЕ МЛАДОТУРЕЦКОГО ДВИЖЕНИЯ В ТУРЦИИ

Аннотация. В статье рассматривается движение младотурков, ставшее важным историческим событием, являющимся частью общей истории освободительного движения, направленного против феодального деспотизма и колониальной оккупации международного империализма, а также предпосылки возникновения обновленных социальных идей и главных достижений младотурецкой революции.

Ключевые слова: Стамбул, Османская империя, младотурки, партия единства и развития, колониальная власть.

186 N E W S

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES

ISSN 2224-5294

Volume 5, Number 309 (2016), 186 – 190

D.E. Mahmood, G.Z. Begembetova

Kurmangazy Kazakh National Conservatory, Almaty, Kazakhstan diana-viola@mail.ru, begembetova@mail.ru

CONTENT AND STRUCTURE OF THE THEORETICAL CATEGORY

In document PDF Известия N E W S (бет 181-186)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР